Кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 20:49, реферат

Краткое описание

Шаруашылық қоғамдардың негізгі түрлері болып жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестіктер, акционерлік қоғамдар табылады.

Содержимое работы - 1 файл

Фирма теорисы.docx

— 24.52 Кб (Скачать файл)

Унитарлық кәсіпорынның бір түрі — федералдық қазыналық  кәсіпорындар. Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар заңды тұлға  болады.

Заңды тұлғаға өзінің меншігінде, немесе, шаруашылық пайдалануында, ақшалай мүлігі болатын және өздерінің міндеттері үшін осы мүлік мөлшерінде жауап беретін, ұйымдар жатады. Заңды тұлғаға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар жатады.

Коммерциялық  ұйымға пайда табуды қызметтерінің  негізгі мақсаты деп түтатын  ұйымдар жатады.

Коммерциялық  емес ұйымдарға пайда табумен, оны  мүшелерінің арасында болуді мақсат етпейтін ұйымдар жатады.

Коммерциялық  ұйымдардың формалары:

• шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар;

• өндірістік кооперативтер;

• мемлекеттік  және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар.

Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдардың мынадай формалары  болады:

• толық серіктестік:

• сөнімді серіктестік (коммандиттік серіктестік);

• жауапкершілігі шектелген коғам;

• қосымша жауапкершілігі бар қоғам;

• акционерлік  қоғам (ашық, жабық);

• балалық және тәуелді қоғамдар.

Кәсіпкерлік іс-әрекетпен  айналысатын және өздерінің қарамағындағы  мүліктер шамасында іс-әрекеттерінің  нөтюкесіне жауапты серіктестік  толық серіктестік деп аталады. Толық серіктестіктің пайдасы мен шығындары осының мүшелері арасында олардың жалпы қосынды капиталдағы үлес салмағына пропорционалдық түрде бөлінеді.

Егер толық  серіктестіктермен қатар осы  серіктестікте бір, немесе, бірнеше  мүше-салымшылар (коммандистер) болса, онда бұндай серіктестіктер сенімдегі (коммандиттік) серіктестік деп аталады. Коммандистер шығын қауіпіне өздерінің  салымдарының мөлшерінде ғана жауапты  болады және олар осы серіктестіктің кәсілкерлік қызметіне қатынаспайды. Бұлар серіктестіктің, пайдасынан қосынды  капиталдағы өздерінің салымдарына  сәйкес бөлімін алады.

Жауапкершілігі  иіектелген қоғамның мүшелері, өздері қосқан салымдардың құны көлемінде шығындар қауіпына жауапты болады.

Қосымша жауапкершілігі бар  қоғамдардың мүшелері жауапкершілікті өздері қосқан салымдарының құнына сәйкес , барлығына ортақ есе көлемінде жауапты болады. Егер бір мүше банкрот болса, оның жауапкершілігі қалғандарына, солардың салымдарына пропорционалды бөлінеді.

Акционерлік қоғам - жарғылық қоры (капиталы) акциялардың белгілі санына бөлінген қоғам. Акционерлердің жауапкерлігі тек өздерінің акциялары құнының шамасында болады.

Ашық  акционерлік қоғам шығарылатын акцияларға ашық жазылу жүргізіп, оны сатуға құқығы бар болады.

Жабық акционерлік қоғамның акциялары тек осы қоғамның құрылтайшылары арасында бөлініп таратылады.

Балалық шаруашылық қоғамға капиталының мөлшері барлық қоғамңың жарғылық капиталы мөлшерінің басым көбін құрамайтын қоғам жатады. Сондықтан бұндай қоғам, барлық қоғам шешімдеріне шешуші ықпал ете алмайды. Балалық қоғам негізгі қоғамның қарыздары бойынша жауапты болмайды.

Тәуелді қоғам, әдетте, негізгі қоғам дауыс беретін акциялардың 20% артық акцияға ие болған жағдайда орын алады.

Өндірістік  кооператив өздерінің бірлескен жеке еңбектеріне және қосылған төлемдеріне негізделген, бірлесіп өндірістік, немесе, басқа да қызметтер атқару үшін қосылған адамдардың еркін бірлестігі.

Унитарлық кәсіпорын — бұл меншік иесі оның қарауына берген мүліктерге меншік құқы жоқ, коммерциялық ұйымдар. Унитарлық форма тек мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарға тән болады.

Коммерциялық  емес ұйымдар, тұтыну кооперативтері, қоғамдық, немесе, діни мекемелер, қайырымдылық және басқа қорлар формасында құрылуы  мүмкін.

Материалдық және басқа қажеттерді қанағаттыру мақсатпен, адамдардың жарна төлемі негізінде  құрған еркін бірлестігі, тұтыну кооперативі деп аталады. Тұтыну кооперативтердің кәсіпкерлік қызмептерден түскен табыстары солардың мүшелері арасында бөлінеді.

Қоғамдық  және діни ұйымдарға рухани және басқа материалдық емес қажеттерді қанағаттандыру мақсатпен құрылған азаматтардың еркін бірлестіктері жатады. Бұлар коммерциялық емес құрылымдар. Бірақ, бұлардың тек құрылғандағы мақсаттарға жету үшін (мысалы балауыз шам, крест, шіркеулердің тізбек бауларын жасау) кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы болады. Осы ұйымдардың мүшелерінің сол ұйымның мүліктеріне құқығы болмайды.

Қор деп еркіндік негізде жарналар арқасында құрылған коммерциялық емес ұйымдар аталады. Бұлардың әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, ағарту немесе басқа мақсаттары болады. Қор өз алдына қойған қоғамдық пайдалы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету үшін, кәсіпкерлік қызметтермен айналыса алады.

Коммерциялық  және коммерциялық емес ұйымдар ассоциация және одақ болып бірлесуі мүмкін

Информация о работе Кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық формалары