өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 14:36, курсовая работа

Краткое описание

Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалык субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту максатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................5

1 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІПНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ.........................................7
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері .....................7
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері.....13
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар......................19

2 «МАВИД» ЖШС-НІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ.....................28
2.1 «Мавид» ЖШС-нің сипаттамасы және өндірістік–шаруашылық қызметін талдау..........................................................................................................................28
2.2 Өнім ассортиментін және өндіріс ырғақтылығын талдау...............................32
2.3 Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдау.......................................................35
2.4 Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін, еңбек өнімділігін талдау..........................................................................................................................37
2.5 Өзіндік құн, табыс және рентабельділікті талдау............................................39
2.6 «Мавид» ЖШС-нің бәсекелік ұстанымын бағалау..........................................43

3 НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ.....................................................................................48
3.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту..48
3.2 «Мавид» ЖШС-ғында бәсекелестікті жоғарылату мақсатында өнім ассортиментін кеңейту және өндірістік қуаттылықты пайдалануды жетілдіру..58
3.3Ұсынылған шаралар тиімділігінің жинақ есебі.................................................61

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................

Содержимое работы - 1 файл

Чс.docx

— 15.38 Кб (Скачать файл)

Бәсекеге қабілеттіліктің  өсуі, евро курсының жоғарылауы мен  доллардың  төмен  түсуі өндірушілерді  өз өнімін өткізуінде тұтынушылар мен  делдалдарға  жол беруге тура келеді. Одан басқа, жарнама тиімділігі өсіп жатқан шығындар есебінен төмендейді. Сондықтан, соңғы кездері көптеген  кәсіпорындар жарнама ЖШС-гіна тиімді сүйеу болатын өткізуді  ынталандыруға  сүйенеді.

Сатуды ынталандыру  көп мақсатты бағытқа ие. Мақсат алдағы ықпал объектісіне байланысты таңдалады. Мақсаттық аудиториялардың  бірнеше типтері бар:

  1. Тұтынушы:  оның  мағынасы өте үлкен және барлық  маркетингтік саясат сол тұтынушыға бағытталады. Сатуды ынталандырудың    кең спектр тәсілдері  бір  ғана  мақсатпен  жасалған  ─  тұтынушыны    ең тиімді әдіспен тарту және оның сұранысын қанағаттандыру. Тұтынушыға арналған ынталандыру жолдары келесідей:
  • сатып алушылардың санын көбейту;
  • бір  сатып  алушымен  сатып  алынған  тауарлар  көлемін  ұлғайту.
  1. Сатушы: сатушының тауарды сату қабілеттілігі мен шеберлігі өндіруші назарынан тыс қалмауы керек. Фирманың мақсаты сол қасиеттерді ынталандырып көтермелеу. Сатушыға арналған ынталандыру мақсаттары:
  • тауарға қызығушылығы жоқ тұтынушыны қызықтыру.
  1. Сауда  делдалы:  өндіруші  мен тұтынушының арасында негізгі буын  болып,  реттейтін  қызметін атқаратын өзіндік объектісі болып табылады. Ынталандыру мақсаттары келесідей болуы мүмкін:
  • тез танымалды болатындай тауардың белгілі бір имиджін қалыптастыру;
  • сауда желісіне келіп түсетін тауар көлемін ұлғайту;
  • бір немесе басқа марканың белсенді өтуінде делдалдың қызығушылын көтеру, т.б.

Ынталандыру шаралары қойылған мақсатқа байланысты таңдалып алынады. Оларды 3 ірі топқа біріктіруге болады:

  • баға ұсынысы (төмен бағамен сату, жеңілдік купондары мен талондары);
  • натуралды  формадағы  ұсыныс  (премиялар,  тауар  үлгілері);
  • белсенді ұсыныс (сатып алушылар конкурсы, ойындар мен лотереялар).

Нан өндірісі саласы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру  біртұтас механизм ретінде нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат мәдениеті мен ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика және экология талаптарына, сонымен қатар, кәсіпорынның мүмкіндігіне  сай  болуы  тиіс.

Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі – кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын  іс-әрекеттері арқылы сипатталады. Дұрыс  таңдап алынған механизм осы кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда  ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз  болады.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмі  іс-әрекеттердің жиынтық   көрінісі  ретінде   оларды  жүзеге  асыратын  бірнеше  тетіктерге тәуелді. Бұл  тетіктер диплом жұмысымда  өзіндік  сипаттары бойынша төрт топқа  бөліп қарастырылады:

бірінші топ - өнімнің  сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;

екінші топ - өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;

үшінші топ - өнімнің тартымдылығын арттыру  немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;

төртінші топ - өнімнің бәсекелік қабілетін  қамтамасыз ету немесе өндірісті  мемлекеттік қолдау (5-сурет).

Әлемдік  нарықтың  қатаң  талаптары  мен  бәсекелік  шарты отандық нан өнімін өндіруші кәсіпорындардың сол талаптар мен  шарттарды ұстануын  қалайды.  Өйтпеген  жағдайда  әлемдік  нарықта  осы  өнім  түрлері бойынша  негізгі  өндірушілер  саналатын  АҚШ,  Израиль,  Голландия, Ресей және Дания сынды мемлекеттер өздерінің бәсекелік ықпалымен еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің  нарықтарын  игеріп  алуы  қиын  емес.

Сондықтан да ішкі нарықтағы нан өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі, ең алдымен,  олардың  сапасына  байланысты.

Нан  өнімдерінің  сапалық  деңгейі бірнеше тұрғыда  анықталады. әлемдік нарыққа шығудың негізгі жолы болып – халықаралық сапа стандарттарының талаптарын орындау және оны өндіріске енгізу     қадамдары саналады,  сонымен  қатар, өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу саясатын да негізгі назарда ұстанған жөн деп       санаймыз.

Өндіріске  инновациялық  және ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу, алдыңғы қатарлы озық технологияларды пайдалану тек өнімнің сапалық қасиеттерінің жақсаруына ғана емес, шикізат пен материалдарды үнемді пайдалануға, сонымен қатар, оның баға бәсекесі жағдайындағы өтімділігін  арттыруға  да  серпін  береді.

Бүгінгі жағдайда, өңдеуші өнеркәсіптердің, соның  ішінде нан өнімі кәсіпорындарының  инвесторлар  үшін тартымдылығы төмен  екендігін ескере отырып, бұл кемшілікті жою мақсатында сол кәсіпорындардың     өздері нақты ұсыныстарды алға тартуы тиіс. өйткені, ғылыми-       техникалық жетістіктерді өндіріске тарту ірі көлемдегі қаржының    көмегінсіз жүзеге асуы мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

Бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру тетіктері


Өнімнің тартымдылығын  арттыру

- өнімнің сапалық  және бағалық тиімділіктерін  жарнамалау;

- кәсіпорынның  сауда белгісін нығайту және  танымалдылығын кеңейту;

- өнімнің сыртқы  келбеті мен жағымдылық қасиет-терін  арттыру;

-маркетинг жүйенің  стратегиясы, тактикасын дайындау




 

Өнімнің сапасын арттыру

- халықаралық  сапа стандарттарын енгізу;

- өнімнің органолептикалық  қасиеттерін жақсарту;

- ғылыми-техникалық  және инновациялық жетістіктерді  енгізу;

- өндірісті  диверсификациялау;

- өнімді дифференциациялау;

- еңбек күшінің ықпалы





Баға саясатын реттеу

- нарықта баға  стратегиясын айқындау;

- өнімнің өзіндік  құнын төмендету мүмкіндіктерін  іздестіру;

- бағаны қалыптастыру  әдістерін анықтау;

- нарықтық бәсеке жағдай-ында  байланысты өнімнің бағасын белгілеу.





Өндірісті мемлекеттік  қолдау

- БСҰ кіру қарсаңында өндірушілерді заңдылық тұрғыдан қорғау;

- инвестициялық  саясат ұстану;

- экономикалық  қолдау шараларын енгізу;

- өзара байланысты  салаларды кешенді дамыту;

-бәсекелік ортаны дамыту.





 


 

Бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша нақты ұсыныстар беру  және оларды шешу жолдарын анықтау





Сурет 4. Өнімнің  бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары

 

 

Мұндай ұсыныстардың қатарына төмендегілерді  жатқызуға  болады:

- қосылған құн  тізбегі бойынша өнім шығаруды  дамыту жолдарын айқындау. Яғни, өнімнің шикізат түрінен дайын өнімге айналуына  дейінгі  өндірістік   процесті   ұйымдастыруды   қамтамасыз ету;

- нан өнімдері  тамақ өнімдерінің басқа да  түрлері сияқты белгілі бір  мөлшерде құнарлылық, энергетикалық  құндылылық көрсеткіштеріне, пайдалану   уақытына  сай жарамдылық,  сақталу мерзімі, дәмдік сипаттарына тәуелді. Осыған орай, дамыған елдерде қолданылып жүрген, өнімнің осы қасиеттерін жетілдіруге немесе жақсартуға мүикіндік беретін, инновациялық сипаттағы технологияларды пайдалану жолдарын       қарастыру.

Инновациялық  процестерді жетілдірудің жолы ретінде  аймақтық ғылыми-өндірістік жүйені құруды ұсынуға болады. Бұл жүйе белгілі  бір өңірдің  (мәселен,  Алматы облысының) нан  өндіретін  кәсіпорындары      мен осы салаға қатысы бар ғылыми зерттеу мекемелері кіреді. Бұл мекемелердің өзара тығыз жұмысы әлемдік нан өндірісінің техникалық мүмкіндіктерін, өнімдерінің дайындалу ерекшеліктерін зерттеуге, жаңа жетістіктерді айқындауға және мүмкіндігінше сол пайымдаулардың нәтижелерін өндіріске енгізуге ықпал етеді. Аталған жағдай саланың өндірістік, экономикалық және ғылыми- техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға итермелейді. Нан өндіруші  кәсіпорындардың қолдауымен  ғылыми  мекемелер өз зерттеулерін жүргізе отырып, маңызды ұсыныстарын тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік алады.

Сонымен, нан  өнімдерінің сапасын арттыру  осы сала өндірісінің даму тұрақтылығы  мен әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігінің  кепілі болатынын ескере отырып, бұл  бағытта келесі нақты қадамдар шешімін  табуы тиіс деп санаймын:

  • Отандық тауар өндірушілер өнімнің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
  • Сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және                  олардың бәсекеге  қабілеттілігін  қалыптастыру  мақсатында  мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда, Жапония және Еуропа мемлекеттерінің  осы  салаға  қатысты  тәжірибелерін  негізге   алу;
  • Тамақ өнімдерінің адам өміріне қауіпсіздігін, оның сапалық талаптарын ғылыми тұрғыдан негіздеу;
  • Нан саласына қатысты өндірістік және ғылыми-зерттеу мекемелерінің ортақ жүйесін құру;
  • Құрамында витаминдері, майлы қышқылдары, минералдық заттары бар өнімдер шығаратын технология дайындау;
  • Отандық қалыптасқан дәстүр бойынша халықтың тұтыну  ерекшеліктеріне сай таза өнімдер шығару үрдісін ұстану;
  • өнімнің биологиялық құрамын табиғи түрінде сақтау үшін ғылыми негізделген жолдары мен әдістерін іздестіру;
  • өнімнің органолептикалық қасиеттерін жақсарту мақсатында қажетті табиғи қоспаларды пайдалану;
  • өнімнің сапасын көтеруде және адам өміріне қауіпсіздігін қалыптастыруда стандарттау мен сертификаттау талаптарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
  • өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа, озат техника мен технологияларды пайдалану;
  • тұтынушылардың әртүрлі деңгейлеріне  сай өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы ассортиментті кеңейту;
  • инновациялық озық үлгідегі құрал-жабдықтар мен қондырғыларды енгізуге қажетті қаржыларды тарту жолдарын іздестіру және белсенділік таныту.

Президенттің  стратегиясына сәйкес біздің мемлекет қысқа уақытта әлемнің  бәсекеге  қабілетті  50 ел қатарына енуі қажет. Кейбіреулері        біздің ел  дамыған мемлекеттердің  қатарына  кіргеннен кейін өмір  сүру  деңгейі автоматты түрде Жапония, Ұлыбритания, АҚШ деңгейлеріне       жетеді деп ойлайды. Алайда,  бұл жол ауыр ұрынуға болатын тастарға         бай. Аналитиктер біздің ел БСҰ-ға кіргеннен кейін көптеген отандық компаниялар бәсекелестерге  шыдамай,  көп  ұзамай  банкротқа  ұрынады  деп  бекітеді.

Тұтынушылар Ұлттық лигасы мен Қазақстанның мінсіз бизнес кәсіпорындар  Ассоциациясының  мамандарының  мақұлдауы  бойынша БСҰ-ға  кірген  кезде  отандық  кәсіпорындардың  өнім  мен  қазметтің сапасы  және  бәсеке  қабілеті  үлкен  мағынаға ие болады.  Ең жақсы «елулік»  мемлекетке  кіргендегі қазақстандықтардың өздері де маңызды роль ойнаулары керек.

Қазақстанның  мінсіз  бизнес  кәсіпорындар Ассоциациясына 30  отандық компаниялар мен  фирмалар кіреді. Бірақ көптеген қазақстандық өндірушілер мен қызмет берушілер  бұл қатарға кіруге қорқады ─  тұтынушылар алдындағы көп міндеттерді  өз иықтарына артуға тура келеді. Одан  басқа,  мінсіз  бизнесті қалыптастыру үшін  елеулі ақша-қаражат қажет, ал олар тез арада ақталмайды. Сонымен бірге, жасырудың не қажеті бар, қазақстандық өндірушілердің көптеген өнімнің сапасы әлемдік стандарттарға  тіпті  жақындамаған.

 Біздің  елде  отандық  нарықта  ұсынылған  тауар мен қызметтің сапасын көтеретін механизмдер әлі де қалыптаспаған. Көптеген жағдайда өндіруші тұтынушының қажеттілігі не, оның қажеттілігін қанағаттандыруы үшін  тауар  мен  қызметтің  сапалық  және бағалық параметрлері қандай болу керек  екендігі  білмейді. Қазақстандық  өндірушілер  сатып  алушымен кері байланысты орнатуды құнттамайды. Біздің мемлекетте  отандық өндірушілерге халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік беретін нақты бәсекеге  қабілетті  стандарттар  жүйесі  де  жоқ.

Әрине, мұның  бәрінде тек қана өндірушілерді  кінәлауға болмайды. Мұнда  мемлекеттің  де,  біздің, тұтынушылардың кінәсі да бар. Кей жағдайда алданған  тұтынушылар  өз құқықтарын сотта қорғайды. Қалғандары бір тауарда алданып, екінші тауарды  сатып алады және өз ақшаларын сол қиянатшыл бизнеске салады. Дөрекілеу шындық: әрбір медальдың екі жағы бар. Сондықтан, Қазақстанның БСҰ-ға кіруі отандық кәсіпорындардың  бәсекеге  қабілеттілігін,  сонымен қатар,  біздің  өміріміздің  сапасын  көтереді.

Сапаны  жоғарылату  мәселесі ҚР Президентінің «Қазақстанның  әлемдік бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену стратегиясында» кең қарастырылады. Тұтынушылар Ұлттық лигасы мен Қазақстанның мінсіз бизнес кәсіпорындар Ассоциациясының мамандарының ойынша отандық компаниялардың сапа стандарттарын тұтынушымен жөнделеген кері байланыс  арқылы  жоғарылатуға  болады .

Информация о работе өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру жолдары