Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 19:42, реферат

Краткое описание

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және рыноктық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді.

Содержимое работы - 1 файл

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы.doc

— 117.50 Кб (Скачать файл)

       Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің сыныптамасы. 

      Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары  және рыноктық экономика  жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде  жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді.

      Шаруашылық  жүргізуші субъектілер-кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктер, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар  және т.б.), мекемелер  әр түрлі белгілері  бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айыру негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін.

      Межелеудің  ең жалпы белгісі шаруашылық жүргізуші субъектілерді қызмет сфераларының біріне-материалдық немесе материалдық емес (қызметтер сферасы) сфераға жатқызу болып табылады.

      Қызметтің материалдық сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілердің бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың өнімдері) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сфераға да бағытталады.

      Материалдық емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың үдерісі, әдеттегідей, оларды тұтыну үдерісімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды.

      Қоғамдық  өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары  бұл сфералардың  қаржысын ұйымдастыруға-қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер  құнының жасалу үдерістеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде де, сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру-қорланымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді. Мысалы, материалдық сфера қорларының қозғалысында өндірістік босалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес сфераға сипатты емес бірқатар басқа үдерістердің қозғалысы мен байланыстылары елеулі орын алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

7.1 сызба. Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің  сыныптамасы.

Қызмет-

тің сфералары бойынша

Материалдық Материалдық емес

(қызметтер  сферасы)

Өндірістің 

түрлері

бойынша

Тауарлар, жұмыстар Қызметтер
Қызметтің сипаты бойынша Коммерциялық
Коммерциялық  емес
Меншіктің нысандары бойынша Мемлекеттік меншік
Жеке  меншік
Қоғамдық  ұйымдардың меншігі
Шетелдік  субъектілердің меншігі
Аралас
   
 
 
 
 
 
 

Ұйымдық- құқықтық түрлері  бойынша

 
 
  Шаруашылық

серіктестіктері

Мемлекеттік Кооперативтік  
Қоғамдық                           ұйымдар
Материалдық емес сфераның ұйымдары мен мекемелері
шаруа-

шылық

жүргізу

құқы-

ғында-

ғы

же-дел

бас-

қару

құқы-

ғындағы

Толық серіктестік Жаупкершілігі шектеулі серіктестіктер Акционерлік қоғам Қосымша жауапкершілігі бар  серіктестіктер Сенім серіктестігі Басты Еншілес Қазыналық Өндірістік Тұтыну Қоғамдық  бірлестіктер Қоғамдық  ұйымдардың кәсіпорындары Қоғамдық  қорлар Мемлекеттік Коммерциялық
 

     Шаруашылық  жүргізуші субъектілерді  сыныптаудың басқа белгісі олардың кқаржылық қызметінің сипаты-коммерциялық және коммерциялық емес қызметі болып табылады.

      Коммерциялық  және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінде бекітіліп берілген, онда заңи тұлға ұғымы  анықталады. Заңи тұлға  деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел  басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.

      Өз  қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңи тұлға бола алады. 

      Коммерциялық  ұйым болып табылатын заңи тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.

      Коммерциялық  емес ұйым болып табылатын заңи тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін және ол кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.

      Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті қамтамсыз етуді түрлі қағидаттарына: коммерциялық есепке немесе белгілі бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттіліктерін жабатын бюджеттік қаржыландыруға есептелген. Егер мекеме коммерциялық және коммерциялық емес қызметті үйлестіретін болса, онда бұл қызмет тиісті қаржылық зардабтарға ұшыратады: мұндай қызметтің өзін-өзі қаржыландырылуын ұйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төледерді төлеу, алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.

      Коммерциялық  қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді.

      Өндірістік  емес сфера мекемелерінің  едәуір бөлігі: мемлекеттік  басқару, қорғаныс, мемлекеттік  әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет  табыс (пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-қимылдарды орындауға бағытталған.

      Шаруашылық  жүргізуші субъектілерді  сыныптаудың маңызды  белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардың және (немесе) мемлекеттік емес заңи тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретінде де болады, жеке меншіктің айрықша түрі ретінде қоғамдық ұйымдардың меншігі болады.

      Мемлекеттік меншік республикалық  және коммуналдық  меншік болып ажыратыдады.

      Меншіктің аталған нысандарының ішінде шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының көптеген  түрлері (санын) туғызатын  әр түрлі шаруашылық құрылымдар қалыптасуы мүмкін:

  1. Мемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның ішінде:

    республикалық—Қазақстан Республикасының экономикалық  және әлеуметтік дамуының жалпы мемлекеттік міндеттерін шешу үшін;

         Коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар—тиісті аумақтың халқының  әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағыныста болады.

  1. Заңи тұлғаладрдың жеке меншігіне негізделген шаруашылық жүргізуші субъектілер: әр түрлі тұрпаттағы шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар.
  2. Қоғамдық бірлестіктердің меншігіне негіздіелген шаруашылық жүргізуші субъектілер.
  3. Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңи тұлғалар мен азаматтардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар
  4. Азаматтардың негізделген жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер.
  5. Меншіктің жоғарыда келтірілген нысандарының қатысуындағы аралас кәсіпорындар.

Меншіктің барлық нысандарының теңдігімен меншік субъектілерін құқығын теңдей қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілденілген.

      Шаруашылық  жүргүзудің ұйымдық-құқықтық нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің құықтық тәртібінде айтарлықтай өзгерістер енгізді.

      Шаруашылық жүргүзуші ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардың мөлшерін ажырата білген жөн. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымды-құқықтық нысандары меншік нысанымен-мемлекеттік, жеке (әр түрлілігімен) меншікпен анықталады. Мөлшері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілер шағын, орта және үлкен болуы мүмкін. Заңнамалық тәртіппен қызметтің тәртіппенқызметтің әр түрлі сфераларының шағын шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірісткік және ұйымдық иіндеттерді жедел шешуге мүмкіндік беретін тиімді құрылымдар ретінде олардың дамуын ынталандыру мақсатында параметрлер анықталу мүмкін. Мәселен, Қазақстанда жеке кәсіпкерліктің субъекілеріне жее кәсіпкерліктің, макробизнестің, шағын және орта кәсіпкерліктің ірі бизнестің субъектілері жатады.

      Шаруашылық  субъектілердің әр түрлі  сыныптамалық сипаттамалырының сан алуандығы, олардың  мүмкіндік болатын  үйлесуі қаржы  жүйесінің буынының қаржы механизмін күрделілендіреді, оны  үнемі жетілдіруді  қызметті айқын заңнамалық реттемелеуді, жақсы  жолға қойылған басқаруы және қаржылық үдерімтерді бақылауды қажет етеді.

      Жалпы меншіктің әр түрлі  нысандары шаруашылық жүргізуші субъектілеріні қаржысы орта қағидаттарға негізделген. Алайда бұл шаруашылық жүргізуші  субъектілердің ұйымдық-құқықтық мәртебесіндегі айырмашылықтар кәсіпорындарды басқару механизмнің кейбір ерекшеліктерін, бірліктік жауапкершілік және осымен байланысты болатын қаржы ресурстарын қалыптастырып, бөлудің нысандарын анықтайды.

     Бұл ең алдымен жарғылық капиталды қалыптастыру көздеріне, табысты бөлуге және бюджетпен өзара қатынастарды ұйымдастырууға қатысты болып отыр.  

Шаруашылық  жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны жарғылық капиталды жасаудың процесіндегі қаржы қатынастарының мазмұнын анықтайды.

      Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарын жіктеудің критерийлері мыналар болып табылады: меншіктің түрі, меншіктің субъектісі, мүлік иесінің мүліктік жауапкершілігінің сипаты (толық, шектелген, қосымша) және кәсіпорынды басқарудың механизмі. Осы критерийлерді ескере отырып, кәсіпорындар жеке, жекеше, серіктестіктер (толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғамдар), кооперативтік, жалгерлік, мемлекеттік, шетелдік және бірлескен кәсіпорындар ретінде құрыла алады. Олардың барлығы бірыңғай заңдылық негізде іс-әрекет етеді және кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ортақ қағидаттарына бағынады.

      Экономиканы реформалау, нарықтық қатынастардың дамуы  мемлекеттік, жекеше немесе ұжымдық меншікке негізделген түрлі  ұйымдық-құқықтық нысандардың  кәсіпорындары мен  ұйымдарының қалыптасуын қажет етеді. Соңғы екеуі меншіктің мемлекеттік емес нысанын құрайды.

      Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әр түрлі сыныптамалық сипаттамаларының сан алуандығы, олардың шаруашылық органдар бөлігіндегі мүмкін болатын үйлесуі қаржы жүйесінің бұл буынының қаржы механизмін күрделілендіреді, оны үнемі жетілдіруді, қызметті айқын заңнамалық реттемелеуді, жақсы жолға қойылған басқаруды және қаржылық процестерді бақылауды қажет етеді 

      Кәсіпорын экономиканың негізгі  буыны ретінде  меншік нысандары  мен шаруашылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезінде жұмыс істейді.

      Кәсіпорындарды  ұйымдық-құқықтық нысандары  бойынша межелеу  олардың қаржысын ұйымдастырудағы  айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландыруға, шаруашылықты жүргізудің нәтижелеріне әкеп соғады.

      Меншік  нысандарына қарай  шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелері; бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды құрудың аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооперативтерде қызметкерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік қоғамдарда да осылай.

      Кәсіпорындар  мен ұйымдардың мүлкін жалға бергенде айрықшалықты төлем — жалға берілген мүлік құнының амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзімінің өтуіне қарай объектілерді жөндеу үшін жалдаушының жалға берушіге беретін қаражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдық қажетті пайдаланудан  түсетін пайданың (табыстың) бір бөлігін (жалгерлік пайызды) кіріктіретін жалгерлік ақы қолданылады.

Информация о работе Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы