Багалы кагаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2013 в 17:45, курсовая работа

Краткое описание

Акция ме облигациялардың инвестициялық қасиеттерін және олардың шығарған эмитенттердің рейтергтік бағалауын тәуелсіз рейтенгтік компаниялар анықтайды. Анықтамалық мәліметтер негізінде олар барлық бағалы қағаздардың потеционалды сатып алушы үшін сенімділік дәрежесіне байланысты топтайды. Бағалы қағаздарды таңдауда басшылыққа алатын негізгі құралы рейтенгтік бағалау болып табылады. Қаржылық активтер үш топқа жіктеледі: жоғары сапалы бағалы қағаздар, орташа бағалы қағаздар, жоғары табысты бағалы қағаздар.

Содержание работы

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
1. Бағалы қағаздардың түсініктемесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
2. Негізгі бөлім. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операцияларының есебі. . . . . . . . . 11
Дивиденттер есебі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
Қор нарығының акцияларымен операцияларының есебі. . . . . . . . . 14
Борыш міндеттемелері бойынша операцияларының есебі. . . . . . . . 17
Бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар. . . . . . . . .28
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31

Содержимое работы - 1 файл

Багалы кагаздар курсово.doc

— 155.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операцияларының есебі.

Жарғылық  капиталды қалыптастыру кезінде  акционерлік қоғам сол капиталдың мөлшеріне сәйкес акциялар шығарып және оларды акционерлер арасында орналастырады. Қоғам акционерлерден акцияларды сатып алу, қорлар нарығында сату, жою және т.б. қимылдар жасауы мүмкін.

Бұл операциялардың есебі үшін № 1100-1150 «Қаржылык инвестициялар» шоттары пайдаланылады. Олардьщ  кейінірек кайта сату немесе жою  үшін акционерлерден өтеп алынған кәсіпорындардың балансқа кіріс болған меншікті акциялары № 5210 «Алынып тасталған капитал» шотында бейнеленеді.

Кейінірек қайта  сату немесе жою үшін акционерлерден акционерлік қоғам өтеп алынған кәсіпорынның кіріс болған меншікті акциялардың құнына мынадай жазу жазылады:

Дт- 5210 «Алынып тасталған капитал» шоты.

  Кт - 1010, 1040 «Есеп айырысу шоты мен кассадағы акшалар» шоты.

Өтеп алынған  акциялар олардың түрі, нөмірі, сериясы  мен номиналды құнын көрсетумен тізім бойынша кассаға кіріс етіледі және кассадағы ақша қаражаттарының есебі үшін қолданатын тәртіпте сақгалады.

Меншікті  акцияларды акционерлік қоғам сату кезінде екінші тарату процесінде бухгалтерлік есеп шоттарында мынадай жазулар жасалады:

Дт - 1010, 1040 «Есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар» шоты.

Кт - 5210 «Алынып тасталған капитал» шоты.

Сонымен, егер меншікті акциялар олардың номиналды кұнынан артық баға бойынша сатылса, онда бағалы қағаздың сату мен номиналды кұнының арасындағы өткізілген айырманың сомасына мынадай жазу жазылады:

Дт - 3030 « Акциялар бойынша есеп айырысулар» шоты.

Кт - 5510 «Есепті  жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)»

шоты.

Меншікті  акцияларды жою кезінде оларды акционерлерден өтеп алу мен барлық қажетті процедураларды орындағаннан кейін мынадай проводка жасалады:

Дт - 5010, 5020 «Жай және артықшылығы бар акциялар» шоты.

Кт - 5210 «Алынып тасталған капитал» шоты.

Акциялардың аналитикалық есебі олардың келіп түсу көздерінен тәуелсіз есеп ведомостарында түрлері, өтеп алу мерзімдері, құны бойынша жүргізіледі

 

 

    1. Дивиденттер есебі

Кәсіпорын акционерлері меншіктегі акциялар бойынша дивиденттер  алуға құқылы. Акционерлерге дивиденттер есептеу мынадай жазумен бейнеленеді:

Дт - № 5410, 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған залалы)  мен жиынтық табысы (залалы)» шоттары.

Кт – 3030 «Акциялар  бойынша есеп айырысулар" шоттары.

№ 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» шоты кепілдігі бар дивиденттерді (мысалы, артықьшығы бар акциялар бойынша) төлеу үшш таза табыстың мөлшері жетіспейтін жағдайда қолданылады.

Егер акционерлер ретінде  бұл қоғамның кызметкерлері болса  онда дивидендтердің есептелуі мынадай проводкалармен жасалады:

Дт - № 5410 «Жиынтық табыс (залал)» шоты.

Кт - № 3350 «Персоналмен еңбек ақы бойьшша есеп айырысулар» шоты.

Төлем көзінен дивидендтерге  салық салынатын тәртіп болғандықтан, дивидендтердің есептелген сомасынан  салықтың келемін шегеруден кейінгі сомасы төлеуге жатады. Бұл жөнінде төмендегі жазулар жазьшады:

а) есептелген салықтың сомасына:

Дт - № 3030, 3350 «Акциялар  мен еңбек акы бойынша есеп айырысулар» шоттары.

Кт - № 3190 «Бюджетпен есеп айырысулар» шотының «Бағалы  қағаздар бойынша  табыстарға салықтар субшоты.

б) төленетін ақшалардың сомасына:

Дт – № 3030, 3350 «Акциялар мен  еңбек ақы бойынша есеп айырысулар" шоттары.

Кт – 1010, 1040 «Eсеп айырысулар шоты мен кассадағы ақшалар» шоттары.

Жай акциялар бойынша  давидендтерді төлеу, тиісті жыл үшін купондарды кесіп алу жолымен акция табысың алушының оны нақты көрсетуінен соң жасалады. Бұл дивидендтер төлемінің уақын  ұзартады. Акционерлік қоғам өзінің ақша салушыларына дивидендтер төлеуді банкіге тапсыруды мүмкін. Бұл жағдайда дивидендтердің ақша салушыларға тиесілі қаражаты банкіде жеке шотқа аударылып, бұл № 1060 «Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар» шотында есепке алынады:

Дт - № 1060 «Банктердегі арнаулы  шоттардағы ақшалар» шоты.

Кт - № 1010, 1040 «Есеп айырысу  шоты мен кассадағы ақшалар» шоттары.

Төленген дивидендтердің көлемі туралы банктің растауын алған  соң, бухгалтерлік есепте мынадай жазу жазылады:

Дт - № 3030, 3350 «Акциялар мен еңбек  ақы бойынша есеп айырысулар" шоттары.

Кт - № 1060 «Банктердегі арнаулы  шоттардағы ақшалар" шоты.

Дивидендтер төлеу бойынша  банктің қызметтері үшін төмендегі  жазу жазылады:

Дт - № 7210 «Жалпы және әкімшілік  шығыстар» шоты.

Кт - № 1060 «Есеп айырысу шотындағы  ақшалар» шоты

 

    1. Қор нарығының акцияларымен операцияларының есебі

Әр түрлі шаруашылық субъектілері шығарған акциялар, облигациялар және басқа бағалы қағаздардарға каржылық салымдардың есебін жүргізу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспарында № 1100 -1150 «Қаржылық инвестициялар» шоттары арналған.

Халық аралық тәжірибеде қаржылық активтердің нағыз бағалығын  анықтауда қолданылатын бағаның  бірнеше түрлері қараған:

      • номиналды баға, ол бағалы қағаздардың өзінде көрсетіледі және такбысты есептеумен бағамды анықтаудың негізі ретіндеқолданылаы;
      • эмиссиялық баға, бұл акцияның алғашқы қор нарығында сатылатын бағасы;
      • нарықтық баға, бағалы қағаздардың қор нарығында және биржадан тыс айналымда котировкаланатын бағасы;
      • баланстық баға компания-эмитентінің қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметін талдау процесінде анықталып, пайдаланылатын баға. 

Акциялар сатып алуға  қарастырылған накты шығындардың  сомасында бағаланады. Бұл шығындардың  негізін акцияларды сатып алу  бағасы кұрайды. Ол номиналды баға мен эмитентке төленген сыйақы немесе эмитент берген жеңілдіктен тұрады. Одан басқа акциялар сатып алу кезінде қаралатын тауардың ерекшелігіне байланысты косымша шығындар пайда болады. Олардың ішінде - инвестициялық кеңесшінің қызметі қаржылық брокерге сыйақы және бағалы қағаздармен жүргізілетің операцияларға салық төлеу.

Бағалы қағаздар сатып алу туралы мәліметтердің жинағын жеке операциялық шотта жүргізу тиімді болады. Кәсіпорындарда ол № 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шоты болуы мүмкін. Нәтижеде № 1100-1150 "Қаржылық инвестициялар" шоттарына мәліметтер қалыптасқан бастапқы құн бойынша келе бастайды.

Акционерлік кәсіпорындардың  акциялары мен баска бағалы қағаздарды сатып алу теңгемен, шетелдік валютамен  немесе басқа мүлікті акционерлік  қоғамның меншігіне не пайдалануына беру жолымен төленуі мүмкін.

Инвестордың (ақша салушының) есебіне мынадай жазулар жазылады:

а) теңгемен немесе валютамен төлеу кезінде:

Дт - № 1100, 1150 "Қаржылық инвестициялар" шоттары.

Кт - № 1040, 1050 «Валюталық және есеп айырысу шоттардағы ақшалар» шоттары.

б) мүлік беру жолымен төлеу кезінде:

1. сатып алынатын акциялардың сатып алу құнының сомасына; 
Дт - № 1100, 1050 «Қаржылық инвестициялар» шоттары.

Кт - № 6210 «Негізгі кұралдардың  есептен шығуынан түскен табыс» шоты.

2. Акциялардың төлемі есебінен өткізілетін мүліктік объектілердің 
баланстык құнының сомасына:

Дт - № 7410 «Негізгі құралдардың  есептен шығуы бойынша шығыстар" шоты.

Кт - № 2400, 2410 «Негізгі құралдар» (акциялары сатылып жаткан АҚ-ды құру бойынша ұйымдастыру шығыстарының сомасына).

Акциялардың төлемі бір  жолғы да, бөлшектеп те жүргізілуі мүмкін. Қандай жағдайда болсын акционерлік қоғам тіркеуден өткен соң бірінші 30 күн ішінде инвестор сатып алынған акциялардың 50%-дан кем емес мөлшерін төлеуі тиіс.

Акциялардың бөлшектеп  төлеу кезінде екі жағдай болуы мүмкін. Егер ақшасы толық төленбеген акциялар бойынша кәсіпорын дивидендтер алуға құқылы болып және толық жауапты болса, онда баланстың активінде сол акциялардың толык құны, ал пассивінде - кредиторлык қарыз ретінде жабылмаған сома бейнеленеді Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегінше жазылады:

Дт - № 1100 «Акциялар» шоты.

№ 1010-1040 «Есеп айырысу  шоты мен кассадағы қолма-қол  ақшалар» шоты - нақты аударылған сомаға.

Кт - № 4140 «Кредиторлық қарыздар»  шотының «Сатып алынатын акциялар үшін есеп айырысулар» субшоты.

Басқа жағдайда сатып алуға тиісті акциялардың есебінен төленген сомалар баланстың активінде дебиторлармен есеп айырысу бабы бойынша көрсетіледі.

Дт - № 4140 «Кредиторлық қарыздар»  шотының «Сатып алынатын акдиялар үшін есеп айырысулар» субшоты.

Кт - № 1010 -1040 «Есеп айырысу шоты мен кассадағы қолма-қол ақшалар»  шоты.

Кассада сақталатын барлық акциялар тиісті реестрде (кітапта) тізімделген  түрде бейнеленуі тиіс. Реестр екі  дана болып жасалады. Біреуі кассир, екіншісі - бухгалтер үшін. Ондағы жазулар  әрбір акция бойынша жасалуы міндеттеледі.

Кәсіпорын сатып алған  акциялар бойынша алынған дивидендтер  ол үшін негізгі емес қызметтен түскен табыс болып саналады және төмендегідей бейнеленеді:

Дт - № 1220-1230 «Еншілес (бағынышты) ұйымдардың дебиторлық қарыздары» шоты.

Кт - № 6120 «Акциялар бойынша дивидендтер» шоты.

Егер кәсіпорын дивидендтерді  акционерлік қоғамның өнімі (жұмыстары, қызметтері) түрінде алатын болса, онда есептелген дивидендтер бойынша  қарыз сомаларының жабылуы № 1220-1230 шоттардың кредиті бойынша  өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) түрін бейнелейтін шоттар корреспонденциясында көрсетіледі.

Ұсталған салықтың сомасы есебінен кемітіліп есептелген қаржылар инвестордың билігіне көшуі төмендегінше бейнеленеді:

Дт - № 1040 немесе төлемнің заттай түріне сәйкес шоттар.

Кт - № 1220-1230 «Еншілес (бағынышты) ұйымдардың дебиторлық қарыздары» шоты.

Кәсіпорынның бұрын  сатып алған акцияларының сатылуы (қайта сатылуы) төмендегі проводкалармен бейнеленеді:

а) сатылатын акциялар үшін алушыдан нақты алуға тиісті сомаға: 
Дт - № 1210-1630 «Алуға тиіс шоттар» шоттары.

Кт - № 6210 «Инвестицияларды пайдаланудан түскен табыс» шоты.

б) сатылатын акциялардың  баланстық құнының сомасына:

Дт - № 7410 «Инвестицияларды пайдаланудан түскен табыс» шоты.

Кт - № 1100 «Акциялар» шоты.

Акцияларды кепілдікке беру кезінде кәсіпорынның есебінде № 1100-1150 шоттар бойынша ішкі жазу жазылады: бұл акциялардың құны арнайы ашылатын (аналитикалық есепте) «Кепілдікке берілетін акциялар» субшотында белгіленеді. Бұл субшотгағы ақпарат кепіл ұстаушылар бойынша қосымша топтастырылады. Акцияның кепілдігімен қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалуы кәсіпорынның есебінде кері жазуға себепкер болады.

 

    1. Борыш міндеттемелері бойынша операцияларының есебі

Борыштық бағалы қағаздардың (облигациялардың, депозиттік сертификаттардың, вексельдердің және т.б.) бухгалтерлік есебі үшін № 1100 –1150 «Қаржылық инвестициялар» синтетикалық шоттары қолданылады.

Борыштық  міндеттемелер оларды сатып алуға  жұмсалған накты шығындар бойынша кіріске алынады. Олардың құрамы акцияларды сатып алу кезіндегі нақты шығындардың құрамына ұқсас. Борыштық міндеттемелердің номиналды құны олардың өте маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.

Егер бастапқы (баланстық) құн номиналды бағадан жоғары болса, онда олардың арасындағы айырма шығыс етіледі, төмен болған жағдайда - қосып есептеледі. Жабу мерзімі бір жылға дейінгі бағалы қағаздар бойынша бұл операция оларды кәсіпорынның балансынан шығыс етумен бір мезгілде жасалады.

Бір жылдан астам  мерзімге алынған облигациялар бойынша  бастапқы құнның түзетілуі олардың № 1100-1150 шоттар бойынша бастапқы (баланстық) құны облигацияларды жабу (өтеп алу) мезгіліне номиналды бағасына сәйкес келуіне негізделіп жасалады.

Бастапқы құн мен  номиналды бағаның арасындағы айырманы шығыс ету немесе қосып есептеу кәсіпорынға тиесілі облигациялар бойынша алынатын пайыздар есебінен жасалады.

Тиесілі табысты  есептеу кезінде әрбір шығыс  етілетін немесе қосып есептелетін бастапқы құн мен номиналды бағаның арасындағы айырманың бөлігі айырмашылықтың жалпы сомасы мен облигациялар бойынша табысты белгіленген мерзімде төлеуге негізделіп аныкталады. Айырманың бұл бөлігі төмендегі формула бойынша есептелуі мүмкін:

Б = (Бқ - Н) : (М  х С)

бұл жерде: Б - облигацияның бастапқы құны мен номиналды  бағасының

арасындағы  айырманың бөлігі;

Бқ - облигацияның бастапқы құны, яғни бағалы қағазды сатып алу бойынша нақты шығындардың сомасы;

Информация о работе Багалы кагаздар