Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 14:22, задача
Ақша реформаларын қарастырмас бұрын, сол ақшаның не екенiн және оның шығу тегiн қарастырып алайық. Күнделiктi өмiрiмiзде кездесетiн, үнемi қолданыста болып жүрген ақшаға тұсiнiк бер десе, “жәй ғана қағаз ақша, монета” деп айта салатын едiк.Ақша-бұл қатысуымен қоғамдық қатынастар туындап пайда болатын экономикалық категория; ақша дербес формада құн өлшемi, айналыс төлем және жинақ құралы бола алады.Ақша ежелгi заманда пайда болды.
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Ақша реформаларын қарастырмас бұрын, сол ақшаның не екенiн және оның шығу тегiн қарастырып алайық. Күнделiктi өмiрiмiзде кездесетiн, үнемi қолданыста болып жүрген ақшаға тұсiнiк бер десе, “жәй ғана қағаз ақша, монета” деп айта салатын едiк.Ақша-бұл қатысуымен қоғамдық қатынастар туындап пайда болатын экономикалық категория; ақша дербес формада құн өлшемi, айналыс төлем және жинақ құралы бола алады.Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар- бұл сату мен айырбастау ұшiн жасалынған еңбек өiнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi (зат), оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар фирмасын қабылдайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойныдалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттыңң рәсуә болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтанда әрбiр тауар қажеттi тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi.Алғашқы қауымдық құрылыс, кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға кезейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнының жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта=5 құмыра, 1 қыт=1 қап бидай және т.б.). Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты неғұрлым жиi айрбасталатын, тауар-барлық басқа тауарлардың бiр-бiрiмен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келiп, құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын тұрде өту басталды. Бiрақ оның ролi тауарға нық бекiтiлмеген едi. Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiл тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе рәсiмделiнбеген ақша формасын әртүрлi тауарлар қабылдады.Әрбiр тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентiн алға тартады. Бiр халықтың өзiнде әртүрлi уақыттарда және әртүрлi халықтарда бiр мезгiлде әртүрлi эквиваленттер болды. Сонымен, бiрiншi iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен мал айырбас құралына айналды. Олардың белгiлi-бiр түрлерi табиғи климаттық жағдайларда нақты сол отарда айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейiт аудандарда-тұйе; тундрада-бұғы жалпы құндық эквивалент қызметiн атқарды. Малды жалпы эквивалент ретiнде пайдаланғаны туралы нақты дәлелдер әртүрлi қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерiнде табылған заттарда кездеседi. Гомердiң көне Троя батырлары туралы поэмасында өгiздi құн өлшемi ретiнде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда “өгiз” деген атау ойып өрнектелiп жазылып жүрдi. Латынның сөзi ”пекуние” (ақша) ”пекус” (мал)сөзiнен шыққан. “Рупа” (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы ”рупия” негiзiнде жатыр. Ежелгi Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейiн де ”мал” деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 былай деген: “бiздiң жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан-10 гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады”. Осы кездегi қазынашы “малшы”, қазына, қазына жинау орны-мал ұстайтын орын деп аталынды. “Капитал” сөзiнiң шығуы да малменен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде бұл сөз мал басы санының көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң байлығын көрсеттi. Солтүстiк халықтары ең бiрiншi тауар ретiнде айырбас үшiн, жүндi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойынша әртүлi тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды (ұкi және т.б.). Құс жүндерi Солтүстiк Сiбiр халықтарында, ал аң жүндерi Солтүстiк Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретiнде пайдаланылды. Жүн ақшалар Моңғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кеңiнен таралды. Ежелгi Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бiрi болды. Ежелгi русь елiнде жұн ақша жүйесiнiң бүгiнi болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күмiс пен 7000 руб жүн табылған. Жылы теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде бақалшақ (раковиндi) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ ақшалардың келесi атаулары сақталынды бұлар: чангос, цимбис, бонгес, хайкве және т.б. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендiрулер түрiнде жiпке тiзiлгендерi Ежелгi Үндi елiнде, Қытайда, Үндiқытайда Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы ақшалар қызметiн атқарды. Американдық үндiлердiң белдiктерiнде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдар келбет-кескiнiн өрнектеп, былғары белдiктерге көрiк бердi. Бақалшақтарды Солтүстiк Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында аиырбас құралы ретiнде пайдаланылды. Кейiн келе металдардың арасында басты роль алтын мен күмiске өте бастады, өйткенi олар жалпы эквивалент үшiн аса қажеттi сапаға ие. Әрине металдар бұған дейiнгi ақша формаларын бiрден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келдi. Темiр ақшалар күрес, таға, шеге, шынжыр және т.б. формаларды ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы “драхма” “бiр уыс шеге” деген мағынаны бiлдiредi. Мыс ақшалар қазандық құмыра қалқан түрлерiнде айналыста болды. Күмiс және алтын ақшалар жүзiп, сырға, бiлезiк түрiнде де пайдаланылды. Бiрақ б.э. дейiн ХIII ғасырда салмағы көрсетiлген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бiрлiктерi фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бiрлiктерi атауымен аталады. Алғашқыдағы белгiлi массасы бар формасың металл ақшаларды кейiн келе әр түрлi массадағы бiркелкi формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады. Монеталардың пайда болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. “Ақша-зат емес, ол-қоғамдық қатынас”. Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келедi. Бұл дегенiмiз қоғамнан бөлiнген адамдар үшiн ақша керек еместiгiн бiлдiредi. Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам алғы баспайтын аралда қажет болған.
Ақша-өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi бiр экономикалық қарым-қатынастарды көрсететiн, тарихи даму үстiндегi экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретiнде ақшаның, мәнi оның үш қажетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады.
• алпыға тiкелей айырбасталу;
• айырбас құнының жеке формасы;
• еңбектiң сыртқы заттық өлшемi.
Жалпыға тiкелей айырбасталу формасында ақшаның айырбастау мүмкiншiлiгiнiң бар екенiн көрсетедi. Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тiк қоғамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi. Кәсiпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазiргi кезде тiкелей айырбастау формасында ақшаның пайдаланудың көлемi едәуiр кеңiдi.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттiң кiрiсiн қалыптастыру, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Еңбектiң сыртқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшенуi мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi.
Ғалым экономистердiң арасында алтынның ақшалай тауар ретiнгi ролi туралы әр түрлi көзқарас бар. Бiреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бiрдей эквивалент және ақша қызметтерiн атқару ролiн орындауды толығымен тоқтатты дейдi. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келдi. Несие ақшалар жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде жүрдi. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерiн атқаруды жалғастыруда дейдi екiншi бiреулер. Ал, ендi ұшiншi бiреулер алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындаушы, ерекше тауар ретiндегi өзiнiң қасиеттерiн сақтап қалды дейдi.
Жекелеген елдердiң iшiнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгiлерi (қоғамдық белгiлерi) қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бiрақта алтын дүние жүзiлiк ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бiрдей эквиваленттi бiлдiредi.