Бизнес –жоспар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 13:06, курсовая работа

Краткое описание

Бизнес –жоспар
1. Бизнес жоспар: мәні, маңызы
2. Бизнес жоспарды жасаудың объективтік қажеттілігі
3. Бизнес жоспардың құрылымы
3.1.Резюме (жоспардың қорытынды түйіні)
3.2.Өнімді тауар немесе қызметті сипаттау
3.3.Өнімді өткізу нарығы
3.4.Бәсекелестік
3.5.Маркетинг стратегиясы
3.6.Өндірістік жоспар
3.7.Ұйымдастыру жоспары
3.8.Заңдылық жоспары
3.9.Тәуекел мен сақтандыруды бағалау
3.10.Финанстық жоспар

Содержимое работы - 1 файл

Бизнес-жоспар.doc

— 37.50 Кб (Скачать файл)

Бизнес  –жоспар

  1. Бизнес жоспар: мәні, маңызы
  2. Бизнес жоспарды жасаудың объективтік қажеттілігі
  3. Бизнес жоспардың құрылымы

    3.1.Резюме (жоспардың  қорытынды түйіні)

    3.2.Өнімді тауар  немесе қызметті сипаттау

    3.3.Өнімді өткізу  нарығы

    3.4.Бәсекелестік

    3.5.Маркетинг  стратегиясы

    3.6.Өндірістік  жоспар

    3.7.Ұйымдастыру  жоспары

    3.8.Заңдылық  жоспары

    3.9.Тәуекел  мен сақтандыруды бағалау

    3.10.Финанстық  жоспар 

  1. Бизнес  жоспар: мәні, маңызы

   Адамзаттың  хайуанаттан айырмашылығы алдағы істейтін жұмысын, ой, қимылын алдын-ала ойластырып жоспарлап алады.

   Біздің  Қазақстанда экономикалық реформа  жүргізген жағдайда – нарықтық экономикаға  көшуде өрескел қателіктер болды. Оның болу себебі алдын ала ойластырылып жоспарланбағанның  салдарынан.

   Советтік  экономикада жоспарлау халық  шаруашылығын басқарудың басты құралы болды. Ол әдісті бүкіл алдыңғы қатардағы капиталистік елдер қолданып дүниежүзілік дағдарыстан құтылды.

   1994 жылы  Жапонияның миллиардері Хираса  Теравами Қазақстандағы жағдаймен  танысып былай деген: «Біз сіздерден  ештеңе түсіне алмадық. Біз уақытында сіздің жоспарыңызды алып оны икемді нұсқаулармен толықтырдық, ол біздің елге жемісті жұмыс істеуде. Ал енді қарасақ, сіздер жоспардан бас тартыпсыңыздар.Уақытында сіздер ақылды болдыңыз, ал біз, жапондықтар, ақымақ болдық. Енді біз ақылды болдық, ал сіздер бес жасар сәбиге ұқсап кетіпсіңіздер.» Хираса Теравами айтқандай қазіргі  жағдайда біздің Қазақстан Республикасы қайтадан ұлттық шаруашылықты стратегиялық болжау мен жоспарлауды қолға алу басты бағыт болып табылады. Сондай –ақ кәсіпкерлік жағдайда алдын-ала мұқият болжап жоспарламай жұмыс жасау мүмкін емес.

   Кәсіпкерлік іске көпшілігі жоспарлау керегі жоқ деген ұғымға келеді. Ол мүлдем дұрыс емес. Нарық жағдайында жоспарлау керек. Біздің социалистік шаруашылық жүргізу жағдайында жоспарлау жоғарыдан басталып дүректива (фр.латын сөздері – бағыттау, яғни бұйрық, басшылық нұсқау) ретінде беріліп жергілікті жағдай ескерілмеді, ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандыруға көңіл көп аударылмады, басшылардың, кәсіп керлердің инициативасын кең пайдалана алмады. Мұндай жоспарлау нарық экономикасына мүлдем қарсы.

   Қазір инициатива толық мүмкіндік берілген жағдайда өз бетімен жоспарлау кең  қолданылуы тиіс. Ойлаған ойдың негізделуін және күтілген қортындының берік болуын іске асыру үшін шет елдер тәжірибесіне және логика кәсіпкерлік істі жоспарлау керек екендігін көрсетеді. Егер кәсіпкер, мысалы, өз алдына жеке фирма  құрғысы келсе, жаңа өнім өндіруді ұйымдастырғысы келсе бизнес жоспар жасауы керек. Бизнес жоспар – бұл жоспарлау құжаты, мұнда бизнестің (ойлаған істің) барлық мүмкіндіктері талданады және фирма, компанияларды басқаруда бар мүмкіндіктерді пайдалануға қажетті жолдарын. Анықтайды.

   Бизнес  жоспардың маңызы мынада: - кәсіпкердің бір істі істеуге өз қаражаты жетпейді, тіпті жоқ болуы да мүмкін, ал ол қаражат басқа адамдарда. Осы қаражаттарды жинастырып жұмсау үшін, ол өзіне серіктестер, инвесторлар іздейді. Ақшаны бере ою оңай емес. Сондықтан істейтін істің пайда келтіретінін, өндірілген өнімнің нарықта өтетіндігіне серіктестер мен инвесторларды иландыруы керек. Ол жұмысты Бизнес-жоспар орындайды:

  • серіктестер мен инвесторлар болашақ өндіріске, оның  көмегіне және нарықтағы потенциалына (қуатына), баға деңгейіне, өнімді нарыққа қозғау әдістеріне , болашақ алынатын пайда мөлшеріне т.б. көрсеткіштерге аса көңіл аударады;
  • бизнес жоспарды жасаушы кәсіпкер, фирма немесе компания өндірістік финанстық көрсеткіштер ғана емес, болашақ серіктестіктерді, инвесторларды осы істі атқаратын кадр потенциалының және материалдық ресурстардың жеткілікті екеніне шандыруы керек. Құрылатын ұйым өзінің мүмкіншілігін сауатты және тиімді ұйымдастырып болжамды бизнесті үйлестіріп және басқара алатынын көрсетуі тиіс;
  • бизнес-жоспарды жасақтағанда тиянақты, нақты көрсеткіштермен логикалық үйлесімділік және шанымдылық болуы керек. Оны оқитын ақша-қаражаты бар кісілер тек қана тиянақты цифрларға олардың шанымды есептелгеніне көңіл аударады. Бизнес деген ағылшын сөзі – пайда беретін қандай да болмасын экономикалық іс. Бизнес –жоспардың басты міндеті пайда табу, сондықтан мұны кәсіпкерлік іс жобасының жоспары деп қарау керек.

Информация о работе Бизнес –жоспар