Фирма теорисы. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 16:13, реферат

Краткое описание

Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады. Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:

Содержимое работы - 1 файл

Фирма теорисы.doc

— 74.00 Кб (Скачать файл)


Фирма теорисы. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.

Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады. Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:

• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;

• серіктестік немесе партнерлік;

• корпорация (акционерлік қоғам).

Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен жауапкерлігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі — капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды түлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кен. тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады. Серіктестік (партперлік) дегөніміз екі және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды түлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл. қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады. Кемшіліктері:

• шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;

• фмрма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жетіле түсінбеуі;

• фирма табыстары мен шығысғарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы. Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасылың мекемелері және тағы басқа көбінесе, серіктестіктер формасында ұйымдастырылады.

Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі — акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы үлестеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары:

• акциялар мен облиғацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі;

• акционерлер құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқық қ а бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнынын, бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер заңдық құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;

• басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар мамандарды шақыра алады;

• корпорацияның тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционер шығуы фирма қызметіне, оның жабылуыла әсер етпейді. Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік формасының кемістіктері:

• акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы:біріншісі — корпорация пайдасының бөлігі деп, екіншісі — акция ұстаушы табысының бөлігі деп;

• экономикалық бейәрекеттердің, қылмыс жасауға қолайлы мүмкіндіктердің мол болуы;

• меншіктену мен бақылау қызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер барынша көп дивиденд алуға ынталы болады, менеджерлер оны азайтып ақшаны айналысқа жіберуге тырысады.

Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ артықшылықтары одан көп.

Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес болып бөлінеді.

Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchise — жеңілдік) жүйесі мен венчурлік (venture — бел байлау, тәуекел ету) кәсіпкерлігі жатады.

Фраичайзипгке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контракт жасасады. Бұлардың баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа яайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамк.орлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді және қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып тұрады.

Веичурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналасатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе, күйіп кету мүмкіндігі мол. Сондықтан венчурлік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады.

Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-да пайда болған. Венчурлік фирмалар Қазақстанда құрыла бастады, бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселе шешеді:

• Қазақстан халқының елеулі бөлігін құратын жағдайы төмен адамдар үшін соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер өндірісін кеңейтуге ат салысады;

• халықтың материалдық және қаржылық қаражаттарын өндіріске тартуға көмектеседі;

• ірі өндірістен босаған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Кіші бизнестің әлеуметтік-саяси мағынасы да зор: ол қоғамның тұрақтылығының кепілі болып табылатын «орташа» таптың даму иегізі. Бірақ шағын бизнестің даму қарқыны қанағаттандырады деп айтуға ерте.

Бұның ішкі және сыртқы себептері аз емес:

Ішкі факторлар:

• старттық капиталдың жетімсіздігі;

• банкілермен байланыстың нашарлығы.

Сыртқы факторлар:

• қисынсыз салық жүйесі;

• заңдардың шикілігі, тұрақсыздығы;

• «криминалдық прессинг».

Шағын бизнесті жандандыру үшін қажет шараларды үш бағыттан жүргізу қажет:

• шағын бизнестің ішкі ортасын жақсарту керек;

• нақты фирмаларға тікелей көмек көрсету;

• шағын кәсіпорындарының өзін-өзі ұйымдастыруын күшейту.

Орташа бизнестің рөлі мәз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкін, немесе мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін мүгедектерге, жарымжандарға арналған техника жасау, қала сағаттарын жөндеу) тағы басқа.

Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Енді мынадай сұрақтардың реті келіп тұр:

1. Қандай жағдайлар фирма көлеміне әсер етеді?

2. Фирмалар не үшін құрылады?

3. Нарық мүшелерінің әрқайсысын минифирма болдырып, иеліктен барлық экономика «жаппай, түгел» нарық түрін алмайды?

Баршаға мәлім, нарық бостандық әкеледі, ал әкімшілдік, иерархия, бақылау және саналы жоспарлаудың болуы туралы бостандыққа шек қояды Мәселе нарық механизмін пайдаланудың арзанға түсуінде. Нарықтың әр мүшесі өздерінің жеткізушілері мен жабдықтаушылары кәне сатып алушылары туралы, келіссөз жүргізу және келісім-шарт талаптарының орындалуы туралы информация алуға мәжбүр болады. Осы үшін шығын жасалынады. Осындай шығындар трансакциондық (лат. transactio «келісім») шығындар деп аталады.

Бұл шығындар нарықтық агенттердің бір-бірімен қатынастарын келістіру процесінде пайда болады. Егер экономика тек жалғыз физикалық тұлғалардан тұрып, «жаппай, тағы» нарық болса, миникелісімдер өте кеп болғандықтан, трансакциондық шығындар тым көп болар еді. Фирманы ұйымдастыру, осы шығындарды төмендетудің әдісі болып табылады. Фирмалар нарықтық механизмді шектеп, жою мақсатымен, нарықтық үйлесімнің қымбат болғандығына жауап ретінде құрылады деген тұжырымдар жоқ емес. Шынында, трансакцияларды нарықтың көмегінсіз, фирманың ішінде жасау арзаң түседі екен. «Иерархия» (фирма) мен нарықтың бір-бірінен артықшылығы жоқ.

Нарықтық және әкімшілік реттеу тетіктерін салыстыру арқылы, фирманың қажетті көлемін анықтауға болады. Ол нарықты пайдаланудың шекті шығындары мен әкімшілік бақылауды қолданудың шекті шығындарының теңдесу нүктесі арқылы белгіленеді. Осы шекараға дейін «иерархия» (фирма) пайдалы болады, ал содан кейін — нарық пайдалы. Фирманың оптималдық көлеміне өндірістің саласы, технология, фирманың интеграциялану дәрежесі, тағы басқа әсер етеді.

Фирма теориясында фирмалар тік және көлденең интеграцияланған фирмалар болып бөлінеді. Тік интеграция деп өндірістік процестің ең төменінен, оның ең жоғары сатысына дейін (мысалы, мұнайды өндіруден бастап одан шығарылған өнімдерді сатуға дейін) айналысатын фирмалар бірлестігін атайды.

Көлденең интеграция — бір түрлі бизнеспен айналысатын фирмалардың бірлестігі. Көлденең интеграцияның бір түрі — диверсификация (ағылшынша diversification — саналуан, көптүрлілік). Бұл , бір-бірімен технологиялық байланысы болмайтын, саналуан фирмалардың бірлестігі. Мысалы, химиялық концерн «Дюпон-де- Немур» химиялық тал жіп (талшық), дәрі-дәрмек, рефрижераторлар, ұшақтар өндірістерін біріктіріп отыр.

Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. «Кәсіпорын» деген категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізілді. Ақырғы уақытқа дейін ол ерекше ұйымдық-құқықтық форма деп түсінілетін, яғни меншігі жоқ коммерциялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншік иесі мемлекет. Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс-әрекетте болды, өйткені кәсіпорындарының өздерінің мүліктерін «сату» туралы бір-бірімен жасасқан келісім шарттары осы мүлікке деген меншік құқын өзгертпейді, өйткені мемлекет меншік иесі болып қала берді.

Нарық экономикасында, әміршіл-әкімшілік экономикасынан өзгеше, тауар-ақша айналымына, номиналдық емес, ақиқат меншік иелері қатысады: индивидуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серікдестер, қоғамдық ұйымдар. Бұлар үшін экономикалық жағынан да, құқықтық жағынан да, кәсіпорынын құрудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұларда басқа мақсат: кәсіпорын құру емес, «бір тұлғаның (адамның) компаниясын» құруды көздейді, яғни шаруашылық қоғамдарды. «Кәсіпорын» деген түсінік тек коммерциялық емес ұйым ретінде — меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды.

Нарықтық түсінім жағынан «кәсіпорын» кәсіпкерліктің ерекше ұйымдастыру — құқықтық формасы емес, ол тек мүліктік кешен — ғимараттардың, құрылыстардың жабдықтардың, шикізаттардың жиынтығы болып табылады. Ол унитарлық болады, өйткені оның мүліктері жалғыз меншік иесінде (мемлекеттің, муниципалдық құрылымдардың) болады, соңдықтан жұмыскерлердің арасында бөлініске түспейді.

Унитарлық кәсіпорынның бір түрі — федералдық қазыналық кәсіпорындар. Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар заңды тұлға болады.

Заңды тұлғаға өзінің меншігінде, немесе, шаруашылық пайдалануында, ақшалай мүлігі болатын және өздерінің міндеттері үшін осы мүлік мөлшерінде жауап беретін, ұйымдар жатады. Заңды тұлғаға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар жатады.

Коммерциялық ұйымға пайда табуды қызметтерінің негізгі мақсаты деп түтатын ұйымдар жатады.

Коммерциялық емес ұйымдарға пайда табумен, оны мүшелерінің арасында болуді мақсат етпейтін ұйымдар жатады.

Коммерциялық ұйымдардың формалары:

• шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар;

• өндірістік кооперативтер;

• мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар.

Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдардың мынадай формалары болады:

• толық серіктестік:

• сөнімді серіктестік (коммандиттік серіктестік);

• жауапкершілігі шектелген коғам;

• қосымша жауапкершілігі бар қоғам;

• акционерлік қоғам (ашық, жабық);

• балалық және тәуелді қоғамдар.

Кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын және өздерінің қарамағындағы мүліктер шамасында іс-әрекеттерінің нөтюкесіне жауапты серіктестік толық серіктестік деп аталады. Толық серіктестіктің пайдасы мен шығындары осының мүшелері арасында олардың жалпы қосынды капиталдағы үлес салмағына пропорционалдық түрде бөлінеді.

Егер толық серіктестіктермен қатар осы серіктестікте бір, немесе, бірнеше мүше-салымшылар (коммандистер) болса, онда бұндай серіктестіктер сенімдегі (коммандиттік) серіктестік деп аталады. Коммандистер шығын қауіпіне өздерінің салымдарының мөлшерінде ғана жауапты болады және олар осы серіктестіктің кәсілкерлік қызметіне қатынаспайды. Бұлар серіктестіктің, пайдасынан қосынды капиталдағы өздерінің салымдарына сәйкес бөлімін алады.

Жауапкершілігі иіектелген қоғамның мүшелері, өздері қосқан салымдардың құны көлемінде шығындар қауіпына жауапты болады.

Қосымша жауапкершілігі бар қоғамдардың мүшелері жауапкершілікті өздері қосқан салымдарының құнына сәйкес , барлығына ортақ есе көлемінде жауапты болады. Егер бір мүше банкрот болса, оның жауапкершілігі қалғандарына, солардың салымдарына пропорционалды бөлінеді.

Акционерлік қоғам - жарғылық қоры (капиталы) акциялардың белгілі санына бөлінген қоғам. Акционерлердің жауапкерлігі тек өздерінің акциялары құнының шамасында болады.

Ашық акционерлік қоғам шығарылатын акцияларға ашық жазылу жүргізіп, оны сатуға құқығы бар болады.

Жабық акционерлік қоғамның акциялары тек осы қоғамның құрылтайшылары арасында бөлініп таратылады.

Балалық шаруашылық қоғамға капиталының мөлшері барлық қоғамңың жарғылық капиталы мөлшерінің басым көбін құрамайтын қоғам жатады. Сондықтан бұндай қоғам, барлық қоғам шешімдеріне шешуші ықпал ете алмайды. Балалық қоғам негізгі қоғамның қарыздары бойынша жауапты болмайды.

Тәуелді қоғам, әдетте, негізгі қоғам дауыс беретін акциялардың 20% артық акцияға ие болған жағдайда орын алады.

Өндірістік кооператив өздерінің бірлескен жеке еңбектеріне және қосылған төлемдеріне негізделген, бірлесіп өндірістік, немесе, басқа да қызметтер атқару үшін қосылған адамдардың еркін бірлестігі.

Унитарлық кәсіпорын — бұл меншік иесі оның қарауына берген мүліктерге меншік құқы жоқ, коммерциялық ұйымдар. Унитарлық форма тек мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарға тән болады.

Информация о работе Фирма теорисы. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары