Депозиттік операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 17:39, реферат

Краткое описание

Қазақстандағы депозит нарығының соңғы жылдардағы даму қарқыны банктердегі салымдар көлемінің ұлғаюынан және халықтың банк жүйесіне деген сенімділігінің артуынан байқалады.
Банктердегі жеке тұлғалар шоты бойынша банктік құпия туралы заңды актілерді қабылдау және жеке тұлғалардың мерзімді депозиттерін кепілдендіру жүйесі жүзеге асқаннан бері халықтың бос ақшаларын тартуда экономикамызда оңтайлы шаралар жүргізілуде. Халық салымдарын сақтандыру жүйесі Қазақстан Республикасында банк саласындағы ең маңызды жетістіктердің бірі, өйткені басқа ТМД елдерінде мұндай жүйе жоқ.

Содержание работы

Кіріспе
І. Депозиттік операциялардың мәні мен түрлері
1.1. Депозиттік операциялардың мәні
1.2. Депозиттік операциялардың түрлері
1.3. Депозиттік сертификаттар
ІІ. Депозиттерді сақтандыру жүйесі
2.1. Депозиттерді сақтандыру жүйесі мен қорлары
2.2. Шет елдердегі депозиттерді сақтандыру жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

Депозиттік операциялардың мәні РЕФЕРАТ.docx

— 34.27 Кб (Скачать файл)

— 30 күннен 89 күнге дейiн; 

— 90 күннен 179 күнге дейiн;

— 180 күннен 359 күнге дейiн;

— 360 күннен жоғары.

    Мерзiмдi салымнан  қаржы алу үшін банкке күнi  бұрын хабарланған салымшының  арнайы өтiнiшiнiң түсуi талап етiледi, оның мерзiмi келiсiмде көрсетiледi. Бұл мерзмге сәйкес пайздық  мөлшер белгiленедi. Егер клиент  банктi қаржы алу туралы хабардар  етсе, банк болатын өзгерістердi  ескере отырып, өзінің активті  операцияларын басқа көз есебiнен  қайта қаржыландырады, қаржыларды  алу кейбiр шығындармен байланысты, сол себептi банк клиент кiрiсiн  азайтуға құқылы.    Депозиттердің төртiншi тобы — бағалы кағаздар, депозиттер түрі ретiнде былайша бөлінедi:

— аталған банкке тиесiлi кәсіпорындар мен ұйымдардын, кооперативтің, акционерлiк қоғамдар мен компаниялардың акциялары және облигациялары;

— сақтаудағы және қарызды  қамтуға қабылданған акциялар мен  облигациялар;

— шетел операциялары бойынша  құндылықтар мен құжаттар;

— Депозиттік сертертификаттар.

 

 

1.3. Депозиттік сертификаттар

Депозиттік сертертификаттар қаржылық құралдардың ең бір кең  тараған түрі.

Депозиттік сертификат —  эмитент банктің ақша қаржыларының салымы туралы,салымшы немесе оның құқық кабылдаушының мерзiмi аякталғанда  салым бойынша салым сомасын  және ол бойынша пайыз алу құқын  куәландыратын жазбаша куәлiк.

       Депозиттік  сертификат — кiрiстi бағалы қағаздың  бiр түрі, сол себептi ол сатылған  тауар немесе көрсетiлген қызмет  үшін есеп айырысу немесе төлем  құжаты болып саналмайды. Сондай-ақ  оларды бiр заңды тұлғадан екiншiсiне  жолдауда шектеулер болады. Талап  ету құқын ұсыну — цессия, ол  Депозиттік сертификаттың сырткы  бетінде екi жақта мәмілемен ресiмделедi: өз құқын ұсынушы тұлға —  цедент пен құқық алушы цессионарий.  Сертификатты қайтару мерзiмi  жеткенде, банк сертификатты және  қаржы түсетiн шот көрсетiлген  салымшы өтінішіне қарсы төлем  жасайды. Банк талап ету құқын  ұсыну туралы келiсiмнің үздіксіз  орындалуын, сондай-ақ өкiлеттi тұлғалар  аты-жөнiн, мөрінің және қолдарының  сәйкестiгiн тексередi.

Депозиттік сертертификаттардың  екi түрі болады:

— жолданбайтын — салымшыда  сақталады және төлем мерзiмi жеткенде банкке    ұсынылады;

— жолданатын — екiншi нарықта  сатылуы немесе басқа тұлғаға  өтуi мүмкін.

     Жолданатын  депозиттік  серсертификаттар капиталды  кез келген мерзiмге тиiмді  инвестициялауға  көмектеседi ал  қажет болған жағдайда сертификаттардыды  тез қолма-қол ақшаға ауыстыруға  болады.

Сертификаттар келесі белгiлерi бойынша бөлінедi:

• Шығарылуыбойынша: 

— бiр рет;

— сериямен шығарылатын.

• Ресiмдеу тәсілі   бойынша:

— арнайы; 

— ұсынушыға.

• Төлеу шарттары бойынша:

—анықталған есеп айыру  кезеңі аяқталғанға дейiн пайыздың мөлшерi үнемі 

 • Төленіп тұратын  сертификаттар;

— сертификатты өтеу кунi пайызы төленетiн сертификаттар.

     Депозиттік  сертификаттарды жаңа шығарымдармен,  салымның басқа түрлерiне немесе  талап етiлмелi депозиттерiне қолма-қолемес  аударымдармен және нақты ақшалармен (жеке тұлғалар үшін) өтеле алады.

    Банкте шығарылатын  сертификаттарды баспалық тәсілмен  шығарылуы және осы сияқты  бағалы қағаздарға қойылатын  талаптарға жауап беруі тиіс.

    Сертификаттарда  мiндеттi түрде келесi деректемелер  болуы тиiс:

— аты;

— сертификатты ұсыну себебi;

— ұсыну күні;

— салым сомасы;

— депозитке енгiзiлген соманы қайтаруға банктің сөзсiз мiндеттемесi;

— сертификат сомасын талап  ету күнi;

— пайыз мөлшерi және есептелетiн  пайыз сомасы;

—эмитент банктiң аты  және мекен-жайы;

— банк мөрiмен бекiтiлген осындай мiндеттемелерге қол қоюға  өкiлеттi екi        тұлғаның қолы.

    Банк сертификаттар  шығарады және меншiктi сертификаттарды  шығару мен орналастыру шарттарын  еркін дайындайды. Өз сертификаттардын тиiмдi орналастыру үшін банктер келесi мiндеттемелерді назарға алады:

— инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме   деңгейі;

—салымшыға ыңғайлы сертификаттың  ең аз шегін; 

— пайыздық мөлшер қайта  қараудың икемді механизмі;

— шығарымды стандартты шарттарын ;

— номинал құны және қосылған пайыздарды төлеудің сенімді кепілдігі;

— кең жарнаманы.

    Жай депозиттiк  сертификаттармен рәсімделген мерзімдік  салымдармен салыстырғанда, сертификаттар  бірнеше артықшылықтарға ие:

—сертификаттарды тарату айналымындағы мүмкіндік қаржылық делдалдардың үлкен санына сәйкес әлеуетті инвесторлар ауқымы кеңейеді;

— екiшi нарық аркылы сертификат иесі үшінші тұлғаға,сақтаған  мерзімі 

 үшін кiрiс ала отырып, банк ресурстарының көлемiн өзгертпей-ақ  жедел сатуы мүмкін.

     Сертификаттар  бойынша табыстарға, азаматтардың  талап етілмелi шоттары мен  мерзiмдiк салымдардағы кірістерге  сияқты табыс салығы салынбайды.

     Мерзiмдiк салымдармен  салыстырғанда сертификаттардың  жетiспеушiлiгi оның эмиссиясымен  байланысты банктің жоғары шығындарының  болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Депозиттерді сақтандыру жүйесі

2.1. Депозиттерді сақтандыру жүйесі мен қорлары

Депозиттерді қорғау жүйесіне Ұлттық банк тарапынан коммерциялық банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен  қамтамасыз етіледі. Ол мемлекеттік  жеке сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін. Жалпы әлемдік тәжірибедегі  сақтандыру институттарына 601 жыл. Салымдарыды  кепілдеу қоры әлемнің 70 елінде, соның  ішінде АҚШ,Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінде табысты  жұмыс істейді.

    Салымдарды сақтандыру  негізінде банктердің депозиттерді  жалпылама қайтарып алуға байланысты  қорғау қағидасы жатыр. Яғни, егер  депозиттер сақтандырылса, онда  салымшыларда өздерінің ақша  қаржыларын қайтарып алуларына  себеп болмайды. Тіптен банк күйзеліске  ұшыраған жағдайда да, үкімет  клиенттерге олардың ақшаларын  қайтарады немесе клиенттермен  олардың салымдарын басқа төлем  қабілеттілігі жоғары банкке  аудару туралы келіседі. Осындай  жолмен депозиттерді жалпылама  қайтарудан құтылуға болады, бір  немесе бірнеше банктерде проблемалық  жағдай болғанның өзінде, банктік  жүйеге түгелдей қауіпті шудан  құтылуға болады.

     Бұл кезде  банктердiң мiндетiне сақтандыру  қорларында белгiленген көлемдегi депозиттердi сақтау бойынша төлемдердi  жасау кiредi. Шығындарды жабу  үшін сақтандыру жарналары жетiспеген  жағдайда мемлекеттiк бюджет қаржылары  қолданылады. Салымшыларға банктерде  орналастырылған депозиттерiн қайтару  кепiлдiгiн беру банктiк жүйе  тұрақтылығын қамтамасыз етудің  басты әдістерінің бiрi болып  табылады. Банк жүйесіне деген  сенiмдi арттыру мақсатында Қазақстанда  депозиттердi мiндеттi сақтандыру  жүйесін енгiзу жұмысы жүргiзiлдi. 1999 жылы қарашада екiншi деңгейлi  банктердегi жеке тұлғалардың салымдарына  мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру  немесе сақтандыру ережесi, ал 1999 жылы ЖАҚ “Қазақстан Республикасының  екiншi деңгейлi” банктерiндегi жеке  тұлғалардың салымдарына мiндеттi  ұжымдық кепiлдiк берудің қазақстандық  қоры құрылды. Жарғылық капиталы 1 миллиард теңге құрайтын бұл  қор коммерциялық емес ұйым  болып табылады. Қор құрылтайшысы -Қазақстан Республикасының Ұлттық  банкі,ал оның мақсаты — депозиттерді сақтандыру жүйесіне қатысатын екiнші деңгейлі банктерге салнған жеке тұлғалардың мерзімдiк салымдарының қайтаруын қамтамасыз ету. Тор жұмысының ең басында қатысушылар болып Қазақстанның ең iрi және тұрақты банктерi тұрды. Бұл халықаралық стандартқа өткен 16 банк, қаржылық жағдайы қауiп тудырмайтын, активтерi күн сайын ұлттық банктің банктiк қадағалауымен бақыланатын жүйелi банктер.  

 

2.2. Шет елдердегі депозиттерді  сақтандыру жүйесі

Шетелдiк тәжiрибе елде қалыпты  жұмыс iстейтiн банктiк жүйе қалыптасқанда  ғана депозиттердi сақтандыру жүйесінің  кызмет ету мәнi бар екенiн көрсетедi.

      Барлық  дамыған елде депозиттердi сақтандырудың  бiр немесе басқа да нысандары  қолданылады. Швейцария банктiк  ассоцияциясы ассоцияциясының қатысушы-банктердің  клиенттерiне жинақ салымдарын  және 30 мың швейцария франкiне  дейiнгі мөлшерде клиенттердің  есеп шығару шоттарын төлеуге  кепiлдiк бередi. Егер банкке қарсы  күйзелiс процедурасы басталса, аталған  сома салымшыға бiрден төленедi.

      Францияда  бiр салымшыға кепiлдiк 400 мың  француз франкiн құрайды. Бұл  кезде шетел валютасындағы мерзiмдiк  аманаттар кепiлдiкке жатқызылмайды.  Сонымен қатар бiр банкке қатысты  депозиттi 200 млн франктен аспайтын  жалпы кепiлдiк шегі бар. Франция  банктерiнiң ассоцияциясы сақтандыру  төлемi түрінден қалыпты жарналарды  ұстамайды. Нақты төлем сомасы  ассоцияция мүшелерiмен Франция  банктiк жүйесінден олардың менiшiктi депозиттерiнің мөлшеріне үйлесiмдi жүргізiледi.

      Германияда  немiс банктерiнің федералдық  ассоцияциясы жетеiкшiлiгіндегі депозиттi қорғау қорына кiру ерiктi сипатта.  Аталған қорға қабылданудың мiндеттi  шарты немiс коммерқциялық банктерiнің  аудиторлық ассоцияциясына мүше  болуы. Ол банктердi жиi аудиторлық  тексеруден өтуге және капиталға,  кадрларды басқару бiлiктiлiгіне  және пайдаға қатысты талаптарды  сақтауға мiндеттейдi. Жыл iшiнде  қорға аударулар, банкаралық салымдарды  қоспағанда банктің сомалық мiндеттемелерiнің  0,03 пайыз құрайды.

     Жапония, Испания,  Канада, Ұлыбритания және АҚШ-та  депозиттерді сақтандыру бағдарламалары  мемлекет бақылауында. Сонымен  қатар Испания, Голландия және  Ұлыбританияда қалыпты жарна  төлеу қарастырылмаған, ақша шығындарды  жабу қажеттiлiгіне және қор  көлемiнің жоспарлы деңгейiне  жеткенге дейiн енгізу қарастырылған.  Канада, Жапония және АҚШ-та банктер  қалыпты жылдық жарнаны төлейдi.

      Канада  банктерiнің депозиттердi сақтандыру  бойынша Канада қорпорациясына  төлейтiн сақтандыру жарнасы банкте  орналастырылған депозиттердің  0,1 пайызын құрайды. Бұл кезде  салымшыға 60 мың Канада долларына  дейiнгі көлемде сақтандыру есебiнен  клиенттердің барлық салымдары  өтеледi.

      Жапонияда  банктің депозиттер бойынша сақтандыру  сомасы бiр салымшыға 10 миллион  жапон йенiне дейiнгі көлемде  өтеледi. Сақтандыру қорының бастапқы  жарнасы Қаржы министрлiгінен,  Жапон банкiнен және жеке меншiк  банктерден енгізiлген. Банктердiң  қорға жарнасы басында өте  төмен болған депозит сомасының  — 0,012 пайыз мөлшерінде, алайда  соңғы   кездері жапон банктiк  секторы проблемаларының қорытындысында  олар ұдайы көтерiлген.

      Депозиттердi  сақтандырудың федералдық бағдарламасы  бойынша АҚШ-та банк шығындары  жоғары.  Басында жылдық жарна  салымдардың жалпы сомасынан  0,083 пайыз құраған, 1990 жылы ол 0,12 пайызға  дейiн ал 1991 жылы — 0,15 пайызға  дейiн өстi. Заң бойынша жарналардың  жоғары шегі банктiк салымдардың  жалпы сомасынан 0,325 пайыз құрауы  тиiс.

Дамыған елдерде банктiк  құпия —құқықтың жеке объектiсi, жасырын ақпараттың жеке түрі. Бiздің республикамызда банктiк құпияны  сақтау үшін заң негіздерi бойынша  шаралар қарастырылған.

       Соңғы  кездері ел экономикасына тұрғындардың бос ақша қаржыларын тартудың депозиттері сақтандырудан басқа тәсілдерiнің бiрi ретiнде капиталдар амнистициясы ұсынылады.

 

 

Қорытынды

Дәстүрлі түрде  қаражаттардың  негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің кленттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығын түсіндіріледі. Банктердің ақшалай  қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында  
орналастару жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады.     

Депозиттік сертификаттар  дегеніміз – ірі атаулы құнға (номиналға) ие болатын мерзімдік  сертификаттар. Депозиттік сертификаттар (жалпылай алғанда) құнды қағаз болғанымен оларды бір адамнан екінші адамға беруге болады. Депозиттік сертификаттар  клиентке банк мекемесінің берген борыштық сенімхатының рөлін атқарады.

Сонымен депозиттік сертификат дегеніміз – салымшының немесе оның мұрагарінің белгіленген мерзімінің соңында депозит сомасы бойынша  пайыз түрінде табыс алу құқыған  куәландыратын ақшалай салым  туралы эмитент банкінің берген жазбаша  куәлігі болып табылады.

      Депозиттер  нарығын одан әрi жетiлдiру мен  кеңейтудің маңызды факторларының  бiрi — банктің басқа қаржылық  ұстамдармен салыстырғанда беделдi және басқа салым түрлерiмен  салыстырғанда пайыздық мөлшерлердiң  бәсеке қабiлеттiлiгі, сондай-ақ депозиттердің бiр түрінің аумағында банктің қызмет спектрын ұлғайту — арнайы депозиттерде, өйткенi осы депозит салымшылар мүддесiн қорғауда жоғары икемдiлiкке ие.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

      1. «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметі туралы» Банки Казахстана-2006 
      2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы.  30.03.1995
      3. Кушербаев Б.П. «Банктер және несие алушылар қарым – қатынастарын реттеу», Қарағанды, 2002 ж.

Информация о работе Депозиттік операциялар