Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 20:50, реферат
Бағалы қағаз жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді.
КІРІСПЕ 3
1. Бағалы қағаздар туралы жалпы түсініктеме 4
2. Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі 6
3. Бағалы қағаздар рыногын дамытуда шетелдік тәжірибені
пайдалану мәселелері
13
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 16
Кейінгі жылдарда
да осы іс жалғасын тауып, нарықтың
инвестициялық тартымдылығын
Сонымен Қазақстандағы құнды қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейі қандай, ол толық жұмыс істеп тұр ма? Бұл сұрақтарға берілетін жауаптардан аталған мәселе жөніндегі көзқарастардың әртүрлі екендігі байқалады. Рас, мамандардың пікірінше, Қазақстандағы құрылған қор нарығының инфрақұрылымдары ТМД елдері арасында ең үздіктердің бірі болып табылады. Бірақ олар қаржы секторымыздағы банк қызметі секілді жедел дамып кете алмай отыр. Ал бұл кемшілік тек бізге ғана емес, бүкіл ТМД елдеріне тән деуге болады. Мәселен, Ресей қаржыгерлері өз елдеріндегі осы құнды қағаздар нарығының тартымдылығының төмендігі салдарынан N-дік мөлшердегі қаржылары айналымға шығарылмай, жай жатқандығын айтып жүр. Ел экономикасының кәдесіне аспай тығулы жатқан мұндай қаржы бізде де аз болмаса керек.
Сондай - ақ қаржы секторымыздың тағы бір құрамдас бөлігі сақтандыру қызметімен салыстырғанда да біздегі құнды қағаздар нарығы халық арасында оншама танымалдыққа, яғни тартымдылыққа ие бола алмай келеді.
Дегенмен, осындай кемшіліктерімізге қарамастан кейбір мамандар еліміздегі қор нарығының, соның ішіндегі мемлекеттік құнды қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейін де жаман деп айтпайды. Бірақ та, осы қуатты мемлекеттік құнды қағаздар нарығының қасында корпоративтік бағалы қағаздар, яғни акциялар шығару мен тарату кешеуілдеп қалып отырғандығын жұрттың бәрі мойындаса керек.
Мәселен, бізде акционерлік қоғамдар саны соншама көп болғанымен олардың акцияларының кеңінен қолданысқа ие болып, саудаға түсіп жатқандығын біз әлі естігеміз жоқ. Ал мемлекеттік бағалы қағаздар негізінен жинақтаушы зейнетақы қорлары секілді арнаулы ұйымдар ортасында ғана таратылады. Неге десек, көптеген салыстырмалы түрде дамыған компаниялар өздерінің құнды қағаздарын дамыған елдердің ең беделді болмаса да, өсуі қарқынды жүріп жатқан мықты қор нарықтарының биржаларына апарып салады. Әрине, одан отандық нарыққа қарағандағы көп пайда алу мақсатын іздеп, үміт тартады.
Шыныменен де пайда,
пайда тек сондай нарықта, құнды
қағаздардың
Міне, осындай себептерге, яғни еліміздегі құнды қағаздар нарығының тар ауқымдылығына байланысты біздің халқымыз өздерінің қолында басы артық қаржысы болса, оны сақтау мен көбейтудің қаржы секторындағы бірден бір сенімді жолы тек банк депозиттері ғана деп біледі. Сондай-ақ, көптеген адамдар ақшасын құнсыздануға ұшыратпай сақтап қалу және одан пайда түсіру үшін саудамен айналысуға мәжбүр болуда. Бұл тәсіл, әсіресе, ауылды жерлерде кеңірек дамыған. Ал қалалықтар, егер шамасы келсе, бағасы жылдан жылға шарықтап келе жатқан жер және пәтер секілді жылжымайтын мүлік немесе кейіннен құнын арттырып қайыра сатуға боларлықтай басқадай да өтімді заттар алып қоюға тырысады. Қазіргі кезде Қазақстандық ипотекалық компаниясы шығаратын корпоративтік облигациялардан да халыққа пайда болмай, оны тек мықты корпорациялар ғана иеленіп отыр. Әйтсе де мұны құнды қағаздар нарығындағы бірден бір жетістіктер деп айтсақ та болады.
Кәсіпорындарға да банктен кредит алып, оны пайыздық өсімімен қайта қайтарғаннан гөрі акциялар шығарып, қажетті инвестициялық қаржыны осы арқылы тартқан әлдеқайда пайдалы екендігі түсінікті. Себебі, акция қарыз болып саналмайды. Ендеше Қазақстандағы отандық және шетелдік компаниялар мен акционерлік қоғамдардың басшылары осы мүмкіндікті неге пайдаланбайды деген сұрақ өзімен өзі туады.
Көптеген мамандар жоғарыдағы сұрақтың туындау себебін компаниялар мен акционерлік қоғамдар басшыларының өз кәсіпорындарының нақты қаржы жағдайын және осыған қатысты барлық есептерді халықтың алдында ашып көрсеткілері келмейтіндігімен түсіндіреді. Үкімет оларды осындай шараларға, яғни кәсіпорынның ашықтығын қамтамасыз ете отырып, қор нарығына шығаруға итермелеп келе жатқанымен, кәсіпорындар басшылары бұған мүдделі болмай отыр. Өйткені олар акциялар пакеттерінің бөлінбеген толық күйінде кәсіпорынның өзінде сақталғандығын қалайды. Әсіресе, еліміздегі компаниялары табысты жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторлар шамасы келсе, акцияның мемлекеттік пакетіне ешкімді ортақтастырмай бірте-бірте бәрін де өздері иемденгенді жөн көреді.
Бұл бір мәселе болса, екіншіден акциялар еркін саудаға шығарылған жағдайда ертеңгі күні қоғам ішінде білікті акционерлер пайда болуы және акционерлік қоғам басшылығының алдында өз талаптарын қоя бастауы мүмкін. Өйткені, шығарылған акциялар тартымды болуы үшін компанияның табысты жұмыс істеп, жақсы болашақты мақсат етіп тұруы шарт. Ал корпоративтік басқару дегеніміз, топтық мүддені білдіреді. Бұл жағдай басшылықты үнемі ізденіспен жұмыс істеуге, біліктілікті ұдайы арттырып отыруға мәжбүр етіп, заман талабына сәйкес корпоративтік менеджменттің қалыптасуына алып келеді.
Сонымен, қаржы мәселесінде бір арнада тоғысқан топтық, яғни корпоративтік мүдде акция шығарушы кәсіпорындар басшыларының алдына жаңаша жұмыс істеу міндетін қояды. Өздерін өздері үздіксіз жетілдіріп отыру, бар күш-жігері мен ақыл-ой қабілетін компанияның жетістіктері жолына сарқа сығып беру даусыз ақиқатқа айналады. Қазіргі кәсіпорындар мен компаниялар басшылығының бәрі дерлік корпоративтік басқарудың осындай ауыр сынына сәйкес келе алатындығына күмәнсіз емес. Мамандардың пікірінше, кәсіпорын басшыларының қор нарығына қарай қадам басқылары келмейтіндігінің бір сыры, міне, осында жатса керек.
Сонымен экономиканың қарқынды дамуының нәтижесінде оның әр саласы бойынша үлкен өзгерістерге жол ашылып отырғанымен, Қазақстандағы қор нарығы әзірге оның кәсіпқой қатысушылары мен қаржы топтарының арасында ғана өріс алып келе жатқандығы сезіледі. Көптеген кәсіпорындар мен қарапайым халық бұл рыноктан тысқары қалуда. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстандағы қор нарығының қазіргі жағдайы мүшелерінің саны шектеулі мөлшерден аспайтын жабық акционерлік қоғамның жұмысын еске салады. Оның қыры мен сыры, даму барысы көпшілікке мәлім емес. Өйткені бұл нарықта көпшіліктің мүддесі қозғалмаған.
Егер қор нарығының қалыптасуы осылай созылмалы сипат алып, жағдай өзгеріссіз күйінде қала берсе, мұның өзі экономиканың тежеуші факторларының біріне айналмақ. Мұндай жағдайда мұнай мен металл сатудан ішке келіп жатқан қаржыны экономиканың бойға сіңіру мүмкіндігі шектеледі, халық пен институционалдық ұйымдардың (жинақтаушы зейнетақы қорлары, т. б.) қолындағы қаржы да көп пайдаға аса қоймайды.
3. Бағалы
қағаздар рыногын дамытуда шетелдік
тәжірибені пайдалану мәселелері
Мемлекеттік және нарықтық басқарудағы шетелдік экономикалық тәжірибені ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселелерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе? Бүл сұраққа жауап беру жай нәрсе емес, ол өзінің ғылыми негізін талап етеді. Еліміздің бірқатар экономика ғалымдары қазіргі уақытта экономикалық жаңалықтардың теориялық негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың әкімшілдік және нарықтық механизмін қолдануды, өтпелі кезеңнің экономикасын жасауды бекер тілге тиек етіп жүрген жок. Бұл шешім қазіргі кезенде біздің аталмыш проблемалардың теориясын анықтап енгізуге байланысты туындап отыр.
Осы проблемалардың арасынан келесі жәйттерді бөлуге болады:
- экономиканы
мемлекеттік реттеу
механизмдерінің басыңқылығы
- бәсекелестік нарықты ортаны құруда не маңызды: меншік иесін ауыстыру мақсатында міндетті түрде және жаппай жекешелендіру ме, жоқ, әлде кәсіпкерлердің өз ынтасымен құрылған шағын және орта кәсіпорындарды мемлекет тарапынан қолдау.
Егер де осы қорытындылауды қарастыра отырып, шетелдік экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесін Қазақстан жағдайында пайдаланылатын болса, онда келесі негізгі заңдылықтарды көрсетуге болады:
1. Экономикалық
саясатты ғылыми негіздеу, стратегияны
анықтау, шаруашылық даму
2. Кәсіпкерлердің,
шағын және орта бизнес
3. Әкімшілік, заң шығару, қаржы-несие, салық және баға белгілеу механизмдерін кеңінен қолдана отырып, қоғамдық тауарлар, заңды және жеке тұлғалар табыстарының, трансакциялық шығындар "қозғалысын" тікелей мемлекеттік реттеу.
4. Сыртқы экономикалық
саясатты жүргізуде
1992 жылдан бастап
ҚР Президенті өндіріс
Шет елдегі баға
белгілеу механизмі үлкен қызығушылық
көрсетуде. Ауыл шаруашылық өнімдерінің
бағасын реттеу, саланың бірінші
буынына табыс және пайда сомасының
минималды деңгейін қамтамасыз етуге
кепілдік беру түрінде құрылған. Басқа
мемлекеттердің тәжірибесі корсеткендей
дағдарыс жағдайынан шығу
жолында үкімет баға белгілеу мен баға
деңгейіне әсірссе халықтың тауар тұтынуын
бақылауын кұшейтгі. Қазір біз өндіріске
және өндіріс құралдары мен тұтыну заттарды
сатуға монополия жағдайындағы бағалардың:
толық ырықтандырылу, соңдай-ақ ауыл шаруашылығын
материалды өндіріс саласы ретінде даму
үшін қажетті дотацияларды бөлмеу жолымен
келе жатырмыз. Мұндай көзқарас республикамыздың
ЖҰӨ-нің үштен бірін құрайтын, экономиканың
аграрлы секторының өнімдеріне баға белгілеу
және баға мәселелерін Үкімет көз алдынан
тыс қалдыруда.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бағалы қағаздар
рыногын жасақтау
Экономикасы дамыған елдерде қаржылық ресурстың 50 пайызға жуығын акциялар мен облигациялар құрайды. Құнды қағаздар нарығын дамытудың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы экономикасының тиімді дамуына ықпал ету, қаржылық тұрақтылықты тездетуге және нарықтық экономиканың барлық субъектілерінің, бірінші кезекте халықтың жұмысын белсенді ету негізінде экономикалық өсуге ықпал ету. Қазақстандағы құнды қағаздар нарығы бүгінгі күндері қалыптасу кезеңінде. Бұл оқшау жүйе емес, нарықтың бір бөлігі, ол нарықтық экономикада тұтастай, жан-жақты дамымайынша, өз бетінше тіршілік ете алмайды.
Нарықтық экономикаға
көшкен неғұрлым дамыған елдердегі
құнды қағаздар нарығы мемлекет тарапынан
реттеліп отырады, олардың функциясын
арнаулы мемлекеттік органдар орындайды.
Бір жағынан алғанда өзін-өзі
реттейтін және ұлттық капитал біздің
елімізде құнды қағаздар рыногы инфрақұрылымының
қазіргі заманғы қажетті құралдарын өз
бетінше құруы үшін әлі дайын емес, екінші
жағынан алғанда, ол қоғам мүддесін қозғайтын
ауқымды проблемаларды шешуге бейімделмеген,
сондықтан да құнды қағаздар рыногын бұлайша
реттеу, мемлекеттің оны жүргізудегі рөлінің
төмендігі бұл процесті айтарлықтай тежеген
болар еді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 1998 ж.
Назарбаев Н.Ә., Қазақстан-2030, Қазақстан халқына жолдауы
Сахариев С.с., Сахариева А.С., Әлем экономикасы, оқулық 1 бөлім,2003
Оразәлі С. ХХІ қандай экономикамен келем. – Алматы. – Қазақстан. - 1996 ж.
Ихданов Ж.О., Орманбеков
Ә.О., Экономиканы мемлекеттік
Сахариев С.с., Сахариева А.С., Әлем экономикасы, оқулық 2 бөлім,2003
Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә., Макроэкономика Алматы -2003ж 23-28б
Ақша,несие,банктер. Оқулық Алматы-2001ж. 186б.
Күлекее Ж.Ә., Есенғалиева К.С., Тастандиева Н.Б., Микро-макроэкономика терминдерінің орысша-қазақша сөздігі Алматы-1995ж. 245б.
Осипова Г.М., Экономикалық теория негіздері Алматы-2002ж 123б.
Шеденов Ө.К., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И., Жалпы экономикалық теория Ақтюбе-2004ж 156 б
Analytik №3 2006.
Макконелл К.Р., Брю С.Л., Экономикс: принципы, проблемы и политика М: Республика,1992
Экономикалық теорияның негіздері оқулық Алматы,2002
Бюджет жүйесі туралы. Қазақстан Республикасының Заңы «Қаржы-қаражат» 1996ж
Экономика и статистика №6 2005