Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 18:52, лекция

Краткое описание

1-сұрақ. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы – біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын атап айтқанда, материалдық өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан, олар қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. Өйткені нақ сонда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Бұлар – халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық шығындары, ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі қамтамасыз етілетін бірден бір көздер.

Содержание работы

1. Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері

2. Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы

3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы

Содержимое работы - 1 файл

лекция по фин №4.doc

— 105.00 Кб (Скачать файл)


“Қаржы” пәнінен дәріс материалдары

Дайындаған “Қаржы, несие және бухгалтерлік есеп” кафедрасының аға оқытушысы Дарискалиева Майра Сибагатовна

ТАҚЫРЫП 4. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЬЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ

 

1.      Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері

2.      Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы

3.      Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы

 

1-сұрақ. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы – біртұтас  қаржы  жүйесінің  құрамдас  бөлігі.  Елдегі  ақша  қатынастарының  маңызды  саласын  атап  айтқанда,  материалдық  өндірістің  ақша  қатынастарын  қамтитындықтан,  олар  қаржының  негізгі,  бастапқы  бөлігі  болып  табылады.  Өйткені   нақ  сонда  жиынтық  қоғамдық  өнім,  ұлттық  табыс  және  ұлттық  байлық  жасалады. Бұлар – халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық шығындары, ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі қамтамасыз етілетін бірден бір көздер.

Мемлекеттегі сияқты, шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы тауар-ақша қатынастары мен құн заңының нәтижесінде құралады. Тауар-ақша қатынастарын қоғамдық еңбек бөлінісі, меншіктің алуан формаларын айқындайды.

Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы ақша түрінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі процестерін көрсетіп, экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес іске асырылуына септігін тигізеді. Оларды мемлекет халық шаруашылығын дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорларды бөліп, пайдалануға қолданады. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің дұрыс жолға қойылған қаржысынсыз экономиканың дамуы мүмкін емес.

Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы мыналар: кәсіпорындар, ұйымдар, бірлестіктер, концерндер, холдингтер, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау, тұрғын үй-коммуналдық қызметін жүзеге асырушы, шаруашылықаралық, салааралық кооперативтік ұйымдардың (оның ішінде ұжымдық шаруашылықтардың), халыққа қызмет көрсетудің, байланыстың, қоғамдық тамақтандырудың қаржыларын қамтиды.

Меншік нысандарының дамуы кооператив, акционерлік фирма, бірлескен жаңа тұрпаттағы кәсіпорындарды туғызды. Мемлекеттік кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына берілуі меншік түрін өзгертті. Келесі кезең еңбек ұжымының кәсіпорынды толық сатып алып, халықтың немесе ұжымдық кәсіпорынға айналдырылуы.

Түбегейлі экономикалық реформа барысында пайда болған мемлекеттік меншіктің сан алуан нысандары – республикалық, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындың сан алуан формаларының шығуына жеткізеді. Коммерциялық, шаруашылық есептердің дамуы, өңірлердің біршама дербестік алуы - бұл процесті тереңдете түседі.

Халық  шаруашылығының  әрбір  саласындағы  қаржының  техникалық-экономикалық  ерекшеліктерінен  туындайтын  айырмашылықтары  бар.  Сонымен  бір  мезгілде  халық  шаруашылығындағы,  салалардағы  шаруашылық жүргізуші субьектілердің  қаржысын  ұйымдастырудың  негізгі  қағидалары  бірдей.   Өйткені,  бірыңғай  экономикалық  заңдар,  орталық  қағидаларға   негізделген.  Мұның  өзі  олардың  барлығын  бір  бастапқы   буынға  біріктіруге  мүмкіндік  береді.

Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының  өзіндік  мәні  және көрінісінің  сыртқы  пішіндері  бар  және  олар  сан  алуан.  Олардың  беріктілігі  біркелкі  емес.  Қаржының  сыртқы  пішіндері  жиі  өзгертілуде.  Мысалы  кәсіпорындардың   мемлекеттік  бюджетпен  қарым – қатынас  пішіні жиі  өзгертіліп,  жетілдірілуде:  көп  арналы  төлемдер  табыс  салығына   көшірілді;  қаржының  бюджеттен  шаруашылық  мұқтаждарын  қаржыландырудың  кері  қозғалысы  өзін - өзі  қаржыландырумен  ауыстырылды;  кәсіпорындардың  ішкі  қаржы  қозғалысының  нысандары  өзгереді;  бұл  қатынастар  нормативтік  сипат  алып,  шаруашылық-коммерциялық  негіз   алуда.  Қаржы  ресурстарының  құрылымы,  әдістері,  жұмсалу  бағыттары  да  өзгеруде.  Қаржының  мәні  де  өзгеруде,  ол  өндірістік  қатынастары,  олардың   даму  барысы,  мемлекеттің  шаруашылық,  мәдени,  әлеуметтік  өміріндегі  рөліне  байланысты. 

Шаруашылы жүргізуші субьектілер қаржысының  мәні  жөнінде  әзірге  ортақ  пікір  жоқ.  Кәсіпорындардың  қаржысын  айқындайтын  экономикалық  қатынастар   жүйесіне  не  кіреді?  Бірқатар  ғалымдар  тауарларды  сатып  алу,  сату  кезінде  және  еңбекақы  кезінде  пайда  болатын   ақша  қатынастарын  қаржы  қатынастары  деп  қарауға  болмайды,  өйткені  олар  бұл  қатынастардың  элементтері  емес   деседі.  Алайда  өндірістік  қағиданы  жақтаушылар  керісінше  пікірде.  Өйткені өндірістегі қаржы қатынастары ұдайы өндіріс кезеңдерін көрсететін экономикалық категория. Мысалы, айырбас кезінде өнімді өткізуден түскен түсімнен өнім беруші кәсіпорын тұтыну және қорлану қорларын құрайды. Оның барысында өнім беру шартының талаптары орындалмаса екі жақ бір-біріне қарыздар болса, тиісті қаржы айыптары қолданылады. Еңбекақы, сыйлықтар төлеу барысында туындаған ақша қатынастары арнайы қорлар (тұтыну, еңбекақы, айналым қаражаттары) құрып, жұмсау арқылы жүргізіледі. Өндіріс қағидасын жақтаушылар қаржы қатынастары өндіріс процесінің барлық кезеңін қамтиды деп санайды.

Осыған байланысты шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы бөлу, бақылау және ұдайы өндіру функциясын орындайды деп тұжыруға болады. Ұдайы өндіріс функциясының мазмұны жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде материалдық және қаржы қозғалыстары айналымын қамтамасыз етуден тұрады. Кәсіпорындар қаржысының бөлу функциясының ерекшелігі – жиынтық қоғамдық өнімнің құны айналым қаржысы процесінде белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінуі. Мұның өзі ұдайы өндіріс процесінде құнның бөліске және қайта бөліске түсуіне қаржының қатысуын анықтайды. Ақшалай бюджеттер мен қорлардың экономикалық негізінде бөлінуі қаржының ұдайы өндірістегі қызметінің басты шарты.

Бөліс - өндіріс пен тұтынуды байланыстыратын буын. Бұл процес кәсіпорындар мен бірлестіктердің жұмсаған өндіріс құрал-жабдықтарын толықтыруға және пайданы құрауға  пайдаланған өнімдерді өткізуден түскен ақшалай табыстар алу жолымен жүреді. Пайданың (табыстың) бір бөлігі қайта бөлу барысында орталықтандырылған қорларға – мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорларға түсіп енді бір бөлігі шаруашылықтың қарамағында еңбекақы, әлеуметтік мұқтаждар, өндірісті ұлғайту және дамыту жөнінде шығындарды қаржыландыруға түседі.

Кәсіпорын экономикасында қаржының бақылау функциясы маңызды рөл атқарады. Есеп пен бақылаусыз шаруашылықты жүргізуге болмайды. Кәсіпорындардың қаржысы басқа да экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы жоспарлы басқару, өндірісті ұлғайту, еңбек, материалдық табиғи, қаржылық қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Кәсіпорынның ішінде ғана емес, оның басқа кәсіпорындар, ұйымдар, қаржы-несие мекемелерімен өзара қарым-қатынасында теңге бақылауы пайдаланылады. Кәсіпорын ішінде еңбектің саны мен сапасы, негізгі, айналым және ынталандыру қорларының құралуы, пайдаланылуы бақылауға алынады. Кәсіпорындардың өзара қарым-қатынастарында берілетін тауарлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар, шарттардың орындалуы бақыланады. Қаржы және несие органдармен іс-кимыл барысында бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы, банк несиелерінің алынуы, қайтарылуы кезінде бақылау жүзеге асырылады.

Кейбір экономистер кәсіпорындар қаржысына үш функция жүктейді:

1. Ақшалай   ресурстармен  айналым  қаражаттарына  қызмет  көрсету;

2. Ақшалай  табыстарды  бөлу;

3. Кәсіпорындардың  өндірістік – шаруашылық  қызметіне  бақылау  жасау.

Қаржы  саласындағы  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  сан  қилы  қатынастары  ірілендірген  топтарда  жинақталады;  бұл  қатынастар  ұлғаймалы  ұдайы  өндіріс  үдерісінде  мыналардың  арасында  пайда  болады:

-   Мемлекет  пен  өндірістік  кәсіпорындар  арасында  мемлекеттік  бюджеттен  қаржыландырғанда,  сондай–ақ  бюджетке  төлемдер  төленгенде,  валюта  қорын  қалыптастыруда;

-   өндірістік  кәсіпорындар  және  олардың  жоғары  ұйымдары  пайданы  табыстарды,  қоларды  қайта  бөлгенде,  жылдық  төлемдер  жөнінде;

-   шикізат,  материалдар,  отын және тағы басқаларын  төлеу  үшін  өзара  қатынастарға  түскен  әр  түрлі  кәсіпорындар  мен  ұйымдар  арасында;

-   кәсіпорындар  мен  ұйымдар  арасында  акциялар  мен  құнды  қағаздар   шығару  және  өткізу  кезінде  бірлескен  кәсіпорындар  құру  барысында  несиелеу  мен   үлестік  қатыста;

-   кәсіпорындар  мен  несие  жүйесі  ұзақ  және  қысқа  мерзімде  несиелер  бергені  үшін  проценттер  төленгенде  және  т.б.

Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының  негізгі  белгілері:

     1. Қаржы  қатынастарының  көп  қырлылығы,  олардың  нысандары  мен  мақсатты   арналымының  сан  алуандығы;

     2. Өндірістік  қорлардың  міндетті  болуы,  олардың  құралуы,  тұрақты  толықтыру,  көбеюі,  бөлінуіне  байланысты  қатынастар  туындауы.  Өндірістік  қорлар - өндірістің  серпінді  элементі.  Олар,  өндірістің  өзі  сияқты,  ұдайы  қозғалыста  болады;  оның  үстіне  құн  формалары  үнемі  өзгереді.  Кәсіпорындардың  өндірістік  қорлары  оның  қызметі  кезінде   материалдық – заттық  және  ақша  нысанында  болады;

      3. Жоғары  белсенділік,  кәсіпорынның  шаруашылық  қызметінің  барлық  қырларында  ықпал  жасау  мүмкіндігі.

Сөйтіп,  шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы – халық  шаруашылығындағы  ақшалай  табыстарды,  жинақтарды  және  қорларды  жасауға,  бөлуге  және  пайдалануға  байланысты  туындайтын  экономикалық  қатынастар.

Көптеген кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады, оларды белгілі бір түрге Цатқызып бөлу негіздемесі қаржыны ұйымдастыру сипатына едәуір ықпал ете алады (1-сурет).

Ең жал脿ыға танылған бөлу белгісі шаруашылық жүрУізуші субьектіні қызмЕттің белгЖлі Бір өрісіне жатқызу болып табылады: материалдық және маూе@иалдық емес (өндірістік емес).

Материалдық өндіріс кәсіпорны барша қоғамның негізгі тіршілігі болып табылатын материялдық өнімдер мен игіліктерді құрады.

Материалдық және материалдық емес өріс ішінде салалар, кіші салалар бөлінеді.

Өндірістік емес өріс мекемелерінің едәуір бөлігі коммерциялық емес секторда қалып отыр: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің үлкен бөлігі, мәдениет пен өнер, іргелі ғылым. Коммерциялық емес қызмет табыс табуға емес, барша қоғамға қажетті қызметтер мен іс-қимылдарды орындауға, соның ішінде халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Меншік  нысандарына  қарай  мынадай  кәсіпорын  түрлері  байланысты  іс-әрекет  етеді:

1. Мемлекеттік  меншікке  негізделген  мемлекеттік  кәсіпорындар, соның ішінде:

-   Республикалық – Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  жалпы  мемлекеттік  міндеттерін  шешу  үшін;

-   Коммуналдық  меншік  кәсіпорындары – тиісті  аумақтарда   халықтың  әлеуметтік-экономикалық   қажеттерін  қанағаттандыру  міндеттерін  шешу  үшін;

2. Ұжымдық  меншікке  негізделген  кәсіпорындар: ұжымдық  кәсіпорындар,  кооперативтік,  акционерлік   қоғамдар,  қоғамдық  ұйымдар  кәсіпорындары.

3. Құрылтайшылардың  мүлкін  біріктіру  негізінде  құрылған  соның  ішінде  шетелдік  азаматтар  мен  заңды  мекемелердің  қатысуымен  құрылған  бірлескен  кәсіпорындар.

4. Азаматтардың  меншігіне  негізделген  жеке  меншіктегі   кәсіпорындар.

5. Меншіктің  әр  түрлі  формалары  бар  аралас  кәсіпорындар.

“Қазақстан   Республикасындағы  меншік  туралы”  заңда   барлық  меншік  формаларының  теңдігі  мен  меншік  субъектілерінің    құқықтарының   қорғалуына  кепілдік  берілген.

Меншік  нысанына  қарай  шаруашылық  қорларын  құраудың  ерекшеліктері  бар.  Мысалы,  мемлекеттік  кәсіпорындардың  қаржы  қорлары  негізінде  амортизациялық   аударымдар,  пайда  банктер  несиесі  есебінен  құралады,  кооперативтерде   бұл  көздерге  мүшелерінің  мүліктік  жарналар  қоры  қосылады;  акционерлік  қоғамдарда – тек  өз  еңбеккерлеріне   ғана   емес,  сыртқа да  салынатын  акциялар  түсімдері  қосылады.

 

2-сұрақ. Коммерциялық негізде іс-әрекет ететін шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы.

2.1 Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс аясы кәсіпорындарының басым бөлігі мен материалдық емес ая ұйымдары мен мекемелерінің (коммерциялық банктер, сақтандыру ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері, сауда-делдалдық ұйымдар, ерікті қоғамдық қорлар, трасталық компаниялар және өзгелері) елеулі бөлігі қызмет етеді.

Коммерциялық кәсіпорындар қаржысын ұйымдастырудың негізіне бірдей қағидалар алынған. Бұл бірлік өндіріс мақсаттары мен міндеттерінің жалпылығына байланысты.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастырудың негізгі қағидалары болып табылатындар: коммерциялық есеп, жоспарлылық, меншіктің барлық формаларының теңдігі, қаржы резервтерінің бар болуы.

1) коммерциялық есеп – негізді қағида және кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін жүргізудің басты әдісі. Мемлекеттік меншік кәсіпорындары мен ұйымдарына қатысты “шаруашылық есеп”, ал жеке, аралас кәсіпорындарға “коммерциялық емес” ұғымын дәстүрлі қолдану тән, бірақ бұл түісініктер экономикалық тұрғыдан мәндес болып келеді.

Коммерциялық есептің негізгі қағидалары өзін-өзі ақтау мен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.

Өзін-өзі ақтау – шаруашылық жүргізудің негізді қағидасы, ол кәсіпорынның өз өнімін өткізуден түскен түсім есебінен өнімді өндіру мен жеткізуге байланысты барлық шығындардың орнын толтыруға міндетті екенін білдіреді.

Информация о работе Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы