Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 11:59, лекция
МЕА деп-белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатқызылмайтын бірақ қандай да бір бағаға құнға бағаланатын болғандықтан ұйымға өнім өндіруге, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
Материалдық емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
Кәсіпорындарда материалдық
емес активтердің қатарына
Лицензиялық келісімдер – Заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын басқа бір заңды тұлғаға беру. Ал бұл құқыққа ие болған ұйым оның иесіне материалдық емес актив үшін белгіленген тиісті мөлшерде ақша төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттер орындайды. Мұндай келісімді кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муниципалитет береді.
Бағдарламамен қамтамасыз ету, ол әлде сатып алынады, не болмаса субъектінің өзі жасайды және сыртқы немесе ішкі мақсаттарға арналады.
Патенттер – заңды түрде танылған және тіркелген айырықша құқықтар. Патент белгілі бір өнімді шығаруға , не болмаса арнайы ерекше процесс пен технологияны пайдалануға эксклюзивтік құқық береді.
Ұйымдастыру шығындары – жаңадан ұйым ашқанда жұмсалатын шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізуге, заң орындарына төленетін төлемдер, банктерде шот ашу үшін төлемдер, жарнамалар үшін төлемдер және т.б. шығындар жатады.
Гудвилл немесе Фирма бағасы бір кәсіпорын екінші кәсіпорынды түгелдей сатып алғанда пайда болып, материалдық емем активтер шотында есептелетін құндылық. Ол ұйымдарды сатып алған кездегі нақты нарықтық баға мен таза активтерінің баланстық құнының арасындағы айырма. . Егер сатып алынған ұйымдағы барлық активтердің сатып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, осы құндардың арасындағы айырым «жағымды гудвилл» деп, керісінше кем болса «жағымсыз гудвилл» деп аталады.
Сауда маркалары – ол тауарға, өнімге берілген атаулар, рәміздер, сауда белгілері.
Авторлық құқықтар – ол шығармалардың, әзірлемелердің және т.б. авторларының құқықтарын заңмен қорғау формалары.
Франшизалар – ол мемлекет меншінгіне ие болуға, коммуналдық қызмет көрсетуге және т.с.с. жұмыстар жасауға үкіметтік органдар беретін құқықтар.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтер басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатылып алыну, басқалардың субъсидия ретінде немесе сыйға беруі барысында, сондай- ақ кәсіпорынның өз ішінде ойлап табуы негізінде пайда болады.
Объектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу (жатқызу) тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.
Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:
• Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың кәсіпорынға жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
• Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
• Басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін жұмсалған шығындар сомаларының қосындысыбойынша бағаланады.
Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу- Хау» деген ұғымды келтіруге болады.
«Ноу- хау» деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субъектіге табыс (пайда) беретін (әкелетін) жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады. «Ноу- хау» жалпы «патент» сияқты болып көрінгенімен одан өзгеше болып келеді. Кәсіпорындар патентті сатып алады, сондықтан да ол үшін сатып алуға қаржы жұмсалғандықтан оның бастапқы құны болады. Көп ауқыттарды «Ноу-хау»- дың бағасы, яғни бастапқы құны оны кәсіпорынға кіріске алатын, яғни балансқа алатын уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша белгіленеді.
Материалдық емес активтердің амортизациясы
Кәсіпорындардағы материалдық
емес активтер өздерінің
Кәсіпорындарда материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын,яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырылады. Яғни, материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударым есептелініп тұрады. Амортизациялық аударым (өтелім) мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі кәсіпорынның қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, амортизациялық аударым (өтілім) он жылға есептелінеді. Бірақ ол ұйымның қызмет атқару уақытынан (мерзімінен) аспауы керек. Жалпы материалдық емес активтердің тозуы бухгалтерлік есеп шоттар жоспарының: «Материалдық емес активтердің амортизациясы»,- деп аталатын шоттарында жүргізіледі.
Амортизациялық құн – «бастапқы құн минус жойылу құны» болып айқындалады.
Жойылу құны нөлге тең есптеледі, егер:
1. Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші жақтың келісімі болмаса;
2. Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық болмаса:
а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың болуына;
ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса.
Нарық белсенді саналады, егер:
- нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);
- мәмілеге келуге ниетті – сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға болатын болса.
- сатып алынатын және сатылатын тауарлар халыққа қолайлы, арзан бағалар болса.