ҚР-да ақша жүйесінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 17:38, курсовая работа

Краткое описание

Ақшаның ежелгі түрлерінде күнделікті қолданыста болған, бірақ айырбас кезінде жалпы балама қызметін атқарған тауарлар: азық-түлік, тері, еңбек құралдары, әшекей бұйымдары.Біртіндеп ақшаның рөлі алғашқыда әр түрлі пішіндегі кесектер, ал б.э.д 7 ғасырдан бастап нақышталған тиындар түріндегі металлдарға көшті.Капитализмге дейін ақшаның рөлін жез, қола, күміс, кей елдерде ( Ассирия, Египетте) көне заманда-ақ (б.э.д 2 мың жыл бұрын) алтын атқарды.Тауар өндірісінің дамуымен алтын және күміс ақша тауарына айналды.

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................... 3

БӨЛІМ 1 АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ .............. 6
Ақша жүйесінің мәні мен мазмұны .............................................................. 6
Ақша жүйесінің түрлері, олардың сипаттамасы ......................................... 8
Шетел тәжірибесінде ақша жүйесінің дамуы ............................................. 10



БӨЛІМ 2 ҚР-ДА АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ ........................................ 14

2.1 ҚР-да ақша жүйесінің ерекшеліктері .......................................................... 14
2.2 Ақша жүйесінің құрамдас бөліктері ............................................................ 15
2.3 Ақша жүйесін мемлекеттік реттеу ............................................................... 18

ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................... 20

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................

Содержимое работы - 1 файл

Ақша жүйесі және олардың түрлері.DOC

— 145.00 Кб (Скачать файл)

   Ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.  Валюта бағамы- бұл басқа елдің ақша бірлігінде бейнеленген бір елдің ақша бірлігінің бағасы.Валюталарды шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі «Валюталық реттеу туралы» ҚР заңында белгіленген.Валюта бағамы баға белгілеудің негізінде анықталады.Валютаның ресми және еркін (нарықтық) баға белгілеулері бөліп көрсетіледі.Қазақстанда көбінесе «қоржынға» кіретін басқа шетелдік валюта «қоржыны» негізінде баға белгілеу тәсілі пайдаланылады. 
 

    1. Ақша  жүйесінің түрлері, олардың сипаттамасы
 

Ақша  жүйесі ұдайы даму үстінде болғандықтан ақша жүйесінің түрлері өзгеріп  отырады.Ақша жүйесінің түрлері ақшалардың қандай формада қызмет атқаратынына қарай қалыптасады: тауар ретінде немесе құн белгісі ретінде ме?Ақша жүйесін құру формаларындағы принциптік айырмашылықтардың түп-төркіні металдық айналым жүйесінде және кредит пен қағаз ақшаларының айналым жүйесінде жатыр.

  Металдық  айналымға ақша  жүйесінің биметаллизм және монометаллизм деп аталатын екі түрлері тән.

   Биметаллизм. Баламаның жалпыға бірдей құнының рөлі айналымда болатын екі металл- алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі.

  Биметаллизмнің үш түрі болған:

  • қосарлы валюталар жүйесі.Мұнда алтын мен күміс монеталардың арасында металлдың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік (стихиялы) түрде белгіленеді;

- егер мұндай арақатынасты мемлекет анықтайтын болса, онда ол-екі жақты валюта жүйесі;

  • «ақсақ» валюта жүйесі.Онда алтын мен күміс бірдей негізде заңды төлем құралдары болып табылады.

Нәтижесінде күміс монеталар алтын белгілеріне  айналады.

  Биметаллизм  16-17 ғасырда кеңінен тараған, ал Батыс Европа елдерінде 19 ғасырда пайда болады.

   Алайда, биметаллизм дамыған тауар  өндірісінің экономикалық қатынасқа  қоятын талаптарына сәйкес келмейді, өйткені екі металлдың бір  мезгілде құн өлшемдері ретінде  пайдаланылуы осы ақша қызметінің  табиғатына қайшы келді.Құнның  жалпыға бірдей өлшеміне тек бір тауар ғана қызмет ете алады.Оның үстіне, мемлекет белгілеген алтын мен күміс арасындағы нақты құндық арақатынас олардың нарықтық құнына сәйкеспейді.19 ғасырдың соңында күміс өндірісінің артуы мен олардың құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналымы қазынаға кете бастады.

  Түпкі  есебінде Құн заңының стихиялы  әрекеті екі жақты құн өлшемін жойып, монометаллизм (алтын) биметаллизмді ығыстырады.

   Монометаллизм ақша жүйесі.Онда бір металл (алтын немесе күміс) жалпыға бірдей балама ретінде әрі ақша айналымының негізі ретінде қызмет етеді.Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1815жылы, Германияда-1871-1873жж, Жапонияда-1897ж, АҚШ-та-1990жылы белгіленді.Ал, патшалық Ресейде күміс монометаллизм жүйесі 1839-1843 жылдары ақша реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза күмістің 4 мысқалы (золотник тең 4,25гр) 21бөлігі бар күміс рубль есептелді.Сонымен қатар айналысқа күміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да шығарылды.Дегенмен күміс ақша елдің күйзеліске ұшыраған ақша айналысын түбегейлі ретке келтіре алмады.Себебі бұл кезде басыбайлы шаруашылық (крепостничество) ыдырап, мемлекет бюджеті мен сауда балансының тапшылығы елде жүргізілген ақша реформасын нәтижелі ете алмады.Оған қоса, 1853-1856 жылдары болған Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында айналысқа қосымша несие ақшалары шығарылды, іс-жүзінде олар қағаз ақшаға айналды.Сөйтіп, Ресейде күміс монометаллизмнің орнына алтын монометаллизмі келді.

  Алтынның  құн белгілеріне айырбасталуы  сипатына қарай алтын монометаллизмнің үш түрі болады: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын-девиз (алтын-валюталық) стандарты.

  Алтын  монеталы стандарты (үлгі)- оған  негізгі төменгі белгілер тән:

  • елдің ішкі айналымда алтын монеталар жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін атқарады;
  • алтын монеталарды еркін соғуға рұқсат етілген;
  • айналымдағы несие ақшалары (банкнота, майда металл монеталар) көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталарға айырбасталады;
  • алтынды, шетел валютасын елден еркін алып шығаруға және елге әкелуге, сондай-ақ алтын нарығының еркін жұмыс істеуіне рұқсат берілген;

   Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы- еркін бәсеке кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың өркендеуіне және капиталды шетелге шығаруға жол ашты.Алтын елдің ішінде де, сыртқы саудада да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның сақтаудағы (резерв) қоры болуы шарт.

  Бірінші  дүниежүзілік соғыс бюджеттің  тапшылығын арттырды.Оны жабу  мақсатында айналысқа шығарған  ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы қорынан әлдеқайда асып кетті.Сондықтан кем бағалы ақшаларды (несие ақшаларын) алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды.Осы кезде алтын монеталы ақша стандарты соғысқа қатысқан елдердің барлығында және басқа да көптеген мемлекеттерде (АҰШ-та 1933жылы) жойылды.Банкнотаны алтынға айырбасталу тоқталып, алтынды шетелге шығаруға тиым салынды.Алтын монета айырбастан шығып, қор жинау және байлық құру құралына айналды.Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.

    Алтын құймалы стандарт- оның  алтын монеталы стандарттан айырмашылығы  бұнда алтын монета айналыста  болмайды және оны еркін соғу  жойылды.Алтын құймалы стандартта  банкнотаның белгілі бір сомасы  алтын құймасының белгілі бір  салмағына айырбасталды.Мысалы, Ұлыбританияда салмағы 12,4кг стандартты құйма 1700ф.ст., ал Францияда 12,7кг-21,5 мың франкке теңгерілді.(23;69)

   Алтын девизді (алтын валюталы) стандарт-ол банкнотаның девиздерге (яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі.Бұл жүйе Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа елдерде жүрді.Бұл кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып тасталды.Міне тек осындай қосалқы жолмен ғана алтын девизді ақша жүретін елдердің алтынмен байланысы сақталды.Ұлттық валютаның тұрақтылығын бірқалыпта сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта ұлттық валютаның курсының төмендеуіне немесе жоғарылауына байланысты оған шетел валютасын сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылады.Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына тәуелді болды.

   1929-1933 жылдары әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық мемлекеттерде әр кездері алтын монометаллизмнің барлық формасы жойылды.(Мысалы, Ұлыбританияда-1931ж,АҚШ-та 1933, Францияда 1936 жылы және т.с.с)

   1944 жылы Бреттон-Вудсте құрылған Халықаралық валюта жүйесі еркін айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын девизді стандартты, шын мәнінде алтын долларлы стандартты бекітті.Оның ерекшелігі, яғни алтын долларлы стандарт- тек АҚШ долларлары алтынмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт тек орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана бекітілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына байланысты 1971жылдан бастап алтын құймаларын долларға сатуды тоқтатты, сондықтан алтын долларлы стандартта айналыстан шықты.

   1976-1978 жылдары Ямайка Халықаралық  валюта жүйесі алтынның айналыстан  шығуын заң жүзінде бекітті.Ақша  өлшемдерінің алтын құрамы және  алтынның ресми бағасы жойылды.Халықаралық валюта қорымен оның мүшелері арасындағы есеп айырылысудан да алтын алынып тасталды.Сөйтіп бүкіл мемлекеттерде алтынға айырбасталмайтын несие ақшалары жүйесі орналасты. 
 

    1. Шетел тәжірибесіндет ақша жүйесінің дамуы
 

Экономикасы дамыған елдердің осы заманғы ақша жүйесі алтын-қағаз және кредит ақшаларына бөлінбеген жүйеге негізделген.Олардың әр біреуі ұзақ уақыт бойы дербес дамыса да әрі ұлттық ерекшеліктерге ие болса да, олар көп жағынан бір-біріне ұқсас.

  Сонымен  қатар әрбір дамыған елдің  осы заманғы ақша жүйесінің мәнін толық ашуға мүмкіндік беретін тек өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар.

  АҚШ-тың  ақша жүйесі.АҚШ-тың ақша бірлігіне  айналымға 1786 жылы енгізілген АҚШ доллары жатады.Доллардың атауы бірқатар еуропалық елдерде айналыста болған күміс толлерден шыққан.Қысқартылған

белгісі- $.Бір доллар 100 центке тең.Бүгінгі таңда айналымда 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 долларлық құны бар купюралар мен 1, 5, 10, 25, 50 центтік құны бар тиындар және бір доллар қолданылады.Қолма-қол ақша эмитенттеріне Қаржы министрлігі (қазына мекемесі) және федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) жатады.Қазына мекемесіне айналымға 1-ден 10долларға дейін құны бар ұсақ купюрлі ақша белгілерін, сондай-ақ 100 долларды шығарады, монеталар күмістен, никелден және мыстан дайындалды.Қазына мекемесі шығарған купюрдің айрықша белгісіне ондағы «Құрама штаттар билеті» дейтін жазу,- «UNITED STATES NOTES» жатады.Қолма-қол ақша белгілерінің негізгі массасын айналымға ФРЖ шығарды.Онда «FEDERAL RESERBE NOTES» дейтін жазу болады, сондай оларды шығарған федералдық резервтік банктің нөмірі көрсетіледі.АҚШ-тағы қолма-қол ақшасыз ақша эмиссиясы басқа шетелдерге және коммерциялық банктерге жүзеге асырылады.Олармен айналымға чектер, вексельдер, пластикалық карточкалар, электрондық ақшалар шығарылады.Экономикалық айналымда қолма-қол ақшасыз ақшаның үлес салмағы көп әрі бұл үлес салмақ өсу тенденциясына ие.АҚШ-тағы ақша массасы классикалық ақша-кредит саясатының құралдарымен реттеліп, басқарылады: құнды қағаздардың ашық нарығында операциялар, банктің есептік мөлшемелерінің өзгерісі, коммерциялық банктер мен кредит жинақтаушы мекемелердің міндетті резерв талаптарының өзгерісі.

  Ұлыбританияның  ақша массасы.Ақша бірлігі (өлшемі)- фунт стерлинг.Бұл ақша бірлігі  мұндай атаумен 12 ғасырдан бастап  айналымға енген.1964 жылы айналымға алғашқы қағаз банкноттар шығарылды.14 ғасырда пайда болып 18 ғасырдың соңына дейін күміспен бірге айналымда болды, яғни елде биметаллизм жүйесі орнықты.

  Ақша  жүйесі 1971 жылға дейін он екі  еселік принцип бойынша құралған  болатын.Бұл 1 фунт стерлингтің 240 пенстен тұратынын, ал әрбір жиырма пенстің 1 шиллингті құрайтынын білдіреді.Бүгінгі таңда 1 фунт стерлинг 100 жаңа пенсті құрайды және айналымда- Англия Банкінің 5, 10, 20, 50 фунт стерлингтік құны бар банкноттар, монеталардан- 0,5 пенни, 1, 5, 10, 20, 50 пенистер, 1фунт стерлинг.Оның үстінде айналымда 5, 10 және 25 пенистерге сәйкестенетін 1, 2 және 5 шиллингтік құны бар ескі монеталар сақталған.Қолма-қол ақша (банкнот) эмиссиясының монополиялық құқығына Англия Банкі ие.Эмиссия мөлшерінің шамасын қазына мекемесі анықтап, парламент бекітеді.Қазына мекемесі айналымға монеталарды, ал коммерциялық банктер қолма-қол ақшасыз айналым ақшаларын шығарады.

  Англия  Банкі айналымдағы ақша массасын  ашық нарықтағы операциялар, банктің  есептік мөлшерлемелері, міндетті резервтік талаптар секілді ақша-кредит саясатының құралдарымен басқарып, реттейді.

   «Евро» еурополық валюта зонасы. Бүгінгі таңда Еуропалық одақта ақша жүйесі бар. Ол Еуропаның 24 дамыған елі кіретін, еуропалық ұжымдық «евро» ақша бірлігіне негізделген. ЕО – ның еуропалық ақша жүйесі 2001 жылы құрылды  және евроның ақша бірлігі алдымен қолма – қол ақшасыз айналымның есеп айырысу  бірлігі ретінде енгізілді, ал 2003 жылы қолма – қол ақша айналымына  банкноттар мен монеталар түрінде қағаз ақшалар шығарылды.

      Ресейдің  ақша жүйесі. 1995 жылдың 12 сәуірінде қабылданған «РФ Орталық банк туралы» РФ заңына сәйкес жұмыс істейді. Ресейдің ресми ақша бірлігіне рубль жатады. 1 рубль 100 копейкаға тең. «Рубль» атауы Киев Русь  тұсында пайда болған. Ол кезде ақша бірліктері гривна деп, ал екіге тең бөлінгені рубль деп аталатын.Алтын мен рубльдің ресми арақатынасы белгіленген. Басқа ақша белгілері мен сурогаттардың шығарылуына тыйым салынған. Заңды төлем күші бар ақша түрлеріне банктің барлық активтерімен қамтамасыз етілген әрі Ресей Банкінің сөзсіз міндеттемелері болып табылатын банкноттар мен ұсақ металл монеталар жатады. Қолма – қол ақшаны шығарудың,  олардың айналымын ұйымдастырудың және РФ аумағынан оларды алып тастаудың айрықша құқығы Ресей Банкіне тиесілі.  Ресей Банкі мыналарға да жауапты: өндірісті болжауға және ұйымдастыруға, банкноттар мен монеталарды тасымалдауға және сақтауға, олардың резервтік қорын құруға, коммерциялық банктер үшін қолма – қол ақшаның инкассациялаудың, тасымалдаудың және сақтаудың ережелерін белгілеуге, кредит ұйымдары үшін кассалық  операциялардың жүргізу тәртібін анықтауға, қолма – қол ақшасыз есеп айрысуларды ұйымдасырудың талаптары мен бірыңғай  ережесін белгілеуге.

      Ақша  айналымын ұйымдастырумен байланысты шығындардың кеміту мақсатында  1998 жылдың 1 қаңтарынан 1000/1 арақатынасында ақшаны ірілендіру (деноминация) жүргізді. РФ – да жүргізілген реформалар нәтижесінде айналымға Ресей Банкінің 5, 10, 50, 100 және 500 рубльдік құны бар банкноттар, 1, 5, 10, 50 копейкалық құны бар тиындар 1, 2 және 5 рубль енгізілді.

   Сонымен, экономикасы нарықтық  типпен дамыған мемлекеттердің  ақша жүйесіне тән белгілер:

1.ақша  айналымын басқаруға әр түрлі банктердің қатынасуы;

2.Қолма-қол  ақша мен қолма-қол емес ақша  белгілерін шығарумен банк жүйесінің  әртүрлі буындарының шұғылдануы.Бұнда  қолма-қол ақшаны шығарумен мемлекеттердің  орталық банкі шұғылданса, қолма-қол  емес ақша белгілерін әр түрлі меншіктегі коммерциялық банктер шығарады;

Информация о работе ҚР-да ақша жүйесінің ерекшеліктері