Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 00:08, автореферат

Краткое описание

Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.

Содержимое работы - 1 файл

Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары.doc

— 318.50 Кб (Скачать файл)

Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу.

Зерттеудің теориялық және практикалық ережелері мен тұжырымдары Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ кафедрасында студенттерді экономика мен менеджмент мамандығы бойынша оқытқанда пайдаланылады. Әзірленген ұйымдастыру-экономикалық механизмі «Қарағанды кәмпиттері» АҚ-ның практикасында қолданылады.

Зерттеу нәтижелерінің жариялануы.

Диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша жалпы көлемі 3,9 баспа табақ 9 мақала жарияланды.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Көлемі 179 беттен тұратын жұмысқа 33 кесте, 23 сурет енген.

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Бәсеке негізгі ұғымдардың арасында ең танымал әрі іргелі эконо­микалық санат болып табылады. Бәсекемен ұйымның бәсекелік жайғасымы, бәсекелестік стратегиясы мен ұйымның бәсекеге қабілеттілігі сияқты ұғымдар тығыз байланысты. Осы ұғымдардың арасында белгілі себеп-салдары бар өзара байланыс орнаған. Ұйымның нарық жағдайындағы бәсекелестік теориясы мен практикасы осы ұғымдардың жиынтығына сүйенеді.

Монополияға қарсы саясат саласындағы қазіргі заңнама ережелерінде дәстүрлі нарық экономикалы мемлекеттер нарықтың белгіленген бәсекелі ортасын қамтамасыз ете отырып, оны реттеуге тырысады.

Алғашқы уақыттан бастап бәсекеге нарықты реттеуші ғана емес, сонымен бірге ынталандырушы функция да берілген болатын. Басқаша айтқанда бәсеке өндірісті және тауар массасының сапасын дамыту, жетілдіру факторы ретінде қарастырылды.

1990-шы жылдары бәсекенің мүлдем басқа анықтамасына негізделген теориялық тұжырымдамалар пайда болды.

Бәсеке ұғымының дамуына ресейлік және қазақстандық ғалымдар айтарлықтай үлес қосты. Бұған Қазақстанда шаруашылық жүргізу жағдайларының түбегейлі өзгеруі мен оның әлемдік интеграциялық процестерге қатысуы дәлел болып отыр.

Бәсеке пайда болып дамитын жерде бәсекелестік артықшылықтар туындайды.

Соңғы ондаған жылдарда әлемдік экономиканың дамуы классикалық теорияларды қайта қарауды қажет етті. 1990-шы жылдары бәсекелестік артықшылық теориясын әзірлеген, сондай-ақ ұйымның ішкі де, әлемдік нарықтағы бәсекелестік артықшылығы елде қалыптасқан ахуалға байланысты екенін тұжырымдаған М. Портердің зерттеулерінің маңызы зор. М. Портердің пікірінше, осыған қатысты факторлық жағдайлар; сұраныс; стратегия, фирмалардың құрылымы мен бақталастығы; салалас және қолдайтын салалардың даму деңгейі жатады. Бәсекелестік артықшылыққа өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, тауарларды жоғары деңгейде әртараптандырып немесе нарықты орынды сегменттеу арқылы қол жеткізуге болады. Г.Л. Азоев осы тізімге ұйымның бәсекелестік артықшылықты қалыптастыру талаптарына жаңалық енгізуді, нарықтың қажеттілігіне жылдам ден қоюды қосты.

Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңінде ресурстардың сиректігі мен тұтынушының қолында бар ақпараттың шектеулі болуына байланысты бәсекелестік артықшылыққа жету қиындап келеді. Бизнестегі жағдайдың жылдам өзгеруіне орай ұйым қалыптастырып іске асыратын бәсекелестік артықшылық ұзақ уақыт бойы сақталмайды.

Бәсекеге қабілеттілік бәсекелік артықшылықтардың барын белгілейтін нәтиже болып табылады, тауар, кәсіпорын, сала, экономика қолданылатын объектіге байланысты оны әрқалай түсіндіруге болады.

Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі – бұл өте күрделі ұғым. Бір жағынан, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі бәсекелес шетелдік тауарлар мен қызметтерге ішкі де, сондай-ақ сыртқы нарықта ойдағыдай төтеп беретін сатылатын тауарлар мен қызметтердегі экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік, басқарушылық, маркетингтік және өзге де мүмкіндіктердің шоғырлануымен анықталады, екінші жағынан, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі – бұл елдің мемлекеттік және қоғамдық құрылым жүйесінің, қоғамның қоғамдық өмірінің барлық қырларын саяси-құқықтық ұйымдастыру мен реттеудің артықшылығы, мемлекеттің ұлттық экономиканың тұрақты, серпінді дамуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ қоғам мүшелерінің осымен байланысты әлемдік стандарттарға сәйкес материалдық әл-ауқаты.

Бәсекеге қабілеттілік проблемасы әлемнің барлық мемлекеттерін алаңдатады: елдің бәсекеге қабілеттілігі елдің әлемдік нарықтағы жағдайын талдап қорытатын әрі сипаттайтын көрсеткіш. Экономикасы әлсіз елдің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі жоғары болмайды.

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экономиканың жаңа деңгейіне жетуі біршама күрделі процесс. Осы процесті бәсекеге қабілеттілікті бағалауды үйренбей, оны өлшейтін көрсеткіштерді білмей басқаруға болмайды.

Бүгінгі күні басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелестік жағынан артықшылықтары жоқ емес. Осы артықшылыққа экономикалық жағынан тартымды әрі ішкі тұтыну үшін арзан энергия мен басқа да пайдалы кен қазбаларының запасы жатады. Сонымен бірге еліміздің экологиялық және геоэкономикалық, оның ішінде аумақтың транзиттік әлеуеті де бар.

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін елдің бәсекеге қабілеттілігінен ажырата білген орынды. Экономиканың бәсекеге қабілеттілік проблемасы елдің инвестициялық тартымдылығымен байланысты, ал елдің бәсекеге қабілеттілігі елдегі өмір сүрудің сапасымен байланысты.

Бәсекеге қабілеттілік бәсекелестік артықшылықтың болуын тіркейтін нәтиже болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікке кәсіпорынның қызметіне ықпал ететін нарықтағы стратегиялық және тактикалық өзгерістер (сұраныстың өзгеруі, демографиялық өзгерістер, табиғи құбылыстар және т.б.) ықпал етеді.

Ұйымның бәсекеге қабілеттілігі оның қазіргі жағдайын талдау нәтижелерінің негізінде алынады. Осы процесте бәсекелестік артықшылық көздері, бәсекеге қабілеттілікті, жұмыстың тиімділігі мен тұрақтылығын, сондай-ақ бәсекелестік ортасының даму жағдайы мен оның даму үрдістерін арттыру факторлары анықталады. Зерттеу бойынша экономикалық әдебиетте ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың әр түрлі тәсілдемелері салыстырмалы түрде қолданылған (1-кесте).

 

1-кесте. Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың негізгі әдістемелік тәсілдемелері

 

Тәсілдемелер, авторлар

Бәсекеге қабілеттілік өлшемі

Талдау нәтижесінде алынған ақпарат

Д. Рикардоның Салыстыр­малы артықшылықтар тео­риясы

Барынша төмен салыстыр­малы шығын

Бәсекелестердің еңбек өнім­ділігінің деңгейі

А. Маршалдың Фирма мен саланың тепе-теңдік теориясы

Өндіріс факторларын пай­даланудың жоғары өнім­ділігі

Өндіріс факторларының өнімділік деңгейі

Э. Хекшер мен Б. Олиннің Өндіріс факторларының ара­қатынасының теориясы

Барынша төмен факторлық шығын

Өндіріс факторларының салыстырмалы құны

Тиімді бәсекелестік теориясы

Фирманың бәсекелестігінің қарқындылығы. Жоғары эко­номикалық қызмет көрсет­кіштері

Саланың монополиялылы­ғы. Нарықтағы ағымдағы және келешектегі бәсеке­лестік ахуал

Ұйымның бәсекеге қабілет­тілігін өнімнің сапасы бойынша анықтау («Бейін­дер әдісі»)

Өнімнің жоғары сапасы

 

Осы уақыт сәтінде өнді­рілетін өнімнің сапа деңгейі

Басқарудың стратегиялық тәсілдемесінің негізінде бә­секеге қабілеттілікті талдау­дың матрицалық әдістері

Жақсы бәсекелік жайғасым

 

Ұйымның күшті және нашар жақтары, оны мүм­кіндіктері мен сыртқы қоршаған орта тарапынан төнетін қауіп

Ескерту – әдебиет көздерінің негізінде автор құрастырған

Бизнес жағдайының өзгеруі салдарынан ұйымның бәсекелік жай-күйін жүйелі түрде талдау қажет.

Кәсіби жасалған талдау іске асырылатын бәсекелестік стратегиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін, ұйымның мүмкіндіктері мен нашар жақтарын анықтауға, сондай-ақ бәсекелестік жағдайында өзін қорғау қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Талдау нәтижесінде алынған ақпаратты басшылық бизнестің өзгерген жағдайында ұйымның қажетіне жауап беретін стратегия әзірлеу үшін пайдалана алады.

Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижелерінің негізінде бағалау үшін жүйелі, кешенді және нормативтік тәсілдемелер қолданылады.

Ұйымның бәсекеге қабілеттілігі жүйелік тәсілдеме тұрғысынан баға­ланғанда бизнестің сыртқы және ішкі ортасының факторлары жеке баға­ланады.

Бәсекелестік артықшылықтарды бағалау кезінде кешенді тәсілдеме тұрғысынан техникалық, құқықтық, нарықтық, ғылыми, экономикалық, ұйымдастыру, психологиялық және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін және өзара ықпал ететін басқа да аспектілер ескеріледі.

Бағалауда нормативтік тәсілдемені қолданумен қатар ұйымның бәсекеге қабілеттілігінің нақты факторлары нормаланады және мониторинг жасалады.

Қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдар нарықтық экономикаға өту жолында бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге тиіс болды. Бұл жағдайда бәсекелес ортаны кешенді, жан-жақты талдау негізінде өзінің бәсекеге қабілеттілігін дұрыс бағалап, бәсекелестік артықшылықты қалыптастыру мен оны іске асыру бағыттарын ұсынудың маңызы артты.

Қазақстан Республикасының ЖІӨ 2009 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,2%-ға өсті. ЖІӨ-нің құрылымында тауар өндірісінің үлесі 2008  жылы 45,6%-ды, қызметтер өндірісінің үлесі 51,9%-ды құрады. 2009 жылдың қаңтар-маусым кезеңінде – ЖІӨ-нің тауар өндірісі үлесі – 39%, қызмет көрсетуде – 61,3%-ды құрады.

Өнеркәсіптік өндірістің мөлшері 2008 жылы қолданыстағы бағада 10188,4 млрд. теңгені құрады, 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға өсті.

Тамақ өнеркәсібі Қазақстан өнеркәсібінің халықтың саны мен сапасы бойынша қажетті азық-түлік өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды саласының бірі болып табылады. Тамақ өнеркәсібінің құрамына 30-дан астам арнайы мамандандырылған сала, шағын сала мен жекелеген өндіріс кіреді.

Қазақстанның тамақ өнеркәсібінде 4059-ға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын мен өндіріс жұмыс істейді, олардың көбісі шағын және орта кәсіпорындар (80%-ға жуығы). Осы кәсіпорындар мен өндірістерде 67 мың адам жұмыс істейді, ал тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтіндердің саны 8%-ға ұлғайды. Өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндердің жалпы санының тамақ саласында жұмыс істейтіндердің үлесі 10,5%-ды құрайды.

Қазақстан Республикасы тамақ өнеркәсібінің даму үрдісі және осы саланың еліміздегі өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 2-кестеде келтірілген.

 

2-кесте. Тамақ өнеркәсібі дамуының негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

2005

2006

2007

2008

2009

Өнеркәсіптік өндірістің жалпы кө­лемі, млрд. теңге

5253,0

6509,9

7815,9

10188,4

10361,6

Тамақ өнеркәсібі, млрд.теңге

463,1

518,5

837,3

801,8

791,8

Өткен жылға, %-бен

118

107,2

106,8

98,8

98,2

Өнеркәсіптік кәсіп­орындар мен өн­дірістердің саны

5151

4868

4574

4401

4059

Өнеркәсіптік өнімнің жалпы көле­міндегі сала өнімінің үлесі

8,8

7,9

10,6

7,8

7,6

Негізгі қызметтегі қызметкерлердің саны, мың адам

69,4

60,8

63,3

66,5

67,0

Источник – Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігі. 2009.

Информация о работе Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары