Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2013 в 17:13, реферат

Краткое описание

Елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.

Содержимое работы - 1 файл

экономика.docx

— 17.64 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

 Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді.

 Елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.

 Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігіретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қантамасыз етеді. Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандарың жақсы менгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ.

 Бухгалтерлік есеп бұл қажетті, маңызды және көп жағдайда ауыстырылмайтын мамандық. Дәл осы себеппен бухгалтер көптеген жағдайда фирмада басшылықтың «оң қолы» болып табылады. Бухгалтер сөзі салмақты, еңбек ақысы айраллықтай бәсеке қабілетті. Егер сіз жеке бухгалтер болсаңыз, яғни штатта болмасаңыз, шағын фирмаларға есеп берулер мен баланстарды құрастыру бойынша бухгалтерлік қызмет көрсететін болсаңыз, онда бір уақытта бірнеше фирмалардың бухгалтериясын жүргізу арқылы еңбек ақыңыз да жақсы болады. 1С сияқты бухгалтерлік бағдарламалардың жоғары деңгейде дамуын ескерсек өте ауқымды жұмыстарды да орындай аласыз. Ал шағын фирмаларға сіздің есеп берулерді дұрыс орындап, аударымдарды уақытында аударғаныңыз қажет.Бухгалтерлік есеп және аудит мамандарын дайындау бухгалтерлік, қаржылық және басқару есебінің, бухгалтерлік (қаржылық) есеп беру, салық салу, аудит, қаржылық талдау, ақпараттық технологиялар бойынша теориялық және тәжірибелік білімді игеруге негізделген. Білім алу барысында студенттер экономикалық және қаржылық талдау, қаржылық және басқару есебі әдістері мен тәсілдерін біртіндеп игереді, есеп операцияларын қолдан және автоматтандырылған формада жүргізудің тәжірибелік қабілеттілігіне уйренеді.Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп және аудит маманы – тек бухгалтер ғана емес, ол сонымен қатар аналитик және аудитор. Аудит – бұл кәсіпорынның қызметін тексеруді жүзеге асырушы маман. Аудитор сыртқы және ішкі бақылауды жүзеге асырады және меншік формасы әртүрлі кәсіпорындардың қаржылық қызметіне талдау жасайды, есеп берулердің дұрыстығына, жүргізілген операциялардың заңдылығына баға береді, қаржылық қызметтегі қателіктер мен дұрыс емес есептеулердің алдын алу бойынша ұсыныстар жасайды, кәсіпорындар мен мекемелердің төлем қабілетсіздігі туралы шағымдарды қарауға қатысады. Аудитор мамандығы бухгалтерлік есеп бойынша мінсіз білімге негізделеді.

 Коммерциялық ұйымдардағы бухгалтерлік есеп және аудит. Бұл мамандықтың негізгі мақсаты – халық шаруашылығының барлық салаларында жұмыс істейтін мамандарды дайындау: өнеркәсіп, құрылыс, сауда және басқа да кәсіпорындарда (мекемелерде, ұйымдарда).

 Бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Бұл мамандықтың негізгі мақсаты – бюджеттік мекемелерде: қалалар мен аудандардың әкімшілігінде, оқу орындарында, денсаулық сақтау мекемелерінде, салық инспекциясында, мемлекеттік зейнетақы қорларында, ІІД қаржы-экономикалық қызметінде, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдарда: мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде, агенттіктерде, қоғамдық қорларда және ассоциацияларда және т.б. жұмыс істейтін мамандар дайындау.


Информация о работе Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру