Инветиция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 12:31, реферат

Краткое описание

Инвестиция (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес.

Содержание работы

І. Кіріспе 2-4бет
ІІ. Негізгі бөлім
Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі. 5-10 бет
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі. 10-18 бет
Қаржылық инвестиция есебі. 19-32 бет
ІІІ. Қорытынды. 32-33 бет
ІV. Қолданылған әдебиеттер.

Содержимое работы - 1 файл

ИНВЕСТИЦИЯ.doc

— 310.00 Кб (Скачать файл)
 
 

     Құн әдісі- инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.

     Инвестиция  сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада  сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл  соңғы инвесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын себептерінің қатарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар кәссіпорындаағы дивидендтерді  бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивиденттерді(табыстарды) аударуға шек  қойылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ақ , саяси хал – ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру туралы келісімдерде қарастырылған дивидендтерді  төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің  болуы мүмкін.

     Егер  де дивиденд инвестицияны алғанға дейін  алынса, онда ол капиталды қайтарған  болып саналады және инвестордың  балансы сол сомаға азаяды.

     Еншілес шаруашылық серіктестіктің инвестициясының  есебі. Еншілес шаруашылық серіктестік- негізгі серіктестіктің бақылауында болатын серіктестік. Бұндай бақылау қаржыландыратын объектнің 50% астам акциясын тікелей немесе емденсе жүзеге асуы мүмкін. Еншілес серіктестіктің көрсеткіштері  негізгі серіктестің қаржылық есеп беруінде, біріктірілген(консолидалынған) есеп беруінде көрсетіледі, бірақ онда қабылданған есептік саясаты ескеріледі, сондықтан олар мына екі әдістің бірін пайдалануы мүмкін:

  • үлестік қатысу әдісі;
  • ұзақ мерзімді инвестицияны есптеу әдісі.

     Негізгі серіктестік өзінің еншілес серіктестігіне инвестициясын бөліп, біріктірілген (консолидалынған) қаржылық есеп беруін  жасайды, ол кезде барлық жергілікті және шетелдік еншілес серіктестіктерді өзіне енгізеді, тек ондағы мына жағдайларды қоспағанда:

  • егер еншілес серіктестік жақын  келешекте сату мақсатында алынған болса, онда олар оның уақытша бақылауында;
  • егер де еншілес серіктестік ұзақ  мерзімді қатаң шектелген жағдайында әрекет ететін болса, бірақ бұл соңғы жағдай негізгі серіктестіктің қаражатын қайтару қабілетін төмендетеді.

Негізгі серіктестіктің біркітірілген есебіне енбей қалған жағдайда қаржылық инвестициясының есебі бойынша ескеріледі. 

    Бірлесіп  бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестициясының  есебі.

          Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестицияны жүзеге асыруы – бірлесіп жасайтын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестікте өзінің қатысу үлесі бойынша топшылаған келісім- шартын жасайды.    Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар активтерді бірігіп алады, жасалған шығындарды таниды және алынған табысты анықтайды. Олардың әрқайсысы өз атынан мәміле  жасай алады, өз қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды тарта алады. Бұл кезде бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлға басқа да бірлескен қызметтерді келесі нысанында жүзеге асыруына болады:

  • бірлесіп бақылайтын өндіріс;
  • бірлесіп бақылайтын активтер.

            Бірлесіп  бақылайтын өндіріс  – заңды тұлғаны құрмай тұрып, қатысушылар өздерінің жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін активтерлі пайдалануын топшылайды.

      Әрбір қатысушы бірлесіп бақыланатын  өндіріс  бойынша өзіне тиеслі шығындарын алады және олар алдын ала өнімді сатудан алынған  табысты таратудың  тәсілін қарастырып қояды. Осы процестің барысында пайдаланған негізгі құралдардың, тауарлы- материалды запастардың  және т.б. активтердің құнын, әр қатысушы өз балансында ескереді.

           Бірлесіп  бақылайтын активтер – жалпы мақсат үшін алынған немесе салынған активтерді қатысушылар бірлесіп иелік  етуді  топшылайды. Бұл арада олардың негізгі қызметі үшін салынған активті барлық қатысушылар теңдей пайдаланылады. Әрбір қатысушының табысы олардың кәсіпорын экономикасына қосқан үлесі рқылы анықталады. Әрбір қатысушы өзінің қосқан үлесін басқа қатысушыларға сатуға, тегін беруге құқылы.

           Төменде еншілес, тәуелді  және бірлесіп бақыланатын серіктестіктерге салынған инвестициялар бойынша  шоттар корреспонденциясы келтірілген.

Қатары

Шаруашылық  операцияларының мазмұны  Сомасы,теңге Шоттар корреспонденциясы
  дебет кредит
1                2         3       4      5
1. Еншілес, тәуелді  және бірлесіп  бақыланатын серіктестіктердің  мына игіліктерді салу арқылы инвестициялары жасалынды:

-тауарлар , негізгі құралдар, материалдық емес  активтер

- ақша қаражаттары

- есеп беретін адмдарға берілген соманың есебінен

- еншілес,  тәуелді және бірлесіп бақыланатын   серіктестіктерден

-заңды және  жеке тұлғалардан

 
 
 
 
 
 
200000 

300000

50000 

600000 
 

450000

 
 
 
 
2200-2310

2200-2310

2200-2310

2200-2310 
 

2200-2310

 
 
 
 
1330,2410-2416,2730,

1000-1050 
 

1251-1254 

3320-3330 
 

3310,4170

  Жиыны 1600000    
2. Заңды және жеке тұлғалардан тегін түскен инвестициялар  
100000
 
2200-2310
 
6160,6220,

6260

3. Тәуелді немесе еншілес  серіктестіктер активтерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу сомасы инвестицияның құнын төмендеткен:
  • бұрындары жасалған қайта бағалау сомасының шегінде
  • бұрындары жасалған қайта бағалаудың артық жасалған сомасына
 
 
 
 
 
 
 
300000 
 

150000

 
 
 
 
 
 
 
5320 
 

7450-7470

 
 
 
 
 
 
 
2200-2310 
 

2200-2310

5. Тәуелді немесе еншілес серкітестіктердің таза табысында  инвестордың үлесі өсүімен байланысты инвестицияның құны өскен  
 
540000
 
 
2200-2310
 
 
7610
6. Инвестицияны үлестік  қатысу әдісі бойынша есепке алған  кезде инвестордың алатын дивидендтер  сомасына инвестицияның құны азаяды.  
 
 
140000
 
 
2120-2130,1270
 
 
 
2200-2310
7. Тәуелді немесе еншілес  серкітестіктердің шеккен  зияны  инвестордың үлесін кемітуімен байланысты инвестициның құны азаяды  
 
2000000
 
 
7610
 
 
2200-2310
8. Егер де инвестицияның  балагстық құнынан зиян асып түссе, онда ол баланстан тыс шоттарда есепке алынады.  
 
50000
 
 
011 
 
9. Тәуелді немесе еншілес  серкітестіктердің таза табысында  инвестордың үлесі өсүімен байланысты инвестицияның құны өскен кезде бұрындары инвестиция құнын төмендету үшін есептен шығарылған құн қалпына келтіріледі, бұл кезде баланстан тыс шоттар жабылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
300000
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2200-2310
 
 
 
 
 
 
 
 
 
7610
10. Еншілес, тәуелді  және бірлесіп  бақыланатын серіктестіктердің инвестициясы сатылды:
  • инвестицияның баланстық құнына
  • инвестицияның сатылған бағасы бойынша
 
 
 
 
 
300000

700000

 
 
 
 
 
7410,1210,

12602120-2130

 
 
 
 
 
2200-2310,6210
 
 

   

     
 

          3. Қаржылық  инвестициялардың есебі 

            Қаржылық инвестициялардың есебі 1100”Қаржылық инвестициялар “ бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. 1100-1150 шоттарында « Акциялар», « Облигациялар», « Басқа да қаржылық инвестициялар» шоттары кіреді.

      1100-1150 шоттар активті, күрделі,негізгі  болып табылады. Осы  шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың  кему операциялары жазылады.

            Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.

            Қаржылық инвестициялар  сатып алу кезінде ол оның сатып  алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік  марапаттауы, банктің көрсеткен  қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.

            Құнды қағаздар инвестициясының  өтелу құны мен оның сатып алынған  құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезіеде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизацияланады.

      Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар  бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу қөұнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.

            Егер де қысқы мерзімді қаржылық инвестициця ағымдағы (нарықтық) құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы, инвестицияның котировкасы сияқты.

            Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керіснше өзгерсе, онда оның баланстқ құнын келесі негізде анықтайды:

  • жалпы қоржындық(порфелдік) жиынтығымен;
  • инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен;
  • жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша ;

бұл кезде  сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық)бағадан  жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда - табыс ретінде танылады.

