Ақша-Несие жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 23:03, курсовая работа

Краткое описание

Айналыста жүретін тек қолма – қол ақша, ол ақша айналымының тек бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма – қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы дегеғн қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. Сонымен ақша айналымы екі бөліктен: қолма – қол ақша айналысы және қолма – қол емес ақша айналымынан тұрады.

Содержание работы

Кіріспе
1. Ақшаның эмиссиясы және қызметі
Ақша айналысын басқару
Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі
Ақшаны шаруашылық айналымға шығару
2. Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері
Несие ақшалары және олардың түрлері
Ақша айналысы заңы
Банкноталар мен қағаз ақшалар айналымы жүйесі, онын сипаттамасы
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

Ақша.doc

— 186.00 Кб (Скачать файл)
 
 

    Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері.

     Әрбір мемлекеттің өзіне тән  ұлттық ақша жүйесі болады.Ақша жүйесі - ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі ХVІ – ХVІІ ғғ. Капиталистік өндіріс бұл қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастады. Капиталистік өндірістің және тауар ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.

     Ақша жүйесінің типі: ақша – ерекше тауар ретінде өсуіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша құн - өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің типтері кездеседі:

  • Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;
  • Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.

     Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ  құн эквиваленті қабылданған  металға байланысты металл ақша  жүйесі: биметаллизм және монометаллизм  болып бөлінеді.

     Алғашқы капитал жинау кезінде  (XVI – XVII ғғ.) биметаллизм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар қамтамасыз етті. Биметаллизм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ мемлекет ролін алтын мен күміске бекітке ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша қос – металды валюта, онда екі металдан да кең көлемде монета соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.

     Биметаллизмнің үш түрі болған:

  1. Қатар жүретін валюта жүйесі-онда   алтын  мен  күміс  монеталардың

    арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты бекітілген.

  1. Қос валюталы жүйе – онда металдардың санының арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
  2. “Қосалқы валюта жүйесі”- онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүреді.

     Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа  мемлекеттерінде XVI – XVII ғғ. Пайда болып, тіпті ХІХ ғ. аяғына дейін қолданылып. Ақша ретінде екі металды қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездесті. Дегенмен 1865 ж. Франция, Бельгия, Швеция және Италия биметализмді сақтап қалу мақсатында келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865 – 1878 жж.) Латын монеталық одағы конвенциясы бекітіліп, ол бойынша металдан да құны 5 франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасына тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен күмістің нарықтық құнына сәйкес келмеді.

     Биметаллизм жүйесі өскелең капиталистік  шаруашылықтың талабын қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану ақшаның бұл қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған  қоса ХІХ ғ. аяқ шегінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістін құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғандықтан алтын монеталар айналысқа шығып, қазына қорына айналды. Алтын ақша айналыстан шығуы Коперник – Грешем заңына айтылған “жаңа жақсы ақшаны айналыстан ығыстырды” деген ақшаның өмірдегі көрінісі. 

     Монометаллизм жүйесі. Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.

     Монометаллизм – ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл(не алтын, не күміс) қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталды. Күміс монометаллизм Қазақстанда 1852 – 1893 жж., Голландияда 1847 – 1875 жж., Ресейде 1843 -1852 жж., қолданылды.

     Патшалық Ресейде күміс монометаллизм 1839 – 1843 жж. Жүргізілген ақша реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза күмістің 4 мысқалы 21 бөлігі бар күміс рубль есептелді. Сонымен қатар айналысқакүміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да шығарылды. Дегенмен күміс ақша елдің күйзеліске шығарған ақша айналысын түбегейлі ретке келтіре алмады. Себебі бұл кезде басыбайлы шаруашылық (крепостничество) құлдырап, мемлекет бюджетті мен сыртқы сауда балансының шаруашылығы елде жүргізілген  ақша реформасын нәтижелі ете алмады. Оған қоса, 1853 – 1856 жж. болған Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында айналысқа қосымша несие ақшалары шығарылды, іс – жүзінде олар қарыз ақшаға айналды. Сөйтіп Ресейде күміс монометаллизм орнына алтын монометаллизмі келді.

     Алғашқыда алтын монометаллизм ақша жүйесі ретінде ХYІІІ ғ. аяғында Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816ж. Алтын жүзінде бекітілді. Ал басқа мемлекеттердің көпшілігінде ХІХ ғ. үштігінде: яғни Германияда 1871 – 1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания) 1873ж., Австрияда – 1892 және Жапонияда – 1897 ж., АҚШ – та 1900ж. енгізілді.

     Құн белгілерінің алтынға айырбасталу  ерекшеліктеріне байланысты алтын  монометаллизмнің үш түрі болады.

     

     Алтын монеталы стандарт оған негізгі төмендегі белгілер тән:

  • Елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді не ол ақшаның барлық қызметтерін тақарады;
  • Алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
  • Айналымдағы несие ақшалары ( банкнота, майда металл монеталар) көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталар айырбасталады;
  • Алтынды, шетел валютасы елден еркін алып шығып және елге әкелуге, сондай ақ алтын нарығының екін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

     Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы – еркін бәсеке кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың өркендеуіне және капитализм шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің ішінде сыртқы саудада да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның сақтаудағы қоры болуы шарт.

     Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығын арттырды. Оны жабу мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы қорынан асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде алтын монеталы ақша стандарт соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және басқа да көптеген мемлекеттерде жойылды.Банкнотаны алтынға айырбастау тоқталып, алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын монета айналыстан шығару қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.

     Алтын құймалы стандарт – оның  алтын монеталы стандарттан айырмашылығы  бұнда алтын монета айналымы  құймайды және оны еркін соғу  жойылды. Алтын құймалы стандартта  банкнотаның белгілі бір сомасы  алтын массасының белгілі бір салмағына айырбасталды. 
 

     Алтын девизді стандарт - ол девиздерге (яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Осы кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы алтын девизді ақша жүретін елдердең алтынмен айналысы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта валютаның курсының төмендеуіне немесе сату арқылы жүзеге асырылды. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына байланысты болды.

     1929 – 1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық мемлекеттерде әр кездегі алтын монометаллизмнің барлық формасы жойылды. 1944ж. Бреттон – Вудсте құрылған Халықаралық валюта несиесі еркін айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын девизді стандартты, мәнінде алтын долларлы стандартты бекітті. Оның келешегі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтанмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана берілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына байланысты 1971 ж. Бастап алтын құймаларын долларға сатуды тапты, сондықтан алтын доллары стандарт та айналыстан шықты. 

Несие туралы түсінік.  
Несие ұғым кең ауқымды түсінікте Батыс елдерінде алғашқы пайда болып, содан бәрі басқа мемлекеттерде өріс алып келеді. Осы тұрғыда несиенің сатылып, пайызға берілуі - несие ұғымының негізін қалыптастырады. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылыұтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдығы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екндігін түсінудің қуат көзі болып табылады. Қоғамдық байылық формасы қозғалысының несиенің негізінде болатын көптеген экономикалық қатынастар бар. Бірақ несиені зерттеу кезінде мынадай экономикалық түсініктер қалыптасқан: «қарыз», «жалға беру», «несие». Бұл түсініктердің көбісі мағыналары жағынан синоним ретінде қолданылады.  
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оның барлық шаруашылық субьектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.  
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.  
Экономикалық теория түсінігінде «қарыз» бен «несие» түсініктері мағыналары жағынан тепе - тең. Көбінде бұл түсініктер бірін - бірін анықтайды. Несие – қайтару негізінде берілетін ақшалай немесе тауар түріндегі қарыз, әдетте үстеме пайыз төленеді. Е.В.Соколов өз еңбегінде: «Қарыз – несиелік қатынастар формасы, бір жақ екінші жаққа ақшалай немесе табиғи түрде қарыз беру» - деп жазды.  
Құнның қозғалысы - бұл несиенің өозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты, себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуіде. Бірақ та бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғым білдіреді. Несиенің ақшалай капиталдан ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. Несие мен ссуданың арасында өзара айырмашылық бар, несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай - ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.  
Экономикалық категория ретінде, несие – бұл кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай ақ халық арасындағы несие өорын құру және оларды қайтарылуы, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді. 
Зерттеу заты сияқты, несие құрлымы бір брімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субьектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субьектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.  
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субьектілері болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субьектілері және халық жатады. 
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке салықтарға байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай - ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды.Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа сұранысы бар тұлға. Қарыз беруші қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін обьекті де жатады. Беру обьектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.  
Ғалымдар бүгінгі таңда экономика ғылымының алдында бір жағынынан теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк ісін дамытып, жетілдірудің керек екенін айтуда. Экономикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтерімен заңына қатысты саясат орын алуда. Несинің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалды. Натуралистің несие теориясы 18 - ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Бұл теорияның негізін А.Смит пен Д.Рекардо салды. Одан әрі оны француз экономистері Ж.Сэй, Ф.Бастия және американдық Д.Мак – Куллах дамытты. Бұл теорияның негізгі идеялары несие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті яғни несие заттай игіліктердің қозғалысын көрсетті. Сондықтан, бұл тек аталмыш қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі ғана. Бұл жағдайда несиенің обьектісі табиғи заттай емес игіліктер болып табылады. Несие капиталы өндірістік капиталға тең. Бұл жерде натуралистер несиені несие капиталының қозғалысы емес, табиғи түрде материалдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырады. Несиенің мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате түсінік өнеркәсіп капиталының тауарлы, өндірістік және ақшалай түрдегі ауыспалы айналымның жете түсінбеуден шығып отыр. Несие капиталының мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше бөлігі деуге болады.  
Бұған қарамастан натуралистік теорияның маңызын несиенің қазіргі заманғы теориясының қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге болмайды. Натуралистер өндіріс процесінде қалыптасатын несие нақты капиталды құрмайды, - деп дұрыс есептеді. Олар несиенің рөлін өсірмей, несие пайызының түсетін табысының көлемімен өзгерістеріне тәуелді екенін дәлелдеді.  
Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама - қарсы идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында шешуші рөл беріліп оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Несие ақшамен және байлық пен теңестіріледі. Бұл теорияның негізін салушы, ағылшын экономисі Д.Ж. Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес, кпитал жасаушылар деп қарастырады.  
Бұл теорияның қолдаушылары ағылшын экономистері Г. Макмед, Дж. Кейнс, Ф. Хоутри, И. Шумпетер, А Ган. Олар ақша мен несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Несие пайда әкеледі, сондықтан ол «Өндіргіш капитал » болып табылады, ал банктер – «Несие фабрикасы».Бұл екеуі де несиені, яғни капиталды жасайды. Міне осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің, экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін ұйғарып, экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді.  
20 ғасырдың екінші жартысында ақша - несие реттеуінің кенсиандық емес мектебінің пайда болғаны белгілі. Бұл мектептің өкілдері американдық ғалымдар П.Самуэльсон, С.Харис, Э.Хансен, Л.Ледокер, Дж.Гэльбрейт болды. Дж.Кейнстің «несиенің көмегімен шаруашылық процестерге мемлекеттің белсенді араласуы» туралы идеясын дамытты. Несиенің қазіргі уақыттағы экономикалық жүйеде кеңінен қолданып жүрген бір қатар анықтамаларына тоқталсақ, «несие- тауарларды немесе ақшаны несиеге беру» деп қарастырсақ. Бұл жерде, несие – тауарлармен ақшаның сатылмай, сатып алынбай, таза түрде қарызға берулуін білдіреді.  
Енді несие қазіргі уақытта экономикалық жүйеде кеңінен қолданылып жүрген бір қатар анықтамаларына тоқталып өтсек, несие – тауарларды немесе ақшаны несиеге беру. Бұл жерде несие – тауарлар мен ақшаның сатылмай, сатып алынбай, таза түрде қарызға берілуін білдіреді. Ал капиталдық несие – бұл қарыз капиталының нағыз қозғалысы. Ол капиталдық қарыз алушыға қайтарымдылық және пайыз төлеу шартымен беріледі. Бұл жерде несиенің екі түрлі шартпен берілетіндігі қайтарымдылық және пайыз төлеу туралы айтылған.  
Жалпы «несие» латынша «creditum» – «сенемін, сенім білдіремін және қарыз, несие» - деген екі мағынаны білдіреді. Бұл анықтамалар, шын мәнінде екі емес үш бірдей мағыналы үғым келтірілген: сенім, қарыз, несие. Тағы да бірнеше анықтамаларға тоқталатын болсақ, несие шаруашылық субьектілері арасында уақытша бос ақша қаражаттарын мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық шартында экономикалық қатынастарды білдіретін экономикалық категория.
 
 
 

  Несие ақшалары және олардың түрлері 

     Несие ақшалары – сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына жүретін) құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін атқаруы.

     Несие ақшалары да қағаздан  жасалады, бірақ оларды, әдетте, банктер  әр түрлі шаруашылық процестеріне байланысты жүргізілетін несиелік операцияларды орындағанда шығарады. Сөйтіп, қарыз бергенде банк қарыз алушыға өзінің несие ақшасын беруі мүмкін, яғни қарызды пайдалану мерзімі өткеннен кейін берілген қаржы қарызды өтеу үшін банкке қайтарылуы керек. Қарыздың бір бөлігі банкке түскен қолма-қол ақшамен де өтеледі. Сонда несие ақшаларын айналымға шығару және оларды кейін қайтарып алу шаруашылық процестерге байланысты орындалатын несие операцияларының негізінде жүргізіледі.

     Банктің кассасынан қолма – қол ақша беру мен қарыз берудің арасындағы байланыс және банкке қолма – қол ақшаның түсуі мен қарыз берешегін өтеудің арасындағы байланыс әрбір жеке қарыз операциялардың: қарызды беру мен оны өтеу және банктің кассасына қолма – қол ақшаны беру мен кассаға ақша түсіру операциялардың жиынтық көлемінде көрінеді.

     Несие ақшалары өте ерте заманнан  пайдаланып келеді. Мысалы, төлем міндеттемесінің ең жай – түрі қолхат сауда келісімдерінде жаңа дәуірге дейінгі бір мың жылдықта Васионда пайда болған.

     Қазіргі несие ақшаларының эволциясы: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары болып есептеледі.

     Вексель ХІІ ғ. Италияда алғашқыда халықаралық сауда, кейін ішкі сауда айналысында қолданылған. Вексель - төлем міндеттемесі, ол несиеге алған тауардың құнын төлем уақыты келгенде келісілген жерде өтеу қарыздардың сатушыға жазбаша түрде берген құжаты. Тауарлы төлем міндеттемесі коммерциялық вексель деп аталады. 

     Сатып алушы кәсіпорының жабдықтаушы кәсіпорынға сатып алған тауар үшін ақшаны бірден төлемей оның орнына вексель жазып береді. Вексельдегі сома көрсетілген мерзімде, әдетте, 3 айдан аспай төленуі тиіс. Егер сатушыға көрсетілген мерзімнен бұрын ақша қажет болса, онда ол банкке төлем міндеттемесін қабылдауын және өзіне вексельде көрсетілген сомадан есептеу проценті шегерілгеннен қалған соманы төлеуін өтінеді. Банк вексельді қабылдаған жағдайда орнына қолма қол ақша төлейді. Сонда сатып алушы несие берушімен емес, банкпен есептеседі.

Информация о работе Ақша-Несие жүйесі