Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 17:54, курсовая работа
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды.
Кіріспе
I-тарау Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері
1.1. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері
1.2. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрлымы
1.3. Ақша айналысы заңы және мәні
II-тарау Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы
2.2. Ақшаның түрлері
III-тарау Теңге бағамын тұрақтандыру жолы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноталар, монеталар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;
М2 – оған М1 агрегаты және мерзімді 4 жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді жіне жинақ салымдары кіреді;
М3 – оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;
М4 – оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.
Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың барлық элементтерін өзіне біріктіріп үлкен ақша массасын құрайды. Бірақ оның алдыңғыға қарағанда өтімділігі төмен.
Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекеттің өзіне тән ақша-несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша массасын анықтау үшін – төрт, Швейцария мен Германияда – үш, Ұлыбританияда – бес, Францияда – екі ақша агрегаты қолданылды.
Қазақстан Республикасының ақша массасының құрлымына келесі ақша агрегаты кіреді.
М0 – айналыстағы қолма-қол ақша;
М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп-шоттары мен басқа депозиттерінің заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығы және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;
М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды
тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;
М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекеттік займы облигацияларын біріктіреді.
Ақша агрегатының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді.
Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
банкноталар мен монеталарды эмиссиялау есебінен;
орталық банктен коммероциялық банктердің несие алуымен;
мемлекеттік бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық банктің үкіметкенесие беруімен;
орталық банктің асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алумен;
чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде заем беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару).
Ақша массасы көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша массасының өзгермелігімен қатар оның айналым жылдамдығы да әсер етеді. Ақшаның айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға: экономиканың циклмен өркендеуіне, экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы процент деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді.
Ақша массасы айналымның баяулаулы – ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коеффицентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, ло жоғары конъюнктураның барлығын және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы айналыстағы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша неғұрлым көп айналыс жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды. Ақша айналысының баялауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға ұмтылсын және ақша массасының құрлымында банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын көрстеді. [1, 51-55 бет], [7, 2 бет]
ІІ-тарау Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.
2.1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы
Бір адамның ауыстыратын ақшаның ең жоғары мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбастауға рұқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссмяға бару керек болды.
1991 ж 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою енгізілді. Салымдарды текқана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл- құжаттарына белгі ойылды.
“Павловск” реформасы нәтижесінде айналыстан 8 млрд рубль алынып тасталып, оның иелік ету заңдылығы дәлелденбеген болатын.
Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді. Бағаның жіберілуі ақшалардың ұстамсыз өсуінде байқалды.
Қайта құру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық-түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсірді: 1989 ж.- 300 т., 1990 ж.- 234 т.
1990 ж. нақты ақшаның эмиссиясы 25 млрд рубльді құрады, бұл 1981-1985 жж. Қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыраур ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес келмеді.
1991 ж. қаңтарда “1961 жылғы 50 және 100 рубльдік үлгідегі ақша бірліктерін КСРО Мембанкіде төлем ретінде қабылдауды және олардың айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша беруді шектеу туралы” Президенттің Жарлығы мен КСРО Министірлер Кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаның жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн берілді.
КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы – рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста жүре берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін емстігіне байланысты бір тұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.
КСРО ыдыраған соң ақшаны дизентеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын енгізілумен аяқталды.
КСРО республикаларының егемендігі жарияланғаннан кейін барлық 15 ұлттық банктер бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банктер ролін атқара бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жатты. Мысалы, Украина Ұлттық банкі 1992 ж. маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдердің көпткгкн орталық банктері қайталады. Рсей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КСРО-ның бұрынғы республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын басқа республпкалардың сатып алушылардың “қорғау” мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды.
1992 ж. шілде айында Орталық банктердің корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаттар көлемінде және Ресей мен бұрынғы кеңес мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақты өзара есеп айырысу талабын ескере отырып, енгізілгенде ғана бұл іс жүзінде ұлттық қолма-қолсыз рубльдердің құрылуына әкеліп соқтырды. Келесі қадам – меншікті валюталардың шығарылуы екені, осы бастан белгілі болды, сөйтіп 1992 жылы қазанда Литва, 1992 жылы қарашада Украина мен Беларусь мемлекеттері өз ұлттық валюталарын енгізе бастады. 1993 жылы мамырда Қырғыстан, тамызда Грузия ұлттық валюталарын енгізді. Бұл жерде соңғы
болып енгізгендер қатарына (1995 ж. Тәжікстанды қоспағанда) Түрікменстан, Өзбекстан, Армения, Молдава және Қазақстан (1993 ж. қараша) болды. Бұл елдер тобы рубль аймағын Ресей орталық банкінің 1993 ж. рубльдік банкноталарды жаңаларына айырбастауды жүргізген соң барып кетті. Кейбір елдердің, оның қатарына Қазақстанның рубль аумағын қалпына келтіруге деген ұмтылысынан еш нәтиже шықпады.
1992 ж. 9 қазанда ТМД-ның сегіз мемлекеттерімен қол қойылған “Рубльді ресми төлем құралы ретінде пайдаланатын мемлекеттердің біртұтас ақша жүйесі мен келісілген ақша – несие және валюта саясаты туралы ”, соңынан 1993 ж. қыркүйекте алты мемлекеттің бірігуімен рубль аумағының жаңа типін құру туралы да келісімдері жасалды. Бұл сұрақ бойынша Ресейдің екі жақты келісім сөздер жүргізуі тек қана сәтсіз аяқталып қоймай, бұрынғы кеңес мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты шараларын жүргізуді созып жіберді.
1991 ж. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның басқа мемлекеттерімен бірге “рубль аумағында” қала берді. 1992 ж. айналысқа 200, 500, 1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банкі атап көрсетіледі. 1992 ж. маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейінен 10 000 және 50 000 купюралары шығарылды.
Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста ақшаның үш түрі: 1861-1991 жж. кеңес ақшалары, 1992 ж. кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 руб.) Ресей Орталық банктің шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.
1993 ж. 23 шілдесінде Ресейдің Орталық банкі 1961-1991 жж. кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 ж. 5000 және 10 000 рубльдері айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына әр апта берілді. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын сомалар жатты.
Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткен соң айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйекте айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бар адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.
Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.
1992 ж. бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның “Хариоссон” фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 ж. 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.
1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан Республикасының Ұлттық валютаны енгізу туралы” Жарғыға қол қойды. Осы жарлыққа сәйкес:
1993 ж. 15 қарашада сағат 8–де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта – теңге – енгізілді;
1993 ж. 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден-бір заңды төлем құралы болып тағайындалады. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.
Қолма-қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18 аралығында екі валюта – сом және теңге – айналымда қатар жүрді.
Қазақстан Республикасының жасы 16-дан асқан барлық азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіліп, ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі апнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалануға құқығы болмады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің валюталықкурсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңге тең болады.
Сөйтіп, 1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашқы ұлттық валюта-теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап Қазақстанда өндірілген алтын мен күміс енді Москваға жіберілмей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резерв қорына айналдырады. Сондай-ақ резерв қорына экспорттық валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорғат түсіретін. Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенді валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.
Халықаралық валюта қоры Қазақстанда ұлттық валюта енгізу акциясын қолдап, Ұлттық банкке 90 млн. Доллар көлемінде стендбай несиесін және Жаония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министірлігіне 180 млн. Доллар берді. Бұл 17 жылға берілген “жұмсақ” несиелер еді. Қорыта айтқанда, 1993 жылы ақша реформасы ойдағыдай өтті. Енді ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтвлығын қамтамасыз ету қажет.
Айналымға теңгені еннгізу инфляцияның қарқындауы және бұрынғы одақтас республиалардың өзара байланысының үзілуі мен саяи ала ауыздығы тереңдей түскен қаржы экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен кейінгі 2,5 айда, яғни 1994 ж. 1ақпанына теңгенің курсы долларға қарағанда 2,5 есе төмендеді. Келесі төрт айда, яғникәсіпорындармен бюджеттің арасындағы қарыздарөзара есептеудің кең ауқымды компаниясы басталғанда теңгенің курсы – 1 долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті.
1995 ж. орта кезінде Ұлттық банк пен Қаржы министірлігі қаржы нарығына алғашқыда қазыналық вексельдерді, одан соң міндеттемелер мен
ноталарды және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін теңгенің құлдырауын тежеуге мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізілгеннен 1993 ж. 2500 процент болса, ал 1994 ж. бас кезінде 1260 процентке дейін төмендеді, 1995 ж. Қазақстандағы инфляция 58 процент болды.
1997 ж. мемлекеттің алтын валюта қоры кәсіпорынды жекеменшіктендіру және шетел инвесторларына басқаруға беру сияқты инфляцияланбайтын көздерден түскен 700 млн. доллармен толықты. Бұл жылы теңге курсының ауытқуы тиынмен, ал инфляцияның дейінгі проценттің бөліктерімен есептелетін жағдайда жетті.
1998 ж. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дағдарыстың күшеюң, әлемдік бағалардың төмендеуі отандық өдірушілердің бәсекелестік мүмкіншілігінің әлсіреуіне тіреп, Қазақстанға валюталық түсімдері біраз қысқартты. Сонымен қатар өндірістің одан әрі құлдырауы (1997-1998 жж. аралығында өсу тенденциясы байқалған), қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 25%-ке жоғарлату, төлемеудің өрістеуі (кәсіпорындардың өзара қарызы 1,5 триллион теңгеден асқан!) және бюджет пен әлеуметтік проблемалары теңгенің бағамын одан әрі төмендетті. 1994 ж. таңдап алған монетарлық үлгінің өзгермейтіндігі және теңгемен инфляцияны қатаң қадағалау экономиканы кеселге ұшыратынын көптеген қаржы сарапшылары мен таңдаушылары 1998 жылдың күзінен бастап түсініп, оны өзгерту туралы ортақ ойға келген.
1999 ж. сәуірінен Қазақстан үкіметі теңгенің еркін өзгермелі курсын енгізу туралы шешім қабылдады. Ол жөнінде Премъер-министр былай деген: “Бұдан былай доллар бағамы валюта рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатыны байланысты анықталды, ал, Ұлттық банк ол процеске елеулі түрде араласпайтын болады. Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын валюталық резервін айырбас бағамын белгілі бір деңгейде ұстап отыру үшін жұмсап келді.