Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 17:55, реферат
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзәләк нарықтың маңызды элементі болып табылады. Валюта жүйесін ұлттық және халықаралық валюта жүйелері деп ажыратады.
¥лттық валюта жүйесі - белгілі бір елдегі,сол елдің заңдарымен анықталатын валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Әлемдік валюта жүйесі - мемлекет аралық келісімдермен бекітілген, тарихи қалыптасқан халықаралық ақшалай қатынастарды ұйымдастыру формасы болып табылады. Оның пайда болуы және дамуы халықаралық ақша саласында парапар шарттарды талап етуші капиталдың интернационализацияндырудың дамуының обьективті көрінісі ретінде қарастыруға болады.
1.1 Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
Халықаралық
валюта жүйесі дүниежүзәләк нарықтың
маңызды элементі болып табылады. Валюта
жүйесін ұлттық және халықаралық валюта
жүйелері деп ажыратады.
¥лттық валюта жүйесі - белгілі бір елдегі,сол
елдің заңдарымен анықталатын валюталық
қатынастарды ұйымдастыру формасы. Әлемдік
валюта жүйесі - мемлекет аралық келісімдермен
бекітілген, тарихи қалыптасқан халықаралық
ақшалай қатынастарды ұйымдастыру формасы
болып табылады. Оның пайда болуы және
дамуы халықаралық ақша саласында парапар
шарттарды талап етуші капиталдың интернационализацияндырудың
дамуының обьективті көрінісі ретінде
қарастыруға болады.
Әлемдік шаруашылық байланыстар - валюталық
қатынастарды тұрақты жүйесіз елестету
қиын. Валюталық қатынастар шаруашылық
байланыстардың әр түрлі салаларында
қызмет етеді.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік
ақшалардың функциясын орындайды, атап
айтқанда, әлемдік ақшалар айналдыру құралы,
төлем құралы , байлық қорлану құралы ретінде
қолданылады.
Халықаралық валюта жүйесіне бірқатар
құрылымдық элементтер тән, олардың ішінде
аса маңыздылары :
- халықаралық ақшалай тауар ;
- халықаралық өтемпаздық;
- валюта бағамы ;
- валюталық нарықтар ;
- халықаралық қаржы-валюталық ұйымдар
;
- халықаралық келісім шарттар.
Халықаралық ақшалай тауар - әрбір елмен,
оның аумағынан әкетілген байлықтың эквиваленті
ретінде қабылданады. Алғашқы халықаралық
ақшалай тауар ретінде алтын болды. Кейіннен
экономикасы жоғарғы дамыған елдердің
валюталары әлемдік ақша болып қабылданды
.
Валюта - бұл халықаралық экономикалық
қатынастарда қолданылатын ақша. Оның
негізгі екі түрі бар:
- халықаралық сауда валютасы ;
- халықаралық резервтік валюта .
Халықаралық сауда валютасы - халықаралық
сауда операциялардың бағалауы үшін қызмет
етеді (тауарлар мен қызметтердің экспортты
және импорты), ол өзі сату - сатып алу объектісі
бола алады.
Халықаралық резервтік валюта елдер арасындағы
қатынастардағы халықаралық ақша айналымымен
байланысты. Ол елдің валюта жүйесіне
қажетті жағдайда көмек көрсетуге қолданылатын
мемлекеттің валюта резерві.Сонымен қатар
валюта белгілі бір критерийлер бойынша
жіктеледі. Критерий Валюталардың
түрлері
валюта статусымен үлттық шетел халықаралық
аймақтық
қолдану тәртібімен еркін айырбасталатын
жартылай айырбасталатын айырбасталмайтын
валюталық операциялардың түрлерімен
келісім бағасының валютасы төлем валютасы
несие валютасы вексель валютасы
басқа валюталардың бағамына қатынасы
бойынша күшті әлсіз
Негізгілеріне
назар аударсақ. Ұлттық валюта дегеніміз
мемлекеттің заңымен тағайындалған сол
мемлекеттің ақша бірлігі. Шетелдік валютаға
шетелдік банкноталар мен монеталар және
банктік вексельдер мен чектер түрінде
көрсетілген талаптар жатады Осыған қоса,
резервтік валюта ұғымы аса маңызды.Резервтік
валюта дегеніміз бұл мемлекеттің орталық
банктері жинақтайтын және сыртқы сауда
операциялар мен шетелдік инвестициялар
үшін халықаралық есеп айырысуға сақталатын
шетелдік валюта. Сондай валюталарға АҚШ
доллары , неміс маркасы , жапон иенасы
, фунт стерлингі жэне швейцария франкісі
жатады .
