Аннуитет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 18:42, курсовая работа

Краткое описание

Аннуитет – белгілі жылдар саны ішінде жүйелі төлемдер арасындағы тең аралықтағы, бір бағыттағы төлемдердің ағымы;
Аннуитеттің болашақ құны – аннуитетке енгізілген әрбір жеке төлемнің немесе түсімнің болашақ құндарының сомасы;
Кө

Содержание работы

1.Аннуитет теориясы...........................................................................................3
2.Өмірлік аннуитет...............................................................................................4
3. Аннуитет түрлері...........................................................................................5
3.1. Қарапайым өмірлік аннуитет
3.2. Кепілдендірілген төлем мерзіміндегі өмірлік аннуитет
3.3.Кепілдендірілген төлем мерізіміндегі мерзімді аннуитет
3.4. Қайтарып алынатын сомадағы өмірлік аннуитет
3.5. Бірлескен өмірлік аннуитет
4. Зейнетақылар, аннуитеттер және ұқсас төлемдер......................................8

Содержимое работы - 1 файл

аннуитет.docx

— 27.70 Кб (Скачать файл)

Жоспар: 
 

1.Аннуитет теориясы...........................................................................................3 

2.Өмірлік аннуитет...............................................................................................4 

3. Аннуитет түрлері...........................................................................................5

3.1. Қарапайым өмірлік  аннуитет

3.2. Кепілдендірілген  төлем мерзіміндегі өмірлік аннуитет

3.3.Кепілдендірілген  төлем мерізіміндегі мерзімді  аннуитет

3.4. Қайтарып алынатын  сомадағы өмірлік аннуитет

3.5. Бірлескен өмірлік  аннуитет

4. Зейнетақылар, аннуитеттер және ұқсас төлемдер......................................8 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Аннуитеттің ағымдағы құны 
     
     
     
     

    Аннуитет – белгілі жылдар саны ішінде жүйелі төлемдер арасындағы тең аралықтағы, бір бағыттағы төлемдердің ағымы;

    Аннуитеттің болашақ құны – аннуитетке енгізілген әрбір жеке төлемнің немесе түсімнің болашақ құндарының сомасы;

Көп жағдайда бұл  біржолғы төлем емес, белгілі бір  кезең ішіндегі ақшалай түсімдердің  тізбегі болып табылады. Бұл табыстар мен шығыстардың сериясы не болмаса  тұрақты және тұрақсыз жарналары, әр түрлі қорлар кұны, инвестициялық  операциялардан түскен пайыздар, т.б. Бұндай тізбек - төлемдер ағыны деп аталады.

Аннуитет (немесе қаржылық рента) - белгілі бір жылдар барысында  тізбекті төлемдер арасында үзілісті интервалдары бар біржақты бағытталған  төлемдер ағыны.

Аннуитет теориясы қаржылық математиканың маңызды  бөлігі болып табылады. Ол бағалы қағаздың табыстылығы мәселелері не болмаса  инвестициялық талдауда, тағы басқа  жағдайларда қолданылады. Аннуитеттің  кең тараған үлгілері: зейнетақы  қорларына қосылатын жарналар, ұзақ мерзімді несиені өтеу, бағалы қағаздар бойынша пайыздарды төлеу, т.б. Аннуитеттер  келесі сипаттарына байланысты өзара  ажыратылады:

- әрбір жеке төлемнің  мөлшеріне;

- тізбекті төлемдердің  арасындағы уақыт интервалына  (аннуитет мерзімі);

- аннуитеттің басынан  оның соңғы кезеңіне дейінгі  мерзімі (шексіз, яғни уақыт бойынша  шектелмеген аннуитеттер де болуы  мүмкін);

- төлемдерді дТөлемдердің қай кезде жүзеге асатынын ажырату өте маңызды (мерзім соңында, әлде мерзім басында). Сәйкесінше интервалдың басында төлемдер жүргізілетін аннуитет - пренумерандо аннуитеті деп аталады, егерде төлемдер интервалдардың соңында жүзеге асса, онда ол постнумерандо аннуитеті деп аталады.Ақша ағындарын дисконттаудың негізгі формуласы жекелеген төлемнің ағымдық құнын анықтау формуласы болып табылады:PV =   FV / (1++ i) n,

PV – ағымдағы құн – қазіргі уақытта салынатын сома, яғни қолда бар немесе ағымдағы күнге инвестицияланған қаржы немесе болашақта алынатын қаржы қаражатының ағымдағы құны.

     FV – n жылдардан кейін инвестицияның болашақ құны - болашақта алынатын қаржы қаражаты немесе бүгінгі қаржы қаражатының болашақ шамасы.

     i – дисконт ставкасы - ағымдағы  және болашақ құнды есептеу  үшін қолданылатын пайыздық ставка. Дисконттау ставкасы салымдардың  тиімділігін бағалау үшін қолданылады.  Экономикалық тұрғыдан қарастырғанда  дисконттау ставкасы – бұл  инвестор талап ететін салымдық  капиталдың табыстылық нормасы.

     n – уақыт кезеңі қаржы құралдарының  ағымдағы  және болашақ құнынесептеу кезеңдерінің саны.

1 ш.б. түрлі  кезеңдердегі және түрлі пайыздық  ставкалар бойынша ағымдағы құнын  анықтау үшін осы Ереженің 3-қосымшасына  сәйкес нысан бойынша С-1 кестесі  қолданылады.

     . Инвестицияның болашақ құны мына  формуламен есептеледі:

FV = PV(1+i) n.

     1 ш.б. n жылдан кейінгі болашақ құнын анықтау үшін осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша С-3 кестесі қолданылады.

     Белгілі жылдар ішінде төленген жүйелі төлемдер арасындағы бірдей интервалды бір бағытты  төлемдердің ағыны аннуитет болып  табылады. Мұндай төлемдер түсімдер мен  төлемдер түрінде болуы мүмкін.

     Аннуитетте  ағымдағы құнды да, болашақ құнды  да есептеуге болады.

     Аннуитеттің ағымдағы (дисконтталған) құнына аннуитетке енгізілген әр жеке төлемнің немесе түсімнің ағымдағы құндарының сомасы жатқызылады, ол мынадай формула бойынша анықталады:

     PV = FV * f ,

     мұнда, f –дисконттау факторы осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша С-2 кестесі.

     Аннуитеттің ағымдағы құны тең интервал бойы мәні мен маңызы бірдей төлемдерді талап  ететін (ең төменгі жалдау төлемдері) қаржылық жалдау бойынша келісімшарттарға сәйкес болашақ түсімдердің немесе төлемдердің ағымдағы құнын анықтау  үшін қолданылуы мүмкін.

     . Аннуитеттің болашақ құны  аннуитетке  енгізілген әр жеке төлем мен  түсімнің болашақ құнының сомасы  болып табылады, ол мынадай формула  бойынша анықталады:

     FV = PV * f,

     мұнда, f –дисконттау факторы осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша  С-4 кестесі.

Мерзімсіз аннуитет-шектелмеген  кезең ішінде төленетің жалгерлік  төлемнің ай сайынғы тең мөлшері  белгіленетің төлем түрі.

Аннуитет – жалға  алу кезеңі ішінде төленетің жалгерлік  төлемнің ай сайынғы тең мөлшері белгіленетін төлем түрі

Өмірлік аннуитет

Аннуитет жыл сайынғы  төлемақы, тұрақты түсім. Мерзімді мемлекеттік  қарыз түрі, ол бойынша жыл сайын  пайыз төленіп тұрады жєне соманың  бір бөлігі өтеледі, алынған қарызды, несиені өтеу, пайыз төлеу есебінен белгілі бір уақыт аралығында төленетін тең шамадағы ақшалай  төлем, жеке тұлға.Аннуитет - ренталар мен зейнет ақыларды сақтандырудың  барлық түрлері үшін жалпылама түсінік. Сақтанушы сақтандыру мекемесіне бірден немесе бөліп-бөліп белгілі бір  мөлшерде ақша төлейді, одан кейін бірнеше  жыл бойы немесе өмір бойына жүйелі түрде кіріс алып отырады. Аннуитет бұрынғы кезде жылдық рента телеу болып есептелген. Ерекше аннуитетте кіріс сақтанушыға белгілі бір мерзімде немесе онын туыстарына сақтанушының көрсетілген мерзімінің аяқталуына шейін, қайтыс болуына қарамастан төленеді. Егер сақтандыру шартында сақтанушы қайтыс болған жағдайда жарнасын қайтару қарастырылса немесе керісінше қарастырылмаған болса, аннуитет қайтарылатын немесе қайтарылмайтын да болуы мүмкін.

Аннуитет  коэфиценті:

K = \frac{i \cdot (1+i)^n}{(1+i)^n -1} ға тиянақты соманы ұдайы,  көбінесе өмір бойы алып тұру

Аннуитет  түрлері:

1. Қарапайым өмірлік  аннуитет – сақтанушының өмір бойына жүргізілетін жүйелі түрдегі төлемдердің белгіленген мөлшердегі аннуитеті.

2. Кепілдендірілген  төлем мерзіміндегі  өмірлік аннуитет – сақтанушының тірі не қайтыс болуына байланыссыз кепілдендірілген мерзім аралығына белгіленген аннуитет. Егер сақтанушы кепілдендірілген мерзімнен артық жасаса, онда оның өмірінің соңына дейін төлем жүргізіледі.

3. Кепілдендірілген  төлем мерізіміндегі  мерзімді аннуитет

– сақтанушының тірі не қайтыс болуына байланыссыз кепіл- дендірілген мерзім аралығына белгіленген  аннуитет.

Егер сақтанушы  кепілдендірілген мерзімнен артық  жасаса, онда төлем аннуитет шартының қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін  жүргізіледі.

4. Қайтарып алынатын  сомадағы өмірлік  аннуитет

– сақтанушының өмір бойына жүргізілетін төлемдер және қайтыс болу сәтіне жүргізілетін, бастапқы сыйлықақы  мен сақтанушының өліміне дейін  жүргізіліп келген жай соманың айырмасына тең қосымша төлемдер аннуитеті, егер бұл айыр- ма пайдалы болса (шарттың  қолданылу мерзімі

аралығындағы инвестициялық  кіріс қосымша төлем мөлшерінің есебін жүргізуде ескерілмейді).

5. Бірлескен өмірлік  аннуитет – сақтанушының жұбайынан бұрын қайтыс болу жағдайында, сақтанушының жұбайына жүргізілетін төлем аннуитеті. Сақтанушының өлімінен кейін оның жұбайына жүргізілетін төлем мөлшері негіз- гі сақтанушының алып жүрген төлем мөлшеріне тең немесе одан төмен болуы мүмкін.

6. Құнсыздануды ескеретін  өмірлік аннуитет.

7.Тұрақсыз  аннуитет – төлем мөлшері сақтанушымен таңдалған инвестициялық жинақтың (акцияның, облигацияның және басқа да қаржы құралдарының) нақты кірісіне байланы- сты болып келетін аннуитет. Сақтанушы кіріс төлемдерінің әдеттегі аннуитетті кіріс төлемімен салыстырғанда, са- тып алу қабілеттілігіндегі тұрақтылыққа үміт арта оты- рып, инвестициялық тәуекелге бел буады, сақтандырушы болса, өз кезегінде шығыстар мен актуарлы тәуекелді (немесе аз мөлшерде кепілдендірілген кірістілікті) ғана қабылдайды, алайда төмен кепілдік мөлшері жоғары емес. Бұл инвестицияның тәуекелді жинағының барынша жоғары өсімді-кему өзгерістілігіне негізделеді.

Зейнетақы аннуитетінің артықшылығы:

Әдеттегі зейнетақы  жинақ жүйесімен салыстырғандағы  аннуитетті сақтандырудың артықшылығына:

• 55 жастан бастап өз зейнетақы жинағынан төлем алу  мүмкіндігін;

• зейнетақы төлемдерінің өмірлік қамтамасыздығын, яғни өз қаражатынан  артық өмір сүру тәуекелінде қамтама- сыздықтың сақтандырушыға ауысатынын;

• бірнеше мұрагердің қатысуымен төлем жасаудың жеке жоспарын құру мүмкіндігін;

• төлем есебінің икемді жүйесін – мысалы, зейнетақы  жинағы көбірек болған сайын, зейнетақы  төлемі де жоғарырақ;

• жыл сайынғы  аннуитет төлемінің құнсыздану деңгейіне  индекстелетіндігін жатқызуға болады.

Зейнетақы сомаларын мұраға қалдыру:

Кепілді мерзіммен (5,10,15 жас) өмірлік аннуитет таңдалған  болса, онда төлемдер шарт жасаған тұтынушының  тірі, не өлі болуына байланыссыз  жүргізіледі. Яғни, қандай болған жағдайда да, төлем өтініште көрсетілген пайда алушының (мұрагердің) қатысында жүргізілетін болады. Мысалға, егер шартта көзделген кепілді мерзім 15 жылды құрап, ал тұтынушы 3 жылдан кейін қайтыс болып кетсе, онда қалған 12 жыл бойы оның шартта көрсетілген мұрагерлері төлемді алып тұратын болады. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанда, аннуитетті сақтандыру төлемі жүргізілетін шот жабылады.

Өмірлік мерзім:

Зейнетақы аннуитеті  бағасын есептеу үшін пайдаланы- латын еліміздегі өмір сүру ұзақтығының  орташа деңгейінің кестесі ішінара  заңнамамен реттеледі, себебі сақтандыру мерзімінен ұзақ өмір сүру тәуекелін  компания өз бетінше жүргізеді. Зейнетақы  аннуитетінің шартын жасау кезінде  аннуитет бойынша ай сайын жүргізілетін төлемнің оның жүргізілу кезіндегі  зейнетақының ең төменгі сомасынан  кем болмау керектігі заңнамамен көзделген.Зейнетақы аннуитеті шарты  бойынша сақтандыру ұйымының сақтанушыға  төлеп беруге тиісті қаржысы төлем  жүргізу кезеңінде жетпей қалған болса, ондай жағдайда ол сақтандырушының  өз қаржысы есебінен жүргізіледі.

Зейнетақы аннуитеті шартын жасау кезіндегі  зейнетақы есебі

Компанияға байланысты, зейнетақы аннуитеті төлемінің  есебіне кепілдендірілген инвестициялық  кірістің 3-5%-ы салынады. Оның үстіне, сақтандыру компаниясымен шарт жасау  және әдетте өмірді сақтандыру компанияларында  ерекшеленетін төлемін жүргізу  кезінде ескерілген шығыстары да есепке алынады. Сондықтан өмірді сақтандыратын  түрлі компаниялардағы аннуитет құны компаниямен қандай инвес- тициялық кірістің салынатындығына және оның қандай шығыстарды көтеретіндігіне  байланысты бір-бірінен бірша- ма өзге болып келеді. Айтпақшы, адам жынысының  өзгешелігіне байланысты да аннуитет құны түрлі болып келеді. Бұл ерлер  мен әйелдер арасындағы өлім статис- тикасының ажыратылатындығына байланысты. Яғни, өмірді сақтандыратын сақтандыру компанияларының зейнетақы төлемдері  сіздің жынысыңызға, жас мөлшеріңізге және жинағыңызға байланысты болып  келеді. 
 
 
 

Зейнетақылар, аннуитеттер және ұқсас төлемдер

1. Уағдаласушы Мемлекеттің  резидентіне төленетін зейнетақыларға  және ұқсас төлемдерге немесе  аннуитеттерге тек осы Мемлекетте  салық салынады.

Информация о работе Аннуитет