Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 03:06, реферат
2007 жылы Қазақстандағы экспорт 47,8 млрд. долларды құрады. Соңғы 10 жыл ішінде экспорт 7 есе өсті, орташа жылдық экспорт өсімі — 21% болды. Соңғы бесжыл ішінде экспорттың өсу қарқыны жоғары — жылына орта есеппен 38% болды.
ҚР тауарлар экспортының ағымды жағдайы
Эскпорттың жалпы Динамикасы
2007 жылы Қазақстандағы экспорт 47,8 млрд. долларды құрады. Соңғы 10 жыл ішінде экспорт 7 есе өсті, орташа жылдық экспорт өсімі — 21% болды. Соңғы бесжыл ішінде экспорттың өсу қарқыны жоғары — жылына орта есеппен 38% болды.
Ақпарат көзі: ҚР статистика агенттігі, ҚР Кеден комитеті
Эскпорт көлемі жағынан 2007 жылы Қазақстан шамамен алғанда әлемнің 225 елі арасында 52 орынды иеленді.
|
Ақпарат көзі: ҚР статистика агенттігі.
Қазақстандағы экспорт жан басына шаққанда шамамен 3067 долларды құрастырды. Салыстыру үшін: Ресей мен Беларусиядағы жан басына шаққандағы экспорт — 2,5 мың долларды, Әзірбайжанда — 2,3 мың долларды, Түркменстанда — 1,4 мың долларды құрайды.
Сыртқы сауда айналымы
2007 жылы сыртқы сауда айналымы 80,5 млрд. долларды құрады. Соңғы 10 жыл ішінде сыртқы айналым 5,7 есе өсті, сыртқы сауда айналымының орташа жылдық өсімі — 19% болды. 2003 жылдан 2007 жылға дейінгі сыртқы сауда айналымының өсу қарқыны — орташа есеппен жылына 38% болды (диаграмма 1).
Диаграмма 1.
Ақпарат көзі: ҚР статистика агенттігі.
Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы эккспорт үлесі 2007 жылы 59% болды, салыстыру үшін алсақ, 1997 жылы — 49% болды (диаграмма 2).
Диаграмма 2
Ақпарат көзі: ҚР статистика агенттігі, ҚР Кеден комитеті
ҚР ЖТӨ экспорт үлес
Қазақстан ЖТӨ экспорт үлесі 2007 жылы 47% құрады, ЖТӨ импорт үлесі — 32% болды (диаграмма 3).
Диаграмма 3
Ақпарат көзі: ҚР статистика агенттігі.
ЖТӨ экспорт пен импорт үлесінің көрсеткіштері бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында жетекші нысанды иеленіп отыр (кесте 1).
Кесте1.
|
Ақпарат көзі: ҚР статистика агенттігі.
2004–2007 аралығындағы экспорттың тауарлық құрылымынның талдамасы.
Қазақстан экспорты шикізатттық бағытта болып, шикізаттық тауарлар экспортының жоғары өсу қарқыны сақталып отыр. Экспорт өсімінің үлесінің үлкен болуы соңғы жылдары мұнай өндіру мен экспорттауға байланысты болып отыр, сонымен қатар әлемдік нарықтардағы қазақстандық ауылшаруашылық өнімдеріне деген, әсіресе бидайға деген сұраныстың өсуіне-де және осы сектор өндірісінің көлемінің ұлғаюына да байланысты болып отыр.
Шикізаттық тауарлар экспорты 2007 жылы 31,8 млрд. долларды құрады, осы қарастырылып отырған кезеңдегі экспорттың лрташа жылдық өсімі — 33,5% болды. Экпорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық тауарлар экспортының үлесі 2007 жылы 66,5% болды, салыстыратын болсақ, 2004 жылы — 67,1% болды (диаграмма 4).
Диаграмма 4.
Ақпарат көзі: ҚР статистика агенттігі, Таможенный комитет РК
Өңделген тауарлар экспорты 2007 жылы 16 млрд. долларды құрады. Өңделген тауарлар экспортының өсімі шикізаттық тауарлар экспортыннан біраз алда келе жатыр — қарастырылып отырған кезеңдегі орташа жылдық өсім 34,7% болды, 2007 жылы өңделген тауарлар экспорты 36%, шикізаттық — 20% жоғарылады. Экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген тауарлар экспортының үлесі 2004 жылы 32,9% пайыздан 2007 жылы 33,5% пайызға көтерілді (диаграмма 5).
Диаграмма 5.
Ақпарат көзі: ҚР статистика агенттігі, ҚР Кеден комитеті
2 кестеде
көрсетіліп отырғандай
Кесте 2. Негізгі өңделген тауарлар экспортының құрылымы
|
|
Экспорттың геграфиялық құрылымына талдама
2004–2007 жылдар аралығы үшін
Қазақстан экспорты бәрінен бұрын алыс шет елдерге бағытталады, қазақстандық экспорт құрылымындағы бұл елдердің үлесі 2007 жылы 83,3% құрады, ТМД елдернің үлесі — 16,7% болды. Жеткізудің негізгі аймақтары: Еуропа (56,9%) және Азия (23,8%).
ҚР экспортының негізгі бағыттары, 2007 жыл
|