Өзіңді тану-өзгені тану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 16:52, доклад

Краткое описание

«Бір бала бар – жақсы туады, бір бала бар – әкесінен асып туады» деп, халық «жасық туған» баланы да жұрт қатарлы азамат болуға, «асып туған» баланың іс-әрекетін қуаттап, оны үлгі ретінде уағыздайды. Қазақ дәстүрінде ата-анаға қызмет ету – борыш, ата салтын орындау – парыз, анасының ақ сүтін, әке еңбегін ақтау – қарыз. Жеке адамның адамгершілігі де, кісілік имандылығы да осы борыш, парыз, қарыз өтемімен айқындалады.

Содержание работы

I.Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
2. Оқушыларды түгелдеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4. Оқу құралдарын тексеру
II.Негізгі бөлім

Содержимое работы - 1 файл

тәрбие сағ 9в.docx

— 20.79 Кб (Скачать файл)

                      №176 мектеп-гимназиясы

                               Алматы қаласы          

 

 

 

 

 

             Тәрбие сағатының

              жоспары

 

Тақырыбы: « өзіңді тану – өзгені тану»

 

 

 

 

 

 

 

                                               Сынып жетекшісі: Сәрсенбаева Ғ.У.

                                               Орындаған:     Қияқова А.Ө

            

 

Тәрбие сағат тақырыбы:  «Өзіңді тану – өзгені тану»

Тәрбие сағатының  мақсаты:

  • Өмірдің мақсаты, өзін-өзі бағалау, өзіне деген сенім түсініктеріне анықтама беру;
  • Өз іс-қылық,іс-әрекет дағдыларын бағалауды және бірін-бірі бағалауды дамыту;

Тәрбие сағаты әдісі: әңгімелесу,өзіндік диагностика.

Пәнаралық байланыс:

Тәрбие сағаты көрнекілігі:

                          

                        Тәрбие сағатының өту барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі    1. Амандасу

                                          2. Оқушыларды түгелдеу

                                          3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

                                          4. Оқу құралдарын тексеру

 

II.Негізгі бөлім

       «Бір  бала бар – жақсы туады,  бір бала бар – әкесінен  асып туады» деп, халық «жасық  туған» баланы да жұрт қатарлы  азамат болуға, «асып туған» баланың іс-әрекетін қуаттап, оны үлгі ретінде уағыздайды. Қазақ дәстүрінде ата-анаға қызмет ету – борыш, ата салтын орындау – парыз, анасының ақ сүтін, әке еңбегін ақтау – қарыз. Жеке адамның адамгершілігі де, кісілік имандылығы да осы борыш, парыз, қарыз өтемімен айқындалады. Көшпенді ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне қатысты жайттарды топтастырғанда да ғылым үшін аса маңызды жүйелік принципке ерекше мән берген. Осы айтылғанға орай жас буын тәрбиесін бесіктен (тіпті, құрсақта жатқан кезден) бастап бұларды ақыл-ой, имандылық, еңбек, көркемдік, сымбаттылық секілді сан салаға жұптастырған. М.Әуезовтың: «Ел олу үшін бесігіңді түзе» деген сөзінің мән-мағынасына ой салсақ, тәлім-тәрбие ісі жас ұрпақ дүниеге келгеннен басталады екен.

        ХХІ  ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі  тану» рухани-адамгершілік білімінің  түп тамыры тереңде жатыр. Ол – халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға бағытталған. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі – ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды механизмі, өмірдің мәні мен өнегесі, тарихпен, ана тілімен, философиямен, әдебиетпен, дәстүрмен, психологиямен ұштасқан ұлттық-рухани білім мазмұны мен түрі. Рухани байлыққа апаратын жолдың бірі – білім, екіншісі – сол білімді пайдаға асыру. Адам алғаш білімнің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын жақсы жағынан өзгертуге әрекет жасайды. Өйткені рухани жетілудің шыңына көтерілген адам өмірдің мәні мен мағынасын жай ғана түсініп қоймай, жер бетінде ізгілік орнатуға күш салады. Қандай да болсын адамдықты, адамгершілікті бетке ұстаған қоғамның мақсаты- әр адамды рухани байлық деңгейіне жеткізу.

       Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатынын қабілеттерін жетілдіруді көздейді.

      Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Тәрбиенің басты мақсаты әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету. Өзін-өзі тану жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану – адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы. Өзін-өзі тану жеткіншекті жарық дүниеде өмір сүріп, Адам екенін терең сезінуге, адамдарға қуаныш сыйлай білуге баулиды. Жанында жүрген аяулы адамдардың бар екенін ұғынуға көмектеседі. Адамдардың сезіміне ие болу және оны ақтай білуге үйретеді. Борыш пен парызға адал болуға тәрбиелейді. Артыңда өшпейтін ізгілікті із қалдыра білуге талпындырады. Қабілетіңді, бойындағы дарында, азаматтылығыңды дәлелдеуге итермелейді. Өзін-өзі танудың мақсаты – адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, рухани-адамгершілік білім беру. Бұл білімдер мен біліктер, қабілеттер адамдармен өзара түсіністік пен үйлесімділікке қол жеткізуге, өзге адамдарға дер кезінде көмек беріп, қолдау көрсету қабілеттерін меңгеруге мүмкіндік береді. Рухани-адамгершілік білім баланың, жеткіншектің бойына өзінің жарқын болашағына деген сенімділігін ұялатады. «Өзін-өзі тану-өмірді тану», - дейді көне грек философы Сократ. Басты мақсат – әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету. Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр.

 Ал, оқушылар, өзін тану үшін адам не істеуі керек деп ойлайсыздар?

 
Адам өмірінің көп жағдайы  өмірдің бағытына байланысты. Әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті. Ол үшін мына ережелерді басшылыққа  алсаңдар дұрыс болады: 
•    Өмірде қандай жақсылық болса, соны көре білдіңдер; 
•    Өмірде кездесетін ұсақтыққа назар аудармаңдар; 
•    Өмірдің ең  құнды жақтарын алуға тырысыңдар; 
•    Адамның әлсіздігіне шыдамдылқпен қараңыз, ондай жағдай сіздің де өміріңізде кездесуі мүмкін; 
•    Өмірде жақсылық та, жамандық та болады, сондықтан оның жақсылығына рақаттаныңыз,  ал жамандығына ренжімеңіз.

 
•    Адамға өмірлік бағыт не үшін керек деп ойлайсыздар? 
•    Сіз өмірлік жолыңызды қалай таңдар едіңіз? 
Дәйексөз 
Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі. өзін -өзі қалай тануға болады? Борышыңды өтей бастаған сәттен бастап-ақ, өзіңді таниаласың. 
Иоганн Гете 

•    Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? 
•    Өзін-өзі қалай қалайтануға болады? 

Өз  жолым бар, сонан соң өз үнім бар, 
Тағдырым бар сыр тұнған сезімде әр. 
Ұмтыламын мен саған, ұмтыламын, 
Құпиямен сен менің төзімімді ал.

Болса-дағы мұратым шалғай тарап, 
Қоясың сен қандай сын, қандай талап? 
Құлатсаң да құзыңнан тұрғызбастай, 
Осы әнімді айтамын сан қайталап.

Не  тілейсің ақыннан жиырма жасар, 
Жастамын мен қамықпай шыңға басар. 
Ез емеспін тау түгіл, қырда адасар, 
Мен-қазақпын домбыра, жыр жарасар.

Өз арнамнан  әйтеуір, аспай бақтым, 
Бір арманға жасымнан тастай  қаттым. 
Күнді бетке ап тартып бара жатқан, 
Жыр көшіне ілескен  жас тайлақпын.

•    «Өз жолым бар, сонан соң өз үнім бар» деген  ойды қалай түсінесіздер? 
•    Өз арманына жету үшін не істеуге болады деп  ойлайсыздар? 
•    Сіз өз жолыңызды қалай таңдар едіңіз? 

 
Төмендегі  сұрақтарға жауап беріп, оқушылар әр адамның өзіндік мақсат-міндеті, таңдаған өмір жолы болатындығын айтып, өздерінің таңдауларымен бөліседі. 
•    «Өз жолым бар, сонан соң өз үнім бар» деген  ойды қалай түсінесіздер? 
•    Өз арманына жету үшін не істеуге болады деп  ойлайсыздар? 
•    Сіз өз жолыңызды қалай таңдар едіңіз? 
1-    тапсырма. Сіздің мінезіңіз қандай? 
Мақсаты: оқушылардың мінезін, көңіл-күйін анықтауға арналған. Бұл тест мінезді тез арада анықтауға  мүмкіндік береді. Егер мінездің кемшіл тұстары анықталып жатса, оны сыпайылап жеткізген дұрыс. Оқушылар сұрақтарға «иә/жоқ» деп жауап береді. 
Сұрақтар: 
1.    Сізге күшті дәмдеуіштер қосылған тамақ ұнайды ма? 
2.    Сіз өзіңізді ортада жақсы сезінесіз бе? 
3.    Сіз кейде қуаныштан төбеңіз көкке жеткендей бола ма? 
4.    Сіз дастарқан басында қонақтарды қызықтыра аласыз ба? 
5.    Сіздің басыңыз жиі ауыра ма? 
6.    Сіз кейде тіс жууды ұмытып  кетесіз бе? 
7.    Сіз әрқашан  бір шаш үлгісімен жүресіз бе? 
8.    Басқатырғыштарды шешкенді ұнатасыз ба? 
9.    Дене жаттығуларымен айналасасыз ба? 
10.    Сізде мелонхолиялы көңіл-күй жиі бола ма? 
11.    Тыныштықта жұмыс істегенді ұнатасыз ба?

Сұрақтар      1    2    3    4    5    6    7    8    9    10    11 
Иә     3    2    4    3    1    4    3    1    3    1    4 
Жоқ     2    1    2    2    2    1    4    4    1    4    1

Талдау: 
20 ұпайдан төмен – сіз тыныштықты, табиғатта серуендеуді ұнатасыз. Шулы кафеден гөрі үй жағдайындағы достар мен қарым-қатынасты қалайсыз. Осы себептен сізді кейбір достарыңыз іш пыстырады деп ойлайды. 
21 – 24 ұпай – сіз жеткілікті деңгейде жеңілтексіз. Адамдармен тез тіл табысасыз, бірақ көңіл күй ауыспалылығы жиі болады – бірде  жабырқау, бірде тым көңілді. 
25 ұпайдан жоғары – ортадағы сіздің орныңыз ерекше. Сіз әзілқойсыз, басқа  адамдардың көңіл күйінің көтеріңкі болуына себепші боласыз. Қызықты әңгіме айтып, үзіліссіз күлдіре аласыз.

Қорыта  келе А. Шамкеновтың  «Әр адам» өлеңімен аяқтаймыз

Әр  адамға барлау жасап күнімен 
Ой шарлайды, оймен бірге жүгірем. 
Әр адамның өмірі бір хикая, 
Әр адамның жүрегіне үңілем. 
Бар  мейірін бүкпей тура қараған, 
Маған түрлі ой салады әр адам. 
Гүл тәрізді  күнге бойлап өсетін, 
Әр адамның көзінен нұр, нәр алам.

Әр  адамнан байқаймын  мен бір ізді 
Қай із болсын, өзінше ол маңызды. 
Жақсысы – үлгі, жаманы сақ жүргізер, 
Әр адам маған бір-бір мектеп тәрізді.

 


Информация о работе Өзіңді тану-өзгені тану