Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 23:26, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Экономикалық жүйенің өзгеруі экономиканың негізгі өндірістік субъекті – кәсіпорынның іс – әрекетіне әсер етпей қоймайды. Сонымен қоса, шаруашылық механизімінің өзгеруінің негізгі субъектісі, экономика трансформациясының басты және қозғаушы күштерінің көзі кәсіпорын болып табылады. Өтпелі кезеңнің бір ерекшелігі - ескі қағидалар өз күшін жоймаса да іске аспайды, ал жаңа экономикалық ережелер экономиканың басты факторларының ішінде басым орын ала алмайды.
Кіріспе
1 Өндірістің экономикалық тиімділігі және оны анықтаудың теориялық негіздері
1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні мен маңызы
1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер
1.3 Кәсіпорында өндіріс тиімділігіне әсер ететін факторлар
2 «БЛОК» ЖШС –нің өндіріс тиімділігін талдау
2.1 «БЛОК» ЖШС- нің технико – экономикалық көрсеткіштері
2.2 «БЛОК» ЖШС- нің өндіріс тиімділігін бағалау
3 Өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріс тиімділігін арттыру бойынша іс шаралар
3.1 «БЛОК» ЖШС–нің өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары
3.2 Ұсынылған іс шаралардың экономикалық негіздемесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кәсіпорында өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары
Мазмұны
Бет
Тері
Кіріспе
1 Өндірістің экономикалық тиімділігі және оны анықтаудың теориялық негіздері
1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні мен маңызы
1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер
1.3 Кәсіпорында өндіріс тиімділігіне әсер ететін факторлар
2 «БЛОК» ЖШС –нің өндіріс тиімділігін талдау
2.1 «БЛОК» ЖШС- нің технико – экономикалық көрсеткіштері
2.2 «БЛОК» ЖШС- нің өндіріс тиімділігін бағалау
3 Өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріс тиімділігін арттыру бойынша іс шаралар
3.1 «БЛОК» ЖШС–нің өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары
3.2 Ұсынылған іс шаралардың экономикалық негіздемесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Экономикалық жүйенің өзгеруі экономиканың негізгі өндірістік субъекті – кәсіпорынның іс – әрекетіне әсер етпей қоймайды. Сонымен қоса, шаруашылық механизімінің өзгеруінің негізгі субъектісі, экономика трансформациясының басты және қозғаушы күштерінің көзі кәсіпорын болып табылады. Өтпелі кезеңнің бір ерекшелігі - ескі қағидалар өз күшін жоймаса да іске аспайды, ал жаңа экономикалық ережелер экономиканың басты факторларының ішінде басым орын ала алмайды.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткендей: “Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп , біліп отырсыздар. Біздің алдымызда дағдарыс салдарын еңсеру мен келесі экономикалық өсуге әзірлену жөнінде үлкен міндеттер тұр. Қазірдің өзінде біз қабылдағанның бәрі – бұл бүгінгі дағдарыс туындатқан ағымдағы проблемаларды шешу. Мен тоқтап қалмауды, одан әрі жүруді және дағдарыстан кейінгі елдің дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі жаңғыртуды іске асырудың жаңа жоспарын жүзеге асыруды ұсынамын. Бізге өз дамуымыздың жаңа кезеңіне кіруге және біздің жетістіктерімізді еселеуге тура келеді. Ел дамуының жаңа кезеңінің табыстары көп ретте біздің іс - қимылымыз бен қабылдаған шешімдерімізге байланысты болады. Бізде қажетті ресурстар әлемдік дағдарыс қыспағына төтеп беретін тәжірибе бар. Бізде айқын дағдарысқа қарсы бағдарлама бар. Қойылған мақсаттардың бәріне қол жеткізуге болады” [1].
Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды. Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды. Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық. Мен біздің алдағы барша жетістіктеріміз осындай жарқын болады деп сенемін. Менің басты мақсатым – еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Бүгінгі Жолдауым осыған арналған. «Қазақстан – 2030» стратегиясын орындай отырып, біз алғашқы онжылдыққа бағдарлама жасап, оны тәмамдадық. Ендігі мақсат – осы Стратегияның келесі онжылдығына қарай қадам жасау [2].
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.
Өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы – жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс нәтижелелігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отырғанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық прогреске ырықтандырылмақ дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық қабілетінің толық ашылуына, оның өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға жеткілікті түрде мүдделендірмейді.
Ең алдымен, Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық «секірістерге» негізделген елді дәйектілікпен экономикалық жаңарту. Мұндай «секіріс» сыртқы дүниеге ашық ұлттық экономика жағдайында ғана қамтамассыз етіле алады, мұндай экономика әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының табысты да серпінді бөлігі бола алады және болуға тиіс екендігін атап көрсетті.
Бүгінгі таңда отандық ғалымдар тиімділікті арттыру жүйесінің жаңа түрі пайда болғанын жариялап отыр. Олар жұмыскерді машинаның қосымша бір бөлшегі ретінде қарастыратын теориялық көзқарастан бас тартып, материалдық және бейматериалдық ынталандыру жүйесіне көшуді қолдайды. Демек, жалдамалы еңбек уәждемесін және «классикалық» жалдамалы жұмысшыға тән емес жаңа қажеттіліктерді анықтауға талпыныс күшейіп келеді, бұл еңбек нәтижелерін, шығармашылық қызметтің рөлін мойындауда, өндірістік қызметтерді күшейтуде және т.б жағдайларда жүзеге аспақ. Қазір, яғни әлеуметтік – экономиканың серпінді даму кезеңді өндіріс тиімділігін экономикалық жағынан ынталандыру, еңбектің сандық және сапалық сипаттамаларын, макорэкономикалық ұдайы өндіріс процесіндегі ынталандырудың рөлін айқындау, еңбектің трансформациялануын жалпылау және нақтыланған түрде зерделеу өте маңызды әлеуметтік – экономикалық проблемаға айналып отыр.
Қазақстан экономикасының тұрақты, қарқынды экономикалық өсуі үшін отандық өнеркәсіп салалары даму қажет.
Экономиканы көтерудің ең басты тез және тиімді жолы – ол өндірістің тиімділігін жоғарлату.
Осы мәселелердің барлығы өндіріс тиімділігімен тығыз байланысты, яғни кез–келген экономиканың қарқынды дамуының алғышарттарының бірі – өндірістік секторлардың үдемелі дамуы.
Диплом жұмысының мақсаты – нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мәселесін ғылыми тұрғыда зерттеу және нақты ұсыныстар жасау. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі қажет:
- нарық жағдайында экономикалық тиімділікті арттырудың теориялық мәселелерін қарастыру;
- өндіріс тиімділігіне әсер ететін, факторларды және оны бағалаудың көрсеткіштерін талдау;
- жалпы Қазақстан Республикасындағы құрылыс нарығының даму тенденцияларына тоқталып өту;
- «БЛОК» ЖШС-нің технико–экономикалық сипаттамасын беру және өндірістің тиімділігін талдау;
- «БЛОК» ЖШС-нің экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі – Астана қаласы Шоссейная 1А көшесінде орналасқан «БЛОК» ЖШС–гі.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы өндіріс тиімділігіне әсер ететін факторлар жүйеленді. Мұнда анықталған нәтижелердің тәжірибелік маңызы жоғары. Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін отандық кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін талдау, бағалау және арттыру бойынша еліміздің және шетелдік экономист ғалымдарының еңбектері, оқулықтар мен оқу құралдары, мерзімді баспа сөздегі мәліметтер мен ақпараттар, арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар, нормативтік құқықтық актілер мен ҚР Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылар мен жарлықтары жабын материалдарын өндірумен айналысатын «БЛОК» ЖШС- нің жылдық есептемелік құжаттары құрайды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімінде жалпы экономикалық тиімділік көрсеткішінің теориялық аспектілері ашылады.
Екінші бөлімінде жалпы Қазақстан Республикасының жабын материалдар нарығының даму тенденциялары, осы саланың құрамына енетін «БЛОК» ЖШС- нің даму тарихы, қаржы экономикалық жағдайы, өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштері талданды.
Үшінші бөлімінде жабын материалдар өндірісінің дамуы және жетілдіруін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар жүзеге асырылуы тиіс екендігі туралы ұсыныстар берілді.
1 ӨНДІРІСтің экономикалық ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні мен маңызы
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі кәсіпорындарда бәсекенің артуы, өндірістік шығындардың жоғары болуына өткізу нарығының қысқаруы, әріптес кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі, шикізат пен материалдар сипатталатын жаңа ортаға көшірді. Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық өсуі және дамуы адам ресурстары және басқа да ресурстарды ең тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді. Өндірістің экономикалық тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуына, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты болады. Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.
Кәсіпорынның өсуі – бұл негізінен кәсіпорын көлемінің артуы және өндіріс көлемінің кеңеюі (өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар санының артуы). Даму деген – шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі және жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелеріде еңбекті ұйымдастыруды, технология және техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің тиімділігін арттыру.
Өндірістің экономикалық тиімділігі мәселесі бойынша әр экономист ғалымдар өз пікір- тұжырымдамаларын ұсынған. Кейбіреулер еңбек өндірісінің өсуі немесе бір өнімді шығаруда – ең аз еңбек шығындары деп есептейді. Басқаларының ойынша - өнімнің немесе еңбек шығындарының нәтиже сандарының қатынасы немесе соңғы нәтижеге жету үшін қаншалықты шығын кеткенін көрсетеді.
Ғаламды өндіріс тиімділігі жұмыс уақытының үнемділік заңын сипаттайды. К. Маркс былай деген «уақыт үнемі өндірістің әр салаларына жұмыс уақытының жоспарлы үлестірілуі сияқты, ұжымдық өндіріс негізіндегі ең басты экономикалық заңдылық болып қалуда». Өнім бірлігіне еңбек шығынының төмендеуі – жұмыс уақытын үнемдеу заңының мәні болып табылады.
Л.Э. Кунельскийдің тұжырымдауынша, өндірістің экономикалық тиімділігі дегеніміз – ең аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге жету әрекеттілігі, нәтижелілігі. Ал М.Н. Тимохинның айтуынша, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі – бұл оның барлық объективті байланыстары мен үрдістерінің нәтижелілігін көрсететін күрделі категория.
А.П. Вавилов, А.И. Демичевтердің пікірінше, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі дегеніміз – қаржы, еңбек және материалдық ресурстардың салыстырмалы төмен шығындары арқылы жеке кәсіпорындар, салалар, жалпы индустрияның жеткен ең жоғары нәтижелері.
Н.Уоол, Л.Маркузе, Д.Лайну бойынша экономикалық тиімділік – ресурстарды тиімді пайдалану. Ол көптеген әдістермен есептесе алады, ең кеңінен:
- жұмыс күшін пайдалану тиімділігі;
- өндірістің экономикалық тиімділігі: өндірістік ысырап - өндіріс барысындағы қалдықтар пайызы;
- қаржылық тиімділік: активтердің айналымдығы (кәсіпорын активтері нәтижесінде қамтамасыз етілген сату көлемі).
Профессор Н.Қ. Мамыров атап өткендей, тиімділік – жалпы алғанда шығындар мен нәтижелердің қатынасы. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау барысында оның техникалық және экономикалық деп ажыратады. Егер берілген өндіріс технологиясымен (әдісімен) тұрақты өнім көлемін өндіргенде өнім өндіру ең көп, ал ресурстарының шығындары ең аз, онда өндірістік тиімділік технологиялық тиімді деп саналады. Экономикалық тиімділікке жету өндіріс үрдісінде пайдаланылатын ресурстар түрлерінің баламалық құнын минималдаумен байланысты. Осының негізінде кәсіпорын өндірістің технологиялық тиімді әдістерін таңдайды.
Тиімділік - әлеуметтік–экономикалық процестермен мен құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын, нәтижеге қол жеткізу мен ресурстарды пайдаланумен байланысты категория. Экономикалық тиімділіктің өсуі, өнім бірлігіне шаққандағы шығынның қысқаруымен немесе бұрынғы шығын көлемін сақтай отырып, тиімділіктің артуымен тікелей байланысты. Еңбекақының тиімділігіне сәйкес оның ынталандырғыш рөлін де айқындауға болады.
Өндіріс тиімділігі – экономикалық категория. Ол - өндіргіш күштер мен өндірістік қарым–қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс қамтамасыз етіледі.
Тиімділіктің басты мәселесі – нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну құнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқықтық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі.
Экономикалық тиімділік – ұлғаймалы өндірісті ұтымды жүргізудің алғы шарты. Ресурстарды таңдау кезінде баламалы нұсқаларды анықтау үшін пайдаланатын сапалы бағалау көрсеткіші болумен бірге, ол өндіріс резевтерін анықтау, өндіріс құрылымының қалыптасуын жалпы да тікелей бағалау кезінде қолданылады. Тауар – ақша қатынасы жағдайында өндіріс тиімділігі ұтымды экономикалық тиімділікті сипаттайды. Мұндай жағдай жалпы өндірістік шығындардан қол жеткен нәтиже шамасы абсолюттік мөлшерде артық болып тұрғанда ғана орын алады. Осындай ұтымды тиімділік кез келген ұйымдық – құқықтық шаруашылықтың оңтайлы жұмыс істеуінің, кеңейтілген өндірісті жүргізудің ең бір қажетті шарты болып есептеледі. Сондай– ақ ол материалдық өндірістің барлық буынында ғылыми – техникалық прогрестің дамуы үшін зор экономикалық қозғаушы күшке айналып, тұтыну құнының сапасын жақсартады. Бәсекенің салыстырмалы еркін іс-әрекет жасаған кезінде өндірісті тиімді жүргізудің басты міндеттерін бір уақытта шешуге жол ашатын нарықтық тетік (механизм) біріншіден, тауар өндірудің дәл сол мезгілде қоғамдық сұранымға сәйкстігін бағаласа (сандық және сапалық жағынан) екіншіден, қойылған міндеттерді тиімді жолмен шешу үшін өндіріске жаңа тәсілдерді енгізуді ынталандырумен бірге, бағаның өзгеруі мен ауытқуы, пайда, тағы басқадай құнды категориялар арқылы халық шаруашылығында өндірістік ресурстар мен тауарларды ағымды нарықтық сұранымына сәйкес бөлуге, экономиканың оңтайлы дамуына оң ықпал ете отырып, экономиканың тиімділігін арттырады.
Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.
Экономикалық тиімділік - өндірістік қызметтің нәтижелілігі, әлеуметтік – экономикалық нәтижелер мен өндірістік шығындар арасындағы қатынас.
Өндірістік қызметтің тиімділігі – кәсіпорынның табыстылығын және оның активтерді пайдалану қабілетін сипаттайтын тиімділік.
Өндіріс тиімділігінің сараланған көрсеткіштері – кәсіпорын ресурстарының (шығындарының) жекелеген түрлерін (материалдық, еңбек, энергетикалық ресурстарын, капиталды толығымен) пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер.
Экономикалық тиімділік экономиканың әр деңгейінде пайдалы соңғы нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және т.б көмегімен өлшенеді.
Біздің ойымызша, өнеркәсіптік өндірістің экономикалық тиімділігі – кәсіпорын әзірлеген стратегияға тәуелді экономикалық категория. Ол стратагия кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамассыз етуге мүмкіндік беретін қысқа, орта және ұзақ мерзімді нәтижелерге сүйенеді. Сонымен қатар өндірістің экономикалық тиімділігі нарықты экономиканың шешімді категориясына жатады. Барлық түрде экономикалық өндіріс тиімділігі екі мөлшердің қатынасын көрсетеді – ол шаруашылық қызмет нәтижесі және өндіру шығындары. Ең басты – нарықты қызметтің нәтижесі, ол салынған капиталдан максималды табыс алу. Табыс пен шығындардың қатынасы. Өндіріс тиімділігін көтерудің қолайлы жолы нарықта.
Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді. Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновация;
- өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;
- инвестициялық саясатты оңтайландыру ;
- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.
Өндіріс тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді. Кәсіпорын оларды төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет. Оның жүзеге асуы мынаны көздейді.
- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру;
- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау, бірнеше шығындар түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;
- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;
- шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;
- ұсынылған жаңа әдістерді әзірлеу, олардың енгізілу және сақталуын бақылау;
Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін басқару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез келгені орындалатын болса, онда өнімділік өседі:
1) өнім көбейеді, шығындар азаяды;
2) өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
3) өнім көбейеді, шығындар өседі,бірақ өсу қарқыны төмен болады;
4) өнім көлемі өзгермейді,шығындар төмендейді;
5) өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады.
Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық ұстаным – экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін еңбек уәжі мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты жолдары анықталуы қажет.
Алайда, экономикалық әдебиетте «еңбекке ынталандыру» мәнін анықтауда ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми зерттеулерде «экономикалық мүддерлер», «қажеттілік», «ынталандыру», «материалдық ынталандыру», «уәж», «уәжділік» сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мәні мен функционалдық мағынасы да бірқатар шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі түсіндіріледі. Осыған байланысты, біз, «ынталандыру» категориясын нақтылауда бүгінгі заманға тән интеграциялық тәсілге сүйенуді, зерттеу шеңберінде тек экономикалық емес, сонымен қатар, тарихи, әлеуметтік-мәдени, құқықтық және саяси алғышарттардың да қамтылуы қажет деп санайтын экономистерді қолдаймыз.
Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек, ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, «еңбекке ынталандыру» дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс қабілетін дамытудың күшті құралы.
Экономикалық ынталандыру материалдық ынталандыруға қарағанда кең мағыналы категория. Экономикалық ынталандыру – адамдарды өнімді әрі табысты еңбекке қызықтыратын, олардың мүдделік белсенділігін арттырудың әртүрлі үрдістері мен әдістерін қамтиды. Сонымен, экономикалық ынталандыру дегеніміз өндірістік қатынастар субъектілерінің мүмкіндіктерін толығымен пайдалану мақсатында қолданылатын, олардың экономикалық және әлеуметтік жауапкршіліктерін нықтайтын материалдық және материалдық емес тетіктердің жиынтығы.
Нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты тиімді жүргізудің ынталандыру жүйесі өнімді еңбек қызметіне талаптандырудың тағы бір тобын қарастырады, олар әкімшілік және либералды болып жіктеледі.
Экономикалық ынталандырудың қазіргі постиндустриялық жағдайында құндық бағдарлар мен қажеттіліктер, қызметкерлердің еңбек белсенділігінің даму барысындағы оңды өзгерістер мұқият ескерілуі тиіс. Бұлар:
- материалдық ынтаны тұлғаның өзі іске асыруы, зияткерлік әлеуетті дамыту, адамның шығармашылық қабілеттері мен білімін үдету;
- өнімді еңбек пен мол табыстың кепілі – жұмыскерлердің іскерлік қабілеті мен біліктілігін арттыру;
- барынша көп тұтынудан гөрі, өмір сүру мен еңбек қызметінің әлдеқайда жоғары сапасын қамтамасыз етуге бой ұру, қазіргі заманғы жаңа ынталар жүйесіндегі өзін-өзі дамытудың басыңқылығына ден беру;
- сапалы экономикалық өсімге қол жеткізуде еңбек белсенділігін ынталандыру міндеті қызметкердің еңбекке негізделген басым уәждерімен, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырумен сипатталады, демек материалдық ынталандыруда әлеуметтік фактордың ролі арта түседі.
Қазақстан Республикасының жедел дамуына, сондай-ақ өндірістің өнімділігіне экономиканың қазіргі жағдайы, яғни трансформация (түрлену) процесі әсер етіп отыр. Кез келген өтпелі кезеңнің негізгі белгілері: бұрынғы және жаңа жүйе элементтерінің қатар жүруі, қарама-қайшылықтың ерекше көрінісі – бой көтере бастаған және ескірген экономикалық механизмдер мен тетіктердің арасындағы сәйкессіздіктер, тұрақсыздық. Трансформациялық жағдайдың кері әсері, бір жағынан, қоғамдағы экономикалық және өндірістік күрделі өзгерістерге тәуелді болса, екінші жағынан, өз ішінде қайшылық пен проблемаға толы нарықтық механизмнің қалыптасуымен тікелей байланысты.
Нарықтық қатынастарға көшкен кезімізде әкімшіл-әміршіл жоспарлы жүйенің негізі бұзылды, ол жаңа өзгерген жағдайда іске аса алмады. Осыған байланысты, өндіріс тиімділігін ынталандырудың жаңа механизмін құрудың объективті қажеттілігі туындайды. Мұнымен қатар, өндіріс тиімділігінің төмендеуіне, экономикалық процестерді реттеуге кері әсерін тигізген құбылыстардың бірі меншіктік қатынастардың өзгеруі. Реформаларда, ғылымға негізделген концепцияның болмауы өндірістің құлдырауын, экономикалық өсім шеңберінің тарылуын тудырады. Меншік иелері мен меншікке ие топтар әлі ешкім иелене қоймаған ресурстарды қолға алуға және меншікті өз пайдаларына қарай бөлісуге ұмтылады. Бұндай жағдайда, өндіріс табыс табатын құрал ретінде емес, иеленуге болатын байлық ретінде қабылданады. Осының барлығы, өндіріс тиімділігін ынталандыруға ықпал етпейді. Жекешелендіру нәтижесінде, пайда болған меншіктік құрылым және меншікті іске қосудың тиімді, заң шығарушылық базасының жетіспеуі, тиімділікті экономикалық ынталандыру механизмінің мүмкіндігін әлсіретеді.
Экономикадағы түрлендірулер тек меншік құқықтарының қайта бөлінісінде ғана емес, жеке меншікке негізделген өндірістік қатынастарды қалыптастыру. Шаруашылықты жүргізудің жеке меншіктік үрдісі өндіріс көлемін ұлғайтудың негізі, оның тиімділігін арттырудың қуатты құралы.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру қажеттілігі кәсіпкерлікті жедел дамыту есебінен нақты іске асырылады. Кәсіпкерлік, дербес, ізденімпаз әрекетке дайын, мол табыс көзіне ұмтылуға қабілетті, іскер адамдар қатарының көбеюін қамтамасыз етеді.
Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі тұрақты экономикалық өсімге, халықтың барлық топтарының материалдық жағдайын жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікке, елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау ұсталымын орындауға бағытталуы қажет.
Біздің ойымызша, өндіріс тиімділігін экономикалық ынталандыруды мынандай белгілермен сипаттауға болады:
- экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны, оның сапалық сипаты;
- өндірілген тауар сапасының артуы және оның отандық, әлемдік нарықты бәсекеге қабілеттілігінің өсуі;
- халықтың материалдық жағдайы мен әл-ауқатының жақсаруы;
- жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық қызмет әсерінің күшеюі, адам капиталын нәтижелі қолдану;
- басқару тиімділігін арттыру нәтижесінде өндірістік ресурстарды пайдалануды үнемдеу, еңбек өнімділігін ынталандыру.
Қазақстан, қоғамдық өмірдің шешуші саласы – экономикада, әлеуметтік және саяси жаңару жолында сенімді қадам жасап ілгерілеп келеді. Ел экономикасы 2001 ж. бастап жылына орта есеппен 10%-ға өсіп отыр. Соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық әлеуеттің негізін құрайтын өнеркәсіп өндірісі де тұрақты даму үстінде. Егер 1995-2005 жж. аралығында өнімнің жылдық өсуі 5%-ды құраса, соңғы 5 жыл ішінде 11,8%-ға жетті (1-сурет).
Ескертпе – ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің деректері бойынша
Сурет 1 - Қазақстан Республикасы өнеркәсіп өнімінің динамикасы
(1995-2005 ж.ж.)
Өнеркәсіптің макродеңгейдегі тиімділігі өндірілген тауар сапасының жақсарғанының, әлемдік нарықтық бәсекеге қабілеттіліктің көрінісі. Құрылыс өнеркәсібінің қарқынды дамуы экспорт және импорт құрылымына тиісті әсерін тигізуде. Алайда, экспорттың құрылымында шикізаттық тауарлардың үлесі басым.
Осылайша, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру әр кәсіпорын үшін маңызды мақсат болып табылады. Ол мақсаттың орындалуы әртүрлі факторларға байланысты. Оларды келесі бөлімшелерден кеңірек қарастырамыз.
1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер
Қазақстан нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңіне енді. Нарықты экономикада еңбек өнімділігінің өсуі үшін өндірістің тиімділігінің артуы, оның өсу факторлары, тиімділікті анықтау тәсілдері маңызды болып табылады.
Экономикалық тиімділік деңгейі екі өлшем – экономикалық тиімділік және өндіріс шығындарын салыстыру арқылы айқындалады. Экономикалық тиімділік көрсеткіштері қандай шығындар және ресурстар құнымен экономикалық нәтиже алынғанын көрсетеді.
Экономикалық тиімділік жалпы және салыстырмалы деп ажыратылады.
Жалпы тиімділік шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде (сала, кәсіпорын, ұйым, капиталды құрылыс объектісі) анықталып, тиімділіктің жалпы шамасын анықтайды.
Салыстырмалы тиімділік – белгілі бір өндірістік– шаруашылық міндетті шешу үшін екі немесе бірнеше нұсқадағы технико–экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы есептеледі. Бұл ұтымды нұсқаны таңдау, оны басқалармен салыстырғанда технико–экономикалық, әлеуметтік және прогрессивті артықшылықтарын анықтау үшін пайдаланылады. Салыстырмалы тиімділікті қарастырғанда ең бастапқы кезеңі – негізгі технико–экономикалық көрсеткіштерді салыстыру болып табылады: капитал салымдары, өзіндік құн және табыс, еңбек өнімділігі және қор сыйымдылығы , материалдарды пайдалану көрсеткіштері және т.б. Бірнеше нұсқаларды осы көптеген көрсеткіштер арқылы салыстыра келе кәсіпорын экономикалық тиімдісін таңдайды.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпы шамасын анықтайтын көрсеткіштерге кеңірек тоқталайық.
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс анықтау үшін алдымен тиімділіктің белгілері мен көрсеткіштерін анықтап алу қажет.
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпылама белгісі ретінде қоғамдық еңбектің өнімділігінің деңгейі қолданылады.
Қоғамдық еңбектің өнімділігі анықталады:
Өнқ = ҰК/ЖМ
мұндағы:
Өнқ - қоғамдық еңбектің өнімділігі;
ҰК - өндірілген ұлттық кірісі:
Жм - материалдық өндіріс салаларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің орташа санына.
Ұлттық кіріс - өндіріс салаларында осы жылда жасалған материалдық өндірістің құны. Басқа сөзбен айтқанда, өндірістік процесс барысында тұтынылған шикізатты, жанармай, энергияны т.б. өндіріс құралдарын алып тастағандағы жалпы қоғамдық өнімнің бөлігі болып табылады. Ұлттық кіріс материалдық өндіріс салаларының таза өнімінің жиынтығы арқылы есептеледі. Өз кезегінде жеке алынған саладағы таза өнім жалпы өнім мен өндірістік-материалдық шығындардың айырмасымен анықталады.
Материалдық өндірістің анықталған салаларында өнімділік жалпы өнім бойынша есептеледі. Қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсу қарқындарын салыстыруда, көрсеткіштердің бірдей өлшемде болуын ескеру керек. Бұл жағдайда Ұлттық кіріс салыстырмалы көрсеткіштермен есептелуі тиіс.
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштеріне еңбек сыйымдылығы, қор сыйымдылығы жатады.
Жоғарыда айтылып кеткендей, қоғамдық еңбектің өнімділігінің деңгейі қоғамдық өндірістің алдыңғы сатыларындағы жұмсалған және затқа айналған шикізаттың, материалдың, жанармайдың, энергияның, еңбек құралдарының экономикалық тиімділігінің жалпылама белгісі ретінде қолданылады.
Өнімнің еңбек сыйымдылығы – еңбек өнімділігіне кері көрсеткіш – материалдық өндіріс ортасындағы еңбек мөлшерінің өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы арқылы анықталады:
мұндағы:
ЕС – еңбек сыйымдылығы;
Е – материалдық өндіріс ортасындағы еңбек мөлшері;
Кө - өндірілген өнімнің жалпы көлемі.
Қоғамдық өнімнің материалдық сыйымдылық - шикізат, материал жанармай, энергия және т.б. еңбек заттары шығындарының жалпы қоғамдық өнімге қатынасы арқылы анықталады. Салалық (кәсіпорындық, бірлестіктік) өнімнің материалдық сыйымдылығы материалдық шығындардың өндірілген жалпы көлеміне қатынасы арқылы анықталады:
МС = М/Кө (3)
мұндағы:
МС - өнімнің материалды сыйымдылығы;
М – ақшалай көрсетілген өнім шығаруға жұмсалған материалдық шығындардың жалпы көлемі;
Кө - өндірілген өнімнің жалпы көлемі.
Өнімнің капитал сыйымдылығы мен қор сыйымдылығы белгілі дәрежеде бір – біріне жақын көрсеткіштер. Өнімнің капитал сыйымдылығы капиталдық салым шамасының шығарылатын өнім көлемінің анықталған түрдегі артуына қатынасы арқылы анықталады:
КСө = К/∆ Кө (4)
мұндағы:
КСө - өнімнің капиталдық сыйымдылығы;
К – салынған капиталдың жалпы көлемі;
∆ Кө - шығарылған өнімнің артуы.
Қор сыйымдылығын да капитал сыйымдылығы сияқты өндірілген ұлттық кіріс көлеміне қатынасымен анықтауға болады.
Қор қайтарымдылығы – негізгі өндірістік қорларды пайдалануды қорытындылаудың көрсеткіші. Оның шамасы мен динамикасына кәсіпорынға байланысты және байланыссыз себептер әсер етеді. Шаруашылықты интенсивті жолмен жүргізу негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының 1 теңгесіне өнім шығаруды жүйелі көбейтуді болжайды, оған механизм, машина мен жабдықтардың өнімділігін арттыру, олардың босқа тұруын азайту, техниканы оңтайлы жұмыс істету, негізгі өндірістік қорларды техникалық мейлінше жетілдіру арқылы жетуге болады.
Өндіріс шығындарының өтімділік көрсеткіштері. Өндірістік қызметтің пайдалылығы (шығындардың өтімділігі) жалпы (ӨСТТ) немесе таза табыстың (ТТ) өткізілген өнім бойынша шығынға қатынасы (Шс):
Rз= ӨСТТ/Шс немесе Rз=ТТ/ Шс (5)
мұндағы:
ӨСТТ - өнім сатудан түскен табыс;
ТТ- - таза табыс;
Шс - өткізілген өнім бойынша шығын.
Халық шаруашылығы мен оның жеке салаларында, әсіресе өнеркәсіпте қор қайтарым шамасының кезеңі қолданылады. Бұл – шама қор сыйымдылығына кері шама.
Кәсіпорын құрылымын сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішіндегі негізділері:
оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;
бөлімшелер қызметкерлерінің саны;
жабдықтардың қуаты;
өндірістік қорлардың құны;
өнім шығару көлемі;
мамандандыру мен механикаландыру;
күрделі қаржының құрылымы.
Кәсіпорын құрылым көрсеткіштерін дұрыс таңдау өндірістің «осал жерлерін» ашуға және осы кәсіпорынның оңтайлы құрылымын таңдауға мүмкіндік туғызады.
Келтірілген бірқатар көрсеткіштерді пайдалану кәсіпорынның үдемелі құрылымын анықтайтын кейбір өндірістік бөлімшелердің арақатынасын анықтайды. Кәсіпорын құрылымындағы негізгі цехтар, дайын өнімді шығарумен байланысты, негізгі операцияларды орындауды қамтамасыз ететін құрылымның тиімділігін көрсетеді. Сонымен, нақтылы көрсеткіштерді салыстыру арқылы басқару құрылымын сипаттайтын нормативтік немесе алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың қол жеткен табыстарын өндіріске енгізуді қажет етеді. Мұндай салыстырмалы тәсілдермен олардың одан әрі жетілдіру жолдарын анықтайды.
Салалық құрылымдарды жетілдіру көзінің бірі – бұл өндірістік бірлестіктер құру. Оның түрлі үлгілері әр түрлі құрылымдарды алдын ала анықтайды. Дегенмен, қағида бойынша, өндірістік бірлестіктерде ғылыми – зерттеу лабораториялары, жобалау - конструкторлық бюролар, жабдықтар, өткізу қызметтері , көмекші шаруашылықтар орталықтандырылады.
Өндіріспен қатар ғылыми - өндірістік бірлестіктер құрылады. Оларды құрудың басты мақсаты - машиналардың, жабдықтардың , приборлардың, материалдардың және басқа да өндірістік бұйымдардың үдемелі технологиялық процестерінің жаңа үлгілері таңдамаларының техникалық деңгейлігін арттыру. Сөйтіп, олардың негізінде саладағы ғылыми – техникалық прогресті жеделдету болып табылады.
Ғылыми – өндірістік бірлестіктер бірыңғай ғылыми - өндірістік және шаруашылық кешені болып саналады. Оның құрамына тәжірибелі үлгілер шығару, жұмыспен қамту және жаңа өнімнің бірінші тобын немесе тәжірибе –өнеркәсіп үлгілерін жаңа техникамен шығаруды қамтамасыз ететін ғылыми – зерттеу, конструкторлық, жобалау – конструкторлық және технологиялық ұйымдар, эксперименттік зауыттар, іске қосуды реттеушілер және т.б қосылады.
Өндірістің экономикалық тиімділігі жалпы түрде нәтижелілігі деген мағынаны білдіреді; оны өндірістік процестегі нәтижемен сол нәтижені шығаруға кеткен шығындардың қатынасы арқылы анықтайды. Бұл жердегі қойылатын ең басты талап – шығынды анықтайды, әрі шығынды аз жұмсай отырып, мейлінше жоғары нәтижеге жету болып табылады.
Экономиканың күрделі сипатты, көп факторлығы мен байланыстардың сан алуандылығы, экономикалық нәтижені өлшеу барысында көрсеткіштер жүйесін қолдану керектігін ескертеді. Экономикалық нәтижені көрсету үшін тауар және өткізілген өнім, пайда, өзіндік құн, бір өнімге шаққандағы еңбек және материалдық шығындар деңгейі, т.б көрсеткіштері қолданылады.
Экономикалық тиімділікті анықтауда шығындар ағымды және бір уақытты болып бөлінеді. Бірінші - өнімнің дайындалуына қарай тұрақты өндіріледі және өндіріс шығындары деп аталады. Бір уақытты шығындар - капиталдық салым ретінде негізгі өндірістік қорларды сатып алуға және айналым қорларын арттыруға салынатын қоғамның алдын-ала шығындалуы.
Өнеркәсіптік өндірістің жалпы тиімділігі көрсеткіштеріне қор сыйымдылығы Қс, еңбек сыйымдылығы Ес, капитал сыйымдылығы Кс жатады.
Қор сыйымдылығы Қс өнім бірлігіне есептегендегі өндірістік қорлардың қолданылатын шамасын ашып көрсетеді және негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық шамасын Қорт өндірілген өнімнің жалпы көлеміне Өө бөлу арқылы анықтаймыз:
Қс = Қорт / Өө (6)
мұндағы:
Қс - қор сыйымдылығы;
Қорт - негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық шамасы;
Өө - өндірілген өнімнің жалпы көлемі.
Бұл шамалардың кері қатынасы естеріңізде болса, қор қайтарымын Ққ көрсеткен болатын.
Ққ = Өө / Қорт (7)
Еңбек сыйымдылығы өнім бірлігіне жұмсалған жанды еңбектің шығындарының шамасын сипаттайды және еңбек шығындарының маманның өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы арқылы анықталады:
мұндағы:
Ес - еңбек сыйымдылығы;
Еш - еңбек шығындары;
Өө - өндірілген өнімнің жалпы көлемі.
Бұл шамалардың кері қатынасы еңбек өнімділігін Еө көрсетеді:
Еө=Өө/Еш (9)
Қоғамдық өндірістің тиімділігін бағалауда маңызды орынды капиталдық салымдық қолдану көрсеткіштері алады. Олар жинақтау қорларын тиімді пайдалануды және оларды жаңа негізгі қорларды жасауға және айналым құралдарын арттыруға, өндірісті техникалық жетілдіруге жұмсалуын сипаттайды.
Олардың ішіндегі ең маңыздысы - өнімнің капитал сыйымдылығы көрсеткіші - КС. Ол капиталдық салымдардың шамасының Кс өндірілетін өнімнің арту шамасына бөлу арқылы анықталады:
КС = Кс/Өө (10)
мұндағы:
КС - капитал сыйымдылығы;
Кс - капиталдық салымдардың шамасы.
Формулада көрсетілгендей, капитал сыйымдылығы өнімнің арту бірлігінің еселенуіне салынатын капиталдық салымның мөлшерін анықтайды. Капитал сыйымдылығына кері шама капитал - қайтарымдылығы КҚ болып табылады:
КҚ = Өө /Кс (11)
Кәсіпорын пайдасы - өндірістік-шаруашылық істің нәтижесін сипаттайтын кешенді көрсеткіш. Пайда шамасы негізінен еңбек өнімділігінің, материалдық сыйымдылықтың, өнім сапасының өзгеруіне, негізгі қорларды тиімді пайдалануға байланысты. Пайда шамасына сонымен қатар, кәсіпорын жұмысына қатысы жоқ факторлар да әсер етеді.
Өнім сапасы - өнімнің өзіне тағайындалған міндетіне сәйкес, анықталған мұқтаждықтарды қанағаттандыра алатын мүмкіндіктерінің, қасиеттерінің жиынтығы. Өнімнің сапасының көрсеткіші - өнімнің сапасын құрайтын, сол өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің жиынтығы. Сапа көрсеткішінің номенклатурасы өнімнің шғарылуы мақсатына байланысты болады. Номенклатура жиынтығы келесі көрсеткіштік үлгіде бола алады.
Жеке көрсеткіштер - өнімнің қасиеттерінің бірін сипаттайды және кеңінен қолданылады. Техникалық бұйымдардың сапасын бағалау үшін келесі көрсеткіштер кеңінен, жиі қолданылады:
- техникалық нәтиже көрсеткіштері - бұйымдардың берілген жағдайда өз қызметтерін орындай алу мүмкіндіктерін сипаттайды. Техникалық нәтиженің жеке көрсеткіштеріне компрессордың, гидрокомканың, насостың, станоктың өнімділігі; лифттің, кранның жүк көтергіштігі; т.с.с.
- сәйкестік көрсеткіштері - машинаның бастапқы мақсатқа сәйкес келу және қолдану дәрежесін сипаттайды. Олар классификациялық (жүк көтергіштігі, жылдамдығы, қуаттылығы); конструкциялық (басқару, орналастыру және байқау ынғайлылығы); пайдалану (эксплуатация) (қызмет көрсетудің қарапайымдылығы, берілген техникалық құрылғының көмегімен орындалатын жұмыстың тиімділігі).
- технологиялық көрсеткіштер - бұйым конструкциясының өндірісте, пайдалануда және жөндеуде қолданылатын барлық ресурстардың түрлерінің ең төменгі деңгейдегі шығынның жұмсалуына жетуді анықтайтын ыңғайлы жағдайларды, әдістерді сипаттайды. Технологиялық жеке көрсеткіштерге материалдарды пайдалану коэффициенті, унификация коэффициенті, еңбек сыйымдылығы жатады;
- сенімділік - талап етілетін уақыт немесе шамалар шегінде, пайдаланылатын көрсеткіштерін сақтай отырып, бұйымға берілген қызметті орындай алуы. Сенімділіктің негізгі сандық көрсеткіштеріне дайындық коэффициенті, тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, т.б.
- сақтауға жарамдылығы - бұйымның сақтау мерзімі мен тасымалдануынан кейін берілген техникалық құжаттамаға сәйкес көрсетілген талаптарға сәйкес болу қасиеті. Жеке көрсеткіштері: сақтау мерзімі, сақталатын орташа уақыты.
- экономикалық сипаттама – машинаның құрылғысының тиімділігін , оған қызмет көрсететін жұмыскерлердің еңбегін психология, физиология және гигиена тұрғысынан қамтамасыз етілуін қарастырады. Жұмысшылар үшін жұмыс сапасының көрсеткіші ретінде өнімді ақаусыз дайындау пайызы қолданылады. Ал инженерлі – техникалық жұмыскерлер үшін сапа коэффициенті қолданылады.
- кешендік көрсеткіштер – бір уақытта өнімнің бірнеше қасиеттерін сипаттайды. Бұған машинаның дайындық коэффициенті, өзіндік құн, техниканың қызмет ету мерзімі жатады. Өнімнің сапасының кешендік көрсеткіші ККө - өнімнің екі қасиетін сипаттайды – тоқтаусыз жұмыс істеумен және жөндеуге жарамдылығы келесі формуламен анықталады:
ККө = Т/(Т+Ту) (12)
мұндағы:
Т- сенімділік көрсеткіші;
Ту – қалпына келтірудің орташа уақыты;
Ту = Торт +Тқ Торт - ақаулықты іздеуге кеткен орташа уақыт;
Тқ – ақаулықты қалпына келтіруге кеткен уақыт.
Дайындық коэффициенті - жоспарлы техникалық қызмет көрсету аралығындағы кез келген уақыттағы бұйымның жұмыс істеуге дайын болу мүмкіндігі.
Кешендік көрсеткіш интегральды болып табылады. Ол техникалық құрылғының тиімділігін немесе үнемділігін міндеттейді және өнімді пайдаланудың керекті нәтижесінің Нө жиынтығын оны құруға кеткен шығындарға Шж бөліп пайдалану шығындарын Шп қосқанға тең.
И = Шп +Нө / Шж (13)
мұндағы:
Нө - өнімді пайдаланудың керекті нәтижесі;
Шп - пайдалану шығындары;
Шж - құруға кеткен шығындар.
Бұл формуланың қызмет мерзімі бір жылдан аспаған өнімдер үшін қолдануға болады. Ал, олай болмаған жағдайда Шж – ның капиталдық салымдардың нормативті тиімділік коэффициенті көмегімен өнімнің қызмет мерзімінің соңғы жылына келтірілуі тиіс. Оған кері көрсеткіш нәтиже бірлігінің үлестік шығындарын сипаттайды.
Үш = Шж + Шп / Нө (14)
Кәсіпорындағы, саладағы өнім сапасын жоғарлатуды жоспарлауда нарық тапсырушының талабы жүзеге асырылады. Сапаны жоғарылатуда жоспарлау заты – көрсеткіштер, ал жоспарлау объектісі – нақты бұйым болып табылады.
Оларды дұрыс есептей білу, әр түрлі себептердің олардың деңгейінің өзгеруіне әсерін анықтап, талдау өндірісін тиімділігін арттыру резервтерін ашуға, табылған кемшіліктерді жою туралы ұсыныс жасауға, оның қаржылық жағдайының жақсарып, бекінуіне мүмкіндік береді.
1.3 Кәсіпорында өндіріс тиімділігіне әсер ететін факторлар
Өндіріс тиімділігін басқару - оның тәуелді болатын факторларын мақсатты әсер ету. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері, өндіріс тиімділігін арттыру факторларының мағынасын менеджерлер қаншалықты дұрыс бағалағандығымен анықталады.
Өндірісті күшейту, оның тиімділігін арттыру факторларының бірі - экономика құрылымын жетілдіру болып табылады. Әсіресе ғылыми – техникалық прогресті, әлеуметтік мақсаттарды қамтамасыз ететін салалардың жоғары қарқындылықпен дамуын, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының арасындағы тепе – теңдікті қамтамасыз ету керек.
Өндіріс тиімділігінің факторлары - өндіріс нәтижелеріне және шығындарына әсер ететін жағдайлар. Олар келесілер :
- техника, технология, технологиялық процесс;
- ҒТП – тің жеделдеуі, ең алдымен, кәсіпорынға бәсекелестік күресте төтеп беріп, сапаның жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін жаңа жетістіктерді игеру;
-өндірісті құрылымдық және ұйымдастырушылық қайта құру, мамандану және кооперацияның оңтайлы жүйесі;
- басқару әдістері мен жүйесін жетілдіру;
- өндірістің жетілдірілуі және дамуының әлеуметтік механизмдерін белсенді пайдалану, кадрлар біліктілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
-халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану.
Аталған факторларды 1-суретке сәйкес көрсетуге болады.
Техника, технология, технологиялық процесс
|
| ҒТП-тің моделдеуі
|
| Мамандану мен кооперациялаудың оңтайлы жүйесі
|
|
|
| ||
өндіріс тиімділігінің факторлары
| ||||
| ||||
Басқару әдістері
|
|
Кадрлар біліктілігін арттыру
|
|
Халықаралық еңбек бөлінісі
|
1 сурет - Өндіріс тиімділігінің факторлары
Енді осы аталған факторларға кеңінен тоқтала кетейік.
Техника (машиналар, механизмдер, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері т.с.с) – өндірісті механикаландыруға, автоматтандыруға мүмкіндік береді. Әдетте, механикаландыру мен автоматтандыруды бөлікті және кешенді деп бөледі.
Бөлікті механикаландыру - механикаландырудың бастапқы формасы өндірістің жеке процестерінде, негізінен басты бөліктеріндегі қолмен жасалатын жұмыстарды машиналармен ауыстырылуымен сипатталады. Кешенді механикалалндыруда қолмен атқарылатын жұмыс жоқ. Бөлікті автоматтандыру кезінде өндірірістің жеке операциялары мен процестері автоматты механикалармен, механизмдермен, қондырғылармен адамдардың араласуынсыз жүзеге асырылады. Бұл еңбекпен құралдары жай, қарапайым, автоматтандырылған машиналардың арасында өзара байланыс жүйесін құрмай жұмыс істейді.
Өте тиімді станок – автоматтар, икемді өндірістік жүйелер жеке жағдайларда еңбек өнімділігін 5-10 есе арттыра алады, өндірістің рентабельділігі мен өнім сапасын жоғарылатады.
Технология – шикізатты өндірудің тәсілдері мен әдістері жөніндегі ғылым ретінде ірі машиналық өнеркәсіптің дамуы мен бірге пайда болады. Қазіргі таңда өнеркәсіптің өндірістік технологиясы жеке білім саласына айналып , кең көлемді теориялық және тәжірибелік материал жинақтады. Ол түсіндірмелі ғылымнан, отандық және шетелдік жаңалықтармен ойлап табушылық негізінде нақты ғылымға айналды. Технология өндірістік процесті жетілдіруге, өндірісті ұйымдастыруға, ауыр және ескішіл еңбекті қысқартуға әсер етеді. Технологияның өндіріспен осындай тығыз байланыста болуы нәтижеде нақты еңбек көлемінің шығындарының төмендеуіне алып келеді.
Мамандану –қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылатушы факторы болып табылады, өйткені ол жаңа жоғары өнімді техниканы кең түрде қолдануға және өндірісті механизациялау мен автоматизациялауға жол ашады, оның жаппай өндірісте қолданылуын экономикалық негіздейді, себебі, бұл еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнімнің сапасын күрт жоғарылатады.
Маманданудың экономикалық тиімділігі – бұл өндірістің техниккалық деңгейі мен ұйымдастырушылық жоспарлы шаралардың нәтижесі. Ұйымдастырушылық – жоспарлы шаралардың тиімділігі еңбек өнімділігінің өсімі мен өнім бірлігіне келетін шартты жоспарлы шығындарды азайту арқылы жүзеге асырылады. Маманданудың экономикалық нәтижесінің негізгі үлесі өндірістің техникалық деңгейі мен өнім сапасын жоғарлатуға келеді. Тиімділікті жоғарлатудың бұл екі бағыты бір уақытта әрекет етеді.
Мамандану – жалпы сұранысқа ие, құрылымы мен технологиясы ұқсас өнімді шығаруға шоғырлану, яғни, мамандану ғылыми –техникалық процесті дамытады.
Маманданудың рационалды даму қоғамдық өндірісті жетілдірудің барлық жақтары мен оның тиімділігін жоғарлатуға үлкен әсерін тигізеді. Маманданудың экономикалық тиімділігін анықтау үшін үш негізгі көрсеткіш қолданылады:
1. Өнім өндіруге ағымдағы шығындар мен оны тұтынушыларға жеткізудің тасымалдау шығындарын үнемдеу;
2. Капитал салымдарын үнемдеу және оның қайтарылу мерзімі;
3. Өнім өндірудің мамандануынан жылдық экономикалық әсер.
Маманданудың тиімділігін бірқатар факторлармен анықталады:
- мамандану өнім өндірісі үрдісін ұсақ операцияларға бөлу үшін жағдай жасайды, олардың әрқайсысы технологиялық үрдіс жолы бойынша орналасқан жұмыс орындарында бекітіледі;
- мамандану өндірістік үрдісті бөлу арқылы өндірісті кешенді механизациялау мен автоматизациялауға тиімді құралдар енгізуге жағымды жағдай жасайды;
- мамандану кәсіпорынның өндірістік құрылымын, яғни негізгі, қосалқы және қызмет етуші цехтар мен шаруашылықтар санын, барынша жеңілдетуге мүмкіндік береді. Технологиялық біркелкі өнімнің номенклатурасы тар болған сайын (яғни өндіріс неғұрлым терең мамандандырылған сайын), соғұрлым құрамына аз құрылымдық бөлімщелер кіретін болады;
- маманданудың әсерінен тұтынушылар және жабдықтаушылармен тұрақты байланыс пайда болады, яғни материалдық–техникалық қамсыздандыру мен өткізу жеңілдей түседі.
Маманданудың дамуы тек жағымды әсері ғана емес, кері әсерін де тигізеді. Мамандандырылған өндірістің барлық артықшылықтарына (жетілген техника мен технологияларды қолдану, өндірістік циклдың азаюы, өзіндік құнның төмендеуі, еңбек өнімділігінің артуы, кадрлар квалификациясының жоғарылауы, стандарттау мен унификациялаудың дамуы,шығарылатын өнімнің сапасын арттыру, яғни кәсіпорынның бәсекелестігін арттыру) қарамастан, ол нарық дағдайына шамадан тыс тәуелді болады.
Өнеркәсіп өндірісінің мамандандырылуының экономикалық тиімділігі бірқатар факторлармен анықталады:
мамандандырылу өнім өндіру процесін ұсағырақ операцияларға бөлшектеу үшін жағдайлар жасайды, осылардың әрқайсысы технологиялық процестің жүріс – барысы бойынша жұмыс орындарына бекітіліп беріледі;
өндірістік процестерді егжей – тегжейлі ете және бөлшектей отырып, мамандандарылу өндірісті кешенді механикаландырудың және автоматтандырудың тиімді тәсілдерін, амалдарын енгізу үшін алғышарттар мен қолайлы жағдайлар жасап береді;
мамандандыру жұмыс істеп тұрған жабдықты толығырақ пайдалануды қамтамасыз етеді. Кез – келген өнімділігі жоғары машина өнімді унификациялау, типтеу және стандарттау негізінде, конструкциялық және технологиялық тұрғыдан біртекті өнімді тұрақты шығарған кезде ғана толық қуаттылығына пайдаланыла алады. Машинаның өнімділігі жоғары болған сайын, осы өнімді шығаруға арналған өнім өндірудің жаппайлығы соғұрлым жоғары болуға тиіс;
мамандандырылған кәсіпорындарда өндірістің техникалық әмбебап кәсіпорындарға қарағанда жоғарырақ;
мамандандырылған кәсіпорындарда әмбебап кәсіпорындарға қарағанда, жөндеу, құрал – жабдық қызметтері азырақ болады.
Қорытындылай келе, мамандану және оның салдары ретіндегі кооперациялау экономикаға тиімді әсерін тигізетіндігін айтуымыз керек, сондықтан маманданған кәсіпорындар санын экономикалық тиімділікке сәйкес арттыру саясатын қолдауымыз керек.
Кооперациялау деп кәсіпорындардың аяқталған өнімді бірлесе өндіру бойынша өндірістік байланыстарын түсінеміз. Өндірістің коопернациялану - кәсіпорындардың жабдықтарға, машиналарға арналған жекелеген даярламаларды, бөлшектер мен агрегаттарды жасауға мамандандарылунының болмай қоймайтын салдары.
Коопернациялану процестеріне жинақтаушы жартылай фабрикаттарды жеткізу және белгілі бір өндірістің қажеттіліктері үшін жұмыс тарды орындау; жеткізушінің өнімнің аталған түрінің белгілі бір сатып алушылармен байланыстары; жеткізушілердің, жабдықтаушылардың дайын өнім жасайтын немесе жартылай фаьрикаттарды қалыптастыруын жалғастыратын нақтылы тұтынушыларға жұмыс істеуі кіреді.
Қазақстан Республикасында машина жасауда, құрылыс, жеңіл өнеркәсібінде және ағаш өңдеу өнеркәсібінде кооперациялану кеңінен таралған.
Кооперациялану деңгейі келесідей негізгі көрсеткіштермен анықталады:
кәсіпорын шығаратын өнімнің өзіндік құнындағы кооперациялану бойынша алынатын жинақтаушы өнімдер мен шала фабрикаттардың үлес салмағымен;
кәсіпорын сыртқа шығаратын жартылай фабрикаттардың олардың жалпы шығарылымындағы және барлық өнім шығарудағы үлес салмағымен;
аталған кәсіпорынмен кооперацияланатын кәсіпорындардың санымен анықталады.
Кез келген басқару функциясының құрамдас бөлігі болып анық, дәл ақпарат алмасу және осының негізінде шаруашылық жүргізуші субъект өзінің міндеттерін орындауы үшін қажет болатын қорытынды шешімдер қабылдау болып табылады. Осындай шешімдерді қабылдау мүмкіндігі басқару процесінің барлық кезеңдерінде туындайды және басқару қызметінің барлық учаскелері мен аспекттерімен байланысты болып келеді. Шешімдер шығару процесі ұйымда қалыптасқан нақтылы мәселелерді, қатынастар мен байланыстарды айтарлықтай дәл көрсетеді, ал шешімдердің үздіксіз дәйектілігі басқару процесінің үздіксіздігін сипаттайды.Онымен қоймай, басқарудың мән, мазмұны қабылданатын шешімдердің мазмұнында ашылатындықтан,тек қана шешімдерді жасап шығару және жүзеге асыру процесін зерттеу ғана басқарудың мән – иағыналы жағын бағалауымызға мүмкіндік береді.
Шешімдердің сипатын түсіну ең алдымен шаруашылық жүргізуші субъектіні басқаруды ұйымдастыру жүйесіндегі басқарушы шешімдерді қабылдау процесінің рөлі мен орнына деген көзқарас тұрғысына байланысты болып келеді. Жүйелік талдау тұрғысынан алғанда басқару процесі – бұл, іс жүзінде, шаруашылық жүргізуші субъектінің немесе ұйымның жұмыс істеуіне және жамуына қарай туындайтын проблемаларды шешу процесі болып табылады.
Басқару циклі әрқашан да мақсаттар қоюдан және мәселелерді идентификациялаудан басталады да, қажетті шешімді жасап шығарумен және қабылдаумен жалғасады және оның орындалуын ұйымдастырумен және бақылаумен аяқталады. Алынған нәтижені талдау немесе алға қойылған мақсатқа қол жеткізу дәрежесін бағалау, осылайша басқарушылық циклды жаңарта отырып, жаңа проблемаларды идентификациялау және жаңа шешімдер қабылдау көзі болып қызмет етеді. Бұл кез келген басқарудың үш негізгі кезеңнің әбден белгілі дәйектілігін жүзеге асыратынын көрсетеді:
нысанның басқарушылық жағдайын анықтайды (мәселені идентификациялау);
аталған жағдай үшін ұтымды әсер етуді жасап шығарады (шешімді жасап шығару және қабылдау);
оны жүзеге асырады (шешімді жүзеге асыру).
Басқаша айтар болсақ, басқарушылық қызметтің мәнісі шаруашылық жүргізуші субъектіні алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге арналған ресурстармен қамтамасыз етуден тұрады, ал басқарудың мазмұны басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру түрінде жүзеге асырылатын, осы мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған белгілі бір шараларды жасап шығарудан тұрады. Басқарушы шешімдерді жасап шығару, қабылдау және жүзеге асыру – бұл басқарудың мәнісінің өзінің шоғырландырылған көрінісі.
Әдетте қандай да бір қызметтің, іс - әрекеттің барысында басшы немесе басшылардың тобы мүмкін болатын бірнеше іс - әрекеттердің ішінен бір вариантн таңдап алу қажеттілігінмен ұшырасады. Осы таңдап алудың нәтижесі басқарушылық шешім болады.
Басқарушылық (ұйымдастырушылық) шешім мыналармен сипатталады:
мақсаттармен, яғни басқару субъектісі шешімді өзінің жеке мақсаттарын басшылыққа ала отырмай (олардың әсері белгілі бір рөл ойнаса да), ұйымның мақсаттарын басшылыққа ала отырып қабылдайды;
зардаптармен, атап атйқанда менеджер, әсіресе жоғарғы деңгейдегі менеджер, тұтастай алғанда ұйым үшін және оның мүшелері үшін іс -әрекеттер бағытын таңдап алады, әрі оның шешімдері көптеген адамдардың өміріне айтарлықтай әсерін тигізе алады. Егер ұйым ірі әрі іргелі, танымал, атақты болса, оның басшыларының шешімдері толықтай бір аймақтардың әлеуметтік – экономикалық жағдайларына әсерін игізуі мүмкін.
оларды жүзеге асыру кезінде еңбектің бөлінуімен сипатталады – бір қызметкерлер (менеджерлер) туындайтын мәселелерді шешумен және шешім қабылдаумен айналысады, ал қалғандары (орындаушылар) – оларды жүзеге асырумен айналысады.
кәсібилікпен сипатталады, басқарушы шешімдер қабылдау –кәсіптік даярлықты талап ететін, анағұрлым күрделірек, жауапты және формальданған процесс. Ұйымның әрбір қызметкері емес, тек белгілі бір кәсіби білімдерге және дағдыларға ие болатын қызметкері ғана белгілі бір шешімдерді өз бетінше қабылдау өкілеттіліктеріне ие болады.
Кәсіпорынды дамытудың ең маңызды міндеттерінің бірі өндірісті, ең алдымен, тиімділігін арттыру мен ішкі қорларды (резервтерді) пайдалану арқылы қамтамасыздандыру болып табылады. Ол үшін негізгі қорларды ұтымды пайдалану қажет.
Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту кәсіпорынның қаржы нәтижелері арқылы көрсетіледі:
- көрсетілетін қызметтердің көлемін ұлғайту;
- өзіндік құнды төмендету;
- сапаны жақсарту.
Кәсіпорындағы негізгі қорларды пайдалануды жақсартуға келесі жолдар арқылы жетуге болады:
- кәсіпорынды артық жабдықтар, машиналар және басқа да негізгі қорлардан босату;
- түбегейлі (капитальный) жоспарлы сақтандырма жөндеулерін өз уақытында және сапалы түрде жүргізу;
- жоғарғы сапалы негізгі қорларды сатып алу;
- қызмет етуші персоналдың мамандық деңгейін жоғарлату;
- негізгі қорлардың, әсіресе белсенді бөлігінің дер кезінде жаңартылып отырылуы;
- өндіріс процесіне шикізат пен материалдардың дайындық сапасын арттыру;
- өндірістің механизациясы мен автоматизациясының деңгейін көтеру;
- аз қалдықты, энергия және жанармай үнемдейтін алдыңғы технологиялар мен жаңа техникаларды енгізу;
- машина жұмыстарындағы тұрып қалулар мен жұмыс уақытын жоғалтуды азайту мақсатында еңбек өндірісін ұйымдастыруды толық жетілдіру.
Жабдықтардың жұмыс істеу уақытын ұлғайтудың ең маңызды жолдары:
- жөндеу жұмыстарының сапасын жоғарлату арқылы жабдықтардың тұрып қалуларын азайту немесе жою және негізгі өндірісті уақытында жұмыс кұшімен, жанармай және шикізатпен қамтамасыз ету;
- жабдықтардың күні бойы тұрып қалуларын азайту және оның ауысым коэффициентін жоғарлату.
Негізгі қорлардың тиімділігін арттырудың ең маңызды жолы артық жабдықтардың санын азайту және өндіріске орнатылмаған жабдықтарды тез арада тарту.
Факторлардың маңыздылары және маңыздылығы төмені, объективті (материалды) және субъективті (саяси,құқықтық, идеологиялық), қысқа және ұзақ мерзімділері болады. Факторлар өндіріс тиімділігіне әсер ету сипатына қарай ішкі және сыртқы орта факторлары деп бөледі.
Ішкі орта факторларына кәсіпорын өзінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері, қаржы ресурстары,инвестициялар, өнім сапасы, өндірістік және ұйымдық құрылымдар, технология, басқару деңгейі және шешім қабылдау әдістері, персонал, оның арнайы және технологиялық білімдері, корпоративтік мәдениет жәнет.б жатқызамыз.
Ішкі факторлар негізгі және негізгі емес болып бөлінеді. Негізгілеріне өндірістік және өндірістік емес факторлар жатады. Негізгі еместеріне тиімділік көрсеткіштері мәнімен тікелей байланысты емес, бірақ кәсіпорны қызметінің нәтижесіне әсер ететін факторлар жатады.
Көптеген кәсіпорындар жабдықтаушылармен тығыз әріптестік орнату арқылы өнім сапасын арттырып, үнем жасап, жаңа нарықтарға жедел шығуға мүмкіндік алуда. Бәсекеде жеңіп шығу үшін тұтынушыларға көп көңіл бөліп, оларды тарту және ұстап қалудың жаңа әдістерін ойлап табу қажет.
Қорытындылай айтқанда, өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру әр факторды жекелей есепке алу ғана емес, оларды толықтыру және оңтайлы сәйкестендірудің әдістерін табуды талап етеді.
Осыны жүзеге асырудың нақты дәлелі болып өндірістің тиімділігін бағалаудың экономикалық көрсеткіштері табылады.
2 «БЛОК» ЖШС–НІҢ ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 «БЛОК» ЖШС- нің технико–экономикалық көрсеткіштері
Құрылыс өнімдері нарығындағы жабын материалдар өндірістерінің қазіргі таңға дейінгі дамуындағы өзгерістер әлемдік нарықтағы осы сала өндірушілерінің жетістіктерін бөлісуге мүмкіндік бермеді. Ал тұтыну нарығында жетекші маңызы ие болған бір қатар мемлекеттер нарықтың жаңа қуыстарын қамтып, өзге елдердің құрылыс өнеркәсібінің кауіпсіздігіне қауіп төндіре бастайды. Осыған орай ішкі нарықтың және отандық өндірістерді дамуына тигізер теріс ықпалына қорғаудың жаңа бағыттарын ұсыну, өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру тетіктерін белгілеу аталған мәселерді шешудің негізгі жолы болмақ. Еліміздегі құрылыс нарығындағы өнімдерінің экономикалық және даму мүмкіндіктерін зерттеу нәтижесіне ішкі нарықтағы отандық өнім өндірушілердің үлесі жоғары екендігі анықталады. Енді кәсіпорынның жалпы мінездемесіне тоқталып өтсек:
«БЛОК» ЖШС құрылтайшылардың салымы негізінде құрылып отыр. Қазақстан Республикасының заңы негізінде әрекет етеді, шағын кәсіпкерліктің субъектісі болып. Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: 483353 Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Шоссейная көш., 1А.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты барынша жоғары табыс табу, яғни: металлқұрылмалары мен жабын материалдарының өндіру және өткізу.
Кәсіпорын қызметін қамтамасыз ету үшін қатысушылардың салымдарын біріктіру жолымен 87200 теңге мөлшерінде жарғы капиталын құрады, ол серіктестіктің тіркелу мерзімінде 100 пайыз құралады.
Кәсіпорын шығаратын жабын материалдар өнімі сапалық қасиетімен өндірісте де, азаматтық құрылыста кең қолданыс табуда. Ішкі және сыртқы құрылыста әкімшілік, саудалық және өндірістік ғимараттарға абсолютті өрттен қорғану қауіпсіздігінде, төменгі термоизоляцияға және жоғарғы температуралық ғимараттар, атап айтқанда:
өнеркәсіптік ғимараттар мен имараттардың қаңқалары;
мәдени-тұрмыстық мақсаттарға арналған ғимараттардың қаңқалары,
жинақпен жеткізілетін жеңіл металл құрылымдарынан жасалынатын ғимараттарда қолданылады.
Қабырғалық жабын материал – жеңіл құрылыс материалдарының саласындағы соңғы жылдардығы жаңа әзірлемесі. Сыртқы көріністің әртүрлі типтері: қыш, тас, толқындар, керамика, өрнек және тағы басқалар. Жабынуы 7 қабатты шайырлы боядан тұрады, таңдауыңызға 50 түс ұсынады. Сыртқы қабаты – алюминдік декоративті көрнектен тұрады, ал аралық қабатта (жылусақтағыш материал) – полиуретанкөбікті бет, қабырғалық панелдің ішкі қабаты – жылуды қайтаратын және сақтайтын алюмендірілген қағаз. Жабын материал мықтылығымен, ылғалдан қорғау қасиетімен, жылу өткізгіштігінің төмендігімен, жоғарғы эстетикалық қасиетімен, климаттық тұрақтылығымен, монтаждың қарапайымдылығымен, экологиялық тазалығымен және ішкі, сыртқы қолданыста және жылусақтағыш ретінде кеңінен пайдалануға болады.
Өнімнің жалпы артықшылықтары:
құрастырудың жеңілдігі мен қарапайымдылығы;
өрттен қорғану қауіпсіздігі;
төменгі термоизоляцияға
құрастыру-құрылыс жұмыстарының көп еңбекті қажет етпеуі;
құрылыс алаңында техникалық жабдықтаудың аз талап етілуі;
жылу және дыбыс изоляциясының жоғарғы дәрежесі;
іргетас қалаудың кез-келген түрі;
жыл бойғы құрылыс циклі;
өзге құрылыс технологияларымен сәйкестігі;
өңдеу материалдарының шексіз жиынтығы;
сәулет-безендіру шешімінің кең көлемді мүмкіндігі;
нормативтік құжаттарының барлық талаптарына сай келетіндігі
«БЛОК» ЖШС өнімдері жанбайтын категория өнімдері болып табылады. 1-кестеде қабырға арналған жабын материалдар мен темір шатырлы жабын материалдардың өртке шыдамдылығы көрсетілген.
Кесте 1 - Жабын материалдар дың өртке шыдамдылық көрсеткіштері
жабын материалдар түрлері | жабын материалдардың қалыңдығы, мм | |||||
50 | 75 | 100 | 125 | 150 | 200 | |
Қабырға арналған жабын материалдар | Е I 30 | Е I 60 | Е I 90 | Е I 150 | Е I 180 | Е I 180 |
Темір шатырлы жабын материалдар |
RE 30 |
RE 60 |
Мұнда: R – конструкцияның құрылымына немесе деформацияның шектелуіне әкеліп соқтыратын щығын;
E – бүтіндігінен айырылатын, конструкцияда жел соғатын жарылымдар мен жылыту бетіне өртенетін және шоқтанатын заттар кіретін сынықтар әсерінен болатын шығындар;
I – жылыту қабілетінен айыратын, температураның жоғарылуынан конструкцияның жоғарғы қабатының шектен тыс ысып кетуінен болатын шығынлар.
Дәстүрлі құрылыс материалдармен зерттеліп отырған үшқабатты жабын материалдар салыстырғанда, бұл өнім жинау, жеткізу, қайта өңдеу және монтаждау ерекшелігімен жұмысты жеңілдетеді. 2-кестеде жабын материалдардың сыртқы қабатының 0,5/0,5мм қоса алғанда өлшемі келтірілген.
Кесте 2 - Жабын материалдардың сыртқы қабатының 0,5/0,5мм қоса алғандағы массасы
Жабын материалдар типтері | Жабын материалдардың қалыңдығы,мм | |||||
50 | 75 | 100 | 125 | 150 | 200 | |
Үш қабатты қабырға жабын материалдары | 16,3 | 19,1 | 22,13 | 24,53 | 28,13 | 34,13 |
Қабырға жабын материалдары | 15,5 | 18,5 | 21,5 | 23,9 | 27,5 | 33,5 |
Төбеге жабатын жабын материалдары | 16,85 | 19,8 | 22,25 | 25,25 | 28,85 | 34,85 |
Кәсіпорында әр бөлімше ара-қатынастары: маркетинг бөлімі; жабдықтау жөніндегі менеджер; дайын өнім қоймасы; ТМЗ қоймасы; кәсіптік техникалық қызмет көрсету; экономист; кадр бойынша инспектор; негізгі өндірістік цех; кеңес беруші заңгер; техникалық бақылау инженері; құрылыс инженері; стандарттармен жұмыс істеуші бөлім және т.б. бөлімшелерімен тығыз байланыста. Мысалы, заңгер шот фактура, келісімшарт міндеттемелерінің орындалуы, тауардың жеткізілуі туралы мәлімет; энергетик айдың соңында электрэнергиясының шығындарына анықтама беру; экономист сапаны қамтамасыз етуде шығындар мәліметтері, өзіндік құн мен шығындарды факті турде көрсету, өнім мен орамға нормативті жоспарлы калькуляция мен тапсырыстық калькуляция, бөлімшелердегі шығындарды талдап, есеп беру; маркетинг айдың соңғы күні тапсырыстарды орындағаны жөнінде (Ф-04-ОМ-04) есеп; істелген жұмыс актілері (Ф-04-Бух-08) және т.б.
Бүгінгі таңда озық технологияларды, жаңа тиімді және ресурс үнемдейтін құрылыс материалдары мен бұйымдарын, құрылыс өндірісін басқарудың және ұйымдастырудың прогрессивті әдістерін енгізу жүргізілмей отыр. Бұдан басқа, құрылыс саласы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, еңбекті және адамдардың денсаулығын қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Бұндай шаралардың нәтижесінде экономикасы дамыған елдердің құрылыс заңнамасы, сәйкестікті бағалау, қадағалау және бақылау салаларындағы техникалық реттеу жүйелерінде барлығына тән жалпы қағидалар мен белгілер анықталды. Сонымен бірге саладағы реформаны тиімді жүргізу үшін дүниежүзілік тәжірибеде кеңінен таралған үлгілік құрылыс кодексін әзірлеу мәселесі де қарастырылуда.
«БЛОК» ЖШС әрқашан да ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту, шығарылатын жабын материалдардың бәсекеге түсе алу қабілеттігін арттыру, құрылыс-жинақтау жұмыстарының технологиясын жетілдіру, өндірістің жалпы мәдениетін арттыру, жұмыс өндірісінің мерзімін ұстану міндетін алға қоятын.
Өндіріс орнының негізгі мақсаты – Қазақстан үшін тоттануға төзімді жабынды материалдар шығару. Бұл кәсіпорын батыс және солтүстік Қазақстан, сонымен қатар басқа да аймақтарды, кәсіпорындарды және өзге де тұтынушыларды жабын материалдармен қажетті мөлшерде толықтай қамтамасыз етпек. Ал, коррозиядан қорғау шаралары металдарға байланысты жүргізіледі. Атап айтсақ, металдың қалыңдығы арттырылады, оларға жабындылар жасалады және мырыштық анодтар арқылы катодтық қорғау жүзеге асырылады.
Құрылыс өндіріс процесінің ұзақтығы және құрылыс технологиясы жұмыстардың арнайы бір кезекпен орындала отырып, құрылыс өнімінің техникалық дайындығының ақырындап өсуіне әкеледі бұл өз кезегінде аяқталмаған өндіріс көлемінің ұлғаюына, сондай-ақ құрылыс объектілеріне алынған айналым қаражаттарының мөлшерінің молаюуына ықпал етеді. Осыған сәйкес құрылыс өнімнің өзіндік құнынын қалыптасу процесі де ұзақ уақытқа озылып, шығын мөлшерінің біртіндеп көбеюіне әкеліп соғады.
Өндірістік саудалық циклдің орындалуын этаптарымен бөліп көрсетейік. Үш қабатты қабырға жабын материалдары мен төбеге қажетті жабын материалдар өнімдерінің технологиялық өндірісінің этаптары төменде көрсетілген:
- рулонды жүктеу;
- белгіленген мөлшерге минералдымақта плиталарын кесіп алу керек;
- жабын материалдардың бір бірімен қосылатын орнын құрылғы арқылы тексеру;
- металдық қағазға желімді жағу;
- металлдық қағазға желімдейтін құраманы жағу;
- жабын материалдарды кесу және пресстеу;
- дайын жабын материалдарды жұмыс зонасына пакетке салу үшін жіберу;
- дайын пакеттерді орау.
Өндірістік цикл 18 сағатты құрайды.
Технологиялық сызық құрамына мыналар кіреді – сталь рулонын ұстап тұрушы құрылғы, жүкті толықтыруға арналған столдар, жоғарғы және төменгі рулон беттерін кесуге арналған құрылғы, жабын материалдар беттерін жөндеуіш құрылғылар, желімдеу станциялары, жылы минералдымақта салатын құрылғылар, конвейерлер, жабын материалдарды желімдеуге арналған құрылғылар, қалдықтарды шығарып тастау жүйесі, рулонды ұстап тұрушы комплекттер, автоматты түрде панелді штабтау комплекстері, автоматты түрде жабын материалдарды орау комплексі жатады.
Кесте 3 - Шикізат тауарды жеткізіп берушілер
Негізгі тауар жеткізушілер | Жеткізіп берушінің сатып алынатын шикізат жеткізу бөлігі | Сатып алынатын шикізат тауары | Төлеу шарты | Келісім ұзақтығы |
HUNTSMAN HOLLAND | 6% | 2-компонентті клей | 100% алдын ала төлеу | 2 жыл |
PAROC Co LTD | 7,1% | Минплита | 100% алдын ала төлеу | 2 жыл |
SeAH Steel Corporation | 55,9% | Сталь | 100% алдын ала төлеу | 3 жыл |
АҚ Термостепс-МТЛ | 31% | минплита | 100% алдын ала төлеу | 2 жыл |
Өндіріс жылдамдығы минутына 2,9 дан 5 м², қолданылатын қуаттылық 200кВт/сағ және 701 м² алаңды алады. 1 жабын материалдың максималды көлемі:
Ұзындығы – 13000 мм
Қалыңдығы – 50-200 мм
Өндірістің қуаттылығы 1 ауысымда 600 м² жабын материал.
125 мм орташа жабын материалды дайындау үшін 1м² : сталь – 10,71 кг, желім – 0,641 кг, минералдымақта – 0,146 м³ қажет болады.
Астана қаласында орналасқан кәсіпорынның келесідей өндірістік ғимараттары жұмыс істеуде:
әкімшілік ғимарат 683,2 м²
өндірістік ғимарат 4460,0 м²
галерия
трансформаторлық станция 94,0 м²
учаскелері
Кәсіпорынның қазіргі заманға сай жабдығы, жүк көтергіш қабілеттігі 16 тоннадан 150 тоннаға дейінгі крандары (соның ішінде жапон және неміс крандары), жүк көтергіш қабілеттігі 25 тоннаға дейінгі автомобильдері, арнайы ершік тартқыштары, 100 тоннаға дейінгі ірі габаритті құрылымдарды тасымалдауға арналған трейлерлері, тракторлары және саны үш жүз данадан асатын басқа да көлігі бар.
Өндірістің тиімділігі көбінесе өндіріс технологиясын таңдауға тәуелді. Технология өндірістің негізгі факторлары арасындағы өзара әрекеттесуін, сонымен қатар ғылым мен тәжірибе арқылы жаңадан ашылған механикалық, физикалық және химиялық қасиеттеріне негізделген өндіріс құралдарының еңбек затына әсер етуі тәсілдерін көрсетеді.
Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интернациялануынамүмкіндік береді. Бұл жерде жұмыс істеп жатқан технологияға машиналар мен қондырғыларды бөлікті модернизациялауға айрықша көңіл бөлінді. Ал бұл шаралар анықталған, бірақ елеусіз нәтиже беріп отырды. Жаңа техниканы зерттеу мен енгізу шараларын қолдау да жеткіліксіз болды. Қазіргі нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайларында, саналы, революциялық өзгерістер қажет: ол ғылым мен техниканың жетістіктерінің негізінде халық шаруашылығының барлық салаларында түпкілікті түрде қайта жасақтандыру деген мағынаны білдіреді.
Коммерциялық ұйымдар өзінің маркетингтік қызметін басқаруды іске асыратын бес негізгі әдіс бар: өндірісті жетілдіру қағидаты, тауарды жетілдіру қағидаты, коммерциялық күш жұмсауды қарқындату қағидаты, маркетинг қағидаты және әлеуметтік – этикалық маркетинг қағидаты. Бұл қағидаттар нарықтық экономика дамуының әртүрлі кезеңдерінде қалыптасқан болатын. Маркетингтің дамуының жалпы тенденциялары - өндіріс пен тауардағы назардың коммерциялық жұмыс жасауға, тұтынушыға көшуі және тұтынушы мен әлеуметтік этика проблемаларына назар аударыла бастауы.
Өндірісті жетілдіру қағидаты тұтынушылар кең таралған және бағасы бойынша қол жетімді тауарларды таңдайтынына негізделіп, соған cәйкес басқарушылар өзінің бар күшін өндірісті жетілдіру мен тарату жүйелерінің тиімділігін жоғарлатуда шоғырландыруы қажет екендігін білдіреді.
Өндірісті жетілдіру қағидатын қолдану екі жағдайда жүргізіледі. Біріншісі тауарға деген сұраныс ұсыныстан жоғары болғанда. Бұл кезде басқарушыларға өндірісті жоғарлату әдістерін іздеу керек.
Екіншісі — тауардың өзіндік құны өте жоғары болып, оны төмендету қажет болғанда, ал ол үшін өнімділікті жоғарлату керек (бірақ бұнда өнімнің өзіндік құны жоғары болғандықтан, демек оған сұраныстың төмен болу кесірінен қоймада жататын өнімнің бір бөлігін төмендетілген бағамен сату керек болады. Бұл осы тауарды өндіретін немесе сататын фирма үшін кері әсерін тигізуі мүмкін).
Тауарды жетілдіру қағидаты тұтынушылар сапасы ең жоғары, ең жақсы пайдалану сипаттамалары және қасиеттері бар тауарларға қызығушылық білдіретініне негізделіп, ал бұл ұйым өзінің энергиясын тауарды әрдайым жетілдіруге бағыттауы тиіс екендігін білдіреді.
Бұл қағидатты пайдалану фирмаға белгілі артықшылықтарды тек қысқа мерзімге ғана қамтамасыз ете алады, бірақ жалпы тауарды жетілдіру қағидаты «маркетингтік алыстан көрмеушілікке» алып келуі мүмкін. Өзінің тауарына бар назарды аудара отырып, сатушы тұтынушының қажеттіліктерін байқамай қалады.
Коммерциялық күш жұмсауды қарқындату қағидаты фирма өткізу мен ынталандыру аясында қажетті күш жұмсамаса, тұтынушылар сол кәсіпорынның тауарларын жеткілікті көлемде сатып алмайтынына негізделеді.
Бұл қағидатты басшылыққа ала отырып, әлеуетті тұтынушыларды анықтаудың және сатып алушыларға белсенді әсер етіп, сатып алуды мәжбүрлейтін қатаң сату -дың әртүрлі әдістері жасалған.
Маркетинг қағидаты ұйым мақсаттарына жетудің кепілі болып шартты нарықтардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктірін анықтау және бәсекелестерге қарағанда тиімдірек және өнімділігі жоғарырақ әдістермен қанағатты қамтамасыз ету табылатынын білдіреді.
Маркетинг қағидатындағы назар аудару объекті болып тауар емес, мұқтаждықтары мен қажеттіліктері бар фирма клиенттері табылады. Бұл жерде фирма табысты тұтынушылық қанағаттың құрылуы мен соны қолдау арқылы алады.
Соңғы екі қағидатты салыстыра отырып, коммерциялық күш жұмсауды қарқындату қағидаты , немесе оны тағы өткізу қағидаты деп те атайды, жалпы ресей нарығына сипатты, ал маркетингтік қағидат өте сирек, көбінесе элиталық тұрғын үйлерін салғанда қолданылатыны айқын көрінеді.
Әлеуметтік- этикалық маркетинг қағидаты кәсіпорынның міндеті мақсат нарықтардың мұқтаждықтарын, қажеттіліктерін және мүдделерін анықтау және қанағатты тиімдірек және өнімділігі жоғарырақ әдістермен, тұтынушы мен жалпы қоғамның ауқыттылығын сақтай отырып қамтамасыз ету болып табылатындығын білдіреді.
Бұл қағидат кейін, яғни қоршаған орта тұрғысынан алғандағы таза маркетинг қағидатының жеткіліксіз екендігіне, табиғат көздерінің сарқылатындығына көз жеткеннен кейін және басқа да әлеуметтік – этикалық проблемаларға байланысты құрылды.
Таза маркетинг қағидаты тұтынушы қажеттіліктері мен оның ұзақ мерзімді ауқаттылығы арасындағы мүмкін қарама-қайшылықтарды қарастырмайтын болды. Әлеуметтік- этикалық маркетинг қағидаты үш фактордың үйлесуін талап етеді: фирма табысы, сатып алушы қажеттіліктері және қоғам мүддесі.
Кесте 4 - Бәсәкелестер өнімінің бағалары мен зерттеліп отырған кәсіпорынның өнімінің бағасымен салыстыру
Бәсекелестер | Бәсекелестер бағасы | Серіктестікпен салыстыру |
ЖШС “Электрощит” Самара қаласы | 52$ | +2$ |
«Металл бұйымдары БӨК» ЖШС | 51$ | +1$ |
Металлоконструкция | --- | --- |
ПолимерМеталл-Т | 58$ | +8$ |
Құрылыс нарығында бәсекелесі отандық кәсіпорын «Металл бұйымдары БӨК» ЖШС металл құрылымдарынан жасалған құрылыс және толық жинақталған ғимараттарды, түрлі металл бұйымдарын, металл төбе жабындар, профилденген қаңылтыр, ЛДСП-тен және металл қорғаннан жиһаздар даярлауға және жобалауға, тұрғын, өндірістік-шаруашылық және мәдени-ойын-сауықтық бағыттағы нысандардың құрылысына мамандандырылған.
«Металл бұйымдары БӨК» ЖШС бойынша жыл басынан 476,4 млн. теңгенің өнімі шығарылды. Металл құрылымдары 152,7 млн. теңгеге, 32,3 млн. теңгеге металл бұйымдары, 50,1 млн. теңгеге жиһаздар шығарылған. Дайын өнім қалдығы 57,6 млн. теңгені құрады. Кәсіпорынның негізгі тұтынушылары болып «Топан» ЖШС, «Бипекавто» автоорталығы, Федоровка ауылындағы Мәдениет Үйі, «БМ» ЖШС, «Ұныш» ЖК табылады. «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-мы «Металл бұйымдары БӨК» ЖШС-мен бірлесіп «Металл құрылымдарын ыссылай мырыштау әдістерін игеру» инвестициялық жобаны іске асыруға қызығушылық танытты. Қазіргі таңда «Орал металл құрылымдары және мырыштау зауыты» құру бойынша құжаттарды рәсімдер аяқталуда.
Қазіргі нарықта өнім негізінен «БЛОК» ЖШС және ресейлік өндіруші Самарлық “Электрощит”, сонымен қатар көптеген отандық өндіруші жабын материалдары өнімдерімен қызметтерін жүзеге асыруда. Сонымен бірге Қытайдан әкелінетін жабын материалдардың көлемі нарықта 45,2% ішкі өндірісті құрайды, ал таза импорт 2008ж 25,8% құраған. Отандық өндірушілер өздерінің өндірістерін 2005 жылдан бастап белсенді жүргізе бастаған. 2009 жылда болжамдар мәліметтеріне сүйенсек, жабын материалдардың нарықтық көлемі 25%-ға өседі. Отандық өндірушілер 2008ж – 2009 жылдары жабын материалдардың өндірістің көлемі 91 кв.м. құрады, оны құнымен есептегенде (орта есеппен 1 жабын материалдардың кв.м. 50$ АҚШ тұрады) 4550000 (млн $ АҚШ) болды.
Жабын материалдар өнім ретінде саудалық желілер мен өндірістік кәсіпорындарда қолданылады және де Қазақстанның көптеген аймақтарында үлкен сұранысын тапқан, көбінесе Қазақстанның Орталық аймақтарында, шикізаттың белсенді өндірілетін территорияларында, Көкшетау, Ақмола облыстарын жатқызуға болады. Нарыққа қатысушыларды орта есеппен бағалағанда өндірілетін өнім Шығыс Қазақстан облысында – 10,8%, Қарағанды – 12,72%, Көкшетау – 12,45%, ал Ақмола облысы 64,03% қолданады екен.
Кесте 5 – Құрылыс нарығын зерттеу
Құрылыс нарығы | Нарық құрылымы % |
Астана, Ақмола облысы | 64,09 |
Шығыс Қазақстан облысы | 15,65 |
Қарағанды | 5,80 |
Көкшетау | 14,46 |
Өнімнің ерекшелігі – оның сапалылығы және қосымша эксплуатациялық шығынды қажет етпейді. 2008 жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін 16267 м², ал 2009 жылдың қаңтар айынан шілде айына дейін 46830м² жабын материалдар өндірілген, жалпы барлығы 63097м² құраған.
Сонымен бірге, енді отандық кәсіпорындармен бәсекелестік жағдайын ескере отырып, ресейлік нарықтағы жабын материалдарды өндіретін кәсіпорындар мен нарыққа қатысушыларды талдауға көңіл бөлейік.
Аталған есеп беру зерттеу нәтижелері бойынша «Ресейлік нарық - жабын материалдарды» атты тақырыппен «Prado Маркетинг» компаниясы арқылы зерттеу жұмыстары 2009 жылы мамыр айынан шілде айына дейінгі аралықта жүргізілді.
