Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 07:19, доклад
Инновациялық экономиканы қалыптастыру. Экономиканы инновациялық жолға көшіру Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Елдің ұлттық мүдделері осыны талап етеді, әлемдік дамудың негізгі үдерістері осыны қуаттайды. Соңғы кездері мемлекет инновациялық қызметті дамыту үшін кең ауқымды шаралар қабылдауда. Алайда, мойындау керек, инновация біздің экономикамыз үшін нө¬мірі бірінші басымдыққа айналды десек те, оның іске асырылуы уақыт талап еткен деңгейге көтеріле қойған жоқ.
Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы
Инновациялық экономиканы қалыптастыру. Экономиканы инновациялық жолға көшіру Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Елдің ұлттық мүдделері осыны талап етеді, әлемдік дамудың негізгі үдерістері осыны қуаттайды. Соңғы кездері мемлекет инновациялық қызметті дамыту үшін кең ауқымды шаралар қабылдауда. Алайда, мойындау керек, инновация біздің экономикамыз үшін нө¬мірі бірінші басымдыққа айналды десек те, оның іске асырылуы уақыт талап еткен деңгейге көтеріле қойған жоқ. Ал шын мәнінде елдің технологиялық инновацияларға қабілеті осы заманғы қоғамның базалық сипаты болып табылады. Мұндай қабілеттілік ақыр соңында жаңа өнім дүниеге келетін зерттеулер мен талдамаларға ғана келіп саймауы керек.
Ол осы заманғы өндіріспен, маркетингпен, сатып өткізумен, сондай-ақ тұты-нумен байланысты нәрселердің бәрін қамтуы тиіс. Бұл тұрғыда Елбасы “Жаңа кезең – жаңа экономика” атты еңбегінде жан-жақты айтқан болатын. Белсенді қалыпта болатын инновацияларға ұлттық қабілеттілікті қалыптастыру мен қолдау үшін бүкіл қоғам осы саладағы жетістіктерді аса маңызды ұлттық басымдық ретінде қарастыратын идеялар мен құндылықтарды жете ұғынуы қажет. Күрделі сипатқа ие және көптеген факторлар мен қоғамдық институттарға тәуелді инновациялардың табиға-тын тек қана мамандар тобы емес, тұтастай алғанда қоғам да терең сезінуі керек. Инновациялық проблемалар ғалымдар, менеджерлер, бизнесмендер, саясаткерлер, заң шығарушылар белсенді түрде қатысатын тұрақты жалпыұлттық диалогтың тақырыбы болуы тиіс.
Қоғамда инновациялық бағдарды қалыптастыру үрдісінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі артуы керек. Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерісі өзгеруі тиіс, мұны оларды шығармашылық жеке тұлғалармен жұмыс істеуге бейімдеу арқылы іске асыруға болады. Елдің инженерлік жүйесі ерекше назар аударуды талап етеді, өйткені инновациялар қаншалықты ғылыми қызмет болса, соншалықты инженерлік қызмет те. Бір сөзбен айтқанда, іс-қимылымызда инновациялық үлгіні бағдар ету Қазақстан қоғамы идеологиясының бір бөлігіне айналуы тиіс, Жапонияда – 1960-шы жылдары, ал АҚШ-та – 1980-1990-шы жылдары солай жасалынған.
Мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту. Жаһандану үдерісімен және ішкі-сыртқы рыноктарда бәсекелестіктің күрт күшеюі себепті экономикалық даму қағидаттарының өзгеруі жағдайында экономикалық үдерістерге мемлекеттік ықпал ету әдістерін қайта қараған орынды болмақ. Мемлекеттік кәсіпкерлік элементтерін, тұжырымдамасын енгізу қажет. Бұл ретте мемлекет экономиканы реттеуші рөлімен шектеліп қалмайды, оның ең басты салаларында белсенді қатысушыға айналады. Қазақстандағы қазіргі жағдай осындай тұжырымдаманың болуы маңызын күшейтеді. Өйткені әлемдік шикізат рыноктарындағы қолайлы конъюнктурадан алынатын мемлекеттік активтердің ұлттық экономиканы дамытуға анағұрлым белсенді қатысуы үшін алғышарттар бар.
Информация о работе Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы