Ақша қаражаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 23:28, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңдағы шаруашылық шарттарында көптеген кәсіпорындарда өз дамуының стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Кәсіпорынның өзін өзі қаржыландыруы басты мәселе болып табылады.
Кәсіпорын қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұнда тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттандырылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Ақша қаражаттарының мәні және түрлері
1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және
есептеу әдістері
1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жоспарлау
2.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының шаруашылық қарекетіне талдау жүргізу

2.2 «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.3 Ақша қаражаттары ағымын басқаруды талдау
2
3 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы

3.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдістері

Содержимое работы - 1 файл

АкшаКаражаттары.doc

— 949.50 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

1 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1   Ақша қаражаттарының мәні және түрлері                 

1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және

есептеу әдістері

1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жоспарлау

2.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының шаруашылық қарекетіне талдау жүргізу

 

2.2   «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржылық жағдайын талдау

2.3 Ақша қаражаттары ағымын басқаруды талдау

2         

3        КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

3.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы

 

3.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдістері

 

 

 

КІРІСПЕ

      Қазіргі таңдағы шаруашылық шарттарында көптеген кәсіпорындарда өз дамуының стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Кәсіпорынның өзін өзі қаржыландыруы басты мәселе болып табылады.

      Кәсіпорын қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұнда тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттандырылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жыл 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауындағы «Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері» деп аталатын бесінші бөлімнің «Өндіруші сектордың тиімділігін арттыру» атты үшінші міндетінде мұнай-газ саласы кәсіпорындарының тиімділігін арттырудағы маңызды мәселелер мен алға қойылған міндеттерді атап өтті. «Қазақстанның өңірлік, содан кейінгі жерде әлемдік энергетикалық кеңістіктегі тұғырларын одан әрі нығайтудың толымды стратегиясын әзірлейтін уақыт жетті. Өзіміздің энергетикамыз бен мұнай химиясын дамытудың басты мәселесі – энергия өнімдерінің қосылған құнын ұлғайту арқылы бұл секторлардың кірістілігін көтеру. Әсіресе, мұнай химиясы, газ ресурстары, экспорттық энергия дәліздері сияқты басым секторларды басқару тиімді болуға тиіс. Әлбетте, бұл – рынокқа қатысушылардың барлығына қойылатын, бірақ, ең алдымен, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен “Самұрық” мемхолдингіне қойылатын талаптар.

Біздің энергетика мен мұнай-химия салаларын дамытудың басты мәселесі – энергия өнімдеріне қосылған құнды ұлғайту арқылы осы секторлардың табыстылығын арттыру. Әсіресе, мұнай-химия, газ ресурстары, экспорттық энергия маршруттары сияқты басым секторларды басқару пәрменді болуы тиіс. Біріншіден, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мұнай мен газ өңдеу кәсіпорындарын жаңарту мен қайта жарақтау, жаңа мұнай-химия өндірістерін құру жөніндегі бағдарламалар әзірлеп, оларды іске асыруы қажет. Біз мұнай мен газ секторында қосылған құны жоғары және ілеспе әрі аралас өндірістерді дамытуға тиіспіз», - деп елбасы жолодауында нақтылап көрсетдендей, мұнай химия саласын дамыту ең алдымен осы секторларда қызмет атқаратын компаниялардың даму саясатымен тығыз байланысты. Кәсіпорынның ел экономикасы мүддесіне тиімді қызмет атқару үшін алдымен  бәсекелестік шарттарында және тұрақсыз қоршаған орта жағдайына кәсіпорынның тез бейімделіп, қалыпты қызметінен ауытқымауы маңызды /1/.

Ақша қаражаттары нарықтық экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады. Кәсіпорыннның қызметінің табысқа жетуі ең алдымен оның басшыларымен ақша қаражаттарын тарту және оларды тиімді мақсаттарда бөлуне байланысты. Кәсіпорынның тұрақты қызмет етуі үшін негізгі шаруашылықтың бірі ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілу деңгейі болып табылады.

     Кәсіпорынның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар – бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет /2, 49-50б./

      Ақша қаражатының негізін, бөліну механизімін, оны жоспарлай және болжай білу, кәсіпорын қызметінің күтілетін нәтижеге жету, яғни пайда табудағы басты құралы болып табылады. Зерттеу тақырыбы осындай шарттарға негізделген.

      Ақша қаражаттары – бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы /3, 79б./ .

Дипломдық жұмыс мақсаты – қарастырылған кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау негізінде ақша қаражаттарының бөліну механизмін жүргізілу тәртібін зерттеп, оларды жақсарту ұсыныстарын жасақтау.

      Зерттеу объектісі – «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ ақша қаражаттарының қозғалу процесі. Зерттеу пәні – кәсіпорынның ақша қаражаттарының бөліну механизмі.

      Дипломдық жұмыста қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

-         кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының мәні мен маңызын анықтау;

-         ақша қаражаттарын бөлу механизмінің және есептеу әдістерін қарастыру арқылы қазақстандық нарықта қызмет атқаратын кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізу;

-         зерттелген кәсіпорын бойынша ақша қаражаттарының тәжірибе жүзіндегі бөліну механизмін анықтау және негізгі, қаржылық, инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымының оптималды құрылымын анықтап, жақсарту жолдарын ұсыну.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Бірінші бөлімде, ақша қаражаттары түсінігіне қатысты теориялық сұрақтар, кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының маңызы мен атқаратын қызметі, олардың бөліну механизмі, есептеу әдістері, ақша ағымын басқару және болжауға қатысты мәселелер қарастырылды.

Екінші бөлімде, нақты кәсіпорынның қаржы - шаруашылық жағдайын, ақша қаражаттарының қозғалысын талдау, ақша қаражаттарының айналымын бағалау, олардың қозғалысының негізгі көрсеткіштері талданды.

Үшінші бөлімде, ақша қаражаттарын тиімді пайдалану және оларды бөлу механизмін жақсарту жолдары мен оңтайландыру әдістері қарастырылған.

Дипломдық жұмыста ақша қаражаттарының қозғалысы, оларды басқару аясындағы отандық және шетел әдебиеттері мен әдістемелері, сондай-ақ кезең бойынша кәсіпорынның бухгалтерлік құжаттары пайдаланылды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

Бұл бөлімде ақша қаражаттарының мәні және түрлері, оларды бөлу механизмі мен есептеу әдістері қарастырылған. Сонымен қатар кәсіпорынның ақша қаражаттарын жоспарлау мен болжау, оларды басқарудың негізгі теориялық мәселелері қарастырылған.

 

 

1.2   Ақша қаражаттарының мәні және түрлері

 

       Кәсіпорынды барлық уақытта әр түрлі көздерден келіп түсетін капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша  - қаражаттары, сондай-ақ  фирма қарекеттері  негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық запастарды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер.

Кәсіпорынның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар – бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет/4,270б./.

Ақша қаражаттары – бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы /5-238б./ .

Өндірістік – коммерциялық цикл – ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты басталады және оған байланысты аяқталады.

Пайда алуға бағытталған кәсіпорын қызметі өнімді өткізу процесінде дебиторлық қарызға айналатын ақша қаражаттарының түрлі активтерге ауысуын  талап етеді. Бұл қызмет өз нәтижесіне жетті деп есептелінеді, егер инкассациялау  процесі ақша қаражаттарының ағымын әкелсе. Осының нәтижесінде пайда табуды қамтамасыз ететін жаңа цикл басталады.

Қаржылық есеп беру аясының талдаушылары атап көрсеткендей, ақша қаражаттары ссудаларды, дивидендтерді, өндірістік қуатты кеңейту сияқты қызметтерде қолданылуы керек. Бұл айтылғандар «ақша қаражаттары ағымы» деген түсініктің мағынасының тереңде екенін көрсетеді /5,240б./.

Отандық және шетел әдебиеттерінде бұл ұғым (түсінік) түрліше түсіндіріледі. Американдық ғалым Л.А.Бернстайнның айтуы бойынша «ақша қаражаттарының ағымы терминінің тікелей мағынасы жоқ». Кәсіпорындарда келіп түсетін ақша қаражаттары (яғни, ақшалай түсімдер) және шығатын ақша қаражаттары (ақшалай төлемдер) болады. Сондай-ақ бұл ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы түрлі қызмет салаларына байланысты болуы мүмкін - өндірістік, қаржылық немесе инвестициялық. Аталған қызметтердің әрқайсысына тиесілі ақша қаражаттарының кірісі мен шығысын анықтауға болады. Бұл айырмашылықтарды ақша қаражаттарының таза түсімі немесе таза шығысы деп қарастырған жөн. Осыған байланысты ақша қаражаттарының таза түсімі  берілген кезең бойынша ақша қаражаттары қалдықтарының өсуіне негізделеді, ал таза шығыс есепті кезең бойындағы ақша қаражаттары қалдықтарының кемуімен байланысты болады. Көптеген авторлар, ақша ағымын түсіндіргенде, шаруашылық қызмет негізінде қалыптасатын ақша қаражаттарын айтады /5,245б./ .

  Өзге американдық ғалым Дж. К. Ван Хорнның айтуы бойынша «фирманың ақша қаражаттарының қозғалысы үздіксіз процесс болып табылады». Фирма активі – ақша қаражаттарының таза қолданысы,  ал пассив – таза көздері. Ақша қаражаттарының көлемі уақыт бойынша сату көлемінен, дебиторлық қарыздар инкассациясына, капиталды шығындарға және қаржыландыруға байланысты өзгереді.

   Германиядағы ғалымдардың түсіндірмесінде бұл термин «Cash-Flow» (қолма-қол қаражаттар ағымы) деп қолданылады. Олардың айтуы бойынша, «Cash-Flow» жылдық шығынның, амортизациялық аударымның және зейнетақы қорына салымдардың сомасына тең. «Cash-Flow» арқылы кәсіпорын өзінің бүгінгі және болашақтағы капиталға сұраныстан анықтай алады /5,246б./.

      Ресейде «ақша ағымдары» түсінігі маңызды мәнге ие. Мұны, 1995 жылы бухгалтерлік есеп беру құрамына енген қосымша 4 «ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»  атты есеп беру түрінің енуі түсіндіреді. Бұл қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға кәсіпорынның ақша қаражаттарын қолдану және тартудағы мүмкіндіктерін бағалауға көмектеседі.

Көптеген ғалымдар ақша қаражаттары ағымы астарында белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорынға келіп түсетін және төленген ақша қаражаттары арасындағы айырмашылықты түсінеді: олар оны пайдамен салыстырады. Пайда – кәсіпорынның тиімді қызметін көрсететін және оның жұмысының үздіксіздігінің көзі болып табылады.

    Ақша қаражаттарының пайдадан айырмашылығы : түсім – берілген кезеңдегі өнімді өткізуден немесе қызмет көрсетуден түскен есепті кіріс. Бұл ақшалай және ақшалай емес түрде болады. /6,147б./

Кәсіпорын және корпорация қызметіндегі ақша қаражаттарының және оның ағымдарының экономикалық маңызын, ролін зерттеу қазіргі таңдағы қаржылық менеджменттегі жаңа бағыттардың бірі болып табылады. Шетел корпорацияларында ақша қаражаттарының ағымын басқару – қаржылық менеджердің жұмысындағы басты бағыт.

Кәсіпорындағы жүйелік есеп, талдау және ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау, олардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық тұрақтылығы мен төлемқабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Ақша қаражаттары ағымын басқарудың негізгі бағыты – кіріс көлемінің баланстылығы және ақша қаражаты төлемі негізінде корпорация немесе кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету /7,238б./.

Кәсіпорынның қызметін бағалау үшін келесі үш көрсеткіш маңызды:

-         тауарды (өнім, қызмет көрсету) сатудан түскен түсім;

-         пайда;

-         ақша қаражаттарының ағымы.

Осы көрсеткіштердің шекті көлемі және жыл ішіндегі өзгеру динамикасы белгілі уақыт аралығындағы (жыл, тоқсан, ай) оның жұмысының нәтижелілігін көрсетеді. Алайда, төлемсіздік шарттарында, кәсіпорынның түрлі қызметтерінен түсетін ақша қаражаттарының ағымы маңызды орынға ие. Төлемдер бойынша ақша қаражатының түсімі артық болған жағдайда кәсіпорын ағымдағы және болашақ даму үшін бәсекелестік артықшылықтарға ие болады. Яғни бұл артықшылықтар, кәсіпорынның бос ақша қаражаттарын қосымша пайда табу мақсатында, өзге де кірісті бизнес аясына немесе қызмет түріне салудан көрінеді. Сондай-ақ, қажетті сомадағы тұрақты ақша қаражаттарының бар болуы ағымдық төлемқабілеттілікті қалыпты деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін анықтайтын түсініктерге келесілер жатады:

      Тауар (өнім, қызмет) сатудан түскен түсім – бұл, шоттарда «сатылым» және «өзге де кірістер мен шығыстар» есебінде көрінетін, қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақша түрінде болатын қарапайым немесе өзге де қызметтен түсетін кіріс есебі.

      Сатудан түскен пайда - өндірілген өнімге кеткен шығын мен есепті кіріс арасындағы айырмашылық.

      Ақша қаражаттарының кірісі келесілер есебінен жүргізіледі: тауарды сатудан түскен пайдадан, алынған аванстардан, несиелер және займдардан, бағытталған қаржыландыру құралдарынан, қаржылақ салымдар бойынша дивидендтер мен пайыздардан және өзгелерден.

      Ақша ағымдарының шығысы – ағымдық операциялық және  инвестициялық шығындарды жабу барысында, бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға салымдар жүргізуде,  эмиссиялық бағалы қағаздар иегерлеріне пайыздар мен дивидендтер төлеуден, қаржылық салымдардан және өзге де жағдайлар нәтижесінде пайда болады.

      Ақша қаражаттарының таза кірісі – ақша қаражаттары бойынша барлық      түсімдер мен төлемдердің арасындағы айырмашылық. Осыған орай, кірістерге есепті жыл басындағы қалдық ақша қаражаттары кіреді. Ол кәсіпорынның ағымдық төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді /3,277б./

Соңғы есептік кезеңдегі кәсіпорын балансындағы ақша қаражаттар қалдығының өсуі немесе кемуі, өткен есепті кезеңмен салыстырғанда актив пен пассив құнындағы өзгерістерден тәуелді. Баланс активіндегі кез-келген мүлік бабының құнының өсуі – коммерциялық банктер шотындағы ақша қаражаттарының азаю факторы болып табылады. Керісінше, баланс пассивіндегі қаржыландырудың меншікті немесе тартылған көздерінің өсуі ақша қаражаттары қалдығының өсу себебі болып табылады.

Мұндай саясат нәтижесі болып:

-         банктегі шоттарда және кассада қажетті ақша қаражаттарының болуы;

-         кәсіпорынның жыл бойы несиеқабілеттілігін, төлемқабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін баланстың актив пен пассив құрылымын қалыптастыру.

Ақша ағымдары дегеніміз – бұл есепті немесе жоспарланған уақыт барысындағы кәсіпорынның алатын және төлейтін ақша қаражаттарының көлемі /5-179б./ .

Алынған пайда сомасы және келіп түскен ақша ағымының көлемі арасындағы айырмашылық келесідей: пайда, кәсіпорынмен белгілі бір уақытта (жыл, тоқсан) алынған таза кірісті түсіндіреді. Ол анық келіп түскен ақша қаражатымен сәйкес келмейді. Оны ақша қаражаттары келіп түскеннен соң емес, сату процесі аяқталған соң мойындайды. Бұл кәсіпорынның есептік саясатында белгіленген. Пайда есебін жүргізгенде, өндіріске кеткен шығындарды сатылған кезінен бастап емес, оны өткізу кезінде мойындайды. 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында, есептік кезең бойынша кәсіпорынға келіп түскен пайда мен ақша қаражаттарының бір нәрсе еместігін ажырата білген жөн. Пайда авансталған құнның өскендігін көрсетеді, бұл кәсіпорынды басқарудың тиімділігін көрсетеді. Алайда, пайда көлемінің өсіміне баға факторлары, есептік саясат тәрізді өзге де себептер әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ пайданың болуы кәсіпорында бос ақша қаражаттарының бар екендігін білдірмейді.

      Нарық заманының экономикасында ақша қаражаттары өте дефицит болып табылады және көп жағдайларда кәсіпорынның табысқа жетуінде басқарманың ақша қаражаттарын тиімді пайдалану қабілеттілігі ескеріледі.

Ақша ағымдарын басқару өзіне келесі аспектілерді қосады:

-         ақша қаражаттарының қозғалысы есебі;

-         қолма-қол ақша ағымын талдау;

-         ақша қаражаттары қозғалысының бюджетін құрастыру;

-         ақша қаражаттары қозғалысы бюджетінің жүзеге асырылуын қадағалау.

      Бұл, кәсіпорын қызметіндегі, айналым және айналымнан тыс активтерді, меншікті және қарыз капиталын қоса алғандағы басты бағыттарды қамтиды.

       Кәсіпорын үшін ақша ағымын басқару келесі себептерге байланысты маңызды болып табылады:

      баланс өтімділігін реттеу;

      қаржылық салымдардың, дебиторлық қарыздардың, қорлардың, айналым активтерінің құрамы мен құрылымын оңтайландыру;

      уақытша капитал шығындары және оларды қаржыландыру көздерін жоспарлау;

      экономикалық өсуді жоспарлау.

Жоғарыда көрсетілген себептерді тиімді басқару кәсіпорынның ақша қаражаттарын тиімді пайдалануды және кәсіпорынның тұрақтылығын қамтамасыз етеді /8, 189б./.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы

 

Жоғарыда тұрақты қаржылық жағдайдағы, негізгі ақша қаражаттарын ағымдық қызметке бағыттаған кәсіпорынның байланыс схемасы көрсетілген. Ақша қаражаттарының қозғалу бағыты бойынша екі ақша ағымын көрсетуге болады: келіп түскен және шыққан. Келіп түскен ақша ағымы – кәсіпорынға белгілі бір уақыт аралығында келіп түскен ақша қаражаттары ретіне қарастырылады, ал кеткен аша ағымына аналогиялық уақыт периодындағы (тоқсан, жыл) пайдаланылған (төленген) ақша қаражаттары жатады.

Жүзеге асырылу түрлері бойынша ақша ағымын қолма-қол және қолма қолсыз деп бөлеміз. Қолма-қолсыз ақша қаражаттары – бухгалтерлік есеп шоттарында жазылу арқылы жүзеге асырылады. Қолма-қол ақша қаражаттары – қолда бар ақша қаражаттын алу және жұмсау түрінде жүзеге асырылады.

Айналыс аясына байланысты ақша ағымы ішкі және сыртқы болады. Сыртқы ақша ағымы кәсіпорынның конрагенттерінен келіп түскен және оларға төлеуге жұмсалатын ақша қаражаттарын құрайды. Бұл операциялар кәсіпорын шотындағы ақша қаражаттары қалдықтарының ұлғаюына немесе кемуіне әкеледі /3,305б./.

Ішкі ақша ағымы кәсіпорынның ішіндегі айналысты құрайтындықтан, (мысалы, материалдарды өндірістен қоймаға қайта өткізу, қалдықтарды қайта тіркеу, материалды құндылықтар бағасын төмендету және т.б.) ішкі ақша ағымы қалдық ақша қаражаттарына әсерін тигізбейді /Қосымша Б/.

Ақша қаражаттарының түсіміне және жұмсалу көлеміне байланысты артықшылықты, оптималды және дифицитті ақша ағымдары болып бөлінеді. Артықшылықты ақша ағымы ақша қаражаттар түсімінің, олардың ағымдық қажеттілігінен жоғары болған жағдайда қалыптасады. Оптималды ақша ағымы ақша қаражаттарының төленуі мен келіп түсуінің арасындағы баланстылықты (теңділікті) бейнелейді. Олардың қалдығы ағымдық қаржылық міндеттемелерді өтеуге жеткілікті болады. Ал керісінше жағдай туындағанда, яғни төлемдердің түсімдерден көп болуы дифицитті жағдайға әкеледі /9,221б./ .

Жоспарланған ақша ағымын болжап, оны ақша қаражаттарының қозғалысы бюджетіне алдын ала кіргізуге болады. Кәсіпорында жүйесіз пайда болған ақша қаражаттарының қозғаласын жоспарланбаған ақша ағымы деп түсіндіріледі.

  Қалыптасудың үздіксіздігіне байланысты тұрақты және дискретті ақша ағымы қарастырылады. Тұрақты ақша ағымы қарастырылып отырған уақыт аралығындағы бөлек интервал бойынша ақша қаражаттарының түсімі мен төлемін білдіреді. Өзге де жағдайларда, бірегей қаржылық операциялар бойынша дискретті ағым пайда болады /5.241б./ .

Көлемді есептеу әдісі бойынша жалпы және таза ақша ағымын көрсетуге болады. Біріншісі, қарастырылып отырған уақыттағы түскен және төленген ақша қаражатының жиынтығын көрсетеді. Таза ақша ағымы бойынша қарастырылып отырған уақыттағы түсім және төлем арасындағы айырмашылық қарастырылады.

Таза ақша ағымын келесі формула бойынша анықтайды:

 

ЧДП=ПДС–ВДС                                                                                                   (1)

Мұндағы, ЧДП – есепті кезеңдегі таза ақша ағымы;

                 ПДС – есепті кезеңдегі келіп түскен ақша қаражаттарының                       сомасы;

              ВДС – есепті кезеңдегі төленген ақша қаражаттарының сомасы.

Бірдей уақыт аралығында жүзеге асырылатын ақша қаражаттарының түсімі немесе жұмсалуы бірқалыпты уақыт интервалындағы тұрақты ақша ағымын білдіреді, әлемдік тәжірибеде бұл аннуитет түсінігіне сәйкес келеді /3, 245б./.

Ақша ағымдарын тиімді басқару үшін келесілерді білген жөн:

      анықталған уақыт бойынша олардың көлемі (ай,тоқсан,жыл);

      олардың негізгі элементтерін;

      ақша қаражаттарының ағымын қалыптастыратын қызмет түрлерін;

      қарастырылатын кезең бойынша ақша ағымының жалпы көлемінен басқадай түрлерін бөлек интервал бойынша қарастыру;

      ақша ағымының қалыптасуына әсер ететін ішкі және сыртқы маңызды факторлар.

Кәсіпорынның өтімді ақша қаражаттарының ағымы – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығындағы таза несие ұстанымының өзгерісін білдіреді.

             

             

1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және

есептеу әдістері

 

     Кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті

көлемде меншікті капиталы болуы керек. Бұл үшін кәсіпорын табысты қызмет атқаруы тиіс. Осы мақсатқа жетуде ең маңыздысы ақша қаражаттарының келіп түсуі мен кетуін тиімі басқару, яғни ақша қаражаттарын мақсатты бағыттарда бөлу.

  Ақша қаражаттары транзитті экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады және кәсіпорынның жеңісі көп жағдайда басшылардың қаражаттарын жинақтап оларды тиімді пайдалануында.

  Кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқару кәсіпорын қарекетінің басты бөлігін қамтиды. Олардың қатарына айналым және айналымнан тыс активтерді, меншікті және қарыз капиталын басқару кіреді /Қосымша А/.

              Ақша ағымдарын басқару кәсіпорынның капитал айналымын жеделдетуді қамтамасыз ететін қаржылық тетік болып табылады. Оған ақша ағымдарын нәтижелі басқару процесінде қол жеткізілетін өндірістік және қаржылық циклдардың мерзімі азайту және кәсіпорынның шаруашылық қырекетіне қызмет ететін капиталға деген қажеттілікті төмендету әсер етеді. Ақша ағымдарын тиімді басқару арқылы капитал айналымдылығын жеделдету негізінде кәсіпорын пайда сомасын ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

              Ақша ағымдарын басқару арқылы ішкі көздерден қалыптасатын меншікті қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды, тартылатын несиелерден кәсіпорынның тәеуелділігін төмендетуді жүзеге асыруға болады /10,198б./.

Кәсіпорынның тұрақты қызмет етуі үшін негізгі шаруашылықтың бірі ақша қаражаттарымен  қамтамасыз етілу деңгейі болып табылады.

Ақша қаражатының ағымы үш түрлі қарекет бойынша бөлінеді:

-   ағымдық;

-   инвестициялық;

-   қаржылық.

              Қалыпты қызметін жүзеге асырып жатқан кәсіпорындарда ағымдық қызметіндегі ақша қаражаттарының ағымы инвестициялық және қаржылық қызметке бағытталуы мүмкін.  Мысалы, қысқа және ұзақ мерзімді несиелер мен зайдарды өтеуге, сонымен қатар займдарды берушілерге пайыздарды төлеу /Қосымша Б/.

             

Негізгі қызмет бойынша ақша қаражатының түсімдері мен шығыстарының негізгі бағыттары

 

Түсімдер

Шығыстар

1.         Өнімді өткізуден түскен табыс

2.         сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден аванс алу

3.         Басқа да түсімдер (жабдықтаушылардың ақша қаражаттарын қайтару)

1. Жабдықтаушылар мен мердігерлердің шоттары бойынша шығыста

2. Еңбекақы төлеу

3. Әлеуметтік сақтандыруға және бюджеттен тыс қорларға аударымдар

4. Салық бойынша бюджетпен есеп айырысу

5. несие бойынша пайыздар төлеу

6. аванстар

 

      Негізгі қызмет пайданың басты көзі болғандықтан ол ақша қаражаттарының  негізгі көзі болуы тиіс.

      Негізгі қызмет – кәсіпорынның негізгі кірістерінің көзі болып табылатын қызмет және инвестициямен, қаржымен байланыссыз басқа да қызмет түрлері.

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

              +

 

 

 

 

 

 

 

 

              АҒЫМДЫҚ

              ҚЫЗМЕТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ

                    ҚЫЗМЕТ

 

 

 

 

              ҚАРЖЫЛЫҚ

                  ҚЫЗМЕТ

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2. Ақша қаражаттарының қозғалу схемасы

 

  Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді пайдадан мүлікті сату-сатып алумен байланысты. Инвестициялық қызметпен байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы болашақта ақша қаражатының кірісі мен пайда табуды қамтамасыз ететін ресурстарды сатып алуға шығындарды көрсетеді.

Инвестициялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының түсімі мен шығыстарының негізгі бағыттары:

 

түсімдер

шығыстар

1.      Ұзақ мерзімді пайдаланатын активтерді өткізуден түсетін табыс

2.      Ұзақ мерзімді қаржылық салымдардан түсетін пайыздар мен дивидендттер

3.      Басқа да қаржылық салымдарды қайтару

1.      Ұзақ мерзімді пайдаланылатын мүлікті сатып алу (негізі құралдар, материалды емес активтер)

2.      Капиталдық салымдар

3.      Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар

      Инвестициялық қызмет уақытша ақша қаражатының шығысына алып келеді.

     Қаржылық қызмет кәсіпорынның меншікті капиталы мен қарыз құрылымының көлемі мен құрамын өзгертетін қызмет болып табылады /11,97б/.

Кәсіпорын қаржылық қызмет атқарған кезде акционерлерден ресурстарды алады (акция эмиссиясы), акционерлерге ресурстарды қайтарады (дивидендттерді төлеу), несие алады және несие бойынша төлемдер жүргізеді.

Қаржылық қызмет бойынша ақша қаражаттарының түсімі мен шығыстарының негізгі бағыттары

 

түсімдер

шығыстар

1.      Алынған ссудалар мен займдар

2.      Акция мен облигация эмиссиясы

3.      Акция бойынша дивидендттер мен облигация бойынша пайыздар алу

 

1.      Бұрын алынған несиелерді қайтару

2.      Акция бойынша дивидендттер мен облигация бойынша пайыздарды төлеу

3.      Облигацияларды өтеу

              Қаржылық қызмет негізгі және инвестициялық қызметті қаржылық қамтамасыз ету және ақша қаражатын ұлғайту үшін керек.

       Кәсіпорынның негізгі, инвестициялық және қаржылық қызметтері арасындағы байланысты келесідей көрсетуге болады:

             

Ұзақ мерзімді активтерді алуға

кеткен ақша қаражаттары

 

 

 

  

    Ұзақ мерзімді активтерді                                                       Дивиденд және қарыздың

       алуға кеткен ақша                                                                   негізгі сомасын төлеуге

              қаражаттары                                                                     кеткен ақша қаражаттары

 

 

 

Сурет 3. Кәсіпорынның негізгі, инвестициялық және қаржылық қызметтері арасындағы байланыс

 

                            Тәжірбиеде ақша ағымын есептеудің екі әдісі қолданылады: тікелей және жанама /12,78б./

                            Тікелей әдіс – экономист-бухгалтерлерге, қаржыгерлерге түсінікті ең қарапайым есеп жүргізу әдісі болып табылады. Бұл бухгалтерлік есеп регистрларымен байланысты (бас кітап, журнал-ордер) және ақша қаражаттарының түсімі мен шығуына бақылау жасау және көрсеткіштерін есептеу үшін қолайлы. «Кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы» атты тоқсандық есеп берудің түрі осы тікелей әдіс негізінде құрылған. Осылайша, бүкіл кәсіпорын немесе оның жекелеген қызмет түрлері бойынша түсімдердің төлемдерден артуы ақша қаражаттарының кірісі болып табылады. Ал, төлемдердің түсімерден артуы шығын болады./7-332б./

 

Кесте 1

         Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы аналитикалық есептілік

 

Көрсеткіштер

Базалық жыл

Есепті жыл

1

2

3

4

1.

Кезең басына арналған ақша қаражаттарының қалдығы

=

=

І.

Ағымдық қызметтегі ақша қаражаттарының қозғалысы  Өнімді өткізуден түскен түсім(ақшалай және ақшалай емес формада)

+

+

2.

Мүлікті сатудан түскен түсім

+

+

3.

Жеткізушілер шоттары бойынша төлемдер

-

-

4.

Еңбекақы төлемдері

-

-

5.

Бюджетке және мемлекеттік әлеуметтік бюджеттен тыс қорларға жарналар

-

-

6.

Банк ссудалары бойынша пайыздар төлеу

-

-

7.

Өзге де түсімдер мен төлемдер

+,-

+,-

8.

Ағымдық қызмет нәтижесі (түсім+, шығын-)

=

=

ІІ

Инвестициялық қызметтегі ақша қаражаттарының қозғалысы

 

 

9

Негізгі құралдарды сатудан түскен түсім

+

+

10

Негізгі құралдарды алу

-

-

11

Өзге де баптар

+,-

+,-

12

Инвестициялық қызмет нәтижесі (түсім+, шығын-)

=(+,-)

= (+,-)

ІІІ

Қаржылық қызметтегі ақша қаражаттарының қозғалысы

 

 

13

Банктік несие

+

+

14

Бюджеттік несие

+

+

15

Несиелерді жабу

-

-

16

Бағытты қаржыландыру

+

+

17

Ұзақ мерзімді қаржыландыру

+

+

18

Өзге де баптар

+,-

+,-

19

Қаржылық қызмет нәтижесі (түсім+, шығын-)

=(+,-)

=(+,-)

20

Түскен ақша қаражаттары, барлығы

=

=

21

Төленген ақша қаражаттары, барлығы

=

=

22

БАРЛЫҒЫ, ТҮСІМ (+), ШЫҒЫН (-) ақша қаражаттары

=

 

      Жоғарыда қаражаттарының қолданылуын талдау кестесі көрсетілген. Кесте ай немесе тоқсан бойынша құрылуы мүмкін. Ол үшін бас кітапты, журнал-ордерді, аналитикалық есеп көрсеткіштерін есепке ала отырып жасайды. Берілген форма ақша қаражаттарын оперативті басқаруға мүмкіндік беретін тікелей әдіс негізінде жасақталған.

Ұзақ мерзімді қызмет нәтижесінде ақша ағымын тікелей есептеу әдісі кәсіпорынның өтімділік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ал  оперативті  басқаруда тікелей әдісті қаржылық міндеттемелер бойынша есеп айырысуға ақша қаражаттарының жеткілікті болуына қатысты бақылау жүргізуде қолданылады. Бұл әдіс кемшілігі алынған қаржылық нәтиже мен ақша қаражаттарының абсолютті көлемінің өзгеруі арасындағы байланыстың ескерілмеуі.

Жанама әдіс аналитикалық жағынан қолайлы. Ол алынған пайда мен ақша қаражаттарының арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарын жанама әдіспен есептеу, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша нақты ақша қозғалысын көрсетпейтін таза пайда көрсеткіші бойынша жргізіледі. Сондай-ақ, жанама әдіс қызмет түрлері бойынша ақша қаражаттарының қозғалысын талдауға негізделген және кәсіпорынның пайдасының нақты қайдан келетінін, қайда салыну керектігін көрсетеді.

Жанама әдіспен құрылған ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, есепті уақыттың басына және аяғына арналған бухгалтерлік баланстар арасындағы байланыс құралы болып табылады. Себебі, ақша қаражаттараның шоттар бойынша есебі өзгеруінің өзге баланс баптары өзгеруіндегі айырмашылығын ашады.

Пайданың ақша ағымына айналуына бірнеше түзетулер қатары енгізіледі. Шаруашылық операциялар және ақша қаражаттарының қозғалысы жасақталу уақытына ақшалай емес факторлардың және уақытша келеңсіздіктің әсерін азайтады. Ақшалай емес инвестициялық және қаржылық операциялар мысалы ретінде, материалдық және материалдық емес айналымнан тыс активтерге алмастырылған акция және облигация эмиссиясы жатады, немесе бір капиталдық активтердің екіншісіне ауыстырылуы.

Шетел тәжірибесінде ақшалай емес операциялар ағымдық қызметке қатысты бартерлік келісіммен ұсынылады. Мұндай келісімдерді ақша ағымдарын жанама әдіспен есептеу кезінде түзетулер талдауы жолымен жасақталады. Мұндай түзетулер таза пайда көрсеткішінің өсуіне немесе кемуіне әсер етеді /13-185б./ .

              Кәсіпорынның таза пайдасының өсуіне әсер ететін нақты түзетулер келесідей:

-         негізгі құралдар және материалдық емес активтер бойынша аударылған амортизация;

-         запас қалдықтарының азаюы;

-         дебиторлық қарыздың қысқаруы;

-         болашақ кезең шығындарының азаюы;

-         жеткізушілер мен жабдықтаушылар арасындағы кредиторлық қарыздың өсуі;

-         бюджет және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың алдындағы кредиторлық қарыздың өсуі;

-         өзге де қысқа мерзімді міндеттемелердің өсуі;

-         алынған материалдық құндылықтар бойынша ҚҚС төмендеуі;

     Таза табыстан алынады:

-         негізгі құралдарды қайта бағалау сомасы;

-         запастарды өсіру;

-         дебиторлық қарызды жоғарылату;

-         кредиторлық қарызды жоғарылату;

-         өзге де қысқа мерзімді міндеттемелерді қысқарту;

-         өткен жылғы бөлінбеген пайданы пайдалану;

-         резервтік қор қаражаттарын пайдалану;

-         болашақ кезең шығындарын өсіру;

-         алынған құндылықтар бойынша ҚҚС қалдығының өсуі.

      Егер есепті кезең нәтижесі бойынша шығын алынған болса, онда жанама әдісте есептемелер оның көлеміне негізделіп жүргізіледі.

      Ақша қаражаттарын оперативті басқаруда жанама әдісті қолдану артықшылығы, ол қаржылық нәтижелер мен меншікті айналым қаражаттары арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Оның көмегімен кәсіпорын қызметіндегі кемшіліктерді анықтап,  олардан шығу жолдарын қарастыруға болады.

Әдіс кемшіліктері:

-         ішкі  қолданушылармен аналитикалық есепті жасаудағы жоғарғы еңбектілік;

-         бухгалтерлік есептің ішкі көрсеткіштерін қарастыру қажеттілігі (бас кітап);

Аналитикалық жұмыс жүргізудегі екі әдіс бірін-бірі толықтырып, есепті кезең бойынша кәсіпорындағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы нақты түсінік береді.

 

 

1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жоспарлау

 

      Ақша қаражаттары ағымы – бұл кәсіпорынның есепті және жоспарланған уақыттағы алатын және төлейтін ақша қаражаттарының жиынтығы. /9-231б./

       Ақша қаражаттарының қозғалысын жоспарлау бухгалтерлік есептің кассалық әдісі негізінде құрылады. Яғни, барлық түсімдер мен төлемдер ақшаның кассаға нақты төленуі немесе банктің есепті шотына аударылуы негізінде есепке алынады.

      Ақша қаражаттарының ағымы болжамы, өзімен бірге кассалық әдіс негізінде құрылған пайда және шығындар туралы есепті ұсына отырып, жоспарланатын түсімдер мен шығыстар құрылымын ашады./Қосымша В/

       Ақша қаражаттары ағымының есебін құру және болжамдау келесілерге әкеледі:

-         ақша қаражатының қажетті көлемін анықтау;

-         сату көлемін болжамдау;

-         ақша қаражаттарының түсімін болжамдау;

-         ақша қаражаттарының төлемдерін болжамдау;

-         есепті кезең соңына арналған бос ақша қаражатын анықтау;

-         үлкен көлемде қолданылмай тұрған бос ақша қаражатын азайту.

       Ақша қаражатының ағымын болжамдау, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп тәрізді тек кәсіпорын басшысының ғана емес, сондай-ақ инвесторлардың қызығушылығын тудырады. Яғни, олар сол арқылы кәсіпорын өтімділігін, жұмысының тиімділігін және қарыздары мен дивидендттерін төлеуге қажетті көлемде ақша қаражатымен қамтамасыз ете алу қабілеттілігі бағаланады /7,249б./ Осылайша, кәсіпорын басшысы да, инвестор да ақша ағымын зерттей келе:

-         болашақта ақша қаражаттарымен қамтылу мүмкіндігі туралы;

-         міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігі туралы;

-         дивидендттерді төлеу мүмкіндігі туралы;

-         қосымша қаржыландыру қажеттілігі туралы мәліметтерді ала алады.

Ақша қаражаттары ағымын болжау немесе ақшалай төлемдер мен түсімдер жоспары – бұл кәсіпорынның немесе нақты жобаның дамуы үшін қажетті көлемдегі ақша сомасын анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші жылы ақша қаражаттарының түсімі мен төлемін ай бойынша, екінші жылы тоқсан бойынша, әрі қарай жыл бойынша жоспарлау ұсынады. Егер сату болжамы, әрбір қызмет түрі бойынша түсімдердің сметасы ай бойынша бөлінсе, онда бірінші жылға арнап ай бойынша жоспар құруға болады.

Мұндағы икемділік ақша ағымын жоспарлау үздіксіздігінде. Яғни, жоспарланған көрсеткіштерді өзгеріске ұшырамайтындай етіп емес, барлық уақытта нақты көрсеткіштермен талдау жасала және салыстырыла отырып қажетті өзгертулерді енгізуге және бақылауға база құрылады.

Кезең аяғындағы қажетті қалдық жоспарланбаған шығыстарды жабу үшін қажетті ақша қаражаттарының резервін көрсетеді. Егер, резерв көлемі кәсіпорынның ақша қаражаттарының қалдығынан асатын болса, онда қосымша несие алуға қажеттілік туып және аяқасты ақша қаражаттарының жетіспеушілігі тумауына жоспар құрылу қажет.

Ал егер, ақша қаражаттары қалдығының нақты көлемі резервтен жоғары болса, онда ақшалай ресурстарды тиімді пайдалану үшін қайта бөлу немесе қайта инвестициялау туралы шешім қабылдау қажет.

Келесі жылдың әр айына арналған ақша қаражаттарының қозғалысының болжамын жасау үшін «кәсіпорынның ақша қаражаттары қозғалысын болжамдау» формасы қолданылады. Бұл құжаттың шешетін негізгі мәселесі ақша қаражаттарының түсімі мен шығысы арасындағы біркелкілікті тексеру, яғни кәсіпорынның болашақ өтімділігін тексеру (кәсіпорынның міндеттемелері бойынша есеп айырысуға қажетті ақшалай соманың банк шотында болуы) /14, 327б./.

Ең бастысы болжам өзгеріс енгізуге болатын жұмыс құжаты болуы тиіс. Ең қиын шешілетін мәселе қолма-қол сатылымнан және несиеге сатудан түскен ақша қаражаттарының төлемі мен түсімін болжау мен бағалауда  туады. Бұл екі болжам да сатылым көлемін болжауға байланысты. Ал болжам өз есебінде кәсіпорынның өмір сүру ортасына және қызметін жоспарлауына байланысты болады. Болжам жасалатын уақыт кәсіпорын қызметінің тұрақтылығына, басқару аппаратының қажеттілігіне және басқару аппаратының өз болжамдарына деген сенімділік деңгейіне байланысты.

Кәсіпорынның ақша ағымдарын басқару үшін маңызды қаржылық құжат болып кассадағы және банк шоттарындағы ақша қаражаттарының қозғалысының жоспары, яғни төлем балансы табылады. Ол басқарушыға операциондық және инвестициялық қарекетті оперативтік қаржыландыруды қамтамасыз етуге, мемлекет пен серіктестердің алдындағы міндеттемелерді орындауға, төлем қабілеттілігінде және кәсіпорынның активтерінің өтімділігіндегі өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік береді.

Төлем балансын қалыптастыпудың негізгі мақсаты - кәсіпорынның ақша қаражаттары мен төлемдерінің келіп түсуінің нақты мерзімдерін бекіту және олардың жоспарлы тапсырмалар түрінде филиалдарға жеткізу.

Төлем балансы меншікті қаражаттардың жағдайын бақылауға және қарыз құралдарын тарту мүмкіндігін анықтауға мүмкіндік береді /Қосымша Ж/.

Төлем балансы негізінде басты қажеттіліктерге қаражаттарды жұмсауды бақылайды. Бұл бақылаудың маңызы уақытша қаржылық қиыншылықтар туған кезде арта түседі. Бұл құжатты дайындау қажеттілігі несиелер бойынша төлемдер жасау тәртібінің өзгерісі кезінде, мемлекет, жабдықтаушылар, қызметкерлер және құрылтайшылар алдында төлемдік міндеттемелер бар болған жағдайда артады. Осының барлығы күн сайынғы ақша түсімдерінің ағымдары мен төлемдердің арасындағы тепе-теңдікке басқарушының ерекше назар аударуын қажет етеді. Егер, тепе-теңдік жоқ болса, онда кәсіпорын айналымына қосымша ақша қаражаттарын тарту шаралары немесе ағымдағы инвестициялық шығындарды төмендету шаралары қолданылады, ақша қаражаттарының қозғалысының жоспары жасалады /Қосымша Д/.

Жоспарлаудағы тағы бір қажетті құжат «кассалық бюджеттің жұмыс парағы». Бұл құжат ақша қаражаты қозғалысы болжамынан бұрын дайындалады. Құжатта қолма-қол ақшаға және несиеге сатылымның бағалануы талданады.

Ақша ағымдарының қозғалысын болжамдау екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі жұмыс парағы бойынша есептелген ақша түсімдерінің таза ағымын, ақша қаражаттарын төлеудің әр түрлі баптарын қосады. Ақша қаражаттарының таза ағымдарының сомасы жоспарланған қарекетті жүргізу үшін қажет ақша қаражаттарының деңгейі туралы мәлімет береді. Екінші бөлімінде (қаржылық) негізгі қызметтің кәсіпорын жоспарларына әсерін көрсетеді. Кәсіпорын басшысының назары үш негізгі шамаға аударылуы қажет:

-         ақша қаражаттарыныңт таза ағымы;

-         қажетті қаржыландыру;

-         ақша қаражаттарының бос қалдықтары;

Ақшалай қаражаттарға қажеттілікті анықтауда бірнеше модельдер қолданылцы мүмкін. Бұлар:

      ақша қаражатының жалпы көлемін және оның эквивалентін бағалау үшін;

      ақша қаражатының қандай бөлігін есептік шотта, қандай бөлігін тез өткізілетін бағалы қағазға салу қажет екенін анықтау үшін;

      ақша қаражаттары мен тез өткізілетін активтердің трансформациясын қандай көлемде орындау керектігін анықтау үшін қолданылады /15,147б./

      Батыс елдері тәжірибесінде келесі модельдер белгілі:

-         Баумоль моделі;

-         Миллер-Орр моделі;

-         Монте-Карло моделі;

-         Стоун мделі.

Баумоль моделі 1952 жылы ашылған. Бұл модель бойынша есеп шоттағы ақша қаражаттарының сақталуының артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады, талдау жүргізіледі. Кәсіпорын максималды ақша қаражаттар деңгейін қолдана отырып қызмет етеді, ақша қаражаттарды уақыт аралығында жұмсайды, тауарды өткізуден түскен қаражаттарды кәсіпорын қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салуы да мүмкін. Ақшалай қаражаттар таусылған соң кәсіпорын сатып алынған бағалы қағаздарды сата бастайды және ақша қаражаттарын алғашқы көлемге дейін қайтадан толықтырады.

Баумоль моделі бойынша ақша қаражаттарының көлемі:

 

                              Q = √ 2*V*C/ r                                                      (2)

 

мұндағы,  V – ақша қаражаттарына болжамды қажеттілік;

        С – бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын конвертациялау  бойынша шығындар;

         r – кәсіпорын үшін мүмкін қысқа мерзімді салымдар бойынша пайыздық табыс көлемі

         Q/2 – ақша қаражаттарының орташа қоры

Бұл модель көбінесе тұрақты ақша қаражаттар шығындары бар және тұрақты болжамды ақша қаражат шығыстары бар кәсіпорындар үшін арналған.

Миллер-Орр моделі. Бұл модель келесі сұрақтарға жауап береді: ақшалай қаражаттардың кірісі мен шығысын алдын-ала білу мүмкін болмаған жағдайда ақшалай қаражаттарды қалай басқару қажет.

Миллер-Орр моделі бойынша келесі этаптар орындалады:

      ақша қаражаттар сомасының минималды көлемі бекітіледі, бұл ақша қаражаттар көлемі әрдайым кәсіпорынның есептік шотында тұрақты болуы қажет (бұл көлем эксперттік жолмен кәсіпорынның шоттарды төлеу бойынша орташа қажеттілігімен анықталады) (Он)

            статистикалық мәліметтер арқылы есептік шотқа келіп түсетін күнделікті ақша қаражаттар көлемінің ауытқуы анықталады. (V)

      ақша қаражаттарының есептік шоттағы сақталуы бойынша шығындар анықталады (Рх), сонымен қоса бағалы қағаздар мен ақша қаражаттарының өзара трансформациялану шығындары (Рт) анықталады.

      Есептік шоттағы ақша қаражаттарының қалдығының ауытқу қадамы (S) анықталады.

 

     S = 3 * 3√3* РтV / 4* Рх                                                                                                                              (3)

 

      есеп шоттағы ақша қаражатының жоғарғы шегі (ОВ) анықталады.

 

       ОВ= Он+S                                                                                                                  (4)

      есеп шоттағы ақша қаражатының қалдығы – қайтару нүктесі (ТВ) анықталады.  

     ТВ= Он+S/3                                                                                                         (5)

 

Стоун моделі 1972 жылы пайда болған. Миллер-Орр моделінің дамыған түрі. Бұл модельдің мақсаты – ақша қаражатының транформациялану операциясын минималдау. Миллер-Орр моделі ақша қаражатының жоғарғы шегіне жеткендегі уақытта өте өтімді активтерге немесе активтерді сатуға арналады. Стоун моделінде трансформациялау операциялары жақын күндердегі ақша қаражатының қозғалысын болжамдауға тәуелді болады.

Миллер-Орр моделі бойынша фирма А нүктесінде бағалы қағаздарды сатып алады. Стоун моделі бойынша ақша қаражаттарды трансформациялау өлшемі жақын күндердегі болжамды қалдықтарына тәуелді болады.

Монте-Карло моделі 1980 жылы Лернер ұсынған. Бұл имитациялық модельдеу әдісіне жатады.

Мұнда ақша қаражаты қалдықтарының оптималды өлшемін бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Ақша қаражаттар қалдығы екі көрсеткіштің функциясы ретінде қарастырылады: өткізу көлемі, ақша қаражатының түсімі /10-347б./ .

              Қорытындылай келе, келесі шешімге келуге болады, кәсіпорын гүлденуі оның қарекетін қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарын шоғырландыру қабілеттілігінде. Басшы үшін ең негізгі мәселе – бұл негізгі қызметтен түсетін ақша қаражаттарының оң ағымдарын жоспарлау және тиімді қаржыландыру кздерін іздеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2                 «ӨзенМұнайГаз» ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БӨЛУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ

 

              Бұл бөлімде «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының негізгі қызметіне, яғни шаруашылық қарекетіне және қаржылық жағдайына талдау, сонымен қатар кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын басқаруына талдау жүргізілді.

 

 

2.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының шаруашылық қарекетіне талдау жүргізу

 

«ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалы  «ҚазМұнайГаз»  Акционерлік Қоғамының № 580 жарлығы бойынша құрылып, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында орналасқан өндірістік филиалы болып табылады.

Қоғам «ЕмбіМұнайГаз» Акциеонерлік Қоғамы мен «Өзенмұнайгаз» Акционерлік қоғамын біріктіру  нысанында қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылды. «ЕмбіМұнайГаз» Акционерлік Қоғамы  мен «ӨзенМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының барлық мүлкінің, құқықтары мен міндеттемелерінің  құқықтық мұрагері болып табылады. Сондай – ақ,  Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, банктік шоттары болады, өз атынан мүліктік және жеке  мүліктік емес құқықтарға ие болады және жүзеге асырады, жауапкершілікте болады және сотта талапкер және жауапкер бола алады. Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, «Акционерлік қоғам туралы»  Қазақстан Республикасының  Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де  нормативтік  құқықтық актілерін ( бұдан әрі – Заңнама деп аталады), сондай – ақ осы Жарғыны ( бұдан әрі – Жарғы ) басшылыққа алады.  Қоғам әділет органдарында  мемлекеттік тіркелген  сәтінен бастап  заңды  тұлға  мәртебесіне ие /16/

Қазақстанның Батыс аумағының байлығын игерудегі Өзен кенорының ашылуы үлкен қуаныш болды. Өзен кенорыны келесі себептермен ерекшеленеді:

-         мол мұнай қоры;

-         мұнай қорының тығыздығы (Башқұртстан, Татарстан елдерімен салыстырғанда);

-         химиялық өнеркәсіпке бағалы шикізат ретінде ұсынылатын сапалы және күкіртсіз мұнай;

-         бұрғылау жұмыстарын жүргізудегі қолайлы жағдайлар;

-         кенорынды игеруге қолайлылық туғызатын аймақтық рельеф.

Маңғыстау аймақтық мұнай байлықтары жергілікті тұрғындармен ғасырлар бойы қолданылуда. Мысалы, Қарасаз, Таспас аймақтарының жер қабатының бетіне шығатын 1959 жылы ССР жене КССР геологиялық министрліктер кеңесінің эксперттік – геологиялық кеңесінде Маңғышлақ аймағында мұнай және газды іздеу, барлау жұмыстарын жүргізуге шешім қабылданды. 1960 жылдың 5 қаңтарында шебер Ғазиз Абдирзаковтың бригадасы ең алғаш Өзен кенорынынан газ фонтанын ашты.

Ең алғаш  рет Өзен кенорыны мұнайы 1965 жылы 10 шілдеде  жаңа салынған  Мақат-Ақтау-Өзен теміржолы арқылы тиеліп жөнелтілді. 2 жыл ішінде ұзындығы 1450км созылған Өзен-Ақтау-Самара магистралды мұнай құбыры салынды. Бес жыл ішінде аймақтағы мұнай өндіру жылына 330 мың тоннадан 10,4 млн.тоннаға дейін көтерілді. 1977 жылы мұнай өндіру деңгейі Қазақстан бойынша жылына 20,3 млн.тоннаны құрады, оның 16 млн. тоннасын тек қана Өзен кенорыны берді. Осы мұнай өндіру кенорынының нәтижесінде қазіргі таңда 70 мыңнан аса адам тұратын Жаңаөзен мұнайшылар қаласы салынды. Көп көлемдегі мұнай өндірісін қамтамасыз ететін инфраструктура мен қажетті база құрылды.

Қоғам қызметінің  мақсаты мен негізгі түрлері:

Қоғамның мақсаты – дербес шаруашылық қызметін жүзеге асыру  барысында таза кіріс алу.

Қоғамның қызметінің негізгі түрлері:

      геологиялық барлау, іздестіру  жұмыстарын жүргізу  және мұнай, газ және газ конденсаты кен орындарын, сондай –ақ  жерасты сулары  кен орындарын игеру; мұнай, газ және жерасты және теңіз суларын өндіру, тасымалдау ; мұнайды дайындау және газды өңдеу, өңделген  шикізатты  және өнімдерді сату;

      мұнайға, газға және  суға арналған іздеу, барлау, құрылымдық  және пайдалану ұңғымаларын  бұрғылау, оларды  тоқтатып қою және тарату;

      мұнай, газ кен орындарын, сондай – ақ жерасты су кен орындарын жайластыру;

      өндіру және айдағыш ұңғымалардың сынау және игеру;

      мұнайдың, газдың, судың және жыныстардың физикалық – химиялық қасиеттерін айқындау бойынша лабораторлық жұмыстар;

      жерасты сулары кен орындарының монитоингін жүргізу;

      сұйық газды, көмірсутегі қоспасын, пеш отынын және басқа да  газдың өңделген өнімін әзірлеу;

      мұнай өндіруді қарқындаты;

      жоғары – монтаждық жұмыстарды  жүзеге асыру;

      бұрғылау, мұнай кәсіпшілігі және басқа да арнайы жабдықтың түрлерін, көлік құралдарын, жеке  мұқтаждықтарға  қажетті  құрал – саймандар мен қосалқы  бөлшектерді  жасау, күрделі жөндеу;

      технологиялық  мұнай – газ  кәсіпшілігі жабдығын монтаждау;

      газды пештерге жеткізетін құбыр желілерін, сондай –ақ тіректі арматура мен қысым реттегіштерді  пайдалану, монтаждау және жөндеу;

      газ жабдының жоспарлы – ескертулік жөндеу және техникалық қызмет көрсету;

      қысыммен жұмыс істейтін қыздыру пештерін, қазандықтарды, түтіктерді, резервуарларды, газ өндіру, газ тасымалдау жабдықтарын, жүк көтергіш  механизмдер мен машиналарыды, автомобильдік газ баллон қондырғыларын, темір цехтарын жөндеу және сынау;

      мұнай кен орындарындағы  экологиялық  жағдайды  жақсарту  бойынша  барлық  жұмыстар  кешенін орындау;

      мұнай өндірудің  технологиялық процесстердің химияландыру жөніндегі жұмыстарды орындау;

      электр қондырғыларын  техникалық пайдалану. Электр қуаттарын беру, бөлу, тасымалдау және сату;

      жарылғыш заттарды, жарылу құралдарын  және иондық әсер ету көздерін сақтау, пайдалану және тасымалдау, белгіленген  тәртіппен осы құралдардың импорты;

      мұнай, газ, газ конденсаты кен орындарын ( соның ішінде ауыз және термальдық су өндіру бойынша)  игеруге қатысты  бөлігінде объектілерді іздестіру, жобалау;

      Қоғамның өндірістік объектілердің  және елді мекендерінің  арасында теңіз  және ауыз суын  тасымалдау және бөлу;

      белгіленген техникалық, экологиялық  және санитарлық  талаптарға сәйкес  қабат  қысымын  ұстау  объектілерін  техникалық сумен қамтамасыз ету;

      Заңнамаға сәйкес сыртқы экономикалық қызмет: тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты және импорты бойынша операцияларды  жүзеге асру, шетелдік фирмалармен өзара тиімді сыртқы экономикалық байланыстарды, сауда – экономикалық және ғылыми – техникалық ынтымақтастықты  дамыту және осы баптың  шеңберінде Заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызмет;

      медициналық қызмет көрсету, диагностика және емдеу;

2005-2006 ж.ж. бойынша «ӨМГ» ӨФ АҚ бюджетінің орындалуы бойынша қорытынды көрсеткіштері келесідей:

2006 жылы жоспарланған 5925 мың тонна мұнайдан 6180 мың тонна мұнай артық өндірілді, яғни 104,3 % өткен жылмен салыстырғанда 117,6 % өсті. Жоспарланған 25,3 мың тонна газ конденсатынан артық 26,14 мың тонна газ конденсаты өндірілді, яғни өткен жылмен салыстырғанда 94 % - 103,3 % өсті. Ал жоспарланған 875 млн.м3 табиғи газынан артық 881,1 млн. м3 артық, яғни өткен жылдағы 92,5 % -дан 100,7 % өсті. /20-47б./

Өндірілді:

-         895,5 млн.м3 құрғақ газ (жоспар бойынша 824 млн.м3);

-         100,0 мың тонна қысылған газ (жоспар бойынша 68,6 мың тонна);

-         54,1 мың тонна көмірсутек қоспасы (жоспар бойынша 38,94 мың тонна);

Кіріс бөлігі

Бюджеттің кіріс бөлігі жоспарланған 28719165 мың теңгеден 39421311 мың теңгеге артты/17/.

 

 

 

Кесте 2

Кірістерді түрлері бойынша талдау

                                                                                              мың теңге

 

Атауы

 

 

2004 жыл

 

 

2005 жыл

 

2006 жыл

Мұнайды сату

105 723 227

113 798 332

148 124 603

Мұнай өнімдерін сату

12 734 086

13 817 445

160 357 20

УПГ өнімдерін сату

2 905 791

3 371 277

4 232 108

Ауыз су сату

117 428

162 662

161 456

Еншілес ұйымдардың қызметтері нен түскен пайда

1 353 756

2 2861 82

3 956 355

Негізгі емес қызметтен түскен пайда

-474 410

-329 996

-10 758 746

Пайлық үлестен түскен табыс

43 878

 

73 571

Ескерту: дерек көзі – ұйымның кірістер және шығыстар туралы есебі.

 

Кестеде көретініміздей өндірістік филиалдың кірістерінің 95,2 % мұнай және мұнай өнімдерін сатудан түседі.

1)     Мұнай және мұнай өнімдерін сату.

Мұнай және мұнай өнімдерін сатудан жоспардан тыс 36 544 546 мың теңге алынды. Мұнай келесі бағыттарды жөнелтілді:

 

Кесте 3

Мұнайдың жөнелтілу көлемі мен бағыттары

                                                                                                           мың теңге

Атауы

2004ж

2005ж

2006ж

1

2

3

4

5

1

Экспортқа, барлығы, мың тонна

Сомасы, мың теңге

Бағасы, теңге

4165

105483471

25326

4710

113798332

23161

4807,6

148124603

30810

1.1

Алыс шетелге,  мың тонна

Сомасы, мың теңге

Бағасы, теңге

3572

94993196

26594

3918

99658654

25436

4225,9

133810101

31664

1.2

КТК, мың тонна

Сомасы, мың теңге

Бағасы, теңге

-

-

-

-

-

-

49,9

1810754

36288

1.3

Жақын шетелге мың тонна

Сомасы, мың теңге

Бағасы, теңге

593

10490275

17690

792

14139677

17853

531,7

12503748

23517

2

Ішкі нарыққа, мың тонна

Сомасы, мың теңге

Бағасы, теңге

975

12973842

13306

1215

13817445

11372

1390,3

16035720

11534

2.1

Мұнай, мың тонна

Сомасы, мың теңге

Бағасы, теңге

21

239756

11417

-

-

-

-

-

-

 

 

3 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

2.2

Мұнай өнімдері, мың тонна

Сомасы, мың теңге

Бағасы, теңге

954

12 734 086

13 348

1 215

13 817 445

11 372

1 390,3

16 035 720

11 534

 

Барлығы, мың тонна

Сомасы, мың теңге

Бағасы, теңге

51 40

118 457 313

23 046

5 925

127 615 776

21 539

6 198

16 4160 323

26 487

Ескерту: дерек көзі – ұйымның бюджеттің атқарылуы туралы түсіндірме хаты.

 

Экспортқа сомасы 148 124 603 мың теңгені құрайтын 4807,6 мың тонна мұнай жіберілді, бұл жоспарланған 3 432 627 мың теңге алуға мүмкіндік берді, оның ішінде бағаны 6649 теңгеге өсіру себебінен 31 319 215 мың теңге сомасында қосымша кіріс алынды. Мұнайды жеткізу бойынша жоспарды 97,6 мың тонна аса орындап, 3 007 056 мың теңге көлемінде кіріс алынды.                Өткен жылмен салыстырғанда өсім 42 641 132 мың теңгені құрап, оның ішінде мұнайды жеткізуден 642,6 мың тоннаға артық болуы және өткізу бағасын 5 484 теңгеге өсіруінен болып отыр. «ӨМГ» ӨФ жақын шетелге жеткізгені үшін 1635 929 мың теңгені толықтай алған жоқ. Оның ішінде өткізу бағасын тонна үшін 5 664 теңгеге өсіргендіктен қосымша 3 010 549 мың теңге сомасында кіріс алды. 260,3 мың ттонна құрайтын жеткізу жоспарының орындалмау себебінен 4 646 478 мың теңге құрайтын кіріс алынбады. Өткен жылмен салыстырғандағы кірістің 2 013 473 мың теңгеге өсуі мұнайға бағаның 5 827 теңгеге өсуінен болып отыр. Мұнай өнімдерін сатудан түскен табыс 2 218 275 мың теңгені құрап, оның ішінде мұнай көлемін 175,3 мың тоннаға арттырудан және бағаны 162 теңгеге өсіру себебінен болып отыр. Газды өңдеуден алынған өнімді сату нәтижесінде 4 232 108 мың теңге көлемінде табыс алынды, соның ішінде:

 

Кесте 4

Газды өңдеуден алған өнім түрлері мен көлемі

                                                                                                          мың теңге

Өнім атауы

2004

2005

2006

1

2

3

4

5

1

Қысылған газ, мың тонна

Сомасы, мың теңге

Бағасы, теңге

65,3

608 169

9313

69,7

685 341

9 833

101

950 113

9 407

2

Көмірсутекті қоспа, мың тонна

Сомасы, мың теңге

Бағасы, теңге

14,1

277 366

19 671

33,8

681 049

20 149

43,6

1 161 84 326 648

3

Құрғақ газ,млн.м3

Сомасы, мың теңге

Бағасы, теңге

848,3

1 890 333

2 228

763,6

1 902 820

2 492

804,1

2 007 274

2 496

4

Жанармай, мың тонна

Сомасы, мың теңге

Бағасы, теңге

10,4

83 391

8 018

8,3

66 261

8 003

9,2

79 435

8 625

5

Пропелент, мың тонна

Сомасы, мың теңге

Бағасы, теңге

3,3

42 435

12 859

2,65

35 806

13 512

2,2

29 111

13 496

                                                                                                                   4 Кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

өзгелер, мың теңге

4 097

-

4 332

 

Барлығы, мың теңге

2 905 791

3 371 277

4 232 108

Ескерту: дерек көзі – ұйымның бюджеттің атқарылуы туралы түсіндірме хаты.

 

Қысылған газ бойынша жоспардан тыс 264 772 мың теңге кіріс алынды,ол жеткізулерді 31,3 мың тоннаға ұлғайту есебінен болды. өткен жылмеғн салыстырғанда бұл көрсеткіш 35,7 мың тоннаға артық тасымалданып, 341 944 мың теңгені құрады. Көмірсутекті қоспа жоспардан тыс тоннасына бағаны 6 499 теңгеге өсіру нәтижесінде 480 794 мың теңгені құрайтын табыс алынды. Ол өткен жылмен салыстырғанда 884 477 мың теңгеге ұлғайып тасымалдау көлемін 29,5 мың тоннаға жеткізді. Құрғақ газды 40,5 млн.м3 артық тасымалдау арқылы 104 454 мың теңге табыс алынғанын айтуға болады. Ол өткен жылмен салыстырғанда, 1000м3 шаққандағы бағаның 268 теңгеге өсуі есебінен 116 941 мың теңгеге артқанын байқаймыз.

 

Кесте 5

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

                                                                                                  мың теңге

Өнім атауы

2004

2005

2006

1

2

3

4

5

1

Негізгі құралдарды жалға беруден түскен табыс

188 468

-

-362 117

2

Курстық айырмашылықтан түскен табыс

456 829

-308 145

-358 586

3

НҚ  істен шығару мен ТМҚ  өтімсіздігінен түскен табыс

-1 583 493

-173 970

-1 490 966

4

Активтерді өткізуден түскен табыс

-

-6 427

-

5

Инвестицияларды шығарудан түскен табыс

32 389

-

473 486

6

Банктік сыйақылар

-

32 503

-

7

Бағалы қағаздар бойынша табыстар

-

126 043

-

8

өзге де табыстар

431 97

 

-9 020 563

 

Барлығы

-474 410

-329 996

-10 758 746

 

Үлестік қатысудан түскен табыс

-

-

73 571

Ескерту: дерек көзі – ұйымның бюджеттің атқарылуы туралы түсіндірме хаты.

 

Негізгі емес қызмет бойынша ӨФ 10 758 746 мың теңге көлемінде залал шекті, соның ішінде 1490966 мың теңге көлемінде негізгі құралдардың істен шығуынан,негізгі құралдарды жалға беруден 362 117 мың теңге көлемінде, 358 586 мың теңге көлемінде курстық айырмашылықтан, өзгелер бойынша 9 020 563 мың теңге көлемінде, соның ішінде 9 150 390 мың теңге көлемінде негізгі құралдарды қайта бағалаудан залал шекті.

2006 жылы мұнай өндіруге кеткен шығындар 49 770 955 мың теңге құрады, ол 2005 жылмен салыстырғанда 1 585 913 мың теңгеге артты және 2004 жылмен салыстырғанда 14 919 599 мың теңгеге артты.

 

 

Кесте 6

Мұнай өндіруге кеткен шығындар

                                                                                                 мың теңге

Шығындар баптары

2004

2005

2006

1. эксплуатациялық шығындар

26 755 891

37 419 221

36 907 075

Шикізат және материалдар

3 445 724

4 353 708

4 068 163

Жанармай

162 515

224 303

170 419

Энергия

3 539 108

4 453 986

4 412 315

Табиғи шикізаттарды пайдалану үшін төлемдер

4 019 396

4 318 457

5 750 012

өндірістік сипаттағы жұмыс пен қызмет көлемі

15 589 238

24 068 781

22 506 166

- жүкті жөнелту бойынша

3 241 648

4 406 797

4 440 544

- ұңғыларды жөндеу бойынша

3 210 875

3 279 308

3 162 897

- негізгі құралдарды жөндеу бойынша

2 424 921

3 505 211

348 765

- геофизикалық жұмыстар

726 523

865 494

655 756

- басқа да қызметтер

5 985 271

12 011 971

10 759 354

2. негізгі құралдардың тозуы

2 946 809

2 893 609

4 790 852

3. Еңбекақы төлеу бойынша шығындар

2  505 707

4 328 570

3 902 775

4. салықтық төлемдер

2 573 060

3 100 429

2 981 203

5. жою қоры

 

148 000

314 953

6. басқа да шығындар

69 889

295 214

874 097

Барлық шығындар

34 851 356

48 185 052

49 770 955

Ескерту: дерек көзі – ұйымның бюджеттің атқарылуы туралы түсіндірме хаты.

 

Эксплуатациалық шығындардың 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 512 146 мың теңгеге азайғандығын көреміз, алайда ол 2004 жылмен салыстырғанда 10 151 184 мың теңгеге өскен. Шикізат және материалдарға шығындар өткен жылмен салыстырғанда, жеткізушілердің химреагенттерді жеткізбеу себебінен 285 545 мың теңгеге азайған, соның ішінде химреагенттер бойынша 283 тонна, Рауану бойынша 471 тонна көлемінде, тұзды қышқыл бойынша 283 тонна, инопол бойынша 250 тонна, Додиген бойынша 693 тонна көлемінде, хлорлы кальций бойынша 381 тонна көлемінде. Насостар бойынша шығындар 164 538 мың теңге көлеміндегі шығын, жаңа техника – технологияны енгізумен байланысты насостарды қолдануды 613 данаға көбейту себебінен болып отыр.

Құбырлар бойынша шығындар 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 33 038 мың теңгеге азайып отыр, ол құбыр өнімдерінің құны арасындағы айырма-шылықтан болды.

 

Кесте 7

Құбырлар бойынша шығындар

 

2005жыл

2006 жыл

саны

бағасы

Сомасы

саны

бағасы

сомасы

Құбырлар, тонна

8 526

96 304

821 087

8 962

87 931

788 049

              «Жанармай» бабы бойынша – 53 884 мың теңгеге азаю, оның ішінде табиғи газды 20 831 мың теңгеге үнемдеу, оны пайдалануды 27 млн.м3 азайту себебінен болып отыр. Сондай-ақ,құрғақ газды пайдалануды 7,8 млн.м3 азайту 33 053 мың теңгені үнемдеуге алып келді.

              «Энергия» бабы бойынша – 41 671 мың теңге көлшемінде үнемделген, соның ішінде: электро энергияны пайдалануды 12 094 мың квт.сағатқа азайту есебінен 3 993 мың теңгет үнемделген.

              Табиғи шикізатты пайдалануға төлем мұнайдың сату бағасын 6 720 теңгеге өсіру және мұнайды өндіруді 255 мың тоннаға ұлғайту себебінен       1 431 556 мың теңге көлеміндегі шығынға әкелді.

Транспорттық шығындар бойынша 33 706 мың теңге көлемінде шығындалу байқалады, жер асты жұмыстарының созылуы және мұнай өндіру көлемімен байланысты /17/.

Өзге де қызметтер бойынша 1 252 617 мың теңге көлемінде үнемдеу байқалады, оның себебі келісім шарт бойынша баға бюджетте көрсетілген бағадан төмен болуында.

Кесте 8

Бюджет және келісім шарт бойынша бағадағы айырмашылықтар

                                                                                                       мың теңге

Қызмет түрлері

Бюджет б/ша сома

Келісім шарт б/ш сома

нақты

Бюджеттің келісілген бағадан ауытқуы

1. мұнай және газ қорын есебі

100 000

85 000

85 000

-15 000

2. Өзен к/о өңдеу туралы жоба құру

160 000

86 956

86 956

-73 044

3. Қарамандыбас к/о өңдеу туралы жоба құру

60 000

51 304

38 162

-8 696

4.Өзен кенорнының ауданы мен тереңдігін есепке ала отырып тау отвотын құру

1 500

1 304

174

-196

5. Өзен және Қарамандыбас к/о бойынша барлау жұмыстарының жобасын құру

10 000

8 696

7 304

-1 304

6.Өзен кенеорнының өңдеу жағдайын талдау

25 000

21 739

21 739

-3 261

7.Қарамандыбас кенеорнының өңдеу жағдайын талдау

10 000

8 696

8 700

-1 304

8. Өзен к/о бойынша жобаның іске асуын авторлық қадағалау

24 520

21 250

21 250

-3 270

10.ӨМГ к/о бойынша мұнай  балансын қалыптастыру

840

1 044

24 326

 

                                   8 кестенің жалғасы        

1

2

3

4

5

11. мұнай өндірудің технологиялық процестерін химиялық талдау бойынша зертханалық жұмыстар.

30 000

26 087

26 087

-3 913

12. Өңдеу жзобалары, экологиялық зерттеу бойынша кеңес беру жұмыстары.

47 800

29 000

36 198

-18 800

13.ППД үшін суды пайдалану мүмкіндіктерін анықтау

1 700

1 500

1 500

-2 000

14.Карамандыбас және Өзен к/о бойынша ГТМ тиімділігін бағалау және жобалау

174 750

174 750

14 085

 

Барлығы

 

 

 

-135 092

Ескерту: дерек көзі – ұйымның бюджеттің атқарылуы туралы түсіндірме хаты.

 

              Сондай-ақ, 111 934 мың теңге «Карамандыбас және Өзен к/о бойынша ГТМ тиімділігін бағалау және жобалау» тақырыбы бойынша материалдық емес активтерді алуға капиталдық салымдардан көрінеді. Маркшейдерлік қызметтер бойынша бюджеттік соманың келісім шарт сомасынан айырмашылық болуынан 3 528 мың теңге сомасында қаражат үнемделді. Сейсмомониторинг бойынша 15 000 мың теңге бұл түрден келісім шарттың болмауына байланыстыц үнемделді. Ұңғыларды химиялық өңдеу бойынша 58 416 мың теңге түрлі жоспар бойынша шаралардың іске асырылмау себебінен жұмсалмады. Тәжірбиелік-өнеркәсіптік жұмыстардағы пласт бойынша мұнайды қайтаруда 42 567 мың теңге көлемінде шығындалды, ол ГРП бойынша қызмет бағасының 2 718 мың теңгеге өскендінінен болды. УЭН бойынша техникалық қызмет көрсетудегі 166 483 мың теңгеге үнемдеу бағаның 1 квт.сағ. үшін 2,07 теңгеден 1,96 теңгеге төмендеу салдарынан болды. Құралдарды стандартизациялау бойынша 1 084 мың теңге көлемінде үнемдеу монометрлерді жөнедеу бойынша тендердің кеш жүргізілуінде. Автоматика құралдары бойынша қызмет көрсетуде 18 260 мың теңге көлемінде үнемделді, оның себебі 2005 жылдың қазан айынан бастапқызмет көрсетулерге жаңа тарифтің енгізілуінде. Обьектілерді қорғау бойынша 20 836 мың теңге көлемінде сома үнемделді, ол  бюджет құрылымындағы өзгерістер себебінен болды. Осы себеп бойынша тағы да тамақтану бойынша 167 342 мың теңге сомасында үнемделу байқалады.

              Бүкіләлемдік Банк шығындары бойынша 204 825 мың теңге көлемінде ақша үнемделді, оның себебі ӨМГ – ның «Инитек Плантас ИндастрилесС» компаниясымен анықталған Объектілер бойынша жобалау, дайындау, тестілеу, жеткізу, монтаждау, аяқтау және енгізу жұмыстарын жүргізу туралы келісім шарттың кеш жасақталуында (теңіз суын дайындау бойынша қондырғы). Бұл келісім шарттың 10% көлемі 2005 жылдың 4 тоқсанында жоспарланған, алайда КМГ БӨ АҚ қаражаттарды аудару бойынша өтініштің    ұзаққа созылуынан қаражат 2006 жылдың 1 тоқсанында аударылды. Негізгі қорлардың амортизациясы бойынша шығындалу 1 897 243 мың теңгені құрауы амортизация нормасының есептімен салыстырғанда 0,1% өсуі және жоспардан тыс мұнай өндіру салдарпынан жаңа объектілерді енгізу себебінен болды. Еңбекақы бойынша шығындар 425 795 мың теңгеге премияны 80 %дан 72% азайту себебінен үнемделді. Салықтық төлемдер бойынша үнемдеу 119 226 мың теңгені құрады, соның ішінде ФЗП төмендеу салдарынан әлеуметтік салық 38 993 мың теңгеге, мүлікке салық бойынша 17 947 мың теңгеге, жер салығы бойынша – 113 822, транспорттық құралдарға салық бойынша – 18 500 мың теңге сомасында үнемделді. Оның себебі жоспар бойынша бұл шығындар мұнай өндіруге, ал нақты қызмет атқарушы филиалдар арасында бөлінген. Кейбір салық түрлері бойынша шығындар байқалады – жол қорына 1 619 мың теңге көлеміндегі сома кірістің өсу себебінен шығындалды, табиғатты қорғау бойынша 33 623 мың теңге көлеміндегі шығын облыс әкімінің мөлшерлемені өсіру себебінен болды. Сонымен қатар, өзге де әкімшілік шығындардың өндірістікке ауыстырылу себебінен шығындар бойынша үнемделу байқалды, олар: жолдамалар – 64 871 мың теңге, коммуналды шаруашылық – 11 073 мың теңге, квалификацияны дайындау және жоғарлату – 2 343 мың теңге, байланыс – 10 392 мың теңгені құрады.

              Табиғи газ және конденсатты өндіруге кеткен шығындар жоспарланған   8 192 789 мың теңгеден 812 300 мың теңгені құрап, нәтижесінде 6 978 мы теңге үнемделді.

              Газды өңдеуге кеткен шығындар жоспарланған 3837417 мың теңгеден    3 823 206 мың теңгені құрап, нәтижесінде 14 210 мың теңге үнемделді.

              Ауыз суды өндіруге кеткен шығындар 197 618 мың теңгені құрайды, ол жоспарланған 184 799 мың теңгеден артық 12 819 мың теңге сомасындағы шығынды құрайды./20-32б./

              Мұнайды өңдеу бойынша шығындар.

«ӨМГ» ӨФ АҚ мұнайға, газға және  суға арналған іздеу, барлау, құрылымдық  және пайдалану ұңғымаларын  бұрғылау, оларды  тоқтатып қою тәрізді мұнайды өңдеу жұмыстарымен айналысады.

«ӨМГ» АҚ мұнайды шикізат ретінде АНПЗ-ға жеткізіліп, мұнай өнімдерін сату мақсатында өңделеді. Осыған байланысты қоғам өз қажеттіліктері үшін жұмсалатын бензин және дизжанармайға акциздерді төлеу, процессинг және мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу бойынша шығындары болады.

Төменде келтірілген кестеден көретініміздей 2006 жылы мұнайды өңдеу бойынша шығындар өткен жылмен салыстырғанда  693 127 мың теңге көлемінде шығындалған. Оның ішінде АНПЗ-ға дейін айдау 2006 жылы мұнайды жеткізуді 161 мың тоннаға өсіру салдарынан 146 682 мың теңгеге өсті. АНПЗ-ға дейін мұнайды өңдеу бойынша қызмет көрсету 437 950 мың теңгеге шығындалды, ол мұнайды жеткізу көлемінің 161 мың тоннаға ұлғаюынан.

 

 

 

 

Кесте 9

Мұнайды өңдеу бойынша шығындар

                                                                                                      мың теңге

Атауы

өлшем бірлігі

2004

2005

2006

1

АНПЗ-ға дейін айдау  көлемі

Бағасы

сомасы

Мың тонна

Теңге

Мың теңге

11 50

918

1 055 700

1 215

918

1 115 960

1 376

918

1 262 642

2

АНПЗ-ға дейін мұнайды өңдеу бойынша қызмет көрсету                   

Бағасы

                            сомасы

 

 

Мың тонна

Теңге

Мың теңге

 

 

1 150

2 465

2 834 750

 

 

1 215

2 453

2 980 393

 

 

1 376

2 430

3 418 343

3

Акциз

Мың теңге

526 500

770 596

879 092

 

Барлық шығындар

Мың теңге

4 416 950

4 866 950

5 560 077

Ескерту: дерек көзі – ұйымның бюджеттің атқарылуы туралы түсіндірме хаты.

 

              2006 жылға арналған «ӨМГ» ӨФ қызмет түрлері бойынша қаржылық қарекетінің қорытындысы келесі кестеде көрсетілген:

Кесте 10

 

«ӨМГ» ӨФ қызмет түрлері бойынша қаржылық қарекетінің қорытындысы

                                                                                                                   мың теңге

Қызмет түрі

Кіріс

Шығыс

ауытқу

1

Мұнайды өндіру

164 160 323

100 311 333

63 848 990

2

Газды өңдеу

4 232 108

3 717 358

514 750

3

Ауыз суды өндіру

161 456

197 618

-36 162

4

Өзге қызмет көрсетулердерден

кіріс

3 956 355

2 944 105

1 012 250

5

Өзге де қызметтер

9 378 486

20 137 232

-10 758 746

6

Пайлық үлестен кіріс

73 571

 

73 571

 

Барлығы

181 962 299

127 307 646

54 654 653

              Ескерту: дерек көзі – ұйымның бюджеттің атқарылуы туралы түсіндірме хаты.

 

Жоғарыдағы кестеден көретініміздей «ӨМГ» ӨФ мұнай өткізуден 63 848 990 мың теңге сомасында кіріс алды, 1 тоннаға 15 247 теңге шығыннан өткізу бағасы 26 487 теңгені құрады. Ал газды өңдеу бойынша 514 750 мың теңге сомасында кіріс алынды, қысылған газды 9 183 теңге бағасымен сатудан алды. Ол өз құнынан 7 93 теңгеге артық. Қысылған газдың жоғарғы бағасы бұл өнімнің экспортқа шығарылуымен байланысты. Ауыз су бойынша 36 162 мың теңге көлемінде шығын байқалады, ол 1 м3 үшін 48,76 теңге жоспар бойынша нақты 50,37 теңгені құрауынан болды. Өзге де қызметтер бойынша 10 758 746 мың теңге сомасында шығындар байқалады, соның ішінде әрі қарай пайдалануға жарамсыз негізгі құралдар 1 490 966 мың теңге, курстық айырмашылық бойынша 358 586 мың теңге, валюта конвертациясы нәтижесінде 9 150 390 мың теңге негізгі құралдарды қайта бағалаудан. Өнім бірлігінің өзіндік құны келесі кестеде көрсетілген:

 

Кесте 11

Өнім бірлігінің өзіндік құны

                                                                                                     мың теңге

Өнім атауы

2005 ж. өзіндік құны

Бағасы

2006 ж. өзіндік құны

Ауытқу (+,-)

1

Мұнай, тонна (шығындар)

15 112

26 487

15 247

11 240

2

Құрғақ газ, мың м3

2 939

2 496

3 070

-574

3

Қысылған газ, тонна

7 063

9 183

8 165

1 018

4

ПГФ, тонна

7 073

15 658

8 165

7 493

5

Ауыз су, м3

62,42

50,37

58,13

-7,76

Ескерту: дерек көзі – ұйымның бюджеттің атқарылуы туралы түсіндірме хаты.

 

Бюджет бойынша жалпы шығындар  2005 жылы 34 851 356 мың теңгені құраса, ал бұл көрсеткіш 2006 жылы 49 770 955 мың теңгеге артты, яғни есепті жылы шығындар 14 919 599 мың теңгеге артты.

 

Кесте 12

Мұнай және мұнай өнімдерін өндіру бойынша шығындар

                                                                                                мың теңге

Шығындар

2005 жыл

2006 жыл

жоспар

нақты

ауытқуы

1

2

3

4

5

1. Эксплуатациялық шығынар

26  755 891

37 419 221

36 907 075

-512 146

Шикізат және материалдар

3 445 724

4 353 708

4 068 163

-285 545

Жанармай

162 515

224 303

170 419

-53 884

Энергия

3 539 108

4 453 986

4 412 315

-41 669

Табиғи шикізатты пайдаланғны

үшін төлем

4 019 306

4 318 457

5 750 012

1 431 557

Өндірістік сипаттағы қызмет көлемі

 

15 589 238

 

240 687 81

 

22506166

 

-1 562 615

- жүкті тасымалдау бойынша

3 241 648

4 406 798

4 440 504

33 706

- скважиналарды жөндеу

3 210 875

3279308

3 162 897

-116 410

- негізгі құралдарды жөндеу

2 424 921

3 505 211

348 765

-17 556

- геофизикалық жұмыстар

726 523

865 494

655 756

-209 738

- өзге де қызметтер

5 985 271

12 011 971

10 759 354

-1 252 617

2.Негізгі құралдардың тозуы

2 946 809

2 893 609

4 790 852

1 897 243

3. Еңбекақы бойынша шығындар

2 505 707

4 328 570

3 902 775

-425 795

4. Салықтық төлемдер

2 573 060

3 100 429

29 81 203

-119 226

5. Өтімділік қоры

 

148 000

314 953

166 953

6. Өзге де шығындар

69 889

295 214

874 097

578 884

        Барлық шығындар

34 851 356

48 185 052

49 770 955

1 585 903

Ескерту: дерек көзі – ұйымның кірістері мен шығыстары туралы есебі.

 

 

Кезең шығындары.

              2006 жылғы кезең шығындары 44 652 076 мың теңгені құрады, ол жоспарғамен салыстырғанда  2 228 401 мың теңгеге өсті, соның ішінде баптар бойынша:

 

Кесте 13

Кезең шығындары

                                                                                                           мың теңге

Шығындар баптары

2004ж

2005ж

2006ж

1

2

3

4

5

1

Әкімшілік шығындар

1 422 402

940 917

13 95 294

2

Жалпы шаруашылық шығындары

14 253 822

11 414 916

12 224 070

 

«КМГ» ҰК серіктестік қызметтері

8 663 000

8 663 000

8 663 000

3

Өткізу бойынша шығындар

28 876 845

29 365 362

3 051 8914

4

Пайыздар бойынша шығындар

660 223

702 480

513 797

 

Шығындар, барлығы

45 213 292

42 423 675

44 652 076

Ескерту: дерек көзі – ұйымның кірістері мен шығыстары туралы есебі.

 

Әкімшілік шығындар бойынша 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда шығындар 454 377 мың теңге сомасын құрады, оның ішінде: еңбекақы төлемі юойынша шығындар 216 904 мың теңге сомасында,    транспорт бойынша 50 477 мың теңге, техникалық қызмет көрсету және байланыс бойынша   28 774 мың теңге, іс-сапар шығындары – 3 764 мың теңге, мамандарды дайындау бойынша – 3 640 мың теңге, қорғай бойынша – 5 489 мың теңге, материалдар – 67 004 мың теңге, әлеуметтік салық бойынша– 74 966 мың теңге көлемін құрайтын шығындар «ӨМГ» ӨФ филиалдарының әкімшілік құралдарын өндірістікке қайта бөлу нәтижесінде бюджет құрылымының өзгеруімен байланысты болды. Жалпы шаруашылық шығындары бойынша шығындар 809 154 мың теңгені құрады. Соның ішінде салықтық төлем 253 444 мың теңге.

              Техникалық түгендеу барысында мүлікті тіркеу бойынша кеш қол қойылған келісім шарт 79 412 мың теңге сомасын үнемдеді. Сондай-ақ, аудиторлық қызмет бойынша 116 943 мың теңгеге, банк қызметтері бойынша 14 582 мың теңгеге үнемдеу байқалады. Басқарма шешімімен еншілес ЖШС-дың күмәнді қарыздары бойынша құрылған резерв қайтарылған сомасы 2005 жылы 348780 мың теңгені құрады.

              Кендірлі аймағында өткізілген шетел инвесторларының кеңесін өткізуге арналған шығындар бойынша 2 622 085 мың теңге үнемделді, оның ішіндегі 173 830 мың теңге негізгі емес қызметтен түскен кірісте көрсетілген 30 145 мың теңге капиталдық салымдар бойынша – негізі құралдарды сатып алу, 7000 мың теңге – Ауыл қоры бойынша, 46 936 мың теңге Өзен-Тұрмыс бюджетіне.

              «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ шаруашылық және қаржылық нәтижелерін талдай келе кәсіпорынның негізгі қызметі мен табысы мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, өңдеу және оларды алыс, жақын шетелге өткізу болып табылады.

 

3.2                           «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржылық жағдайын талдау

 

      Кәсіпорынның қакржылық жағдайы оның активі мен пассиві құрамының қатынасынан көрінеді. Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі міндеті – қаржылық жағдайдың сапасын анықтау, кезең бойынша оның өзгеру себебін анықтау, кәсіпорынны төлемқабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын жақсарту бойынша ұсыныстарын дайындау. Бұл мәселелер абсолютті және қатысты көрсеткіштердің динамикасын зерттеу негізінде шешіледі./18. 263б./

              «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ мүліктік жағдайын бағалау.

Кәсіпорын қарамағындағы шаруашылық құралдар сомасы. Бұл көрсеткіш кәсіпорын жалпы көлемінің жиынтық құнын бағалауға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпорын балансы құрамындағы активтерді есепті бағалау, оның нарықтық бағамен сәйкес келуі міндетті емес. Динамикадағы бұл көрсеткіш өсімі кәсіпорынның мүліктік потенциалының өсуін білдіреді.

Негізгі құралдардың тозу коэффиценті. Бұл көрсеткіш өткен жылдарда бастапқы құнымен шығынға шығарылған негізгі құралдардың үлестік құнын көрсетеді:

2004 жыл:   63087 / 233068 = 0,27

2005 жыл:  137125 270786 = 0,50

2006 жыл:  200212 / 213819 =  0,93

              2004 жыл негізгі құралдардың тозуы 21% құрап, сәйкесінше жарамдылық деңгейі 79% құрады, ал 2005 жылы негізгі құралдардың тозуы 50% дейін өсіп, жарамдылық 50%, 2006 жылы тоған негізгі құралдар 93% құрап, кәсіпорын құралдарынның өте нашар жағдайда екенін көрсетеді.

 

Кесте 14

«ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ мүліктік жағдайын бағалау

                                                                                                     мың теңге

Коэффицент атауы

Формуласы

2004жыл

2005жыл

2006жыл

1

2

3

4

5

Кәсіпорын қарамағындағы шаруашылық құралдар сомасы.

Баланс нәтижесі

159588001

178622652

178999888

Негізгі құралдардың тозу коэффиценті

НҚ тозуы / НҚ бастапқы құны

0,27

0,50

0,93

Мобильді және иммобильді құралдардың арақатынасы коэффиценті.

Ағымдық активтер / ұзақ мерзімді активтер

0,29

0,33

0,17

Негізгі құралдардың нақты құны коэф.

НҚ қалдық құны / актив барлығы

0,75

0,72

0,81

Негізгі құралдардың активті бөлігі үлесі.

НҚ активті бөлігі құны / НҚ құны

0,23

0,27

0,28

     Мобильді және иммобильді құралдардың арақатынасы коэффиценті. Бұл коэффицент 1 теңге айналымнан тыс активтерге қанша көлемде ағымдық активтер келетінін көрсетеді.

2004 жыл:  36013118 / 123574883 = 0,29

2005 жыл: 44877967 / 133744685 = 0,33

2006 жыл:  26892288 / 152107600 = 0,17

Негізгі құралдардың нақты құны коэффиценті.

2004 жыл:  120284581 / 159588001 = 0,75

2005 жыл:  128900493 / 178622652 =  0,72

2006 жыл:  145172375 / 178999888 = 0,81

              Негізгі құралдардың активті бөлігінің үлесі. Бұл коэффицент өндірістік-техникалық процеске қатысатын активтердің негізгі құралдардың қандай бөлігін құрайтындығын кғөрсетеді. «Негізгі құралдардың активті бөлігі» түсінігіне машиналар, құрал-жабдықтар және көлік құралдары жатады. Бұл коэффицент өсімі жағымды нәтижені береді.

2004 жыл:  28206600 / 120284581 = 0,23

2005 жыл:  35151898 / 128900493 = 0,27

2006 жыл: 40916912 / 145172375 = 0,28

Талдау жүргізген кезең бойынша кәсіпорынның мүліктік потенциалы          19 411 887 мың теңгеге өскені кәсіпорындағы жағымды жағдайды білдіреді.

              «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ төлем қабілеттілігін бағалау.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның тұрақтылығының сыртқы көрсеткіші ретінде ұсынылады, оның негізі болып айналым активтерін қалыптастырудың ұзақ мерзімді көздермен қамтамасыз етілуі болып табылады. Ағымдық төлем қабілеттіліктің жоғары немесе төмен болуы айналым активтерінің ұзақ мерзімді көздермен көп немесе аз қамтамасыз етілуімен негізделеді.

 

Кесте 15

«ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ төлем қабілеттілігін бағалау

                                                                                                             мың теңге

Коэффицент атауы

Есептеу формуласы

2004ж

2005ж

2006ж

Ұсын

Мәні

1

2

3

4

5

6

Менікті айналым капиталының көлемі

Ағымдық активтер - ағымдық міндеттемелер

21 746666

 

36 366971

 

19 607661

 

 

Меншікті айналым құралдарының маневрлілігі

Ақша қаражаттары/ ФК

0,09

 

0,02

 

0,32

 

 

Ағымдық өтімділік коэффиценті

Ағымдық активтер / ағымдық міндеттемелер

2,52

 

3,69

 

5,27

 

2,0

Абсолютті өтімділік коэффиценті

Ақша қараж. / ағымд. Міндеттемелер

0,14

 

1,39

 

0,07

 

0,2

 

 

15 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

Активтегі айналым құралдарының үлесі (активтің мобильділік коэффиценті)

Ағымдық активтер / барлық активтер

0,15

 

0,25

 

0,22

 

 

Ағымдық активтердегі ТМҚ үлесі

ТМҚ / ағымдық активтер

0,28

 

0,26

 

0,37

 

 

ТМҚ өтеудегі меншікті айналым құралдарының үлесі

(ағымдық активтер-ағымд.міндеттеме лер) / ТМҚ

2,12

 

3,06

 

1,95

 

 

ТМҚ өтеу коэффиценті

(мен. Кап+ ұз.мерз. міндет+қысқ.нес + төлеуге арн.шоттар мен век+алынған аванстар-ұз.мерз.актив)/ТМҚ

 

 

 

 

Төлемтқабілет-тіліктің жалпы көрсеткіші

(ақ.қар+0,5деб.қарыз+0,3ТМЗ)/(қыс. мер.қарыз+0,5банк несие+0,3ұз.мерзм.несие және займ-дар+бол.кезең кірістері)

2,12

 

3,12

 

1,95

 

 

Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффиценті

Менш. Капитал-ұз.мерз. активтер/айналым қаражаттары

4,12

 

13,4

 

6,24

 

кем емес немесе тең 0,1

 

              Меншікті айналым капиталының көлемі (функционалдық капитал). Бұл көрсеткіш кәсіпорынның ағымдағы активтерінің көзі болып табылатын меншікті капитал бөлігін білдіреді. Ол актив құрылымынан, сондай-ақ қаражаттар көздерінің құрылымына байланысты есепті көрсеткіш болып табылады. Өзге де жағдайларда бұл көрсеткіштің өсімі жағымды жағдай ретінде қарастырылады. Меншікті айналым қаражатының негізгі көзі пайда болып табылады.

2004 жыл :   36013118-14266452=21746666

2005 жыл :   44877967-8510996=36366971

2006 жыл :   26892288-7284627=19607661

              2004 жылы функционалдық капиталдың көлемі 21746666 мың теңгені құрап, кәсіпорынның ағымдық қызметін қаржыландыруға меншікті айналым қаражатының жеткілікті көлемде болғанын көрсетеді. 2005 жылы жағдай жақсара түсіп, меншікті айналым қаражатының көлемі 36366971 мың теңгеге өсті. Ал 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 16759310 мың теңгеге азайып, 19607661 мың теңге құрағанын көреміз.

              Негізгі айналым құралдарының маневрлілігі (маневренность). Меншікті айналым құралдарының ақша қаражаттары формасында болатын бөлігін көрсетеді, яғни абсолютті өтімді қаражаттарды білдіреді. Қалыпты қызмет атқаратын кәсіпорын үшін бұл көрсеткіш 0-1 аралығында өзгереді, алайда өзге де жағдайлар болуы мүмкін.

2004 жыл :   2098041/21746666=0,09

2005 жыл :   11890868/36366971=0,32

2006 жыл :   518798/19607661=0,02

              Ағымдық өтімділік коэффиценті. Кәсіпорынның жалпы өтімділігін бағалайды, 1 теңге ағымдық міндеттемеге неше теңге айналым қаражатының (ағымдық активтердің) келетіндігін анықтайды. Оның өсімі жағымды жағдай ретінде қарастырылады.

2004 жыл :   36013118/14266452=2,52

2005 жыл :   44877967/8510996=5,27

2006 жыл :   26892288/7284627=3,69

              Үш жыл көрсеткіші бойынша кәсіпорынның өтімділігінің жақсы жағдайда екенін көреміз. Нәтижелердің ұсынылған мәннен жоғары болуы кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша толық есеп айырысу мүмкіндігінің барын көрсетеді.

              Жылдам өтімділік коэффиценті. Мағынасы бойынша ағымдық өтімділік коэффицентіне ұқсас. Алайда, айналым активтерінің есебінен ең өтімсіз бөлігі - өндірістік запастар есептелмейді.

2004 жыл :   (2098041+669808)/14266452=0,19

2005 жыл :   (11890868/2082158)/8510996=1,64

2006 жыл :   (518798+4230158)/7284627 = 0,65

              Кәсіпорынның 2004 жылы ағымдық міндеттемелерді 19 % ғана төлеу мүмкіндігі болды, алайда 2005 жылы жағдай жақсарып кәсіпорынның ұсынылған мәннен артық деңгейде болуы кәсіпорынның ағымдық міндеттемелерін толық өтеуіне мүмкіндігінің жоғары екндігін көрсетеді. Ал 2006 жылы көрсеткіштің күрт төмендеуі байқалады.

              Абсолютті өтімділік коэффиценті. Қысқа мерзімді қарыздық міндеттемелердің қандай бөлігінің қажет жағдайда қолда бар қаражаттар есебінен өтелетіндігін көрсетедіү.

2004 жыл :  2098041/14266452=0,14

2005 жыл :  11890868/8510996=1,39

2006 жыл :  518798/7284627=0,07

              Ұсынылатын мән бойынша кәсіпорын 3 жыл бойы қамтыған жоқ, алайда жағдайдың 2005 жылы жақсарғанын көреміз, 2006 жылы бұл көрсеткіштің мүлдем нашарлағанын байқаймыз.

              Активтердің мобильділік коэффиценті (айналым құралдарының активтегі үлесі).

2004 жыл :  30013118/159588001=0,22

2005 жыл :  44877967/178622652=0,25

2006 жыл :  26892288/178999888=0,15

              Айналым активтерінің көлемінен айналымнан тыс активтер көлемі басымырақ екені байқалады. Айналым активтері 2004 жылы 22 %, 2005 жылы 25 %, 2006 жылы 15 % құрады.

              Ағымдық активтердегі ТМЗ үлесі.

2004 жыл :  10219409/36013118=0,28 %

2005 жыл :  11846653/44877967=0,26 %

2006 жыл :  10048498/26892288=0,37 %

              ТМҚ өтеудегі меншікті айналым құралының үлесі. Меншікті айналым құралдарымен өтелетін запастар құнын көрсетеді. Бұл көрсеткіш бойынша ұсынылатын төменгі шек 50 %

2004 жыл :  (36013118-14266452)/10219409=2,12

2005 жыл :  (44877967-8510996)/11846653=3,06

2006 жыл :  (26892288-7284627)/10048498=1,95

              ТМҚ өтеу коэффиценті.

2004 жыл :  (132141026+13180523+0+0)-123574883)/10219409=2,12

2005 жыл :  (157809253+12302403+0+704537-133744685)/11846653=3,12

2006 жыл :  (155946332+15768929+0+0-152107600)/10048498=1,95

              Төлемқабілеттіліктің жалпы көрсеткіші. Кәсіпорын бойынша бұл көрсеткіш 2005 жылы жоғары, ал 2004,2006 жылдары төмен деңгейде болып келесіні құрайды:

2004 жыл :  (2098041 + 0,5 * 82971+0,3 * 10219409) / (818038 + 0,5+ 0,3 * 1483094 + 0 )=4,12

2005 жыл :  (11890868 + 0,5 *108795+0,3*11846653) / (712913 +0,5+0,3* 1481012+0)    =   13,4

2006 жыл :  (518798+0,5*108795+0,3*10048498) / (694623 +0,5+0,3*0+0) =6,24

              Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффиценті.

2004 жыл :  132141026-123574883/2098041=4,08

2005 жыл :  157809253-133744685/11890868=2,09

2006 жыл :  155946332-152107600/518798=7,4

              Осылайша, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігі жағдайы 3 жыл бойы жақсы жағдайда болғанын көреміз.

              «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржылық тұрақтылығын бағалау.

              Меншікті капиталдың шоғырлану коэффиценті. Кәсіпорын басшыларының жалпы қаражаттар сомасындағы меншікті қаражаттар үлесін көрсетеді. Бұл коэффиценттің мәні қаншалықты жоғары болса, соншалықты кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты және қалыпты , кредиторларға тәуелсіз болады.

2004 жыл :  132141026/159588001=0,8

2005 жыл :  157809253/178622652=0,9

2006 жыл :  155946332/178999888=0,9

              Талдау жүргізілген барлық уақыт бойынша  меншікті капиталдың баланс пассивінің біршама бөлігін құрайтындығын көреміз, яғни 2004 жылы 80%, 2005 жылы  90%, 2006 жылы  90% болды.

 

Кесте 16

«ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржылық тұрақтылығын бағалау

                                                                                                              мың теңге

Коэффицент атауы

Есептеу формуласы

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

Ұс.мә-ні

1

2

3

4

5

6

Меншікті капиталдың шоғырлану коэфф.

Меншікті капитал/баланс жиыны

0,8

0,9

0,9

0,6

Қаржылық тәуелділік коэфф.

Баланс жиыны/ меншікті капитал

1,2

1,1

1,1

 

Тартылған капиталдың шоғырлану коэфф.

Тартылған капитал/ баланс жиыны

0,2

0,1

0,1

0,2-0,5

Ұз.мерз.салымдар құрылымы коэфф.

Ұзақ мерз . міндеттемелер / негізгі қаражаттар

0,10

0,08

0,09

 

Қарыз-қаражаттарын ұз.мерз.тарту коэфф.

Ұз.мерз.міндеттемелер / (ұз.мерз.мінд. + меншікті капитал)

0,05

 

0,07

 

0,09

 

 

Тартылған және менш.капитал арақатынасы коэфф.

Тартылған капитал/ меншікті капитал

0,2

 

0,1

 

0,1

 

 

0,2-0,5

 

              Қаржылық тәуелділік коэффиценті. Бұл коэффицент меншікті капиталдың меншікті капиталдың шоғырлану коэффицентіне кері көрсеткіш болып табылады. Көрсеткіштің динамикадағы өсімі кәсіпорынды қаржыландырудағы қарыз-қаражаттары үлесінің өсімін білдіреді. Егер оның мәні 1-ге дейін кемитін болса, бұл кәсіпорын басшылығының өз кәсіпорынын толық қаржыландыратынын көрсетеді.

2004 жыл :  159588001 / 132141026=1,2

2005 жыл :  178622652 / 157809253=1,1

2006 жыл : 178999888 / 155946332=1,1

              Тартылған капиталдың шоғырлану коэффиценті.

2004 жыл :  (13180523+14266452)/159588001=0.2

2005 жыл :  (12302403+8510996)/178622652=0.1

2006 жыл :  (15768929+7284627)/178999888=0.1

              Ұзақ мерзімді салымдарды өтеу құрылымының коэффиценті. Бұл көрсеткішті есептеу, ұзақ мерзімді ссудалар мен займдар, негізгі құралдарды қаржыландыруда пайдалу негізінде. Коэффицент негізгі құралдардың қандай бөлігі сыртқы инвесторлармен қаржыландырылатынын көрсетеді.

2004 жыл :  13180523/130728167=0,10

2005 жыл :  12302403/144498743=0,08

2006 жыл :  15768929/165343718=0,09

Ұзақ мерзімді тартылған қарыз-қаражаттарының коэффиценті. Динамикадағы бұл коэффиценттің өсімі жағымсыз әсер етеді.Себебі, кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму тұрғысынан кәсіпорынның сыртқы инвесторларға тәуелділігінің артуын білдіреді. Көптеген компанияларда оның мәні 26%-40% (50% төмен) аралығында.

2004 жыл :  13180523/(13180523+132141026)=0,05

2005 жыл :  12302403/(12302403+157809253)=0,07

2006 жыл :  15768929/(15768929+155946332)=0,09

              Жоғарыда келтірілген есептеуден көретініміздей, кәсіпорында ұзақ мерзімді қарыз-қаражатын тартуда қажеттілік жоқ.

              Тартылған және меншікті капиталдың арақатынасы коэффиценті. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына жалпы баға береді. Оның динамикасындағы өсімі кәсіпорынның сыртқы инвесторлармен кредиторларға тәуелділігін арттырып, қаржылық тұрақсыздығын көрсетеді.

2004 жыл :  27446975/132141026=0,2

2005 жыл :  20813399/157809253=0,1

2006 жыл :  20053556/155946332=0,1

              Талдау бойынша анықталған жылдарда кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты, қалыпты және сыртқы кредиторларға тәуелді емес.

              «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ іскерлік белсенділігін бағалау.

              Қаржылық аспектідегі кәсіпорынның іскерлік белсенділігі, ең бастысы оның құралдарының айналу жылдамдығынан көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорын қызметіндегі қаржылық нәтижелердің қатысты көрсеткіштері болып табылатын түрлі қаржылық коэффиценттердің динамикасы мен деңгейін зерттеуге негізделеді.

              Қор қайтарымдылығы. Бұл коэффицент негізгі құралдарға салыгған 1 теңгеге қанша теңге өнімді өткізуден түскен түсім келетіндігін көрсетеді.                                     Өзге де жағдайларда динамикадағы көрсеткіштің өсімі жағымды өсім ретінде қарастырылады.

2004 жыл : 123843438/130728167=0,9

2005 жыл : 134428254/144498743=0,9

2006 жыл : 173392204/165343718=1

              Дебиторлық қарыз айналымдылығы (айналым бойынша). Деиторлық қарыз айналым жылдамдығын көрсетеді.

2004 жыл : 123843438/26351891=4,7

2005 жыл : 134428254/24875866=5,4

2006 жыл : 173392204/22208412=7,8

              Күн бойынша (дебиторлық қарызды өтеудің орташа уақытын білдіреді). Бұл көрсеткіштің өсімі жағымсыз жағдай ретінде қарастырылады.

2004 жыл : 360/4,7=77

2005 жыл : 360/5,4=67

2006 жыл : 360/7,8=46

             

 

 

Кесте 17              

«ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ іскерлік белсенділігін бағалау

 

Коэффицент атауы

Есептеу формуласы

2004ж.

2005ж.

2006ж.

1

2

3

4

5

Қор қайтарымдылығы

өнімді өткізуден түскен табыс / негізгі құралдар

0,9

0,9

1

Дебиторлық қарыз айналымдылығы (айналымда) (А)

өнімді өткізуден түскен табыс / дебиторлық қарыз

4,7

5,4

7,8

Дебиторлық қарыз айналымдылығы (күн бойынша) (А1)

360 / А

77

67

46

ТМҚ айналымдылығы (айналымда) (В)

өзіндік құн / ТМҚ

11,8

10,9

14,6

ТМҚ айналымдылығы (күн бойынша) (В1)

360 / В

30

33

24

Кредиторлық қарыз айналымдылығы (күн бойынша) (С)

Кредиторлық қарыз*360 / өзіндік құн

38

20

18

Операциондық цикл ұзақтығы (күн бойынша) (Д)

А1 +В1

107

100

70

Қарж/қ цикл ұзақтығы

Д – С

69

81

53

Дебиторлық қарызды өтеу коэффиценті

Дебиторлық қарыз / өнімді өткізуден түскен табыс

0,21

0,18

0,13

Капитал айналымдылығы

өнімді өткізуден түскен табыс / капитал

0,94

0,85

1,1

 

              ТМҚ (тауарлы-материалды запастар) айналымдылығы. Айналым бойынша:

2004 жыл : 120517649/10219409=11,8

2005 жыл : 129171279/11846653=10,9

2006 жыл : 145386194/10048498=14,6

              Күн бойынша ТМЗ айналымдылығы:

2004 жыл : 360/11,8=30

2005 жыл : 360/10,9=33

2006 жыл : 360/14,6=24

              Кредиторлық қарыз айналымдылығы (күн бойынша). Кәсіпорын қарыздарының орташа қайтарылу уақытын көрсетеді.

2004 жыл : 12754196*360/120517649=38

2005 жыл : 6905060*360/129171279=20

2006 жыл : 7159704*360/145386194=18

              Операциондық цикл ұзақтығы (күн бойынша):

2004 жыл : 76,5+30=107

2005 жыл : 66,6+33=100

2006 жыл : 46,1+24=70

              Қаржылық цикл ұзақтығы (күн бойынша):

2004 жыл : 106,5 38 =69

2005 жыл : 99,6 – 19,2=81

2006 жыл : 70,1 17,7=53

              Дебиторлық қарызды өтеу коэффиценті:

2004 жыл : 26351891/123843438=0,21

2005 жыл : 24875866/134428254=0,18

2006 жыл : 22208412/173392204=0,13

              Капитал айналымдылығы. Кәсіпорынның барлық капиталының айналым уақытын көрсетеді. Берілген көрсеткіштің өсімі кәсіпорын құралдарының айналымының жеделтетілуін немесе инфляциялық өсуді білдіреді.

2004 жыл : 123843438/132141026=0,94

2005 жыл : 134428254/157809253=0,85

2006 жыл : 173392204/155946332=1,1

              Күн бойынша:

2004 жыл : 360/0,94=382

2005 жыл : 360/0,85=423

2006 жыл : 360/1,1=327

              2006 жыл бойынша кәсіпорындағы дебиторлық қарыз және ТМЗ қайтарымдылық уақыты  сәйкесінше 46 және 24 күнді құрайды. Кредиторлық қарыз айналымдылығы операциялық қызметке қарағанда тым төмен қайтарым күндерін құрайды.              Жалпы алғанда, кәсіпорын өз ақша қаражаттарын тиімді пайдалануда.

 

2.3 Ақша қаражаттары ағымын басқаруды талдау

 

              Ақша ағымын талдаудың мақсаты бұл – ең бастысы, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен кірістілігін талдау. Оның негізгі қызметі, операциялық (ағымдық) қызметтен түскен ақша қаражатының есебі.

Ақша ағымы кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыру деңгейін, сондай-ақ оның қаржылық күшін, қаржылық жағдайын, кірістілігін білдіреді /19,245б./.

Кәсіпорынның жақсы қаржылық жағдайы көбіне міндеттемелерді жабуға мүмкіндік беретін ақша қаражаттары ағымына байланысты. Минималды қажетті көлемдегі ақша қаражаттары қорының болмауы қаржылық келеңсіздіктерді көрсетеді. Ақша қаражаттарының жетіспеушілігі кәсіпорынның шығынға ұшырауының белгісі болып табылады.

Ақша ағымын талдау кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудағы басты кезең болып табылады, себебі оның көмегімен кәсіпорынның өз ақша қаражаттарын ұйымдастыра білу қабілеттілігін анықтауға болады. Яғни, кез-келген уақытта кәсіпорында қажетті ақша қаражатының болуы негізінде ұйымдастырылуы тиіс.

Ақша ағымын талдауды Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп арқылы жүргізген ыңғайлы. Халықаралық IAS7 стандартына сәйкес бұл есеп беру қаражаттарды пайдалану көздері және бағыттары бойынша емес, кәсіпорынның қызмет аясы – операциялық, қаржылық, инвестициялық бойынша қалыптасады. Ол ақша ағымын талдаудың басты көзі болып табылады /5, 473б./.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп ұйым басқармасы, сондай-ақ инвесторлар мен кредиторлар үшін маңызды ақпарат болып табылады. Ол ұйымның ағымдық, инвестициялық және қаржылық қызметінің оның  ақша қаражатына әсерін көруге, анықталған кезең бойынша оның өзгерісін қарауға мүмкіндік береді.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептің құраушы бөліктері болып ұйымның қаржылық, инвестициялық және ағымдық қызметі резервіндегі ақша қаражатының келіп түсуі мен жұмсалуы табылады.

Ағымдық қызмет ақша қаражатының ұйымның пайдасы көлеміне әсерін тигізетін шаруашылық операциялар қаражаттарын көрсетеді. Бұл категорияға тауарларды сату- сатып алу(қызмет көрсету), несие бойынша пайыздарды  төлеу,еңбекақы төлеу, салықтық аударымдар тәрізді операциялар жатады.

Инвестициялық қызмет түсінігіне негізгі құралдарды, бағалы қағаздарды сатып алу немесе шығару, несие беру кіреді.

Қаржылық қызмет өзіне компания қызметі үшін қаражаттарды меншік иелерінен алу және оны қайтару, сатып алынған акциялар бойынша операцияларды және өзгелерді қосады.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі келесілерді көрсетеді:

      кәсіпорынның ағымдық қызмет нәтижесіндегі ақша қаражатын анықтау;

      кәсіпорынның инвестициялық қызметі нәтижесіндегі ақша қаражатын анықтау;

      кәсіпорынның қаржылық қызметі нәтижесіндегі ақша қаражатын анықтау.

Бұл үшін баланс көрсеткіштері мен кіріс және шығыс туралы есеп қолданылады. Кіріс және шығыс туралы есеп беру- талданып отырған уақыттағы кәсіпорын қызметінің қаншалықты пайдалы болғанын көрсетеді. Алайда, ол кәсіпорынның ағымдық, қаржылық, инвестициялық қызметіндегі ақша қаражатының келіп түсуі мен шығуын анықтай алмайды.

Шығындар мен пайда есебі аударымдар әдісі бойынша, яғни ақша қаражаттарының келіп түсуі/ шығуынан бастап емес, кірістер/шығыстардың пайда болу уақытынан бастап есептеледі.Ақша  қаражатының қозғалысын анықтау үшін пайда және шығындар туралы есепті трансформациялау қажет.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті құрмас бұрын, ең бастысы баланстың қандай бабы кемінде екі кезең барысында ақша ағымын қалыптастыру көзі болып табылды және қандай бап шығынға ұшыратқанын  анықтау қажет. Бұл кәсіпорынның тұтыну және тұтыну қоры көздерін көрсететін кестелер көмегімен анықталады.Алдымен, әрбір баланс бабының өзегрісі қаралады, содан кейін берілген өзгеріс келесі ержелерге байланысты  ақша қаражатының тұтыну  немесе қалыптасу көздеріне жататындығы анықталады:

                        қолма-қол ақшаның бар екендігін анықтайтын негізгі көрсеткіш  «міндеттемелерге» немесе «меншікті капиталға» қатыстс кез-келген баптың өсуі болып табылады;

                        сондай-ақ, кез-келген актив шотының кемуі ақша ағымының қалыптасу көзі болып табылады (айналымнан тыс активтерді сату немесе қорлардың азаюы).

Тұтыну:

            Ақша қорларын тұтыну «міндеттемелер» немесе «меншікті капитал» қатысты кез-келген шоттың азаюын көрсетеді.Бар қорларды тұтыну мысалына несиелерді жабуды жатқызамыз;

            Баланстың активті бабының кез-келген  өсімі.Cash flow пайдалану мысалына запастардың қалыптасуы, айналымнан тыс активтерді сатып алу жатады.

 

Кесте 18

 

«ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

 

Атауы

2008, мың тг.

Үлес салм,%

2009, мың тг.

Үлес салм,%

2010, мың

тг.

Үлес салм,%

1

2

3

4

5

6

7

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы

Ақша түсімі

Өнімді өткізу

Алынған аванстар

Сыйақылар

Өзге де түсімдер

Ақша шығысы

Жеткізушілер мен мердігерлер төлемдері

Берілген аванстар

Еңбекақы бойынша төлемдер

Бюджетпен есеп айырысу

Займдар бойынша сыйақылық төлемдер

Өзге де төлемдер

Операциялық қызмет нәтижесіндегі ақшаның өсімі

 

 

 

 

 

 

 

53544700

51711216

1014186

65028

754270

38135542

8650861

 

1789286

10269087

 

14138885

1843992

 

1443431

15409158

 

 

 

 

100,0

96,6

1,9

0,1

1,4

100,0

22,7

 

4,7

26,9

 

37,1

4,8

 

3,8

 

 

 

 

 

63515990

60903860

1290662

84467

1237001

42562684

8297735

 

958417

11925495

 

16802493

1736930

 

2841614

20953306

 

 

 

 

100,0

95,9

2,0

0,1

1,9

100,0

19,5

 

2,3

28,0

 

39,5

4,1

 

6,7

 

 

 

 

 

 

73835975

69631567

2794968

122435

1287005

52691826

12060914

 

931724

14390388

 

20966252

1295794

 

3046754

21144149

 

 

 

 

100,0

94,3

3,8

0,2

1,8

100,0

22,9

 

1,8

27,3

 

39,8

2,5

 

5,8

 

18 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы

Ақша түсімі

Негізгі құралдарды сату

Қаржылық активтерді сату

Өзгелер

Ақша шығысы

Материалдық емес активтерді алу

Негізгі құралдарды алу

Өзге ұзақ мерзімді активтерді алу

Қаржылық активтерді алу

өзге де төлемдер

Инвестициялық қызмет нәтижесіндегі ақшаның азаюы                  

 

 

                                           

 

 

 

 

88217

63455

24762

 

14973979

178815

 

10894405

2331796

 

1568571

392

 

- 14885762

 

 

 

 

 

 

 

100,0

71,9

28,1

 

100,0

1,2

 

72,8

15,6

 

10,5

0,0

 

 

 

 

 

151225

105520

45705

 

15114190

99701

 

11137395

1594154

 

1309783

973157

 

-14962965

 

 

 

 

100,0

69,8

30,2

 

100,0

0,7

 

73,7

10,5

 

8,7

6,4

 

 

 

 

1344864

14815

 

1330049

18864872

401791

 

14877364

2128321

 

5050

752346

 

-16820008

 

 

 

 

100,0

1,1

 

98,9

100,0

2,2

 

81,9

11,7

 

0,0

4,1

 

Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы

Ақша түсімі

Акция және өзге де бағалы қағаздар эмиссиясы

Займдарды алу

Ақша шығысы

Займдарды өтеу

Дивидендтерді төлеу

өзге де төлемдер

Қаржылық қызмет нәтижесіндегі ақшаның азаюы

 

 

 

 

8448129

855808

 

17592321

19321618

15933532

1693391

1694695

 

-873489

 

 

 

 

100,0

4,6

 

95,4

100,0

82,5

8,8

8,8

 

 

 

 

34919076

 

 

34919076

40458576

34008544

2825566

3624466

 

-539500

 

 

 

 

100,0

 

 

100,0

100,0

84,1

7,0

9,0

 

 

 

 

 

15253337

 

 

15253337

19276323

15966867

3309456

 

 

-4022986

 

 

 

 

100,0

 

 

100,0

100,0

82,8

17,2

 

 

Ақшаның артуы (кемуі)

Есепті кезең басындағы ақшалар

Есепті кезең соңындағы ақша

-350093

2143834

 

1793741

 

450841

1793741

 

2244582

 

301155

2244582

 

2545737

 

Ескерту: дерек көзі – ұйымның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі.

 

 

 

 

Сурет 4. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ 2004 жылғы ақша ағымдары

 

              Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті талдау көрсеткендей:

              Операциялық қызмет бойынша жалпы ақша түсімі шығыстан асып түсті, яғни талданып отырған кезең бойынша ақша қаражаттарының өсімі байқалады. 2004 жылды қарастыратын болсақ: ақша қаражаттарының түсімі негізінен өнімді өткізуден түскен түсім есебінен (96,6%), алынған авнстар, сыйақылар тәрізді өзеге де түсімдер көп емес (олар 1,9%; 0,1%; 1,4%). Ақша қаражаттарының шығысы негізінен үш бап есебінен: бюджетпен есеп айырысу (37,1%), еңбекақы (26,9%) және жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу (22,7%) болып отыр. өзге баптар бойынша шығыс үлесі көп емес және бірдей: займдар бойынша сыйақылар төлеу (4,8%), берілген аванстар (4,7%) және өзге де төлемдер (3,8%). Жалпы алғанда 2004 жыл бойынша операциялық қызмет нәтижесіндегі ақша қаражаттарының өсімі 15409158 мың теңгені құрады.

              2005 жылдағы операциялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының қозғалысын қарастыратын болсақ: ақша қаражаттарының түсімі 2004 жыл тәрізді негізгі өнімді өткізуден түскен түсім есебінен болып отыр (95,9%), өзге де баптар бойынша жағдай өзгеріссіз қалып отыр. Ақша қаражатының шығысы  да 2004 жылдағы баптар негізінде болды: негізгі үлес -  бюджетпен есеп айырысу (39,5%), еңбекақы бойынша есеп айырысу (28%) және жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу (19,5%). Берілген аванстар үлесі 2004 жылмен салыстырғанда екі есе азайып, 2,3%  құрады, займдар бойынша сыйақылар төлемінің үлес салмағы (4,1%), ал өзге де төлемдер (6,7%) өсті. Жалпы алғанда 2004 жыл бойынша операциялық қызмет бойынша ақша қаражатының өсімі 20 953 306 мың теңгені құрады. 2004 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5 544 148 мың теңгеге өсті, бұл кәсіпорын үшін жағымды жағдай болғанын көрсетеді.

              2006 жыл: түсімдер бойынша негізгі үлесті бұрынғыша негізгі өнімді өткізуден түскен түсім (94,3%), алынған аванстар үлесінің өсімі байқалады (3,8%), қалған баптар өзгеріссіз қалды деп айтуға болады. Шығыстың көп бөлігін бюджетпен есеп айырысу бабы құрайды (39,8%), сәл азырақ – еңбекақы бойынша есеп айырысу (27,3%) және жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу (22,9%) құрады. Өзге де баптар үлесі шамалы. Операциялық қызмет нәтижесіндегі ақша қаражаттарының өсімі 21 144 149 мың теңгені құрады.

 

             

 

Сурет 5.  2005 жылғы «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ ақша ағымдары

 

Талданған жылдарда инвестициялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының азаюы байқалады, толығырақ қарастыратын болсақ:

2004 жылы: ақшалай түсімдер негізінен негізгі құралдарды сату есебінен болды (71,9%), қаржылық активтерді сатудан (28,1%) құрады. Ақша қаражаттарының шығысы негізгі құралдарды алудан (72,8%), қалған баптар үлесі: өзге де ұзақ мерзімді активтерді алу 15,6%; қаржылық активтерді алу 10,5%; материалды емес активтерді алу 1,2%. Жалпы алғанда инвестициялық қызмет нәтижесінде ақша қаражаттарының азаюы 2004 жылы 14885762 мың теңгені құрады.

2005 жылы: түсімдер құрылымы өзгерген жоқ, өткен жылдағыдай негізгі құралдарды сату бабы шамамен 70% құрап, нақты (69,8%), ал қаржылық активтерді сату бабы – 30,2% құрады. Ақша қаражаттарының шығуына байланысты жағдай өткен жылмен салыстырғанда өзгерді. Негізгі құралдарды алу бабының үлес салмағы (73,7%) өсті, ал қалған баптардың үлесі азайды: өзге де ұзақ мерзімді активтерді алу 10,5%; қаржылық активтерді алу 8,7%; материалды емес активтерді алу 0,7%; алайда өзге де төлемдер үлесі біршама өсті және 6,4% құрады. Қорытындылай келе 2005 жылы инвестициялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының азаюы 14962965 мың теңгені құрады. Ол өткен жылмен  салыстырғанда өзгергені байқалады.

2006 жыл: ақша қаражаттарының түсімі бар болғаны 1,1% негізгі құралдарды сатудан және 98,9% өзге көздер бойынша болды. Қаржылық активтерді сату жүзеге асырылған жоқ. Ақша қаражаттарының шығысы негізгі құралдарды алудан (81,9%) және өзге ұзақ мерзімді активтерді алудан (11,7%). өзге баптар үлесі шамалы деңгейде. 2006 жылы инвестициялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының азаюы 16820008 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ, қаржылық қызмет бойынша талданып отырған кезеңдерде ақша қаражатының кемуі байқалады. 2004 жыл: ақша қаражаттарының түсімі негізінен алынған займдар есебінен болды (95,4%), ал қалған аз бөлігін акция және өзге бағалы қағаздар эмиссиясы құрады. Ақша қаражаттарының шығуында көп бөлікті займдарды өтеу бабы алады (82,5%), мұнда алынған және өтелген займдардың ақшалай қатынасының ұқсас екендігін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, ақша қаражатының шығысы дивидендтерді төлеу және өзге де төлемдер бойынша бірдей (8,8%) көлемде болды. Жалпы алғандағы қаржылық қарекет бойынша 2004 жылғы ақша қаражатының азаюы 873489 мың теңгені құрады.

2005 жылы: ақша қаражаттарының түсімі тек қана алынған займдар бойынша болды, ал акция және өзге де бағалы қағаз эмиссиясы жүргізілген жоқ. Ақша қаражаттарының шығуы 2004 жыдағыдай негізінен займдарды өтеу бабы есебінен (84,1%) болды. Төленген дивидендтер және өзге де төлемдер үлесі өзгеріссіз қалды: 7% және 9%. Қаржылық қарекет бойынша ақша қаражаттарының азаюы 5539500 мың теңгені құрады, оның өткен жылмен салыстырғанда өскені байқалады.

2006 жыл: Өткен жылдарда көрсетілгендей ақша қаражаттары алынған займдар есебінен болды. Шығыста негізгі үлесті займдарды өтеу бабы (82,8%), дивидендтерді төлеу бойынша бап 17,2% құрады. Қаржылық қызмет нәтижесіндегі ақша қаражаттарының азаюы 4022986 мың теңгені құрады.

 

             

  

    

 

Сурет 6. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ 2006 жыл бойынша ақша ағымдары

 

Үш жыл қорытындысын салыстыратын болсақ: 2004 жылы ақша қаражаты қозғалысы нәтижесінде анықталған қызмет түрлері бойынша ақшаның кемуі (3500963 мың теңге) байқалады, бұл әрине кәсіпорын үшін жағымсыз жағдай. Алайда 2005 жылы ақша қаражаттары 450841 мың теңгеге өсті. Бұл кәсіпорынның 2005 жылы 2 есе көп займ алуымен байланысты. 2006 жылы ақша қаражаттарының қозғалысы қорытындысында барлық қарекет түрлері бойынша ақшаның 301155 мың теңгеге өсуі байқалады. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда ақша қаражаттарының өсуінің көп көлемін құрамайды.

2006 жыл бойынша түсімдер мен шығыстарды анықтап қарастырған жөн. Көрнекті болу үшін диаграмма құрастырайық:

 

             

 

Сурет 7. 2006 жыл бойынша акша қаражаттарының түсімі

 

Диаграммадан көріп отырғанымыздай, түсімдердің ең көп бөлігін операциялық қызмет (82%) құрайды, қаржылық қызмет бойынша түсім барлық түсімнің 17% , ал аз ғана үлесін инвестициялық қызметтен түскен түсім құрайды (1%).

Келесі, осы жыл бойынша ақша қаражаттарының шығуын қарастырайық:

 

 

      

                                                          

Сурет 8. 2006 жыл бойынша ақша қаражатының шығысы

 

 

 

Ақша қаражаттарының барлық шығыстарының құрылымында негізгі үлесті кірістегі тәрізді операциялық қарекет бойынша шығыстар алады, Қалған инвестицтиялық және қаржылық қарекет бойынша шығыстар бірдей 20% және 21% құрайды.

Түсімдер де және шығыстар бойынша да негігі үлесті операциялық қызмет алатындықтан, оның құрылымын толығырақ қарастырайық:

 

 

Сурет 9. 2006 жыл бойынша операциялық қызмет нәтижесінде түскен ақша қаражаттары.

 

Диаграммадан көріп отырғанымыздай, ақшалай түсімдердің көп бөлігі өнімді өткізуден түскен түсім есебінен (94%), алынған аванстар, сыйақылар және өзге де түсімдер аз ғана үлесін құрайды.

Шығыстар құрылымында негізгі үлесті бюджетпен есеп айырысу (40%), еңбекақы бойынша есеп айырысу (27%) және жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу (23%) құрайды, қалған баптардың үлесі аз және олар келесілерді құрайды: берілген аванстар - 2%, займдар бойынша сыйақылар төлеу - 2% және өзгелер - 6%. Бұл диаграмма түрінде келесідей болады:

 

 

Сурет 10. 2006 жыл бойынша операциялық қызмет нәтижесіндегі ақша қаражаттарының шығысы

 

«ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ ақша қаражаттарын талдау барысынан кәсіпорынның өз ақша қаражаттарын ұйымдастыра білу қабілеттілігін көрдік. Кәсіпорын ақша қаражаттарын құраушы көзі негізінен операциялық қызметі. Қарастырылуға тиіс инвестициялық және қаржылық қызметтер оңтайландыру шараларын жүргізуді қажетсінеді.

Осылайша, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның Маңғыстау жерінде орналасқан «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ – ның құрылу және даму тарихынан бастап бүгінгі күнге дейін қалыптасқан қызмет жүргізу тәртібі мен шаруашылық, қаржылық жағдайын қарастырдық. Жоғарыда көрсетілгендей кәсіпорынның негізгі қызметі мұнай және мұнай өнімдерін өндіру мен өңдеу. Бірнеше жылдарды салыстыру арқылы жүргізілген қаржылық және шаруашылық жағдайын талдау нәтижелері кәсіпорынның қалыпты қызмет атқару жағдайын көрсететті.

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4                   КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

 

Бұл бөлімде ақша қаражатының шамадан тыс артық немесе ақша қаражатының жетіспеушілігі, яғни дефициті жағдайында қарастырылатын негізгі мәселелер мен оларды оңтайландыру бойынша шаралар көрсетілген.

 

3.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы

 

Қазақстан экономикасының 2002 жылдан бастап нарықтық экономика болып табылуына қарамастан, ол көп жағдайларда өтпелі кезең экономикасына тән анықталған ерекшеліктерлі көрсетуде. Өтпелі кезең экономикасының ерекшеліктеріне бірнеше жылдар қатарынан болатын инфляцияның жоғары қарқыны, капитал нарығында өтімділіктің болмауы, сондай-ақ Ұлтық валютаға Қазақстаннан тыс жерде өтімді төлем құралы болуға мүмкіндік бермейтін валюталық бақылаудың бар болуы.

Кәсіпорынның қызметі мен қаржылық жағдайына барлық уақытта Қазақстандағы саяси жағдайдың дамуы әсер етеді, оның ішінде қызмет етуші және болашақ кезең заңдылықтары, салық салу аясындағы нормативтік актілер жатады.

Қазақстан үкіметі мұнай өндіруші компаниялар алдында өндірілген шикі мұнайды ішкі нарыққа жеткізуді міндеттейді. Мұндай шикі мұнайды ішкі нарыққа жеткізу бағасы бас компаниямен келісіледі, баға әлемдік бағадан әлдеқайда төмен және өндірістің өзіндік құны деңгейінде бекітілуі мүмкін.

Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау бойынша заңдылықтар даму үстінде және сол себепті тұрақсыз өзгеруде. Қазақстан Республикасының қошаған ортаны қорғау аясындағы заңдылықтары бұзғаны үшін айыппұл қатаң тәртіппен жүргізілуде. 2006 жыл қорытындысы бойынша «ӨМГ» ӨФ АҚ 11,4 млрд.теңге сомасы көлемінде аймақты ластау бойынша рұқсат етілген нормадан асып түскені үшін аударды. 2006 ж. 29 Желтоқсандағы Энергетика және минералды ресурстар түріндегі Қазақстан Үкіметі және кәсіпорын №2 келісімге қол қойды. Келісімде Маңғыстау облысындағы Өзен және Қарамандыбас мұнай кенорындарының мұнайды барлау және өндіру жұмыстары бойынша бірқатар өзгертулер енгізілді. №2 келісім шарттың алық режимінің нақты аспектілеріне анықтайды, сондай-ақ келісім шартқа байланысты жылына 900 млн.теңге дейін көлемде әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыруды міндеттейді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ және BNP Paribas Suisse SA арасында 300 млн.доллар көлемінде экспорт алдындағы құрылымдық қаржыландыруды тарту туралы мәмілеге қол қойылды. Мәміле бойынша пайыздық мөлшерлеме – 1 ай LIBOR+1,75%, көлемі 300 млн.доллар, мерзімі 5 жыл. Бұл қаржыландыруды «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес мұнай өндіруші компаниялардың экспорттық мәмілелер бойынша болашақ ақша ағымдары қамтамасыз етеді. Қаржыландырудың келісілген шарттары ұйымның жоғарғы несие қабілеттілігін көрсетеді /16/.

Тартылған ақша қаражаттары ұйымның инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыруға жұмсалады. Бағдарламалардың жалпы құны 1,3 млрд.доллар.

Барлық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін көп көлемде ақша қаражаттары және инвестициялар қажет. Осыған байланысты әр түрлі қаржыландыру көздері және қаржы құралдарын тарту нұсқалары қарастырылды, соның ішінде қор нарығындағы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру АҚ акцияларын орналастыру. Қазіргі кезде мұнай өндірудің өсуі шектеледі, себебі ұйым көне кенорындарда қызмет етеді, қорлар азаяды және ұйым өндіру көлемін қалыпты ұстап тұру үшін жылдан жылға шығындар көлемін арттырады. Сонымен қатар, резервтер көлемін арттыру үшін Қазақстан территориясында және шет елдерде қосымша активтерді сатып алуда.

«ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржы-шаруашылық жағдайына талдау жүргізуден келесілер анықталды: 2006 жылы жоспарланған 5925 мың тонна мұнайдан 6180 мың тонна мұнай артық өндірілді, яғни 104,3 % - ға өткен жылмен салыстырғанда 117,6 % өсті. Жоспарланған 25,3 мың тонна газ конденсатынан артық 26,14 мың тонна газ конденсаты өндірілді, яғни өткен жылмен салыстырғанда 94 % - 103,3 % өсті. Ал жоспарланған 875 млн.м3 табиғи газынан артық 881,1 млн. м3 артық, яғни өткен жылдағы 92,5 % -дан 100,7 % өсті. /20-47б./Өндірілді:

-   895,5 млн.м3 құрғақ газ (жоспар бойынша 824 млн.м3);

-   100,0 мың тонна қысылған газ (жоспар бойынша 68,6 мың тонна);

-   54,1 мың тонна көмірсутек қоспасы (жоспар бойынша 38,94 мың тонна);

      Экспортқа сомасы 148124603 мың теңгені құрайтын 4807,6 мың тонна мұнай жіберілді, бұл жоспарланған 3432627 мың теңге алуға мүмкіндік берді, оның ішінде бағаны 6649 теңгеге өсіру себебінен 31319215 мың теңге сомасында қосымша кіріс алынды. Мұнайды жеткізу бойынша жоспарды 97,6 мың тонна аса орындап, 3007056 мың теңге көлемінде кіріс алынды.                 Өткен жылмен салыстырғанда өсім 42641132 мың теңгені құрап, оның ішінде мұнайды жеткізуден 642,6 мың тоннаға артық болуы және өткізу бағасын 5484 теңгеге өсіруінен болып отыр. «ӨМГ» ӨФ АҚ мұнай және мұнай өнімдерін жақын шетелге жеткізгені үшін 1635929 мың теңгені толықтай алған жоқ. Оның ішінде өткізу бағасын тонна үшін 5664 теңгеге өсіргендіктен қосымша 3010549 мың теңге сомасында кіріс алды. 260,3 мың ттонна құрайтын жеткізу жоспарының орындалмау себебінен 4646478 мың теңге құрайтын кіріс алынбады. Өткен жылмен салыстырғандағы кірістің 2013473 мың теңгеге өсуі мұнайға бағаның 5827 теңгеге өсуінен болып отыр.Мұнай өнімдерін сатудан түскен табыс 2218275 мың теңгені құрап, оның ішінде мұнай көлемін 175,3 мың тоннаға арттырудан және бағаны 162 теңгеге өсіру себебінен болып отыр. Газды өңдеуден алынған өнімді сату нәтижесінде 4232108 мың теңге көлемінде табыс алынды.

Негізгі емес қызмет бойынша ӨФ 10758746 мың теңге көлемінде залал шекті, соның ішінде 1490966 мың теңге көлемінде негізгі құралдардың істен шығуынан,негізгі құралдарды жалға беруден 362117 мың теңге көлемінде, 358586 мың теңге көлемінде курстық айырмашылықтан, өзгелер бойынша 9020563 мың теңге көлемінде, соның ішінде 9150390 мың теңге көлемінде негізгі құралдарды қайта бағалаудан залал шекті.

2006 жылы мұнай өндіруге кеткен шығындар 49770955 мың теңге құрады, ол 2005 жылмен салыстырғанда 1585913 мың теңгеге артты және 2004 жылмен салыстырғанда 14919599 мың теңгеге артты.

«ӨМГ» ӨФ АҚ қаржылық жағдайын талдау барысында кәсіпорында тұрақсыздық байқалады, яғни белгілі уақыт арасында ақша қаражаттарының дефициті, ал белгілі уақыт арасында ақша қаражатының артықшылығы байқалады. Сондықтан да күрт төмендеулер емесс қатысты тұрақтылық болу үшін ақша қаражаттарын тиімді пайдалану бойынша шаралар кешені  келесі бөлімде толығырақ қарастырылған.

Осылайша зертеу жүргізілген кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жақсарту мақсатында келесі әдістерді пайдалану қажет:

      орташа мәнге дейін өтімділік коэффицентін сәл өсіру, ол кәсіпорын өтімділігін қамтамасыз етеді;

      алдын ала бөлшектеп төлеу немесе дебиторларға басқалай әчер ету арқылы дебиторлық қарызды өтеу уақытын төмендетуге ұмтылу;

      кәсіпорынның негізгі кіріс көзі болып табылатын мұнай өнідірісін кенорындарға сауықтыру шараларын жүргізу және негізгі құралдардың сапасын арттыру арқылы әсер ету;

      бос ақша қаражаттарын қаржылық қызметке бағыттау;

      ақша қаражаттарының негізгі жұмсалу көздері – аренда және ғимараттарды ұстауға төлемдер, жалақы және меншікті негізгі құралдардың тозуымен байланысты шығындар. Егер, аммортизациялық аударымдар нақты ақша ағымарының шығысымен жүргізілмейтін болса,сонымен қатар жалақының төмендетуге жатқызылмайтындығын ескеретін болсақ, осыған байланысты ғимараттарды ұстау және өзге де активтер бойынша шығындарды төмендету қажет.

 

 

3.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдістері

 

Ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу мүмкіндіктерін ескере отырып ақша қаражаттарының ұйымдастырылуының жетілген формаларын таңдау процесі /5-408б./ .

Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландырудың негізгі мақсаттары болып келесілер табылады:

-   ақша ағымы көлемінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету;

-   ақша ағымының уақыт бойынша қалыптасуының біркелкілігін қамтамасыз ету;

-   кәсіпорынның таза ақша ағымының өсуін қамтамасыз ету;

Оңтайландырудың негізгі объектілері болып келесілер табылады:

-   жағымды ақша ағымы;

-   жағымсыз ақша ағымы;

-   қаржылай активтер қалдығы;

-   таза ақша ағымы;

Ақша ағымын оңтайландыруды жүзеге асырудың басты сілтемесі болып факторларды игеру болып табылады, олар ақша қаражаттары көлеміне және уақыт бойынша қалыптасуына әсер етеді. Бұл факторларды ішкі және сыртқы деп болады. Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар жүйесі /Қосымша 1/ көрсетілген.

Кәсіпорынның ақша ағымын оңтайландырудың негізі болып олардың жағымды және жағымсыз түрлері көлемдерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесіне жағымсыз түрде ақша қаражатының дефициті яғни жеткіліксіз болуы, сондай-ақ шамадан тыс артық болуы әсер етеді. Ақша ағымы дефицитінің жағымсыз салдары кәсіпорынның өтімділік және төлемқабілеттілік деңгейлерінің төмендеуіне, шикізат және материалдарды жеткізушілерге уақыты өткен кредиторлық қарыздың өсуіне, алынған қаржылық несиелер бойынша уақыты өткен қарыз үлесінің өсуіне, еңбекақы төлемі бойынша кідірістерге, қаржылық цикл ұзақтығының өсуіне, кәсіпорынның меншікті капитал мен активтерінің пайдалану рентабельділігінің төмендеуіне әкеледі.

Ақша ағымының артық болуының жағымсыз салдары инфляция әсерінен уақытша қолданыстағы ақша қаражатының нақты құнының жоғалтуынан, қысқа мерзімді инвестициялау саласындағы уақытша қолданылмайтын ақшалай активтер бөлігінен кірістердің жоғалуы, сонымен қатар бұл да дефицит тәрізді кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтер рентабельділік деңгейінің төмендеуіне әкеледі.

Ақша ағымы дефицитін жақсарту әдістері оның уақытына байланысты – ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді кезеңдегі ақша ағымы дефицитінің тепе-теңдігін «жеделдету жүйесі– төлем айналымын бәсеңдету» пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйе кәсіпорында тартылған ақша қаражаттарды жеделдету және олардың төлемін бәсеңдету бойынша шараларды ұйымдастыруға негізделген. /17-377б./

Қысқа мерзімді кезеңдегі ақша қаражатын жеделдету келесі шараларды жүргізу арқылы жүзеге асырылады:

      тұтынушыларға сатылатын тауарлар бойынша қолма-қол есеп айырысуда баға жеңілдіктерін ұлғайту;

      нарықта жоғары сұранысқа ие өндірілген өнімге бөлшектеп немесе толық төлем жүргізуді қамтамасыз ету;

      тұтынушыларға тауар несиесін ұсыну уақытын қысқарту;

      уақыты өткен дебиторлық қарыз инкассациясын жеделдету;

      дебиторлық қарызды қайта қаржыландырудың қазіргі заманғы түрлерін пайдалану – вексельдер, факторинг, форфейтинг есебі;

      өнім сатып алушыларының төлем құжаттары инкассациясын жеделдету.

Қысқа мерзімді кезеңде ақша қаражаттар төлемін бәсеңдету келесі шаралар арқылы жүргізіледі:

      меншікті төлем құжаттарының инкассациясын бәсеңдету үшін флоутаны қолдану;

      жеткізушілермен келісім бойынша кәсіпорынға тауарлық несиені жеткізу уақытын жоғарылату;

      жаңартуды талап ететін ұзақ мерзімді активтерді сатып алуды жалға беруге (лизинг) ауыстыру.

«Жеделдету жүйесі – төлем айналымын бәсеңдету» қысқа мерзімдегі дефицитті ақша ағымы көлемін теңестіру мәселесін шеше отырып, алайда осы ақша ағымының келесі кезеңдерде дефицитке ұшырау тәрізді нақты мәселелер туғызатынын ескерген жөн. Сондықтан осы жүйе механизмін қолдана отырып қосымша ұзақ мерзімді кезеңдегі ақша ағымының дефицитін теңестіруді қамтамасыз ету қажет /5, 447б./.

Ұзақ мерзімді кезеңдегі жағымды ақша ағымы көлемінің өсуіне келесі шараларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады:

      меншікті капитал көлемін ұлғайту мақсатында сратегиялық инвесторларды тарту;

      қосымша акция эмиссиясы;

      ұзақ мерзімді қаржылық несиелерді тарту;

      инвестициялаудың қаржылық құралдарының бір бөлігін (немесе барлық көлемін) сату;

      қолданылмайтын негізгі құралдарды сату немесе жалға беру;

Ұзақ мерзімді кезеңдегі ақша ағымының жағымсыз көлемін азайту келесілерді жүзеге асыру арқылы орындалады:

-         нақты инвестициялық бағдарламалардың құрамы мен көлемін азайту;

-         қаржылық инвестициялаудан бас тарту;

-         кәсіпорынның күнделікті шығындарының сомасын азайту.

Кәсіпорынның ақша ағымының артықшылығын оңтайландыру әдістері оның инвестициялық активтілігін жоғарлатуды қамтамасыз етумен байланысты. Бұл әдістер жүйесінде келесілер қолданылуы мүмкін:

-         операциондық айналымнан тыс активтердің өндірісінің көлемін ұлғайту;

-         нақы инвестициялық жобаларды жасақтау уақытын жеделдету және жүзеге асыруды бастау;

-         кәсіпорынның операциондық қызметінің аймақтық диверсификациясын жүзеге асыру;

-         қаржылық инвестициялар портфелін белсенді қалыптастыру;

-         ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды уақытынан бұрын өтеу.

Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру жүйесінде олардың уақыт бойынша теңестірілуі ( жүйелі түрде бөлінуі) маңызды орын алады. Мұндай оңтайландыру үрдісінде негізгі екі әдіс қолданылады – тегістеу және синхронизациялау (біркелкілендіру).

Ақша ағымын тегістеу қарастырылып отырған кезеңнің жеке интервалында оның көлемін реттеу. Оңтайландырудың бұл әдісі, абсолютті өтімділік деңгейін жоғарылатып және ақша қаражаттарының орташа қалдығын жақсарта отырып ақша ағымының қалыптасуындағы мезгілдік және циклдық айырмашылықтарды азайтуға мүмкіндік береді. Уақыт бойынша ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдісінің нәтижесі орташа квадраттық ауытқу немесе вариация коэффиценті көмегімен бағаланады (олар оңтайландыру процесінде төмендеу қажет).

Ақша ағымының синхронизациясы олардың жағымды және жағымсыз түрлерінің ковариациясына негізделген.

Синхронизация барысында ақша ағымының осы екі түрі арасында корреляция деңгейінің жоғарылауы қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл әдіс нәтижесі корреляция коэффиценті арқылы бағаланады, ол оңтайландыру процесінде «+1» мәніне ие болуы керек./14-410б./

Уақыт бойынша жағымды және жағымсыз ақша ағымының корреляция коэффиценті келесі формула арқылы анықталады:

                N

 

ККдп =∑ Рп,о ( ПДПi –ПДП / σпд ) * ( ОДПі – ОДП / σодп )                                (6)

                і=1

 

мұндағы, ККдп – уақыт бойынша жағымды және жағымсыз ақша ағымының корреляция коэффиценті;

                      Рп,о жоспарланған кезеңдегі ақша ағымдарының орташа мәнінен болжамды ауытқу ықтималдылығы;

                     ПДПi - жоспарлы кезеңнің жеке интервалындағы жағымды ақша ағымы сомасының нұсқалары;

                 ПДП - жоспарлы кезеңнің жеке интервалындағы жағымды ақша ағымының орташа сомасы;

                    ОДПі жоспарлы кезеңнің жеке интервалындағы жағымсыз ақша ағымы сомаларының нұсқалары;

                    ОДП - жоспарлы кезеңнің жеке интервалындағы жағымсыз ақша ағымының орташа сомаларының нұсқалары;

                    σпд,σодп – ақша ағымдары сомаларының жағымды, жағымсыз орташа квадраттық ауытқулары.

              Оңтайландырудың қорытынды кезеңі кәсіпорынның таза ақша ағымын максималдау шарттарымен қамтамасыз ету болып табылады. Таза ақша қаражаттары ағымының өсуі кәсіпорынның экономикалық даму деңгейін арттыруды, сол даму үшін қажетті қаржылық ресурстарды қаржыландыру көздерін тартуға деген қажеттілікті төмендетуді, кәсіпорынның нарықтық құнының өсуін қамтамасыз етеді /5/.

              Кәсіпорынның таза ақша ағымы сомасын өсіру келесі негізгі шарттарды жүзеге асыру арқылы іске асырылады:

      күнделікті шығындар сомасын азайту;

       акуыспалы шығындар деңгейін төмендету;

       жиынтық салықтық төлемдер деңгейін төмендетуге бағытталған тиімді салық саясатын жүргізу;

       негізгі құралдар амортизациясының жеделдетілген әдісін қолдану;

       кәсіпорын қолданысындағы материалды емес активтердің амортизация кезеңін қысқарту;

       негізгі құралдар мен материалды емес активтердің қолданылмай тұрған түрлерін сатуға шығару.

Кәсіпорынның ақша қаражаттар ағымын оңтайландыру нәтижесі күтілетін кезеңдегі ақша қаражатын пайдалану және қалыптастыру жоспарының жүйесінен көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Кәсіпорын және корпарация қызметіндегі ақша қаражаттарының және оның ағымдарының экономикалық маңызын, ролін зерттеу қазіргі таңдағы қаржылық менеджменттегі жаңа бағыттардың бірі болып табылады. Шетел корпарацияларында ақша қаражаттарының ағымын басқару қаржылық менеджердің жұмысындағы басты бағыт.

              Кәсіпорындағы жүйелік есеп, талдау және ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау, олардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін анықтайтын түсініктерге келесілер жатады:

            Тауар (өнім, қызмет) сатудан түскен түсім – бұл, шоттарда «сатылым» және «өзге де кірістер мен шығыстар» есебінде көрінетін, қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақша түрінде болатын қарапайым немесе өзге де қызметтен түсетін кіріс есебі.

            Сатудан түскен пайда - өндірілген өнімге кеткен шығын мен есепті кіріс арасындағы айырмашылық.

            Ақша қаражаттарының кірісі келесілер есебінен жүргізіледі: тауарды сатудан түскен пайдадан, алынған аванстардан, несиелер және займдардан, бағытталған қаржыландыру құралдарынан, қаржылақ салымдар бойынша дивидендтер мен пайыздардан және өзгелерден.

            Ақша ағымдарының шығысы – ағымдық операциялық және  инвестициялық шығындарды жабу барысында, бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға салымдар жүргізуде,  эмиссиялық бағалы қағаздар иегерлеріне пайыздар мен дивидендтер төлеуден, қаржылық салымдардан және өзге де жағдайлар нәтижесінде пайда болады.

            Ақша қаражаттарының таза кірісі – ақша қаражаттары бойынша барлық түсімдер мен төлемдердің арасындағы айырмашылық. Осыған орай, кірістерге есепті жыл басындағы қалдық ақша қаражаттары кіреді. Ол кәсіпорынның ағымдық төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Ақша ағымдары дегеніміз – бұл есепті немесе жоспарланған уақыт барысындағы кәсіпорынның алатын және төлейтін ақша қаражаттарының көлемі.

Ақша қаражатының ағымын болжау, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп тәрізді тек кәсіпорын басшысының ғана емес, сондай-ақ инвестордың да қызығушылығын тудырады. Яғни олар сол арқылы кәсіпорын өтімділігін, жұмыс тиімділігін және қарыздары мен дивидендтерін төлеуге қажетті көлемде ақша қаражатымен қамтамасыз етілу қабілеттілігі бағаланады. Осылайша кәсіпорын басшысы да , инвестор да ақша ағымын зерттей келе :

      болашақта ақша қаражатымен қамтылу деңгейі туралы;

      міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігі туралы;

      дивидендтерді төлеу мүмкіндігі туралы;

      қосымша қаржыландыру қажеттілігі туралы мәліметтерді ала алады.

Ақша қаражаттары ағымын болжамдау немесе ақшалай төлемдер мен түсімдер жоспары – бұл кәсіпорынның немесе нақты жобаның дамуы үшін қажетті көлемдегі ақша сомасын анықтауға мүмкіндік береді.

  Кәсіпорын басшысының назары үш негізгі шамаға аударылуы қажет:

-   ақша қаражаттарының таза ағымы;

-   қажетті қаржыландыру;

-   ақша қаражаттарының бос қалдықтары;

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді тұжырымдай келе, келесі шешімге келуге болады, кәсіпорын гүлденуі оның қарекетін қамтамасыз етуі ақша қаражаттарын шоғырландыру қабілеттілігінде. Басшы үшін ең негізгі мәселе – бұл негізгі қызметтен түсетін ақша қаражаттарының оң ағымдарын жоспарлау және тиімді қаржыландыру көздерін іздеу.

Қазіргі таңда республикадағы дамушы және ең үлесті салалардың бірі қатарына мұнай-химия салалары жатқызылады. Мұнай –химия саласын дамыту, ресурстарды жоғары тиімділікпен пайдалану, осы бағытта жаңа техника-технологияны жетілдіру елдің алға қойған мақсаттарына жетуіндегі бірден-бір алғышарттары болып табылады. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып табылатын «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ Қазақстандық мұнай өндіру және өңдеу саласындағы мол мұнай қорына ие аймақта орналасқан кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның өз қызметін жүргізудегі тиімділігі мен бәсекелестік жағдайға бейімделе білу қабілеттілігі, оның қаржылық жағдайын жүргізілуін, ақша қаражаттарының жоспарлана білу және мақсатты бағыттарда жұмсалуы, яғни бөліну механизмі жоғары дәрежеде жүргізілуі тиіс.

Дипломдық жұмыс тақырыбын толықтай ашу негізінде ақша қаражатының мәнін, түрлерін, негізгі қалыптасу көздерін,олардың бөліну механизімін, ақша қаражаттарын жоспарлай және болжай білу тәртібін, кәсіпорын қызметінің күтілетін нәтижеге жету, яғни пайда табудағы басты мақсаттары мен қызметтерін, сондай-ақ ақша қаражаттарының дифициті және бос ақша қаражаттарын тиімді жұмсау, яғни ақша қаражаттарын оңтайландыру мәселелерін қарастырып өттік.

«ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ-на қаржылық талдау нәтижесінде кәсіпорынның ақша қаражаттарының бөліну механизмі бойынша келесідей шешуді талап ететін мәселелер анықталды:

-         кәсіпорынның өнімділігін арттыру мақсатында негізгі құралдарын жаңарту;

-         өнім көлемін арттыру нәтижесінде және оған бағаны өсіру нәтижесінде қалыптасқан бос ақша қаражаттарын мақсатты жұмсау;

-         инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын жеделдету;

Осы және өзге де кәсіпорында қалыптасқан және жалпы ақша қаражаттары оңтайландыру әдістерін жүргізуді талап етеді.

Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландырудың негізгі мақсаттары болып келесілер табылады:

      ақша ағымы көлемінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету;

      ақша ағымының уақыт бойынша қалыптасуының біркелкілігін қамтамасыз ету;

      кәсіпорынның таза ақша ағымының өсуін қамтамасыз ету;

Кәсіпорынның ақша ағымын оңтайландырудың негізі болып олардың жағымды және жағымсыз түрлері көлемдерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесіне жағымсыз түрде ақша қаражатының дефициті яғни жеткіліксіз болуы, сондай-ақ шамадан тыс артық болуы әсер етеді. Ақша ағымы дефицитінің жағымсыз салдары кәсіпорынның өтімділік және төлемқабілеттілік деңгейлерінің төмендеуіне, шикізат және материалдарды жеткізушілерге уақыты өткен кредиторлық қарыздың өсуіне, алынған қаржылық несиелер бойынша уақыты өткен қарыз үлесінің өсуіне, еңбекақы төлемі бойынша кідірістерге, қаржылық цикл ұзақтығының өсуіне, кәсіпорынның меншікті капитал мен активтерінің пайдалану рентабельділігінің төмендеуіне әкеледі.

Ақша ағымдарын тиімді қалыптастыру кәсіпорынның операциялық процесін жүзеге асыру мерзімін жеделдетеді. Төлемдерді жүргізудегі кез-келген тоқтатулар шикізат пен материалдардың өндірістік запастарын қалыптастыруға, еңбек өнімділігі деңгейіне, дайын өнімді өткізуге теріс әсерін тигізеді. Кәсіпорынның ақша ағымдарын тиімді ұйымдастыру операциялық процесті жүргізу мерзімін жеделдетеді, ол өндіріс көлемі мен өнімді өткізу көлемін арттырады.

Ақша ағымдарын тиімді басқару кәсіпорынның қарыз капиталына деген қажеттілігін азайтуға әсер етеді. Ақша ағымдарын басқару арқылы ішкі көздерден қалыптасатын меншікті қаржылық ресурстарды тиімді қолдануды, тартылатын несиелерден кәсіпорынның тәуелділігін төмендетуді қамтамасыз етуге болады.

Ақша ағымдарын тиімді басқару кәсіпорынның төлем қабілетсіздік тәуекелін төмендетуді қамтамасыз етеді. Төлем қабілетсіздік тәуекелі уақыт ішіндегі әр түрлі ақша ағымдарының балансталмауынан пайда болуы мүмкін. Ақша құралдарының келіп түсуі мен олардың төленуі арасындағы тепе-теңдік ақша ағымдарын басқару арқылы орнайды және төлем қабілетсіздіктің пайда болу факторын жоюды қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.            ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007жыл 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 28.02.2007 ж. Астана

2.            Балабанов И.Т. «Финансовый менеджмент» //учебник – М.: Финансы и Статистика, 1994 г.

3.            «Финансовый менеджмент: теория и практика» //под ред. Стояновой Е.С.- М.: Перспектива, 1996 г.

4.            Балабанов И.Т. «Основы финансового менеджмента. Как управлять капиталом?» – М.: Финансы и Статистика, 1994 г.

5.            Бланк И.А. «Финансовый менеджмент» : Учебный курс.-К.:Ника – Центр, 1999.-528с.

6.            Ковалев В.В. «Введение в финансовый менеджмент» – М.2000 г., стр.538

7.            Литвин М.И. «Управление финансами предприятий»- / Финансовый менеджмент/ - 2002 г. №6.

8.            Кошкарбаев К.У. «Финансовые ресурсы корпорации: теория, парктика и менеджмент» – Алматы 2004 г.

9.            Шеремет А.Д. «Экономический анализ в управлении производством» – М. 1994 г.

10.       Афоничкин А.И., Андрющенко И.В. «Управление финансами корпораций»-/ Финансы и кредит/ 2005 г. №36Тургуова А.К., Кошкарбаев К.У. «Направления рыночных преобразований в транзитной экономике Казахстана» //Сборник научных трудов/ Алматы: Экономика, 2000 г.

11.       Родионова В.М. «Финансы»//Учебник.М.-1992 г.

12.       Нурханова Г. «Экономическое содержание финансовых корпораций»-/ Финансы Казахстана/-2004 г. №1.

13.       «Экономика предприятия»: Учебник/ под ред. проф. О.И. Волкова.-М.:Инфра-М,1998.-416 с.

14.       «Экономика организаций»: /Учебник под редакцией Н.А. Сафронова-2- е изд.,перераб. и доп.-М.: Экономист,2004.-618 с.

15.       Сагинова Ж.Н. «Роль финансовых ресурсов для функционирования предприятия  в рыночных условиях»-/Вестник НАН РК/- 2003г. №5.

16.       www.umg.kz

17.       «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржылық есептілігі мен бухгалтерлік құжаттары.

18.       Есымханова З.К. «Проблемы формирования финансовых ресурсов предприятий» - /Статистика, учет и аудит/ 2005 г. №1.

19.       Федулова С.Ф. « Управление финансовыми ресурсами и оценка эффективности их использования»-/ Финансы и кредит/-2005 г №3.

20.       www.kase.kz

 

 

 

Қосымша А

Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының қозғалысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша Б

Кәсіпорынның ағымдық, инвестициялық және қаржылық қызметтерінің арасындағы қатынас

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша В        

Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың жүйесі

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

      

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша Г

Ақша қаражаттарын жұмсауды болжамдау

                                                                                         «Электроинструмент»АҚ мысалында

(млн.тг.)

 

Атауы

    1        

2

3

4

5

6

Жиыны

Материалдарды сатып алуға шығындар сомасы

1260   

1304

1450

1614

1706

1827

9161

Ай сайынғы сатып алулар б/ша төлемдер

1

2

3

4

5

6

 

 

 

630

 

 

 

630

652

 

 

 

 

652

725

 

 

 

 

 

 

725

807

 

 

 

 

 

 

807

853

 

 

 

 

 

 

 

853

914

 

 

 

1260

1304

1450

1614

1706

914

Ағымдық кезең -дегі өтеуге арнал-ған өткен жыл қа-рыздары сомасы

700

 

 

 

 

 

 

Материалдар бойынша төлем- дер, барлығы

1330

1282

1377

1532

1660

1767

8948

Еңбекақы бойын. төлем сомасы     

232

250

296

370

398

413

1959

Ай сайынғы еңбек-ақы төлеу сомасы

1

2

3

4

5

6

 

 

 

116

 

 

 

 

116

125

 

 

 

 

125

148

 

 

 

 

 

148

185

 

 

 

 

 

 

185

199

 

 

 

 

 

 

 

 

199

207

 

 

 

232

250

296

370

398

207

Ағымдық кезең -дегі өтеуге арнал-ған өткен жыл қа-рыздары сомасы

200

 

 

 

 

 

 

Еңбекақы бойын-ша төлемдер, барлығы

316

241

273

333

384

406

1953

 

 

 

 

Қосымша Д

Төлем күнтізбесі

                                                                

Операцияы атауы

1

2

- - - -

30

31

Барлығы

ауытқу

Ай басындағы ақша қаражаттың қалдығы,соның ішінде:

-       есептік шотта

-       кассада

 

 

 

 

 

 

 

..............

..............

 

 

 

 

Ақша қаражаттарының түсімі

- ағымдық кезеңдегі өнімді өткізуден түскен түсім

- өткен кезеңдегі өнімді өткізуден түскен түсім

- сатып алушылардың алдын ала төлемі

- ...

Банк несиелері

 

 

 

 

................

 

...............

 

...............

 

..............

...............

 

 

 

 

Түсімдер, барлығы

 

 

 

 

 

 

 

Ақша қаражаттарының төлемі

- өндірістік материалдар

- жалақы

- бюджеттік қорларға төлемдер

Несиені өтеу

Несие б/ша пайыздар

 

 

 

 

................

................

................

 

................

................

 

 

 

 

Төлемдер, барлығы

 

 

................

 

 

 

 

Өсу деңгейі б/ша түсімдер

Өсу деңгейі б/ша төлемдер

 

 

................

................

 

 

 

 

 

              Төлем күнтізбесі басқарушылық есептілік жүйесінің бөлігі болып табылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша Ж

Кәсіпорынның төлем балансының жобалық түрі

 

 

 

 

             

46

 

Информация о работе Ақша қаражаттары