Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 20:21, доклад
Табиғи қорлар – табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын – табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары – басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану.
І. Кіріспе.
1. Табиғи қорлар және өндіріс.
2. Табиғи қорларды тиімді пайдалану.
ІІ. Негізгі бөлім.
3. Табиғаттың өзгеруіне болжам жасаудың маңызы.
4. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған аумақтар.
5. Қорықтар.
6. Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері
ІІІ. Қорытынды.
7. Туған өлкенің табиғатын аялау, қорғау – озық қоғамның алғышарты.
Еліміздің табиғат байлықтарын
1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды, суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ, сирек ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер бар.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Жарлығы – 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды.
Осы жарлықта бүгінгі ғаламдық және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге елдің экологиялық дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешені айқындалады.
Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері «Қызыл кітаптан» алынған.
Табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың екі бағыты бар: мемлекеттік және жалпыхалықтық. Мемлекеттік бағыт тиісті заңдармен, әрі үкіметтің қарарларымен анықталса, ал жалпыхалықтық бағыт өзінің тікелей қатынасуымен және қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады.
Республика табиғатын қорғау
ісіне барлық азаматтар ат
салысуы тиіс. Табиғатты қорғау
саласында арнайы құрылған
Табиғат қорғау саласында
Туған өлкенің табиғатын аялау, қорғау – озық
Қоғам мен табиғат
бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан,
қоршаған орта мен адамның жеке-дара тіршілік
етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын
тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен
қарай білу қоғамның да алға қарай дамуына
негіз болады. Қоршаған ортаның қолайлы
болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек
етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз
етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір
адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін
қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған
бұлақ сол табиғаттың бір бөлегі екенін
ұмытпаған жөн. Өзіміз тұрған жердің табиғатын
сақтаймыз. Табиғатқа аялы көзқарасты
қалыптастыру үшін туған өлкеге туристік
саяхат жасаудың, оның табиғат ерекшеліктерімен,
экологиялық жағдайымен танысудың маңызы
зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әлімбеков.
Табиғатты пайдалану және оны
қорғау негіздері
2. «Табиғаттағы
тепе-теңдік ғажайыптары»
3. «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж.
Қ. Бекішевтің «Жасыл
желекті тиімді пайдаланайық» атты
мақаласы
4. Тарихи – географиялық энциклопедия.
Информация о работе Табиғатты қорғау және табиғат қорларын тиімді пайдалану