Ақша және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 22:16, реферат

Краткое описание

Ақшанаң пайда болуын түсіндіру үшін «тауар құны қатынасында қорытындылатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады».
Ақша – бұл адамға қажетті және адамға тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыратын зат. Ақшаның қызметі құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады.Осы қызметті атқаратын ақшалар. Сөйтіп, бұл жұмыстың негізгі мақсаты, ақшаға өткен, бүгінгі және болашақ позициясынан қарап, оның адам өмірі мен экономикада алатын рөліне тоқталу. Қоғамның бірте-бірте дамуы ақшаны қалыптастырды. Жалпы ақша дегеніміз ерекше тауар және ол байлық пен құнның бірігуі болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ..........................................................................................3-бет
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I Ақшаның пайда болуы және түрлері.
1.1 Ақшаның пайда болуы және оның мәні.............................4-бет
1.2 Ақшаның формалары мен түрлері...................................5-7-бет
II Ақшаның қызметі, теориялары және олардың дамуы
2.1 Ақшаның қызметі..............................................................8-11-бет
2.2 Ақша теорияларының дамуы....................................... 12-13-бет
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................14-бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................15-бет

Содержимое работы - 1 файл

Акша жане онын мани реф.doc

— 123.50 Кб (Скачать файл)

  Жекелеген адамдар сияқты, мемлекет алтын қоры және халықаралық резерв қоры түрінде қорландыру қорын құрады, ол оған салыстырмалы экономикалық тәуелсіздікті кепілдейді, яғни мемлекет кез келген сәтте өзінің халықаралық міндеттемелері бойынша есеп айырысады.

    2005 жылдың 1 қаңтарына қарай Халықаралық резервтік қор 8 млрд доллардан асты. Мұндай резервтерге ұлттық қор да кіреді, ол 5,3 млрд долларды құрады.

Алтынды айналымнан шығару нәтижесінде  оның жинақ және қазыналық құрал ретіндегі рөлі төмендегенімен, алтын әлі де қазына құралы ретінде қолданылады. Алтын резервтерінің көлемі  елдің байлығын көрсетеді және басқа елдер мен инвесторлардың осы елге деген сенімін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде алтынның ең үлкен қоры  - АҚШ –та  260 млн тройск унциясы, (I тройск унциясы – 31,1 г), Германияда – 120, Францияда – 102, Ресейде – 150 млн тройск унциясы бар.

       Ақшаны жинақтау және қазыналық қызметінің обьективті  алғышарты бар және ол ақша айналысы заңымен байланысқан. Айналысттағы ақша көлемі үнемі өзгеріп отырады, ақша айналыс аясына және керісінше жылжиды. Мысалы, Қазақстанда 2004 жылы мұнай бағасының жоғарылауы шарттарында экспорттық түсімдер айналысқа түсіп, айналыстағы ақша массасын көбейтті, сондықтан ҚР ұлттық банкі жедел шараларды қолдануға мәжбүр болды, яғни бұл ақшаны сақтандыру қорына, ұлттық қорға жіберді. Осылайша, ақша айналымының тұрақтылығына қол жеткізілді, инфляция жойылды.

Әлемдік ақшалар. Ақша формасының дамуындағы сапалы жаңа кезең әлемдік ақша арқылы өрнектелді.

     Ақшаның барлық қасиеттерін өзіне жұмылдыра отырып, ақша формасының тікелей логикалық жалғасы болып табылады, ол қазыналық және төлем құралы қызметінің тұтастығы арқылы өрнектеледі. К. Маркс былай жазған: «Қазына және жаппай төлем құралы ретінде ақша әлемдік нарықта жапай құралы, өз түсінігі ғана емес, сонымен бірге әрекет ету әдісі бойынша жалпыға ортақ тауар болып есептеледі». Осыған байланысты әлемдік ақшалардың табиғаты, экономикалық категория ретіндегі маңызы олардың қызметінді айқын көрініс табады, мұндағы ақшаның өзіндік ерекшелігі жаппай интернационалды тауар ретінде көрінеді. Халықаралық төлем құралы ,қызметі жөнінде айтсақ, онда ол құнның ұлттық белгілері арқылы және ішкі ақша айналымына ұқсас қалыптасатын құнның айрықша интернационалдық белгілері бойынша жүзеге асырылады.

Алтын монометаллизмнің әрекет етуі кезеңінде, яғни алтын монета және алтынға айырбасталатын несиелік ақшалар айналымда жүрген кезде, әлемдік ақша нарығына  ақшаның шығуы және әлемдік ақша ретінде әрекет етуі кедергісіз жүзеге асты.

Әлемдік ақша қызметін валюталық-қаржылық институттардың арнайы есептік бірліктері, атап айтқанда Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) тарапынан айналысқа ақша шығару, қарыз берудің арнайы құқықтары (СДР), Ортақ нарық елдерінің есептік бірлігі (ЭКЮ), ол XX ғасырдың 90-жылдарының соңында евроға ауысты, Варшава Келісі елдері арасында ауыстырылған рубль қолданылды, олар социализмнің күйреуі нәтижесінде жоғалды.

Ақшаны қоғамдық байлықтың абстрактылық заттанған формасында  пайдалану мына жағдайда жүзеге асады: елдің алтын және валюталық қорын толтыру кезінде, алтын немесе еркін айырбасталымды валюта түрінде басқа елдерге несие ұсыну.

Біз қарастырған ақша қызметтері бір- бірімен өзара байланысқан, бір – бірін толықтырады және жапай балама ретінде ақшаның біртұтас мәнісі айқындалады. Олар тығыз байланыста және бірлікте болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       2.2.   АҚША ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ

 

         Әр түрлі кезеңде жетілдірілген ақша теориясы мен ақша айналымын зерттеу ақша-несиелік механизмі және экономиканың қаржы құралы ретінде жетілдіру тұрғысынан мүдделі, сондықтан ақша теориясының дамуы іргелі тарихи кезеңдерді зерттеуі қажет.

Ақша теориясында үш негізгі бағыт бөліп көрсетіледі: ақшаның металдық теориясы, номиналистік және сандық.

      Ақшаның металл теориясы. Ақшаның металл теориясы XV-XVII ғ.ғ. ерте кезеңдерінде, яғни капиталдың алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда –У. Стэнфорд, Т.Мэн, Д. Норе, Фрнацияда  - А.Монкретьен болды. Олар ақшаны қоғам байлығымен, яғни асыл тастар – алтын және күміспен теңестіріп, олардың бүлінуіне қарсы шықты. Сонымен қатар, олар нағыз байлық – табиғатынан шын мәнісінде ақша болып табылатын тек алтын мен күміс деп есептеді. Бұл ақша теориясы фетишизмге  (киелі затқа табынуға) жатады, себебі ақшаны алтын мен күміске теңеп, тауар шаруашылығындағы ақшада адамдардың өндірістік қатынастарын назардан тыс қалдырады.Германияда  XIX ғ. некінші жартысында алтынмонетарлық стандарттың енгізілуімен ақшаның теориясы дүниеге келді.Бұл оның бірінші метаморфозасы болды, неміс экономистері  (К. Книс және т.б.) ақша деп тек асыл тастарды емес, металға ауыстырылатын банкноттарды да санады.

Екінші метаморфоза бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды, оның өкілдері алтынмонетарлық стандартты қалпына келтірудің мүмкін еместігін мойындап, алтын монометаллизмнің жаңа кесілген формаларын: алтын құйма және алтын-дивиздік стандарттарды енгізуге, теорияларын әдістеуге тырысты.

Ақшаның  металл теориясының үшінші метаморфозасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Оның өкілдері (Ж. Рюэфф, М. Дебре, Р. Харрод) халықаралық айналымға алтын стандартты енгізуге қажеттілік идеясын ұсынды.

       Ақшаның номиналистік теориясы. XVII-XVIII ғ.ғ. ақшаның номиналистік теориясы өкілдері ағылшын ғалымдары Дж. Беркли мен Дж. Стюарт, А.Смит болып табылады. Бұл теория ақша айналымында құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасты. Бұл ғалымдар ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы құнмен (номинал) және ақша болып табылатын баға масштабымен анықталады деп есептеген. Олар ақшаны тек техникалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық табиғатын толық теріске шығарды.

                   Ақшаның номиналистік теориясының негізгі идеялары төмендегідей:

       ақша тамаша есептеу бірлігі болып табылады, оның көмегімен ақшаның салыстырмалы құны анықталады;

       бірдей бөліктері бар тамаша масштаб болып табылатын аталған бірлікте ешқандай ішкі құн болмайды.

Номинализм үстемдік жағдайға XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында қол жеткізді.

    Неміс ғалымы Г. Кнаптың ақша теориясында  («Ақшаның мемлекеттік теориясы») басты мақсат-мұрат анық қалыптасты:

       ақша – мемлекеттік құқық тәртібінің өнімі, мемлекет билігінің туындысы;

       ақша -  бақылау төлем құралы, яғни мемлекеттік мұратты төлем күшімен иемденген белгілер;

       ақшаның негізгі қызметі  - төлем құралы. Ол ақшаның мәні белгілердің материалында емес, олардың қолдануын реттейтін құқықтық нормаларда, деп жазды.

      Қазіргі таңда номинализм – ақша болмысының мәселесі жөніндегі  үстем теориялардың бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист П. Самуэльсон ақша шартты белгілер болып табылады деп санайды. «Экономика» шығапмасында ол: «Тауарлы ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырды. Қағаз  ақша ақшаның  мәнін, олардың  ішкі табиғатын  кейіптейді...  Ақша-  жасанды әлеуметтік шарт»  - деп жазды.

     Номиналистік теорияның пайымдауынша, қағаз ақша адам еркімен пайда болды, мемлекетпен жасалды, ал шын мәнінде ақша – металды қатынастардың белгілі заңдылығы мен айналымның қосымша құралға қожеттілігі туындағаны, бағалы металдарды өңдеу өндірісінің нәтижесінде пайда болды.

Номинализм теориясының сипаты: ақша тауардан ғана пайда болмайды, олардың көп қызметтерінен бас тарту, ақшаны құн масштабымен теңестіру, өте оңды сан бірлігі болып табылады.

      Ақшаның сандық теориясы. Ақшаның сандық теориясы XVIғ. пайда болды, ол тауарлық құн деңгейі мен ақшаның құны айналымдағы санына байланысты деп түсіндіреді. Бұл жорамалды француз Жан Боден ойлап тапты. Оның пайымдауынша, Батыс Еуропада тауардың қымбаттауына бағалы метелдардың көп әкеліне бастауы әсерін тигізді, сол себепті, бұл жағдай ақша санының көбеюіне әкеліп соқты, ақша санымен тауардың бағасы да өсті.

Кейінірек мұндай пайымдауды ақшаның сандық теориясының басқа өкілдері Д. Рикардо, Ш. Монтескье, Д. Юм, Дж. Миль т.б. қолдады. Олар аталған теорияға айналымдағы ақшаның сандық өзгерісі мен оның құнының арасындағы пропорционалдықты әкеліп қосты.

XX ғ. басында ақшаның сандық теориясы батыс экономикалық ілімінде классикалық емес өндіріс теориясының маңызды бөлігі ретінде үстемдік алды. Негізінде, трансакциондық және кембридждік бағыттар пайда болды.

Трансакциондық  ақшаның сандық теориясының негізін американдық ғалым М. Фишер қалады. Оның теориясында  бәлгілі бір мерзңмде тауар айнвлымының саны – орты жылждамдықта ақша санының өндіріліуі және сатылған тауарлардың  саны орта бағамен анықтаалды делінген.  Сонымен қоса, осы тұрғыда олар екі элементтің: ақша айналымының жылдамдығы сатылған тауарлардың санына әсер етпейді деп есептелген. Ол қысқа мерзім ішінде аталған шамалар өзгеріссіз қалады деп болжады: ақша айналымының жылдамдығы несие дамуының деңгейі, байланыс құралының күйі сияқты ұзақ мерзімді факторлармен анықталады, ал тауар өндірісі ресурстардың жетімісздігімен шектеледі. Сонымен, М. Фишер, «Ақшаның саны – баға деңгейі» - жалғыз себепті байланыс болып табылады – деп қарастырды, яғни айналымдағы ақшаның саны баға деңгейіне тікелей әсер етеді.

Баға өзгерісінің бірінші себебі ақша салмағы (ақша саны) болып табылады. Ақша салмағының өзгерісі бағалардың өзгерісіне сәйкес келеді. Оның негізгі сандық теориясының формуласы MV=PQ теңдеу болып көрсетіледі,      мұнда         

   M – ақша  салмағы

    V – ақша  айналымының жылдамдығы

     P – баға, Q – тауарлық мәлімелердің саны.

Бұл теңдеу ауыстыру теңдеуі деп аталады. Ол ақша айналымында маңызды өзара қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік туғызды.

Ақшаның сандық теориясының кембридждік бағытын ағылшын экономистері Кембридж университетінің профессорлары А. Маршалл, А. Пигу, Д. Робертсондар дамытты, оларға монетаристер деп атады.

Кембридждік бағыт тауар айналымы мәмілелерінің сомасы М.Фишердің есептеуі сияқты сатылған тауарлар санын орташа бағаға көбейтіліп, анықталыды.

Кембридж мектебінің фомуласы мынадай:

PV= TV+DV1

мұнда, P – бағалардың жалпы деңгейі

            V – өндірістің  көлемі

             T – ақша белгілерінің саны

             D – депозиттер

  V және V1 ақша мен депозиттердің айналым жылдамдығы.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Қорыта аайтқанда, ақша айналымы дегеніміз – ақшаның бір заңды немесе жеке тұлғадан екіншісіне үздіксіз қазғалысы. Ақша айналымы төлем айналымының бір белгісі болып табылады. Төлем айналымының құрамына ақша айналымынан басқа төлемінен құралдарының айналымы кіреді.

Біздің пікіріміз бойынша, нарықтық экономиканың әрекет етуі механизмін түсіну үшін ақшаның рөлін айқын түсінуден артық еш нәрсе жоқ. Сол себепті ақшаның «нарық тілі» деп аталуы да тегін емес. Ақша  - тауар өндірісінің тарихи категориясы немесе айырбастық ұзақ мерзімдік дамуының обьективті негізделген нәтижесі.

Ақша  - қоғамдық  еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы. Ол жеке меншік еңбекті қоғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер арасындағы айырбастың баламалылығын қамтамасыз етеді.

Ақша экономикада өте маңызды рөлді атқарады: ол трансакциялық шығындарды төмендету есебінен экономиканың жеңіл қозғалысы жүзеге асады, ол еңбектің мамандануы мен бөлінісін ынталандырады.

Қазіргі замандағы қоғамда ақша өте үлкен және алуан түрлі рөлді атқарады. Ақшаның рөлі жалпы балама түріндегі маңызымен анықталады, өйткені бұл рөлге айрықша арнайы тауарды бөліп шығару өндірісі мен айналысының заңы болып табылады. Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етеді, ол тауар өндірісімен үздіксіз байланыста болады. Осы бастапқы тұғырға сүйене отырып, мынаны сеніммен атап өтуге болады, яғни ақша дамыған тауарлық шаруашылықтың ажырамыс бөлігі болып табылады, ол шаруашылық өмірдің жағдайына және қоғамда болып жатқан экономикалық үрдістерге маңызды түрде және үнемі ықпал етді. Ақша тауарлар мен қызметтердің үлкен массасының қозғалысын, сонымен бірге қаржы – кредит жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.

     Мемлекеттер экономикасын ақшалай – кредиттік реттеудегі ақшаның рөлі жоғары, онда бұл реттеу ақшаның монетаристік теориясына негізделеді. Әрбір елде жыл сайын орталық банк тарапынан ақша массасын өлшеудің ақшалай бағыт – бағдары белгіленеді, соған сәйкес ақша – кредит құралдары көмегімен оны реттеу жүзеге асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.       Ғ.С.Сейтқасымов. “Ақша, несие, банктер”, – Алматы: Экономика, 2001 ж .   

2.       Көшенова.Б.“Ақша, несие, банктер”, – Алматы, 2001ж.

3.       Мақыш.С.Б.“Коммерциялық банктер операциялары”, – Алматы: 2004ж.

Информация о работе Ақша және оның мәні