Жоспар
Кіріспе
І. Қаржы және валюта
нарығы, құнды қағаздар түрлері.
1.1 Қаржы
және валюта нарығы.
1.2 Құнды
қағаз түрлері.
ІІ. Қаржы және валюта
нарықтары, негізгі мәліметтер
және қор биржасы.
2.1 Қаржы
және валюта нарықтары, негізгі
мәліметтер.
2.2 Қор
биржасы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз
шетелдік валютаны және шетелдік
валютадағы төлем құжаттарын
сату – сатып алу жөніндегі
әлеуметтік – экономикалық және
ұйымдық қатынастар жүйесі.
Қазақстан Республикасының халықаралық
нарыққа шығуына кедергі жасап
тұрңан мәселелердің бірі –
теңгенің айырбасталымдылығы. Бір
жағынан қазақстандық теңге бірнеше
валюталық шектеулері бар айырбасталатын
валюта болып саналады. Бірақ
бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік
валюта нарығының толық құқылы
қатысушысы бола алмауына жеткілікті.
Мемлекетіміздің ішкі валюталық
нарығы әлі қалыптасқан жоқ,
ол қалыптасу сатысында. Қазақстан
нарығының жастығынан кез келген
ірі қаржы институты, соның
ішінде шетелдік де, өзіне пайда
түсіре алды. Еліміздің коммерциялық
банктері сыртқы қарыздарын өтегенде
нарыққа валютаның айтарлықтай
қаражат көлемін шығарады, бұл
да теңгеге әсер етпей қоймайды.
Валюта туралы заңдар қарама
– қайшы және толық емес.
Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі,
ол пайда болғанда үкімет теңгенің
ішкі айырбасталымдылық жолына
тұруымен анықталады. Валютаны еркін
алып-сату отандық экономиканы
долларландыруға әкеліп соқты.
Қаржы нарығындағы болып жатқан
өзгерістер валюта нарығына тікелей
әсер етуде.
І. Қаржы және валюта нарығы,
құнды қағаздар түрлері.
1.1 Қаржы және валюта
нарығы
Қаржы нарығы құнды қағаздар
айналысына байланысты экономикалық
қатынастар және мемлекеттің
бүкіл ақша қорының жиынтығы.
Ол нарық қатынастарының құрамды
бөлігі болып табылады және
тауар, ақша, несие, валюта, сақтық
және т.б. капитал, жұмыс күші,
тұрғын үй, алтын нарықтарымен
байланысты болады. Қазіргі кезде
дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі
мен Жапония қаржы нарығының
ең үлкен қорларын иемденуде.
Қаржы нарығы біріне бірі байланысты
және бірін бірі толықтырып
тұратын, бірақ әрқайсысы өз
алдына қызмет жасайтын үш
нарықтан тұрады: қолма қол ақша
нарығы, несие капиталының нарығы
және бағалы қағаздар нарығы.
Қаржы нарығының ұғымы көбінесе
кең түрде, оған ақша, несие,
валюта нарықтары қоса түсіндіріледі.
Қаржы нарығынан айырмашылығы
ақша нарығы төлем қаражаттарының
нарығы болып табылады, ол қолма
қол ақшаны ғана емес, сондай
– ақ қолма – қол емес
төлем қаражаттарының, оның ішінде
қысқа мерзімді банк несиесін
қамтиды.
Несие нарығы банктердің орташа
және ұзақ мерзімді несие жөніндегі
банктік несие операцияларына
байланысты, бұған коммерциялық
несие де жатады.
Қаржы нарығы негізінен ұзақ
мерзімді сипаттағы міндеттемелер
немесе куәліктер нарығы деп
те атайды. Ақша мен несие нарықтары
әдеттегідей айналым активтерінің
қозғалысына қызмет етеді.
Қызмет жағынан алғанда қаржы
нарығы кәсіпорындардың, банктердің,
мемлекеттің құнды қағаздар сату
арқылы халықтың уақытша бос
қаржысын жинап, қайта бөлуді
қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар
жүйесі.
- Реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кез келген түрлері мен арнауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың тепе теңдігі;
- Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын дұрыс риттеу; бұған қолма – қол және қолма – қол емес айналым эмиссиясына бақылау жасау жатады;
- Несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие ресуртарын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының қозғалысын Ұлттық банк тағайындайтын пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар жүргізуі арқылы реттеледі.
Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары
мыналар болып табылады:
- Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлекеттік сектордың, материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық буындарына неғұрлым кең дербестік беру;
- Қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін қысқарту; өндірістік күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту, кәсіпорындар арсында қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою.
- Шаруашылық субъектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын ақшалай табыстарының өсуі;
- Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды доғату; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік займдар шығару арқылы жабылады.
1.2
Құнды қағаз түрлері
Құнды қағаз иесінің осындай
құжаттар шы ғарған ұйымдарға
қатысты мүліктік құқығын айғақтайтын
ақша құжаттары. Құнды қағаз
жеке құжаттар немесе есепшоттардағы
жазбалар түрінде жүреді.
Құнды қағазға мыналар жатады:
акциялар, облигациялар, мемлекеттік
борыш міндеттемелері, жинақ сертификаттары,
вексельдер. Банк несиесі алынғанын
айғақтайтын құжаттар, депозиттеріне
енгізілген сомалар, борыш жазбалары,
мұралар, лотерея билеттері, сақтық
қағаздар құнды қағаздарға жатпайды,
пайыз түрінде табыс төленеді
және осы құжаттар бойынша
басқа адамдарға құқықтар беріледі.
Акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар,
ұйымдар, коммерциялық банктер
шығарып, айналым мерзімі белгіленген,
иесіне кәсіпорын табысының бір
юөлігін иемденуге құқық берілетін
құнды қағаз акция деп аталады.
Бізде еңбек ұжымы, кәсіпорын,
акционерлік қоғамдар шығаратын
акциялар пайдаланылады. Алғашқы
екі түрі нағыз акция емес,
бұл халық пен кәсіпорындардың
бос қаржысын жинақтаудың өзіндік
формасы.
Еңбек ұжымының акциялары кәсіпорын
қызметкерлеріне ғана таратылып,
оның дамуы үшін салынғанын
айғақтайды. Жекешелендіру бағдарламасын
жүзеге асыру барысында еңбек
ұжымы мүшелерінің акциялары
айналымға түспейді қызметкер
оны тек мұраға қалдырады. Жұмыстан
шықса, оның акцияларын кәсіпорын
бес жыл сақтайды.
Шетел валютасы шетел ақшасы
мағынасын береді.Ақшаның (МІ) көп
бөлігі депозит түрінде болғандықтан,
яғни коммерциялық банктік жүйенің
өтімді пассивтері түрінде, валюта
нарығынан талап етілгенде дейінгі
депозиттер бейнесінде сипаттауға
болады. Оның негізгі қатысушылары
коммерциялық банктер және банкаралық
мімілелер көлемі жиынтық көлемнің
90%- ын құрайды.
ІІ. Қаржы және валюта нарықтары:
негізгі мәліметтер және қор
биржасы
2.1 Қаржы және валюта нарықтары,
негізгі мәліметтері
Ең басты қаржы нарықтарының
негізгі сипаттамаларын ұғып
алсақ. Басқа нарықтардың көбі
ағынмен сатса, қаржы нарығы
қорларды сатып отырады.
Үй шаруашылықтарының ұсыныстары,
көбінесе ағын болып табылады,
сол сияқты қарыз алушылардың
өз шығындарын қаржыландыруға
керекті жинақтарға сұраныс та.
Бірақ ұзақ мерзімдік, бүкіл
жинақталған қаржы активтері
ретіндегі активтер кез келген
уақытта сатылып кетуі немесе
сатып алынуы мүмкін. Қорлардың
сұраныс пен ұсыныстан жылдам
өзгеріп отыруы нарық жағдаятының
тұрақсыздығына итермелеп отырады.
Осындай түсініктеме, тек қана
бір түрлі активтерге ғана
емес, басқа да ұзақ мерзімді
тұтыну тауарларына да қатысты
айтылады; мысалы,шикізат, әлі жиналмаған
егінге де қатысты айтылады.
Жеке тұлғалардың көбі қаржы
нарығында үлкен көлемді іс
жүргізбейді. Сондықтан олар делдалдар
арқылы тапсырыстарын өткізеді,олар
осындай шағын тапсырыстардың
жинап бір үлкен тапсырыс жасайды
да, немесе тапсырушылар атынан
«нарық құрып» өз қоймаларынан
сатады. Сол уақытта делдалдар
өздері капитал иелері болады.
Әр қаладағы
қор биржаларының айналымы. ЖҰӨ- нің
пайыз мөлшерлемесі(1988 ж)
Лондон
Фанкфурт
Париж
Цюрих
Милан
Брюссель |
43.8
8.6
7.1
37.7
3.8
7.0 |
Жоғарғы кестені қарастырғанда
мынаны ескеріп отыру керек:
қор биржаларының айналымдарын
ЖҰӨ - нің пайыз мөлшерлемесі
ретінде көрсетіп, біз тек қана
осы сандарға шкала құрамыз.
Соңғылары қарапайым кісіге үлкен
боп көрінеді де, қаржы нарығы
үлкен ойынхана ретінде көрінеді,
бірақ шынында бұл делдалдар
өз клиентіне әр түрлі қызмет
көрсетуге тырысуынан бәсекелестіктің
дамығанын көрсетеді.
Нарық түрлі формаларға ие. Ең
алдымен барлығы қағаздар нарығы
болады. Оларда қалың делдалдар
тобы бір біріне әр түрлі
асығыста жазылған қағаздарын
көрсетіп дауласып тұрады. Ал
шыныда биржалар қазіргі заманда
компьютерленген және олардың
мүшелері көптеген мәмілелерді
өз терминалынан тұрмай ақ
жасайды. Компьютерлендірудің арқасында
және биржалардың автоматтандыруынан
бүкіл континет биржалары бір
бірімен телефон арқылы күні
түні байланысады. Келешекте бір
дүниежүзілік нарыққа бірігіп
кетуі де мүмкін.
Тәуліктің
келген уақытында дүниенің бір
жерінде биржа жұмыс істейді.
Франфурт немесе Париж биржалары
ашылайын деп жатқанда, Сингапур
мен Гонконгтегілер жұмысын доғарып
жатады. Осы айналым төменгі кестеде
көрсетілген.
2.2 Қор
биржасы.
Қор биржасы- бұл құнды қағаздар
қалыпты айналысына қажетті жағдай
жасау, бұлардың нарықтық бағасын
анықтау және олар жөнінде
ақпараттар тарату өз қызметінің
ерекше тақырыбы болып табылатын
ұйым.
Қор биржасы құнды қағаздардың
екінші нарығын ұйымдастырады.
Биржадан тыс нарық әлбетте
құнды қағаздардың шығарылымын
қамтиды. Онда несие-қаржы институттары
ұжымдық салушы ретінде іс - әрекет
жасайды. Биржадан тыс нарыққа
көбінесе облигациялардың үлкен
бөлігін орналастырады. Биржада
керісінше құнды қағаздардың
бұрынғы шығарылымдары, негізінен
акционерлік қоғам акциясының
бағасы белгіленеді.
Қор биржасы жабық акционерлік
қоғам формасында құрылады және
кемінде үш мүшесі болуы тиіс.
Тек қор биржасынығ акционері
ғана оның мүшелері бола алады.
Ол коммерциялық емес ұйым, оның
мақсаты пайда табу емес, өзін
- өзі өтеуге негізделген және
өз қызметінен өзінің мүшелеріне
табыс төлемейді. Қор биржасы
инвестиция институты қызметімен
шұғылданбайды, бірақ биржаға
құқық беретін өз акцияларынан
шығарып, сата алады. Қор биржасы
кәсіпорындар туралы заңға сәйкес
тіркеліп, Қаржы министрлігінде
құнды қағаздармен биржа жұмысын
жүргізуге лицензия алады.
Қор биржасы мен басқа биржалардың
қор бөлімдері заң тәртібімен
бекітілген ереже, биржа жарғысы,
құнды қағаздармен жасалатын
мәмілелердің ішкі ережесі негізінде
жұмыс істейді.
Бағалы қағаздармен жасалатын
операцияларды жүзеге асыру негізгі
міндеттеріне кіретін инвестиция
институттары, сондай – ақ мемлекеттік
атқару органдары қор биржаларына
мүше бола алады. Олардың тапсыруы
бойынша құнды қағаздарды сатып
алу және сатуды бойынша құнды
қағаздарды сатып алу және
сатуды делдалдар мен дилер
атқарады.
Делдалдар
(брокер) - мәміле жасау барысындағы
тапсырма бойынша белгілі бір
төлем ала отырып, жұмыс істейді.
Қазіргі жағдайда делдалдық фирмалар
жүргізеді.
Дилер – құнды қағазды сатып
алу және сатумен өз атынан
және өз есебінен айналысатын
делдал, бұлар – жеке фирмалар,
банк, жеке адамдар, қор биржасы
мүшелері.
Қор биржасының қаржы қызметін
мыналардың есебінен жүзеге асырылуы
мүмкін:
- Қор биржасының оған мүшелікке
ену құқығын беретін акцияларын
сату;
- Қор биржасы мүшелерінің мүшелік
жарналары;
- Биржада жасалған әрбір мәміледен
алынатын биржа алымы;
- Биржа қызметінен түсетін басқа
табыстар.
Биржаның табыстары оның қызмет
ауқымын ұлғайту мен жетілдіруге
байланысты шығындарды жабуға
жұмсалады.