Сонымен қатар валютаның маңызды үш түрі
бар:
1) Еркін - айырбасталатын валюта - елдердің
әлемде өз валютасының айналысына шектеулер
қойылмайтын сол елдердің валютасы
2) Жартылай айырбасталатын валюта - елдердің
белгілі бір шеңбер ауқымында халықаралық
операциялар
З) Айырбасталмайтын - бұл елдердегі ерекше
немесе әр түрлі шектеуліктерді іс-жүзінде
қолданылатын сол елдердің валютасы.Мысалы:
қандай да бір мемлекет валютаның әкеліп-әкетуге
қарсы болуы.Халықаралық валюта жүйесінің
тұрақтылығы оның дүниежүзілік шаруашылқтың
құрылымына сай болуына тәуелді. Егерде
дүниежүзілік шаруашылығының құрылымы
өзгерсе, сонымен қатар халықаралық валюта
жүйесінің формасы жаңаға ауысуы тиіс.
19 ғасырда пайда болып, халықаралық валюта
жүйесі эволюцияның үш сатысынан өткен.
Алғашқы халықаралық валюта жүйесі алтын
стандарт жүйесі болған. Алтын стандарт
жүйесі 1879 - 1934 жылдар аралығында әлемдік
валюта жүйесінде қолданылды. Оның барысы
мен құлдырауы тағайындалатын валюта
бағамының барлық жақсы және жаман жақтарын
көрсетеді. Ақшаның алтын стандартталуы
болуы үшін келесі жағдайлар қажет деп
саналды :
- ұлттық валютаның құрамындағы алтын
салмағын белгілеу қажет ;
- алтың қоры мен ішкі ақша көлемі арасында
тепе-теңдік қажет ;
- алтынның экспорты мен импортына кедергілердің
болмауы қажет.
Әр ел валютасындағы алтын құрамын өзі
тағайындайты және алтын салмағының қатынасы
валюталық бағамды білдіреді. Мысалы,
АҚШ доллары = 25 грамм, фунт = 50 грамм, сонда
1 фунт = 2 доллар. Бұл жердегі алтындық
қатынасты есептегенде біз орауыштың
құнын, тасымалдау шығындарын, сақтандыру
шығындарын есептемейміз. Бірақ бұл шығындар
үлкен емес. Біз 50 грамм алтынға мүндай
шығындарды 3 цент деп есептейік. Бұндай
жағдайда американдықтар бір фунт үшін
2,03 доллар төлейді. Бұл жағдайдан бағам
үлкен болса Америкадан алтынның ағылуы
басталады. Бұл нүктені алтынның экспорттық
нүктесі деп атайды.
Алтын Америкаға ағылу үшін бағам 1,97-ге
дейін түсуі керек. Бұл бағамнан төмен
бағам қалыптасқан жағдайда алтын Америкаға
ағыла бастайды. Ал бұл нүкте алтынның
импортттық нүктесі деп аталады.
Бұл жүйенің макроэкономикалық негіздерін
қарастырайық. Мысалы, фунт пен доллар
тепе-теңдік жағдайында деп алайық. Белгілі
бір себептердің әсерінен фунтқа сұраныс
артсын. Соның нәтижесінде Америка үшін
бағам алтынның экспорттық нүктелерінен
артып, алтынның елден ағылуы пайда болсын.
Алтын стандартын алғашқы заңына сәйкес
елдегі ақша көлемі мен алтын көлемі тең
болып, Америкада ақша көлемі қысқарады,
ал Британияда ақша көлемі керісінше үлкейеді.
Ақша жиынының азаюы Америкада жалпы сұранысты
азайтады және оның нәтижесінде ұлттық
өндірістің, жұмысшылар санының, баға
деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Оған қоса ақша жиынының азаюы пайыздық
мөлшерлеме деңгейін үлкейтеді. Ал Британияда
керісінше жалпы сұраныс деңгейінің, ұлттық
табыс деңгейінің, жұмысшылар санының,
баға деңгейінің өсуі байқалады. Ал банктік
несиенің пайыздық мөлшерлемесі керіснше
төмендейді. Осыдан барып фунтке деген
сұраныс төмендеп, долларға деген сұраныс
артады. Себебі арзан америкалық тауарлар
британдықтардың салыстырмалы қымбат
тауарларынан тиімді көрініп, доллар қажет
бола бастайды және үлкен пайыздық мөлшерлеме
инвесторлардың қызығушылығын тудырады.
Осындай себептерден фунтқа деген сұраныс
қайтадан бастапқы деңгейіне түседі. Бүл
жүйенің нашар жағы:
- жұмыссыздық деңгейінің өсуі;
- жалпы сұраныс деңгейінің төмендеу жағдайына
ұшырауы.
1944 жылы АҚШ-тың Нью-Хемпшир штатының
Бреттон-Вуд қаласында болған халықаралық
бас қосуда (саммитте) «әсер етілетін байланған
валюталык бағам жүйесі » туралы келісімге
қол қойылды. Жаңа жүйе алтын стандарттын
тиімді жақтарымен оның келіңсіз әсерін
жоятын жүйе болуы керек. Бұл конференцияда
- Халықаралық валюта қоры құрылды. Ол
бұл жүйені қадағалау мен оған әсер ету
қызметін 1971 жылға дейін жүргізіп келді.
Бүл жүйенің пайда болуына не әсер етті
? Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
көпшілік елдер өз валютасын, ел өндірген
тауарлардың бәсекелестік мүмкіндігін
жақсарту мақсатында девальвацияға ұшыратты.
Себебі ел валютасы басқа валюталарға
қарағанда арзан болса, онда тауарлары
да арзан болады. Мысалы, «а» және «б» елдері
бар және «а» елі өз валютасының құның
«б» елінің валютасына қарағанда арзан
етіп, өзінің тауарларына сұранысты үлкейтті.Соның
нәтижесінде таза экспорт ұлғайып, елдің
өндіріс көлемі мен жұмыс орындары арта
түсті. Бірақ өнімде «а» және «б» елдері
жалғыз емес және олардың көбі өзін «а»
елінің жағдайына жеткізгісі келеді. Сондықтан
бұл жүйенің ең басты мақсаты - дүние жүзіндегі
валюта бағамының тұрақтылығын сақтау
болды.
Егерде елдің сальдосы оң, теріс болып
өзгеріп отырған жағдайда бір жылдағы
тиімділік екінші жылдағы шығындарды
жабады. Ал теріс сальдо бірнеше жылдар
бойы қайталанып отырса, онда елдің қоры
таусылып қалады немесе қарыз алуға мәжбүр
болады.
Бұл жүйеге алтын стандарты мен еркін
баға жүйелерінің жақсы жақтары тән. Ол
тұрақты валюта бағамын қамтамасыз етіп,
әлемдік сауданы ынталандырады. ХВҚ-ның
көмегімен валюта бағамын тұрақты ұстап
тұруда қиыншылықтарға ұшырамауын қамтамасыз
етті.
Бұл жүйе неге жойылып кетті ? Оның себебі
бұл жүйеде халықаралық валюта ретінде
алтын немесе доллар қолданылуы қажет
болды. Алтынды қолдану көптеген қиыншылықтар
тудырғандықтан доллар баршаға танымал
дүниежүзілік валютаға айналды. Оған келесі
жағдайлар әсер етті:
1) АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан экономикасы
ең сау ел болып шықты.
2) Алтынның үлкен қоры құрап алды. Осы
себептерден доллар ең мықты валютаға
айналып, дүниежүзілік ақша рөлін атқарды.
