Материалдық емес активтердің аудиты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 14:42, реферат

Краткое описание

Материалдық еаес активтердің аудиты ретінде қалыптасуды, іс-жүзіндегі нақты қолда бар,құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құнымен мерзімін бағалаудың шынайылығын, амортизациялық есептеуді, істен шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.

Содержимое работы - 1 файл

Материалдық емес активтердің аудиты.docx

— 45.87 Кб (Скачать файл)

Материалдық емес активтердің аудиты

Материалдық еаес активтердің аудиты ретінде қалыптасуды, іс-жүзіндегі  нақты қолда бар,құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құнымен мерзімін бағалаудың шынайылығын, амортизациялық есептеуді, істен шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында  қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды  тексеру түсіндіріледі.

  Аудитор бұл обьектілерді  тексергенде 38 ҚЕХС, 28 БЕС, ҚР-ның  «Меншік туралы», « Тауарлық  белгілер туралы», «Авторлық құқық  туралы» және басқа құқықтық-нормативтік  актілерді басшылыққа алады.

  Ең алдымен, аудит бағдарламасына  сай Бас кітаптың мәліметтеріне  баланс көрсеткіштерінің сәйкестігі  зияткерлік меншік обьектілерінің  бар екендігі және оның жағдайы,  алу фактісін растайтын материалдық  емес активткрдің қадылдау-тапсыру  актілері, бұл обьектілер сипатталған  немесе кесімді белгіленген жердегі  ақпарат көздері мен өзге құжаттар  тексеріледі.

  Обьектілерді кәсіпорынның пайдалануына жарамды жағдайға келтіруге қажетті шығындар көлемін айқындаудың анықтығымен материалдық емес активтердің құн бағалаудың дұрыстығын айқындау керек. Аудитор материалдық емес активтердің алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдермен анықталатындығын ескерген жөн:

         а) жарғы  капиталына санаткерлік меншік  салынған жағдайда тараптардың  келісімдері бойынша;

         ә) бұл  обьектілерді иелікке алумен  дайын жағдайға келтіру бойынша  нақты шығындарға негізделе отырып;

         б) басқа  кәсіпорындардан жеке тұлғалардан  өтнеусіз алу күйінде сараптама  жолымен.

Белгіленуімен атқарылптын функцияларына  байланысты матнриалдық емес активтер уш негізгі топқа бөлінеді:

  1. Санаткерлік меншік
  2. Мүліктік құқықтар
  3. Кейінге қалдырылған шығындар

 Санаткерлік меншіктің обьектілері  мыналар: патенттер, лицензиялар,  пайдалы үлгілер, жаңалықтар, өнер  тапқыштар, өндірістік үлгілер,  ЭЕМ үшін бағдарламалар, сараптау  жүйелері «ноу-хау», «гудвилл», сауда  белгілері, фирмалық атаулар,  қызмет ету белгілері, авторлық  және басқа аралас құқықтар.

  Мүлік пайдалану жөнінде  мына құқықтар жатады: табиғат  ресурстарын, жер телімдерін, муліктің  әр қилы түрлері.

  Кейінге қалдырылган шығындарға  мыналар жатады:

  А) ұйымдастыру шығыстары:

  Ә) ғылыми-зерттеу жұмыстары:

  Б) тәжірибелік-конструкторлық  әзірлеме.

  Алайда 38 ҚЕХС пен 28 БЕС-қа  сәйкес ақшалай емес материалдық  емес баптар бойынша шығындар  сол болған есепті кезең шығысы  ретінде осындайда танылады:

  1. Бухгалтерлік есептің басқа стандарттарына сәйкес атқарылатын материалдық емес баптарға жатпаса:
  2. Оны тану белгілерімен анықтамасына сай келетін материалдық емес актив құнының бөлігін құраса.

Материалдық емес активті тексергенде  мынадай жағдайларға назар аударған жөн:

  1. «Гудвилл»- фирма бағасы- әдетте дамыған елдерде біртұтас мүліктік- қаржылық кешен ретінде фирманың құны мен олардың актив құны арасындағы айырманы сипаттайтын құндық категория:
  2. ҚР бухгалтерлік есеп жүйесінде «Гудвилл» заңды түрде әзірге аукционнан және конкурс бойынша жекешелендіру процесі үшін қолданылады. Осыған байланысты отандық фирма иелікке алатын баланстық құны мен сатылымдык бағасы арасындағы айырма ретінде белгіленеді:
  3. Азаматтың санаткерлік және іскерлік жақтары, оның ішінде біліктілігі мен еңбекке деген қабілеті одан алынып, басқа адамға берілуі мүмкін емес болғандықтан, материалдық емес актив болып танылмады.
  4. Материалдық емес активтер обьектісінің бар екендігі құжат түрінде ресімделдім? Есепке алынатын материалдық емес активтің кез келген обьектісі оны елестетуге болатындай обьективті түрде көрінуі тиіс.  Мысалы, егер жерді пайдалану құқығы еңгізілсе , онда бұл құқықты есепке алу үшін белгіленген заңнамалық тәртіпке сәйкес ресімделуге тиісті, кәсіпорынның пайдалануына берілу фактісі мен жер учаскесіне құрылтайшылық құқықты растайтын тиісті құжаттама болып табылады.
  5. Талап-құқығына ие болу , пайдалы үлгілерге, өндірістік үлгілерге құқықтарды алу Патенттік ведомоствада тіркелу тиісті лицензиялық  келісім-шарттармен растауга тиісті:

А) «Ноу-хауды»  иелікке алуды  көрсету үшін кәсіпорын оны бейнелеу мен сипаттауға билигі болу керек:

Ә) Тауарлық белгіні немесе қызмет көрсету белгісін сатып алу Патенттік  ведомостваға тіркелген кеңшілік жасау  туралы шартта  тұжырымдалуы тиіс. Мысалы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, әсіресе, ұлттық тағам мейрамханаларында  тағам мәзірі, ал геологиялық баолау кәсіпроындарында- геологиялық есеп, карта және материалдар түрінде  ұсынылған жер қойнауы туралы геологиялық немесе басқа ақпарат  жарғылық капиталына салым бола алады.

6) Материалдық емес активтер  құнының бастапқы бағасы дұрыс  көрсетілді ме? Ол мынадай түрде айқындалады:

А) жарғы капиталына салымдар жағдайында- тараптардың келісімі бойынша:

Ә) Басқа заңды және жеке тұлғалардан  ақы төлеп иелікке алумен кәсіпорында  обьектілерін құру жағдайында- іс жүзінде  нақты жасалған иелікке алу және бұл обьектілерді әзірлік деңгкйі  жағдайына келтіру бойынша шығындарға негізделеді

Б) Басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан  өтеусіз алуда сараптау жолымен.

7. Пайдаланушыларды аталмыш обьектінің  патентін алу фактісін растайтын  құжаттамасы бар ма? Кәсіпорынға  МЕА түсуі МЕА-1 қабылдау- тапсыру  актісі бойынша, ОС- 1 негізгі құралдарды  қабылдау- тапсыру актісіне ұқсас  пішінде рәсімделеді.

8. МЕА-дің обьектілері кәсіпорынның  баланс есебінен дұрыс шығарылдыма?

9. МЕА обьектілерге тозу дұрыс  есептелдіме амортизациялық аударымының мөлшері жалпы ережеге сәйкес бастақы құн мен пайдалы қызмет мерзіміне негізделіп есептелген нормалар болйынша ай сайын анықталуы тиіс. Пайдалы қызмет ету мерзімі болып қолданылатын обьектілнрдің пайда немесе кәсіпорынға басқадай тиімділік әкелетін уақыты саналады. Пайдалы қызмет ету мерзімін анықтау мүмкін емес жағдайда немесе қиынға түскенде материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдар нормасы 10 жылға есептеліп, белгіленеді. МЕА-дің кейбір түрлері бойынша амортизация мүлдем есептелмейді. Бұлао- құны уақыт өте келе кемімейді, не болмаса пайдалануына қарай пайдасы азаймайдыдеген сенімділігі бар активтер. Әлемдік тәжірибеде мұндай активтерге « ноу-хау» құқығы, тауарлық белгілер жатады.

10. Материалдық емес активтердің  синтетикалық және аналитикалық  есебі дұрыс жүргізілеме:

А) 10 бөлімшеде 101 «Лицензиялық келісімдер», 102 « Бағдарламамен қамтамасыз ету», 103 « Патенттерә, 104 «Ұйымдастыру шығындары», 105 « Гудвилл», 106 «Басқадай МЕА» шоттары  бойынша;

Ә) материалдық емес  активтерді салым шоттррына Д-т 1010-1030, 1050-1060 шоттарына  және К-т5110 шоттарына жарғы капиталына енгізгенде;

Б) заңды және жеке тұлғалардан материалдық  емес активтерді алғанда және кіріске  алғанда төлемге дейін Д-т 1010-1030, 1060 шоттарымен және 64 бөлімшесінің « Еншілес ұйымдарға берешек» К-т 6410-6430 шоттары; сондай-ақ 4510-4410 шоттары бойынша көрсетіледі.

11. Есептің журнал-ордерлік түрінде  материалдық емес активтердің   амортизациасын есептеуге: 111 «Материалдық  емес активтердің амортизациясы  – лицензиялық келісімдер», 1120 «  Материалдық емес активтердің  амортизациясы- бағдарламамен қамтамасыз  ету», 1130 «Материалдық емес активтердің  амортизациясы – патенттер», 1140 «Материалдық емес активтердің  амортизациясы- ұйымдастыру шығындары»  шоттары кіреді.

12. 1150 «Материалдық емес активтердің амортизациясы – гудвилл»,1160 Материалдык емес активтердің амортизацмясы – басқа да МЕА» материалдық емес активтер шоттары бойынша бухгалтерлік корреспонденциялардұрыс жасалдыма?

13.Материалдық емес  активтердің  синтетикалық және аналитикалық  есебі мен олардың тозу мәліметтері  Бас кітаптағыжәне басқа бухгалтерлік  регисторларға жазбалармен сәйкеспе


Информация о работе Материалдық емес активтердің аудиты