ЖОСПАР:
КІРІСПЕ:………………………………………………………………………..1
1. Радиaция……………………………………………………………………….2
2. радиоактивті заттардан қорғану…………………………………………..3
3. Радиациялық ластану……………………………………………………….5
Қазақстандағы радиациялық жағдай……………………….……………….7
ҚОРТЫНДЫ:………………………..………………………………….………12
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:…………………………..…….14
Кіріспе
Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті
сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде.
Өйткені жыл сайын атом электр станциялары
салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ
неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер)
сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр.
Олардан қаншама радиоактивті сәулелер
бөлініп шығып, адамзат баласына неше
түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде.
Сондықтан да адамзат баласын радиациядан
қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін
өзекті мәселеге айналып отыр.ағаштарды
радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер
тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында
қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып
қалып, адам денелеріне сәулені артпайды.
Космостан келетін космостық сәулелерден
практика жүзінде адамзат баласының қорғануға
ешқандай мүмкіндігі жок. Ол 1000км атмосфералық
қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына
түгелдей таралды. Космонавтарды да космос
сәулесін қорғау оңай шаруа емес екендігін
өмірдің өзі көрсетіп отыр [3.,173б].
Әлем ғалымдарының болжаулары бойынша
21 ғасырдың алғашқы ширегінде планетамызда
энергетикалық қордың тапшылығы сезілу
қаупі бар, оның шикізатына деген талас
күшеюде. Мұндай адамзат цивилизациясына
төңген экологиялық қауіп-қатер ең жоғарғы
мемлекетаралық деңгейде мойындалып отыр.
Тіпті, экологиялық апаттың туындауы ғылыми-техникалық
прогрестің «даму» құбылысына деген көзқарасты
дүдәмалдыққа әкеліп отыруы жер-жерде
байқалуда. Сөйтіп адамзат құндылығының
кейбір шкалаларын қайта қарастыру қажеттілігі
пайда болуда. [2.,5б].
Бүгінгі таңда иондаушы сәулелердің антропогендік
көздері көптеп табылуда. Олар қоршаған
ортаны ластаумен қатар әртүрлі биологиялық
кері нәтижеліктің басты себепкері болуы
әбден мүмкін. [2.,3б]
1. Радиaция
Адамзат баласы жер бетінде пайда болған
кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан
қажетті дозасын алып отырған, әсіресе,
радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған
бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына
адам 200 мР радиация қабылдайды. Жер шарының
әрбір аймақтарында тұратын халықтар
әр түрлі мөлшерде радиация алады. Жылына
жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радияция қабылдайды.
Кесте иондалған сәулеленудің табиғи
қайнар көзі
Негізгі қайнар көзі Жылдық орта дозасы
Доза%
Бэр 36
Космос (теңіз деңгейіндегі сәулелену)
30 0,10 15,3
Жер (қатты қабат, су, құрылыс материалдары)
50-30 0,5-1,3 68,8
Адам денесіндегі радиоактивті элементтердің
мөлшері 30 0,30 15,1
Басқадай көз қоры 2 0,02 1
Жылдық орташа доза 200 2 -
Мемлекеттердің кейбір құжаттарында радияцияның
нағыз мөлшері белгіленген. Халықаралық
деңгей бойынша қазіргі кезде адамдарға
радияциялық доза 0,1 бэрден аспауы керек.
Профессионал мамандар дайындау оқу орындарына
ППД-ның (предельно допустимая доза) 5 бэрден
аспауы тиіс, иондалған сәуле тарататын
аймақта да тұратын адамдардың ағзасында
радиацияның мөлшері 0,5 бэр болуы мүмкін.
70 жыл өмір сүрген адам радияциялық қайнар
көздерінен 14-15 бэр алуы мүмкін. Бұл көрсеткіш
ағзаларға онша қауіп төңдіре қоймайтыны
анықталған. Жер шарында тіршілік ететін
әрбір адам өзінің өмір сүру кезеңдерінде
жылына 250-400 м бэр радияция алатыны сөзсіз
[3.,175б].
Кесте жасанды радиоактивті элементтердегі
сәулелену (жылдық доза мөлшері)
Қайнар көзі Жылдық дозасы Табиғи радиацияның
бір бөлігі
Мбэр Мзе
Медициналық аспаптар (флюорография –
370м бэр, тістің рентгеографиясы – 3 бэр,
өкпе рентгеографиясы 2-8 бэр) 100-150 1,0-1,5
50-75
2000км биіктігі 12км ұшақтармен ұшу жылына
5 рет 2,5-5 0,02-0,05 1,0-2,5
Телевизор көру (күніне 4 сағат) 1 0,01 0,5
АЭС 0,1 0,001 0,05
ТЭЦ (тас көмір жағатын) 20км қашықта 0,6-0
0,006-0,06 0,3-3
2. Радиациялық ластану
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің
бірі – радияциялық ластану болып қалып
отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек
алдын алу сипатында ғана болады. Себебі
табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын
биологиялық ыдырату әдістері де, басқа
да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек
бойынша тарала отырып (өсімдіктерден
жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік
өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп,
адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін
жиналуы мүмкін. [1.,290б]
Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны
өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың
түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен
тірі организмдерге радиациялық сәулелену
арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта
дамыған елдерде ядролық энергетиканың
дамуына байланысты қоршаған ортаның
радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда.
Ластанудың бұл түрі химиялық кейін екінші
ортаға шықты. Радиациялық ластанудың
мынадай топтарға бөледі:
1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің
нәтижесінде пайда болатын альфа - (гелий
ядросы), бетта –(жылдам электрондар) бөлшектердің
және гамма – сәулеленулердің әсерінен
болатын радиациялық ластану (физикалық
ластану түрі);
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың
мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын
ластану (химиялық ластану түрі).
Ортаның радиациялық ластануына атом
қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол
радионуклидті жауын-шашынның түсуіне
әкелді. Радионуклидтер – бұл элементтердің
электрондарды атомдардан шығарып, оларды
басқа атомдарға оң және теріс йондар
жұбын түзуімен қосаға қабілетті радиобелсенді
сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай
сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір
заттарда барлық изотоптар радиобелсенді
болып табылады. Атап айтқанда. Оларға
технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев
кестесінің полоний басталып трансурандылармен
бітетін барлық элементтері жатады.
Гелий ядроларының (альфа –сәулелену)
немесе жылдам электрондардан (бетта –
сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық
сәулелену деп атайды. Электромагнитті
иондаушы сәулелену – бұл гамма - сәулелену
мен оған жақын рентгендік сәулелену.
Альфа және бетта-сәулелену организмнен
тысқары тұрып та оған әсер ете алады.
Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға,
бірінші кезекте – адамға аса күшті әсер
етеді. Оған микроағзалар төзімдірек келеді.
Эксперименттік зерттеулер белсенділігі
3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің (кобальт-60,
цезий-137) қуатты көздерінің қасында жоғарғы
топтағы бірде-бір өсімдік немесе жануар
тірі қалмайтындығын көрсеткен. Түрлі
радинуклидтердің организмге әсері аса
сан алуандығымен ерекшелінеді, әйтсе
де жалпы алғанда, оларға мутагенді және
бластомогенді эффект тән. Мысалы, 131-иодтың
аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі
бұзылады, ал көп мөлшерінде – зиянды
ісіктер түзіледі.
Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық
қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша
табиғи және антропогенді болып бөлінеді.
Табиғи факторларға қазба рудалары, жер
қабаттарындағы радиоактивті элементтердің
бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б.
жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға,
атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын
сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен
адам өміріне өте қауіпті радиациялық
антропогендік әсерлер адамзаттың мына
іс-әрекетімен тығыз байланысты:
• Атом өнеркәсібі;
• Ядролық жарылыстар;
• Ядролық энергетика;
• Медицина мен ғылым.
Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен
және радиациялық сәулелермен ластайды.Бұдан
басқа атом өнеркәсібі радиоактивті қалдықтардың
көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіп
және әлі шешімін таппаған мәселені –
оларды көму мен жою мәселелерін алып
келді.
Келесі бір қауіпті радинуклид – стронций-90,
ол ядролық сынақтардың нәтижесінде түзіледі
(жартылай бөліну периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға
асқазан-ішек трактісі , өкпе, тері жабыны
арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға
жиналады. Стронций қанда патологиялық
құбылыстар тудырады, ішке қанның құйылуына,
сүйек кемігінің құрлысының бұзылуына
әкеледі. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен
кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ
қан ауруы болуы мүмкін [5,152б]..
Қазіргі гигиена ғылымының өзекті мəселесі
адам өмір сүретін ортаның зиянды жəне
қауіпті факторларын анықтау ғана емес,
сонымен қатар олардың халық денсаулығына
тигізетін қауіп-қатерін бағалай білу
болып табылады. Қауіп-қатер туғызатын
əртүрлі факторлар нақты елдің, аймақтың
жағдайларына да тəуелді екенін ескеру
қажет [1.,290б].
3.радиоактивті заттардан қорғану.
Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше
жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық
және биологиялық тәсілдері.
Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы
бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені
жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы
түрде дайындалған перчаткаларды кию
керек. Қатты радиоактивті элементтердің
бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері
ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап
отыруы керек.
Екер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға
өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды.
Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций,
иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға
өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін.
Олар радиоактивті сәулелер таратады.
Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп
адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде
жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді
таратады.
Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін
адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді
кальциймен ығыстырып шығаруға болады.
Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін ағзалардан
ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су
ішу керек. Радиоактивті элементтерді
ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке
қышқылы мен лимон қышқылынкөп мөлшерде
пайдалану керек. С,Д витаминің ішу өте
пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге
болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп
жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар
Уран өндіретін шахталарда істеп жүріп
күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол
адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген
оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда
қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып
беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап
ішіп отырған жөн болғаны.
Радияциядан қорғанудың химиялық және
биологиялық жолдары. Радияцияға қарсы
қолданатын препараттарды радиопротекторлар
деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің
бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше
түрлі химиялық препараттарды пайдаланады.
Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады.
Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде
пайдалануға болады. Дерттерге диагностика
қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады.
Сәуле тератиясы мен қан, ауруларын емдеуге
болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін
бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды
Радияциядан қорғау Қазақстан Республикасының
алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан
Республикасында адамдардың денсаулығына
өте үлкен көңіл юөлінеді. Әсіресе экологиялық
аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын
халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға
алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе,
радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін
халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан
жан-жақты білім және тәрбие беру екенін
естен шығармауымыз керек.
Адамзат баласы осы кезде бұрын – сонды
болып көрмеген орасан көп ғылыми табыстарға
жетіп, техника мен технологияны дамыта
түсуде. Оларды төтенше түрде дамуы биология
ғылымдарына тікелей байланысты. Ол жаратылыстану
ғылымдарының көрнекті салаларының бірі.
Оның басты міндеттері жер бетіндегі тіршіліктің
пайда болуын, оның эволюциялық жолмен
дамуын зерттеу. Биология жердің тіршілік
иелері адамдар мен жануарлар өсімдіктер
мен неше түрлі көзге көрінбетін микроорганизмдер
әлемін зерттейді. Алынған мәліменттердің
негізінде сигнал хабарды дәл тіркейтін
сезімтал машиналар мен механизмдер шығару
жұмыстарын жүргізеді.
Кейінгі кезде биологиялық ғылымдар орасан
зор ілгерлеп, алға басты. Осы уақыттың
ішінде тіршілік дүниесі адамдар, жан-жануарлар,
өсімдіктер әлемі туралы көптеген түсінігіміз
бар. Тірі организмдердің пайда болу жолдарын,
биохимиялық процестерін білеміз. Бірақ
көптеген биологиялық көріністердің құпия
сырлары әлі күнге дейін өз шешімін тапқан
жоқ [3.,175б].
4. Қазақстандағы радиациялық жағдай
Қазақстан территориясында қуатты ядролық
сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей
полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін
470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і
жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген.
Олар Қазақстан территориясының біраз
бөлігінің радиациялық ластануына әкелді.
Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки
мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен йондаушы
сәулелену дозасын алған. Радияциялық
әсерге байланысты туған аурулар туралы
мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып
келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне
сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар
саны ондаған мың адамды құрайды.
Қазақстан территориясында радияциялық
ластану себептеріне мыналар жатады:
Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың
салдары Ø
Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын
атомдық өнеркәсіп орындары Ø
Ғаламдық жауындар Ø
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында
жасалған жер асты ядролық жарылыстар Ø
Табиғи радиоактивтілік Ø
Радиоактивті қалдықтар. Ø
Семей ядролық полигоны. 1995 жылы Шығыс
Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі
жүргізілген аэрограмма, спектрографиялық
суреттер жер бетіндегі цезий – 137 активтілігі
65 – 100 мкр/сағ. болғаның көрсетті. Кейбір
жерлерде 120-500 мкр/сағ. байқалған. Зайсан
көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий
137 радиациялық фоны 120-150 макр/сағ. құраған.
[1.,290б]
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар
табиғи сулардың, тек ядролық полигон
зонасында ғана емес, оған жақын жатқан
территорияда да қалыптасуынан теріс
әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері
Сарыөзек жылғасы мен Мұржық тауының етегінде
«Мұржық» және «Дегелең» аймағында байқалған.
α және β белсенділіктің жоғарғы деңгейі
Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы
колхозындағы барлық дерлік құдық суларында
анықталған. Сонымен қатар, Семей қаласынан
оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында
су алмасу белсенді жүретін аймақта - α
және β белсенділік салыстырмалы түрде
төмен болған.
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы
жер асты ядролық жарылыстар. 1995 жылға
дейін Қазақстан территориясында әскери
полигондардан тыс 32 жер асты ядролық
жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық
шаруашылық шешу үшін, соның ішінде жер
қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий
маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер
асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген.
Қазіргі уақытқа дейін бұл территориядағы
жер асты суларының ластану дәрежесі және
мониторингі бойынша ешқандай жұмыстар
жүргізілмеген.
Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын
атомдық кәсіпорындар. Қазақстан территориясының
техногенді қызмет әсерінен радиоактивті
ластануы уран өндіру кен орындарымен,
ядролық зерттеу және энергетикалық құрылғылар,
полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы
өндіру және өндеу жұмыстарымен байланысты.
Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының
элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің
жоғарғы болуымен сипатталады. Республикамызда
80000-нан астам кәсіпрындар жұмыс істейді.
Олардың жалпы белсенділігі 250 мың кюриден
астам. Аталған йондаушы сәулелер көздерінің
жалпы санынан, шамамен 20000 (80 мың кюри)
өндірістен шығарылып, көмілуі қажет.
Зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан
облысында 1995 жылы бірқатар аномалиялар
анықталған. «Үлбі» комбинатының өнеркәсіптік
территориясында 15 радиоактивті ластану
учаскелері табылып, оның 13-і жойылды.
Маңғыстау облысында Иранға жөнелтілетін
металл қалдықтарының радиоактивті ластануы
анықталды. Жамбыл облысында «Нодорос»
АҚ-да 1995 жылы ылғал өлшегіштің нейтронды
сәулелену көзі жоғалған. Кәсіпорындарда
коммисия құрылып, бұл жағдайдың себептерін
анықтау мақсатында тергеу жұмыстары
жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысының
территориясында Смирнов поселкесінің
элеваторынан қуатты 200-3000 мкр/сағ. йондаушы
сәулелер шығаратын құралдар табылған.
Павлодар облысының құрлыс кәсіпорындарында
кейбір құрлыс материалдардың түрлерінің
радиациялық сапа сертификаты жоқ. Қарағанды
облысында кәсіпорындар йондаушы сәулелердің
көздерінде кезінде жоюға арналған приборлары
мен аппаратураларымен қамтамассыз етілмеген.
Семей облысында кедендік бақылау жүйесімен
бірлесе отырып жүргізілген тексеру нәтижесінде
Қазақстан территориясынан сыртқы радиоактивті
ластанған сым кабельдерінің шығарылуының
3 факторы тіркелген.
Ғаламдық жауындар. 1995 жыл бойында цезий
– 137 концентрациясы 0-0,42 Бк/кв м шамасында
ауытқиды. Ал жалпы β – белсенділік айына
0,4-0,9 Бк/кв м өзгереді. Бұл республика халқына
қауіп туғызбайды. Ауадағы радиоактивті
аэрозольдердің мөлшері рұқсат етілетін
мөлшерден артық емес.
Радиоактивті қалдықтар. Қазақстан территориясының
табиғи радиоактивтілігі оны құрайтын
метерологиялық әртектіліктің түзілуімен
генетикалық байланысты, сонымен қатар
уран, радий мен торий қатарының элементтерімен
және космостық сәулеленумен байланыты.
Табиғи радиоактивтік фон әр түрлі болуы
мүмкін: ірі су қоймаларының акваторияларында
(Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі) 6-8
мкр/сағ болса, граниттік массадан тұратын
территорияда 50-60 мкр/ сағ құрайды.
Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын
табиғи радиоактивті фон 18-22 мкр/сағ, ал
күшті қазіргі тұңбалық түзілістердің
табиғи радиациялық фоны 10-18 мкр/сағ құрайды.
Космостық сәулелердің жалпы табиғи радиациялық
фондағы үлесі 3-8 мкр/сағ. 1995 жылы зерттеулер
нәтижесінде Көкшетау облысының Арықбалық
және Сарытүбек мекен-жайларындағы барлық
ғимараттарда радиоактивті газ радонның
жоғары концентрациясы анықталған. Мысалы,
Арықбалық селосында екі балалар бақшасы
жабылған (радонның концентрациясы 4000
Бк/куб м-ге жеткен, қалыпты мөлшерде 200
Бк/куб м.
Елімізде үкіметтік емес экологиялық
ұйымдардың қызметін саяси, құқықтық негізде
дамытуға да қолайлы жағдайлар жасалуда.
«Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық
сараптау туралы»заңдарда жұртшылықтың
қатысу ережесі, ақпарат туралы негіздер
қаланған. Республикамызда 200-ден аса үкіметтік
емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау,
экологиялық білім беру, радияциялық қауіпсіздік,
экологиялық ағарту сияқты бағыттарда
жұмыс істеді.
Қаладағы ауаның ластануы, жердің тозуы
мен шөлейттенуі, өндірістік және тұрмыстық
қалдықтардың көбеюі, жер асты және үсті
су көздерінің ластануы, Ертіс, Жайық,
Талас, Сырдария, Іле, Шу өзендерінің ластанған
сулары негізгі экологиялық мәселелер
болып отыр. Ауаның ластануы 15 қалада нормадан
асып кеткен, Өскемен, Ленинагор, Алматы,
Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Теміртау, Шымкент,
Тараз, Петропавл, Қарағанды т.б. бұрынғыға
қарағанда қазіргі үлкен деңгейде болып
отыр. Арал өнірінің 59,6 млн.-ға жері азған.
Сонымен қатар көтерілген тұзды шұаңның
ағындары 300 шақырымға, ара қашықтығы 500
шақырымға дейін таралып жатыр. Республикамызда
20 млрд. тоннадан астам өндіріс және тұрмыс
қалдықтары жиналып қалған. Жыл сайын
14 млн. Куб м тұрмыстық және 700 млн. тонна
өнеркәсіптік қалдықтар, олардың ішінде
84 млн. Тонна уландырғыш т.б. жиналады.
Сонымен қатар зауыт, фабрикалар өндеген
рудаларын өндіріс қалдықтарының 1-18 үйіндісі
жалпы көлемі 56 млн. текше метр алып жатыр,
радиоактивті фоны 35 мкр/сағаттан 3000 мкр/сағатқа
жетіп, халық денсаулығын бұзуда.
Қазақстанда АЭС құрлысын салу туралы
әңгімен, сонау Кеңес Одағы тұсында жиі
қозғалатын. 1995 жылы бұл мәселе Үкімет
басқармасында қайта қаралып, Оңтүстік
Қазақстан облысында Шардара АЭС-ін салу
көзделген-ді. Ғалым-мамандардың айтуынша,
тәуелсіз, егеменді ел ретінде, әлемдік
өркениеттің бір бөлігі салынатын Қазақстанда
атом электр станциясының болуы қажет.
Тіпті, Балқаш көлінің жағасында «Үлкен»
атты елді мекенде салынады деген әңгіменің
ұшы шығып жатыр. Бірақ, арнайы жұмыс жоспары
жасалып, мамандар ірітелмеген. АЭС-тің
қоршаған ортаны ластайтыны, өзен, көлдердің
жағасында салуға болмайтыны тағыда дәлелденіп
отыр. Шетелдерде, мәселен, Францияда электр
энергиясының 90 пайызын АЭС өндіргенімен,
есесіне адам өміріне қауіпсіздігі жан-жақты
қаралған. Демек,, АЭС құрлысын салмай-ақ,
электр энергиясын өндірудің басқаша
көдерін қарастыру қажет. Бұған қосымша
бас қосуға қатысушылар жалғыз түйін –
қазақстан қазіргі АЭС салуға дайын емес
деген қортынды жасады. [1.,290б]
Радиациялық авария - радиоактивті
өнімдөрдің тасталуына немесе иондаушы
сәулеленудің РҚО аумағын қалыпты пайдалануға
арналған жобада қарастырылғандағыдан
артық мөлшерде шығуына байланысты болған
авария. Радиациялық аварияның салдары
олардың зақымдаушы факторларына байланысты.
Радиациялық авариялардың негізгі зақымдаушы
факторлары радиациялық әсер және радиоактивті
ластану болып табылады. Авариялар жарылыстар
мен өрттерді тудыруы мүмкін. Ядролық
реакторы бүзылған атом станцияларын-дағы
авариялар өте ауыр салдарға алып келеді.
Радиациялық авариялардың салдары негізінен
радиациялық әсер және радиоактивті ластанудың
көлемімен және деңгейімен, сондай-ақ
радионуклид қүрамымен және тасталған
радиоактивті зат мөлшерімен бағаланады. Авария
барысында және одан кейін оның салдарының
деңгейі мен үзақтығына, сондай-ақ радиациялық
ахуалға мыналар айтарлықтай ықпал етеді:-радиоактивті
заттардың табиғи ыдырауы, осы заттардың
қоршаған ортаға таралуы; -метеорологиялық
және климаттық факторлар -авария салдарын
жою жөніндегі жүмыс нәтижелілігі, оның
ішінде дезактивация мен суды қорғау шығарылады.
Авариядан кейінгі бастапқы кезеңде жалпы
радиоактивтілікке жартылай ыдырайтын
қысқа мерзімімен (әдетте екі айға дейін)
радионуклидтер айтарлықтай үлес қосады.
Мүндай радионуклид, атап айтқанда радиоактивті
иод (иод - 131) болдып табылады.
Активтіліктің кейіннен әлсіреуі бірнөше
жүз тәуліктен мың жылға дейін созылатын
жартылай ыдыраудың үлкен мерзіміндегі
нуклидтермен анықталады. Олардың арасынан
үзақ уақыт бойы радиациялық ахуалдың
серпініне негізгі үлесті биологиялық
қауіпті цезий - 137., стронций - 9, плутоний
- 239 және басқа радионуклидтер енгізеді.
Радиациялық әсерге сәулеленуге сезімтал
адамдар, малдар, өсімдіктер мен приборлар
үшырайды. ғимараттар, коммуникация, технологиялық
қондырғы, көлік қүралы, мүлік, материал
мен азық -түлік, жайылым мен табиғи орта
радиоактивті ластануға үшырайды.
Ауылшаруашылығы кешеніне РҚО-дағы авария
салдары жағымсыз әсер етеді. Оның қатардан
шығуы ядролық отын, электр және жылу энергия,
сондай-ақ ядролық жанармайдан шыққан
элементтерді үқсату және радтиоактивті
қалдықтарды көму өндірісін тоқтатуға
алып келеді. Ортаның радиоактивті ластануы
радиоактивті заттың шектен тыс (көлөмді)
тығыздығымен сипатталады және ауадан
(көлем) бірлігіне орайлас радионуклид
белсенділігімөн өлшенеді. Радиоактивті
ластанудың нәтижесінде шаруашылық айналымынан
өнеркәсіп кәсіпорындары, инфрақүрылым
элементтері, түрғын үй, әлеуметтүрмыс
объектілері, ауылшаруашылығы мен орман
алқаптары, суаттар мен жер асты су көздері,
әр түрлі табиғат объектілері бар бірқатар
аумақ шығарылады.
Өндірістік
қалдықтарды сақтау және залалсыздандыру
Қазақстандағы аса күрделі мәселе.
Мәжіліс депутаты Құттықожа Ыдырысов
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке
жолдаған сауалында экологиялық
жағдайы аса ауыр өңір Қызылорда
облысындағы осыған қатысты проблемаларды
көтереді. Қызылорда облысында қалдықтарды
залалсыздандырудың бір ғана тәсілі
қолданылады, ол – тек құрамында
мұнай бар қалдықтарды өртеу
немесе термокрекинг әдісі. Осыдан кейін
қалдықтар құрамындағы мұнай
өртенгенде ауаға канцерогенді ластаушы
заттар тасталып, өртенген топырақ
жердің ластануына алып келеді. Сондықтан
өркениетті елдерде бұл әдіс қолданылмайды.
Сөйте тұра, қоршаған ортаны қорғау
органдары оны ескермей, қалдықты
ескі технологиямен өңдеуге рұқсаттама
беруде. Экологиялық бақылау ұйымдарының
өкілдері осыған алаңдауда. Сондай-ақ,
еліміздегі мұнай компанияларында
мыңдаған тонна Янтарь тізіміндегі
қауіпті өндірістік қалдықтар есепке
алынбайтыны, оны орналастыруға
тиісті құзіретті органдардан рұқсаттама
алмайтындықтан, жергілікті бюджетке
миллиондаған теңге экологиялық
төлемдер түспеу фактілері де кездесу
барысында айтылып қалған-ды.Осыған
орай ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсанындағы
№1311 қаулысымен бекітілген «Өнеркәсіп
саласындағы жекелеген қызмет түрін
лицензиялау» Ережесінің 6-тармағындағы
мұнай-химия, химия өндірістерін пайдалану
жөніндегі қызметке қойылатын экологиялық
тұрғыдан біліктілік талаптары қазіргі
заман талабына сай еместігін
практика көрсетіп отыр. Сауалында
мәжілісмен туындап отырған проблемаларға
байланысты туындайтын мынандай бірнеше
сұрақты Үкімет басшысының алдына көлденең
тартады: 1. Өндірістік, оның ішінде мұнай
қалдықтарын қайта өңдеуге және
оны кәдеге жаратуға кәіпорындарды
жаңа әдістеме (технология) пайдалануға
ынталандыруда қандай жұмыстар жүргізілуде?
2. Меншік иелерінің қалдықтарды кәдеге
жаратудағы жауапкершілігін күшейту мақсатында
қандай шаралар жасалуда?
3. Соңғы 2008-2011 жылдар аралығында эмиссияға
рұқсат беру барысында мұнай саласындағы
Янтарь тізіміне енетін қауіпті қалдықтарға
рұқсат беру және оны есепке алу бағытында
қойылатын талаптар не себепті төмендеген?
4. «ППКР» АҚ-ның 5 мың тоннадан астам радиоактивтік
қалдықтарын өңдеу, оның көлемін азайту
барысында пайда болған қауіпті мыңдаған
тонна радиактивтік қалдық нормаға сай
тиісті жерге жіберілмей, Қызылорда облысы
аймағында көмілген, деген мәліметтер
рас па?
5. Қауіпті қалдықтарды өңдеуге (утилизация)
лицензия беруде озық технология талап
етілмей, ескі технологиямен өңдеуге неге
лицензия беріледі?Депутат бұл сауалында
қалдықтар проблемасымен қатар халықтың
өтініші бойынша әзірленген «Экологиялық
хал-ахуалды жақсарту мақсатында Қызылорда
облысының Жаңақорған ауданындағы Тайпақкөл
және Қандыарал көлдер жүйесін қалпына
келтіру» жобасын жүзеге асыру мәселесін
қозғайды. Жобаның мемлекеттік сараптамадан
өткізілген техникалық-экономикалық негіздемесінің
(ТЭН) құны – алдын ала есептер бойынша
1000,9 млн. теңге. Жоба Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің 2008 жылғы 4 ақпандағы №15-Ө
бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының
2008 жылғы экологиялық проблемалар тізіліміне
енгізілген оның 2012-2014 жылдарға арналған
республикалық бюджет жобасына енбей
қалу себебін сұраумен қатар мәжілісмен
Үкімет басшысынан көтерілген мәселелерге
түсіністікпен қарап, тиісті органдар
тарапынан нақты шаралардың қабылдануына
ықпал етуін өтінеді.
Мәжілісмен сауалда «сайлаушыларға не
дейміз?» – деген сұраққа Премьер-министрден
оң жауап күткендей үміт білдірген-ді.
Сол үміт ақтала қойса…
Совет Одағы кезіндегі
бейбіт атом деп аталатын жобаның
соңында Атом көлі қалды. Атом көлі
маңындағы Саржал ауылының тұрғындары
оларда, өзгесін айтпағанда, таза ауыз
судың да жоқтығын айтады.Советтік
энциклопедияны ашып қарасаңыз, ғалымдар
ядролық жарылыстардың жоспарын
құрғанда олардың мақсаттарының
бірі - елдің құрғақшылық жайлаған
өңірлерінде тұратын адамдар
үшін ауыл шаруашылығына пайдаланатын
суаттар жасау болғандығын оқисыз.
Толып жатқан ядролық жарылыстардан
соң Семей жерінде терең шұңқырлар,
қираған тау мен Атом көлі қалды.
Радиациялық қауіпсіздік және экология
институтының деректеріне қарағанда,
1965 жылдың 15 қаңтарында қуаттылығы 140 килотонна
жерасты жарылысы жасалған. Соның нәтижесінде
тереңдігі 100 метрден асатын, диаметрі
400 метрлік шұңқыр пайда болған. Бұл жарылыстың
қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған бомбаның
қуатынан 9 есе артық болатын. Жарылыс
Шаған және Ащысу өзендерінің түйісер
жерінде жасалғандықтан, сол 1965 жылдың
көктемінде тасыған су шұңқырды толтырып,
Атом көлі пайда болды.
Полигон жайындағы советтік фильмдерден
мынаны білуге болады: жаңадан жасалған
су қоймасының әр жерінен, әр кездері радиоактивтілігін
тексеру үшін су алынып отырған; тексеру
нәтижесі көрсеткеніндей, ядролық жарылыс
арқылы жасалған суаттың суы адам үшін
еш зиянсыз болып шыққан; ол егін мен мал
суаруға толығымен жарайды екен.
Алайда, Радиациялық қауіпсіздік және
экология институтының директоры Сергей
Лукашенконың айтуынша, аталған институт
біраз жылдардан бері зерттеулер жүргізіп,
радиациямен ластанған жерлерді анықтаған.
Дәл осындай ластанған жерлердің бірі
- Атом көлінің аумағы.
Институттың 2008 жылғы ғылыми-көпшілік
басылымында жарияланған, Семей полигоны
нысандарын зерттеу материалдарында жазылғанындай,
2006 жылы полигондағы сулы орталарды зерттеу
барысында Шаған өзенінің ядролық жарылыстардың
радиоактивтілік өнімдерімен барынша
ластанғаны анықталды.
Сонымен бірге, Шаған өзенінің суындағы
тритийдің ең көп мөлшері Атом көлінен
4,7 шақырым жерде анықталған. Ол ауыз судағы
қалыптағы мөлшерден 50 есе көп; сол орыннан
ұзаған сайын ластану деңгейі төмендей
береді.
Атом көлінің маңында Саржал ауылы орналасқан.
Онда тұратын жүздеген адам жоқшылықта
өмір кешіп жатыр. Өзгесін айтпағанда,
мұнда таза ауыз су да жоқ.Саржал ауылының
тұрғыны Шәміл Омарханов Азаттық тілшілеріне
былай деді:
– Теледидарды қосып қалсаң үнемі ана
жақта, мына жақта ауыз су құбырлары тартылып
жатыр дейді. Ал полигонда тұратын бізде
ешкімнің шаруасы жоқ. Біз су ішіп жатырмыз
ба, әлде у ішіп жатырмыз ба?
Саржал ауылының тұрғындары өлі көл жерасты
суларын да ластап жатыр деп есептейді.
Ауыл тұрғыны Айкен Әкімбековтің айтуынша,
жел Атом көлі жақтан тұрғанда ауа дем
ала алмайтындай сасып кетеді. Ал көлдің
суы ішуге жарамайды:
– Бұл жердің суын ішуге, тіпті ауасын
жұтуға болмайды дейді. Атом көлі жағынан
келген сасық ауадан басымыз айналады.
Бізді бұл жерден көшіреміз десе келісер
едік. Қалған өмірімізді таза ауа жұтып,
балаларымыздың ортасында қуанышпен өткізгіміз
келеді.
Атом көлінің пайда болғанына 40 жыл өтсе
де оның суын мал ішпейді, жағасына құс
атаулы жоламайды. Саржал ауылының тұрғындары
олардың көптеген сырқаттарының, жүрек
ауруларының, гипертонияның, дүниеге кемтар
балалардың келуін Атом көлі жақтан желмен
келетін радиоактивті заттардан деп есептейді.
Бұл адамдардың айтуларына қарағанда,
бұрынғы советтік полигон маңында тұратын
тұрғындарға қазақ үкіметі ешқандай көмек
көрсетпей отыр.
Көптеген семейліктер Атом көлінен ауланып,
сатуға әкелінген балықты әлі күнге ұмыта
қойған жоқ. Ол кездері балықпен бірге
қалаға радиацияның келетіндігі жайында
ешкім ойланған емес.
Семей тұрғыны Лидия Андреева Азаттық
радиосына мына бір оқиғаны айтып берді:
– Мен бір ер адамды білетінмін, ол қазір
марқұм болып кеткен. Ол ядролық жарылыстар
болған кезде Семейде тұрып, кейін өз еркімен
Чернобыльге жұмыс істеуге кетті. Міне
сол адам «мен 100 жылдық радиациямды алып
қойғанмын, енді маған ешнәрсе қорқынышты
емес, ал ағзамды реттеп отыру үшін радиациясы
бар балықты таңғы асқа жеймін» деп әзілдейтін.
Өкінішке қарай, ол тері рагынан қайтыс
болды.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, далада Атом
көлі пайда болған соң көп адамдар ол жерден
балық аулап қана қоймай, суына да шомылды,
малын суарды. Тәжірибе алаңы сияқты Атом
көлі де ешқашан күзетілген емес, әлі күнге
дейін күзетілмейді.
Радиациялық қауіпсіздік және экология
институтының директоры Сергей Лукашенко
полигонның адамдардың денсаулығына зияндылығын
жоққа шығарады:
– Қазақстан Республикасының тұрғындарына
полигонның ешқандай зияны жоқ. Мұнда
келіп, аралап көруге болады, бұдан сізге
ешнәрсе болмайды. Иә, полигон күзетілмейді,
бұл үшін бізде қаржы жоқ. Менің тағы бір
айтайын дегенім, қауіпті немесе қауіпсіз
радиация болмайды. Мәселенің барлығы
сіз осы нысандарға қатысты өзіңізді қаншалықты
қауіпті немесе қауіпсіз ұстадыңыз, осыған
байланысты, – деген пікірде Сергей Лукашенко.
Ғалымдардың пікірінше, бүгінде адам денсаулығына
зиянды нысандарда арнайы ескерту белгілері
тұр, кейбір нысандар қоршалған. Бірақ,
ауыл тұрғындары ондай ескерту белгілеріне
пысқырмайды да. Полигон олар үшін табыстың
негізгі көзі: жерге көмілген кабельдер
қазылып алынып, содан соң олар металл
сынығы ретінде арзымайтын ақшаға өткізіледі.
СССР атом саласының ардагері Жанболат
Ғылманов Азаттық радиосына берген сұхбатында
былай деді:
– Кабельді қазып алып жатқандар осы арқылы
жерге сіңіп кеткен қауіпті радионуклидтерді
қайтадан жер бетіне шығаратындықтарын
білмейді. Біз осы нысандарды күзетке
алу жөнінде Қазақстан үкіметіне әлденеше
мәрте ұсыныс жасадық. Бірақ, айналып келіп
барлығы қаржыға тіреледі.
Дегелең және Саржал ауылдары тұрғындарының
айтуынша, жер астында ядролық жарылыстар
болған маңда бұрын ғылымға белгісіз болып
келген жаңа өсімдіктің табылғанына екі
жылдай болып қалыпты.
Бұл шөп (кейін оның улы еместігі белгілі
болды) – өсімдіктің жаңа түрі. Тұрғындардың
айтуынша, оны жақында ғана тапқан. Енді
ол Қазақстан флорасының тізбесіне енеді.
Ал әзірге оны өсіп шыққан өңірдің атауына
байланысты «дегелеңикум» деп атап жүр.
«Дегелең» алаңы орта және шағын қуаттағы
жарылыстар жасау үшін қолданылды. Көп
жылдарға созылған зерттеу, бақылау жұмыстарының
нәтижесі көрсеткеніндей, радионуклидтер
ядролық жарылыстар болған жерден су арқылы
осы күнге дейін таралуда.
Радиациялық қауіпсіздік және экология
институтының деректеріне қарағанда,
өсімдіктердің мутацияға ұшырауы әлі
де жалғасуда. Әсіресе, «Дегелең» тәжірибе
алаңы ғалымдардың назарын аударуда. Аймақтың
әртүрлі жануарлар және өсімдіктер әлемін
зерттеу арқылы бұл өңірдің табиғаты жайында
жаңа деректер пайда болады дейді қазақстандық
ғалымдар.
Радиациялық авария - радиоактивті
өнімдөрдің тасталуына немесе иондаушы
сәулеленудің РҚО аумағын қалыпты
пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан
артық мөлшерде шығуына байланысты
болған авария.
Радиациялық аварияның салдары олардың
зақымдаушы факторларына байланысты.
Радиациялық авариялардың негізгі зақымдаушы
факторлары радиациялық әсер және радиоактивті
ластану болып табылады. Авариялар жарылыстар
мен өрттерді тудыруы мүмкін. Ядролық
реакторы бүзылған атом станцияларын-дағы
авариялар өте ауыр салдарға алып келеді.
Радиациялық авариялардың салдары негізінен
радиациялық әсер және радиоактивті ластанудың
көлемімен және деңгейімен, сондай-ақ
радионуклид қүрамымен және тасталған
радиоактивті зат мөлшерімен бағаланады.
Авария барысында және одан кейін оның
салдарының деңгейі мен үзақтығына, сондай-ақ
радиациялық ахуалға мыналар айтарлықтай
ықпал етеді:
-радиоактивті заттардың табиғи ыдырауы,
осы заттардың қоршаған ортаға таралуы;
-метеорологиялық және климаттық факторлар
-авария салдарын жою жөніндегі жүмыс
нәтижелілігі, оның ішінде дезактивация
мен суды қорғау шығарылады.
Авариядан кейінгі бастапқы кезеңде жалпы
радиоактивтілікке жартылай ыдырайтын
қысқа мерзімімен (әдетте екі айға дейін)
радионуклидтер айтарлықтай үлес қосады.
Мүндай радионуклид, атап айтқанда радиоактивті
иод (иод - 131) болдып табылады.
Активтіліктің кейіннен әлсіреуі бірнөше
жүз тәуліктен мың жылға дейін созылатын
жартылай ыдыраудың үлкен мерзіміндегі
нуклидтермен анықталады. Олардың арасынан
үзақ уақыт бойы радиациялық ахуалдың
серпініне негізгі үлесті биологиялық
қауіпті цезий - 137., стронций - 9, плутоний
- 239 және басқа радионуклидтер енгізеді.
Радиациялық әсерге сәулеленуге сезімтал
адамдар, малдар, өсімдіктер мен приборлар
үшырайды. ғимараттар, коммуникация, технологиялық
қондырғы, көлік қүралы, мүлік, материал
мен азық -түлік, жайылым мен табиғи орта
радиоактивті ластануға үшырайды.
Ауылшаруашылығы кешеніне РҚО-дағы авария
салдары жағымсыз әсер етеді. Оның қатардан
шығуы ядролық отын, электр және жылу энергия,
сондай-ақ ядролық жанармайдан шыққан
элементтерді үқсату және радтиоактивті
қалдықтарды көму өндірісін тоқтатуға
алып келөді.
Ортаның радиоактивті ластануы радиоактивті
заттың шектен тыс (көлөмді) тығыздығымен
сипатталады және ауадан (көлем) бірлігіне
орайлас радионуклид белсенділігімөн
өлшенеді.
Радиоактивті ластанудың нәтижесінде
шаруашылық айналымынан өнеркәсіп кәсіпорындары,
инфрақүрылым элементтері, түрғын үй,
әлеуметтүрмыс объектілері, ауылшаруашылығы
мен орман алқаптары, суаттар мен жер асты
су көздері, әр түрлі табиғат объектілері
бар бірқатар аумақ шығарылады. Азғыр
ядролық полигонында радиоактивті қалдық
дақтары былтыр жазда Қазақстан ядролық
физика институты мен табиғатты қорғау
прокуратурасы бірлесіп анықтаған болатын.
Бірақ жер асты суларының ластану деңгейін
анықтауға қаржы тапшылығы қолбайлау
болды.Азғыр ядролық полигонында радиоактивті
қалдық дақтары 2004 жылдың жаз айларында
Қазақстан ядролық физика институты мен
табиғатты қорғау прокуратурасы бірлесіп
жүргізген мониторинг барысында анықталған
болатын. Бірақ, қаржы тапшылығынан жер
асты суларының ластану деңгейін анықтау
мүмкін болмай отыр деп хабарлайды Атырау
облыстық қоршаған ортаны қорғау аймақтық
басқармасы.
Басқарма маманы Қуандық Есімхановтың
айтуынша, осы себептерге орай соңғы кезде
ядролық физика институты қадағалау жұмыстарын
тоқтатқан.
- Олар мониторинг жүргізіп отыр, бірақ
соңғы жылдары ақшалары жоқ па, жасап жатқан
жоқ. Ал металл сынықтары атам заманнан
бері жатыр, оны ешкім қоршаған да жоқ,
- дейді Қуандық Есімханов.
Экологтардың айтуынша, сынақ алаңы аумағында
5 мың тонна металл сынықтары жиналған,
олардың бір бөлігінің радиоактивтілігі
1 мың микрорентген/сағатқа дейін жетеді.
Әйткенмен ядролық физика институтының
директоры Қайрат Қадыржанов ол аймақты
бақылауда ұстап отырғандарын айтады.
- Радияциялық фонның көтерілгендігі жайлы
мәлімет жоқ, оны әрдайым қадағалап отырамыз,
- деді институт директоры.
«Табиғат» экологиялық қозғалысының төрағасы
Мелс Елеусізов айтуынша, «Азғырдағы»
550 микрорентген/сағатқа дейінгі радиоактивті
дақтардың адам өміріне өте қауіпті екендігін
айтады.
- Табиғаттың фондық режимі 20, ал, мұнда
550 тіркелген, ол жерде адамның өмір сүруіне
мүмкіншілік жоқ, - дейді эколог.
Атырау аумағында экология мәселелерімен
шұғылданып келе жатқан «Нарын» қоғамдық
бірлестігінің төрағасы Кәкен Көбейсінов
жариялаған мәліметке сәйкес, бұрынғы
«Азғыр» әскери полигонында авиациялық
техника мен зымырандарға сынақтар жасалған.
Ол жерде жер астында және жер бетінде
ядролық жарылыстар болған. Және ескіріп
қалған зымырандардың көзі жойылатын.
«Азғыр» территориясында 15 жыл бойы жер
астында 17 рет ядролық жарылыс болған
деген деректер бар. «Табиғат» қозғалысының
төрағасы Мелс Елеусізов радиоктивті
заттар әлі көптеген жылдар бойы табиғатқа
кеселін тигізеді дейді.
«Азғыр» ауданындағы тұрғындар арасындағы
науқастар және ауру-сырқаудан қаза болғандар
саны республикадағы осындай статистикалық
көрсеткіштерден 2-3 есе артық. Әсіресе,
онкологиялық індетке шалдыққандар, қандарына
зақым келгендер басым, анемияға шалдыққан
балалар көп. Қазақстанның қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің маманы Сапар Базарбаевтың
айтуынша, «Азғыр» полигонына қатысты
ақпаратты толық жариялауға тыйым салынған.
Бірақ, қазір радиоактивті аймақтар қоршалған
деді ол.
- Барлық радиоактивті учаскелер қоршалған.
Бірақ, осы күнге дейін жүздеген тонна
радиоактивтік металл, бұрынғы скважиналар
жасайтын техника бөлшектері әлі көмілмей
жатыр, - дейді Сапар Базарбаев.
Совет одағы кезінде, «Азғырда» жүргізілген
сынақтар құпия болатын. Ал, радиоактивті
дақтардың көрсеткіштері мемлекеттік
қауіпсіздік комитетінің тапсырмасымен
екі жыл сайын жойылып тұратын. Кейіннен,
«Әскери-сынақ алаңдарының әсерінен зардап
шеккен Атырау облысының халқын сауықтыру
жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған біріші
кезектегі шаралар бағдарламасы» әзірленді,
бұл құжат қазір бекітілу кезеңінде.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 20
миллиард тонна қоқыс жиналған. Және оның
5 миллиарды уытты қалдықтарға жатады. Қоршаған ортаның радиоактивті
ластанудың кездері мәселелерін шешу
мақсатындағы жер асты ядролық жарылыстар.
1995 жылға дейін Қазақстан территориясында
әскери полигондардан тыс 32 жер асты ядролық
жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық
шаруашылық міндеттерін шешу үшін, соның
ішінде жер қыртысын симикалық зертеулер,
Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда
жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген.
Қазіргі уақытқа дейін бұл терриориялардағы
жер асты суларының ластану дәрежесі және
мониторингі бойынша ешқандай жұмыстар
жүргізілмеген.
Ластанудың радиоактивті материалдарды
пайдаланатын атомдық кәсіпорындар. Қазақстан
территориясының техногенді қызмет әсерінен
радиоактивті ластануы уран өндіру кен
орындарымен, ядролық, мұнай және тарымен
байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және
торий қатарының элеметтерінің әсерінен
радиоактивтіліктің жоғары болуымен сипатталады.
Республикамызда 80000-нан астам кәсіппорындар
жұмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі
2500 мың кириден астам. Аталған иондаушы
сәулелер көздерінің жалпы санынын, шамамен
20000 (80 мың
кюри) өндірістен шығарылып, көмілуі
қажет.
Қортынды:
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі
болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына,
шоғырлануына және адам организміне әсер
ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз
нәтижелер туғызады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын заттардың
150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада
күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға
түсіп, жаңа қосындылар түзеді.
Радиациялық ластанудың баска ластанудан
көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды
электрмагниттік сәуле шығару мен зарядталған
бөлшектерді бөліп шығаратын тұрақсыз
химиялық элементтердің ядросы - радиактивті
нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған
сәулелер адамның организміне түскенде
жасушаларды (клеткаларды) бұзады, соның
нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.
Радиациялык ластанудың негізгі көздері
- альфа, гамма және бэта, сиякты радиоактивті
сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар
организмдерінде ақуыз, фермеш жоне басқа
да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының
дамуына әкеліп соғады.
Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшерше
қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді.
Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр
сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде
адам ұзак уакыт сәуле ауруына шалдығады.
Қабылданған мөлшеріне карай сәуле ауруы
төрт түрлі дәрежеде болады: 1-дәрежесі
жеңіл түрі - 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші
дәрежесі орташа - 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі
ауыр - 300-500 рентген мөлшерінде: 4-ші дәрежесі
өте ауыр - 500 рентгеннен астам мөлшерде
сәуле алған кезде болады.
Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді: бірінші
кезең- сәуленің организмге әсері оның
мөлшеріне карай болады. Оның ең алғашкы
белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру,
жүрек айну, қүсу, іш өту, терінің бозаруы,
қан қысымының секірмелі болуы, естен
тануы. Екінші кезең - бірінші кезеннен
кейін уакытша аурудың жағдайы жақсарады.
Бұл кезеңді латентті кезен, яғни, жағдайдын
жақсы болып көріну кезеңі деп атайды.
Алған радиация мөлшері көп болса, бұл
кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге
дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік,
тәбетінің төмендеуі, ұйқысынын бұзылуы
байкалады жәнс қанда өзгеріс болады.
Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле
алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі
басталады. Аурудың температурасы көтеріліп,
ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады,
бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда
болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары
түседі, қан үюы бүзылады да жүқпалы аурулар
дами бастайды (өкпенің кабынуы, дизентерия,
іш өту, каннын бүзылуы, т.б.). Төртінші
кезен - сәуле ауруыньщ жеңіл түрі, бұл
осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр
түрі болса, онда адам бірінші кезеңде
өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде
адамның жазылуы бірнеше айға созылып
қан азаяды, қан кысымы көтеріледі және
организмнің әлсіздігі байкалады.
Радиактивтік ластану өткен ғасырдың
40-шы жылдары уранның ыдырау реакциясы
ашылғаннан бастап пайда болған. Атом
энергиясын американдықтар соғыс максатында,
ал 1945 жылдан бүрын Кеңес дәуірінде оны
бейбіт максатка пайдалана бастады. Атом
энергиясын пайдалану кезінде сактандыру
шаралары коса жүргізіледі. Өйткені, атом
қондырғылары жұмыс істеу кезінде, адам
өміріне қауіпті радиактивті шлак түзіледі.
Ал оны залалсыздандыру оңай шаруа емес.
Радиактивті калдықтарды теңізге, мұхитқа,
өзенге тастауға рұксат етілмейді. Әрине,
бұл жағдай кейбір капиталистік елдерде
сақталмайды. Мәселен, Ирландия жағалауы
қазір ядролық үйіндіге айналған. Жыл
сайын мүхит түбіне радиактивтік қалдықтар
тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде
атом өнеркәсібі кәсіпорындарында белгіленген
санитарлык нормаға дейін радиактивті
заттардьң концентрациясын азайтатын
тазарту қондырғыларын салынған. Қалдықтар
баллондарга салынып цементтеледі де,
арнаулы жерлерге тасталады. Чернобыль
апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына
қатты әсер еткен, атом энергиясындағы
ешуакытта болмаған апат. Чернобыль апаты
кезінде атмосфераға 50 МК радиактивті
заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын
жерге таралған. [4].
Қолданылған әдебиеттер
1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология
«Алматы» 2009
2. Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық экология
жайлы қысқаша таным «Павлодар 2008»
3. Ж.Ж.Жатқанбаев Экология негіздері «Алматы»
2003
4. Янтекс
5. Молахметов З.М. , Ғазалиев А.М., Фазылов
С.Д., Экология негіздері «Қарағанды» 2002 |