Ұлттық қор

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:34, шпаргалка

Краткое описание

Қазіргі уақытта ел экономикасының қарқынды дамуы нәтижесінде көптеген қаржы институттары қанатын қатайтып, жаңа құрылымдар ірге қалауда. Соның ішінде, соңғы жылдар бедеріндегі басты жаңалықтардың бірі жеткіншек буынға табиғи ресурстардан түсетін табысты тепе-тең бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған Ұлттық қордың құрылуы дер едік. Мұндай қор дүниежүзілік тәжірибеде жаңалық емес, бүгінгі таңда дүние жүзінде мұндай құрылымдардың саны 30-дан асады. Олардың жұмыс істеу тетіктері әрқалай. Қазақстандық Қор АҚШ долларымен есептегенде бірнеше миллиардтық активтері жинақталған Норвегияның мұнай қорының тәжірибесіне негізделген.

Содержимое работы - 1 файл

УЛТТЫК КОР.doc

— 220.00 Кб (Скачать файл)

ҰЛТТЫҚ ҚОР  – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

Амангелдиева Жанар  Амангелдіқызы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

 

2000 жылы еліміздегі мұнай шикізатынан түсіп жатқан қомақты қаржы өскелең ұрпақтың лайықты өмірін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қорға жинақтала бастады. Отандық экономиканың тек қана көмірсутегі шикізатына иек артып қалмай, ұлттық өңдеуші саланы дамыту үшін де қажет деп табылған болатын.

Қазіргі уақытта ел экономикасының қарқынды дамуы нәтижесінде көптеген қаржы институттары қанатын қатайтып, жаңа құрылымдар ірге қалауда. Соның ішінде, соңғы жылдар бедеріндегі басты жаңалықтардың бірі жеткіншек буынға табиғи ресурстардан түсетін табысты тепе-тең бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған Ұлттық қордың құрылуы дер едік. Мұндай қор дүниежүзілік тәжірибеде жаңалық емес, бүгінгі таңда дүние жүзінде мұндай құрылымдардың саны 30-дан асады. Олардың жұмыс істеу тетіктері әрқалай. Қазақстандық Қор АҚШ долларымен есептегенде бірнеше миллиардтық активтері жинақталған Норвегияның мұнай қорының тәжірибесіне негізделген.

Ұлттық қор Мемлекет басшысының 2000 жылғы 23 тамыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы”  Жарлығына сәйкес құрылды. Ұлттық қор материалдық емес активтерді қоспағанда, Ұлттық Банктегі және Үкіметтің есеп-шотында шоғырландырылған қаржы активтері түрінде, сондай-ақ өзге де мүлік түрінде мемлекет активтерінен құрылған.

Ұлттық қордың қалыптасуы сол сияқты бiржолғы сипаттағы (республикалық  меншiктегi және тау-кен өндiру мен  ұқсату салаларындағы мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сату) не түсiмдер көлемi бойынша тұрақты емес (мұнай секторының түсiмдерi) кiрiстер көзi есебiнен жүзеге асырылуы тиiс, оның мөлшерi едәуiр шекте ауытқуы мүмкiн, ол осымен Қазақстанның бюджет саясатына елеулi ықпал жасайды. 
      Осылайша, Ұлттық қорды қалыптастырудың негізгi көздерi мыналар болып табылады деп болжанады:

- мұнай  секторынан түсетiн тiкелей салықтар (жергілiктi бюджеттерге есептелетiн  салықтарды қоспағанда), оған корпорациялық табыс салығы, үстеме пайда салынатын салық, роялтилар, бонустар, өнiмдi бөлу жөнiндегі үлес, экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын ренталық салық жатады;

-  республикалық меншiктегі және кен өндiру мен ұқсату салаларындағы мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер; 
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер; 
-   Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер.

Ұлттық  қордың жинақтарын қалыптастыру моделi республикалық бюджет пен Ұлттық қор арасында мұнай түсiмдерiн бөлудiң оңтайлы теңгерiлiмiн қамтамасыз етуi тиiс. Сондай-ақ қолайсыз әлемдiк баға конъюнктурасы кезiнде мемлекеттiң әлеуметтiк мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн мұнай секторы түсiмдерiнiң көлемiне қарамастан тұрақты деңгейде ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға арналған шығыстарды ұстап тұрудың маңызы зор. Бұл ретте макроэкономикалық деңгейде iшкi баға өсуiн тоқтатуға және теңге бағамын ұстап тұруға арналған Ұлттық қордың тұрақтандырушы функциясы неғұрлым тиiмдi жүзеге асырылуы тиiс. Ұлттық Банк пен Үкімет арасында жасалған Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Ұлттық қорды дербес инвестициялауды жүзеге асырады. Соған сәйкес Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін басқаруға сыртқы басқарушылармен шарттар жасасты. Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Ұлттық қордың сыртқы аудиті жүргізіледі.

