Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 11:29, реферат

Краткое описание

Екінші кезең - "электрондық үкiметтің" сервисiн дамыту азаматтардың тіршілік-тынысы мен мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің барлық саласын қамтитын сан алуан сервистердi дамытуға, сондай-ақ әкiмшiлiк процестерге кең ауқымды технологиялық қайта жабдықтау жүргізуге бағытталатын болады. Осы кезеңде транзакционды қызмет көрсетулер iске асырылатын болады.
Үшiншi кезең - ақпараттық қоғам құру e-медицина, e-бiлiм, e-мәдениет, е-демократия және басқалары сияқты жобаларды iске асыруды қоса алғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет көрсетулерiн трансформациялауды, ақпараттық қоғам құруды көздейдi.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР МЕН АҚПАРАТТЫҚ
ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ...........................................................................................4
1.1 Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың мақсаттары,қорғау, ұйымдастыру шаралары...................................................................................4
1.2 Нормативтік-құқықтық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру.....6
1.3 Е-үкiметтің ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету........7
2 АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ,ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ.........................................8
2.1 Ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шаралары..9
Қолданылған ә

Содержимое работы - 1 файл

реферат по УПРИОН.doc.doc

— 89.50 Кб (Скачать файл)

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамыту, оны ұйымдастыруды жетілдіру

 

Кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік өзекті проблема екендігін халықаралық тәжірибе растайды. Әлемдегі бір де бір мемлекетте Интернетте және электрондық төлемдерде киберқылмыстың - вирустардың таралуы, жағымсыз хабарлар (бұдан әрі - спам), ерсі ақпараттар, қарақшылық, алаяқтық негізгі түрлеріне қарсы тұрақты иммунитеті жоқ.

Ақпараттық қауіпсіздікті қорғау ұлттық заңнаманың шығарылған ақпараттың зияткерлік меншігін қорғау, Интернет арқылы таралатын компьютерлік вирустардың, қорлау және ерсі ақпараттардың, қоғамға қарсы үндеулердің, спам, ақпаратқа рұқсатсыз қолжеткізуді жібермеудің, Интернетті пайдалануға қолданылатын қорғау құралдарын пайдаланудың тәртібін белгілеу, сондай-ақ мұндай құқық бұзушылық жасаушы тұлғаларды тиімді анықтау және жазалау үшін нормативтік шарттар жасаусыз мүмкін емес.

Бірыңғай ақпараттық кеңістікте құқықтық қамтамасыз етумен қатар субъектілердің ақпараттық өзара әрекет етуі ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын қабылдауды талап етеді. Бұл шаралар мыналарды қарастырады:

1) ақпараттың тарап кетуінің, жоғалуының, жасандылығының алдын алу;

2) жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі қауіп-қатерінің алдын алу;

3) ақпаратты жою, модификациялау, бұрмалау, көшіру, шектеу бойынша қолданылатын іс-әрекеттердің алдын алу;

4) жеке меншік объектісі ретінде ақпараттың және құжаттаманың құқықтық режимін қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелерге заңсыз араласудың басқа түрлерінің алдын алу;

5) азаматтардың ақпараттық жүйедегі бар дербес деректерінің құпиялылығын және жеке құпиясын сақтаудың конституциялық құқығын қорғау;

6) құжатталған ақпараттың жасырындылығын және құпиялылығын сақтау;

7) ақпараттық үдерістерде және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологиялар мен құралдарды шығару және қолдануды әзірлеу кезінде иелік етуші субъектілердің құқығын қамтамасыз ету;

8) Қазнетке қатысушы ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігі және ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету проблемалары бойынша ақпараттық-анықтама қорын құру;

9) сыртқы теріс әсерден Қазнеттің ақпараттық кеңістігін қорғау;

10) Интернетті құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалану фактілерін анықтау мақсатында Қазнеттің ақпараттық кеңістігінің мониторингін жүзеге асыру.

Бірыңғай ақпараттық кеңістіктегі субъектілердің өзара іс-әрекет етуін ұйымдастыру ережесі заңдардың орындалуын, мемлекеттік және коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз етуі қажет. Бұл ережелер заңдармен реттелуі қажет.

Бірыңғай ақпараттық кеңістікте аппараттық-бағдарламалық құралдар электрондық өңдеу, сақтау және қабылдау-хабар беру кезіндегі барлық оқиғаларды қандай сатысында болса да хаттамалауды және ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуі қажет.

Бұдан басқа, киберқылмыспен күресудің табысты кепілі ақпараттық қауіпсіздік саласында қызмет етуші мемлекеттік органдар мен бизнестің серіктестігі, халықаралық ұйымдардың киберқауіпсіздік жүйесіндегі нормативтік, технологиялық және ұйымдастыру инфрақұрылымын дамыту ісі болып табылады.

 

 

 

Қорытынды

 

 

Кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік өзекті проблема екендігін халықаралық тәжірибе растайды. Әлемдегі бір де бір мемлекетте Интернетте және электрондық төлемдерде киберқылмыстың - вирустардың таралуы, жағымсыз хабарлар (бұдан әрі - спам), ерсі ақпараттар, қарақшылық, алаяқтық негізгі түрлеріне қарсы тұрақты иммунитеті жоқ.

Ақпараттық қауіпсіздікті қорғау ұлттық заңнаманың шығарылған ақпараттың зияткерлік меншігін қорғау, Интернет арқылы таралатын компьютерлік вирустардың, қорлау және ерсі ақпараттардың, қоғамға қарсы үндеулердің, спам, ақпаратқа рұқсатсыз қолжеткізуді жібермеудің, Интернетті пайдалануға қолданылатын қорғау құралдарын пайдаланудың тәртібін белгілеу, сондай-ақ мұндай құқық бұзушылық жасаушы тұлғаларды тиімді анықтау және жазалау үшін нормативтік шарттар жасаусыз мүмкін емес.

Бірыңғай ақпараттық кеңістікте құқықтық қамтамасыз етумен қатар субъектілердің ақпараттық өзара әрекет етуі ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын қабылдауды талап етеді.

Мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулер ұсынуы ақпаратты қорғау үшiн белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын болады, ол ақпараттың жоғары деңгейде қорғалуын және e-қызмет көрсетулердi пайдаланушылардың сенiмiн қамтамасыз етедi. Интернеттiң қазақстандық сегментiнiң домен кеңiстiк мемлекеттiк реттеу домендердi бөлудiң бiрыңғай тәртiбiн белгілеу және kz доменiн басқару орталығын құру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу арқылы қамтамасыз етiлетiн болады. Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде ақпаратты қорғау саласындағы ұлттық стандарттар әзiрленедi және/немесе халықаралық стандарттар қабылданатын болады, оларға сәйкес e-үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту кезiнде ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар айқындалатын болады. E-үкiмет инфрақұрылымының құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру аяқталуына қарай олардың әрқайсысы үшiн қауiпсiздiк саясатын айқындайтын нормативтiк құжат әзiрленедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылғн әдебиеттер

1 http://op.yandex.ru/

2 www.google.ru

3 Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471 Жарлығы

4 Ақпараттандыру туралыҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 217 Заңы

10

 



Информация о работе Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету