Қаржылық есеп беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 20:17, курсовая работа

Краткое описание

Жылдық есеп мынадай тұтынушыларға беріледі:
Меншік иелері немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар;
Кәсіпорынның тұрғын жеріндегі салық органдарына;
Жергілікті қаржы органдарына;
Мемлекеттік статистикалық органдарына.

Содержимое работы - 1 файл

Қаржылық есеп беру.doc

— 213.00 Кб (Скачать файл)
  • облигациялардың иесі кәсіпорындар мен ұйымдардың кредиторы болып табылады. Бұл облигация ұстаушының кәсіпорын немесе ұйымды қаржыландырғандығын куәландырады. Ал акционер болса, кәсіпорындар мен ұйымдар иелерінің бірі болып табылады.
  • Облигациялардың иесі бұл құнды қағаз бойынша белгіленген уақыттан кейін міндетті түрде пайыз түрінде табыс алып отырады. Бұл пайыздың мөлшері алдын ала белгіленіп, яғни мөлшерленіп қойылған, сондай-ақ облигациядан алынатын табыс қандай да бір белгіленген мерзім ішінде ғана жүргізіледі. Ал акционер болса, есепті жылдың соңында ғана, яғни ұйымның кірісініңкөлеміне байланысты дивидент алып отырады.
  • Кез келген несие берушілер сияқты облигация иесінің де кәсіпорындар мен ұйымдарда ешқандай дауыстық құқығы жоқ  болып табылады. Ал акционерлер болса бұл кәсіпорындағы немесе ұйымдағя өзінің мүліктік мүдделеріне қатысты барлық мәселелерді шешу кезінде дауыс құқығына ие бола алады.

    Депозиттік  сертификаттар дегеніміз – ірі  атаулы құнға (номиналға) ие болатын  мерзімдік сертификаттар. Депозиттік сертификаттар (жалпылай алғанда) құнды  қағаз болғанымен оларды бір адамнан екінші адамға беруге болады. Депозиттік сертификаттар клиентке банк мекемесінің берген борыштық сенімхатының рөлін атқарады. Бұл сертификатта банкке белгілі бір мерзімге салынған салымдарының түрі көрсетіледі. Сертификаттың өзі атаулы және ұсынбалы болып екі түрге бөлінеді.

    Сонымен депозиттік сертификат дегеніміз –  салымшының немесе оның мұрагарінің  белгіленген мерзімінің соңында  депозит сомасы бойынша пайыз  түрінде табыс алу құқыған  куәландыратын ақшалай салым  туралы эмитент банкінің берген жазбаша куәлігі болып табылады.

    Кәсіпорындар  мен ұйымдардың қай саладағы болмасын өз қызметінің соңғы нәтижесінде  негізгі мақсаты пайда табу екендігі кімге болса да белгілі. Ал экономикалық теориямен микроэкономика курсын оқығанда, кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша арқылы ақша жасағанда, яғни ақшаны айналымға салғанда, пайда табатындығын оқып білген болатынбыз. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдардың өзінің бос тұрған, яғни уақытша пайдаланылмай тұрған ақшаларын айналысқа салса ғана оны тиімді пайдаланғаны болып табылады. Бірақ та бұл үшін кәсіпорындар мен ұйымдардың белгілі бір тәуекелге баруына тура келеді. Бұндай тәуекелге бел байлау кей уақыттарда кәсіпорындар менұйымдарға табыс әкелсе, екінші бір кезеңде шығынға ұшыратуы мүмкін. Осы айтылғандай шығынға ұшырамау үшін бухгалтерлік есеп жұмысын дұрыс жүргізіп, оның мәліметтерін уақытылы пайдалану керек. Нарықтық экономика жолымен жүретін әрбір кәсіпорындар мен ұйымдар үшін бұндай тәуекелге бару міндетті болып табылады. Міне, осы айтылғандарға сәйкескәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы салымына табыс табу мақсатында басқа заңды тұлғаның шығарған құнды қағаздарын сатып алуға жұмсалған ақшалары жатқызылады. Құнды қағаздар сатылып алынған құны бойынша кіріске алынады. Ал кәсіпорындар мен ұйымдардың байланысын құру барысында құнды қағаздардың сатылып алынған құны мен ағымдағы құны салыстырылып, екеуінің ең төменгісі алынады. Жалпы кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің қаржы салымы қатарына жатқызылатын активтері арқылы мынадай табыстар таба алады:

  1. Пайыз, дивидент және роялти түріндегі табыстар;
  2. Қаржы салымына жұмсалған қаржы көлемінде капиталдың артуы;
  3. Инвестордың басқа да табыстар

    Қаржы салымдары кіріске алу кезінде  оларды сатып алу барысында жұмсалған  шығындарды қоса алғандағы сатып  алу құнымен бағаланады. Ал оларды сатып алу барысындағы жұмсалатын шығындарға: қор биржасының комиссиялық қызметі үшін төленген төлемдер мен банк мекемксінің, брокердің немесе дилердің көрсеткен қызметтері үшін төленген төлемдер жатады.

    Жоғырыда  ағымдағы активтерге анықтама берген кезімізде оның құрамына қысқа мерзімге салынған қаржы салымдары (қысқа мерзімді қаржылық инвестиция) жататындығын салымына бір жыл мерзім аралығында пайдаланатын қаржы салымдары жатады.

    Кәсіпорындар  мен ұйымдар қысқа мерзімді қаржы  салымдарын өзінің бухгалтерлік балансында ағымдағы құны бойынща бағалаған жағдайда күнделікті қор биржалары мен биржадан тыс жерлердегі қаржы салымдары құнының өзгерісін бақылап жән оның нәтижесін бухгалтерлік есеп құжаттарына түзетіп жазып отыруы тиіс. Егер қаржы салымының, яғни инвестицияның қор биржаларындағы немесе биржадан тыс нарығындағы ағымдағы құны өссе оны кәсіпорындар мен ұйымдар есепті кезеңнің табысына жатқызылады, ал керісінше қаржы салымының қор биржаларындағы немесе биржадан тыс нарығындағы ағымдағы құны жағдайда есепті кезеңнің шығынына жатқызылады.

    Қысқа мерзімді қаржы салымдарын өзінің бухгалтерлік балансында сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгісі бойынша  бағаланған жағдайда кәсіпорындар мен  ұйымдар мынадай үш тұжырымды  басшылыққа алады:

  1. Баланстық құнды тұтастай жиынтық портфель негізінде анықтау;
  2. Баланстық құнды жиынтық портфель негізінде инвестиция түрлері бойынша, яғни сатып алу құны мен ағымдағы құнының ең аз құнынын анықтау;
  3. Баланстық құнды жеке инвестициялар негізінде анықтау;
 

3.3 Қаржылық салымдары  шоттары бойынша жүргізілетін операциялар 

    Кәсіпорындар  мен ұйымдар қысқа мерзімді қаржы  салымын салған уақытта оның бухгалтерлік есебінде мынадай жазулар жазылады:

    Мысалы: кәсіпорын 100000 теңге көлемінде қысқа  мерзімді қаржы салымын салған деп  алатын болсақ:

    Дт: Қысқа мерзімді қаржы салымы                        100000 тг.

    Кт: Ақшалар шоты                                                   100000 тг.  

    Осы салған қысқа мерзімді қаржы салымы негізінде кәсіпорынның тапқан 10000 тг табысына:

    Дт: Ақшалар шоты                                                     110000 тг.

    Кт: Инвестициялық қызметтен түскен табыс          10000 тг.

    Кт: Қысқа мерзімді қаржы салымы                          100000 тг. 

    Егер  кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің  салған қысқа мерзімді қаржы салымы негізінде 5000 теңге көлемінде шығын шеккен жағдайда:

    Дт: Ақшалар шоты                                                       95000 тг

    Кт: Инвестициялық қызметтен шеккен шығын        5000 тг.

    Кт: Қысқа мерзімді қаржы салымы                            100000 тг. 

    Ескеретін бір жағдай, кәсіпорындар мен ұйымдардың өздерінің салған қысқа мерзімді қаржы салмы негізінде шығын  шегуі қаржы салмының қор биржаларындағы немесе биржадан тыс нарығындағы  ағымдағы құны кеміген жағдайда ғана болуы мүмкін. 

    Қаржы салымдары шоты бойынша жүргізілетін операциялар 
 

         Операциялардың  мазмұны     Дебет     Кредит     
    1     2     3     4
    1     Сатылып алыну құны бойынша акциялар кіріске  алынды     401     431,432,441,

    451,671,687

    2     Берілген  материалдық құндылықтар үшін сатып  алы құны бойынша кіріске алынған  акциялар  
    401
 
    201-206,208
    3     Акциялар  үшін есептелінген дивидент сомасы     332     724
    4     Сатылған  акциялар:
  • Баланстық құны бойынша
  • Сатқаннан алынатын табыс сомасына
 
    843

    431,441,451

 
    401

    723

    5     Сатылып алынған облигациялар және басқадай құнды қағаздар     402,403     431-432,

    441,451

    6     Қысқа мерзімді қаржы салымдарының ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты алынатын табыс сомасына  
    401
 
    727
    7     Қысқа мерзімді қаржы салымдарының ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты шеккен зиян сомасына  
    845
 
    401

      
 
 
 

    Қорытынды 
 

    Қаржылық есеп – бұл шаруашылық қызметтің нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштердің тәртіпке келтірілген жүйесі, ол ағымдағы бухгалтерлік есеп ақпаратына негізделген.

    Қаржылық  есептің мақсаты – тұтынушыларды  қандай да бір құрылымдағы қажетті  ақпараттармен қамтамасыз ететін қаржылық жағдайдың шынайы көрінісін бейнелеу.

    Қаржылық  есеп субъект (кәсіпорын, ұйым) қызметіндегі жасалған жұмыстар мен шаруашылық операцияларының  түпкілікті қаржылық нәтижесін көрсетеді. Субъектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын  элементтердің активтері, міндеттемелерге және жеке меншіккапиталға топтастыруға болады. Топтастырылған ақпараттар қолда бар экономикалық ресурстарды, субъектінің оларды өркендеуге және бақылауға қабілеті жететінін ашып көрсетеді.

    Қаржылық  есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.

    ҚР-нда  енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері бойынша халықаралық стандарттар  талаптарына сәйкес келеді.

    ҚР-ның  заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру ҚР-нда есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелілік принциптеріне сай жүзеге асырылады.

    Есептеу принципі мынаны білдіреді: табыстар еңбек  сіңіріліп табылғаннан кейін  аударылады, ал шығындар шығарылған соң есептелінеді, яғни операциялар мен оқиғалар есептік баланс пен қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте олардан түскен несие ақша қаражаты төленген сәтінен бастап емес, пайда болған сәтінен бастап есепке алынады.

    Қаржылық  есепті жасау үшін есептік уақыт болып есепті кезеңдегі календерлық соңғы күн есептелінеді. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жылдық есеп үшін есеп беру кезеңі календерлық жылдың 1 қаңтарынан бастап 31желтоқсанға дейін. Егер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылуы керек. 
 
 
 

      Қолданылған әдебиеттер : 

  1. Назарова  В.Л. «Шаруашылық  жүргізуші субъектілердегі  бухгалтерлік есеп» - Алматы, «Экономика» 2005
  2. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Алматы, 2003ж.
  3. Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә.  «Қаржылық есеп» - Алматы, «Экономика», 2005ж.
  4. Ертісбаев Е.Қ. «Сауда кәсіпорынның экономикасы» - Қарағанды, 2003ж.
  5. К.Ә. Китебаева «Бухгалтерлік есеп принциптері» - Қарағанды 2002ж.
  6. Кривогузова Н.А. «Экономикалық талдау» - Қарағанды, 2004
  7. «Бухгалтер бюллетені» журналы, №3-4, қаңтар 2005ж., «БИКО» баспа үйі
  8. «Нормативные акты» - №12 (192),»Қаржы-қаражат», 2003
  9. «Библиотека бухгалтера и предпринимателя» - №7 (156), шілде 2003ж., «БИКО» баспа үйі

Информация о работе Қаржылық есеп беру