Экология туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 20:53, реферат

Краткое описание

Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұрын соңғы он – жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып – тозғанда, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, “экология” пәнін бала бақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында оқытылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат қорғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз

Содержание работы

Кіріспе.........................................................................................................3-4
1 Экономика және оның қоғам өміріндегі орны.....................................5-8
1.1 Экономика туралы жалпы түсінік......................................................8-9
1.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа..................9-12
1.3 2030 жылға дейінгі экономикалық стратегия...................................12-15
2 Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері........................................16-17
2.1 Экология туралы түсінік...................................................................17-19
2.2 Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті..................................................19-22
2.3 Қазақстандағы экологиялық проблемалар.........................................22-26
3 Экономиканың экологиялық жағдайға әсері........................................27
3.1 Экономикадағы экологиялық факторлар.........................................27-29
3.2 Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның
экономикалық бағалануы.........................................................................29-32
3.3 Табиғатты қорғау қызметтерінің экономикалық механизмі........32-33
Қорытынды ...............................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................35

Содержимое работы - 1 файл

акма геоэк.doc

— 236.00 Кб (Скачать файл)


35

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе.........................................................................................................3-4

 

1 Экономика және оның қоғам өміріндегі орны.....................................5-8

1.1 Экономика туралы жалпы түсінік......................................................8-9

1.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа..................9-12

1.3 2030 жылға дейінгі экономикалық стратегия...................................12-15

2 Қоршаған орта және қоғамның  өзара  әсері........................................16-17

2.1 Экология  туралы  түсінік...................................................................17-19

2.2 Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті..................................................19-22

2.3 Қазақстандағы экологиялық проблемалар.........................................22-26

3 Экономиканың экологиялық жағдайға әсері........................................27

3.1 Экономикадағы  экологиялық  факторлар.........................................27-29

3.2 Қоршаған  ортаның  ластануынан болатын  зиянның 

экономикалық бағалануы.........................................................................29-32

3.3 Табиғатты  қорғау  қызметтерінің  экономикалық механизмі........32-33

 

Қорытынды ...............................................................................................34

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қоғам  мен  табиғат  арасындағы  өзара  байланыс  бүгінгі  таңдағы   проблемалардың  бастысы  болып  отыр. Қазіргі  уақытта  табиғатта  және  экономикалық  дамуда  экологиялық  тепе-теңдікті  сақтау  міндеттері  өзара  байланысты.  Өйткені,  табиғат  байлығын  аяусыз  сарқа  пайдаланып,  қоршаған  ортаны  бейберекет  ластаумен  экономиканың  қалыпты  дамуын  қамтамасыз  ету  мүмкін  емес.  Табиғи-ресурстық  әлеуеттің  шектеулі  екендігін  және  ғаламдық  экологиялық  апаттың  жылжып  келе  жатқандығын   әлем  қауымдастығының   жете  түсінуі  нәтижесінде   туындаған  тұрақты  даму  идеясы   осынау   тығырықтан  шығудың  жолын  іздеуге  адамзатты  мәжбүр  етеді.

Қоршаған  ортаны  сауықтыруға  ықпал  етуде  және  экономиканың  тұрақты   дамуына  жағдай  жасауда  табиғаттыпайдалануды  кешенді  және  үйлесімді  түрде  қалыптастыру  ісі  әлем  елдерінің   алдында  тұрған  маңызды  проблема   болып   табылады,  сондықтан  қоғам   мен  табиғат  арасындағы  өзара  қайшылықтардың   кедергісінен  өту - өндіріс пен  экономиканы  экологияландыру  болмақ.  Осылардың   шешімін  табу  үшін  экономика  саласындағы  мамандардың   экономика  мен  табиғатты   пайдалануды  ұйымдастыру  және   экология  неіздерінің   ауқымындағы  білімін  талап  етеді.  Осыған   байланысты  табиғатты   пайдалану  және  қоршаған  ортаны  қорғау  экология  пәндерін  оқытуда  сабақ  беру  жүйесін  өзгерту  қажет.       

Экономика  қазіргі кезге  дейін  мемлекеттің  байлығы  туралы ғылым  ретінде  қаралып  келді: оның  жалпы  алғанда  әл-ауқатты  да  қамтитынын  және  сонымен  қатар  ағарту  ғылымы  теориясының  қазіргі  нысанасымен, яғни  құндылықтар  туралы  ұғыммен  тығыз  ұштасқан  оның  елеулі  бөлігі  болып  табылатынын  көрсетуге  тырысады. Ол  үшін  материалдар  онда-мұнда  шашылып  жатқан  осы  жаңа  ғылымның  түр-тұрпатын  кескіндеуге  ұмтылыс  жасалынды.  Егер,  бір  жағынан,  осылай  иемдену  арқылы   экономика  саласы  кеңейетін  болса,  басқа  жағынан,  ішкі  саясат  үшін  экономикадан   туындайтын  әкімшіліктің  бастауын  бөліп  алып,  оның  шектерін  қысқарту  керек  деп  саналады;  бұлайша  бөліп  алу  оның  әрқайсысы  дәл  шекараларды  айқындап  беру  тұрғысында  екі  ғылым  үшін  де  бірдей  тиімді. 

Халық  байлығы  теориясындағы  талпыныс  ешбір  жүйеге  тоқталмай,  қосымшадағы  ең  пайдалы  нәрселердің  бастауын  ұштастыру  болады. Осы  бастаулардың  үлкен  бөлігі  Смиттің  шығармалары  болмақ  және  оған  оның  жүйелерін  ерекше  ұстанатын  құсап  көрінетін,  талассыз  аксиомалар  дәрежесінде  енгізілген  дәлелдемелердің  айқындығымен  ерекше  міндетті; бірақ  бұл – осы сияқты  жағдайлар  сектаның      кез-келген  рухына    сақтықпен  қарауға   мәжбүр  етіп  отыр.  Осы  бір  құрметті  философтың  беделі  ешбір  жерле  оған  көзсіз  бағынуға  дейін  жеткізген  жоқ  деп   батылдықпен  пайымдай  алады.  Одан  кейін  жасалынған  жаңалықтарды  пайдаланып,  түсіндірмешілерден  кеңестер  алып,  сынға  құлақ  түріп;  сайып  келгенде,  оның  әрбір  бастауларын,  оның  әрбір  ережелерін  таразыға  салды [1,257б].

Әрбір   халықтың  жылдық  еңбегі  оған  өмір  сүруге  барлық  қажетті  нәрсені  және  өмір  сүруге  қолайлы  өнімдерді  беретін,  ол  жыл  ішінде   тұтынатын   және  әрқашан   енемесе  тікелей  осы  өнімдерді  немесе  басқа  халықтардан  осы  өнімдерге  айырбасқа  сатып  алынатын  нәрселерден  тұратын  бастапқы  қор  болып  табылады.

Сондықтан  осы  өнімдердің  мөлшерінен  немесе   оларға  айырбасқа  алатын  нәрсені  тұтынатындардың   салыстырмалы   санына  байланысты  халық  барлық   қажетті  заттармен  және  олар  мұқтаждық  ететін  қолайлы  нәрселермен  жақсы    немесе  нашар  жабдықталған  болып  шығады.

Бірақ  әрбір  халықтағы  бұл  қатынас  әр  түрлі  жағдаймен:  біріншіден,  өнермен,  шеберлікпен  және  жалпы   алғанда  оның  еңбегінің  қалай  қолданылатынын  пайымдаумен,  екіншіден,   пайдалы  еңбекпен  айналысатындардың  және  онымен  қамтылғандардың  санымен  арадағы    қатынаспен  айқындалады.  Белгілі  бір  халықтың  аумағының  топырағы,  климаты   және  мөлшері  қандай  болмасын,  оның  жылдық   жабдықталуының   мошылығын  немесе   тапшылығы  әрқашан  осы  екі  шартқа  қатысты  болады.

Еңбек  өнімділігі  саласындағы  осы  прогресстің  себептері   және   қоғамдағы  таптар  мен  адамдар  топтарының   арасындағы  оның  өнімі   табиғи  түрде  соған  сәйкес  бөлінетін  тәртәп  осы  зерттеудің  бірінші  кітабының  нысанасы   болып  табылады.

Адамзатқа  тек  қана  атом  соғысы  қауіп  төндіріп  тұрған  жоқ.  Онда  да   қасіретті  қатерлердің   шеті  көрінді,  ол-биосфераның  өлуі,  яғни  барлық  тіршіліктің  жоқ  болуы,   кезінде  динозаврлар  неге  өліп  таусылып  еді?!  Адамзатты  да  сондай  болашақ  күтіп  тұрмасына  кім  кепіл?  Cүтқоректілердің  бәрі  өздерін “саналы  адам”  деп  өркөкіректікпен   атап  алса  да,  сол  сананың  кемдігінен  өлгелі  тұр.  Атом   ядросының  құпиясын  ашуға,  компьютер  ойлап  табуға  адам  баласының   ақылы  жетті,  бірақ  өздері  ойлап  тапқан   заттарды  ұтымды  пайдалануға  мәдениеті   жетер  емес.   Ғылыми – техникалық   революцияның  ондаған  жылдары   ішінде   біз  өзіміз  өмір  сүретін   ортаны,  алдымен   атмосфераны   аяусыз   былғауды  үйрендік.  Ал  ол  миллиардтаған  жылдар  бойы   қалыптасқан [2,2б].        

 

 

 

 

      

       

 

 

 

1.Қоғамның XX ғасырдағы дамуы экономикалық өмірді  ұйымдастырудың  екі  жолы  бар  екенін  көрсетті. Оның   біріншісі – нарықтық  экономика,  екіншісі – жоспарлы - әкімшілік  экономика.

Бұлар  экономикалық  қатынасты  әртүрлі  жолдармен  шешеді:  өнімді                                                        

қанша   көлемде  шығару  керек,  қоғамдық  өндіріс  жүйесіндегі  және  өнімді  бөлудегі  адамның  орны  және  оның  адамгершілік  құндылығы.

Нарықтық  экономикада  бұл  қатынастарды  нарық  реттейді (өнімді  шығару,  тұтыну,  бөлу,  оған  сұраныс,  т.б.).  Нарық – таурды  бөлу  саласы.  Күнделікті  өмірде  сауда  жүретін  орындарды  да (базар,  жәрмеңке)  нарық  дейді.  Алайда  нарықты  басқаша  түсінуіміз  керек.      Нарық –  өнім  шығарушылар  мен  өнімді  тұтынушылардың,  сұраным  мен  ұсыныстың  арасындағы  қатынас,  олардың  өзара  тығыз  байоанысы.

Нарық  адамдарды   тиімді  еңбек  етуге,  ынталылыққа  бағыттайды.  Нарықтық  экономика  ғылыми – техникалық  прогресті,  өнім  өндірушілердің  өзара  бәсекелесуін  және  тұтынушылар  үшін  бәсекеге  күресін  де  өрістетеді.

Нарықты  тауар  ғана  жасамайды,  сонымен  қатар  дербестік  алып,  өзара  бәсекеге  түскен  тауар  өндірушілер   жасайды. 

Нарықтық  қатынас  көп  қырлы  экономикалық  қатынасты  ғана  емес,  сонымен  қатар  қоғамның  саяси - әлеуметтік ,  рухани  өмірін  де  қамтиды.  Нарық - экономикалық   өмірді   демократияландырудың  негізі.

Тұжырымдап  айтқанда,  нарық  қатынастың  экономикалық  негізі – меншікті  мемлекеттен  ажыратып,   көп  түрлі  меншікті  қалыптастыру.  Сонымен  қатар   тауар  өндірушілердің   дербестігі,  өнімді  тұтынушылардың  белсенділігі,  сұраным  мен  ұсыныстың  арта  түсуі.  Бұл  процестердің  бәрі  аймақтың,  елдің  немесе  дүние  жүзі  көлемінде  іске  асырылады.  Бұған  дәлел  нарықтық  қатынаста  өмір  сүруші     дамыған  елдердің  экономикалық  және  саяси  өмірі.  Олай  болса,  нарықтық  қатынас – ғаламдық  проблема.  Қазір  дүние  жүзі  елдері  арасында  осы  саладағы  жарыс  қарқын  алды. (кім  көп  шығарады,  сапалы  шығарады,  көп  таратады, т.б.).

Жоспарлы - әкімшілдік  экономикада  өнімді  өндіру  мен  бөлу  орталық  басқару  (өкімет)  органдарының  билігінде  болып  келді.  Тауарды  өндірушілер  мемлекеттік  жоспарды  міндетті  түрде  орындайды.   Қайсібір  уақыттарда  ол  өнімді  тұтынушылар  қажет  етпейді. 

Нарықтық  экономикада  ұсынысты  мемлекет  реттемейді (өнім  шығарушылар  қанша  шығарым  десе  де  ерікті),  сұранымды  да  ешкім  реттемейді   (сатып  алушылар  өзіне  не  керек,  қанша  керектігін  дербес  шешеді).  Ендігі  мәселе – баға.  Бағаны  да  сырттан  ешкім  реттемейді.  Оны  сұранысқа  және  ұсынысқа   сәйкес  өнімді  шығарушының  өзі  шешеді.  Сонымен,  ұсыныс  пен  сұраным   теңдңстіріледі.  Осы  белгілерге  қарай  халық  шаруашылығын   нарық  реттейді.

Нарықтық  қатынастың  өзіне  тән  объективтік – экономикалық   екі  заңы  бар:  баға  заңы,  ұсыныс  және  сұрнаным  заңы.  Біріншісі – орта  бағаны  қалыптастырады,  екіншісі – нарықты  пайда  болатын  ақша  мен  тауардың  қатынасын  анықтайды.

Тауар  нарыққа (базарға,  жәрмеңкеге,  екінші  бір  тұтынушыға,  мемлекетке,  не  басқа  өндіріске)   түскеннен  кейін  оның  бағасы  ақшамен  өлшенеді,  оны  тауардың  бағасы  дейміз. 

Алайда  тауардың   ақшалай  көрініс  тапқан  бағасы  оның  нағыз  бағасы  емес.  Бұл   баға  тауардың  құнынан  жоғары  немесе  төмен  болуы  мүмкін.  Бұл   сұраным  мен  ұсынымға  байланысты.  Егер  де  сұраным  ұсыныстан  жоғары  болса (алушылар  көп,  бірақ  тауар  аз) – тауардың   бағасы  жогғары  болады.  Ал  ұсыныс  сұранымнан  жоғары  болса,  онда  баға  төмендейді.

Тауар  құнының   мөлшеріндегі  алшақтық  тауар  өндірушінің  іс-әрекетіне  әсер  етеді.  Егер  баға  жоғары  болса  табыс  көп,  ал  баға  төмен  болса  табыс  аз  болады. Мысалы,  жеміс – жидекке  баға  өссе,  оның  өнімі  тиімді,  ол  өнімді   көп  алуға   итермелейді.  Ал  сұраным  артпаса,  баға  төмендейді.  Демек,  сұраным  да,  ұсыныс  та  бағаны  реттейді.  Тауар  өндіруші  тиімді  көп  шығару  жолын  іздейді.

Сонымен  нарық - өндірісті  реттеуші,  ол  баға   арқылы,  не  шығару,  оны  қанша   көлемде   шығару  қажеттігі  туралы  хабар  беріп  тұрады.  Нарықтың  ықпалды   әсері  мұнымен  ғана  шектелмейді.  Оның  толық әсерін  білу  үшін   тауардың  өзіндік  құнынң  қншаға   түсетінін  анықтап  білу  керек.  Құн – тауардың   заттандырылған  бағасы.  Кез – келген   тауарда  бір  ғана  емес,   көптеген  өндірушілердің  еңбегі  бар.   Бұған  да  түсінік  берейік.  Мысалы,  киім  фабрикасы   бір  топ  көйлек  шығарады  делік.  Осы  көйлектерде  тігіншілердің   ғана  еңбегі   емес,  сонымен  қатар  сол  көйлек  тігілген  матаны,  ілгекті,  басқа  да  материалдарды (айталық,  электр  энергиясы,  т.б.)  шығарушылардың  да  еңбегі  бар.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  жаңа  баға  ғана  емес,  тігіншілердің  еңбегімен  келген,  сонымен  қатар   бұрын  шығарылған  заттардың   да  (шиаізат,  электр  шығыны,  машинаны  пайдалану)  шығыны,   оның   тозу  шығынының   бағасы – құны  бар.  Фабрика  жаңадан  көйлек  шығару  үшін  алғашқы  шығарылған  көйлектерді  сату  керек,   алынған  пайдаға  жаңа  мата,   басқа  да  материалдар  алып,  машиналарды  жөндеп,  қажет   болса  жаңасын  алып,   сонымен  қатар   жұмысшыларға  жалақы  төлеуі  керек.

Нарықта   сұраным  ұсыныстан  жоғары  болса,  баға  өз  құнынан  төмен  болады.  Егер  де  сол  шығарылған   көйлекетерді  150  мың  теңгеге  сатса,  онда  пайда  болмайды.  Алынған  қаржы  кеткен  шығынды  ғана  ақтайды.

Басқа  жолмен   пайда  табуға  бола  ма?  Болады.  Мысалы,  көйлектерді  тігуге  кететін  материалдарды  үнемдеу  керек.  Егер  де   оның  құны  20 мыңға  кемісе,  онда  пайда  да  20 мыңға  өседі.  Екінші  жолы – еңбектің  өнімділігін  арттыру.

Ол  үшін -  жаңа машиналарды пайдалану қажет  соның  нәтижесінде  тігілетін  койлектің  санын  екі  есеге  көбейтсе  және  орташа  бағамен  сатса,  онда  400 мың  теңге  алуға  болады.  Сонда   оның  200 мыңы  өндірістің  шығынын  өтеуге,  50  мыңы  жалақы  төлеуге  кетеді,  ал  150 мыңы  таза  пайда болып  қалады.

Бұдан  шығатын  қорытынды  -  шаруашылықтың  тиімсіздігін  азайту,  тезниканы  дамыту,  еңбек  өнімділігін  арттыру  керек.  Істі  тиімсіз  жүргізу,  еңбек  өнімділігінің  төмендігі  өндірісті  ұйымдасытрудың  қажетсіздігіне  апарып  соғады  (пайда  төмен)  немесе   түбінде  тоқтатады (банкротқа  ұшыратады).  Жоспарлы  экономикада  да  өндіріс  осылай  ұйымдастырылған  жоқпа  еді  деген  сұрақ  тууы  мүмкін.  Ол  дұрыс.  Айырмашылық  мынада – ол  кезде  өндірістің  дербестігі  болмады,  екі  жүз   мың  теңгенің  көйлегі  өтсе  де,  өтпесе  де,  фабрика  оны  жоспар  бойынша  қайталап  шығара  беретін.  Шығынға  ұшыраса,  оны  мемлекет  төледі.  Сондықтан   фабрика  ештеңеден   қам  жемейді,  еңбек  өнімділігін  арттыруға,  шикізатты  кемітуге  ынталанбайды.  Ал  нарыққа  өткен  елдерде  оның   шығынын  ешкім  өтемейді,  пайда  таппайтын,  шығынын    өтей  алмайтын  зауыт  та,  фабрика  да  тарайды.  Сондықтан  нарық  тек  қана  тиімді  жұмыс  істеуге  мәжбүр  етеді.

Информация о работе Экология туралы түсінік