Қаржылық салымдар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 15:28, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес.

Содержание работы

І. Кіріспе 2-4бет
ІІ. Негізгі бөлім
Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі. 5-10 бет
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі. 10-18 бет
Қаржылық инвестиция есебі. 19-32 бет
ІІІ. Қорытынды. 32-33 бет
ІV. Қолданылған әдебиеттер.

Содержимое работы - 1 файл

Курсовой Қаржылық салымдар есебі.doc

— 283.00 Кб (Скачать файл)

            Қазыналық ноталар- қазыналық эмиссия тәртібі бойынша  шығарылатын ақшалардың түрі. Қазыналық  билеттердің синонимі( асыл металдармен  қамсыздандырылмаған және алтын  мен күміске ауыстыруға жатпайды) ; ұсыну үшін шығарылатын мемлекеттік  міндеттемелердің орташа мерзімділігінің бір түрі.

            Шартты бағалы қағаздар -  бұл опциондар, варанттар, қаржылық фьючестер, алуға ерекше артықшылық құқығы бар тәріздес бағалы қағаздар.

            Опцион – опциондық  контрактінің нәтижесі болып табылатын  бағалы қағаз, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы қағаздарды алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйақы алу үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқысы бар.

            Опциондық шарт жасалынған ұсынысты ескерілген мерзімі ішінде өз күшінде сақтап  тұруды түсіндіреді. Опционды сатып алушы  опцион мерзімі ішінде акциялар курсының қозғалысына байланысты, ол өз құқын іс жүзіне асыруы немесе  асырмауы мүмкін. Егер опцион сатылмаса, онда бұл жағдайда сатып алушының опцион үшін төлеген сомасы сол сатып алушының табысы болып есептелінеді. Опцион сатып алушының пайдасы(«колл»), ағымдағы биржалық бағам (курс) опционда ескерілген бағамнан жоғары болса ғана қалыптасуы мүмкін, ол сонда ғана акцияны сатып алуы мүмкін. Содан соң ол акцияны сатып алады,  яғни опционның екінші типі («путы») жасалады, бірақ бұл ағымдағы биржалық бағам опциондағы көрсетілген бағамнан жоғары болса  ғана жүзеге асады.

            Варрант – бұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар(корпоративтік артықшылығы бар акциялар, облигациялар) көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар. Варрант оның иесіне белгілі бір уақыт ішінде алдын ала белгілеген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға  берілетін құқық. Варрант иесі – оның сатып алушысы.Варрантты  сатушы тұлға  болып сол шартты қағаздарды шығаратын( эмиссияны жүзеге асыратын) және  варрант сатып  алушыға қатысты міндеттемелерді қабылдайтындар. Бағалы қағаздардың варрант бойынша алынған бағасы, сол варранттың атқаратын бағасы болып аталады. Варрантар кей жағдайда бағалы қағаздың өзімен бірге ұсынылады және олардың құны бағалы қағаздың құнымен бірдей болуы керек. Бұл бағалы қағаздардың құны варранттардан бөлінуі мүмкін, егер бағалы қағаздар нарығында өз бағамына ие болса және дербес қызмет  ете алса.

            Фьючерлік контракт – мәміле жасау кезінде белгілі  бір уақыт мерзімі ішінде белгіленген  бағалар бойынша уағда етілген  құндылықтар көлемін жеткізіп беру туралы келісім жасалған құнды қағаздар. Фьючерлік контракт мәмілеге  қатысушыларға қор құндылықтарын жеткізумен ған аяталуы мүмкін, бірақ ол нақты тауарды жеткізіп беруді де қарастыруы мүмкін. Бұл жағдайда фьючерлік контракт  мәмілеге қатысушылардың біріне контрактының құны мен биржалық бағаның арсындағы айырманы төлеуді қарастырады. Фьючерлік контракттар бойынша есеп айырысу әрбір қатысушыға міндеттемелерінің орындалуына кепілдік беретін сомалар келіп түсетін биржалық есеп айырысу (клирингтік) палатасы арқылы жүзеге асырылыды. 
 

Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын  қайта бағалауын анықтау. Есеп беруде инвестицияны ашу және түгелдеу

            Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын анықтау. Әрбір шаруашылықты жүргізуші субъект ағымдағы құн бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды есепке алуға құқылы. Бұл кезде,  есеп саясаты нарық жағдайының өзгерісіне тәуелді етіп, нарық құнының кезеңдік өзгерісмен бірге қарастырылады. Егер кәсіпорын иелегіндегі алынған қаржылық  инвестициялары листингтік биржаның қорына енгізілген болса, онда олардың құнын кез келген кезде анықтау  қиынға соқпайды. Керісінше жағдайда, қаржылық инвестициялар қор биржасында түзетіліп жазылмаса, онда нарықтық құнына белгілі бір есептеулерді жүргізе отырып, иеленген қаржылық инвестициялардың табыстылығына байланысты анықтауға болады.

            Табыстың тіркелген (фиксаждалған) деңгейі бар облигациялардың құнын анықтау. Облигация құны ағымдағы ақшалай төлемдер тасқының құны ретінде қарастырылуы мүмкін. Жыл соңында төленетін пайыздық табыс төлемі және оның номиналдық құны (N) облигацияны бағалау үшін мынадай теңдік пайдаланылады:

Мұндағы: P ─  облигацияның ағымдағы құны

C─ жыл сайынғы төлеуге жататын номиналдық табыстың пайызы;

k─ жабылу  мерзіміне дейінгі алынатын табыс;

n ─ облигацияны  өтеу (жабылу) мерзіміне дейінгі  қалған мерзімі. 

Облигациялардың басым бөлігі бойынша проценттер жылына бір рет емес , екі рет  төленеді. Соның нәтижесінде теңдікті былай етіп өңдеуге болады:

               

Мерзімі шектелмеген  облигациялардың ағымдағы құнын  анықтау. ХІХ ғасырдың басында шығарылған британдық консоли, мерзімі шектеусіз міндеттемелер, яғни белгіленген проценттік табыстарды мәңгілік төлеп отыру британ үкіметінің міндеттемелері болып табылады. Егер мұндай облигацияларға салынған қаражаттар С мөлшеріндегі жыл сайынғы төлемдерді мәңгілік алып отыруды қамтамасыз ететін болса , онда оның ағымдағы құны р=С/к – ге тең, мұндағы к- тәуекелсіз мөлшерлемесі мен тәуекелді сыйақының сомасы ретінде иесіне мерзімі шектеусіз қажетті табысты алуына мүмкіндік жасайды.

.

Біз жылына 1000 теңгелік төлеммен мәңгілік қамтамасыз ететін бағалы қағазды сатып алдық делік. Егер к- ның қолданыс таба алатын деңгейі 14% ті құрайтын болса, онда облигацияның нарықтық құны:

Р= 1000/14% *100%= 7142 теңгені  құрайды.

Табыстың қолданыс таба алатын деңгейі өзгерген кезде (табыстылықтың нарықтық деңгейі) облигациялардың  да құны өзгереді.

Шартты бағалы қағаздардың құнын анықтау.Варрант белгілі бір акциялар саны бойынша белгілі бір акциялардың бағасын анықтауға болатындығын білдіреді немесе керісінше, яғни белгілі бір санын анықтайды. Акциялардың нарықтық бағасы р-ға тең дерлік, варрант бойынша белгіленген акциялар бағасы П, бір варрантқа V акцияларды сатып алуға болады, онда варрант бағасы:

                               Цо=(р – П) хк – S,

Мұндағы:

р- контракт біткен күніндегі акцияның бағасы;

П- опциондық  контракт жасалған кездегі акцияның бағасы;

к- опциондық контракт бойынша акцияның сомасы;

S- опционның  сатылатын бағасы.

Егер де акцияның нарықтық бағасы өзгерсе, опционның  ағымдағы бағасы да өзгереді.

Акциның ағымдағы құнын анықтау. Акцияны әрекет ету  мерзімі шектелмейтіндіктен, жыл  сайынғы алынатын дивиденд тұрақты болсын делік және оның абсолюттік деңгейі «Д» - ға тең болсын, онда оны анықтайтын формула мынадай болады:

                           Ца= к

Мұндағы :

Ца – акцияның құны;

Кі   - пайыздық мөлшерлемесі

Акцияның нарықтық құны әр түрлі әдіспен бағаланады және онда инвесторлардың екі типі бар деп топшыланады. Олардың  бірі дивидендті жабуға талпынса, ал басқасы акция құнының өсімін көздейді. Осыған сәйкес, акцияның нарықтық бағасының орташа сомасын анықтайық:

    Рак=  Х х + У хЦ3; Х+У = 1-

Мұндағы: 

    Рак  – акцияның нарықтық құны;

    х  – жоғары дивиденд алуға ниет  білдірген инвесторлардың үлес салмағы, дивидендтік (х=1)

у – акцияның бағамдық құнының өсетіндігін көздейтін  инвесторлардың үлес салмағы, «бағамдық» (у=1);

Ц3 –бұрындары сатылып  кеткен акциялардың бағасы.

Акцияның нарықтық бағасын шығарған кезде х пен  у деңгейінің тәуелділігі байқалады: бір кезде « бағамдық» басым болса, ал бір кезде керісінше , «дивидендтік» басым болады. Сірә, бұл екеуі де акцияның нақты бағасын бағалай алмайды.

Акцияның ағымдағы құнын есептейтін әлі танылған моделі қалыптасқан жоқ.

Дегенмен де, акцияның нарықтық бағасын болашақта күтілетін дивидендтер ағыны бойынша есептеуге болады деп топшыланған пікірлер де жоқ емес.

( де жоқ емес. Ол, негізінен өткен жылдардың орташа деңгейінен алынады. Акцияның нарықтық құнын анықтайтын формуланың түрі мынадай болады:

Рак= ∑∞t=1

      Мұндағы:

  Дt – кезең үшін күтілетін дивиденд;

      к- акция бойынша қажетті табыс  деңгейі;

      ∑-1ден  ∞ дейін кезең ішінде болашақ  дивидендтің дисконталған құнының  сомасы;

      Рак  - акцияның нарықтық құны.

      Егер  инвестор акцияны бір жыл ұстап және акцияның құнын n мөлшерлемесі бойынша өсірсе, онда акцияның ағымдағы құны мынандай болады:

                  Рак  = немесе Рак =

Мұндағы:

Д – жыл соңына күтілетін дивиденд;

n- жыл бойынғы  акцияның өсу қарқыны, %

і- дисконттың иөлшерлемесі(күтілетін  дивидендті ағымдағы құнға келтіру ).

Мысалы, кәсіпорын  өткен жылы акцияға өз пайдасынан 1 мың тенге дивиденд төлеген және сәйкесінше бірнеше жыл ішінде жыл  сайын ортааш есеппен дивидендті 5% өсіп отырған, сондықтан инвестро өсу қарқынын сақтаса, акцияның бағасын 5% өсірсе, ол кезде күтілетін дивидендтің деңгейін анықтауға болады:

            Рак = = =6,2 мың тенге

      Қазіргі жағдайда бағалы қағаздың ағымдағы құнын  анықтаған кезде міндетті түрде дағдарысқа сай етіп түзетулер жасау керек. Шамамен дағдарыстың  өсім қарқыны (һ), бірліктің үлесі ретінде көрсетілсе, онда дағдарыстың жылдық өсімі былайша бейнелейді (1+һ).