Доллар бұл рөлді атқару үшін ең алдымен
алтынға тұрақты бағамен жеңіл аударылуы
керек. Сондықтан доллар Бреттон-Вуд жүйесінің
ортақ ақша рөлін, онымен бірге жалпы жүйенің
тіршілігн жойды. Ол Американың бірнеше
жылдар бойы теріс сальдоны иемденіп,
одан шығу жолдарын таба алмауынан 1971
жылы 15 тамызда доллардың алтынға айналғыштығын
(37 жыл бойы 35 доллар 1 унция алтынға тең
болды) тоқтатты. Бұл жүейні «реттеулі
ауытқулы валюта бағамы» деп атаған дүрыс
болады. Қалыпты валюта бағамын кейбір
кезде Орталық банк интервенция жасау
арқылы ауытқуларды реттеп, елдің саясаттын
көздейді. Ел экономикасының өзгеруі бағамды
реттеді қажет етеді. Ал тапшылық немесе
артықшылық пайда болмауы үшін әдетте
бағамға сұраныс пен ұсыныс арақатынасынан
қалыптасқан нүктеге дейін еркін өзгеріп,
автоматты түрде жоюға мүмкіндік туғызады.
Осы жүйенің жақтаушылары мен қарсыластары
да болған. Жақтаушылардың келтіретін
дәлелі :
- сауда көлемінің өсуі;
- келеңсіз жағдайлардың басқарылуы.
Қарсыластары бұл жүйенің келесідей кемшіліктерін
айтуда :
- ауыспалықпен бейімделу.Валюта бағамы
экономикалық көрсеткіштер бірқалыпты
болған жағдайдың өзінде де өзгеріп отыруы
;
- «жүйелі еместігі».
Үшінші халықаралық валюталық жүйенің
құрылымы 1976 жылдын қантарында Ямайканың
Кингстон қаласында өткен жиналыста қабылданды.
Осы валюта жүйенің негізі еркін айналымдағы
валюталық бағам және көп валюталық стандарт
болды. 2.1 Валюта бағамы және оған әсер
ететін факторлар
Валюта
- бұл тауар жэне эрбір тауардың бағасы
болады .Влюта тауарының бағасы - валюта
бағамы . Валюта бағамы белгілі бір елдің
ақша бійлігін қандай да бір басқа елдің
ақша бірлігімен салыстырғанда онын қжа;ылығы.
Валюта бағамының негізгі рөлі:
1) Халықаралық операциялар жүргізген
кезде белгілі бір ақша бірліктерін баскшварға
айырбасталу кажеттілігімен ;
2) Халықаралык тауар нарығындағы бағалардың
салыстыруымен, сонымен қатар әр түрлі
елдердің көрсеткіштерімен ;
Фирмалардың,банктердің, үкіметтердің
есеп шотының шетелдік валютаға кезеңдік
қайта бағалауымен байланысты.
Валюта бағамына келесі факторлар әсер
етеді :
- валюта нарығындағы сүраным жэне ұсыным;
- елдің төлеу қабілеттілігі;
- төлем балансының сальдосы ;
- инфляция.
Бұлардың ішіндегі маңыздылары:
- инфляция екпіні;
- пайыздық қойылымның өзгеруі ;
- елдің төлем балансы ;
- ұлттық табыс ;
- жағдаятты факторлар .
Инфляция екпіні және валюта бағамы. Басқа
шарттар тең жағдайында инфляция деңгейі
ұлттық валютаның бағамының көлеміне
кері пропорционалды эсер етеді.Басқаша
айтқанда инфляция деңгейінің өсуі ұлттык
валюта бағамының төмендеуіне, ал инфляция
деңгейінің азаюы керіснше үлттық валюта
бағамының жоғарлауына экеліп соқтырады.
Пайыздық қойылымның өзгеруі жэне валюта
бағамы. Пайыздык қойылымның өзгеруі валюта
бағамына екі түрлі эсер етеді. Бір жағынан
олардың номиналды өсуі ел ішіндегі ұлттық
валютаға деген сүранымнын азаюына экеледі.
Себебі кәсіпкерлерге несие алу қымбатқа
айналады.Ал несие алған жағдайда, кәсіпкер
өз өнімінің өзіндік қүнын көбейтеді жэне
ол өз кезегінде ел ішіндегі тауарлар
бағасының өсуіне экеледі. Бұл ұлттық
валютаны шетелдік валютаға деген қатынасында
салыстырмалы түрде құнсыздандырады.
Екінші жағынан, басқа шарттар тең жағдайында,
белгілі бір елдегі пайыздық қойылымның
өсуі шетелдіктерге осы елде өз капиталын
үстауь^өте табысты болады. Екі түрлі пайызды
үтыс тігулердің өзгертуі валюталык бағытқа
әсер етеді.
Сондықтан пайыздык қойылымның өзгеруі
валюта бағамына тікелей жэне кері пропорционлды
эсер етеді. Елдің төлем балансы жэне валюта
бағамы. Елдің төлем балансы валюта бағамына
тікелей эсер етеді. Оң немесе активті
төлем баланс үлттық валюта бағамының
өсуіне мүмкіндік жасайды. Себебі шетелдік
дебиторлар тарапынан оған деген сұраныс
көбейе түседі. Ал теріс немесе пассивті
төлем баланс керісінше үлттық валюта
бағамының төмендеуін туындатады.Төлем
балансының валюта бағамына эсерінің
көлемі елдің экономикасының ашықтылығының
дэрежесімен анықталады.Неғұрлым ЖҰӨ-де
экспорт үлесі жоғары (неғүрлым экономиканың
ашықтылығы жоғары), соғүрлым төлем балансының
өзгеруіне байланысты валюта бағамының
икемділігі жоғары.
Ұлттық табыс жэне валюта бағамы. ¥лттық
табыс өзі-өзінен өзгеретін тэуелсіз құрылым
емес. Алайда үлттық табыстың өзгеруіне
эсер ететін факторлар, сонымен қатар
валюта бағамына да эсер етеді. Демек тауарлар
үсынылымының өсуі валюта бағамын жоғарлатады,
ал ішкі сүранымның өсуі валюта бағамын
төмендетеді. Үзақ мерзімді кезеңде үлттық
табыс неғүрлым жоғарғы болса, соғүрлым
елдің валютасының құны жоғарғы болады.
Қысқа мерзімде бүл үрдіс кері жүреді.
Жағдаятты факторлар және валюта бағамы.
Жағдаятты факторлар қысқа мерзім уақыт
кезеңінде үлттық валюта бағамынын көлемін
едәуір өзгерте алады. Демек экономиканың
дамуының перспективасы қатынасындағы
күтулер, бюджеттік жэне ішкі саудалық
дефициттердің өзгеруі валюта бағамына
тікелей әсер етеді.
1.2 Валюта бағамын реттеу құралдары
Қазіргі заманда
валюта бағамын белгілеуде бір-біріне
қарама-қарсы екі эдіс бар :
- валютаның еркін айналымдағы бағамы
;
- тағайындалатын валюта бағамы.
Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде
бағам үсыныс пен сүраныстың эсерінен
қалыптасады.
Валютаның еркін айналымдағы бағамына
көптеген факторлар эсер етеді.
Олар :
- түтынушы талғамының өзгеруі. Басқа
елдің тауарларына леген тұтынушының
талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына
қатты әсер етеді. Мысалы, американдық
машиналардың беделі артса, онда түтынушылар
оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс
тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден
демалушылар көп келсе, онда рубль үсынысы
көбейіп, арзандайды.
- табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің
үлттық табысы басқа елдердің үлттық табысына
қараганда өсімі салыстырмалы жоғарғы
болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы
төмендейді. Себебі елдің импорты табыс
деңгейіне қатысты болады.
- бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер
Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты
болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің
салыстырмалы арзан тауарларын түлынуға
тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады.
Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарларды
түтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын
кемітеді. Бүл екі жағдай бірігіп, теңгені
қүнсыздандырады.
- салыстырмалы нақты пайыздық қойылымының
өзгеруі. Мүндай жағдайды ойластырайық.
Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында
«қымбат ақша» саясаты жүргізілді. Нэтижесінде
инфляцияны есептей отырып алынған нақты
пайыздық қойылым мөлшері басқа елдерге
қарағанда жоғарғы болды. Соның арқасында
Қазақстан инвестициялауға өте тиімлі
елге айналды, ал ол инвесторларды теңгені
алуға итермелейді.
- алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында
:
1) Ресей экономикасына қарағанда жылдам
өсу қарқыны болады деген жорамал бар;
2) Басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары
болады деген қаупі бар ;
3)Төмен қойылымның пайыздық мөлшері күтілуде.
Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар
қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға
айырбастауға ұмтылады. Ал ол осы валютаға
сүранысты жоғрлатып, оны теңгеге қарағанда
қымбаттады.
Еркін айналымдағы валюта бағамының кемшіліктері:
- белгісіздік және сауданың нашарлауы.
Белгісіздік жэне қауіп сауда жүргізгуде
қиыншылықтарды туғызады. Мысалы, қазақстандық
кэсіпкер АҚШ-тан 90 мың долларга машина
алуға шартқа отырды. Ол есептегенде долларды
79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайға
байланысты төлем уақыты келген кезде
доллар 150 теңге болды. Сонда кэсіпкер
екі есе көп ақша төлейтін болады.
- сауда жағдайы. Елдің экономикасы халықаралық
нарық валютасының бағамы төмендеген
жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына
тэуелді болады.
- түрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз
эсер етеді. Тағайындалатын валюта бағамы
эдісі жоғарғыда қарастырылған әдіске
қарама-қарсы эдіспен жасалынады. Оның
қолданылуы мемлекеттің валюта бағамын
түрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен
қиындатылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда
валюта жетіспеушілгі автоматты түрде
жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты
мемлекет жою керек. Оны жою жалпы келесі
әдістермен жасалады:
- резервті қолдану. Бүл валюта бағамын
түрақтандырудың ең бір жеңіл тэсілі.
Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта
қорымен эсер ету механизмі. Ал валюта
қоры қалай жиналады ? Мысалы, қарастырып
отырған еліміз алдыңғы жылы оң сальдолы
болып, біраз валютаны иемденіп қалды,
Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде
сақталып, бағам ауытқулары байқалған
кезде қолданылады. Бұл тэсілдің тиімсіз
жағы, егерде теріс сальдо ұзақ уақыт байқалатын
болса, онда мемлекеттің валюта қоры таусылып,
бүл саясаттан бас тартуға мэжбүр болады.
- сауда саясаты. Ол мемлекеттің бағамды
бір қалыпта үстау мақсатындағы импортты,
яғни шетел валютасына деген сүранысты,
шектеу, керісінше экспортты ынталандыру
саясаты. Импортты квота, қосымша салық
салу арқылы шектеуге болады. Ол жеңіл
де, бірақ бүл қолдан жасалған щектеулер
экономиканың дамуына кедергілер жасайды.
- валюлық бақылау, оңтайландыру. Тағы
бір балама валюталық бақылау. Оның мэні
келесіде, мемлекет өзінің шетке тауар
шығарушылығына шетел валютасын тапсыруға
міндеттейді.
- ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық
және ақша саясаттарын жүргізу көмегімен
шетел валютасына деген сұранысты азайтады.
Сонымен қатар, мемлекет валюта бағамын
реттеу мақсатында қолдаулық немесе протекционистік
шаралар қолданады. Бұл шараларға валюталық
шектулер, валюта девальвациясы жэне ревальвациясы.
Валюталық шектеулер - бүл мемлекеттің
валютамен немесе басқа валюталық қүндылықтармен
операцияларды жүзеге асыруын заңды түрде
шектеу немесе тыйым салуы.
Девальвация - ұлттық валютаның шетелдік
валюталарға қатынасындағы айырбастау
бағамын төмендету.
Ревальвация - ұлттық валютаның шетелдік
валюталарға қатынасындағы айырбастау
бағамын өсуі.
1.3 Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау
Теңгенің айырбас
бағамына ықпал ету немесе бұрынғы деңгейінде
қалдыру мақсатымен сұраныс пен ұсыныстың
арасындағы айырмашылықты жабу үшін Ұлттық
банк валютаны сатады немесе сатып алады.
Бұл - Ұлттық банктің валюта бағамына тікелей
ықпал ету әдістері. Алайда, капиталдың
кезеңі көбірек болса, ұлттық валютаның
тұрақты бағамын қолдауға талпынған жағдайда
Ұлттық банктің валюталық резервтері
тез сарқылады. Ондайда Ұлттық банк валюта
бағамына әсер етудің жанама шараларын
қолдана алады. Олардың негізгілері резервтік
мөлшер мен есептік ставканы өзгерту болып
саналады.
Резервтік мөлшер - өз операцияларын жүзеге
асыру үшін коммерциялық банктердің пайдалануына
қақысы жоқ банк депозиттерінің бөлігі.
Оны реттей отырып монетарлық биліктер
елдегі жиынтық ақша массасын көбейтіп
немесе азайтады. Ол өз кезегінде валюта
бағамын азайтады немесе көбейтеді.
Ұлттық банк резервтегі мөлшерді көбейткен
кезде коммерциялық банктер несие эмиссиясын
төмендетуге мәжбүр болады. Резервтік
мөлшердің өсуі коммерциялық банктердің
ағымдағы шоттарын қысқартуға және қаржы
бөлігіндегі резервтерді жоғарлатуға
және бағыттауға мәжбүр етеді. Бұл несие
бойынша пайыздардың өсуіне, соның салдарынан
елде ақша массасының азаюына және ұлттық
валюта бағамының көбеюіне қозғау салады.
Ұлттық банк резервтік мөлшерді төмендеткен
кезде ақша массасы көбейіп, ұлттық валюта
бағамы төмендейді.
Есептік ставканы өзгерту тетігі де соған
ұқсас әрекет етеді. Есептік ставка - Ұлттық
банктің коммерциялық банктерге берген
ссудалары бойынша пайыз. Оның өсуі несие
алуға деген коммерциялық банктердің
ықыласын төмендетіп, яғни елдегі ақша
ұсынысын азайтады, сондықтан төмендеу
оны да, соған сәйкес өзгені де ұлғайтады.
Валюта нарығының және бағалы қағаздар
нарығы құралдарының қарқынды өзара сіңсуі
және тұтасуы қаржы нарығында мемлекеттік
реттеудің міндеттерін айтарлықтай күрделендіріп
және бұл процес үлкен шығынды талап ету
жағдайына ұшыратады. Осыған байланысты
сыртқы сауда операцияларында алтын-валюта
активтерін тиімді және оңтайлы пайдалануда,
сыртқы несие ресурстарын қарызға алуда,
батыс елдерінің өтімділігі жоғары қағаздарын
инвестициялауда, валюта айырбастау мәмілелерінде
және шетел мемлекеттерінің валюталық
девиздерін тарту бойынша операцияларда
проблемалар туындайды.
Алайда резервтік активтерді қолданған
кезде шешім қабылдаудың шекараларын
анықтайтын бірқатар факторларды есепке
алу қажет. Ондай факторларға мыналар
жатады: трансакциялық шығындардың мөлшері,
өтімділік, несие тәуекелдігі бойынша
шектеу, резервтік қаржының құрылымына
мүмкін өзгерістердің енгізілу жылдамдығы.
Қазақстанның валюта саясаты -- ұлттық
валютаның әлемдік қаржы нарығындағы
тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Оның валюта бағамының салыстырмалы тұрақтылығына
инфляциямен сауда және төлем балансы
сальдосының деңгейлері арасындағы нақты
арақатынастарын реттеу жолымен қол жеткізіледі.
Мемлекеттің сыртқы резервтік активтерінің
түпкілікті есебіне төлем балансы тапшылығын
қаржыландыру соңғы саты болып саналады.
Оны теңестіру теңгенің, валюта бағамының
ауытқуын шектеуді тікелей мақсат ететін
валюта нарығындағы валюталық интервенцияның
тетігі арқылы жүзеге асырылады. Алтын-валюта
резервтерін қалыптастыру және пайдалану
мемлекеттің валюта саясатының негізгі
міндеттерінің бірі болып саналады. Халықаралық
өтімділіктің көлемі мен құрылымы елдің
халықаралық міндеттемелерінің қажетті
төлем қаржыларымен қамтамасыз етілу
дәрежесін анықтайды. Резервтік активтердің
қосалқы қорлары үкімет органдарының
да, елдің коммерциялық және қаржы құрылымдарының
да борышқорлық міндеттемелерін өтеудің
халықаралық есеп айырысуын жүзеге асыруға
қолданылуы мүмкін. Алтын-валюта активтерін
тиімді пайдалану валюта резервтерінің
төтенше жоғары дәрежеде болуын, валюта
қоржынын әртараптандыруды, активтердің
құрылымдарын оңтайландыруды талап етіп,
сонымен қатар ол сыртқы экономикалық
қызметке мүмкіндігінше және барынша
жәрдем көрсетуге, сонымен қатар ұлттық
ақша бірлігінің валюта бағамын тиімді
реттеуін қамтамасыз етеді.
Еркін айырбасталатын валюта резервтері
елдің төлем балансын теңестіру үшін тікелей
пайданылады. Ресми резервтердің құрамында
болатын алтын авуарлары осы мақсаттарға
своп операциялары арқылы немесе өздеріне
қойылған баға бойынша нарыққа еркін айырбасталымды
валютаға айналу сатысынан өткеннен кейін
ғана пайдаланылуы мүмкін.
Республиканың төлем балансында көрінетін
резервтік активтер ішкі қорланымның
жылыстауы және елге шетел капиталы түсімінің
нәтижесінде алтын-валюта авуарларының
өзгерісінің жағдайын көрсетеді. Төлем
балансы тапшылығын жабу үшін, яғни үкімет
сыртқы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз
етудің негізгі көздерінің бірі саналатын
қаржы тартатын алтын-валюта резервтерін
қолданады. Халықаралық Валюта Қорының
қарыздарымен және айрықша қаржыландыру
бойынша операциялармен бірге резервтік
активтер Қазақстанның халықаралық есеп
айырысуын теңестіру үшін, өтімділіктің
баламалы қаржылары ролінде шығады. Алтын-валюта
активтерінің елеулі көбеюі және ел экономикасына
шетел валютасының айтарлықтай массасының
түсуі, біріншіден, инфляцияны шұғыл жоғарылатуы,
екіншіден, ұлттық акция бірлігі бағамының
құлдырай құлауына соқтыруы мүмкін. Осы
жылдарда жинақталған артық өтімділікті
айықтырмай ақша базасын тұрақтандыру
және инфляциялық үдірістердің дамуына
қарсы әрекет ету мүмкін болмады. Сондықтан
таза халықаралық резервтер салық банкісінің
қысқа мерзімді ноталарын шығару және
тарату бойынша активтендірумен бейтараптандырылды.
Ұлттық банктің ноталар эмиссиясының
көлемі 2006 жылғымен салыстырғанда 2007 жылы
12,2 %-ке, 156,4 млрд. Теңгеге дейін, айналыстағы
нота көлемі 2,8 есе, 24,6 млрд. теңгеге дейін
төмендеп, соған қарамастан 2007 жылы қысқа
мерзімді ноталар өтімділікті реттеудің
негізгі құралдарының бірі болып қалды.
Сыртқы нарықта қазақстандық тауарлардың
баға бәсекесіне қабілетілігін қолдау
үшін ақшаның сұранысы мен ұсынысына тәуелді
бағамның ауытқуына себепші болатын, сондай-ақ
теңгенің өзгермелі айырбас бағамы тәртіптемесін
2003 жылы Ұлттық банк сақтап қалды. Жыл
бойы АҚШ доллары қатынасына қарай теңгенің
нығаюға беталысы іс жүзінде байқалды.
Ішкі валюта нарығына шетел валютасының
елеулі түсімінің түсуі теңгенің нығаюына
мүмкіндік туғызды. Ағымдағы жылдың басынан
бері әлемдік нарықтағы энергетикалық
ресурстардың жоғары бағалары, мемлекеттік
меншік үлесін жекешелендіру, сонымен
бірге корпоративтік сектор мен екінші
деңгейдегі банктердің сыртқы нарықтағы
қарыз алуы себепші болған экспорттың
ақшалай валюта түсімінің елеулі көлемі
шетел валютасының негізгі түсім көзі
болып саналады.
Ішкі валюта нарығына шетел валютасының
елеулі түсімінің түсуі жағдайында Қазақстанның
қор биржасынан және банкаралық валюта
нарығынан шетел валютасының Ұлттық банк
сатып алған таза көлемі 2007 жылы 4,2 млрд.-қа
жуық АҚШ долларын құрап, соның жартысынан
астамы Ұлттық банктің қысқа мерзімді
ноталар шығарылымымен айықтырылды. Одан
басқа Ұлттық Қордың активтерін толтыру
мақсатын көздеген Ұлттық банк Қаржы министірлігіне
1,3 млрд. АҚШ долларына, валюта сатты.