Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 17:00, реферат

Краткое описание

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сатып-сатуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.

Содержимое работы - 1 файл

Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі.doc

— 35.00 Кб (Скачать файл)

Еңбек нарығы және оның атқаратын  қызметі.

 

  Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сатып-сатуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.

         Еңбек нарығына барынша қабілетті  және іскер жұмыскерлерді қатал,  аяусыз түрде іріктеу тән. Ол  жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалылығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс  күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады. Бір сөзбен айтқанда, еңбек нарығын мойындау жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық табиғатын және оның өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты жөніндегі ғылыми дау негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет  ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ол оны өндіріс құрал-жабдықтарымен қосу нарықтық тәсілмен сату, сатып алу арқылы жүзеге асады.

         Егер де  жұмыс күші тауар  болса, онда оның құны туралы сұрақ туады. Ол қалай анықталады және қазіргі оның шамасы қандай ? Жұмыс күшінің құны, оны қайта өндіруге қажетті өмір сүру құралдарының құнымен анықталады. Әзірше, дүние жүзінің көптеген елдеріне қарағанда біздің елімізде адамның еңбегі,  оның жұмыс күші төмен бағаланады. Мысалы, Швейцарияда бір сағаттық еңбек – 30, Францияда – 15, Германияда- 28, Австрияда -22 доллар тұрады. Біздің есебіміз бойынша бұл көрсеткіш  қазіргі таңда Қазақстанда орта шамамен 0,10 доллар (әрине бұл арада инфляцияның деңгейін ескеру қажет) құрайды.

              Еңбек нарығы барынша күрделі  және жетілмеген нарық түрі  болып табылады. Өзінің жұмыс  күшін ұсынатындар әдетте олар  еңбегіне деген сұранымнан хабарлар  бола бермейді, олар тіпті өздерінің  тұратын қала шеңберіндегі бос жұмыс орны туралы да білмейуі мүмкін. Ал басқа аймақтардағы жұмыс орны туралы одан да аз біледі.

         Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және еңбек қатынастарының дамуына сәйкес, оның мақсатымен және атқаратын қызметтері өзгереді. Еңбек биржасы – бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұрақты жұмыс істейтін мекеме. Бұрынғы КСРО-да ең соңғы еңбек биржасы 1932 жылы жабылған болатын. Қазіргі нақты жағдай – еңбек нарығының барлық элементтерін қайта жаңғыртудың қажеттілігін көрсетіп отыр. 1991 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады.

         Еңбек биржаларының негізгі атқаратын  қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы  сұраным мен ұсынымды анықтау,  жұмыссыздарды есепке алу және  бос жұмыс орындарын тіркеу; жұмысын  ауыстыруға және жұмысқа тұруға  тілек білдіретін адамдарға ақпарат беру; жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауға ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік беру жұмысын жүргізу; адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау. Мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа жалдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады, себебі олардың жұмыскерлерді еркін түрде таңдауға құқы бар және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады.

         Қазіргі еңбек биржасында, жұмыс  күшіне сұраным мен ұсыным  туралы мағлұматтар банкісі болуы  қажет. Осы бағытта АҚШ-та, мысалы, аймақты және жергілікті деігейде  жұмыс күшінің электронды банкілер құрылған. Онда жұмысқа орналасқан кезде жоғары сапалы консультациялық көмек көрсетіледі. Нәтижесінде барлық мамандық топтарындағы жұмыссыздардың 40 пайызы бір айдың ішінде жұмысқа орналасады. Сондай-ақ, жұмыссыздарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы енгізілген. Әсіресе, Вашингтон штатында федералдық үкімет тиісті білім, жұмыс тәжірибесі бар және өз ісінің маманы болғысы келген 400 жұмыссыз адамға белгілі бір уақытқа дейін мүмкіндік беріп, алдын ала жәрдемақы төлейді. Бұның өзі, олардың жұмыс жобасының экономикалық дәлелі бар, әдейі курстарды өткен, сондай-ақ жаңа істі консультант көмегімен бастаған жұмыссыздарға беріледі.

        

Информация о работе Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі.