Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 13:45, курсовая работа
Макроэкономикалық тұрақтылық үшін қажетті қаржы резервтерін құра отырып, сақтандыру техногенді және экологиялық уақиғалар кезіндегі өндірістік күштердің қалпына келуі мен дамуына көмегін тигізеді, мемлекеттің болжанбаған шығындарын қысқартады, инфляциялық фактордың әрекетін төмендетеді, тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныс ара қатынасын оңтайландырады. Еліміздің сақтандыру ісі мен нарығы жылдан-жылға өсіп дамып келеді, ал дамыған елдермен малыстыра кетсек, аліде жеткіліксіздіктер бар.
КІРІСПЕ.............................................................................................................3
1-Тарау. Сақтандырудың теориялық негіздері..............................................5
1.1 Сақтандыру тұралы түсінік және оың
әлеуметтік-экономикалық мәні ...............................................................5
1.2 Сақтандырудың түрлері және сақтандыру тұралы ұғымдар..................8
2- Тарау. Шет елдердегі сақтандыру жағдайы.............................................15
2.1 Қытай Халық Республикасының сақтандыру жағдайы........................ 15
2.2 АҚШ-тың сақтандыру жағдайы...............................................................17
3- Тарау. Еліміздегі сақтандыру және шетелдік тәжірибені қолдану
мүмкіндігі....................................................................................................22
3.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жағдайын талдау..............22
3.2 Шетелдің сақтандыру тәжірибесін қолдану мүмкінділігі......................26
ҚОРТЫНДЫ.....................................................................................................30
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ....................................................32
Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттің сақтандырушы қызметінің тек жалпы мемлекеттік стратегиялық мағынадағы мүдделерді сақтандырудағы ғана басымдылығын көрсетуге болады. Осылайша, “Казагрополис” республикалық мемлекеттік ауыл шаруышылық сақтандыру кәсіпорыны (құрылтайшысы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі) үшін басым бағыт болып ауыл шарушылығының өндірісін міндетті сақтандыру табылады. Ал “Казахинстрах” мемлекеттік сақтандыру компаниясы үшін инвестицияларды сақтандыру басым бағыт болып табылады.
Акционерлік сақтандыру – сақтандырушы ретінде өзінің жарғылық капиталын акциялардың көмегімен құратын акционерлік қоғамдар бой көрсететін сақтандыру қызметін ұйымдастыру нысаны.Акциялар арқылы жарғылық капиталды құру құрылтайшыларға заңды және жеке тұлғалардан ақша ресурстарын тарту арқылы тез арада сақтандыру операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді. Алғашқы капиталды құру тәртібіне қарай ашық типтегі және жабық типтегі акционерлік қоғамдарды және де жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді бөледі. Бұл айтылғандар дүниежүзілік тәжірибеге тән.
Өзара сақтандыру - өзара көмек көрсету мақсатында сақтандырушылардың бірігуі байқалған сақтық қорғаудың ұйымдық нысаны. Өзара сақтандыру қоғамы – қазақстандық нарықтың жаңа қатысушысы. Қазақстандағы өзара сақтандыру қоғамының қызметі “Сақтандыру қызметі туралы” Заңмен және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің “Өзара сақтандыру” атты 845 бабымен реттеледі.
Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерінің мүліктерін және басқа да мүліктік мүдделерін сақтандыруын жүзеге асырады және де коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Коммерциялық қызметті жүзеге асырғанда қызмет ету тәртібі сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдар үшін бекітілген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Заңдылық негіздің дамымауына байланысты сақтандыру нарығындағы бұл тауаша бой көрсетпеген. Осылайша, “Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы 1996-98 жылдардағы негізгі бағыттары жөніндегі” Қаулыда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатымен өзара сақтандыру қоғамдарын құру туралы ереже жобасын дайындау мақсаты қойылған. Сонымен бірге, Азаматтық Кодексте олардың қызмет ету жағдайлары өзара сақтандыру туралы заң актілерімен анықталады делінген. Бірақ қазіргі күнге дейін заң жобасы ұсынылмаған.
Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты заңнамалырға сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтандыру пулы – белгілі бір тәуекелдерді бірігіп сақтандыру үшін
сақтандыру компанияларының бірлестігі. Негізінен сақтандыруға қауіпті, ірі және жаңа тәуекелдер қабылданғанда құрылады. Пулдың қызметі бірлесіп сақтандыру қағидатына сүйеніп құрылады. Әр компания пулға сақтандырылған тәуекелдерді береді, пул жинаған жарналардың белгілі бір үлесін алады және де сол үлесте нұқсандарды өтеу бойынша жауапкершілік алады. Пулдар шетелде авиациялық, атомдық, әскери тәуекелдерді, жауапкершілікті және т.б. сақтандыруда кеңінен дамыған.
Сақтандыру ұйымдарының ынтымақтастығының нысаны болып сақтандырушылардың одақтары мен ассоциацияларын құру табылады. Қазақстан Республикасында құрылған сақтандырушылар одағының мақсаты – сақтандырушыларға методикалық және ұйымдық ақпараттық көмек көрсету, сақтандыру бойынша заң және нормативтік актілер жобаларын дайындауға қатысу, сақтандыру қызметкерлерінің мамандандырылуын жоғарылату бойынша курстар мен семинарлар ұйымдастыру, сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын нығайту бойынша ұсыныстар дайындау және т.б.
Енді сақтандыру нарығының қатысушылары жайлы қысқаша айта кететін болсақ, “Сақтандыру қызметі туралы” Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қатысушылары: 2
Қайта сақтандыру ұйымы – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің негізгі сақтандыру қызметінен басқа төмендегідей қызмет түрлерін атқарады:3
1. уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті;
2. тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін);
3. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды;
4. ақпарат бөлімдерінің кез
5. бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасауға байланысты келіп түскен (сақтандыру ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді;
6. сақтандыру қызметіне
7. сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді;
8. сақтандыру агенті ретінде
Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары - өз қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий және уәкілетті аудитор.
Сақтандыру брокері – сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттің тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және оны уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс. Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкілеттігі мен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.
Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттігі сақтандыру ұйымының тиісті құжаттарымен белгіленеді. Сақтандыру агентінің өкілеттігі болмаған жағдайда оның сақтандыру агенті ретіндегі қызметіне жол берілмейді.
Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке адам;
Актуарийлік есептеулер мынадай негіздер бойынша:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша – бастамашылық актуарийлік есептеулер;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда – міндетті актуарийлік есептеулер жүргізіледі.4
Уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор) – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудиті жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым (аудитор);
Сақтандыру қызметінің аудитін жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Уәкілетті аудитор,
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
өз құрылымында ішкі аудит қызметі (аудиторы)
болуы міндетті, оның қызметі лицензиялауға
жатпайды. Ішкі аудит жүргізу тәртібі,
уәкілетті мемлекеттік органның талаптары
ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының тиісті ішкі құжаттарында белгіленеді.
Шетелдік тәжірибе ретінде мен еліміздің экономикалық, саяси және басқа да қатынастары бойынша серіктес елдерінің сақтандыру жайлы айтқым келіп отыр. Осылайша, мен Қытай Халық Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының сақтандыру жағдайларын қарастырып өтпекпін.
Сақтандыру саласы Қытайдың ақша-несие нарығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қытай Халық Республикасындағы сақтандыру негізінен мүлікті сақтандыру, азаматтық жауапкершілікті сақтандыру, кепілді сақтандыру және жеке сақтандыру сияқты төрт негізгі сақтандыру түріне бөлінеді. Қазіргі кезде Қытайда сақтандыру компаниялары сақтандырудың 400 түрі бойынша қызмет көрсетеді. Қытайдың сақтандыру мекемелерінің ішінде ерікті және міндетті болып бөлінетін қайта сақтандыру операциялары кеңінен тараған.
Реформалардың тереңдеуі және Қытай Халық Республикасының сақтандыру нарығының ашыла түсуіне байланысты сақтандыру операцияларының, әсіресе өмірді сақтандыру операцияларының қарқынды дамуы өтіп жатты. Егер 1997 жылы өмірді сақтандырудан түсетін табыстар сақтандыру табыстарының 55%-н құраса, 1998 жылы 60%-ды құрады. 1998 жылы Қытай Халық Республикасының сақтандыру саласының табыстары 124,7 млрд юань (15 млрд $), оның ішінде 49,96 млрд юань (8,2 млрд $) - мүлікті сақтандырудан, 68,3 млрд юань (8,2 млрд $) - өмірді сақтандырудан түссе, қалған сақтандыру операцияларынан түскен табыс - 6,5 млрд юань немесе 783 млн $ құрады. Дәл сол жылы мүліктік нұқсандар бойынша және қысқа мерзімді жеке сақтандыру бойынша өтемдер 31,8 млрд юань (3,8 млрд $) құрады. Өмірді сақтандыру бойынша өтемдер 23,8 млрд юань немесе 2,9 млрд $ құрады. Қытай Халық Республикасының ұлттық экономикасындағы сақтандыру саласының үлесі жылдан-жылға өсуде. Осылайша, ЖІӨдегі сақтандыру саласының үлесі 1960 жылы 0,25%-дан 1998 жылы 1,48%-ға дейін өсті. Соңғы 20 жылы Қытай Халық Республикасының сақтандыру саласының орташа жылдық өсу қарқыны 34% құрайды. Бұл жайлы 4-кесте мәліметтерінен көруге болады.
4-кесте.
Қытайдағы сақтандыру
Жыл | 1995 | 1996 | 1997 | 1998 | 2001 | 2003 |
Табыс | 59,5 | 77,7 | 108,0 | 124,7 | 210,9 | 388,0 |
2002 жылдың басындағы жағдай бойынша Қытай Халық Республикасында 52 сақтандыру компаниясы, оның ішінде мүлікті сақтандыру бойынша – 22, өмірді сақтандыру бойынша – 26, қайта сақтандыру бойынша – 1, екі сақтандыру тобы және бір “саяси” сақтандыру компаниясы жұмыс істеді. 2004 жылдың ортасындағы жағдай бойынша барлық сақтандыру компанияларының активтерінің сомасы 1 трлн юаньға (120,5 млрд $) жуық мөлшерді құрады.
Елдің сақтандыру нарығында