Зерттеудің мақсаты – ресейлік нарық жабын материалдарға анализ бен болжау жасау.
Зерттеліп отырған жобада:
1. жабын материалдар нарығының анализі таңдалған;
2. Ресей аудандарындағы жабын материалдарды өндіретін өндіріс пен өнімді өткізу, сату және т.б. мүмкіндіктері қарастырылған.
Зерттеу келесі әдістер арқылы жүргізіледі:
1. жабын материалдар нарығының екінші деңгейлі ақпараттары туралы анализі;
2. нарыққа қатысушылардың келіп түсетін материалдар (прайс – қарыздар, жарнамалық буклеттер және т.б.)
3. жабын материалдар нарығына қатысушылардын эксперттік сұрау беру. Таңдау – 25 эксперт арқылы жүргізеді.
«Prado Маркетинг» мамандарының пікірінше жабын материалдар ресейлік нарықтың бағалық сыйымдылығы туралы берілген мәлімет анық емес, яғни жабын материалдары жылына 7-8 мил кв. метр деңгейде шығарылады екен. Бірақ бұл сандар төмендетіп берілген және де мемлекеттік статистикалық мәліметтерге толықтай жүгінбейді.
«Prado Маркетинг» мамандары нарық сыйымдылығын есептегенде, ірі және орта компаниялардың өндірістерінің көлеміне, экспорт пен импорт, сонымен бірге құрылыс саласындағы аудандық инвестициялық көлемінің мөлшеріне жүгінеді.
«Prado Маркетинг» компаниясының мамандары бойынша нарық сыйымдылығын есептегенде ірі және орта компаниялардың өндіріс көлеміне, экспорт пен импорт, сонымен қатар нарыққа қатысушылардың басты бөлігін қарастыру қажет деп есептейді. «Prado Маркетинг» мамандарының бағалауы бойынша нарық көлемінің басты бөлігіне қатысушылардың бірі болып ресейлік жабын материалдар болып табылады, яғни ол 2008 жылы нарықта оның көлемі 451,3 млн АҚШ $ құрады, ол натуралды құнмен (орта есеппен бір панельдің кв.м. 30 АҚШ $) 15,04 млн.кв.м. құрады.
Жабын материалдарға деген сұраныс 2008 жылы өндірістік құрылыс пен негізгі капиталға инвестицияның көлемінің негізіне анализ жасай отырып, 15,09 млн.кв.м көрсетті (орта есеппен бір жабын материалдарды кв.м. 30 АҚШ $), құндық есеппен 452,61 млн. АҚШ $ құрады.
Кесте 6 - Дайын өнімді тұтынушылар
Негізгі тұтынушылардың тізімі | Сатылған өнім көлемі | Тауар аты | Төлеу шарты | Келісім ұзақтығы |
ЖШС Имсталькон Теміртау | 9,36% | Жабын материалдар | 60% алдын ала төлеу | 2 жыл |
ЖШС НИПКИ Изумруд | 10,27% | Жабын материалдар | 80% алдын ала төлеу | 1 жыл |
АҚ Имсталькон | 13,56% | Жабын материалдар | 80% алдын ала төлеу | 2 жыл |
ЖШС Құндыз | 0,75% | Жабын материалдар | 80% алдын ала төлеу | 1 жыл |
ЖШС Экспострой | 5,54% | Жабын материалдар | 80% алдын ала төлеу | 1 жыл |
ЖШС VITA | 3,14% | Жабын материалдар | 80% алдын ала төлеу | 1 жыл |
ЖШС Асқан kz | 1,78% | Жабын материалдар | 80% алдын ала төлеу | 1 жыл |
ЖШС ИнтерБир | 15,25% | Жабын материалдар | 80% алдын ала төлеу | 1 жыл |
ЖШС Интер Фуд | 16,07% | Жабын материалдар | 80% алдын ала төлеу | 1 жыл |
ЖШС Интер Пиво | 13,5% | Жабын материалдар | 80% алдын ала төлеу | 1 жыл |
Жабын материалдардың нарығы негізінен отандық өндірушілерге тиесілі: ішкі өндіріс нарық көлемінің 96,2 % құрайды, таза импорт кем дегенде 3,8% немесе 17,1 млн АҚШ $ болып табылады.
Соңғы 3 жылдың көлемінде жабын материалдардың ішкі өндірісінің динамикалық өсуі эксперттердің зерттеулері бойынша жылына 20-25 % көрсетті.
Нарыққа қатысушылар.
Отандық өндірушілер мен өндірілген өндіріс көлемі 2007 жылы 14,47 млн.кв.м. құраған, бағалық құндылығы (орта есеппен бір жабын материалдардың ң кв.м. 30 АҚШ $) 434 млн. АҚШ $ болған және ресейлік нарықта ірі компаниялардың үлесі 85 % көрсетті. Ресейдегі жабын материалдарды өндіретін ірі компаниялар Новосибир мен Кемеров аудандарында орналасқан.
Жабын материалдарды ресейлік нарыққа қатысушылардың негізгілері болып: «Венталл» (Калуж облысы), «Петропанель» (Санкт-петербург), «Термо-ВСК» (Владимир облысы), «Электрощит» (Самара қаласы), «Термостепс - МТЛ» (Самара облысы), профнастил Челябинс зауыты және т.б.
Аудандағы негізгі сұраныс.
Жабын материалдар өнімі экономикасы дамыған аудандарда, сонымен бірге өндірістік кәсіпорындар мен сауда жүйелерінде үлкен сұранысқа ие. Нарық қатысушыларын орта есеппен бағалағанда Орталық федералды өңірге 30,5 % келеді екен, ал солтүстік-батыс өңіріне 15,8 % жабын материалдарға деген сұраныс көлемін көруге болады.
Сонымен бірге жабын материалдардың нарығының қатысушыларын қарастыра отырып, кәсіпорындар мен ұйымдардың жабын материалдарға деген сұранысының жоғары болуы осы кәсіпорындардың негізгі капиталына и инвестицияның көлемінің салынуымен байланысты. Ресей нарығында кәсіпорындардың негізгі капиталына инвестицияның ағымының жоғарылауына байланысты, мына өңірлерде жабын материалдарға деген сұраныс өте жоғары. Ол өңірлерге: Мәскеу, Мәскеу облысы, Санкт-Петербург, Ленинград және т.б.
Ұсынылып отырған өнімнің ерекшеліктері.
Берілген өнімнің артықшылығын облицовка материалдар және толықтыру (утеплитель) ерекшеленеді. Нарықтық зерттеулер бойынша утеплительдің неғұрлым көп тараған түрі минералды мақта болып табылады. Нарықтың 90 %- да минералды мақтаны қолданады, ал жарты кәсіпорындар пенополистирол қолданады.
Кез-келген тауардың бәсеке қабілеттілігін бағалаудың бастапқы кезеңі-зертеу мақсатын анықтау болып табылады. Егер зерттеу мақсаты берілген тауардың сол сияқты тауар тізбегіндегі орнын анықтау болса, онда тек негізгі праметірлер бойынша тікелей салыстыруды жүргізу керек. Белгілі нарықта тауар өткізілуінің болашағын бағалауға бағытталған зерттеуде, нарық конъюнктурасының өзгеруі туралы, нарыққа шығатын тауарлар туралы, сұраныс динамикасы туралы, белгілі заңдарда өткізілетін өзгертулер және т.б. мәліметтер қамтитын ақпараттық талдау жүргізіледі.
Ал «БЛОК» ЖШС шикізат тауарын жеткізіп берушілер де көп-ақ. Атап айтсақ, «HUNTSMAN HOLLAND» компонетті клей жеткізсе, «SeAH Steel Corporation» сталь, «PAROC Co LTD» пен «АҚ Термостепс-МТЛ минплита жеткізеді» Келісім шарт 2 жылдан 3 жылға дейін уақыт аралығына бекітілген. Мәселен: «HUNTSMAN HOLLAND» алсақ. Жеткізіп берушінің сатып алынатын шикізат жеткізу бөлігі 6%. Ал, сатып алынатын шикізат тауары 2-компонетті клей. Оның төлеу шарты 100% алдан ала төленеді. Келісімнің ұзақтығы 2 жыл.
Нарықта тауардың бәсеке қабілеттілігін кәсіпорынның ұсыныстарын, тұтынушылар талабына маңызды тізім бойынша бәсекелестердің ұсынысын салыстыру жолымен бағаланады. Өйткені, кез келген тұтынушы алдымен осыған мән береді. Алайда, «БЛОК» ЖШС-нің негізгі тұтынушылардың тізімі 10-нан асып жығылады. ЖШС-тер тек дайын өнімді алады. Олардың ішінде өнімді ең көп алатындарына “Интер Фуд” ЖШС 16,07%, “ИнтерБир” ЖШС 15,25%, “Имсталькон” АҚ 13,56%, “Интер Пиво” ЖШС 13,5% және т.б. жатқызуға болады. Алатын өнімдері жабын материалдар. Жалпы, 2005 жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін 16265 шаршы метрді құраса, ал 2007 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айына дейін 46830 шаршы метір жабын материалдар өндірілген, сонымен барлығы 63097 шаршы метрді құраған (Б.1 кесте – шикізатты жеткізіп берушілер).
Қазіргі кездегі бәсекелестік күрестерде өнім өндіруші кәсіпорындардың қайсысы қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана алса, солар нарық жағдайында оң нәтижеге жететіні белгілі.
Кәсіпорынның және өнімнің бәсеке қабілеттілігін – қатысты шама, әсіресе динамикада. Сонымен қатар, бәсеке қабілеттілік – бәсекелік артықшылықтың бірнеше деңгейлерін қарастыратын кешенді түсінік. Нарықта кәсіпорынның жетекшілік жағдайын қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның стратегиялық міндеті болып жаңа өнімді, жаңа технологияларды, дизайынды, өндіріс шығындары деңгейін, бағаларды, өзгерту және тарату жүйелерінде жаңашылдықтарды игеруде және жасап шығаруда бәсекелестерді озып шығу болып табылады.
Жалпы алғанда, отандық жабын материалдар өнімдерінің бәсекелік қабілеттерін арттыру мәселесі әлі күге өзекті күйінде қалып отыр. Тек сапалық немесе құндылық көрсеткіштерімен ғана емес, сол сияқты өнімнің танымдылық қасиеттерімен де шетелдік өнімдерден ерекшелену міндетін орындау үшін әрбәр кәсіпорынның өзінде бар мүмкіндіктерді барынша пайдалану және оған мемелекет тарапынан кең қолдау көрсету қажеттілігі айқын сезіледі
Тауарды нарыққа жылжыту жүйесіндегі маркетингтің классикалық тұжырымдамасында жарнаманы ең бірінші орынға қояды. Жарнама үндеуі тауар артықшылығын атап көрсетуі, шынайы болуы, жарнамаланған тауардың бәсекелестер тауарынан несімен ерекеленетінін атап көрсету керек. Бұл серіктестікте басқа кәсіпорындар сияқты өнімін жарнамалайды.
Қазақстанның құрылыс нарығының 45%-ын «БЛОК» ЖШС өндірген өнімі алып отыр. Ал аса маңызды бәсәкелесі ресейлік зауыт “Электрощит”, “Термостепс - МТЛ” иеленіп отыр.
Серіктестік баспа жарнамасы, баспасөз жарнамасы, жарнама сувенирлері, радио жарнама, сыртқы жарнама, интернет жарнамасы арқылы өнімдерін өткізіп, жеткізіп отыр. Компаниялардың тауарды нарыққа жылжыту саясатының қаржылық мүмкіндіктері мен маркетингтік мақсаттарға қатысты өзіндік ерекшеліктері бар.
Маркетингтік жоспар – маркетингтік шараларды үйлестірудің негізгі құралы. Көптеген ұйымдарда маркетингтік жоспарлар жетекші бөлімдердің қызметкерлерінің бірлескен тобымен жасалып, басқарудың сәйкес деңгейлерінде жүзеге асырылады.
Кесте 7 - «БЛОК» ЖШС-нің маркетингтік жоспары
Көрсеткіштер | 2 тоқсан 2009 ж. | 3 тоқсан 2009ж. | 1 тоқсан 2010ж. | 2 тоқсан 2010ж. |
жабын материалдар м² | 35000 | 30000 | 30000 | 40000 |
Сонымен, нарық экономикасының әлемдік тәжірибесі халық шаруашылығы салаларын басқарудың тиімділігін арттыру үшін кәсіпорынның өз өміршеңдігін сақтап қалу және күшейту мақсатында оның жұмысының екі негізгі кезеңі - өндіру мен өткізуді ұйымдастырудың жаңа әдісін, яғни маркетинг іс-әрекетін пайдалану қажеттігін тудырады.
Нарықтық қатынастарға өту – адамның еңбек ететін ортасының экономикада елеулі, терең болуын талап етеді. Бұл жерде өндірісті күшейтуге бетбұрыс жасау керек; әр кәсіпорынды,ұйымды, фирманы экономикалық өсудің сапалық факторларын толық және бірінші кезекте пайдалануына бағыттау керек. Соның арқасында жан – жақты дамыған өндірістік күші мен өндірістік қарым – қатынасы, жақсы қалыптастырылған шаруашылық механизмі бар, жоғары деңгейде ұйымдастырылған және тиімді экономикаға өту қамтамасыз етілуі керек.
«БЛОК» ЖШС-дегі жаңарту және қайта құру жұмыстарының нәтижесінде 2008 жылы ұзақ мерзімді активтері 36915 мыңға өсті (баланс деректері). Осы ұзақ мерзімді активтердің үлес салмағында кәсіпорынның негізгі құралдары 36926 мыңға өскен (108%). Негізгі құралдардың жағдайымен оларды пайдалану дәрежесі – сараптау қызметінің маңызды белестерінің бірі. Себебі өндіріс тиімділігін арттырудың басты факторы негізгі қорлары екені белгілі. Негізгі қорлар объектілері кез-келген өндіруші кәсіпорын негізін құрайды. Негізгі қорлардың шаруашылық жүргізуші субъектілердің негізгі капиталдағы мөлшері жоғары деңгейде болуы тиімді пайдалану кәсіпорынның соңғы нәтижесін анықтауда айтарлықтай әсер береді.
Жалпы негізгі қорларды пайдалану қор қайтарымдылық, қор сыйымдылық, еңбек құралдарының қызмет ету жылдарына және т.б. көрсеткіштерімен сипатталады. Қарастырып отырған кәсіпорын бойынша өндіріс тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін 8- кестеден көреміз.
2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өнімді өткізуден түскен кірістің 254% артқанын көреміз. Өнімнің өзіндік құны 246% артқаны және кезеңнің жалпы шығындарының өсуі 111% құраған. «БЛОК» ЖШС-інде өнім өндірумен тікелей байланысты негізгі құралдардың үлес салмағы 2008 жылы 61%-ті құраса, ал 2009 жылы 55%-ті құрады. Ал сатудан түскен кіріс 2008 жылы 53023 мың теңгені көрсетсе, 2009 жылы 147011 құраған екен. Баланс деректері бойынша кезең шығындары 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 72348 мың теңгеге өсті, ал 2009 жылы 80679 мың теңгені құраған.
Жиынтық табыс кәсіпорынның басты көрсеткіші болып табылады және бұл көрсеткіш 2009 жылы 76783 мың теңге болды. Өйткені бұл жылы өткізілген өнімнен түскен табыс көлемі жоғары болған. Жалпы жиынтық табысқа мыналар жатады:
тауарларды (қызмет, жұмыс) сатудан түскен табыс;
үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, аммортизацияға жатпайтын активтерді (жер телімдері, құрылысы аяқталмаған нысандар) сатқандағы бағаның өсуінен түскен табыс;
мүлікті жалға беруден түскен табыс;
табыстың әлеуметтік саладағы нысандарды пайдалануға кеткен шығындардан артып түсуі.
Кесте 8 - «БЛОК» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | өлшем бірлігі | 2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | 2009 өзгерісі % түрінде | |
2007 | 2008 | ||||||
1 | Өткізілген өнімнен түскен кіріс | мың, тг | 199134 | 214998 | 545752 | 274 | 254 |
2 | Өнімнің өзіндік құны | мың, тг | 120378 | 161975 | 398741 | 331 | 246 |
3 | Сатудан түскен кіріс | мың, тг | 78756 | 53023 | 147011 | 186 | 277 |
4 | Жиынтық табыс | мың, тг | 36814 | - 21711 | 76783 | 208 | 4,5есе |
5 | Жұмыскерлердің саны | адам | 68 | 71
| 84 | 123 | 118 |
6 | Сату рентабельділігі | % | 18,5 | - | 26 | - | - |
7 | Негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны | мың, тг | 411515 | 431884 | 468810 | 114 | 108 |
8 | Айналым қордың орташа жылдық құны | мың, тг | 185151 | 282250 | 495375 | 267 | 175 |
9 | Бір жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі | мың, тг | 2928 | 3028 | 6497 | 222 | 214 |
10 | Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры | мың, тг | 17550 | 18901 | 27043 | 154 | 143 |
11 | 1жұмыскердің орташа айлық еңбекақысы | тг | 21507 | 22184 | 26828 | 125 | 121 |
12 | Қор қайтарымдылығы | тг | 0,48 | 0,49 | 1,2 | 250 | 245 |
13 | Қор сыйымдылығы | тг | 2,0 | 2,0 | 0,8 | 40 | 40 |
«БЛОК» ЖШС-нің мәліметтері бойынша есептелген |
Бір жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігін анықтау үшін өткізілген өнімнен түскен табысты жұмысшылардың жалпы саны бөлу қажет. Ал бұл көрсеткіштің мәні кесте бойынша 2009 жылы 6497 көрсетті.
Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құны. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның орналасқан жерін, мекемесін тасымалдайтын транспортты, машиналары жатады және бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа жылдық құнын табу үшін қажет.
Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің өсуі кәсіпорынның алдағы стратегиялық жоспарларына үлкен көмегін тигізуі мүмкін.
Негізгі қорлардың белсенді бөлігі кәсіпорынның қуаттылығымен қоса техникамен қаруланғандығын білдіреді, бұл өз кезегінде қор қайтарымдылығының өсуіне әсерін береді.
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштері – еңбек сыйымдылығы , материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы, қор сыйымдылығы ретінде қолданылады.
Негізгі қорларды пайдалану бойынша «БЛОК» ЖШС-інде қор сиымдылық және қор қайтарымдылық көрсеткіштері қанағаттандырарлық. Кәсіпорынның орташа жылдық негізгі құралдары құнының 1 теңгесіне қанша өткізілген өнім келетінін анықтайтын қор қайтарымдылық көрсеткіші 0,71 тиынға өскенін көреміз.
Мұндағы: Qө - өнімді өткізу көлемі
Нқ – негізгі құралдардың орташа жылдық құны
2008 ж. Ққ = 214998 = 0,49
431884
2009 ж. Ққ = 545752 = 1,2
468810
Кәсіпорынның қор қайтарымдылық көрсеткіші 245 пайыз өсіп отыр. Қор қайтарымдылықтың салыстырмалы түрде өсуі өндірістік негізгі қорлардың тиімді пайдалануы мен өндірілетін өнім көлемінің өсуін аңғартады. Дегенмен, техникалық саясатты іске асыруда бұл көрсетткіш жеткіліксіз. Қор сиымдылығын талдау барысында кему қарқыны 40 пайыз екенін, бұл дегеніміз өнімнің бір бірлігіне қанша негізгі қор келетінін аңғартып тұр.
2008 ж. Қс = 431884 = 2,0
2009ж. Қс = 468810 = 0,8
Қор сиымдылығының төмендеуі «БЛОК» ЖШС-нің негізгі қорларын тиімді және капитал салымының үнемдеуін көрсетеді. Жалпы табысқа келсек, 2008 жылы – 53023 мың теңге табыспен аяқтаса, 2009 жылы 147011 мың теңге жалпы табысқа қол жеткізген, яғни 2,7 есеге артып отыр.
Нарықты экономика жағдайында экономикалық және өндіріс тиімділікті жоғарылатудың мәні өте жоғары.
Қоғамдық еңбектің өнімділігі қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпылама белгісі ретінде болып отыр.
Шығындардың тиімділігі туралы толық мәлімет алу үшін көрсеткіштердің құндық және натуралдық жалпылама сипаттамасы керек. Осы мақсатта шығындардың жалпы және салыстырмалы экономикалық тиімділігі қолданылады.
Нарықты экономика жағдайындағы кәсіпорындардың, фирмалардың шаруашылық ісін бағалаудың негізгі белгісі – кәсіпорындардың қорларға қатысты пайдасы мен рентабельділігі.
«БЛОК» ЖШС өндірісінің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторлары мен бағыттарына ғылыми–техникалық прогресс, үнемдеу тәртібі, негізгі қорларды пайдалану деңгейін жоғарылату, экономика құрылымын жетілдіру, тиімді инвестициялық саясат, т.б жатады.
«БЛОК» ЖШС өндірісін күшейту мен тиімділігін арттырудың маңызды шарттарының бірі – үнемдеу тәртібі болып саналады. Ресурстарды сақтау күннен – күнге өсіп келе жатқан жанармайға, энергияға, шикізат пен материалдарға сұранысты қанағаттандыратын шешуші көзге айналуы керек. Бұл мәселелерді шешудегі өнеркәсіптің рөлі өте маңызды. Алдағы уақытта халық шаруашылығын конструкцияның және басқа материалдарды, шикізат пен жанармай – энергиялық ресурстарды пайдаланудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін машиналар және қондырғылармен жабдықтаудың, тиімділігі жоғары, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді жасау және қолдану қолға алынуы тиіс.
«БЛОК» ЖШС-нің кезеңдік бухгалтерлік баланс көрсеткіштеріне талдау жүргізе нақты жағдайын көруге болады. Қаржылық талдау жүйесінің көрсеткіштері қатарындағы кәсіпорынның мүліктік жағдайын, өтімділігін, қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын бағаласақ:
Абсолюттік өтімділік коэффициенті = Ақша қаражаттары
2007 ж. = 8619 = 0,011
722457
2008 ж. = 12936 = 0,014
895714
Кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі 2006 жылы 127% жоғарлаған. Бұл ағымдағы міндеттемелерін өтеуде кәсіпорынның қабілетін көрсетіп отыр.
2007 ж. = 8619 + 77928 = 0,12
2008 ж. = 12936 + 289905 = 0,34
Тез өтімділік коэффициенті 2008 жылы 283%-ға артып отыр. Бұл да нашар көрсеткіш емес екені белгілі.
Жалпы өтімділік коэффициенті = Ағымдағы активтер
2007 ж. = 282250 = 0,39
722457
2008 ж. = 495375 = 0,55
895714
Жалпы өтімділік коэффициенті 2008 жылы 141% өсіп отыр. Бұл – 2008 жылы ағымдағы активтер ағымдағы міндеттемелерден 2007 жылмен салыстырғанда үлес салмағы айырмасы.
Өтімділік коэффициентері кәсіпорынның төлем – қабілеттігінің негізі болып саналады. Сондықтан «БЛОК» ЖШС-нің төлем қабілеттілігі қанағаттандырарлық деуге болады.
Қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін 9-кестеге сүйенсек, «БЛОК» ЖШС-нің тәуелсіздік коэффииценті 2008 жылы 8 есеге өскенін байқаймыз. Тәуелсіздік көрсеткішіне кері тәуелділік коэффициенті 2009 жылы 0,08 төмендеген. Бұл негізінен баланс деректері бойынша қарыз капитал жағдайын көрсетеді.
Келесі қаржылық тұрақтылық көрсеткіші қаржыландыру коэффициенті - кәсіпорын қанша бөлігі меншікті капиталмен қаншасы қарыз капитал есебінен қаржыланғанын көрсетеді.
Кесте 9 - Кәсіпорын 2008-2009 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын бағалау
Көрсеткіштер | Есептеу формуласы
| 2008 ж | 2009ж | +;- ауытқу | % өсу кему |
Тәуелсіздік коэффициенті
| Меншікті капитал Баланс валютасы |
-0,01 |
0,07 |
0,08 |
8есе |
Тәуелділік коэффициенті
| Қарыз капитал Баланс валютасы | 1,01 | 0,93 | -0,08 | 92 |
Қаржыландыру коэффициенті
| Меншікті капитал Қарыз капитал | -0,01 | 0,07 | 0,08 | 8есе |
Қарыз және меншікті құралдардың қатынасы | Қарыз капитал Меншікті капитал | -95,4 | 12,9 | 108,3 | 8есе |
Кез келген қаржылық немесе шаруашылық оперциялардың тиімділігі мен онымен бірге болатын тәуекел деңгейі бір-бірімен байланысты. Тәуекел факторын есептемей толық инвестициялық талдау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан тәуекел деңгейін бағалай және оның нақты операция табыстылының деңгейімен байланыстылығын бағалай білу қажет.
Тәуекелдің мәні мен түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі мақсатына – салынған капиталдан табыс алуға – тәуекелді анықтау сәйкес келеді.
Төмен табыс табу немесе шығыстарға ұшырау ықтималдылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоба тәуекелді болатыны белгілі. Капиталды салу мүмкін нұсқауларды таңдау кезінде жиі бұл жобаның тәуекелі төменірек сияқты» дегендей абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда, көбінесе тәуекел деңгейін нақты анықтауға болады, сонымен қатар осы тәуекелге сәйкес келетін, ұсынылатын жобаның табыстылық деңгейін де анықтауға болады. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, салымшы оған тиімді ақша салымын таңдай алады, сонымен қатар мүмкін болатын тәуекел деңгейін де төмендете алады. Тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейлерін ажыратады. Тәуекелдің көлемін екі критерий арқылы өлшенеді: орташа ауытқу мәнімен және мүмкін болатын нәтижелерді өзгермелілігімен. Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін мәні мүмкін болатын нәтижелерді де бағалайды.
2.2 «БЛОК» ЖШС-нің өндіріс тиімділігін бағалау
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда, бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға жеткілікті түрде мүдделендірмейді.
Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға, біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.
Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау, жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек. Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан, «еңбек» деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендеу барысын жеңу. Қазір, яғни әлеуметтік-экономиканың серпінді даму кезеңінде өндіріс тиімділігін экономикалық жағынан ынталандыру, еңбектің сандық және сапалық сипаттамаларын, макроэкономикалық ұдайы өндіріс процесіндегі ынталандырудың рөлін айқындау, еңбектің трансформациялануын жалпылау және нақтыланған түрде зерделеу өте маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып отыр.
Өндіріс тиімділігі – экономикалық категория. Ол – өндіргіш күштер мен өндірістік қарым–қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс қамтамасыз етіледі.
Тиімділіктің басты мәселесі – нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну құнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәукелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқықтық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі.
Тиімділік – ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды жүргізудің алғы шарты. Ресурстарды таңдау кезінде баламалы нұсқаларды анықтау үшін пайдаланатын сапалы бағалау көрсеткіші болумен бірге, ол өндіріс резервтерін анықтау, өндіріс құрылымының қалыптасуын жалпы да тікелей бағалау кезінде қолданылады. Тауар–ақша қатынасы жағдайында өндіріс тиімділігі ұтымды экономикалық тиімділікті сипаттайды. Мұндай жағдай жалпы өндірістік шығындардан қол жеткен нәтиже шамасы абсолюттік мөлшерде артық болып тұрғанда ғана орын алады. Осындай ұтымды тиімділік кез келген ұйымдық–құқықтық шаруашылықтың оңтайлы жұмыс істеуінің, кеңейтілген өндірісті жүргізудің ең бір қажетті шарты болып есептеледі. Сондай–ақ ол материалдық өндірістің барлық буынында ғылыми–техникалық прогрестің дамуы үшін зор экономикалық қозғаушы күшке айналып, тұтыну құнының сапасын жақсартады. Бәсекенің салыстырмалы еркін іс–әрекет жасаған кезінде өндірісті тиімді жүргізудің басты міндеттерін бір уақытта шешуге жол ашатын нарықтық тетік (механизм) біріншіден, тауар өндірудің дәл сол мезгілде қоғамдық сұранымға сәйкестігін бағаласа (сандық және сапалық жағынан), екіншіден, қойылған міндеттерді тиімді жолмен шешу үшін өндіріске жаңа тәсілдерді енгізуді ынталандырумен бірге, бағаның өзгеруі мен ауытқуы, пайда, тағы басқадай құнды категориялар арқылы халық шаруашылығында өндірістік ресурстар мен тауарларды ағымды нарықтық сұранымына сәйкес бөлуге, экономиканың оңтайлы дамуына оң ықпал ете отырып, экономиканың тиімділігін арттырады.
Баға нарықтық экономика жағдайында әр түрлі тауарлар нарығының дамуына, солар арқылы жалпы қоғам көлемінде өндірістік ресурстар мен тауарларды бөлу арқылы қоғамдық өндірісті реттеуші рөлін атқарады. Мұндай жағдайда әрбір өндірістік ресурстың өзіне тән бағасы болады және ол тауарлық баға сияқты белгіленген ресурстың сұранымы мен ұсынымының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Осы бағаның құрылымы белгілі болғандықтан, мейлінше аз шығын жұмсай отырып, көп өнім өндіру үшін, соған лайықты өндірістік үдерісті таңдау мүмкіндігі туады.
Жұмыс күшіне жоғары ақы төлеген жағдайда өндіріс үдерісін техникалық жарақтандыру шаруашылықты оңтайлы жүргізуге ынталандырып, төмен болған жағдайда өндіріс үдерісінің еңбек сыйымдылығын уақытша тоқтатып қоюға ықпал ететіндіктен, өндірістік ресурстар бағасы тауар өндірушілерді арзан ресурстарды өндірістік үдеріске кеңінен қолдануға, ал қымбат ресурстарды үнемдеуге итермелейді.
Экономикалық тиімділік – өндірістік қызметтің нәтижелігі, әлеуметтік– экономикалық нәтижелер мен өндірістік шығындар арасындағы арақатынас.
Өндірістік қызметтің тиімділігі – кәсіпорынның табыстылығын және оның активтерді пайдалану қабілетін сипаттайтын тиімділік.
Өндіріс тиімділігінің сараланған көрсеткіштері – кәсіпорын ресурстарының (шығындарының) жекелеген түрлерін (материалдық, еңбек, энергетикалық ресурстарын, капиталды толығымен) пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер.
Өнімнің қор сыйымдылығы, қор қайтарымы, өнімнің еңбек сыйымдылығы, еңбек өнімділігі, өнімнің энергия қайтарымы және энергияның жұмсалуы өндіріс тиімділігінің сараланған көрсеткіштері болып табылады.
2008 жылы 1 жұмысшының еңбек өнімділігі 2007 жылға қарағанда 3028 мың теңгені құраған.
Кәсіпорындағы қор қайтарымдылығы да өскен. Ол 2007 жылы 0,48 тг құраса, ал 2008 жылы 0,49 тг құраған, ал бұл көрсеткіш 2009 жылы 1,2 теңгеге өскенін байқауға болады.
Еңбек өнімділігінің деңгейін бағалау үшін, жалпылама, жеке және қосымша көрсеткіштер жүйесін қолдану керек. Жалпылама көрсеткіштерге 1 жұмысшының орташа жылдық, орташа күндік пен орташа сағаттық өнім өндірісі жатады, сондай-ақ құндылық көріністегі 1 адамның орташа жылдық өнім өндіруі жеке көрсеткіштер – белгілі бір өнім бірлігін өндіру үшін кеткен уақыт шығыны (өнімнің еңбек сыйымдылығы) немесе 1 адам-сағат немесе адам-күн үшін натуралды көріністе белгілі бір өнім шығарылымы.
Кесте 10 - Кәсіпорынның экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | өлшем бірлігі | 2008 жыл | 2009 жыл | ауытқу % түрінде | |
1 | Еңбек өнімділігі
| мың теңге | 3028 | 6497 | 3469 | 214,5 |
2 | Өнімді өткізуден түскен табыс | мың теңге | 214998 | 545752 | 330754 | 254 |
3 | Негізгі құралардың орташа жылдық құны | мың теңге | 431884 | 468810 | 36926 | 108,5 |
4 | Жұмысшылардың орташа жылдық саны | адам | 71 | 84 | 13 | 118,3 |
5 | Қор қайтарымдылығы | теңге | 0,49 | 1,2 | 0,71 | 245 |
6 | Қор сиымдылығы | теңге | 2,0 | 0,8 | -1,2 | 40 |
7 | Қормен қарулану | мың теңге | 5801,2 | 5581,1 | -220,1 | 96,2 |
Ескерту: Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелінген |
Қосымша көрсеткіштер бір бірлік уақыт ішінде белгілі бір орындалған жұмыс түріне немесе орындалған жұмыс көлеміне кеткен уақыт шығынын сипаттайды. Еңбек өнімділігін жақсырақ сипаттайтын көрсеткіш, ол 1 жұмысшының орташа жылдық өнім өндірісі. Оның көлемі, жұмысшылар құрамындағы жұмысшының сыбағалы салмағына және орташа жылдық еңбек өнімділігіне байланысты. Еңбек өнімділігінің есептеулері келесі 11-кестеде берілген.
Бір жұмысшының орташа жылдық еңбек өнімділігі мен оның сыбағалы салмағы көп болған сайын, соғұрлым оның орташа жылдық жұмыс істеушінің еңбек өнімділігі көп болады. 10-кестедегі мәліметтер көрсеткендей 1 жұмыс істеушінің орташа жылдық өнімділігі 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 6497 мың теңге немесе 214,5 %-ға артқан. Жұмысшылардың орташа тізімдік саны 2009 жылы 84 адамға өсті.
Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:
өндірістік іс-әрекеттің тиімділігін көрсететін көрсеткіштер, кәсіпорынның пайдалығын және оның активтерді қолдану мүмкіншіліктерін өлшейді;
өнімділік көрсеткіштері, кәсіпорындардың қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым қорларын басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;
қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның активтерін қаржылындыруда қолданылатын капиталдың құрылымын құру әдістеріне байланысты болған тәуекелділік деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.
Кесте 12 - «БЛОК» ЖШС-нің орташа жылдық өнімділігінің көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | өлшем бірлігі | 2008ж | 2009ж | Ауытқуы % |
1 | Өнімді өткізуден түскен табыс | мың тг | 214998 | 545752 | 254 |
2 | Жұмыс істеушілердің тізімдік саны | адам
| 71 | 84 | 118,3 |
3 | Бір жұмысшының орташа жылдық өнімділігі (өнімді өткізуден түскен табыс / жұмыс істеушілердің тізімдік саны) |
мың тг
|
3028 |
6497 |
214,5 |
4 | 1 жұмысшының істеген орташа күн саны | күн | 205 | 234 | 114,1 |
5 | 1 жұмысшының істеген орташа сағат саны | сағат | 1640 | 1872 | 114,1 |
6 | Жұмыс күнінің ұзақтығы | сағат | 8 | 8 | 100 |
7 | 1 жұмысшының күндік өнімділігі (бір жұмысшының орташа жылдық өнімділігі/1 жұмысшының істеген орташа күн саны) | мың теңге | 14,7 | 27,7 | 188,4 |
8 | 1 жұмысшының сағаттық өнімділігі (бір жұмысшының орташа жылдық өнімділігі /1 жұмысшының істеген орташа сағат саны*1000 теңге) | теңге | 1846,3 | 3470,6 | 187,9 |
Ескертпе: Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелінген |
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың келесі бір факторы - үнемдеу режимі, яғни материал, шикізат, отын, энергия ресурстарын, еңбек, қаржы ресурстарын үнемдеуді қолдану, жоғарғы тиімді аз қалдықсыз технологиялық процестерді қолдану.
Сонымен қатар, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыратын факторларға-
өндіріс процесінде негізгі қорларды қолдануды жақсарту;
экономиканың құрылымын дамыту, оңтайлы инвестициялық саясат;
ұйымдық-экономикалық факторлар;
басқару;
өндірістік әлеуметтік инфрақұрылымды әрі қарай дамыту;
өнімнің сапасын арттыру және т.б. жатады.
Өндірістің құрылуы әр уақытта кәсіпорындарда қызмет істейтін адамдармен тікелей байланысты. Экономикалық теорияда «Жұмыс күші» - бұл адамның дене және ой қабілеттілігінің жиынтығы, оның жұмысқа деген алғырлығы деп түсіндіріледі. Нарықтық қатынастар жағдайында «еңбекке қабілеттілігі» жұмыс күшін тауарға айналдырады. Бірақ, бұл әдеттегі тауар емес. Оның басқа тауарларға қарағандағы айырмашылығы сол, біріншіден, ол өзіне қарағанда құнды көп жасайды, екіншіден, оны қатыстырусыз тарту кез келген өндірісті жүзеге асыруға болмайды, үшіншіден, ол негізгі және айналым өндірістік қорлардың, жалпы алғанда шаруашылық жүргізудің экономикалық тиімділігіне байланысты болады.
Сондықтан, кәсіпорын үшін оның экономикасын жайғасымды жүргізу тұрғысынан қарағанда қалай болса солай қарауға болмайды, себебі, қалай және қандай жағдайда оның жұмыс күшіне деген мұқтажы қанағаттандырылады және тауар өндіру, қызмет көсету процесі қалай пайдалынады.
Еңбек ресурстарын пайдалануды талдауды, еңбек өнімділігін арттыруды міндетті түрде еңбек ақымен тығыз байланыста қарастыру керек. Еңбек өнімділігінің өсуімен қатар жалақының өсуіне нақты жағдай жасалады. Еңбек ақы мөлшерін жоғарлату оны ынталандыруға және өнімділіктің өсуіне ықпалын тигізеді. Осыған байланысты еңбек ақы қаражатын жұмсаудың ерекше маңызы зор және де оны еңбек өнімділігінің өсу есебінен үнемдеу үшін еңбек ақы қорын (ЕАҚ) пайдалануға жүйелі бақылауды орнату қажет.
Қазақстанның жекелеген облыс тұрғындарының күн көріс деңгейі әртүрлі. Сонымен қатар жалақы деңгейін көтеру мен оның даму жолын қарастыру мақсатында Астана қаласында орналасқан серіктестіктің еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруы мен басқаруына назар аудару керек.
Әрбір кәсіпорында кадр саясаты әзірленіп, ол іске асырылуы қажет. Сөйтіп, мына төмендегі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталғаны жөн:
жұмысқа қабілетті және кінәратсыз ұжым құру;
кәсіпорының білікті қызметмерлерінің деңгейін арттыру;
жынысы және жасының құрамына қарай оңтайлы еңбек ұжымын құру;
қолынан іс келетін, өзгеретін мән-жайға оралымды әсер тигізетін, сезінетін, жаңа, алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді өндіріске енгізу және істің есебін білетін жоғары кәсіптік басшылық етуші буынды құру.
Өндірістік процеске қатысуына байланысты кәсіпорынның жеке құрамы екі санатқа бөлінеді: өнеркәсіптік өндірістік қызметкерлер және бейөнерәсіптік.
Өнеркәсіптік - өндірістік қызметкерлерге жататындар: тікелей өндіріспен және оған қызмет көрсетушілер.
Бейөнеркәсіптік қызметкерлерге - өндіріспен және оған қызмет көрсетуге тікелей айналыспайтындар жатады. Негізінен олар: кәсіпорынның қарамағындағы тұрғын үй дәрігерлік-санитарлық мекемелердің қызметкерлері.
Өз кезегінде өнеркәсіптік - өндірістік қызметкерлер олардың орындайтын бернелеріне байланысты мына төмендегі санаттарға топтастырылады: жұмысшылар, басшылар, мамандар, қызметкерлер.
Жұмысшыларға жататындар: кәсіпорында тікелей материалдық құндылық немесе өндірістік және көлік қызметін көрсетумен айналысатындар. Жұмысшылар, сондай-ақ негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді. Негізгісіне жататындар: тікелей өнімді шығарумен айналысатын жұмысшылар, көмекші өндіріске қызмет көрсететіндер. Мамандарға жататындар: бухгалтер, экономистер, техниктер, механиктер, психологтар, социологтар, суретшілер, тауар мамандары, технологтар және т.б. Қызметкерлерге жататындар: жабдықтау агенттері, машинисткалар, хатшы-машинисткалар, кассирлер, іс қағазын жүргізушілер, экспедиторлар, тізімдеушілер және тағы басқа.
Басшылар - бұл кәсіпорында басшы қызмет атқаратын қызметкерлер.
Республикамыз егеменді ел болған алғашқы он жылдықта айтарлықтай жақсы экономикалық көрсеткіштерге жетті. Осының арқасында экономиканың қай саласында болсын, үлкен өзгерістер болды.
Республикамызда барлық нарық түрлері, соның ішінде еңбек нарығы да дамуда. Еңбек нарқы туралы айтқанда, алдымен еңбек дегеніміз не екенін талқылау керек.
Еңбек дегеніміз - адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани, басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Қазақстанның әрбір азаматы материалдық, рухани және басқада қыиындылықтарды жеңу жолындағы өзінің бойындағы қайрат-қуатымен барынша аянбай еңбек етіп, елімізді дүние жүзіне танытуымыз керек.
Еңбек нарқы – нарықтық экономиканың ерекше артықшылығы бар элемент. Ол – жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің (қызметкер) арасындағы қатынас, еңбекақысы мен қызметкері емес, бұл – қоғамымыздағы әлеуметтік – экономикалық құбылыстың – көрсеткіші. Еңбек нарқының өзінше ерекшелігі бар, ол әлеуметтік, физиологиялық, психологиялық, экономикалық факторлардың әсерін айрықша қажет етеді.
Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде жұмыс күшінің қызметтері анықталып, жұмыс күшіне деген сұранымның сандық және сапалық параметрлері өзгереді. Еңбек нарқындағы өзгерістер – бұл алдымен жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу жүйелеріне өзгерістер енгізу, екінші сөзбен айтсақ, нарық жағдайында жұмыс күшіне деген сұраным мен ұсынымның тепе-теңдігінің сақталуын қадағалаумен бірге, осы жүйелерді мемлекет тарапынан бақылап отыру деген сөз. Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары нормативтік құқықтық актілермен, еңбек туралы заңдарға сәйкес жасалған жеке еңбек шарттармен, ұжымдық шарттармен реттеліп отырады.
Кесте 13 - «БЛОК» ЖШС-нің мамандардың ағымдылық көрсеткіші
№ | Көрсеткіштер | өлшем бірлігі | 2008ж | 2009 ж | 2009/2008*100% |
1 | Жұмыскерлердің орташа тізімдік саны | адам | 71 | 84 | 118,3 |
2 | Қабылданған жұмыскерлер саны | адам | 4 | 6 | 150 |
3 | Жұмыстан шыққан қызметкерлер | адам | 2 | 3 | 150 |
4 | Жұмысқа қабылдау коэффициенті | % | 5,6 | 7,1 | 128 |
5 | Жұмыстан шығу коэффициенті | % | 50 | 50 | 100 |
Ескерту: Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелінген |
Кәсіпорын қызметкерлерінің жақсы білікті болуы мен жоғары тұрғыда ынталық таныту сапалықты қамтамасыз етудің және кәсіпорын жетістігінің маңызды кепілі.
Ал 2009 жылы мәлімметтер бойынша 84 адам жұмыс жасаған. Кәсіпорынның басқару аппараты, сондай ақ мамандар мен жұмысшылар жоғары білікті кәсіпқой мамандармен қамтылған. Еңбек ақыны ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қазіргі “Еңбек туралы” Заңына сәйкес жүргізіледі.
Жеке еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім. Осы бойынша қызметкер жұмыс беруінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндетті, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақтылы да толық көлемде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттеледі. Осылайша жұмыс беруші мен қызметкердің арасында еңбек қатынасы қалыптасады. Бұл ретте ең алдымен атқарылған жұмыстың сапасы керек. Білімді де білікті мамандар қажет.
3 ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ бойынша іс шаралар
3.1 Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары
Нарықтық қатынастарға өту – адамның еңбек ететін ортасының экономикада елеулі, терең болуын талап етеді. Бұл жерде өндірісті күшейтуге бетбұрыс жасау керек; әр кәсіпорынды, ұйымды, фирманы экономикалық өсудің сапалық факторларын толық және бірінші кезекте пайдалануына бағыттау керек. Соның арқасында жан – жақты дамыған өндірістік күші мен өндірістік қарым – қатынасы, жақсы қалыптастырылған шаруашылық механизмі бар, жоғары деңгейде ұйымдастырылған және тиімді экономикаға өту қамтамасыз етілуі керек.
Қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылататын, оның жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды фактор – ғылыми техникалық прогресс болып табылады. Соңғы уақыттарға дейін ғылыми – техникалық прогресс эволюциялық түрде өтіп жатты. Бұл жерде жұмыс істеп жатқан технологияға машиналар мен қондырғыларды бөлікті модернизациялауға айрықша көңіл бөлінді. Ал бұл шаралар анықталған, бірақ елеусіз нәтиже беріп отырды. Жаңа техниканы зерттеу мен енгізу шараларын қолдау да жеткіліксіз болды. Қазіргі нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайларында, саналы, революциялық өзгерістер қажет: ол ғылым мен техниканың жетістіктерінің негізінде халық шаруашылығының барлық салаларында түпкілікті түрде қайта жасақтандыру деген мағынаны білдіреді.
Ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттары:
1. Жетілген прогресивті технологияны: мембраналық, плазмалық, лазерлік, шамадан тыс жоғары қысымдар мен импульстік күштер технологияларын кеңінен игеру.
2. Өндірісті автоматтандыру – роботты техниканың, ротарлы және ротарсыз конфейерлі тізбектің, икемді автоматтандырылған өндірістің тез дамуы – олардың еңбек өнімділігінің жоғары болуын қамтамасыз ететін факторлар.
3. Металл өнімдерінің, пластмассаның, композиттердің, метал ұнтақтарының, керамиканың және тағы басқа жетілген конструкцияның материалдарының жаңа түрлерін жасау және қолдану.
Нарықты экономикаға өту жағдайында, оның бастапқы сатысынан бастап өткізілетін ғылыми–техникалық шараларының маңызы зор. Кәсіпорынның ұжымы, олардың басшылары ең алдымен еңбектегі материалдық қызығушылыққа баса назар аударады. Салық төлегеннен кейінгі пайданың едәуір бөлігі тұтыну қорына аударылады. Қазіргі таңда ол дұрыс емес. Нарықтық қатынастарының дамуына қарай, кәсіпорындар болашақты есепке ала отырып, өндірістің дамуына көп көңіл бөледі және шығаруға керекті қаржы немесе басқа құралдарды дұрыстап бөледі деп ойлаймыз.
Сонымен қатар бұл жерде ғалымдардың, конструкторлардың, инженерлердің, жұмысшылардың творчестволық еңбегіне экономикалық, әлеуметтік қолдау жасаудың қажеттігінің маңызы өте зор. Техника мен технологияда түпкілікті өзгерістердің болуы, техникалық факторлар мен қатар ұйымдастыру, экономикалық және әлеуметтік факторлардың барлығын жұмылдыру – еңбек өнімділігінің елеулі жоғарылауына себепкер болады. Алдағы уақытта жаңа техникамен технологияны енгізуді, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың дамыған түрлерін өндірісте кеңінен қолдану, оның нормалануын жетілдіру, өндірістің өсуіне қол жеткізу, тәртіпті нығайту, еңбек ұжымының бір қалыпты болуын қамтамасыз ету жолында жұмыс жасау керек.
«БОЛК» ЖШС өндірісін күшейту мен тиімділігін арттырудың маңызды шарттарының бірі – үнемдеу тәртібі болып саналады. Ресурстарды сақтау күннен–күнге өсіп келе жатқан жанармайға, энергияға, шикізат пен материалдарға сұранысты қанағаттандыратын шешуші көзге айналуы керек. Бұл мәселелерді шешудегі өнеркәсіптің рөлі өте маңызды. Алдағы уақытта халық шаруашылығын конструкцияның және басқа материалдарды, шикізат пен жанармай – энергиялық ресурстарды пайдаланудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін машиналар және қондырғылармен жабдықтаудың, тиімділігі жоғары, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді жасау және қолдану қолға алынуы тиіс.
Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық бірлігіне шаққанда жанармай, металл, энергияны дамыған мемкеттермен салыстырғанда көп жұмсайды. Бұл өндіріс көлемінің ұлғаюы кезіндегі ресурстардың тапшылығына және өз кезегінде шикізат пен жанармай – энергетикалық базасының ұлғаюына, керекті шығындардың ұлғаюына алып келеді. Оның бетін қайтару үшін отандық өнеркәсіпті түбегейлі түрде модернизациялау керек, өйткені ол ғылыми – техникалық прогрестің үдеуінің , халық шаруашылығының қайта құрылуының басты шарты болып табылады. Сонымен бірге ұзақ уақытты стратегиялық мақсаттарға жету – халықтың тұтынушылық мұқтаждығымен үйлесіп отыруы керек.
Қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарлату негізгі қорларды дұрыс пайдалануға байланысты.
Жасалған өндірістің қуаттылығын барынша қарқындылықпен пайдалану керек. Олардың ырғақты, толық жұмыс істеуін, ауысымдығының жоғары болуын және соның негізінде әр қондырғы бірлігінен, әр өндірістік алаңның шаршы метрінен өнімнің түсу көлемін арттыру керек.
Машина жасау тек қарқындылықпен, үдемелі түрде дамуы тиіс - өйткені ол халық шаруашылығының барлық салаларындағы ғылыми – техникалық прогресстің негізі болып табылады. Бұл жерде әсіресе , станок жасауға, электротехникалық өнеркәсіпке, микроэлектроникаға, есептеу техникасына, прибор жасауға, ақпаратты индустрияға көп көңіл бөлу қажет.
Өндіріс тиімділікті арттырудағы маңызды орынды ұйымдастыру – экономикалық факторлары басқару алады. Олардың рөлі қоғамдық өндіріс көлемінің ұлғаюымен, шаруашылық байланыстардың күрделенуімен жоғарылайды.
«БОЛК» ЖШС өндіріс тиімділігінің деңгейіне елеулі әсерін тигізетін өндірістік әлеуметтік инфрақұрылым әрі қарай дамыту мен жетілдіруді талап етеді. Мысалы, басқаруда бұған сол басқаруды жоспарлаудың, тұтас шаруашылық механизміне экономикалық жағдай жасау түрлері мен тәсілдерін жетілдіру жатады; жоспарлауда - жоспарлардың іске асатындығы мен баланстығы, жоспарлы көрсеткіштердің тиімді жасалған жүйесі жатады.
Әрине шаруашылықтың тиімді жүзеге асырылуы үшін керекті техникамен технологияны енгізудегі ғылымның орны ерекше. Ол жерде өндірістің еңбек сыйымдылығын, материал сыйымдылығын, энергосыйымдылығын төмендету, үнемдеу тәртібі мен өнім сапасын жоғарылату мақсатымен басты және іс жүзіндегі зерттеулерді қолға алған дұрыс.
«БОЛК» ЖШС өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды бағытының бірі - инвестициялық белсенділік.
Инвестициялық саясат капиталдық салымдардың тиімділігінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Капиталдық салымдардың әлеуметтік мұқтаждықты, ғылыми – техникалық прогресстің үдеуін қамтамасыз ететін салаларға салынуын қамтамасыз ету керек. Салынатын құралдардың басым бөлігі жаңа құрылысқа емес, жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың техникалық қайта жасақтандырылуына жұмсалғаны жөн.
Ғылымның жоғары технологиялық өрістеріне негізделген өндіріс, өнім нарығының дамуына, интеллектуалдық меншіктің қорғалуына тікелей әсер етеді, инвестицияның ғылыми зерттеу және тәжірибе – конструкторлық жобалармен байланыстылығын күшейте түседі.
Бүгінде тиімділік пен өнімділікті арттыруды ынталандыру үшін еңбекақы жүйесін ғана емес, оны қалыптастыруға деген көзқарасты өзгерту қажет. Бұл жаңа көзқарасқа жауапкершілікті, икемділікті, пайдаға қатысуды, өз жұмысының және бүкіл кәсіпорын жұмысының тиімділігін көтеру қалауын ынталандыру туралы жаңа идеялар кіреді.
Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік әлеуетінін қазіргі даму барысында жұмысшылар мен қызметкерлерді өнімді еңбекке ынталандыру жүйесін күшейтуге бағытталған кешенді шешімдер қабылдануы қажет. Мұндай тұжырымның объективтік себептерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
ең аз және орташа жалақы мөлшері мен тұтынудағы сұраныстың өскендігіне байланысты еңбекке ақы рөлінің жоғарылауы;
өнеркәсіптік ұжымдарда «шаруашылық серіктестігін» дамытудың қажеттілігі, яғни жұмысшының әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша да тиісті шешім қабылдай алатындығын қамтамасыз ету.
Постиндустриалды, әлемдік технологияның прогресшіл жаңа талаптарына сай дамып отырған өндіріс жағдайында еңбеккерлердің шығармашылық мүмкіндігі толығырақ жүзеге асырылуы қажет. Басқару ісіне нақты кірісу, ортақ құндылыққа өзінің қатысы бар екенін сезіну,жұмысшының еңбекке деген құлшынысын жоғарылатады, өндірістің резервтерін бұрынғыдан гөрі толығырақ пайдалануға ынталандырады. Ұжым мүшелерінің жеке меншіктік, яғни иелену құқы, басқаруға тікелей араласу сәті (өндіріс қаражатын жұмсау өкілеттілігі, өндірістік процесті ұйымдастыру және оның нәтижесін әділ бөлу) сайып келгенде ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Өндіріс тиімділігінің жүйесінің дамуында Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары экономикалық ынталандыру жүйесінің келешегінде еңбекке ақы төлеуді жетілдірудің қажеттілігін ерекше бөліп атауға болады.
Қазіргі кезде отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының көпшілігі шетелдік өндірушілердің тәжірибесін ескере бермейді. Мысалы, тарифтік жүйе мерзімдік және кесімді еңбекақының үйлесімділігіне негізделген.
Еңбекақыны мерзімдік төлегенде еңбекті мөлшерлеу жұмысы жүргізіледі, сондай – ақ тапсырмалардың мөлшерленуі де іске асады. Қазіргі кезде, кейде экономистер кәсіпорындардағы тарифтік жүйені мемлекеттік емес меншіктен алып тастау немесе жалақының бүкіл қорын әр жұмысшының жұмсаған еңбегінің түпкі нәтижесіне қарай бөлу қажет деген пікір айтады. Бірақ, біздің ойымызша, тарифтік жүйенің басты артықшылығы – ол жұмысшының біліктілігіне әсер етеді. Нарықтық ғылыми – техникалық прогресс жағдайында, сериялық өндіріс технологиясы жұмысшылардың жоғары біліктілігін қажет етеді және бұл кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының, еңбек ресурстарының әлемдік бәсекелестікке лайықты төтеп беруінің негізгі шарты. Тарифтік жүйенің тағы бір артықшылығы, жұмысшы оны әлеуметтік әділдік ретінде қабылдайды, өйткені ол жұмыстың қиыншылығын, оның жауапкершілігін бағалайды. Тарифтің экономикалық ұтымдылығы – кәсіпорындар өздері өз бетінше жұмыс «бағасының» көрсеткішін анықтай алады, техникалық саясатқа сай шұғыл бақылап отыруды қажетсінеді.
«БОЛК» ЖШС өндіріс тиімділігін арттырудың келешегі зор бағыты – ерекше сыйақы беру. Жұмысшыларды сыйақыландыру жоғары өнімді және жоғары сапалы еңбекке ынталандыру, іс - әрекеттің түпкі нәтижесін жақсарту, кәсіпорын жұмыскерлерінің өмір сапасын көтеру мақсатында жүргізіледі. Сыйақы, еңбек мөлшері үшін алған ақыдан ерекше. Ол қолпаштау сипатында болып, төмендегідей принциптерге негізделеді:
сыйақы беру даралық сипатта болуы тиіс: жұмысшының аймақ , цех, кәсіпорын жұмысы көрсеткішін жақсартуы үшін өзінің қосқан үлесі үшін беріледі;
сыйақы беру нақты, белгіленген мөлшерлеме мен нормативті орындағаны үшін емес, еңбектегі ерекше жетістіктері үшін берілуі тиіс;
сыйақы беру – ағымдағы (ай сайын) және жыл қорытындысы бойынша тағайындалады;
сыйақы беру жүйесі қарапайым, әрбір жұмысшыға түсінікті болуы керек.
Өндіріс тиімділігін арттыру механизмінің негізгі құрамдас бөліктері:
экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны,оның сапалық сипаттары;
шығарған өнімнің отандық және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін көтеру және сапасын жақсарту;
халықтың материалдық жағдайын көтеру;
жаңа технологияларды меңгеру;
ғылыми және инновациялық жұмысының әсерін күшейту,адам капиталын нәтижелі пайдалану.
Қорытындылай келе, нарықты экономиканың қалыптасуы барысында өндірістік тиімділікті жоғарылататын барлық факторлардың мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Осының нәтижесінде ғана реттелетін дамыған нарықтық шаруашылық қалыптасады.
Нарықты экономика жағдайында экономикалық және өндіріс тиімділікті жоғарылатудың мәні өте жоғары.
Қоғамдық еңбектің өнімділігі қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпылама белгісі ретінде болып отыр.
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштері – еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы, қор сыйымдылығы ретінде қолданылады.
Шығындардың тиімділігі туралы толық мәлімет алу үшін көрсеткіштердің құндық және натуралдық жалпылама сипаттамасы керек. Осы мақсатта шығындардың жалпы және салыстырмалы экономикалық тиімділігі қолданылады.
Нарықты экономика жағдайындағы кәсіпорындардың, фирмалардың шаруашылық ісін бағалаудың негізгі белгісі – кәсіпорындардың қорларға қатысты пайдасы мен рентабельділігі.
«БОЛК» ЖШС өндірісінің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторлары мен бағыттарына ғылыми–техникалық прогресс, үнемдеу тәртібі, негізгі қорларды пайдалану деңгейін жоғарылату, экономика құрылымын жетілдіру, тиімді инвестициялық саясат, т.б жатады.
3.2 Ұсынылған іс шаралардың экономикалық негіздемесі
Өндірістің тиімділігі көбінесе өндіріс технологиясын таңдауға тәуелді. Технология өндірістің негізгі факторлары арасындағы өзара әрекеттесуін, сонымен қатар ғылым мен тәжірибе арқылы жаңадан ашылған механикалық, физикалық және химиялық қасиеттеріне негізделген өндіріс құралдарының еңбек затына әсер етуі тәсілдерін көрсетеді.
Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интернациялануына мүмкіндік береді.
2004 жылы қабылданған “Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы” заң Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экономикасын ары қарай дамыту.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми – техникалық потенциал – кез – келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет көркеюінің негізгі жолы – ғылыми – техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар және жаңлықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми – техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады.
Диплом жұмысында зерттеліп отырған «БОЛК» ЖШС-нің инновациялық әлеуетін көтеру үшін келесідей ұсыныстарды ұсынып отырмын:
- инновациялық стратегияның басым бағыттарын анықтау;
- «БОЛК» ЖШС инновациялық қызметтінің белсенділігін күшейтетін экономикалық, институционалдық және нормативті-құқықтық климатын қалыптастыру;
- ғылыми - өндірістік және инновациялық инфрақұрылымды дамыту;
- кәсіпорында инновациялық мақсатқа арналған қаржы ресурстарын пайдалану механизмін қалыптастыру;
- ғылыми нәтижелерді енгізуге, техникалық деңгейді және өнімнің бәсекеге қабілетін көтеруге салынатын инвестиция көлемін анықтайтын санаткерлік меншік құнын есептеу механизмін жасау, әзірленімді бағалау негізінде алынған өнімді өткізуден пайда, бәсекелестердің баламалы өнімімен салыстырғанда жаңа өнімнің артықшылығы.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында бәсекеге қабілетті елді қалыптастыру жөнінде нақты міндеттер қойылған. Әртараптандырылған және сапасы жоғары өнімді өндіретін экономиканы, оның секторлары мен жеке салаларын дамыту басты мақсат болып саналады. Оған индустриялық – инновациялық саясат бағытталады.
Қазақстан осыған байланысты жоғары нәтижеге жету үшін ең үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуді қолға алып отыр. Индустрияны дамытудың кластерлік тәсілін пайдалану әлемдік және аймақтық нарықтарда бәсекеге қабілетті дайын өнім өндіруге қол жеткізу үшін өндіріс факторларын бір жерге жинауға мүмкіндік береді. Демек , бұл бәсекеге қабілетті салалардың жиынтығын құрау деген сөз. Қазіргі кезде отандық өнеркәсіптің тұрақты дамуына келтірер кедергілер көп. Соның бәріне өнеркәсіп өндірісіндегі техника сапасының төмен деңгейі болып отыр. Негізгі капиталдың моралдық және табиғи тозуының басымдығы кәсіпорын өндірісінің ескі құрал – жабдықтармен жұмыс істеуі импорттық баламалармен бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та толық жүктелмейді. Қазіргі кезде қолданылмай бос тұрған техниканың ішінде де моралдық және табиғи тозығы жеткен құралдардың үлесі көп деп айтуға болады. Тоқтап тұрған құрал – жабдықтарды іске қосу шараларын ұйымдастыру жұмыстарының дәрежесі өте төмен. Жалпы алғанда, моралды және табиғи тозығы жеткен өндірістік аппарат басым. Өнеркәсіптегі құрал – жабдықтардың орташа жасы 20 жылдан астам, ал негізгі құралдардың тозу деңгейі кейбір кәсіпорындарда 45 – 55 жыл құрайды.
Ескірген капиталды ұзақ сақтау еліміздің өндірістік аппаратының ары қарай ескіруіне әкеп соқтырады, мұның өзі экономиканың жоғары қарқынмен дамуына және сыртқы нарықта бәсекелік қабілеті жоғары өнім өткізуіне мүмкіндік бермейді. Еліміздің технологиялық артта қалуы күшейе түседі және ол көп жыл бойы жинақталған ғылыми–техникалық әлеуеттің толық жойылуына әкеп соқтырады, яғни негізгі капиталды жаңартуды талап етеді.
Оларды өз уақытында ауыстыру, техникамен қайта жарақтандыру , жаңғырту, реконструкциялау үрдістерін жедел қарқынмен жүргізу үшін инвестициялық және инновациялық ресурстар қажет екені белгілі. Өнеркәсіп кәсіпорындарында техникаға қажеттіліктің өсуінен машина жасау саласының өнімдерін сатып алуға инвестиция ресурстары жеткіліксіз.
Кәсіпорындардағы техникалық базасының ескіре бастауы мен инвестициялық тартымдылық болмау салдарынан соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібі секторында инвестициялық белсенділік бәсең болып отыр. Қазірге дейін инвестицияның басым бөлігі кен өндіру өнеркәсібіндегі мұнай–газ секторына бағытталып келеді.
Инновацияны енгізуді жеделдету көзіне инвестиция жататынын, бірақ бұл екі үрдіс әруақытта қатар жүргізіле бермейтінін байқауға болады. Кәсіпорын немесе фирмада инвестиция көлемі көп болғанымен, олар көп жағдайда ескірген құрал–жабдықтарды жаңартуға жұмсалады. Керісінше, инвестицияның аз көлемін кәсіпорын басшылары инновациялық өнім өндіруге жұмсайды. Сондықтан инвестицияның көп көлемі инновациялық өнім шығаруды көбейтуге алып келе бермейді.
Көптеген ғылыми ізденістерде, соның ішінде еліміздегі экономикалық әдебиеттерде инновация ғылыми –зерттеу үрдісінің тікелей жалғасы ретінде қарастырылған. Бірақ, экономикасы инновацияға қарай бет бұрған көптеген елдер тәжірибесінен инновацияның ғылыми-зерттеу және тәжірибе – конструкторлық жұмыстарды жүргізумен ғана емес, сонымен қатар оның нәтижелерін пайдалануда қол жеткен табыстарымен анықталатынын байқауға болады.
Инновациялық жаңалықтар ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, тауар өндірушілердің тұтынушылармен, жабдықтаушылармен және бәсекелестермен нарық конъюктурасына сәйкес ақпараттары байланыста болуын қажет етеді.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық–инновацияның әлеуеті (өнеркәсіп, сала, кәсіпорын бойынша) инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті интеллектуалдық, ғылыми, ғылыми–техникалық, материалдық, өндірістік, қаржы–инвестициялық және басқару ресурстарының жиынтығын білдіреді.
