өндірістік шығындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 21:07, курсовая работа

Краткое описание

«Микроэкономика» курсының аталып отырған тарауы өндірістегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты шығындардың қалай өзгеретінін талдауға арналған. Осыған байланысты зерттеудің маңызы өте зор, себебі фирмалардың өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. өндірілетін өнім көлемінің өзгеруі жалпы және орташа шығындарды өзгертеді, ал бұл жағдай баға мен фирмалар ұсынатын тауарлардың мөлшері арасындағы қатынасқа едәуір ықпалын тигізеді.

Содержимое работы - 1 файл

Өндірістік шығындар.DOC

— 100.50 Кб (Скачать файл)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

8-сурет.  Ұзақ мерзімдегі орташа жалпы  шығын қисығы

      Егер 3-тен әлдеқайда көп өнеркәсіп орындарын қарастыратын болсақ, онда 8-суретте көрсетілгендей ұзақ мерзімдегі орташа жалпы шығын қисғын 

(LRAC) аламыз және бұл қисық қысқа мерзімдегі орташа жалпы шығындарды жанап өтеді. LRAC өнім көлемі Q* шамасына жеткенге дейін төмендейтін болса, онда өндірістің өсу ауқымы оң әсерлі болады, демек еңбекті тиімді қолдану, өндіріс факторларының өнімділігін арттыру, жаңа технологияны пайдалану және т.б., көлемі үлкен өнеркәсіп орындарында жақсы нәтижелерге жеткізеді. LRAC-тың жоғарылауы өндіріс ауқымы өсуінің өндіріске теріс әсерін тигізетінін, себебі бұл уақытта көлемі үлкен өнеркәсіпті басқару тәсілдері ойдағыдай болмай, еңбек және капитал өнімділігін төмендетеді.

      Ұзақ  мерзім кезеңіндегі шекті шығын  қисығы (LRMC) осы мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығын (LRAC), LRMC-тың ең төменгі деңгей нүктесінде басып өтеді. Ұзақ мерзімдегі шекті шығын қисығы LRMC өнім көлемі өзгеруіне байланысты жалпы шығынның қалай өзгеретінін көрсетеді. LRMC мен LRAC-тың арасындағы өзара байланыс қысқа мерзім кезеңіндегі шекті шығындар (МС) мен орташа жалпы шығындар (АС) арасындағы байланыс сияты болды.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

9-сурет.  Ұзақ мерзімдегі шекті және  орташа жалпы шығындар қисығы

Информация о работе өндірістік шығындар