Ұлттық қорды  пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. Ұлттық қор қаражатын пайдалануға қатысты осыған ұқсас басқа қорлардың қаражатын пайдаланудың түрлі бағыттары бар.

Қазақстанда балама ретінде мұнайдан түсетін қаражатты халық арасында бөлу мүмкіндіктері қарастырылған. Алайда, бірқатар себептер бойынша бұл тетік қазіргі уақытта қолайлы емес. Біріншіден, елге мұнай долларының шамадан тыс ағыны ақша массасының артуына, инфляцияның өршуіне, ұлттық валютаны нығайтуға әкеп соқтырады. Бұл отандық өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді және арзан шетелдік өнімге деген сұранысты ұлғайтады. Екіншіден, мұнай бағасы күрт төмендеген жағдайда мемлекет ақша қаражатының тапшылығын тартады және әлеуметтік төлемдер бойынша тиісті деңгейде төлем жасау қабілеті әлсірейді. Ұлттық қордың құрылуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына ықпал етеді және Қорда қаражатты жинақтау ұрпақтар арасында табиғи байлықтарды біртекті бөлу қағидатына сәйкес келеді.

Әлемдiк  тәжiрибенi талдау жинақтаулар үшiн  қандай да бiр белгiленген шек болмайтынын  және көптеген елдер қол жеткiзiлген жинақ көлемiне қарамастан жинақтау саясатын жалғастырып отырғанын көрсетедi. Әртүрлi уақытта Норвегияда Қор активтерiнiң деңгейi ел IЖӨ-iнiң жартысынан асты, ал Аляскада штаттың бүкiл IЖӨ-iн, Кувейтте ІЖӨ-нiң үш жарым бөлігін, Оманда IЖӨ-нiң бестен бiр бөлiгiн құрайды. 10 жыл iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры IЖӨ-нiң 30,8 %-н құрады (Сурет 1).

Cурет 1 – Қазақстан Республикасының Ұлттық қор қаражаттарының динамикасы және ІЖӨ- гі үлестік салмағы ,  %

 

Қабылданған саясаттың нәтижесінде экономикалық өсу кезеңінде валютаның шамадан тыс түсуін зарарсыздандыру, теңгені айырбастау бағамына және инфляцияға қысымды азайту қамтамасыз етілді. Дағдарысқа қарсы белсенді саясат жүргізу үшін қаржы резервтері құрылып, оның шеңберінде Ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде қаражат пайдаланылды және жинақтау саясаты сақталды. 2009 жылдың соңына қаражат 4,5 трлн. теңгені құрады, оның 750,0 млрд. теңгесі ішкі активтерге («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-әуқат қоры» акционерлік қоғамы мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының облигацияларына), 24,4 млрд. АҚШ доллары - шетелдік активтерге орналастырылды.

Экономикадағы өзгерістерді ескере отырып, Ұлттық қордың қызметін жетілдіру мақсатында Президенттің 2010 жылғы 2 сәуірдегі Жарлығымен мақұлданған Ұлттық қорды қалыптастыру және қаражатын пайдалану тұжырымдамасы әзірленді.

Орта мерзімді келешекте  Ұлттық қор қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі Тұжырымдамаға  сәйкес 8 млрд. АҚШ доллары көлемінде  кепілденген трансфертті шектеу арқылы Ұлттық қорда қаржы қаражаттарын жинақтау саясаты жалғасатын болады. Ұлттық қордың активтері 2015 жылға дейін 72,6 млрд. АҚШ долларына дейін өсуі болжанып отыр. Бұл ЖІӨ-нің 30,5 пайызынан кем болмайтын бөлігін құрайды. Осыған байланысты 2012-2014 жылдары Ұлттық қордан бөлінетін трансферт 1 трлн. 200 млрд. теңге көлемінде жоспарланған. Ұлттық қордан бөлінетін кепілденген трансфертті шектеу Қорда мұнайдан түскен табыстардың таза жинақталуына мүмкіндік береді.

Тұжырымдамада жиынтықталған бюджет әдісіне көшу ұсынылды, онда мұнай секторынан түсетін кірістердің Ұлттық қорға бағытталуы қарастырылған. Бұл мемлекет келешекте мұнайдан алынатын кірістерсіз әрекет етуі тиіс дегенді білдіреді. Өз кезегінде ұлттық экономика үшін өңдеуші саланың рөлі мен мәні артып отыр. Өйткені онсыз мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің өсуі ұлғаймақ емес.

Сонымен,  Ұлттық қор бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, ал мұнай кірістерінің көп бөлігін Ұлттық қорда жинақтау барынша жүйелі фискалдық саясат жүргізуге, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға, сондай-ақ болашақ ұрпақтың Қазақстанның мұнай ресурстарының игілігін пайдалану мүмкіндігіне ие болуына жол ашады.

Әдебиет:

1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы N 402 Жарлығы

2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 962 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдалану тұжырымдамасы»


Информация о работе Ұлттық қор