Айналымнан тыс активтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 19:57, курсовая работа

Краткое описание

Осы курстық жұмыстың тақырыбы “Айналымнан тыс активтер” болып табылады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 18.09.2002 ж. №438 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шотының І-бөлімі «Айналымнан тыс активтер» деп аталады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста «Айналымнан тыс активтер» бөліміне жататын келесідей мәселелер қарастырылды: бірінші бөлімінде «Материалдық емес активтер» және «Материалдық емес активтердің амортизациясы», екінші бөлімінде «Негізгі құралдар», «Негізгі құралдардың тозуы» және «Инвестициялар».

Содержание работы

Кіріспе ............................................................................................................... 3
І. Айналымнан тыс активтер
1.1. Материалдық емес активтер есебі ........................................................... 5
1.2. Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі .................... 17
ІІ. Негізгі құралдар
2.1. Негізгі құралдар есебі ............................................................................... 18
2.2. Негізгі құралдардың тозуының есебі ...................................................... 25
2.3. Инвестициялар есебі ................................................................................. 28
Қорытынды ........................................................................................................ 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 40

Содержимое работы - 1 файл

Айналымнан тыс активтер.doc

— 246.50 Кб (Скачать файл)
">        13. Басқа да негізгі қорлар  – кітапхана сөрелері, спорттық  инвентарь, мұражайлық  құндылықтар.

         Иеленуі бойынша негізгі құралдар  жеке меншік және жалға алынған болып бөлінеді. Алғашқылары кәсіпорынның иелігінде болады және оның балансында  тіркеледі; екіншілері басқа кәсіпорын мен ұйымдардан уақытша пайдалануға ақыға алынған.

      Өндірістік  процеске  қатысу  сипаты  бойынша  істегі   және тұрған   (запаста немесе  консервацияда тұрған негізгі құралдар).

       Негізгі құралдарды пайдалану  сипаты бойынша былай жіктеледі:

  1. істегі (пайдаланудағы);
  2. істемей тұрған ( консервациядағы);
  3. запастағы.

       Негізгі  қызметке қатысу сипаты  мен құнынан өндіріс және айналым шығындарына  ауыстыру тәсілі бойынша негізгі құралдар былай бөлінеді:

  1. Белсенді (олардың қатысу  жұмыс сағаттарының мөлшерімен, жұмыстар көлемімен өлшене алады);
  2. Бәсең  (ғимарат, құрылыс). Олардың негізгі қызметке қатысуын қандай да  бір көрсеткіштерде өлшеу мүмкін емес. Негізгі құралдардың  бухгалтерлік есебінің басты міндеттері:
  • алынуынан бастап шығуы сәтіне дейін олардың бар болуы  және  сақтығын бақылау;
  • амортизацияны дұрыс және уақытылы есептеу;
  • бюджетке аударылатын мүлік салығын дұрыс есептеу үшін мәліметтер алу;
  • реконструкцияға, модернизацияға  және жөндеуге қаражаттардың дұрыс және тиімді пайдалануын бақылау;
  • негізгі құралдардың уақыт және қуаттылығы бойынша пайдалану тиімділігін бақылау  бақылау;
  • негізгі құралдардың бар болуы және қозғалысы жөнінде есеп беруді құру үшін мәліметтер алу.

       Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің  негізгі құралдар Қазақстанның  ұлттық байлығының аса маңызды   бөлігін құрайды. 2002 жылы 1 қаңтарына  негізгі өндірістік қорларға  инвестиция нақты бағаларда 114969 млн. теңгені құрады. Аз мөлшердегі кәсіпорын мен ұйымдарды есептемегенде негізгі капиталға бүкіл инвестициялар нақты бағаларда 2002 жылы  114969 млн. теңгені құрады (1994ж.80945 млн.теңге).

    Негізгі қорлар және негізгі құралдарға ұзақ мерзімді инвестициялар

кәсіпорынның  қаржылық жағдайы мен қызметі нәтижесінде жан-жақты әсер

тигізеді.

       Негізгі құралдар қоғамның материалдық  қорын жоспарлы қалыптасуына  және оларды өнім өндірісі  мен тұрғындардың мәдени тұрмыстық   қажеттерін қанағаттандыру  үшін  біздің экономикамыздың салаларында қолданылуы бойынша өзіндік экономикалық категорияны анықтайды.

       Негізгі құралдардың мөлшерінен, сапасынан және тиімді пайдалануынан  табыстың өсу қарқыны, өндірістің  дамуы және кәсіпорынның тұтынушыларының   еңбек және тұрмыс  жағдайларының жақсаруы  тәуелді.

Себебі, негізгі құралдар кәсіпорынның  экономикалық потенциалын айқындайды:

         Ғылыми-техникалық прогресс негізінде  өнеркәсіпте өндірістік негізгі   қорлардың жаңаруы мен сапалық  жетілуінің интенсивті процессі  орын алды. Бұл 2 жолмен орындалады:

  1. жаңа кәсіпорын құрылысы, сондай-ақ  кәсіпорын реконструкциясымен кеңейтілуі кезінде аса жоғары техникалық          деңгейдегі негізгі  құралдар құрумен;
  2. негізгі құралдарды модернизациялау, сапалық жетілдіру мен және оларды жаңа техника  түрлерімен ауыстыруыменен.

    Негізгі құралдар құрамында абсолютті және салыстырмалы түрде техникалық алдыңғы  қатарлы, жаңа  еңбек құралдары  артуда. Жаңа негізгі  қорлардың, әсіресе  өндіріс құралдарының өсуі еңбекті  қарулануды арттырады, ал бұл еңбек  өнімділігінің  өсуінің  басты факторы болып табылады.

       

      
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    2.2. Негізгі құралдардың тозуы

       Пайдалану процесінде негізгі  құралдар өзінің бастапқы заттық  формасын

сақтай  отырып, біртіндеп тозады да, өз құнын  жаңадан жасалатынөнімге аударады. Бухгалтерлік  есептің №6 “Негізгі құралдар есебі” стандартына сйәкес тозу – бұл негізгі құралдар объектілерінің  физикалық және  моральдық сипаттамаларынан айырылу процесі.

      Негізгі құралдардың түр-түріне  амортизацияны есептеудің түрлі  тәсілдері қолданылады, негізгі құралдар объектілерінің физикалық тозуы – бұл пайдалану процесінде олардың  бастапқы құнының бір бөлігінен айырылу , оған: қажалу, сыну, механизмдердің, детальдардың жекелеген бөлшектердің қирауы және сыртқы ортаның әсері салдарынан пайдалану сапасынан айырылуымен сипатталады.

       Негізгі құралдар объектінің  моральдық тозуы бұл жетілдірілген  және өнімді машиналардың, жабдықтардың  және басқа негізгі  құралдардың  пайда болуына байланысты жұмыс  істеп тұрған объектінің бастапқы  құнының төмендеуі. Бұндай тозуға негізгі  құралдың барлық объекттері  жатады.

       Барлық жағдайларда  негізгі   құралдардың объектілері пайдалану   мерзімі аяқталғанша  бастапқы  түрін сақтайды, бірақ құны нақты   тозу сомасынан төмендейді. Тозудың  қалыпты қызмет мерзімі бойы активтің амортизацияланатын құнының жүйелі  бөлінуі түріндегі  құндық шамасы амортизация деп аталады. Пайдалы нормативті қызметті барлық мерзімі бойы әрбір  есепті  кезеңге  амортизациялық  төлемдер субъектінің шығындары болып табылады.

        Амортизацияны есептеу әдістерін шарушашылық субъектілерінің есеп саясатында қарастырылады:

    1. Құнды біркелкі шегеру әдісі
    2. Құнды атқарылған жұмыс көлеміне пара-пар шегеру (өндірістік  тәсіл)
    3. Жеделтілген әдістер
    • қалдықты азайту әдісі
    • құнды сан сомасы бойынша (кумулятивті) әдіс

          Негізгі құралдардың әрбір түріне  амортизацияны есептеудің қоымша  тәсілдері қолданылады, бірақ  та бір түріне  жыл бойында  тек бір әдіс өзгеріссіз қолданылады.

         Мысалы, «Автоматика» ААҚ-ды  қарастыратын  болсақ, онда есептік саясында біркелкі әдіс негізгі құралдың барлығына қолданылады. Бұл - әдістің таңдалу себебі, ол қолдануға ыңғайлы. Негізгі құрал құнын қайта бағалау Қазақстан Республика Үкіметінің қаулысына сәйкес жүргізілді. Амортизацияны ай сайын біркелкі  шығару  жолымен есептеледі. Қайтадан түскен негізгі  құралға амортизациясын есептеу келесі  айдың бірінші күнінен басталады да, істен шыққан негізгі құралға амортизацияны есептеу  келесі айдың  бірінші күнінен тоқталады. Амортизацияны  есептеудің  таңдап алынған тәсілі есептеу саясатымн  белгіленіп, бір есепті  кезеңнен  екіншісіне дәйекті түрде қолданылуы тиіс. Амортизацияны есептеу әдісі өзгерген жағдайда  осы өзгерістерді  тудырған себептер  ашылуы тиіс. Амортизацияланатын құн дегеніміз бастапқы  және  тарату  құнының  арасындағы  айырмашылық  есептеп шығару әдісі «Автоматика» ААҚ-ң  негізгі  құралдың  барлығына қолданылады. Бұл әдістің таңдалу себебі, ол қолдануға  ыңғайлы негізгі  құрал құнын қайта  бағалау  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысына сәйкес жүргізілген.

       Ғимарат, құрылыс бойынша амортизация әр құрылысқа жеке есептеледі. Егер  құрылыс құны тозу нәтижесінде 40 айлық есеп  айырысу көрсеткішінен төмен болса, онда құны ағымдағы шығынға теңеліп, шығарып тастауға жатады.

        Егер топтың құндық балансы  салық  жылының аяғында  100 айлық есеп айырысу көрсеткіші сомасынан төмен болса, топтың құндық балансының мөлшері шығарып тастауға жатады.

      Тозуды біркелкі есептеу әдісі объектінің тозған құнын оның қызмет мерзімі  кезінде өндіріс шығынына біркелкі үлестіріп бөлуді қарастырады.

      «Автоматика» ААҚ технологиялық жабдықтардың алғашқы  құны 180,0 тг., тарату құны 10,0 тг., пайдалану мерзімі 20 жыл. Құнды біркелкі есептеп шығару әдісін қолданған кезде амортизациялық аударымдардың жыл сайындағы  сомасы (180,0-10,0)20=8500 тг.

        1994 жылы шығарылып, сол жылы  пайдалануға берілген автомобиль  одан әрі пайдалануға  жарамайтындығына  байланысты 2002 жылы есептен шығарылды.  Автомобильді есептен шығару  сәтіндегі бастапқы құны - 296455 теңге, амортизация сомасы - 157145 теңге, жою құны - 14823 теңге, пайдалануға келетін кіріске алынған материалдардың құны - 139310 теңге. 

Кесте №1

Негізгі құрадардың шығуы  бойынша операциялардың шоттарда көрсетілуі

 
Операция  мазмұны
 
Dm
 
Km
 
Амортизация сомасына негізгі құралды есептен шығару кезінде жинақталған  
133
 
124
 
157145
Шығарылған  негізгі құралдың баланстық құнына 842 124 139310
Есептен шығарылған негізгі құралдан алынған  қосалқы бөлшектер кіріске алынуы  
205
 
727
 
139310
 

 

           
     
     
     
     
     
     
     
     

2.3. Инвестиция есебі

Нақты және қаржылық инвестиция туралы түсінік,

олардың жіктелуі

       Кәсіпкерлік табысты, капитал  өсімін немесе процентін алу  (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің  құнын арттыру және осыған  орай оны меншіктеушілердің әл-ауқатын  көтеру) мақсатында әр түрлі экономика саласына капитал жұмсау жолымен іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындары инвестиция деп ұғамыз.

    Инвестицияны  мына топтарға жіктеуге болады:

    1. Жұмсау мерзімі бойынша:
    • қысқа мерзімді – бір жылға дейін иемдену мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестицицясы);
    • ұзақ мерзімді – бір жылдан көп иемдену мерзімі;
    • мерзімісз инвестициялар.

    Ұзақ  мерзімді және мерзімісз инвестициялар  – бұл қосымша пайда алу

мақсатында немесе құнды қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсалымы әлдеқайда пайдалы болғандықтан қаражатты орналастыру.

    1. Тағайныдалуы бойынша:
    • қаржылық – құнды қағаздарға жұмсау;
    • нақты (мүліктік жұмсау) – субъектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.
    1. Шығу тегі бойынша – бірінші, екінші.
    2. Болу формасы бойынша –құжаттық, құжатсыз.
    3. Ұлттық тегі бойынша  – отандық, шетелдік.
    4. Қолдану түрі бойынша – инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес.
    5. Иемдену қатары бойынша – жеке, жалпы.
    6. Шығарылатын формасы бойынша – эмиссиондық, эмиссиондық емес.
    7. Меншік формасы бойынша – мемлекеттік, корпоративтік.
    8. Айналыс сипаты бойынша – нарықтық, нарықтық емес.
    9. Тәуекелдік деңгейі бойынша – аз тәуекелдікпен, мүмкін үлкен тәуееклдікпен.

    Тәуекелдік  түрелерін мынаған бөлуге болады:

    • капиталды тәуекелдік – бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелді, инвестор өзінінің инвестициясын ысырапысыз қайтар алмайтын , толық босатып ала алмайтын тәуекелдік;
    • уақытша тәуекелдік – міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы инвестцияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелдік;
    • заңдық өзгерістер тәуекелділігі – шығын мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін тәуекелдік;
    • өтімділік тәуекелділігі (риск ликвидности) – инвестицияны өткізу барысындағы  болуы мүмкін ысырапқа ұырндыратын тәуелдік;
    • нарықтық тәуекелдік – нарықтың жалпы құлдырауымен байланысты инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
    • кредиттік және іскерлік тәуекелдік – борыштық құнды қағаздар шығарушы (эмитент) негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге жағдайын болдырмайтын тәуекелдік;
    • процентік тәуекелдік – нарықтағы проценттік мөлшерлеменің өзгеруіне  байланысты инвесторға  ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;
    • валюталық тәуекелдік – шетелдік валютадағы инвестциямен байланысты тәуекелдік.

Информация о работе Айналымнан тыс активтер