Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 21:59, доклад
Бүгінгі күнде әлемде бизнес-инкубациялау үрдісі одан әрі кең таралуда. Оның мәні, бастапқыда, кәсіпкерлік үшін кадрларды «өсіру» еді, ал кейін сол немесе өзге мемлекеттің аумағында шағын және орта бизнесті түрліше қолдауға ауысты. Жуырда ғана мұндай инновациялық технологиялар Қазақстан Республикасының жүйесінде де енгізілді.
Бүгінгі күнде әлемде бизнес-инкубациялау үрдісі одан әрі кең таралуда.
27.04.2011
Бүгінгі күнде әлемде бизнес-инкубациялау үрдісі одан әрі кең таралуда. Оның мәні, бастапқыда, кәсіпкерлік үшін кадрларды «өсіру» еді, ал кейін сол немесе өзге мемлекеттің аумағында шағын және орта бизнесті түрліше қолдауға ауысты. Жуырда ғана мұндай инновациялық технологиялар Қазақстан Республикасының жүйесінде де енгізілді.
Бизнес-инкубациялау атауы өзін айқын білдіре танытады: бизнес-инкубациялау дамып келе жатқан қоғам үшін өзекті ынталы, шығармашыл, белгілі білім қоры бар жас мамандарды, жаңадан кәсіпкерлерді тәрбиелеу міндетін дамытуға арналған. Бұл жерде, инновациялық идеялар моральдық, сондай-ақ материалдық қолдау алып, іс жүзінде асады. Инновациялық білім беру көріністерінің бірі ретіндегі бизнес-инкубаторды, технологиялық ғылымдар саласындағы мамандар өздерінің білімдерін тиімді сатып, бұл ретте қаржылай қанағаттанудан басқа, елдегі инновациялық технологиялардың дамуына маңызды қолдау көрсете алатын орын деп айтуға болар.
2007 жылы «Ұлттық инновациялық қор» ұйымдастырылған Start-up Kazakhstan республикалық конкурсы Қазақстанның аумағындағы бизнес-инкубациялау үрдісінің дамуындағы алғашқы маңызды саты болды. Осы іс-шараның мақсаты ел институттарының жанындағы технологиялық бизнес-инкубаторлар (ТБИ) желісін құру еді. нәтижесінде, аталмыш объектілер келесі жоғарғы оқу орындар негізінде ашылды:
· Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті;
· Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
· Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;
· Қазақстан-Британ техникалық университеті;
· Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті;
· Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.
Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанның технологиялық парктері арқылы тиісті тетіктерді іске қосуды отандық бизнес-инкубациялаудың дамуындағы келесі маңызды сатысы деуге болады.
2003 жылы Қазақстанның білім беру жүйесінің инновациялық дамуының маңызды құрамдас бөлігі ретінде техникалық салада негізінен жаңа әрі озық идеяларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін сервистік база болған технопарктер құрылды. Осы мекемелерде ғылыми-зерттеу институттары, индустрия объектілері, іскерлік орталықтар, көрме алаңдары, оқу мекемелері, сондай-ақ қызмет көрсетуші бөлімшелер: көлік құралдары, кіріс жолдар, тұрғын кент, қарауыл біріктірілді. Бір аумақта инфрақұрылымдық элементтердің мұндай шоғырлануы белгілі саладағы мамандарға зерттеу жүргізуге, оқу мекемелерінде оқытуға, сондай-ақ өзінің зерттемелерін өмірге енгізуге мүмкіндік береді.
Бүгінде Қазақстанда 10 технопарк жұмыс істейді, олардың біреуі ұлттық мәртебесіне ие.
1-кесте. ҚР қолданыстағы технопарктер
№ |
Технопарк |
Құрылу жылы |
қала |
Қызмет бағыты | |
1 |
Alatau IT City» ұлттық паркі |
2003 |
Алматы қ. |
Ақпараттық технологиялар және телекоммуникацияла р | |
2 |
«Алматы аймақтық технопаркі»
|
2005 |
Алматы қ. |
Құрылыс технологиялары және құрылыс материалдарының өндірісі, химиялық өнеркәсіп, металлургия, машина жасау | |
Қ. Сәтпаев ат. ҚазҰТУ аймақтық технопаркі
|
2004 |
Алматы қ. |
Машина жасау, қара және түсті металлургия, химиялық өнеркәсіп, ақпараттық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау | ||
«Алгоритм» аймақтық технопаркі |
2004 |
Орал қ. |
Мұнай-газ салаға арналған машина жасау, аспап жасау, мұнай химиясы, табиғатты қорғау технологиялары | ||
«UniScienTech» аймақтық технопаркі
|
2004 |
Қарағанды қ. |
Таулы-металлургиялық саладағы, химиялық өнеркәсіптегі, экологиядағы технологиялар және энергияны үнемдеу, жаңа материалдар өндірісі, машина жасау | ||
«Астана қ. аймақтық технопаркі»
|
2007 |
Астана қ. |
Құрылыс және құрылыс материалдарының өндірісі, машина жасау саласындағы технологияның дамуы | ||
«Ақтөбе» аймақтық индустриалдық технопаркі |
2006 |
Ақтөбе қ. |
Таулы-металлургиялық сала, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ саласы. | ||
Алтай» Шығыс Қазақстан аймақтық технопаркі» |
2008 |
Өскемен қ. |
Түсті металлдарды өндіру және қайта өңдеу, ақпараттық технологиялар, машина жасау, табиғатты қорғау технологиялары, жаңа материалдар өндірісі | ||
«Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық технопаркі» |
2008 |
Шымкент қ. |
Құрылыс материалдарының химиялық технологиялары, ауыл шаруашылық өнімін өндіру және қайта өңдеу, көмірсутек шикізатын қайта өңдеу, табиғатты қорғау технологиялары | ||
«Қызылжар» Солтүстік Қазақстан аймақтық технопаркі»
|
2009 |
Петропавл қ. |
Ресурс және энергия үнемдейтін, экологиялық таза технологиялар, жаңа конструкциялық материалдар, ақпараттық технологиялар, креативтік технологиялар, табиғатты қорғау технологиялары, астрофизикалық технологиялар және зерттеулер, экономика, таулық-металлургиялық саласындағы, геологиядағы, машина жасаудағы, энергетикадағы, құрылыстағы, сәулеттегі, ауыл шаруашылығындағы және басқа бағыттағы технологиялар
| ||
Отандық технологиялық парктердің саны олардың әлемдегі жалпы санынан жүзден бір үлесін ғана құрайтыны сөзсіз. Алайда, мұндай кешендер Қазақстанда бар-жоғы 6 жыл ішінде ашылғанын және географиялық тұрғыда шамамен бүкіл елді: солтүстікті, оңтүстікті, батысты, шығыс пен орталықты қамтитынын есепке алу қажет.
Барлық құрылған технопарктердің міндеті кәсіби қызметтерді көрсету болып табылады, ал 2010 жылы, айтылып өткендей, технологиялық кешен сервисі бағыттарының бірі ретінде пилоттық жоба аясында бизнес-инкубациялау үрдісі іске қосылды. Бизнес-инкубациялау қызметтері қатарына сараптама, консалтинг, инжиниринг, консультациялар жатады.
Тиісті үрдісті іске қосу хабарландырылғаннан кейін тиімді талаптармен бизнес-инкубаторда инновациялық идеяны іске асыру мүмкіндігін алуға ниет білдіргендер асып түсті – таехнопарктер 100-ден аса жобаны қарастыруға қабылдады. Бірақ шамамен жартысы, нақтысы, 64 жоба экономиканың төмендегі басым салалары бойынша мақұлданды:
- агроөнеркәсіптік кешен;
- металлургия;
- мұнайды қайта өңдеу;
- энергетика;
- химия және фармацевтика;
- құрылыс индустриясы;
- көлік және коммуникация.
Қазіргі заманғы әлемде қаралудағы
бизнес-инкубациялаудың
http://www.innovus.kz/kz/
Ақпарат дерекнамасы: Индустриялды-инновациялық журнал 50.KZ
Информация о работе Бүгінгі күнде әлемде бизнес-инкубациялау үрдісі одан әрі кең таралуда.