Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:42, реферат
Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номаиналды және шынай түрлері болады.
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
2.1. Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері.
2.2. Қосымша жалақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу
2.3. Жалақыдан ұстап қалулар мен төлемдер
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
• пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
• материалдық көмек түріндегі ақшалай жәрдем ақы;
• тәулік ақынаң орнына жалақыға қосылатын қосымшалар мен үстемелер;
• арнайы киімнің, арнайы аяқ-киімнің, арнайы тамақтың құны;
• біржолғы көтермелеу төлемдері;
• бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;
• оқушылардың, студеттер мен аспираттардың степендиялары;
• қызметкерге келтірілген
залалды, оның жұмысқа байланысты ертігуі немес өзге
жарақаттануын
төлеу
және өтемақы беру.
Жалақылардан ұстап қалулар мен төлемдер
Жалақыдан ұстап қалу тек заңда көзделген жағдайларда жүргізіледі. Әрбір жалақы төлемі кезінде барлық ұстап қалулардың жалпы мөлшері жалақының 50% – нен аса алмайды.
Қызметкердің жалақысынан бухгалтерия ұсталымдарының мынадай түрлерін ұстап қалады:
• Табыс салығын;
• Орындаушы қағаздар бойынша;
• Несие сатып алынған тауарлар үшін тапсырмалар мен міндеттемелер бойынша;
• Жазбаша тапсырмалар, жеке сақтандыру шарттары бойынша;
• Егер шаруашылық субъектісі кәсіподақтардың немес тәуелсіз кәсіподақтардың федерация кеңесінде тіркелегн болса, 1% – тік кәсіподақ жарнасы;
• Жалақы есебінен берілген авансты өтеу;
• Жеке тұрын – үй құрылысына берілген несиені өтеу есебінен;
• Жұмысшының жазбаша келісімі бойынша шауашылық субъектісіне тиесілі тұрғын үй үшін пәрет ақы төлеу;
• Демалыстың өтелмеген күндері үшін;
• Кәсіпорынға келтірілген зияндыөтеу;
• Айыппұлдар мен мойнындағы ақша;
• Ведомстволық мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау үшін.
Табыс салығын ұстау. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туаралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес (01.01.98 ж. өзгерістерін ескергенде) жылдық оратша кіріс пен шегерімдер арсындағы айырма ретінде есептелген кіріс салық салу объектісі болып табылады.29- бапқа сәйкес табыс салығын есптеу салық жыл ішінде біркелкі (ай сайын) жүргізіледі. Соған байланысты 1.01.97 ж.бастапқы қайта есептеу коэффициенті өндіріледі. Мұның өзі 12 саныны салық салынатын кірістің сомасы анықталатын айлар санына қатынасы юолып табылады. Қаңтар = 12 (12/1), ақпан = 6 (12/2), наурыз = 4 (12/3), желтоқсан = 1 (12/12). Салық жылы аяқталғанға дейін қызметкер жұмыстан кететін болса, о лалған нақты табысқа орай табыс салығын қайта есептеу керек. Қажет болған жағдайда кірістің есептік сомасынан аванспен ұсталған табыс салығының сомасын қайтару қажет.
Халықтың соттың шешіміне, нотариалыд органдардың атқарушы жазуларына, өтем алу туарлы әкімшілік органдардың қаулысына сәйкес берілетін атқауршы қағаздар бойынша ұстап қалу негізгі жалақыдан, тұрақты сипаттағы барлық қалған төлемдерден, соның ішінде сыйақылар мен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыдан жүргізіледі. Келіп тұскен атқарушы қағаздар арнайы тізілімде тіркелуге тиіс. Алименттер есепті айдағы негізгі және қосымшаден табыс салығы ұсталғаннан кейін қалған сомадан ұсталады. Кәмілетке толмаған балаларды күтуге арналған алимент бір бала үшін жалақының 25% мөлшерінде, екі бала үшін – жалақының 33% – ті, үш және одан да көп балар үшін – 50% – тін құрайды. Белгіленген төлем күнінен кейінгі үш күн ішінде ұсталған алиметтер сомасы алушыға төленуге немесе өтем алушының шотына аударылуы керек. Боышкер кәсіпорыннан кететін болса, шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы атқарушы қағазға барлық ұсталған алиметтер туралы белгі қйып, оны мөрмен растайды, егер белгілі болса, оның жаңа жұмыс орыны немесе тұратын жерін көрсетеді.
Несиеге сатылған тауарлар үшін ұстап қалу саудаласушы ұйымның жазбаша тапсырмасы, міндеттемесі негізінде жұргізіледі. Есептеудің екі әдісі бар:
1 – әдіс. Субъект банктен (немес өз құжаттары есебінен) қаыз алады және саудаласушы кәсіпорынмен талықтай есеп айырысады да, тауарды өз қзыметкеріне сатып әпереді. Осы тауарларды алған қызметкерлердің жалақысынан ай сайын белгілі бір сома ұстап отырады. Мұның өзі қызметкердің шаруашылық субъектісі алдындағы берешегін кемітуге жатады.
2 – әдіс. Сауда жасаушы ұйымның жазбаша тапсырма – міндеттемесінің негізінде (таураларды қызметкерлер сатып алғанда) қызметкердің жалақысынан ай сайын беліглі бір сома ұсталады және сауда жасаушы ұйымның шотына аударылады.
Материалдық залалды (кемшілік, ұрлық – қарлық) өтеу бойынша ұстап қалу көшірмелердің, жалпы жиналыстың хаттамасының сот органдары шешімінің негізінде жүргізіледі. Мұнда ұстап қалудың мөлшері мен мерзімі көрсетіледі. Ақаудан және бүлінуден болған ысыраптар ақау туралы актінің негізінде өтеледі.