Экономикалық жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 12:34, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық жүйе – бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстың ерекше реттелген жүйесі. Экономикалық жүйе көп факторлы. Олардың ішінде оның дамуына әсер ететін:
- елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі шаралар жүйесі;
- меншік құрылымы;
- ақпаратпен және үлестіріммен қамтамасыз ететін механизмдер;
- мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.

Содержание работы

Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................................3-4
I-бөлім. Экономикалық жүйенің мәні, түрлері.
1.. Экономикалық жүйе түсінігі..................................................................5-6
1.2 Экономикалық жүйенің көрсеткіштері..............................................7-10
1.3 Экономикалық жүйенің модельдері.................................................11-12
ІІ-бөлім. Өтпелі экономиканың теориялық негіздері.
2.1 Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарыққа өтудің объективті қажеттілігі.................................................................................................13-15
2.2 Өтпелі экономика сипаты мен міндеттері........................................16-17
2.3 Қазақстан Республикасының рыноктық экономикаға өтуінің ерекшеліктері............................................................................................18-19
Қорытынды.....................................................................................................20-21
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................22

Содержимое работы - 1 файл

экономикалык жуйе (курсовая) (1).doc

— 104.00 Кб (Скачать файл)


Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................................3-4

I-бөлім. Экономикалық жүйенің мәні, түрлері.

1.. Экономикалық жүйе түсінігі..................................................................5-6

1.2 Экономикалық жүйенің көрсеткіштері..............................................7-10

1.3 Экономикалық жүйенің модельдері.................................................11-12

ІІ-бөлім. Өтпелі экономиканың теориялық негіздері.

2.1 Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарыққа өтудің объективті қажеттілігі.................................................................................................13-15

2.2 Өтпелі экономика сипаты мен міндеттері........................................16-17

2.3 Қазақстан Республикасының рыноктық экономикаға өтуінің ерекшеліктері............................................................................................18-19

Қорытынды.....................................................................................................20-21

Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды.

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы. Мен бұл тақырыпты таңдағаным, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Сондықтан ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра өзара іс- әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.

Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір – біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады.

Экономикалық жүйе – бұл  материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстың ерекше реттелген жүйесі. Экономикалық жүйе көп факторлы. Олардың ішінде оның дамуына әсер ететін:

-         елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі шаралар жүйесі;

-         меншік құрылымы;

-         ақпаратпен және үлестіріммен қамтамасыз ететін механизмдер;

-         мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.

Жалпы экономикалық жүйе түсінігі бұл қоғамның қызметінің және оның субъектілерінің ұйымдық әдісі немесе проблемаларды шешу мақсатында өндіріс пен тұтынудың өзара арақатынас әдісі.

              Жалпы курстық жұмысым негізгі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жалпы экономикалық жүйенің түсінігі, түрлеріне тоқталдым. Ал екінші бөлімді қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының экономикалық жүйе ерекшелігіне тоқталдым.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – экономикалық жүйенің мәнін ашу және Қазақстан Республикасында аралас әлеуметтік бағыттағы рыноктық экономиканы қалыптастыру және оны әрі қарай дамыту жөніндегі өзекті мәселелерді талқылау.

 

 

І – бөлім. Экономикалық жүйенің мәні, түрлері.

 

1.1 Экономикалық жүйе түсінігі.

 

Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды. Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.

Жалпы экономикалық жүйе түсінігі бұл қоғамның қызметінің және оның субъектілерінің ұйымдық әдісі немесе проблемаларды шешу мақсатында өндіріс пен тұтынудың өзара арақатынас әдісі. Тұтыну экономикалық жүйені функциялаудың басты мақсаты болып саналады. Өндіріс экономикалық ресурстарды пайдалану процесі ретінде бұл мақсатқа қол жеткізу қоры болып есептеледі.

Тұтыну шексіз, ал ресурстар сирек болғандықтан, қоғамның барлық материалдық қажеттілігін қанағаттандыру мүмкін емес. Бұл жағдайдан шығу үшін бұл ресурстарды тиімді пайдалану керек. Ресурстарды тиімді пайдалану өндіріс процесінде қолданылатын сирек ресурстар бірлігінің саны мен нәтижесінді пайда болған өнім саны арасындағы байланысты сипаттайды. Берілген шығын көлемінен пайда болған өнімнің үлкен көлемі тиімділік деңгейін көрсетеді, берілген көлемдегі шығынның шағын өнім көлемі экономикалық тиімділіктің төмендеуін көрсетеді.

Ресурстарды шектеу қоғам мен экономикалық субъектілер арасында негізгі үш міндетті шешуді талап етеді:

1.      Не, яғни қандай тауарлар және қызметтер, сонымен қосса қандай мөлшерде өндіру қажет?

2.      Қалай, яғни қандай ресурстардың көмегімен және техникалық әдістермен жүзеге асыру?

3.      Кім үшін өндіріс нәтижесі қажет, адамдар арасында өндірілген өнім қалай таралады?

Шектеулі ресурстарды пайдалана отырып, қандай тауарлар және

қызметтер, сонымен қоса қандай мөлшерде өндірудің таңдауын өндіріс мысалының екі альтернативтік тауарлар Х және У көрсетуге болады. Барлығын қанағаттандыру үшін ресурстар шектеулігінің күшімен тауарларды өндіру көлемін өсіру жеткіліксіз. Өнімдерді қандай мөлшерде өндіру әрқашан таңдау арқылы жүзеге асады. Қалай өндіру үшін шешім қабылдау өндірісте тиімділікке қол жеткізу немесе технологиялық тиімділік, яғни тауар өндірісін неғұрлым арзан әдіспен өндіру.

              Тауарларды кім үшін өндіру, өндірілген өнімді адамдар арасында қалай тарату сұрағына жауап таратудағы тиімділік пен әділеттілікті талап етеді.

              Таратудағы тиімділік тарту жолымен бір адамның тұрмысын жақсартып, бірақ басқалардың өмір деңгейін төмендетпеген кезде өз шегіне жеткен болып есептеледі. Бұл принцип Парето тиімділігі деп аталады.

              Сонымен, жетіспеушілік, ресурстардың шектеулігі альтернативалық мақсаттар мен оларды пайдалану және проблемаларды таңдау арасындағы бәсекемен түсіндіріледі.

              Бұл негізгі үш проблема экономикалық жүйенің түрлі типтерін әртүрлі шешеді. Негізінен экономикалық жүйенің дәстүрлі нарықтық, әкімшілдік- әміршілдік және аралас экономиканы бөліп көрсетеді. 

 

 

1.2 Экономикалық жүйенің көрсеткіштері мен түрлері.

 

        Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:

1.      Меншік типтері бойынша;

2.      Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша..

        Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені шешуді төмендегідей типтер арқылы бөледі:

а) дәстүрлі экономика

ә) әкімшілдік- әміршілдік экономика

б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық экономика.

в) қазіргі рыноктық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика.

        Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық.

         а) дәстүрлі экономика тұйықталған, оқшауланған шаруашылыққа негізделеді. Ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықтады. Экононмиканың осы түрі бұрыңғыға қарағанда Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.

         ә) еркін бәсекенің нарықтық экономикасы ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмінен сипатталады.”Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалылығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін қолмен мақсатқа қарай бағыттайды және оның ойында бұл болғанда емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де, ол қоғам мүддесіне батымды- ақ жиі қызмет жасайды”.

         Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Еркін (либералды) рыноктық экономиканың негізін қалаушы А. Смит болды. Ол нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеді.

         Алайда еркін нарықтық экономиканың нақты қызмет атқаруы көрсеткендей, оның бөлінбес серігі – артық өндіру экономикалық дағдарысының үнемі туындауы болып табылады. Экономикалық дағдарыстар тарыхын зерттеу көрсеткендей, олар 1825-ші жылдан бастап үнемі әрбір 8-10 жылда қайталанып отырады. Дағдарыс кезінде саудада тоқырау басталады, нарыққа өтпейтін өнімдер мөлшері толып кетеді, қолма – қол ақшалар айналымнан жоылады, зауыт пен фабрикалар тоқталып, жұмысшылар жұмыссыз қалады.

 

 

Экономикалық жүйенің типтері.

 

 

Негізгі

белгілері

 

    

Т и п т е р

 

Мемлекеттік-жоспарлы

 

Н а р ы қ т ы қ

 

XVII- XIX ғ.ғ.

 

Қазіргі ХХ- шы ғасыр

Әкімшілдік- әміршілдік

 

Еркін бәсекелестік

Аралас

бағытталған

Әлеуметтік

аралас

 

Өндірісті қоғамдастырудың

көлемі

 

Қоғам (мемлекет) шеңберінде

Кәсіпорын шеңберінде

 

Шаруашылықты бөлшектеп мемлекеттендіру

 

Шаруашылықты бөлшектеп мемлекеттендіру

 

Меншік түрінің басымдырақ болуы

Мемлекеттік

 

 

Жеке индивидуалды

Жеке ұжымдық мемлекеттікпен

Жеке ұжымдық мемлекеттікпен

Экономиканы реттеу

Мемлекеттік

 

 

Нарықтық өзін-өзі реттеушілік

 

Нарықтық және мемлекеттік

 

Нарықтық және мемлекеттік

 

 

Әлеуметтік

 

 

Тұрақты

Өндірістің әрбір 8-10 жыл сайын болатын экономикалық дағдарыстар

Экономикаға мемлекеттің араласуы. Экономикалық дағдарыстарды ескерту мен бәсеңдету бойынша антициклдық шаралар.

 

 

Әлеуметтік кепілдіктер

Күшті мемлекеттік әлеуметтік қорғау, мүлік тепе- теңсіздігін жою

 

Азаматтардың әлеуметтік қорғалмауы

Жеке және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларының құрылуы.

Күшті әлеуметтік қорғау, мүлік тепе – теңсіздігін азайту

 

- 8 -

          б) әкімшілдік- әміршілдік экономика.

         Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке және оны тереңірек талдау

құбылысы әкімшілік- әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етеді. Әміршілдік экономика теориясының ұраны: « Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық- жоспарлы реттеумен алмастырылады».

         Әкімшілдік- әміршілдік экономиканың нарықтық экономикаға қарағанда артықшылығы мынада: ол ашық түрде жұмыссыздықтық өндірістің тым құлдырауын болдырмайды. Ал қиын шешуші кезеңде елдің материалдық, еңбектік және ақша қорларын ірі халық шаруашылығының міндеттері мен бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады және жұмылдырады. Сондықтан да жоспарлау жүйесін қоғамдық меншікке негізделген социалистік елдер ғана емес, жеке меншікке негізделген кейбір капиталистік елдерде қолданады. Айталық, екінші дүние жүзілік соғыс кезеңінде бұл гитлерлік Германияда байқалды. Экономиканың ауқымды салалары мен барлық салалары орталық жоспарлау және соғыс ұйымдарының тікелей бақылауында болды. Осы кезеңдерде Англия мен АҚШ- да дәл солай жүзеге асты.

         Біріншіден, барлық шаруашылық сауалдарын көп сатылы бюрократтық  инстанциясы арқылы шешу қажет болды. Олардың келісімін алуға көп уақыттың кетуі – барынша кедергі болып табылады. Мұндағы басты мақсат- жаңа өнімді шығару қажеттілігі жаңа техника мен технологияны ендіру болмақ. Ал келісімге кеткен уақыт бұған кедергі жасайды.

          Екіншіден, кәсіпорын жоспарының орындалуы туралы тұтынушы алдында емес, жоғары жақтағы орталық, ұйымдар арасында есеп береді.

          Осының барлығы әкімшілдік-әміршілдік экономиканы тиімсіз етеді, оны әртүрлі тапшылыққа алып келеді.

           в) қазіргі нарықты экономика аралас экономика ретінде болуда.

          Американ экономисі Пол  Самуэльсонның айтуынша «Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйені болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика- бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементімен болатын экономика»- дейді.

          Әлеуметтік аралас нарықтық экономика теориясының негізін қалаушы батыс герман экономисі, Фрайбург университетінің профессоры  Вольтер Ойкен болып табылады.

           Аралас әлеуметтік бағытталған экономикалық саясатқа емес экономикаға мысал ретінде “швед моделі” жатады. Мұнда барлық негізгі қордың 4%-ті мемлекеттің қолдануында болады, ал барлық мемлекеттік шығындардың жартысы әлеуметтік мақсатқа бағытталады.

Информация о работе Экономикалық жүйе