Экономикасы дамыған елдерде инновациялық қызмет кәсіпқой менеджментпен үйлестіріле отырып, өнеркәсіптік өндіріс пен өндірістің басқару тиімділігін көтерудің негізгі алға жетелеуші күшіне айналған. Сөйтіп, олармен ғылыми –техникалық жасалымдардың иелері, инновациялық өнімдерді тұтынушылар, несие – қаржы, патентті – лицензиялық, консалтингті, оқу - әдіснамалық және тағы басқа мемлекеттік және жеке құрылымдар айналысады.
Шетелдің өнеркәсіптік кәсіпорындар тәжірибесінен кәсіпорын басшыларының инновациялық үрдісті жүргізуге, жаңалықтарды ашу мен енгізуде стратегиялық бағыт ұстануы басты мақсат болып табылады.
Инновациялық мүмкіндіктерді іздестіру және өнеркәсіптік салалар үшін тиімді комбинациялар құру нақты инновациялық жобаны таңдау мен жүзеге асыруға әкеп тірейді. Кәсіпорынның инновациялық әлеуетін көтеруге жалпы өнім көлеміндегі жаңа технологияның үлесі немесе еңбек сыйымдылығы жоғары өнім, қолданылатын технологиялық үрдістің орташа жасы, шикізат пен материалдарды пайдалану коэффициенті, жоғары білікті мамандар саны әсерін тигізеді.
Мемлекет қазіргі кезде пассивті түрдегі инвестициялық саясаттан белсенді саясатқа көшуде, сөйтіп инвестициялық үйлестіруші функциясын орындап отыр. Даму банкін күшейту және инвестициялық қор, инновациялық қор, экспорт пен капиталды сақтандыру Корпорациялары, маркетингтік және аналитикалық зерттеу, инжиниргтік және технология трансферті орталықтары сияқты дамудың мемлекеттік қаржы институттары құрылды.
Қазақстанда дайын өнім өндіруге, өндірісті дамытуға салымдардың аз және несиелік ресурстардың пайыздық ставкаларының жоғары болуына қарай оларды алуда жоғары шектер қойылған. Мұндай кедергілерді жою мақсатында Даму институттарының құрылтайшысы болып мемлекет табылады.
Даму институттары жобаларды қаржыландыруда белгілі бір операциялар мен қызмет түрлеріне байланысты мамандандырылуы тиіс. Мысалы, Даму банкі жобаларды қаржыландыруда банк несиесінің көмегімен инвестициялық қор жарғылық қордағы үлестік қатысу арқылы, инновациялық қор – ғалымдарға және ғылыми мекемелерге гранттар беру немесе капиталдағы үлестік қатысу бойынша мамандандырылады. Яғни, жаму институттарының табиғаты нарықтық болғанымен, қызметі бәсекеге негізделуі тиіс.
Әрине, олар қосылған құндардың технологиялық және экономикалық тізбектілігін дамытуға бағытталған жобаларға да қатысатын болады деп көзделуде. Бұл өнімнің бәсекеге қабілетінің барлық параметрлеріне жауап бере алатын, соңғы өнімге бағытталып жұмыс істейтін көп салалы кәсіпорындар құруға да мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
Мемлекет бюджетінен бөлінген қаржылардан құрылған институттарды қалыптастыру арқылы жалпы мемлекет тарапынан экономикадағы сыңаржақ дамуға шек қоя отырып, жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндірістерді өркендетуде инновациялық экономиканы қалыптастыруда күрделі проблеманы шешуге мүмкіндік береді.
Осы бағытта жүргізіліп жатқан іс –шараларды зерттей келе, Даму институттарынан қаржы алуда инновациялық және инвестициялық жобалардың негізгі кемшіліктеріне олардың сапасының төмендігін, өтініш білдіруші жоба иелерінің дайын еместігін, кепілдік беру базасының аздығын, айналым қаржыларының жеткілксіздігі байқалады. Сонымен бірге, кәсіпорындардың бизнес – жоспар жасау тәжірибесінің жетіспеушілігін, жаңа технологияларға қол жете бермеушілік пен мемлекеттік процедураларды білмеушіліктің басым екенін көруге болады.
Мемлекеттік деңгейде инновациялық басымдылықтарды таңдау критерийлеріне:
жобаның жиынтық коммерциялық тиімділігі;
жаңалықтардың жалпы мемлекеттік және әлеуметтік мәні;
ғылыми және техникалық жаңалықтар деңгейі;
тиісті облыстарда өзекті техникалық және технологиялық міндеттерді шешуге бағыттау;
салааралық бағыттылық, инновациялық облыстарда жаңа технологияны дамытуға дүмпу бола білу;
әлемдік нарықта тауарлар мен қызмет түрлерінің позициясын күшейту;
мамандармен қамтамасыз ету, санаткерлік әлеуеттің өсуін ынталандыру;
ақпараттармен және патенттермен, лицензиялармен қамтамасыз ету дәрежесі;
қаржыландырудың әртүрлі көздерін тарту мүмкіндіктерін күшейту;
жобаны жүзеге асырудың ұйымдастыру - басқару механизмінің болуы;
қоршаған орта жағдайына әсер ету;
тәуекел деңгейі жатады.
Отандық өнеркәсіпті технологиялық тұрғыдан индустрияландыру үшін алдыңғы қатарлы ғылыми және техникалық шешімдерді жүзеге асыратын салалар мен кәсіпорындардың белсенділігін арттыру және дамыту басты мәселеге айналуы тиіс деп санаймыз. Бұл үшін өнеркәсіп кәсіпорындары трансұлттық корпорациялармен, ірі шетелдік және отандық компаниялармен қауымдастықты күшейткен жағдайда біріккен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі жоғары болады.
Аймақтарда, ірі кәсіпорындарда инновациялық қорлар құру ғылыми – технологиялық парктер қалыптастыруға жол ашады.
Өндірістік кәсіпорындарда өндірісті техникамен жарақтандыру қосымша инвестицияларды қажет етеді. Машиналар мен құрал – жабдықтарды импорттау өндірістің технологиялық деңгейін көтеруге мүмкіндік бермей отыр.
Қазіргі кезде технологиялық үрдістерді жаңарту мен ресурстарды үнемдеу арқылы өнімнің сапасы мен бәсекелік қабілетін көтеретін инновацияны енгізу басты мақсат болуға тиіс.Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы инновациялық белсенділіктің төмен болуы оның экономикалық көрсеткіштеріне теріс ықпалын тигізіп отыр.
Сөзсіз, технологиялық инновациялар өте қымбат болғандықтан, оларды табыс көлемі жоғары ірі компаниялардан сатып ала алады. Мемлекет ірі кәсіпорындармен біріге отырып, қымбат бағалы ғылыми жаңалықтардан тұратын техника–технологиялық жобаларды сатып алу үшін қаржы ресурстарын щоғырландыра отырып, таңдамалы түрде жүргізілетін инновациялық саясатты жүргізуі қажет деген ойға келеміз.
Өнеркәсіпте инвестициялық-инновациялық әлеуетті көтерудің негізгі мақсаттарына мыналар жатады:
1. өнеркәсіптің инновациялық әлеуетін көтеру;
2.өнеркәсіп салалары құрылымындағы қарама – қайшылықтарды жою;
3. өнеркәсіп өнімдері мен қызмет түрлерінің тұтыну нарығын кеңейту;
4.өнеркәсіп технологиясының ескіруіне жол бермеу;
5. өндірістік-экологиялық проблемаларды шешу;
6. индустрияландыру үрдістерін инновациялық және инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету тетіктерін анықтау;
7. өнеркәсіпті қайта индустрияландырудың негізгі өзегіне инвестициялық – инновациялық әлеуетті көтеру шараларын әзірлеу.
Нарық жағдайында инновациялық сфера тоқырау құбылыстарына тез сезімталдық білдіріп, өнеркәсіп құрылымының өзгеруіне әсерін тигізеді. Нарықтық экономикада инновациялық идеяларды жүзеге асыру үрдісінің ұзақ мерзімге созылып кетуі оның құндылығын жоймақ.Өйткені, «Ақша - инновация» ережесіне негізделген жүйеде тезірек табыс табу үшін басқа кәсіпорындар біраз уақыттан бері игерілмей келе жатқан жаңа рыноктарды, оның ішіндегі сыртқы рыноктарды бағындырудағы аса тиімді әрі таптырмас құрал болып есептеледі.
Көп жағдайда, инновацияларды өндіріске енгізу кезінде кездесетін қаржы тапшылығы жаңалықтарды ойлап табу, іздестіру, өндіріске енгізу, қолдану және т.б іс - әрекеттерді жүзеге асыруға тежеу салып отырады. Сондықтан, мемлекет тарапынан және өнеркәсіп саларълары кәсіпорындарының жеке қаражаттарынан құралатын инвестициялар көлемін инновациялық үрдістермен тығыз байланыстырған жөн.
Жаңа технологиялар іргелі және қолданбалы зерттеулер негізінде кәсіпорындардың капитал, жұмыс күші, өндіріс факторларының бірігуі арқылы өндіретін өнімдерін жаңартуға және экономикалық тиімділікті көтеруге көмектеседі. Көп жағдайда инновациялық жаңалықтардың тәуекел деңгейі жоғары болуына байланысты өнеркәсіп кәсіпорындары шығынға ұшырау қаупінен қорқып,жаңалықтарды енгізуден бас тартады. Әйтседе экономикалық ықпалдасу үрдістері, әлемдік нарықтағы күрт өзгерістер өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті белсенді жүргізуді талап етеді.
Кең ауқымда алғанда, инновациялық әлеуетті көтеруде өндірістерді жаңа техникамен жарақтандыру, реконструкциялау мен модернизациялау жұмыстары жалпы өнеркәсіптің дамуына, ондағы салалардың ұтымды құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді деп санауға болады.
Біздің пікірімізше, инновациялық қызметтің тиімділігі деп, кең ұғымда кәсіпорынның нарықта жемісті жұмыс істеуі мен бәсекелестермен тең жағдайда күресе білу қабілетін айтады. Ал, қысқа ұғымда алғанда , жаңалықтарды енгізу нәтижелері мен оған кеткен шығындардың қатынасын көрсетеді. Әсіресе, инвестициялық шығындардың үлесін атап көрсету керек.
Қазақстан өнеркәсібінде инновациялық әлеуетті көтеру үшін:
- инновация облысында халықаралық байланысты күшейтуге ықпал ету, технологиялық трансферттің ішкі және сыртқы каналдарын дамыту;
- маркетингтік, аналитикалық және конъюктуралық зерттеу орталықтарын құру арқылы экономиканың нақты секторында инновациялық дамуды таңдамалы түрде конъюктуралық зерттеу жүргізу және инновациялық қызмет субъектілерін ақпараттармен қамтамасыз ету;
- амортизация нормаларын ырықтандыру қажет. Жеке алғанда негізгі қорларды жаңарту стимулдарының бірі ретінде негізгі қорлардың жағдайын жан – жақты зерттеу арқылы амортизация нормаларын көтеру мүмкіндіктерін қарастыру қажет;
- өнеркәсіп салаларына импортпен келетін техника, технология мен отандық өндірістің техника–технологиялық деңгейін объективті түрде бейнелейтін статистикалық көрсеткіштер жүйесін енгізу және қалыптастыру;
- инновациялық аяға мемлекеттік емес қаржы институттарынан қосымша ақша қаражаттарын тартуды қамтамасыз ететін венчурлық қаржыландыру механизмін жасау сияқты көптеген іс – шараларды белсенді жүргізу қажет деп санаймыз.
Инновациялық жаңалықтардың тиімділігі келесі көрсеткіштер жүйесімен анықталады: инновациялық циклдың сатылары бойынша ресурстарға қажеттілікті анықтау үшін инновацияны инвестициялаудың сыртқы және ішкі факторларын кешенді түрде есепке алу; Қазақстан өнеркәсібінің салаық құрылымындағы ұтымды үйлесімнің болмау себебінен техника, құрал – жабдық, агрегаттар мен станок өндіруші машина жасау саласының артта қалуы, жалпы өнеркәсіптің баяу дамуына әсерін тигізіп отыр.Осыған байланысты инновациялық қызметті жүргізуде кәсіпорындар негізгі капиталды импорттауға мәжбүр болып отыр.
Индустриялық дамыған мемлекет қатарына отандық экономиканың қосылуы үшін инновацияларды сырттан әкелмей өз өнеркәсібімізде дайындау, білікті мамандарды жұмылдыру, ғылыми-өндірістік орталықтарды құру және ұйымдастыру, олардың мүддесіне сай ынталандыру шараларын жүргізу тек жеке өнеркәсіп салаларында ғана емес, оны мемлекет тарапынан жүргізу қажеттігі әлде қашан дәлелденген. Қазіргі экономиканың өсу тенденциясы оған барлық мүмкіндіктердің бар екендігін айғақтайды.
Инновациялық үрдістердің тиімділігін арттыру және тездетудің түйінді факторына инвестициялық - инновациялық басқару саналады. Бұл әрі - фактор, әрі – үйлестіруші, ықпалдастырушы күш. Оның көмегімен инвестициялық және инновациялық кедергілерді жоя отырып, инновациялық-инвестициялық дамудың стратегиясының тиімді вариантын таңдау арқылы оның ұтымды жолына түсуге көмектеседі. Қазіргі таңда ел экономикасы дамуының шешуші факторы - ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен – күнге көз жеткізіп келеміз. Стратегияның негізгі мақсаты - бәсекелестікке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.
Индустриялық – инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация - негізгі қозғаушы күш болмақ. Бұл айтылған мәселелер әрине, біздің зерттеу объектімізге де қатысты. «БЛОК» ЖШС – нің өндіріс тиімділігін арттыру үшін инновацияның маңызы ерекше екендігі сөзсіз. Сол арқылы кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатып, оның тиімділігін арттыру үшін мол мүмкіндіктер пайда болады. Жалпы алғанда , инновация өндірісте тиімділіктің бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік. Сондықтан өндіріс тиімділігін арттыруда инновацияның рөлі айрықша деген тұжырым жасаймыз.
Қорытынды
«БЛОК» ЖШС өндіріс тиімділігінің деңгейіне елеулі әсерін тигізетін өндірістік әлеуметтік инфрақұрылым әрі қарай дамыту мен жетілдіруді талап етеді. Мысалы, басқаруда бұған сол басқаруды жоспарлаудың, тұтас шаруашылық механизміне экономикалық жағдай жасау түрлері мен тәсілдерін жетілдіру жатады; жоспарлауда - жоспарлардың іске асатындығы мен баланстығы, жоспарлы көрсеткіштердің тиімді жасалған жүйесі жатады.
Әрине шаруашылықтың тиімді жүзеге асырылуы үшін керекті техникамен технологияны енгізудегі ғылымның орны ерекше. Ол жерде өндірістің еңбек сыйымдылығын, материал сыйымдылығын, энергосыйымдылығын төмендету, үнемдеу тәртібі мен өнім сапасын жоғарылату мақсатымен басты және іс жүзіндегі зерттеулерді қолға алған дұрыс.
Сапалы өнім бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі тетігі.Бүгінде әлемдік нарықта ойып тұрып өз орныңды еншілеудің негізгі себептерінің бірі бәсекелестікке төтеп бере алатын өнім өндіру.
Дамудың қазіргі кезеңінде біздің қоғамымыздың алдында орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі позицияларымызды нығайту,ел халқының жоғары өмір сүру деңгейін және Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа лайықты орнын алуын қамтамасыз етуге қабілетті тиімді ұлттық экономика құру міндеттері тұр.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың маңыздылығын, бүгінгі күні, ішкі нарыққа ұсынылған өнімдердің арасынан сапасы мен бағасы және тартымдылығы жағынан ең тиімдісін анықтаумен сипатталады.Біздің зерттеуіміздегі жабын материалдар және қабырғаға қажетті материалдардың бәсекелік қабілеті де, оның тұтынушылық қасиеттерінің бағасына сәйкесиігімен, ұқсас өнімдер арасында тұтынушыға ұнамды қасиеттерінің болуымен анықталады.
Диплом жұмысын жазу нәтижесі төмендегідей тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
Әлемдік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бірқатар мәселелерге тап болып отыр. Негізгі мәселелерге мыналарды жатқызуға болады: өндірістің біржақты, шикізаттық бағыты, әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі, ел ішіндегі салааралық және аймақ аралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, ішкі рынокта тауарлар, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы, ғылым мен өндірістің арасында ықпалды байланыстың болмауы;ғылыми –зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлінуі , менеджменттің экономикалық ғаламдану процестеріне және сервистік - технологиялық деңгейге өтуге бейімдеу міндеттеріне сәйкес келмеуі. Осы орайда нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі үшін өнтіріс тиімділігін арттыру өте маңызды. Себебі әрбір кәсіпорын өз қызметінің, еңбек өнімділігінің жоғары болғанын қалайды. Сондықтан да әрбір кәсіпорын нарықтық позицияға сай өзінің тиімділігін арттыруға тырысады.
Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін жоғарылату өте күрделі процесс болып саналады. Диплом жұмысын жазу барысында мысалға алынған «БЛОК» ЖШС қызметін талдау барысында оның қызмет ету тиімділігін жетілдіру жолдары ұсынылды.
Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі кәсіпорынның тұрақты экономикалық өсуі және дамуы, өндірістік өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің артуына байланысты. Тауар өндіруінің негізгі мақсаты - әлемдік сапа деңгейіндегі жоғары бәсекеге қабілетті өнім өндіретін жоғары пайдалы кәсіпорын ұйымдастару.
Кәсіпорында еңбек өнімділігін арттыру үшін қызметкерлердің еңбек мотивациясын күшейту керек. Бірақ пайдаға қатысу рационализаторлық үшін сыйақы, еңбек тәжірибесі үшін қосымша төлем, икемді еңбек графигі, еңбекті байыту және т.б сияқты мотивациялаушы позициялар қосымша мотивацияларға жатады және көпшілік жағдайда олар кәсіпорында қарастырылмайды, себебі қосымша капитал салымын талап етеді. Осындай мотивациялаушы элементтер еңбек өнімділігіне тек жанама түрде әсер етеді және қажетті мотивация ретінде қарастырылмайды, себебі кәсіпорын қызметінің соңғы технико – экономикалық көрсеткіштерінің, атап айтсақ, таза табыс пен рентабельділіктің жоғарылауына елеулі әсер етпейді. Кәсіпорынның басшылары жұмыссыздықтың жоғары деңгейімен қолдана отырып ұсынылған бағдарламасын жүзеге асыруға қызығушылық танытпайды.Сондықтан ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыру үшін кәсіпорынның өзінің тиімділігін жоғарылату керек.
Тауар өндірушінің негізгі мақсаты - әлемдік сапа деңгейіндегі жоғары бәекеге қабілетті өнім өндіретін жоғары пайдалы кәсіпорын ұйымдастыру (жұмысшылардың жеке ынталарын пайдалана отырып).
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі - кәсіпорынның қысқа, орта, ұзақ мерзімдердің нәтижелеріне бағытталған кәсіпорын әзірлеген стратегиясына тәуелді экономикалық категория болып табылады.
Өндіріс тиімділігін арттыру үрдісінде негізгі қағидаларды ескерген жөн:
шығармашылық көзқарас – кәсіпорын болашағын көре білу;
инновация – техника мен технологияны жаңарту; өндірістік ұйымдастыру және нарық саясатын жаңарту;
икемділік және бейімделгіштік - нарық талаптарына сәйкес үнемі өзгерістер енгізіп отыру;
кәсіпорын қызметінің үнемі есебін және бағалауын жүргізіп отыру;
кәсіпорын дамуының әлсіз және күшті жақтарын өзіндік бағалау;
кәсіпорын стратегиясын жүзеге асыру;
ресурстық мүмкіншіліктерге сәйкес блу;
персоналды ынталандыру.
Өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру әр факторды жеке – жеке есепке алуды ғана емес, сонымен қатар оларды тиімді үйлестіру, өзара толықтыру әдістерін табуды талап етеді. Ең жаңа техника нашар ұйымдастырылған өндірісте күтілген нәтижені бермейді, ұйымдастыру үшін менеджмент деңгейі маңызды орынды алады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
2. Н.Назарбаев. Инвестициялық тартымдылық - бәсекеге қабілеттілік қасиеті. // Егемен Қазақстан 2006ж. – 9маусым
3. Қазақстан Республикасының Индустриялық – инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004ж 17 мамырдағы N 1096 Жарлығы. Астана,2004.Источник: справочная правовая система ЮРИСТ.
4. К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов, Ж.Г. Жұмағалиева “Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау” оқу құралы, Алматы 2001ж.
5. Лисицина Н. А. “Экономика, организация и планирование промышленного производства” Минск: “ Высшейшая школа” –1999г.
6. Г.И. Әбдікерімова. “Кәсіпорын экономикасы” , оқу құралы. Алматы, 2007ж
7. Российская экономическая академия им. Г.В Плеханова. “ Экономика предприятия” Учебник. Москва ИНФРА- М –2008.
8. Қазақстандағы өндіріс тиімділігін арттыруда материалдық ынталандыру жүйесін дамытудың бағыттары//Қаржы – Қаражат журналы – Астана:2006,№3-4
Қосымша А:
Сурет 2 - «БЛОК» ЖШС-нің басқару құрылымы
72
Информация о работе Өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріс тиімділігін арттыру бойынша іс шаралар