Сатықтық жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:10, статья

Краткое описание

Егеменді Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастырып, оны одан әрі тереңдете дамытуда шешуші тұтқалардың бірі салықтық жоспарлау болып табылады.
Бүгінгі таңда еліміз өз дамуында сапалық жағынан жаңа сатыға аяқ басты. Республикамыздың әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан орын алуы және отыз корпоративтік көшбасыларын қалыптастыруы, экономиканың жаңаруы мен өсуінің жаңа бір бастамасы деп қарауға болады .

Содержимое работы - 1 файл

Салықтық жоспарлау статья.docx

— 19.52 Кб (Скачать файл)

Салықтық  жоспарлаудың теориялық негіздері 

Балканов И.Л.  – 1 курс магистранты мамандығы «Қаржы»

к.э.н., доцент Амирова А.А.

Егеменді Қазақстан Республикасында  нарықтық экономиканы қалыптастырып, оны одан әрі тереңдете дамытуда шешуші тұтқалардың бірі салықтық жоспарлау болып табылады.

Бүгінгі таңда еліміз өз дамуында сапалық жағынан жаңа сатыға аяқ басты. Республикамыздың әлемдік  бәсекеге барынша қабілетті 50  елдің қатарынан орын алуы және отыз корпоративтік көшбасыларын қалыптастыруы, экономиканың жаңаруы мен өсуінің жаңа бір бастамасы деп қарауға болады .

Нарықтық экономиканың даму жолын таңдаған кез келген мемлекеттің  шынайы тәуелсіздігі мен егемендігі үшін мықты әрі тұрақты қаржылық негіздің болуы міндетті. Ал, салықтар және салықтық жоспарлау мемлекет бюджетінің кіріс бөлігінің қайнар көзі болып қана қоймай, материалдық, экономикалық және құқықтық категория ретінде қарама-қайшылығы мол, күрделі құбылыс, әрі тауар өндірісінің барысына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады.

Отандық өнеркәсіптердің  бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату, экономиканың нақты секторларының өнімдерін  өсіру, республикадағы экономикалық тенденцияның негізгі сипаттамасы болып табылады. Экономикалық өсу әлі берік емес. Қазақстанның Ұлттық экономикасы қазіргі  әр түрлі өзгерістерге сезімтал. Осы  жағдайда мемлекеттің экономикалық дамуы азды-көпті дәрежеде салық  салудың ілімі және тәжірибесін  жетілдіру және оны басқару мәселелерін  шешумен байланысты. Бірінші кезекте  бұған салынған бүркелген резервтерді  іздеу жатады, сонымен бірге салық  төлеушілер үшін аз залалмен максималды тиімділікке жету оның әлеуеттік  мүмкіндіктерін іздеу керек.

Ағылшын мақалына сүйенсек: "Өмiрде екi нарседен кашып құтылуға болмайды : өлiмнен және салықтан". Қандай мемлекетте тұрсақ та, ерте ме, кеш пе әйтеуiр бiздiң әрқайсымыз салық төлеуге тиістіміз.

Салық салу өзінің экономикалық табиғатында ұдайы өндірісті  ынталандыру болып табылады. Демек  салық салу арқылы өндірістің дамуын ынталандыра отырып республикалық  бюджеттің кіріс базасын кеңейтеміз. Осымен байланысты салықтық ынталандыруды  жетілдіру бойынша зерттеулер біздің еліміздің елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтып  өткендей Қазақстан Республикасының  экономикалық  дамуы үшін ерекше өзекті мәселе болып табылады.

Салықты жоспарлау жалпы алғанда  салық салуды тиімді етуді, салық  төлемдерін кемелдендірудің жағдайлы схемаларын әзірлеуді, түрлі басқарушылық шешімдердің салықтық салдарын уақытылы талдау үшін салық салуды ұйымдастыруды  білдіреді. Салықты жоспарлау аясында  салық төлемдерін жоспарлау кәсіпорынға  қолда бар ресурстарын тиімдірек  басқаруға мүмкіндік береді.Салық жоспарлаудың негiзгi ұғымы салықтарды ықшамдауы және салықтардың минимизациялауы болып табылады.Салықтық жоспарлау салық салуды тиімді етуді, салық төлемдерін кемелдендірудің жағдайлы схемаларын әзірлеуді, түрлі басқарушылық шешімдердің салықтық салдарын уақытылы талдау үшін салық салуды ұйымдастыруды білдіреді. Салықтық жоспарлау аясында салық төлемдерін жоспарлау кәсіпорынға қолда бар ресурстарын тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді.

Салықтық жоспарлауға  негіз болып мемлекеттің салық, бюджет, инвестициялық саясаттарының  негізгі даму бағыттарын ескеру; кәсіпорынның есеп саясатын жүргізу; заң бойынша  белгіленген барлық салық жеңілдіктерін  толық және дұрыс қолдана отырып, салық төлеушінің салық міндеттемесін  орындау; салық төлеу мерзімін ұзарту, салық және инвестициялық жеңілдіктерді  алу мүмкіндігін бағалау, т.б.  тәрізді факторлар танылады.

Салықтық жоспарлау жедел (оперативті), бақылау, жоспарлау тәрізді  функцияларды атқарады.Салықтық жоспарлауды  жедел, тактикалық және стратегиялық элементтерді қамтитын үш деңгейлі жүйе ретінде де қарастыруға болады.

Қарастыратын мәселесінің  маңыздылығына және  шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы  қызметінің соңғы нәтижесіне салықтардың  тигізетін әсеріне  байланысты салықтық жоспарлау стратегиялық және жедел (оперативті) кезеңдерді қамтиды.

Салықтық жоспарлаудың негізгі  элементтері:

  • кәсіпорынды тиімді басқару стратегиясын жасау және іске асыру;
  • есеп саясаты;
  • есеп беру мен бухгалтерлік есептің дұрыс жасалуы;
  • салықтық жоспарлау сызбасы;
  • салықтық күнтізбе;
  • міндеттемелердің нақты орындалуы.

Әр деңгейдегі салық түсімдерінің бюджетке түсу сомасын жоспарлау  және болжау барысында 3 маңызды белгі  жіктеледі:

  • салық төлеуші мен бюджет арасындағы өзара позитивті тұстарда бөлшектеп жіктеу;
  • салық жүйесінің қаржы-шаруашылық қызметке әсер ету деңгейін білу мақсатында бюджет-салық қатынастары жүйесінде факторлық талдау жүргізу;
  • салық төлеуші мен бюджет арасындағы экономикалық,қаржылық, салықтық қатынастардың пайда болу ықтималдығын алдын-ала бағалау.

Статистикалық зерттеу жүргізген  кезде келесідей әдістер қолданылады:

  • Регрессивті және корреляциялық әдістер салық қызметінің жұмысын көрсететін өзгермелі шама тобының өзара байланыс орнату үшін қажет;
  • Имитациялық әдіс маркетингтік ситуацияға әсер ететін өзгермелі шамалар жай аналитикалық шешімге келмеген кезде қолданылады.
  • Көпжақты әдістер, бірінші кезекте факторлы және кластерлі анализ. Олар өзара көп, өзара байланысты өзгермелі шамалар негізіндегі шешімдерін шешу үшін пайдаланады.
  • Шешім қабылдаудағы статистиканың теориясымен пайда болған әдістер оларға ойын теория әдісі, жалпы қызмет көрсету теориясы, стохастикалық бағдарламалау әдісі жатады.
  • Детерминирленген әдістер: сызықтық және сызықтық емес бағдарламалау. Бұл әдістер статистик, анализдердің бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі кезеңде салықтық ғылым бюджетке түсетін салықтық түсімдер көлемін жоспарлауға немесе болжауға арналған арнайы әдістер мен  тәсілдерді жасаған жоқ, сондықтан  да нақты тәжірибеде барлық ТМД елдерінде  жалпы экономикаға тән белгілі  тәсілдер қолданады. Олар мысалы баланстық  әдіс, эксперттік бағалау әдісі, регрессивтік және корреляциялық әдістер, трендтік әдістер, имитациялық әдістер, эконометрикалық  әдістер және т.б.

- Баланстық немесе нормативтік  әдіс- бұл әдісте жоспарлау негізгі  болып ұлттық шоттарға негізделген,  мемлекет жағынан қатаң белгілер  мен нормативтер белгіленеді.  Ол нормативтер облыстық салықтық потенция негізінде  есептеледі. Әдетте тәжірибеде мемлекет яғни салық органдары төменгі нормативтерді белгілеуге ұмтылады. Оның себебі осы нормативтер негізінде жасалған жоспар артығымен орындалуын көздеуінде.

- Трендтік әдіс графикаға  негізделеді. Яғни салық органдарының  графикалық мүмкіндіктері жақсы  компьютерлік техникалық базасының  болуын талап етеді. Қазіргі  кезеңде ҚР–ның салық комитеттерінің  компьютерлік техникалық жабдықталуы  толық көлемде емес, сондықтан  да трендтік және одан да  күрделі әдістер ірі мегаполистерде  және экономикалық мүмкіндігі  жоғары облыстық салық комитеттерінде  ғана қолданылады. Трендтік әдіс  белгілі бір салық бойынша  оның түсімдерінің тарихи динамикасына  байланысты жасалады.

Микродеңгейде салық салуды оңтайландыру, нақты бір қызмет түріне қатысты немесе белгілі бір ұйымдастыру-құқықтық нысанына қатысты салықтарды азайтудың  жекелеген схемаларын әзірлеу салық  төлемдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Салықты жоспарлаудан үнемделген қаражатты  сіз өз бизнесіңізді дамытуға қоса аласыз. Ол үшін кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысанын нақтылауға, оның тіркеу орнын  таңдап, ұйымдастыру құрылымын әзірлеуге  алдын-ала ақыл тоқтата отырып кіріскен тиімді болады. Демек салықтық жоспарлау  бизнесті ұйымдастыру сатысында  тиімдірек болып келеді. 


Информация о работе Сатықтық жоспарлау