Қазақстан Ұлттық банкінің пайыздық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 18:02, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................... 3
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің пайыздық саясаты туралы түсінік
1.1. Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні......................................... 5
1.2 Ақша – несие саясатының түрлері...................................................... 8
1.3 Пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірибиесі..................... 11
2. Қазақстан Ұлттық банкінің пайыздық саясаты
2.1. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясаты........................... 13
2.2. Ақша-несие саясатының пайыздық табыстау механизмі және
оның салық-бюджет , валюта саясаттарымен байланысы..................... 16
3. Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдірудің іс-шаралары
3.1. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері............ 20
3.2. Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдіру жолдары.................. 23
Қорытынды................................................................................................. 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................. 28

Содержимое работы - 1 файл

Кіріспе.doc

— 306.00 Кб (Скачать файл)

     Сонымен бірге, вексельдерді қайта есепке алу  экономиканың нақты секторына қаржылық қолдау көрсету құралы ретінде де көрінетінің атап өткен жөн. Бірақ, ҚРҰБ-де барлық вексельдер қайта есепке алына бермейді, тек вексельдік несиелерді алуға құқығы бар бірінші сыныпты эмитенттер тізіміне енгізілген кәсіпорындардың ғана вексельдері қайта есепке алынады. Мысалы, соңғы екі жылда Қазақстанда тек екі кәсіпорын ғана "Казатомпром" және "Қазақстан Темір Жолы" вексельді қайта қаржыландыру жүйесі бойынша несиелер алған. Осыған байланысты, ҚРҰБ-ң есептік ставкасы ақша-несие саясатының оперативті құралы және ақша-несие саясатының индикаторы ретіндеті езінің қызметтерін толық орындамай отыр.

     Сонымен қатар, вексельдік қайта қаржыландыру жүйесінің дамымауы ҚРҰБ-ң 2002-2004 жылдар аралығындағы өзінің дамуында приоритет ретінде анықталған инфляциялық реттеу саясатына өту кезінде қиыншылықтар тудыруда. Соның әсерінен ақша-несиелік трансмиссияның адекватты механизмі жоқ болуда.

     Өнеркәсіптің қайта өңдеу салаларындағы ірі және орта кәсіпорындарда қайта қаржыландыру қаражаттарының ерекше тапшылығы байқалуда. Бұл ҚРҰБ-де осындай кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы және несиелік қабілеттілігі туралы ақпараттардың жоқтылығымен байланысты.

     Біздің  көзқарасымыз бойынша, қайта қаржыландыру жүйесінің жақсы дамуының кепілі Орталық банк жүйесінде экономиканың нақты секторындағы                                                                                                                                                                                     кәсіпорындар мониторингін тиімді ұйымдастыру болып табылады. Себебі, бұл тәжірибе басқа елдердің Орталык, банктерінің қызметтерінің негізгі бағыттарының бірі болып танылған. ҚРҰБ-де нақты сектордағы кәсіпорындардың қаржылық жағдайының мониторинг жүйесін жасау кезінде Франция Банкісінің және Ресей Орталық Банкісінің тәжірибелері ескерілді.

Орталық банктің есептік ставкаларының  өзгеруі ақша нарығындағы жағдайларды  ғана өзгертіп қоймай, сонымен қатар  құнды қағаздар нарығына да әсер етеді. Орталық банктің есептік ставкасының өсуі ақша нарығындағы несиелер мен депозиттер бойынша ставкалардың жоғарылауына негізделеді.

     Бұл құнды қағаздарға деген сұранысты азайтады және олардың ұсынысын көбгайтеді. Құнды қағаздарға деген сұраныс банктер жағынан да азаяды, себебі олар үшін депөзиттер неғұрлым тиімді болып саналады.

     Сөйтіп, Орталық банктің есептік және қайта қаржыландыру ставкаларының өсуі құнды қағаздардың нарықтық құнын төмендетеді. Ал Орталық банктің есептік ставкаларының төмендеуі, керісінше, несиелер мен депөзиттер құнының арзандауына әкеледі. Яғни, бұрын қарастырылған жағдайларға кері процестерді тудырады. Құнды қағаздарға сұраныс әседі, ұсыныс азаяды, соған байланысты олардың нарықтық құны жоғарлайды. 

                3.2 Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдіру жолдары 

     Әлемдік тәжірибеде Орталық банктің және коммерциялық банктердің несиелері арасында тұрақты өзара байланыс байқалады. Бұндай байланыстар әртүрлі елдер бойынша ерекшелінеді, мысалы Германияда Орталық Банктің ставкалары несиелер бойынша банктік ставкалардың ең жоғарғы шегін белгілейді, ал Франция мен Италияда ең төменгі шегі белгіленеді.

     Орталық банктің несиелері банктік ресурстар  көзі болып табылады, соған сәйкес пайыздық саясаттың әсер етуі жалпы экономикаға таралады. Ақша-несиелік реттеудің осы құралы Қазақстандық банктік жүйені реформалау кезінде ереқше танымал болды, себебі ҚРҰБ-нын, резервтері сыртқы факторларға қарсы түру үшін жеткіліксіз болды, ал ашық нарықтағы операциялар дамымады.

     Ал  қазіргі кезде ақша-несие саясатының жалпы бағыты ставка деңгейлерін бақылау сақталуда, бірақ осы құралдың мәні біртіндеп азайып келеді. Бірақ, пайыздық саясаттан толық бас тарту мүмкін емес, өйткені осы құралдың инфляцияға қарсы тиімділігінің маңыздылығы зор. Мысалы, АҚШ ресми ставкаларды белгілеуден бас тартқан елдердің бірі болып саналады. Германия, Жапония, Швеция елдерінде ресми пайыздық ставка инфляцияға қарсы реттеу құралы және ұлттық валюта бағамын реттеуші ретінде пайдаланылады.

     Әлемдік тәжірибеде пайыздық саясатқа жанама әсер ету шараларына көшу тенденциясы байқалуда. Бірақ, көптеген жағдайларда пайыздық ставкаларда жанами реттеу банктік резервтер келеміне әсер ететін әдістер арқылы ставкаларды тікелей белгілеуді ауыстыруды болжайды.

     Нарықты экономикасы дамыған елдерде  макроэкономикалық реттеу салаларында жеткілікті мөлшерде көп тәжірибе жинақталған. Бірақ осы салада басқа елдердің тәжірибесін толық пайдалану қажетті нәтижеге қол жеткізбейді. Сондықтан макроэкономикалық реттеудің мақсаттары мен әдістерін таңдау кезінде экономиканың дамуының нақты тарихи жағдайын ескеру қажет.

     Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:

     1) қарыздар беру;

     2) депозиттер қабылдау;

     3) валюталық интервенциялар;

     4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа  мерзiмдi ноталарын шығару;

     5) мемлекеттiк және басқа да бағалы  қағаздарды сатып алу және  сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;

     6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;

     7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының  шешiмi бойынша басқа да операциялар.

     Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың  ресми ставкасын ақша рыногының  жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi.

     Мемлекеттiк  және басқа да бағалы қағаздарды сатып  алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты  шеңберiнде жүзеге асырады.     

     Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.

     Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.

     Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн  және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.

     Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты экономикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету мүмкін емес.

     Инфляцияға  қарсы саясаттың басты элементі - қаржыны сауықтыру мен халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру, залалды және шамалы рентабелді шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарлаға бағаны көтеру жолымен емес, интенсификация негізінде және өндірістің тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізіледі. Шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды, оларды тезірек иесіне қайтарып, сөйтіп аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының пайымдауынша, Қазақстандағы аса пайдалы салаларға — түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, мұнай өндеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және туризм жатады. Сондықтанда осы салалар басымдылықлен дамуы қажет. Сырткы саудамен айналысатын кәсіпорындарға толық валюталық өзін-өзі өтейтін жолға көшіру керек. Бір сөзбен айтар болсақ, тұрғындардың өмір денгейіне әсер ететін инфляцияның келеңсіздігін төмендету үшін шаралар жүйесін іске қосқан жөн. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Курстық жұмыстың жазылуын аяқтай келе төмендегідей ой-тұжырымдамалар жасауға болады.

      Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, үш бөлім, сегіз сұрақты, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.

      Бірінші бөлімде Ұлттық банктің экономикадағы ролі, мәні және мақсаты мен қажеттілігі қарастырылды, сонымен қатар Ұлттық банктің пайыздық саясаты, ақша – несие саясатының түрлері қарастырылды, сонымен қатар пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірбиелеріне сипат берілді. 

      Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатында пайыздық саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылды. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар, ақша – несие саясатының субъектілері анықталды.

      Екінші бөлімде, ҚҰБ-нің ақша – несие саясатының басты бағыттары, оны жүргізудің жолдары және реттеуі қарастырылды, сонымен қатар, ақша – несие саясатының табыстау механизімі және оның салық - бюджет, валюта саясаттарымен байланысына сипат берілді. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының пайыздық саясатына талдау жасалып, негізгі көрсеткіштеріне баға берілді. Монетарлық саясаттың негізгі бағыттары анықталып, оларды жетілдіру жолдары қарастырылды.

      Осы бөлімде Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі «банктердің банкі», қызметінің маңыздылығы және екінші деңгейлі банктердің қызметін қабылдау, қадағалау және бақылау жүргізу  бағыттарына сипат берілді. Сонымен  қатар, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктермен есеп айырысу операцияларын жүргізу қызметі қарастырылды. Және де Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2006 – 2009 жылдарға арналған ақша несие саясатына сипаттама берілді.

      Үшінші  бөлімде, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен жүргізелетін пайыздық саясатының негізіг проблемалары мен оларды жетілдіру жолдарына сипат берілді.

      Яғни, Қазақстан Республикасының пайыздық саясатының қазіргі кездегі қиыншылықтары анықталды және одан шығудың жолдарына сипат берлді. 

     Курстық жұмыстың жазылу барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда белгілі авторлардың  оқулықтары, монографиялар, сондай-ақ газет –журналдар беттеріндегі жарияланған  мақалалар, маңызы деректер, статистикалық  көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр.

      Пайдаланылған әдебиеттердің негізінде маңызды мәліметтерге көптеген сілтемелер жасалынды.

      Енді, курстық жұмыстың тақырыбын ашуда  қарастырылған сұрақтардың негізде  жоғарыда айтылғандарға қысқаша  қорытындыламалар жасайтын болсақ:

      1. ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
      2. Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, онда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді. Ақшаның құнсыздануын төменді деңгейде ұстап, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық банкі ақша несие саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
      3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңның 8 – бабына сәйкес Қазақстанның Ұлттық банкі айналыстағы ақша массасы көлемін реттеу жолымен бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды. Қазақстанның Ұлттық банкі эмиссиясын жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаз болып табылады және олар бойынша жауаптылықты Қазақстанның Ұлттық банкі көтереді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. Егемен  Қазақстан. 1993. 13 қараша.
  2. ҚР ПҮАЖ, 1997. №49. 454-бап.
  3. Егемен Қазакстан. 2001. 29 наурыз
  4. Хусбяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1955.
  5. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 30.08.1995.
  6. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. — Алматы: Экономика, 2001.
  7. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. — Алматы: Қазақ университеті, 2002
  8. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. - М.: Финансы и статистика, 1999.
  9. Банковское дело /Под ред. Лаврушина О.И. — М.: Финансы и статистика, 1998.
  10. Шеденов О. Жалпы экономикалық теория. Алматы, Экономика 2005. – 680 б
  11. Финансы. Денежное обращение. Кредит / Под.ред. Дробозиной Л.А. – М.: Финансы, ЮНИТИ, 2001.
  12. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. «Елорда» - 2002 ж 159 – 161 б
  13. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. — Алматы, изд. 2-е, перераб. и доп. Қаржы-қаражат 1997.

Информация о работе Қазақстан Ұлттық банкінің пайыздық саясаты