Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 09:50, курсовая работа
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
2) заңдар - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы;
6-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi жариялау
30-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми
жариялаудың міндеттілігі
1. Барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы және Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы ресми басылымдар болып табылады.
2. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен конкурстық негізде мұндай құқық алған мерзімді баспа басылымдары да жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен және олар жариялайтын мәтіндер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткізілген жағдайда жүзеге асырады.
Нормативтiк құқықтық актiлер мәтiндерiнiң кейiннен ресми жариялануының белгiленген тәртiбiнiң сақталуын бақылауды әдiлет органдары жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын беру тәртібі осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде аталған, нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау қажеттілігі туралы өз бетінше шешім қабылдайтын ресми басылымдарға қолданылмайды.
3. Құқық қолдану тәжірибесінде нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылуы тиіс.
4. Нормативтік құқықтық актілердің бейресми жариялануына олар ресми жарияланғаннан кейін ғана жол беріледі.
Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N 298 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.10.21. N 81, 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
31-бап. Заң актілерін ресми жариялау
1. Қазақстан Республикасының заң актілері Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады.
2. Заң актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N 298 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
32-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары
мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын
ресми жариялау
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N 298 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
33-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және
өзге де орталық мемлекеттік органдарының
нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау
1. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.
2. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N 298 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
34-бап. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін,
әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары
мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін
ресми жариялау
1. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау осы Заңның 30-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жүзеге асырылады.
Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N 298 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
35-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны толық
жарияламауға жол бермеу
Мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар бар нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұнын ресми түрде толық жарияламауға жол бермейдi.
35-1-бап. Орталық және жергілікті мемлекеттік
органдардың нормативтік құқықтық
актілерінің жариялануын бақылау
1. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
2. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 35-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N 298 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
7-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң уақыт, кеңiстiк жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы
36-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi күшiне енгiзу
және қолданысқа енгізу уақыты
1. Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлер оларға қол қойылғаннан кейiн күшiне енедi.
Осы Заңның 38-бабына сәйкес әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлер мынадай мерзiмдерде:
1) Қазақстан Республикасының заң актiлерi, Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары, егер актiнiң өзiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң;
2) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - алғашқы ресми жарияланған күннен бастап;
3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулылары - оларды қабылдаған күннен бастап;
4) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары, орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар қабылданған күннен бастап;
5) әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген нормативтiк құқықтық актiлер, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3. Нормативтiк құқықтық актiлерде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген бөлiмдерiн, тарауларын, баптарын, бөлiктерiн, тармақтарын, тармақшаларын және баптарының абзацтарын қолданысқа енгiзудiң тұтас алғанда бүкiл акт үшiн белгiленгеннен өзге мерзiмдерi көрсетiлуi мүмкiн.
4. Бұрын жауапкершiлiкке әкеп соқпаған iс-әрекеттер үшiн заңдық жауапкершiлiк көзделетiн не бұрынғымен салыстырғанда неғұрлым қатаң жауапкершiлiк белгіленетiн нормативтiк құқықтық актiнi, бұл акт ресми жарияланғаннан кейiн он күн мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзуге болмайды.
5. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң едәуiр көлемдi болуына байланысты оның мәтiнi мерзiмдi баспасөз басылымының бiрнеше нөмiрiнде жарияланса, онда нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң қорытынды бөлiгi жарияланған күн ресми жарияланған күн болып есептеледi.
Нормативтiк құқықтық актiлер мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде бiр мезгiлде жариялануға тиiс.
6. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау оларды қолданысқа енгiзудiң мiндеттi шарты болып табылады.
7. Республиканың мемлекеттiк құпияларын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актiлер олардың қабылданған күнiнен бастап немесе актiнiң өзiнде көрсетiлген мерзiмдерде қолданысқа енгiзiледi.
Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N 298 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.06.16. N 566, 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
37-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң керi күшi
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң күшi оны күшiне енгiзгенге дейiн пайда болған қатынастарға қолданылмайды.
2. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң керi күшi оның өзiнде немесе нормативтiк құқықтық актiнi күшiне енгiзу туралы актiде көзделген, сондай-ақ кейiнгiсi бұрын көзделген құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiктi жоятын немесе жұмсартатын жағдайлар осы баптың 1-тармағының ережелерiне кiрмейдi.
3. Жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын нормативтiк құқықтық актiлердiң керi күшi болмайды.
38-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық
мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық
актiлерiн олардың күшiне енгiзiлу шарты
ретiнде мемлекеттiк тiркеу
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын қоспағанда, мемлекеттiк органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған, жалпыға мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс. Мұндай тiркеу оларды күшiне енгiзудiң қажеттi шарты болып табылады.
Тiркелмеген нормативтiк құқықтық актiлердiң заң күшi болмайды.
2. Егер мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық акт:
1) азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса;
2) жоғары тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келсе;
3) нормативтiк құқықтық актiнi шығарған органның құзыретiне шегiнен шығып кетсе;
4) егер келiсу қажет болып, келiсiлмесе;
5) мемлекеттік тіркеу ережелерінде белгіленген тәртіпті бұза отырып қабылданса, мұндай актіні тіркеуден бас тартылуы мүмкін.
3. Мүдделi мемлекеттiк орган мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуден бас тартылуына сот тәртiбiмен шағымдануы мүмкiн.
4. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу ережесін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N 298 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.06.16. N 566, 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
39-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылу мерзiмi
1. Егер актiнiң өзiнде немесе оны күшiне енгiзу туралы актiде өзгеше көзделмесе, нормативтiк құқықтық акт мерзiмсiз қолданылады.
2. Бүкiл нормативтiк құқықтық акт немесе оның жекелеген бөлiгi (жекелеген бөлiктерi) үшiн уақытша қолданылу мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Бұл жағдайда нормативтiк құқықтық акт немесе оның бөлiгi қандай мерзiмде күшiн сақтайтыны көрсетiлуге тиiс. Актiнi шығарған орган бұл мерзiм өткенге дейiн актiнiң қолданылуын жаңа мерзiмге ұзарта алады немесе оған мерзiмсiз сипат бере алады.
40-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын
тоқтата тұру және тоқтату
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуы белгiлi бiр мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн. Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жеке нормативтік құқықтық актімен жүзеге асырылады.
2. Нормативтiк құқықтық акт (оның бөлiгi немесе бөлiктерi) мынадай жағдайларда:
1) акт немесе оның бөлiгi (бөлiктерi) қабылданған мерзiм бiткенде;
2) бұрын шығарылған нормативтiк құқықтық актiнiң, оның бөлiктерiнiң (бөлiгiнiң) ережелерi қайшы келетiн немесе бұрын шығарылған актiнi немесе оның бөлiгiн (бөлiктерiн) қамтитын жаңа нормативтiк құқықтық акт қабылдағанда; <*>
3) қабылданған акт Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген тәртiппен конституциялық емес деп танылғанда;
4) сол актiнi қабылдаған орган немесе оны қабылдауға уәкiлдiк берiлген өзге де орган актiнiң немесе оның бөлiгiнiң (бөлiктерiнiң) күшi жойылды деп танығанда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
3. Басқа нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық актіні жариялау осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N 298 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.06.16. N 566, 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
41-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң кеңiстiк
жағынан қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, орталық атқарушы және өзге де орталық уәкiлеттi органдар қабылдаған Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң қолданылу күшi, егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таралады.
2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер тиiстi аумақтарда қолданылады.
42-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тұлғалар
бойынша қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына, сондай-ақ оның аумағындағы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады, бұған заң актiлерiнде және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар қосылмайды.
2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық өкiлдерi мен мемлекеттiк органдарының басқа да кейбiр қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi халықаралық шарттарда және халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптерi мен нормаларында көзделген шектерде қолданылады (дипломатиялық иммунитет).
43-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын
қамтамасыз ету шаралары
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығы мынадай шаралар арқылы:
1) нормативтiк құқықтық актiнi Конституция мен заңға сәйкес келтiру;
2) нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын белгiленген тәртiппен тоқтата тұру;
2-1) заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң тұрақты мониторингiн жүргiзу;
3) нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде заңдарға сәйкестiгiн тексеру арқылы қамтамасыз етiледi.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актiлерiнде белгiленген құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi;
2) соттар;
3) Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынысты прокурорлар;
4) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары;
5) төмен тұрған органдар қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер жөнiнен - мемлекеттiк органдар;
6) өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушi болып табылатын заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық актiлерге қатысты - заңнан туындайтын тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдаған және (немесе) оларды әзiрлеушiлер болып табылатын уәкiлетті органдар.
Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
43-1-бап. Заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық
актiлердiң мониторингi
1. Уәкiлеттi органдар өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушi болып табылатын заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн және ескiрген құқықтық нормаларын анықтау, оларды iске асырудың тиiмдiлiгін бағалау үшiн олардың тұрақты мониторингiн жүзеге асыруға және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдауға мiндеттi.
2. Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
Ескерту. 43-1-баппен толықтырлды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
8-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру
44-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру
реттерi мен жағдайлары
1. Нормативтiк құқықтық актiлерде көмескiлiктер мен әркелкi түсiнушiлiк оларды қолдану тәжiрибесiнде қайшылықтар анықталған реттерде нормативтiк актiде қамтылған құқықтар нормаларға ресми түсiндiру берiлуi мүмкiн.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру процесiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
3. Заң актiлерiнiң нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына толық сәйкестiкте түсiндiрiлуге тиiс.
4. Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң мағынасы оларды түсiндiрген кезде заң актiлерiне толық сәйкестiкте ашылуға тиiс.
5. Нормативтiк құқтық актiлердегi құқықтық нормалар iске асырылғанда, соның iшiнде оларды қолданғанда, оларды ресми түсiндiрудiң мiндеттi сипаты болады.
Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
45-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiрудi
жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Конституция нормаларына ресми түсiндiрме бередi.
2. Заңға тәуелдi актiлердiң ресми түсiндiрмесiн оларды қабылдаған (шығарған) органдар немесе лауазымды адамдар бередi.
9-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi жүйеге келтiру мен есепке алу
46-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi жүйеге келтiру
1. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайтын мемлекеттiк органдар осы актiлердiң есебiн жүргiзедi және оларды жүйеге келтiредi, өздерi қабылдаған актiлердiң бақылау даналарына жүргiзiп, оларға ағымдағы өзгерiстер мен толықтырулардың бәрiн уақтылы енгiзiп отырады.
2. Мемлекеттiк органдар өздерi қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлердiң жинағын мезгiл-мезгiл шығарып отырады не мұндай жинақтарды шығару туралы өзге мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсырма бередi.
47-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк
есебi
1. Орталық мемлекеттiк органдар қабылдайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк есебiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады. Мемлекеттiк есеп мұндай актiлердi орталықтандыра жинақтауды, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзудi қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi құқықтық ақпараттық бiрыңғай жүйесiн жасайды, министрлiктерге және басқа да орталық мемлекеттiк органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсетедi. <*>
Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.10.21. N 81 Заңымен.
48-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жариялылығы
Барлық уәкiлеттi органдар мүдделi адамдарға мемлекеттiк құпиясы немесе заңмен қорғалатын құпиясы барларын қоспағанда, қабылданған нормативтiк актiлермен танысуға рұқсат беруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының