ҚР-дағы кәсіпкерлікті ұйымдастыруды жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 17:00, реферат

Краткое описание

Кәсіпкерлік барлық уақытта елдің экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Әсіресе бүгінде республика экономикасы қайта құру ісіне, оның деңгейін көтеруге кәсіпкерліктің қай түрі болса да олардың қосар үлесінің қомақты екені белгілі. Сонымен қатар нарықтың өрлеп өркендеуі жеке кәсіпкерліктің қызметтеріне де айтарлықтай дәрежеде тәуелді болды.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................2
Негізгі бөлім......................................................................4
Кәсіпкерліктің түсінігі және маңызы.........................4
Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру формалары.....5
Кәсіпкерлікті ұйымдастыру
формаларын жетілдіру.........................................................9
Қорытынды......................................................................16

Содержимое работы - 1 файл

Кәсіпкерлікті ұйымдастыру формалары.docx

— 38.54 Кб (Скачать файл)

     Шағын кәсіпорындар басқару сферасында байланыстың  қарапайымдылығы және нарықтық өзгерісіне жайлы және шапшаң әсер етуіне байланысты көптеген жетістіктері бар. Сонымен қатар олар Қазақстанда көптеген нақты қиыншылықтарға кездесуде:

- негізгі  капиталдың жоқ немесе жетіспеушілігі;

- бюрократия, коррупция;

- қылмыстық  қүрылымның қысымы;

- мемлекеттік қолдаудың , білім беру сұрақтарындағы нарықтылықтың жоқтығы.

    Статистикалық мәліметтерді талдау, сонымен қатар  басқа да материалдарды зерттеу  Қазақстанда шағын және орта бизнестің  дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бар және белгілі екенін көрсетті. Ғалымдардың негізгі тапсырмасы оларды жоюдың комплексті шараларын жасау. Бұл жерде мемлекеттік орындаушы үкімет органдары қажетті роль атқарады.

      Тәжірибеден белгілі, бизнестің дамуына қатысты  тиімді шешімдер қабылдау үшін мемлекет органдарына уақытылы және нақты  ақпарат жетіспейді. 1995 жылға дейін  қарастырып отырған істің жағдайын көрсететін кварталдық статистикалық  есеп болды, содан кейін алғашында  жарты жылдық еспке, кейіннен жылдық есеп жүйесіне этап бойынша көшу басталды. Қазіргі кезде осымен байланысты Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы, қүрылуы және оған қажетті мемлекеттік қолдау көрсетуді объективті түрде айқындайтын статистикалық есепті үйымдастыру проблемасы өте қатты. Шағын және орта бизнесті қолдауға арналған ҚР Президентінің "ҚР-ғы шағын кәсіпкерліктің дамуын" белсендіру және мемлекеттік қолдау шараларын жақсарту және "ҚР-ғы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға арналған аймақтық бағдарламаларды жетілдіру туралы" заңдары қабылданды. 1997жылы 19-маусымда Парламент "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы", "ҚР-сының кейбір заңды актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу", "Индивидуалды кәсіпкерлік туралы" деген заңдар енгізілді.

     Шағын кәсіпорынды қаржыландыру мәселесі өте шиеленіскен. Шағын бизнеске өзіндік қорлар жетпейді, біздің банктердің оларға несие бергілері келмейді, ал мысалға, халықаралық қарыз алу  негізделген сауатты бизнес-жоспар ұсынылуы қажет. Бүның өзі де қарыз  алуға үнемі кепілдік болмайды. Сондықтан  бүл мәселені шешуге келесі жағдайлар  үсынылады: кәсіпорынның уақытша бос  қорын шоғырландыратын қарама-қарсы  несиелеу үйымы немесе консорциумын, яғни шағын бизнесті қаржыландыру фондын құру.

             Орнында көмек көрсетуге арналған  ҚР- сы реформасы және стратегиялық жоспарлау агентствосы жанынан шағын бизнесті қолдау департамент! үйымдастырылған.

     ҚР  Президентінің " Шағын кәсіпкерлікті  дамуын белсендіру және мемлекеттік  қолдауды күшейту шаралары туралы " жарғысы республика аумағындағы  кәсіпорындарға, әсіресе өндірістік сферадағы, сонымен қатар жеке және жанүялық қожалықтарға жағымды режим  жасауға арналған. Бүл жарғы мемлекеттік  органдардың алдына қажетті тапсырмалары бар саяси мәселелерді қояды, ал мазмүны мен маңыздылығы жағынан  шағын кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалы қүжат  болып табылады.

            Қазақстандағы шағын орта кәсіпорындар көптеген қиыншылықтармен кездеседі.

-кредитке  қол жетпестік, яғни банк тағайындаған  пайыз мөлшерлемесі мен инфляция деңгейі арасындағы үлкен айырмашылық;

-нормативті  базадағы түрақсыздық (мыс, салық  салу саласында);

-өнімге  сұраныстың аздығы;

-сатылар  қызметі арасындағы келіспеушілік;

-кәсіпорынның  ішкі ұйымдасхыру мәселелері;

      Көптеген  кәсіпорындарға табысты стратегиялық қызметті анықтауға мүмкіндік жетпейді. Сол себепті көптеген шағын кәсіпорындарда жауапкершілікті және еңбекті дүрыс бөлмеу, серіктермен және бәсекелестермен қарым-қатынаста жүмысшылардың кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі орын алуда. Көп жағдайда шағын және орта бизнес кәсіпорындары басқа да шаруашылық субъектілерімен теңеседі, бүл мүлде дүрыс емес.

      Біздің  республикамызда аз деградацияланған қалалары мен артта қалған аудандарындағы рентабельділігі төмен саладағы шағын бизнеске қолдау көрсету керек, өйткені бұл жедел кәсіпорындар халықты жұмыспен қамтихын әлеуметтік қызмет атқарады.

      Сондықтан шағын бизнес мәселесін шешуге жүйелі жақындау ғана, бұл секхордың Қазақстан  экономикасында тиісті деңгейге көхерілуіне  және республиканың экономикалық өсуіне септігін тигізетін фактор болуына жағдай жасайды. Мұндай жағдайда кез келген кәсіпкер іскер адам бола алады, ал кез келген іскер адам кәсіпкер бола алмайды. Кәсіпкерліктің дамуы осы қызмет аясындағы субъектер болғанда ғана мүмкін. Бүл субъектілер нарықтық қатынастың дамуына ықпал жасайды.

        Кәсіпкерлік субъектілердің пайда  болуы идиологиялық, саяси және  әлеуметтік экономикалық жағдайдың  "кәсікерлік жарылыс" жасаушы  нақхы қоғамдық жағдайдың болуын  білдіреді.

     Тиімді  деңгейде кәсіпкерлік дамуы осы  қызметті іске асыру, хек нақхы қоғамдық жағдай-кәсіпкерлік орха болғанда ғана мүмкін. Кәсіпкерлік орха бүл ең алдымен нарық, қахынасхың нарықхық жүйесі, сонымен қахар кәсіпкердің жеке еркі, яғни өз көзқарасы бойынша өхе хиімді, максимум пайдалы шешім қабылдауға мүмкіндік берехін жеке тәуелсіздігі.

     Кәсіпкер  белсенділіктің негізгі субектісі болып табылады. Бірақ кәсіпкер нгізгі контрагент ретінде тұтынушымен, сонымен қатар сатыушы да болады . Кәсіпкер  әр кезде әр уақытта мемлекетпен байланыста болу керек. Тұтынушы да мемлекетте, жалдамалы жұмысшымен бизнестег серігі сияқты Кәсіпкерлік белсенділіктің субъектілеріне  категориясына жатады.

     Кесте 1

     Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері .

     
  Мемлекет 
 

      

     
   Серіктес
     
Тұтынушы 
 
  Кәсіпкер 
 
 
 
     
Жалдамалы жұмысшы 
 
 

Кесте 2 – Шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер етуші факторлар

 

Кедергілер 2008 ж. 2009-2010 жж.
  1. Салық саясаты
2 1
  1. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы
1 2
  1. Несие саясаты
4 3
  1. Өнімді өткізу мәселесі
4
  1. Шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі
5 5
  1. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
3 6
Ескерту – ҚР Статистика жөніндегі агенттiгiнiң мәлiметтерi негізінде автормен құрастырылған
 

       Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай Қазақстан нарығында шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі болып отырған мәселелердің бірі – салық саясатының жетілмегендігі. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту факторларын атайтын болсақ онда мына төмендегі жағдайды көруге болады. Аталған мәселелерді салық заңнамасында шешу үшін мыналар қажетті болып келеді:

  • жаңа өндірістік – инновациялық кәсіпорындарға салық салудың жеңілдетілген режимін енгізу;
  • өндірістік сектордағы кәсіпорындардың несиені өтеу кезінде салық салу процедурасын қайта қарау;
  • ынталандырушы салық режимін орындау жолымен шағын бизнеске жанама қаржылық талдау көрсету;
  • салық саясаты шағын кәсіпкерлік субъектілер санының өсуін ынталандырушы, жұмыс орындарының өсуіне, өндірілген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің экономикалық реттеушісі болуы керек.

    Шағын бизнес субъектілерінің жұмысына кедергі болатын мәселелердің екінші түрі – жалпы  экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы. Яғни, АҚШ  доллары бағамының тез өзгеретіндігі, макроэкономикалық жағымсыз өзгерістерге байланысты инфляция және жоғары тәуекелдер, әлемдік қаржы дағдарысының орын алуы және т.б.

    Сонымен қатар кәсіпкерлер өз жұмысын  ұйымдастыру барысында  несие алу кезінде туындайтын қиыншылықтар да баршылық. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған бұл мәселе субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Республика бойынша   шағын және орта  бизнес субъектілермен жүргізілген анонимді сауалнаманың мәліметтері бойынша, шағын бизнестің алдында тұрған ең негізгі мәселе-несиелік ресурстарға шығу жолының қиындығы.

           Тағы бір мәселе – шикізатпен қамтамасыз етілуі мен өнімді өткізуі. Өнімді  өткізу кезінде қиыншылықтардың пайда болуының бірден-бір себебі – бәсекелестік ортаның жоғарылылығы. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар шағын кәсіпкерліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі. 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 1 – Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары

 

ҚОРЫТЫНДЫ

        Жалпы Қазақстан  Республикасының  жаңа экономикалық саясатқа бағдар  алуына байланысты, күнделiктi өмiрiмiзде  орын кәсіпкерлік секторының ел экономикасын көтерудегi басты қағидаларына тоқталып өттiм. Кәсіпкерлік экономикалық өсудiң басты факторы екендiгi анық, олай болса  оны неге әлемдiк  деңгейге көтермеске. Сондай ақ кәсіпкерлік өзiнен өзi дамитын механизм емес, оған әрине мемлекет, қоғам,  әрбiр тұлға жағдай жасауға талпынулары қажет. Өйткені еліміздің жерінің өте үлкен аймақтарды алып жатуына байланысты кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндігі мен қажеттігі ешкімнің қарсылығын туғызбауы керек. Еліміз аграрлық мемлекет болғандықтан шағын және орта бизнесті ұйымдастыруды және несиелеуді ауылдардан бастау да ел экономикасының дамуына өте үлкен септігін тигізеді.

    Кәсіпкерлік саласын дамыту елдің дамуындағы бірден-бір көрсеткіш екендігі дамыған  мемлекеттер мысалында да айқын  көрінеді. Нақты айтқанда, өткен  ғасырдың жетпісінші жылдарының ортасында  Англияның премьер-министрі болған Маргарет Тэтчер кәсіпкерлік саласын мемлекет бұғауынан босатып, оған ұйымдастырушы емес, қиналған кезінде қол ұшын беретін көмекші ретінде араласқан саясатының арқасында еркін кәсіпкерлік қызметін дамыта алды. Нәтижесінде, кәсіпкерлік дами отыра екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін тек құлдырау үстінде болған Англия экономикасы дұрыс арнаға түсіп, қәзіргі жетістіктеріне жете алды. Сондықтан кәсіпкерлікті  ұйымдастырудағы дұрыс саясат енді ғана аяғына нық тұрып келе жатқан еліміз үшін дамудың негізгі көздерінің бірі.  
 

Информация о работе ҚР-дағы кәсіпкерлікті ұйымдастыруды жетілдіру