Қаржы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 23:54, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады.
Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдрын көре білудің маңызы зор.
Негізінен теориялық курс болып табылатын және экономикалық пәндер жүйесінде басты орындардың бірін алатын «Қаржы» курсында қоғамның өндірістік қатынастарының ерекшеліктері, шаруашылық және әлеуметтік ғылымдарды құрайтындардың аса маңыздыларының бірі қаржы туралы ғылым зерделенеді.

Содержимое работы - 1 файл

Қаржы жүйесі - копия.doc

— 182.50 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАР

    КІРІСПЕ----------------------------------------------------------------------------------3

І. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ  ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ------5

І.. Қаржының мәні, атқаратын қызметі және ролі ----------------------------------5

І.1 Қаржы ұғымы, мәні мен қажеттілігі---------------------------------------------7

І.2 Қаржының атқаратын қызметі ---------------------------------------------------9

 

ІІ. ҚАРЖЫ  ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ ----------------------------------------------15

2.1. Қаржы жүйесі мен инфлияцияның өзара байланысы----------------------15

2.2. Қазақстандағы инфляция деңгейі---------------------------------------------23

2.3.ҚР  инфляцияға қарсы саясат----------------------------------------------------30 

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------------------------------------36 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

     Зерттеудің өзектілігі:

    Нарықтық  қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады.

      Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдрын көре білудің маңызы зор.

    Негізінен теориялық курс болып табылатын  және экономикалық пәндер жүйесінде  басты орындардың бірін алатын «Қаржы» курсында қоғамның өндірістік қатынастарының ерекшеліктері, шаруашылық және әлеуметтік ғылымдарды құрайтындардың аса маңыздыларының бірі қаржы туралы ғылым зерделенеді.

    Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі «Қаржының» теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның (саяси экономиканың) негіздеріне сүйенеді. Ол тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.

    Қоғамдық  өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мән-мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдалануы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.

    Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі  әдісі – материалистік диалектикғалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды  ескере отырып, қаржы қатынастары мен мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.           

    Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл  терминнің авторлығын 1577 жылы " Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.

    Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының  кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.

    Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.

    Зерттеу тақырыбының мақсаты:

    Қаржының  мәнін, оның даму заңдылықтарын, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлін қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалатынын анықтау.

    Қаржы белгілі бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы  өндіріс процесін қамтамасыз етуге  бағышталады. Кез келген мемлекетте коғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы, шаруашылық жүйесінің қаржысы, кәсіпорынның және  тұрғындардың қаржысы енеді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Берілген курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. 
 
 
 
 

І. Қаржының мәні атқаратын қызметі және ролі

1.1.Қаржының  ұғымы, мәні мен қажеттілігі

    Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын  тілінің finansia сөзінен пайда болған француздың finanse сөзінен шыққан) қоғамда  нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.т.) қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады.

    "Қаржы"  ұғымы мемлекетпен бірге бір  уақытта қоғамның таптарға жіктелуі  кезінде, мемлекеттің дамуы мен  оның ресурстарға деген қажеттіліктерін  қанағаттандыруға байланысты жүйелі  тауар-ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын — ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

    Қаржы ғылыми ұғым ретінде, әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда  болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

    Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл  терминнің авторлығын 1577 жылы " Республика туралы алты кітап" деген жұмысын  бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.

    Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.

    Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы  көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік  құрылысы" атты жұмысында баяндалған.

    Қаржының  мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

    Қаржы белгілі бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағышталады. Кез келген мемлекетте коғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы, шаруашылық жүйесінің қаржысы, кәсіпорынның және  тұрғындардың қаржысы енеді.

    Мемлекеттің қаржысы — ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылықпен құқықты сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік болжам, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қорға, зейнеткерлік, түрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді.

    Шаруашылық  жүйесіндегі қаржыны (мемлекеттік және мемлекеттік емес) — компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассодиация, трест, бірлестіктердің ақшалай қаржысын құрайды.

    Кәсіпорынның  қаржысын (мемлекеттік, мемлекеттік  емес) — меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталантыру қоры, амортизаииялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

    Тұрғындардың  қаржысы —шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, пай жарнасы  мен банк салымының проценті т.б.) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталым қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды.

    Аталған құрылым қаржылық жүйені құрайды. Бұл  құрылымның қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады. Және басқада қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады. 
 

    1.2. Қаржының атқаратын  қызметі  

    Рыноктық  қатынастар жайғдайында  қаржы негізінде  төрт қызметті атқарады:

    • бөлу,
    • реттеу,
    • ынталандыру;
    • бақылау.

    Мемлекет  ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік — мәдени шаралаға, мемлекетті басқаруға мен  қорғанысты дамытуға бағыттауын қаржынының бөлу қызметі атқарады.

    Қаржының  реттеу қызметі экономикалық дамуын реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады.

    Қаржыны ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әртүрлі ынталандырғанда жүзеге асады.

    Қаржының  бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

    Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады;

    қаржылық-бюджеттік  әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;

    кредиттік-банктік  әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдық негізде кредиттер беруді білдіреді.

    Қоғамдық  өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының — нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың және т.т. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.

    Ұлттық  табысты қаржы көмегімен қайта  бөлудің негізгі мақсаттары мыналар  болып табылады:

    өндірістік  емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;

    елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;

    қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айрықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;

    қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әр түрлі  рентабелдігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырады.

    Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен  бөлу және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өңдірістегі қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.

    Экономикалық  категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан  ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектлері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін (жататынын) баса керсетеді. Ақша қаржының іс-өрекет етуінің міндетгі шарты болып табылады. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын жалпы нышан. Ақша айналыс қүралының функциясын орындай отырып, капитал, яғни үдемелі қүн немесе табыс (пайда) әкелетін құн бола бастайды. Сойтіп, ол акщалай қаражаттардың дербес аясы ретіндегі, өндірістік қатынастардьщ бір белігі ретіңцегі қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.

    Қаржы қатынастары өзінің негізіңде  бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдык өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім қүнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.

Информация о работе Қаржы жүйесі