Кәсіпкерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 21:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды

Содержание работы

КІРІСПЕ
І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері
1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері
ІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі
2.1. Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері
2.2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу
2.3. Франчайзингтік қатынастар жүйесі
ІІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу
3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
3.3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Содержимое работы - 1 файл

Кәсіпкерлік.doc

— 190.00 Кб (Скачать файл)

Фирма қызметінің аумақтық өрісін кеңейтуі көбіне оның негізгі өсу жолы болып табылады. Дегенмен дәл осы фактор франчайзингтік шартта шектеуші факторға айналады. Франчайзи тек шартта көрсетілген аумақта ғана әрекет ете алады.

Көрсетілген кемшіліктерге қарамастан франчайзингтік нысан бүкіл әлемде бизнесті ұйымдастырудың толық құқықты түрі болып есептеледі. Оның үстіне соңғы жылдары оның одан әрі қарай таралу тенденциясы байқалуда. 1970 жылдан 1990 жылға дейін франчайзингтік фирмалар арқылы жүзеге асырылған сатылым көлемі 10-нан 15%-ға дейін өсті. Шағын бизнесті ұйымдастырудың бір нысаны ретінде франчайзингтің кең ауқымдық сипатқа ие болғандығы жайлы келесі сандардан көруге болады. АҚШ-та франчайзингтік жүйе арқылы жүзеге асырылған сату мен қызмет көрсету көлемі 758 млрд долларды құрады, франчайзерлердің саны 2177, ал франчайзи 542000 бірлікке тең. АҚШ-та 374 франчайзердің шет елде 35000 франчайзилері бар, олардың 75% - Канадада, Жапонияда, Шығыс Еуропада және Австралияда. Франчайзингтік қатынастардың интернационализациясы туралы айтқан кезде, ең алдымен оның салған капиталы жоғары дәрежеде пайда әкелетін, бөлшек және сервистік желісі дамыған елдерге ұмтылатындығын атап кету қажет. Сонымен қатар әлеуеті жоғары нарықтарды жаулап алып, ол жерде өз әсерін орнатуға деген ұмтылыс франчайзер үшін басты дәлелдеуші факторға айналады. Халықаралық франчайзинг ұстанатын факторларға шетелге шығумен байланысты шығындар жатады. Бұл жерде франчайзер әрине нарықтық стрстегиясын өзгертуді қажет етпейтін және табыс табу деңгейі  бұрынғыдай болатын елдерді табуға ұмтылады. Интернационалдық франчайзингтің дамуын тоқтататын факторларға, шығындардан басқа көбінесе халықаралық менеджменттегі тәжірибенің жеткілікіздігі және басқа мемлекеттер тарапынан белгіленген заңды тосқауылдар жатады.

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін халықаралық франчайзинг ең алдымен біріккен кәсіпорын, лицензия сатып алу, тікелей инвестиция және мемлекеттік деңгейдігі келісім түрінде болуы мүмкін. Көп нәрсе осы бағтта іске асырылуда, бірақ өкінішке орай батыс бизнесмендерінің қолдарындағы Қазақстан нарығы оның әлеуеті мен дамуы туралы алған мәліметтері аз. Шетелдік франчайзерлер үшін арзан жұмысшы күші мен жоғары білікті мамандардың болуы, қолда бар ресурстар, оңтайландырылған инфрақұрылым, саяси тұрақтылық және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат ұтымды факторлар бола алар еді.

Шағын бизнестің негізін қалаудың төртінші жолы – бір отбасы мүшелерінің күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп жатқан отбасылық бизнес. Отбасылық бизнестің көбісі – шабын, бірақ отбасылық бизнестің ірі кәсіпорынға айналып, отбасылық болып қала беретін мысалдары да іс жүзінде аз кездеспейді.

Кез келген отбасылық бизнес – бұл  отбасы мен бизнестің симбюзы. Отбасының мақсаты – балаларды тәрбиелеу және отбасы мүшелеріне қарау. Бизнестің мақсаты - өндіріс жолымен немесе тауар сатып, қызмет көрсетіп пайда табу. Бұл екі мақсат көбінесе бір-бірін толықтырып отырады, бірақ ұрыс-керіс жағдайлар да болуы мүмкін. Менеджер қызметкерді жұмысқа кешігіп келгені үшін сөгуі мүмкін, бірақ сол кешігіп келген қызметші өз отбасының мүшесі болса, онда бұл проблематикалық жағдайға айналады.

Отбасылық бизнестің басты артықшылығы – кез-келген қиыншылықтарға қарамастан бизнесті жүргізуге көмектесетін туыстық байланыстың беріктігі. Отбасы мүшелері бизнесті ағымдағы қажеттіліктері үшін өздерінің еңбек ақылары мен дивиденттерін жиі құрбан етеді. Жұмысқа берілгендік, жоғары әдептік нормалар, тұтынушылар үшін тікелей жауапкершілік – отбасылық бизнестің негізгі критериялары екендігі белгілі. Кәсіпорын отбасылық бизнестің тағы бір артықшылығына, ірі корпорацияларымен салыстырғанда жұмысшыларға қарау деңгейінің жоғарылығы жатады.

Отбасылық бизнес кәсіпорындары көлемдері бойынша, ұсынатын өнімдері мен қызмет түрлері бойынша әр алуан болуымен ерекшеленеді. Отбасының бизнеске қатысу деңгейі бойынша былай айыруға болады:

толығымен отбасы басқаратын және бақылайтын бизнес.

Отбасы бақылайтын, бірақ маман менеджерлер басқаратын бизнес.

Отбасы тарапынан басқарылмайтын бизнес.

Франчайзингтік қарым-қатынастардың терминологиясы

 

Термин

Анықтама

1

Франчайзинг

Бір тарап (франчайзер) өз құқықтарының бір бөлігін (сауда маркасын, технология, «ноухоу» өнімдерін және т.б.) екінші фирмаға (франчайзи) белгілі төлемақыға беретін екі тарап арасында келісімнің жасалуын ұйғаратын нарықтық өзара қарым-қатынас жүйесі.

2

Франчайз

Құқық беретін (франчайзер) фирма мен осы құқықтарды алатын (франчайзи) фирма арасындағы арнайы келісімде ескерілетін құқықтар. 

3

Франчайзи

Арнайы келісімде анықталған құқықтарды алатын кәсіпорын.

4

Франчайзер

Өз құқықтарын басқа кәсіпорынға беретін кәсіпорын.

5

Франчайзингтік шарты

Франчайзи мен франчайзер арасындағы заң және құжат.

6

Франчайзингтік өнім және сауда маркасы

Бұл франчайзердің франчайзи фирмаға пайдалалануға беретін құқықтары, өнім және сауда маркасы

7

Бизнестің Франчайзингтік моделі

Франчайзер пайдалану құқығын тең өнімге, қызмет көрмсету, сауда маркасына ғана емес және де бизнес концепциясының өзін де беретіндігін көрсететін келісім.

8

Бөлшек Франчайзинг

Ірі дүкендердің (франчайзер) бөлшек сауда құқығын басқа фирмаға (франчайзи) беруі.

9

Франчайз сатылымы бойынша қызмет

Франчайзерлер мен қажетті кеңестерді жүзеге асыру және оларға франчайзингтік операциялар құқығын беретін лицензия сату жүргізу мақсатында франчайзер атынан әлеуетті франчайзерлерді іздестірумен айналысатын фирма немесе жеке агенттер.

10

Мультифранчайзи

Фирма франчайзи, өз кезегінде, бірнеше бөлімдерден тұрғанда және франчайзингтік қарым-қатынастардың жүйесін өзінің барлық бөлімдеріне таратқанда пайда болады. 

 

 

 

ІІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу

3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

Қазақстан Республикасы толық нарықтық қатынасқа, макроэкономикалық реттеуге өтуде тек қана бірінші қадам басты. Новелл сыйлығының лауреаты В. Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. «Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль – мемлекеттік реттеу». Шведцияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша «реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік»-дейді. Қазір экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің уәкілдері нарықты реттеуге араласу керек емес, нарық өзі автоматты реттеледі деген пікірде.

Осы проблема жөнінде жан-жақты дәлелді теориялық қортынды берген атақты ағылшын экономисі Дж М. Кейнс (1883-1946жж.). Оның теориялық қортындылары 1929-1939 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыстан шығуда практикалық қолдау алды. Ол әлеуметтік-экономикалық процессті реттеуді мемлекеттік реттеудің керек екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Дж М. Кейнс теориясы бойынша: тұтастай сұраныста ынталандыру және барлық ресурстарды түгел қамту, жинақты және инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында ең алдымен фискалдық және ақша-кредит саясатын тиімді іске асыру басты мақсат деген пікірге келген.

Кейнс теориясы практикалық тілге айналдырғанда: жұмыссыздық жойылса халықта табыс көбейеді, табыстың көбеюі сұранысты арттырады. Сұраныс ұсынысты, яғни өндірістің дамуын өрістетеді, өндіріс инвестицияны көп талап етеді, ұсыныс пен сұраныстың өрлеуі салықтың массасын өсіреді. Ал салық массасы бюджетке түседі, қортындысында мемлекет бойынша өндірілген жалпы ұлттық өнім фискалдық саясат арқылы оның 40-45% қайта бөлініп елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады.

Жоғарыдағы көрсетілген ойлардан шығатын қортынды: мемлекет экономиканы реттеуге батыл араласуы керек. Бұл қағиданың дұрыстығы бүкіл жетілген Батыс елдерінің Жапония, Оңтүстік Кореяның жетістіктері үлгі бола алады. Бұл елдердің тәжірибесінен алынатын сабақ: 1) экономикалық ресурстарды түгел және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік өндіргіш күштердің дамытып өндірістік потенциалын арттыру, яғни елдің байлығын арттыру.

Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік экономикалық процесстерді бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты реттей алмайды. Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және тұрғындардың қорғансыз бұқара топтарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды, ол мемлекет үшін, қоғам үшін өте қажет болса да. Нарықтық экономика көптеген әлеуметтік экономикалық мәні бар актуалды проблемаларды шешпейді. Ол мәселелер тек қана мемлекеттік іс болады. Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек. Қазіргі созылып кеткен экономикалық дағдарыс өндірістің өрескел төмендегенін инфляция, қоғамдағы әлеуметтік наразылық т.б. қолайсыз жағдайлар мемлекеттің экономиканы реттеуді жете білмеушілігінен, өзіне жүктелген функцияларды атқара алмайтындығын көрсетеді.

Мемлекетке мынандай негізгі функциялар жүктеледі.

Құқықтық негізді жасақтау. Мемлекет меншік құқын анықтайтын, кәсіпкерлік істі реттейтін, өнімнің сапасын қамтамасыз ететін т.б. заңдар жасақтап қабылдайды. Мемлекет құқықтық негіздер көмегімен кәсіпкерлік іс субъектілерінің қарым-қатынастарын реттейді.

Елде қажетті құқықтық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет әрбір азаматтың, барлық қоғамның нарықтық экономикасы субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Егер мемлекет бұл функцияны орындай алмаса, ол жағдайда елде қылмыстық іс-әрекеттер өріс алады: қылмыстық істер, мафия, коррупция, парақорлық т.б. жағымсыз құбылыстар кәсіпкерлік іске, жалпы елдің экономикасына апатты әсер етеді.

Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономиканы тұрақты дамыту, ол үшін макроэкономикалық оптималды көрсеткіштерге жету: жалпы ұлттық өнім, ішкі ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, инфляция деңгейі және жұмыссыздық, бюджеттің жетіспеушілігі т.б. Ол үшін мемлекет қолда бар барлық рычагтар мен әдістемелерді фискалдық, финанс – кредит, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясат арқылы іске асыруы керек.

Егер мемлекет экономиканы тұрақтандыруға көңіл аудармаса, ол кәсіпкерлік іске жағдай тұрғызбайды, әлеуметтік жағдай нашарлайды. Мысалы, егер мемлекет инфляциямен күрес жүргізбесе, инфляция елдің экономикасын берекетсіздендіреді.

ұлттық тауарлар импорт тауарларымен бәсекелес бола алмайды, ол төлем балансының жетіспеушілігіне әкеледі, отандық өндіріс төмендейді, жұмыссыздық өседі;

валютаны алып-сатушылық басталады;

елден валютаның шығуы, ол импорт тауарларының қымбаттауына және жалпы бағаның өсуіне әкеледі;

тұрғындардың жинақтарының құнсыздануына;

инвестицияның қысқаруына т.б. қолайсыз жағдайларға әкеледі.

4. Әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік кепілдіктьі қамтамасыз ету.

Мемлекет әлеуметтік саясатты белсенді түрде жүргізуге міндетті. Оның мәні мынада: барлық жұмыс істейтіндерге минималды еңбек ақымен, кәрілік және мүгедектік зейнетақылармен, жұмыссыздарға жәрдемақымен қамтамасыз етуге кепілдік; тұрмыс жағдайы өте нашар жандарға көмек көрсету; инфляциямен байланысты белгіленген табыс алатындардың табысын индексациялау т.б.

Мемлекет бұл саясатты жүргізу нәтижесінде барлық азаматтарға минималды күнкөріс деңгейін қамтамасыз етеді, ол халық наразылығын бәсеңдетеді.

5. Бәсекелестік қорғау. Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік – негізгі реттеу инструменті. Бәсекелестік – барлық экономика сферасында прогрестің негізі, ол тауар өндірушілерді ғылым жетістіктерін өндіріске енгізіп, өнім сапасын арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ынталандырады. Сондықтан мемлекет бәсекелестікті қорғауы тиіс. Бәсекелес жағдайда тұтынушы – қожа, нарық – агент, ал кәсіпорын – оның құлы. Ал монополия жағдайында тұтынушы қожалықтан, құлдыққа ауысады.

Бірақ бәсекелестік ақырында монополиялық жағдайға әкеледі. Бұл жағдайды диалектиканың бірінші заңы - әлемнің бірлігі және қарама-қарсылық күресі деуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері

Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады.

1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, экономикадағы қолайсыз жағдай: өндірістің төмендеуі, инфляция, жоғары дәрежедегі жұмыссыздық, құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің жетіспеуі, дүниежүзілік нарықта отандық өнімдердің бәсеке қабілеттігінің жоқтағы, инвестицияның төмендеуі т.б. қоршаған ортаның нашарлауы.

Мемлекеттің байыпты міндеттері – уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-ала себептерін анықтау және оны болдырмау.

2. Қолайлы жағдайлар. Бұл экономикаға, кәсіпкерлік іске қолайлы ықпал жасайтын адамдардың барлық іс сферасындағы жағымды құбылыстарды уақытында мемлекет қолдауы керек. Қолайсыз жағдайларды бағалау үшін мемлекет оны бағалайтын критериелерін білуі керек. Мысалы, қолайсыз жағдайлар: инфляция, жұмыссыздық соның салдарынан өндірістің төмендеуі. Мемлекет бұл жағдайларға араласуы үшін олардың критерияларын білуі керек.

Жұмыссыздық – бұл нарықтық экономикаға тән элемент. 4-6% жұмыссыздық бұл табиғи жұмыссыздық, табиғи деңгеге жатады. Мемлекеттің араласуы табиғи деңгейдегі жұмыссыздық асқан жағдайда басталады, яғни циклдық жұмыссыздық өндірістің төмендеуімен байланысты.

Сонымен жұмыссыздықпен күресу үшін оның критериясы табиғи жұмыссыздық деңгейіне келтіру.

Инфляция – тауарға, ақылы қызметтерге жалпы баға деңгейінің өсуі. Бұл экономикалық құбылыс жұмыссыздыққа қарағанда әлде қайда шытырман қиын процесс. Инфляция бүкіл дүниежүзілік проблема, себебі тауар мен қызметке баға ешуақытта тұрақты болмайды. Сондықтан бағаның болымсыз өсуі өте қауіпті емес, ал бірақ инфляцияның жоғары деңгейі экономика үшін, қоғам үшін өте қауіпті. Мысалы, Қазақстанда 1990-2001 жылдар аралығында тауар мен қызметтердің бағасының өсуі 65 мыңнан астам болды. Мемлекет инфляцияны тежей алмады, әсіресе 1991-1994 жылдар өте жоғары деңгейде болды. Мемлекеттің шаралары инфляцияның деңгейіне байланысты. Инфляцияның үш түрі бар: 1) біркелкі, егер жыл ішінде баға 10%-тен аспаса; 2) шоқырақтау жыл ішінде бағаның 10%-тен 200%-ке дейінгісі, ал 3) гиперинфляция, инфляция онан да тез өседі.

Инфляцияға ұарсы мемлекет шаралары тек қана инфляцияның деңгейіне байланысты емес, сонымен бірге оның туындау себептерін анықтау керек.

Осыған байланысты инфляцияның екі типі бар: сұраныс инфляциясы және ұсыныс. Әрбір типтің өзіндің ерекшеліктері бар және оны емдеудің өзіндік дәрісі бар.

Информация о работе Кәсіпкерлік