Шығындар. Шығындарды жіктеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 19:22, контрольная работа

Краткое описание

Шығындар деп қандай да бір өндіріс көлемін өндіруге жұмсалған өндіріс факторларының ақшалай құнын алуға болады. Өндіріс шығындарына байланысты өндіріс тиімділігі анықталады.

Содержимое работы - 1 файл

Микроэкономика.doc

— 44.50 Кб (Скачать файл)

Шығындар деп  қандай да бір өндіріс көлемін  өндіруге жұмсалған өндіріс факторларының  ақшалай құнын алуға болады. Өндіріс  шығындарына байланысты өндіріс  тиімділігі анықталады.  
Өндіріс шығындарын біріншіден кәсіпорыннның меншігіне қатысты ішкі және сыртқы шығындар деп жіктеуге болады. Екіншіден өндірілетін өнім санына тәуелділігіне байланысты тұрақты және ауыспалы шығындар болады.  
Сыртқы шығындар – еңбек, шикізат, транспорт қызметі сияқты ресурс жеткізушілердің есебіне төленген ақшалай сома.  
Ішкі шығын – төлем жасалмайтын, кәсіпорынның меншік ресурстарын кәсіпорын игілігіне пайдалану дегенді білдіреді.  
Қалыпты бухгалтерлік пайда – ішкі шығын элементі болып табылады. Ол кәсіпкердің кәсіпкерлік қабілеттілігін қолдауға қажет минималды төлем. Бухгалтерлер мен экономистер үшін пайда 2 түрлі мағынаны білдіреді.  
Бухгалтерлік пайда = TR - сыртқы шығын  
Экономикалық пайда=TR-TC (сыртқы және ішкі шығындар және қалыпты бухгалтерлік пайда).  
Тұрақты шығындар - өндіріс көлеміне тәуелсіз өнім өндірмесі де болады. Оған несие үшін төленетін процент, арендалық төлем, күзет шығындары т.б. жатады.  
Ауыспалы шығындар - өндіріс көлеміне тәуелді негізінен шикізаттарға жұмсалатын шығындар.  
Экономикалық ғылымда өндірістік тиімділікті бағалауда осы шығын түрлерінің орташа өлшемдері пайдаланылады: AFC – орташа тұрақты шығын, AVC – орташа ауыспалы шығын, ATC – орташа жалпы шығын.  
Қысқа мерзімде шекті өнімділіктің кему заңы. Бұл заң бойынша тұрақты ресурсқа ауыспалы ресурстың бірлігін қосатын болсақ, белгілі бір уақыттан кейін ауыспалы ресурс бірлігіне есептелген шекті өнім азаяды.  
МР – ауыспалы ресурс бірлігін қосудан өндіріс көлемінің қаншаға өзгергендігін өлшейді. МР = ΔTP/ ΔL; АР – орта өнім ауыспалы ресурс бірлігіне есептелген жалпы өнім. АР = TP/ L  
Кәсіпкер үшін ұзақ мерзім өндірістік қуатты да өзгертуге жеткілікті, сондықтан ұзақ мерзімді өзгермелі факторлармен сипатталады деп атайды.  
Ұзақ мерзімде өндіріс масштабын ұлғайтудан өндіріс масштабының жағымды әсері және өндіріс масштабының жағымсыз әсері болуы мүмкін.
 
 
 
 
 

    1. Шығындар. Шығындарды жіктеу 

    Шығындар  – бұл факторлардың ақшалай түріндегі шығындары.  Шығындар деп қандай да бір өндіріс көлемін өндіруге жұмсалған өндіріс факторларының ақшалай құнын алуға болады. Өндіріс шығындарына байланысты өндіріс тиімділігі анықталады.

    Экономикалық  әдебиетте шығындардың бірнеше  түрі белгілі (бұл мәселе бойынша  әр түрлі пікірлер бар).

    1. Өндіріс шығындары  және айналым шығындары. Өндіріс шығындары өндіріс аясында, ал айналым шығындары айналым аясында пайда болады.

    2. Бухгалтерлік және  экономикалық шығындар. Бухгалтерлік шығындар – ол есепті кезеңде орын алған өндірістің нақты шығындары. Дәл осы шығындар фирманың бухгалтерлік есебінде көрсетіледі. Жалақы төлеуге, өнімдерді сатуға және өндірісті одан әрі дамыту қажетіне жұмсалған шығындар кәсіпорынның айқын шығындары деп аталады, қаржылық есеп беру негізінде есептелінетін болғандықтан, оларды бухгалтерлік шығындар деп те атайды. Шығындар баламалы да болады – олар факторларды пайдаланудың баламалы кұны. Баламалы шығындардың мәнін мысалда көрсету оңай. Кез келген кәсіпкерде (жалпы кез келген экономикалық субъектіде) бар ресурстарын (қорларын) пайдаланудың бірнеше балама амалдары бар. Ол өндіріс процесін (үдерісін) ұйымдастыруы мүмкін – ғимаратты жалға алуға, негізгі және айналым капиталға ие болуға, жұмыскерлерді жалдап, өндіріс ашуға – бұл жағдайда ол өндіріс көзге көрінетін шығындарға тап болады. Бар ақшасына банкте депозиттік шот ашып, салым бойынша пайыз түрінде пайда, түсім алуы мүмкін. Егер кәсіпкер қорларды пайдаланудың бірінші амалын таңдаса, ол алмаған банк пайызы көзге көрінбейтін шығындар сомасын құрайды. Сонымен, көзге көрінбейтін шығындар қорларды пайдаланудың екі балама амалының біреуін таңдағанда, қолдан жіберіп алған (айырылып қалған) пайда болып келеді. Көзге көрінетін және көзге көрінбейтін шығындар экономикалық шығындарды құрайды.

    3. Сыртқы және ішкі  шығындар. Сыртқы шығындар – сырттан келтірілетін қорлар (ресурс) үшін төлем (жалданған жұмыскерлердің жалақысы, жалға төлеу, шикізат, отын, көлік және де басқа қызметтер үшін жеткізушілерге төлем). Ішкі шығындар – өзінің иесіндегі жеке пайдаланатын қор үшін төлем. Мысалы, егер кәсіпкер өзі тікелей өндірісте немесе өндірістің ұйымдастыруында қатысып, өзі еңбектенсе, алынатын табыс ішкі шығындар болып саналады.

    4. Өндірістің бухгалтерлік (көзге  көрінетін) шығындары.  Олар тұрақты және  ауыспалы болады.

    Тұрақты шығындар – өндіріс көлемдерінің өзгерістеріне байланысты шамалары өзгермейтін шығындар, яғни, оның қызметі пайдалы немесе шығынды болғанына қарамастан фирма әрқашан оларды жабуға тиісті. FC (fixed costs). Оған: жалға төленетін төлем, сақтандыру жарналары, салықтардың кейбір түрлері және т.б. кіреді. Ауыспалы шығындар – өндіріс көлеміне байланысты шамасы өзгеретін шығындар. VC (variable costs). Бұл мынадай шығындар: шикізатқа, материалдарға, электр энергиясына, көлік және басқа да қызметтерге кететін шығындар. Тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасы жалпы (жиынтық) шығындарды құрайды. TC (total costs): TC = FC + VC. Кобба – Дуглас моделі (үлгісі) үшін жалпы шығындар функциясының түрі:

    TC = PKK + PLL, мұнда K,L – капитал және еңбек бірліктерінің саны: PK K, PLL – капитал мен еңбектің бағалары

    Келтірілген жіктеудің сызбасы:

     Сыртқы   Ішкі 

     Шығындар  
 

    Бухгалтерлік (көзге  көрінетін) + көзге  көрінбейтін = экономикалық

         Тұрақты + ауыспалы = жалпы 

      Экономикалық талдау үшін орташа  және шекті шығындардың есебі  орынды.

    Орташа  шығындар – өнім бірлігіне есептелген жалпы шығындардың шамасы:

    ATC (AC) = TC/Q;

    AFC = FC/Q; AVC = VC/Q;

    ATC = AFC + AVC. 

    Шекті шығындар – бір бірлікке өндіріс көлемінің өсуімен туындаған валдық (жалпы шығындардың өсуі):

    MC = Δ ТC/ΔQ

    Таяу  уақыттан бері микроэкономикада шығындардың  ерекше түрі – трансакциялық шығындар зерделенеді. Трансакциялық шығындар (лат. Transactio – мәміле) – өндіріс үдерісімен емес, айналыс аясымен емес, мәміле жасау барысында нарықтық агенттерінің өзара әрекеттесу үдерісімен байланысты шығындар. Экономикалық теорияда олар институционалистер арқылы пайда болды. Осы бағыттың өкілдері экономикалық талдауға әлеуметтік-саяси пәндердің элементтерін еңгізіп, (Т. Веблен, Дж. Коммонс, Дж. Гэлбрейт, Р. Коуз) фирма теориясына көптеген жаңалықтарды әкелді. Р. Коуздің пікірінше, трансакциялық шығындар нарықтық агенттердің ақпаратты іздеу мен талдауға уақыты мен күшін жіберу (шығару) қажеттілігімен себептелген (әлуетті сатып алушылар, жеткізушілер, бағалар мен тауарлар жөнінде), келіссөздер, оларға бақылау жасау, келіссөздердің заңдық қамтамасыз етуі және т.б. 
 
 
 
 
 
 
 

   Экономика ғылымындағы әртүрлі мектептің  өкілдері (К.Маркс, А.Маршалл. Д.Миль, Д.Робинсон) шығындарды зерттеуге қомақты үлес қосты.

   Шығындарды  зерттеумен  саяси  экономия  классиктері  де  айналысқан. А.Смит  абсолюттік  шығындар  деген  түсінік  енгізген,  ал  Д.Рикардо  салыстырмалы  шығындар  теориясының  авторы.  "Шығындар”  деген  терминді  олар, бірлікке  жұмсалған  орташа  қоғамдық  шығындар  деп  түсінген,  немесе,  саладағы   кәсіпорындардың  барлығына  бірдей  орташа  шығындар  көлемі  қандай  шамада  болады.  Классиктер  шығындарды  ренталық  төлемдермен   есептескендегі  өндіріс  бағасы  деп  те  дәлелдеді.

       К.Маркс бағаның құннан ауытқу  мәселесін қарастырды. Оның тұжырымдамасы  екі маңызды нәрседен тұрады: өндіріс шығыны және айналым  шығыны. Марксистік  концепция   бойынша   өндіріс   шығындары   капиталиске  тауардың  не  тұратынын  көрсетеді: өндіріс  құралдары мен  жұмысшы  күшіне  (тұрақты  және  өзгермелі  капитал)  жұмсалған  шығындардың  сомасы  болады.  К.Маркс  ерекше  капиталистік  шығындардан,  тауардың  құнын  құрайтын  еңбек  шығындарын-ақиқат  өндіріс  шығындарын-ажыратып  зерттейді. Өндіріс шығындарын  осылай  бөлу-еңбек шығындарына және  капитал шығындарына-бұл капиталистік  ұдайы өндіріс процесіне марксистік  талдау  жүргізудің  бастапқы  принциптерінің  біреуі  болып табылады.

   ХІХ ғ. соңында бірнеше  жаңа  концепциялар пайда  болды. Маржинистер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген  психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен (сатушы көзқарасы бойынша) белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржинистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға  тән жағдай деп есептеледі. Осы кәсіпорнының табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.  
 

Информация о работе Шығындар. Шығындарды жіктеу