      Инвестицияларды қайта бағалау. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қайта бағалау үшін қайта бағалаудың мерзімділігін анықтау керек; ұзақ мерзімді инвестициялардың бір түрін бір мезгілде ғана қайта бағалаған жөн.

      Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестицияларының үстеме бағасының сомасы меншік капиталын өсіреді. Инвестицияның құны кеміп кетсе, онда ол инвестицияның үстеме бағасының есебінен төмендетіледі. Егер инвестицияның үстемесі болмаса, онада ол шығынға жатқызылады.

      Бұрындары төмендетілген инвестиция құны осы  кездегі инвестицияның үстемсінің есебінен өтеліп, қалған сомасы меншік капиталына қосылады.

      Егер  де ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның  құны қайта бағалаудың нәтижесінде  азайса, содан соң көбейсе, алдыңғы  ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның  азайған құны өзінің бастапқы қалпына  келтіріледі. Сло қалпына келтірілген сома қабылданған есеп саясатына байланысты табыс немесе таратылмаған табыс ретінде танылады.

      Қаржылық  инвестицияны қайта бағалаудың кезеңділігі әрбір субъектінің есептік саясатында ескеріледі, ал оған: не нарық бағасының биржада түзетілуі, не әділ бағасы негіз бола алады.

        Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция  туралы шешім қабылдау процесі  ең қиын, әрі қайшылық туғызатын  қаржылық мәселелер болып табылады. Инвестор әрқашанда ұзақ мерзімді  инвестицияға қаражатын сала  отырып бүгінгі ақша қаражатынан бас тартып, болашақта табыс алуды көздейді. Бірақ ондай болжамды тек қана инвестициялық жоба беруі мүмкін. Сол ұзақ мерзімді инвестицияның тиімділігін анықтау үшін, ең көп тараған талдаудың 4 әдісін пайдаланады:

инвестициялық табыстың орташа нормасы;

өтеушілік;

табыстың ішкі нормасы;

таза ағымдағы құны.

Инвестициялық табыстың орташа нормасының әдісімен ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны бағалаған кезде кәсіпорының белгілі бір уақыт кезеңіндегі салық салынғаннан кейінгі орташа жылдық табыстан болған ауытқудан есептелінеді, демек ол жобадағы инвестицияның орташа деңгейі мен жүзеге асырылған қаржылық инвестицияның арасынан алынады. Инвестициялық табыстың орташа нормасы не өсуіне, не азаюына әкеледі, яғни азайғанкезде оларды қайта бағалауға тура келеді, демек оның әділ құнын қалпына келтіру керек.

3 жылдың орташа баланстық табысы 21 мың теңге құрады делік, ал таза инвестицияның құны 180 мың тенге болған, олай болса табыстың орташа нормасы 11,67% құрайды.

      Егер  де табыстың орташа нормасы 5,3 мың теңгеге өссе, онда инвестицияның сомасын 45 мың теңгеге өсіреді.(5,3/2*180)

Қаржылық инвестицияны өтеушілік әдісімен бағалаған кезде  бірнеше жылдардың қатар санын пайдаланылады. Қаржылық жобасына: бірінші жылы – 40 мың теңге, екінші және үшінші жылдары – 60 мың теңге, төртінші, бесінші жылдары – 40 мың теңге салынды деп топшыланған. Шын мәнінде ол 180 мың теңге құраған, яғни инвестицияның құны 20 мың теңгеге азайған.

Инвестицияның өтушілік мерзімін (кезеңін)есептеу  әдісі  негізінен инвестицияның  бастапқы салынаған сомасын жабу үшін қажет, өтеушілік мерзімін анықтау, демек жобаны іске асырудан түсетін  ақшалай түсімдер сомасы, оның бастапқы иеһнвестиция сомасына тең болғанға дейін созылады және де ол инвестицияланаған қаражаттың табыстарының есебінен қайтарылады.

Информация о работе Қаржылық салымдар есебі