Корпоративтік табыс салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 20:55, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі.

Содержание работы

Кіріспе
Корпоративтік табыс салығы
Корпоративтік табыс салығын жетілдіру жолдары

Содержимое работы - 1 файл

корпоративтик табыс.docx

— 31.57 Кб (Скачать файл)

Қазақстан  Республикасының білім және ғылым  министрлігі

Еуразия Академиясы 

Қаржы

мамандығы бойынша деканат 
 

Реферат

Тақырыбы:   

Корпоративтік табыс салығы 
 
 
 
 
 

Орындаған: 221 топ студенті

Калиева А.Б.

                                                                             Тексерген: Тлесова Ж.А. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орал, 2011 жыл 
 

Жоспар 

          Кіріспе

  1. Корпоративтік табыс салығы
  2. Корпоративтік табыс салығын жетілдіру жолдары
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Кіріспе

   Ұйымдық – құқықтық жағынан салықтар – бұл   мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

   Салықтардың  экономикалық мәні олардың өзінің функциялары  мен міндеттерін  жүзеге асыру  үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

   Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты  бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім  қабылдаудың негізі. ҚР аймағында  әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге  қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

   Мемлекеттік бюджет─жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.

   Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға  пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан  алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып  табылады.

   Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік  бюджеттің табыс бөлігіне қосымша  келесідей мемлекеттік салықтар мен алымдар енеді:

  • Корпоративтік табыс салығы;
  • Жеке табыс салығы;
  • Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;
  • Әлеуметтік салық;
  • Жер салығы;
  • Көлік құралдарына салынатын салық;
  • Мүліктерге салынатын салық;
  • ҚҚС;
  • Акциздер.

   Соның Корпоративтік табыс салығына тоқталамыз. 
 

  1. Корпоративтік табыс салығы
 

     Корпоративтік табыс салығы салықтық түсімдерде және мемлекеттік бюджет кірістерінде едэуір орын алады ( тиісінше 32,7% және 23%-ға жуық (2008 ж). .Бұл салықты мемлекеттік  мекемелерді қоспағанда, Қазақстан  Республикасының заңи тұлға-резиденттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында  кызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикадағы көздерден табыс алатын заңи тұлға-бейрезиденттер төлейді. Оңайлатылған мағлұмдама негізінде  арнаулы салық режімін колданатын заңи тұлғалар көрсетілген режім  шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс  салығын есептейді және төлейді.

     Мыналар: салық салынатын табыс, төлем  көзінен салық салынатын табыс  және Қазақстан Республикасында  қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңи тұлға- бейрезиденттің таза табысы корпоративтік табыс салығы салынатын объектілер болып табылады. Салық салынатын табыс Салықтық кодексте көзделген түзетулерді  ескере отырып, жылдық жиынтың табыс  пен салықтық іиегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

     Жылдық  жиынтық табыс (ЖЖТ) әр түрлі көздерден  алынған заңи тұлға- бейрезиденттердің  жылдық табысы болып табылады.

     Егер  табыстардың бірнеше баптарында бір және сол табыстар көрсетілуі мүмкін болатын жағдайда, көрсетілген  табыстар жылдық жиынтық табысқа  тек бір рет кіріктіріледі.

     Алынған ЖЖТ түзетілуі, яғни салық төлеушілердің  бұл табысынан белгілі бір  сомалар алып тасталуы тиіс.

     Салық салынатын табысты айқындау үшін түзетілген Жылдық жиынтық табысдан шегерімдер жүргізіледі.

     Салықтың  шегерімдер деп салық заңнамасына  сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, табыс алуға бағытталған  қызметті жүзеге асырумен байланысты салық төлеушінің шығыстарын айтады.

     Салықтық  кодекске сәйкес шегерімге жатпайтын  шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыс алуға бағытталған кызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары  салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатады. Шегерімге  жатқызылған шығыстардың мөлшері  белгіленген нормалардан аспауға  тиіс.

     Шегерімдерді  салық төлеуші өзінің табыс алуға  бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары  болған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген  халық аралық каржылық есептеменің  стандарттарына және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы Қазақстан  Республикасы заңнамасының талаптарына  сәйкес анықталатын болашақтағы  кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық  кезеңінде шегерілуге жатады.

     Болашақтағы кезеңдердің шығыстары олар катысты  болатын салық кезеңінде шегерімге  жатады.

     Шегерімдерден кейінгі алынған салық салынатын  табыс түзетуге - есепті сапық кезеңіндегі  табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын таңылған табыстың немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайтуға немесе азайтуға жатады.

     Кәсіпкерлік кызметтен шегетін залалдар, сондай-ақ I топтың тіркелген ақтивтерінің шығып  қалуынан шеккен залалдар осы салық  кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін кейінгі он жылды  қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады.

     Бағалы  қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар басқа бағалы кағаздарды өткізу кезінде кұн өсімінен түсетін  табыс есебінен өтеледі.Егер осы  залалдар орын алған кезеңінде өтеле  алмайтын болса, онда олар 10 жылға дейінгі  мерзімге алға ауыстырыуы және басқа  бағалы кағаздарды өткізу кезінде кұн  өсімінен түсетін табыстар есебінен өтелуі мүмкін.

     Арнаулы салық компаниясының Қазақстан  Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметінен шеккен залалдары бөлінген ақтивтермен қамтамасыз етілген  облиғациялардың айналымы мерзімі  ішінде ауыстырылуы мүмкін.

     Ауыл  шаруашылығы өнімін өндіруші заңи тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режімін колданатын салық төлеуші шеккен заладар  келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.

     Салық заңнамасына сәйкес төлем көзінен  ұсталатын табыстарға мыналар жатады: ұтыстар;бейрезиденттердің салық  заңнамасына сәйкес айқындалатын, мұндай бейрезиденттердің тұрақты мекемесімен  байланысы жоқ Қазақстан Республикасындағы  көздерден алған табыстары;заңи тұлғаларға төленетін сыйақы. Төлем  көзінен ұсталынатын салықтың сомасын  салық агенті анықтайды.

     Корпоративтік табыс салығының мынадай мөлшерлерде  мөлшерлемелері белгіленген:

     табыс көзінен салық салынбайтын табысқа - 20%; заңи тұлғалар – ауыл шаруашылығы  өнімін өндірушілердің табысына, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, арашаруашылығы өнімін өндіру, сондай-ақ ез өндірісінің көрсетілген өнімді өңдеу және өткізу бойынша кызметін жүзеге асырудағы алынған болса- 10%; Салықтық кодекске сәйкес анықталатын  бейрезиденттердің мұндай бейрезиденттердің  тұрақты мекемесімен байланысты емес төлем көзінен салық салынатын  табыстарына 5%-дан 20%-ға дейін:

     1) төменде көрсетілген табыстарды  қоспағанда табыстарына - 20%;

     2) жеңілдікті салық салуы бар  мемлекетте тіркелген тұлғаның  табыстарына - 20%;

     3) тәуекелдерді сақтандыру (қайта  сақтандыру) келісімшарттары бойынша  сақтық сыйлықақыларына - 10%;

     4) халық аралық тасымалдарда көлік  кызметтерін көрсетуден түсетін  табыстарына- 5%;

     5) кұн өсімінен түсетін табыстарға, дивидендтерге, сыйақыларға, роялтиге - 15%;

     Қазақстан Республикасында кызметін тұрақты  мекеме аркылы жүзеге асыратын заңи тұлға-бейрезиденттің таза табысы корпоративтік табыс  салығына қоса белгіленген тәртіппен - 15%.

     Бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы көздерден  алатын, осындай бейрезиденттердің  тұрақты мекемесімен байланысты емес табыстарына жеке табыс салығының  белгіленген мөлшерлемелері бойынша  салық салынады.

     Салық заңнамасында корпоративтік табыс  салығы, жер салығы, мүлік салығы бойынша инвестициялық салық  преференцияларын беру карастырылған. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік  табыс салығының сомасын айқындау кезінде салық заңнамасына сәйкес оның есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады.Осындай  көзделген салық сомасын кеміту корпоративтік табыс салығы бойынша  аванстық төлемдер сомаларын есептеу  кезінде де колданылады.[1] Арнаулы  экономикалық аймақтардың аумағында  орналасқан және кызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық  салу объектілері бойынша: 1) жер  салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффиценті;

     2) мүлік салығын есептеу кезінде  салық салу объектілерінің жылдық  орташа құнына 0 пайыздық мөлшерлеме  колданылады.

     Корпоративтік табыс салығына арналған салық кезеңі 1 каңтардан 31 желтоқсанға дейінгі  күнтізбелік жыл болып табылады.

     Корпоративтік табыс салығының төлеушісі орналасқан жері бойынша салық органына корпаративтік  табыс салығы бойынша маглұмдаманы 31 наурыздан кешіктірмей табыс  етеді. 

  1. КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
 

   Табыс салығы ежелгі және классикалық салықтардың  бірі болып табылады. Салықтың бұл  түрі негізінен XIX және XX ғасырларда Батыс  Еуропа елдерінде кең дамыды. Қазақстан  Республикасында табыс салығы 1991 жылдың 24 желтоқсанынан «Қазақ ССР  азаматтарынан, шетел азаматтары мен  азаматтығы жоқ тұлғалардан алынатын табыс салығы туралы» заң негізінде  енгізілді. Заңды тұлғалар 1994 жылдан 2001 жыл аралығында табыс салығын  төледі. 2002 жылдан бастап табыс салығы корпоративтік табыс салығы болып  өзгерді

   Біздің  мемлекетімізде корпоративтік табыс  салығы мемлекеттік бюджеттің кіріс  бөлімінің ең басты көзі болып  табылады. Оны мына төмендегі 1 кестеден көруге болады.

   1-кестеден 2008 жылдағы корпоративтік табыс  салығының үлесі 2006 жылмен салыстырғанда  4,4% -ға кемігендігін байқаймыз.  Оған дәлел:

  • біріншіден, заңға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша инвестициялық салық преференцияларының берілуі;
  • екіншіден, 2008 жылдағы Салық кодексіне сәйкес еркін экономикалық аймақтардың корпоративтік табыс салығын төлеуден босатылуы.

Информация о работе Корпоративтік табыс салығы