            Ұзақ мерзімді  қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төмендегідей жолмен анықталады:

  • сатып алу құнымен;
  • қайта бағалау құны ескерілген құнмен:;
  • сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші (төменгі) бағасымен бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде.

            Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялады қайта бағалау үшін: қайта бағалаудың мерзімін анықтау  үшін қажет және бір уақытта ұзақ мерзімді инвестициялардың бір ғана түрі қайта бағаланады.

            Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағаланған сомасы меншік  капиталының өсіміне жатқызылады. Инвестициялар құны төменлеген жағдайда азайту сол инвестициясының үстеме  бағасының сомасы есебінен жүргізіледі. Бір инвестицияның үстеме сомасы жоқ болған жағдайда оның құнының төмендеуі зиянға есептелінеді . Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі.

                Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияялар құқны төмендеген жағдайда сөзсіз бұл инвестициялардың баланстық құны қайта қарауды талап етеді. Құнды тап осылайша төмендету әрбір инвестиция үшін жеке анықталады және есептелінеді. Бұл кезде инвестицмяланған субъектідегі инвестордың үлес салмағы және тәуекелділіктің түрі ескерілуі керек. Қаржылық инвестициялар есептен шығарылғанда, оны оны сатқаннан түскен пайда мен баланстың арасындағы айырмасынан шығындарды алып тастағаннан кейін (брокердің немесе дилердің қызметі) ол не табысқа, не шығысқа жатқызылады. Егер инвестиция бұрын қайта бағаланған немесе ағымдағы құны бойынша бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы табысқа немесе қабылданған есеп саясатына сай бөлінбеген табысқа жатқызылады.

                Ұзақ мерзімді қаржылық иневстиция қысқа мерзімді инвестициясына өтетін болса, онда оның сатып алу  мен баланстық құны ең төменгі баға бойынша аударылады.

                Егер инвестиция бұрын  қайта бағ,аланған болса, онда қайта  бағалау сомасы аудару кезінде шығарылып  тасталынады.

          Егер  де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнмен есептелсе, онда ол баланстық  құн бойынша аударылады.

                Бұл арада бұрындары  жүргізілген қайта бағалау сомасы инвестицияның табысы болып саналады.

                Қысқа мерзімді инвестицияларды  ұзақ мерзімді инвестицияға аударсақ, онда : олар сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасы бойынша немесе ағымдағы құны бойынша (егер де олар бұрындары осы құны бойынша көрсетілген болса) бағаланады.

                Енді біз бұл қалай  есептелетіндегі туралы, бір мысал  қарастырып көрейік:

  • акцияның инвестицмясы;
  • облигацияның инвестициясы ;
  • басқа да қаржылық инвестициясы.

    1100 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»  шотында кәсіпорынның, басқа кәсіпорындардың , банкртердің және т.б.-дың акцияларын алуға жұмсалған сомалары есептелінеді. Акция -  акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын және ол оның иесіне дивиденттер түрінде табыстың бір бөлігін алу құқын беретін бағалы қағаз.

                Акцияларды алған кезде 1100 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»  шотының дебеті бойынша және төмендегі  шоттардың кредиті бойынша корреспонденциясы  жасалынады: сатып алу құнына – 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысулар», 3390-«Өзге де қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 4120-«Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді  кредиторлық берешек», 4130 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», 4140-«Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек».

                Акция алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп, ақша қаражаттарының шоттарын пайдалануы мүмкін: 1150-шоттың дебеті, 1050-«Ағымдағы банктік  шоттардағы валютамен ақша қаражаты»,шоттарының кредиті – шет мемлекеттердің банкілер мен компанияларының акцияларын алғанда;1040-«Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары», 1010-«Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары»- Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы акцияларды алғанда.

                Акцияларды сатқан жағдайда және басқа да жағжайларда олар есептен  шығарылса, онда акцияның баланстық  құнына 7410-«Активтердің шығуынан болған шығыстар» деген шоты дебеттеледі  де, және 1100-«Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» кредиттеледі, сосын ол шотының дебеті бойынша және 6210 шоттың кредиті бойынша көрсітіледі.

                Облигация дегеніміз- ұстаушысына (иесіне)  өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар (ұстаушылар) эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды органдар және басқалары) облигацияны шығарушының кредиторы болып табылады. Облигация – жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және дауыс беруге де құқысы жоқ.

Информация о работе Инветиция