Экономикалық ой-пікірлердің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 23:13, реферат

Краткое описание

Экономикалық ілім — ертедегі ең ескі және бай тарихы бар ғылымдардың бірі. Экономикалық ойдың алғашқы көзін біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) пен Аристотельдің (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінен табуға болады. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жұргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды.

Содержимое работы - 1 файл

Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы.docx

— 22.50 Кб (Скачать файл)
 

Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы

Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы 

  

Экономикалық ілім — ертедегі ең ескі және бай тарихы бар ғылымдардың бірі. Экономикалық ойдың алғашқы көзін біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) пен Аристотельдің (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінен табуға болады. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жұргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атка ие болды. Антуан Мокретьен 1615-ші жылы «Саяси экономия трактаты» кітабында Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан баскарудың субъектісі ретінде қарастырды. Бірақ мұны әлі де ғылым деп айтуға болмайтын еді. Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде ХVІІ-ші ғасырда пайда болып, осы кезде тауарлы-ақша қатынастары кең дамып, оның даму заңдылықтарын қарастыру мен зерттеудің бастауы болып табылады. «Меркантилизм» бірінші экономикалық ілім болып табылады. Осы ілімнің негізгі мазмұны мынада: меркантилистер байлықтың қайнар көзі мен қоғамның әл-ауқаттылығы материалдық игіліктер өндірісінде емес, ол тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Олардың ойынша, қоғамның әл-ауқаттылығына сырткы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелінуінен артып тұруы мен елдегі ақша капиталы (алтын, күміс) қорлануының арқасында қол жеткізіледі. Меркантилистік саясат елге барынша көп мөлшерде алтын мен күмісті жинауды көздейді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері — Вилья Стаффорд (1554-1612 ж.ж.) және Томас Мэн (1571-1641 ж.ж) болып табылады. 

Қоғам байлығы сауда да емес, ол өндірісте пайда болатындығы туралы идея алғашқы рет физиократтар мектебінің еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы — Франсуа Кенэ (1694-1774 ж.ж.) еді. Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі – ауыл шаруашылығының енбегі деп есептеді. Кейінірек бұл Уильям Петти (1623-1687 ж.ж.), Адам Смит (1723-1790 ж.ж.) және Давид Рикардо (1772-1823 ж.ж.) еңбектерінде де қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі ғана аркылы емес, барлық өндіріс саласындағы еңбекте (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс өндірісі) болатындығын айғақ етті. Осы идеялар классикалық (үлгілі) деген атаққа ие болды, сондықтан да бұл ілімнің өкілдері классикалық экономикалық мектептің негізін қалаушылар деп аталды. 

Саяси экономиканың классикалық мектебінің тұжырымдамаларын одан әрі тереңдете зерттеу негізінде марксизм ілімі қалыптасты. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің (коммунизм) жаңа жүйе ретінде пайда болуы. ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сінген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды; абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін ашты. К.Маркстың басты енбегі «Капитал» (1867-ші жылы 1-ші, 1885-шіж. 2-ші, 1894 ж. 3-ші томдары жарыққа шықты), осы енбек оны әлемдегі ұлы экономистер қатарына қосты. Бұл ілімінде жеке олкылықтар да кездеседі. Тарих К.Маркстың капитализм кезеңіндегі пролетариаттың абсолютті кедейленуі туралы қорытындысын қоғам толық мақұлдамады, капитализмді таза қанаушы қоғам деген пікір де қателеу қөрінді. Әлемдік экономикалық ғылым марксизмді қатты сынай отырып, осы ілім экономикалық теорияны дамытудағы ерекше дәуір болатындығын мойындады. 

ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында «маржинализм» теориясы қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық мектептің экономистері Карл Менгер (1840-1921 ж.ж.), Фридрих фон Визер (1851-1926 ж.ж.), Эйген фон Бем- Баверк (1851-1914 ж.ж.), сондай-ақ ағылшын экономисі Уильям Стели Джевонс (1835-1882 ж.ж.) және басқалары қалады. Маржинализмнің басты категориялары: шекті пайдалылык, шекті өнімділік, шекті шығындар. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен модельдерді кең қолданды. Математикалық мектептің бірден-бір белгілі теоретигі швейцар экономисі Леон Вальрас (1834-1910 ж.ж.) болып табылады. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік моделін жасады, онын негізіне - сұраным мен ұсынымды талдау жатады. 

Экономикалық ғылым үш ғасыр бойы (XVII-XIX ғ.ғ.) саяси экономия ретінде дамыды. Экономикалық ілімнін анықтамасында таптық көзқарастың басымдылығын дәлелдей отырып, К.Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды. 

Ағылшын ғалым-экономисі Альфред Маршалл (1842-1924ж.ж.) өзінің «Саяси экономия принциптері» (1890 ж.) Деген еңбегінде «саяси экономия» термині «экономикалық теория» ұғымымен пара-парлығын айтты. Содан бері 100 жылдан астам уақыт өтті және экономикалық ғылым жаңа зерттеулермен толықтырылды. Осы зерттеулер дамыған елдерге кең тараған және «Экономикс» (авторлары П.Самуэльсон, Кэмпбелл, Р.Макконелл, Стэнли Л.Брю және басқалары) типтес оқулықтарда баяндалды. Альфред Маршаллдың шекті пайдалылық теориясы орташа мөлшерден шекті шағын шамаға өту мүмкіндігін жасады және олардың сұраным мен ұсыным, сондай-ақ шығындар көлеміндегі өзгерістерге алып келді. Бұл талдау техникасы процесі үшін өте үлкен мәнге ие болды. Экономикалық теорияда математикалық тәсілді қолдануға жол ашты. 

Қазіргі экономикалық ілімдер тарихының негізін қалаушы ағылшын экономисі Дж.М.Кейнс болып табылады. Оның басты енбегі – «Еңбекпен қамту, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» (1936) деп аталады. Нарық жағдайында сұранымның ынталандыру қабілеттілігі жаппай жұмыссыздықтан құткарады деген тұжырымға келді. Еңбекпен қамту деңгейін мемлекеттік реттеу жүйесіне көшіру Дж.М.Кейнстің жасаған негізгі қағидасы. Батыста ХХ-шы ғасырдың 30-шыдан 80-шы жылдарына дейін «кейнстіліктің» әсерінен нарықты реттеу жүйесі жүзеге асты. 

ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарындағы экономикалық дағдарыс пен кәсіпкерлік белсенділіктің бәсеңсуі А.Смиттің мемлекеттік реттеудің тиімсіздігі идеясына алып келді. Осы жағдайлардың толқынымен экономикалық ілімде жаңа бағыттар пайда бола бастады. Осы бағыттағы экономистер ұсынымды ынталандыру идеясын тілге тиек етті. Олардың ойынша, нарық механизмі, бәсеке негізінде өсуді баланстандыру қамтамасыз етіледі немесе сұраным мен ұсыным арасында тепе-теңдік қалыптасады. Мемлекеттің ролі еркін бәсекеге дұрыс жағдай жасаумен шектелуі қажет. Бұл «неоклассикалық» немесе «неолибералдық» бағыттың көздегені жекешелендіруге пайдаға салық өсімін төмендету арқылы және бәсеке жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейтіп, ұсынымды ынтатандыру. Мемлекет жұмыспен қамтамасыз ету идеясынан бас тартып, әлеуметтік бағдарламаны барынша қысқартады. Әлеуметтік амортизаторлар сақталып, тегін қызмет көрсету сияқгы әлеуметтік кепілдік жойылып, кәсіпорын акцияларына иелік жасау арқылы жұмысшыларды кәсіпкерлікке тарту, басқаруға қатыстыру және сол сияқты бойын көтере бастайды. Олардың қолдауынша, жеке кәсіпкерлік өндіріс пен қоғамдық әл-аукаттың қарқынды өсуіне алып келеді, ұсынымды ынталандыру теориясы рейганомика мен тетчеризмнін негізін қалады. 

Информация о работе Экономикалық ой-пікірлердің дамуы